Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс және оның теориялық-әдіснамалық негіздері

Орындаған: Досмағанбетова А. О

Топ: МАГ-001

Тексерген: Джанбубекова М. З.

Семей 2020

Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс және оның теориялық-әдіснамалық негіздері

  1. Педагогикалық үрдістің мәні мен құрылымы
  2. Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс
  3. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы.

Педагогикалық үрдіс- белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған және тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын ала анықталған жағдайға өзгертуіне әкелетін тәрбеші мен тәрбиеленушілердің дамып отыратын өзара әрекеттесу процесі

Біртұтас педагогикалық үрдіс- жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттесу процесі (Н. Д Хмель- Қазақстанда біртұтас педагогикалық процестің теориясын қалыптастырушы ғылым. Педагогикалық үрдіс ол оқытушы мен білім алушылардың өзара әрекеттесу процесі болып табылады, оның барысына әлеуметтік тәжірибе тұлғаның қасиеттеріне алмасады. Біртұтастық ол педагогикалық процестің синтетикалық қасиеті, ол оның дамуының жоғары деңгейін, онда қызмет ететін субъектілердің саналы әрекетінің нәтижесін сипаттайды. Біртұтас педагогикалық процеске оны құраушы компоненттердің ішкі тұтастығы, олардың үйлесімділігі тән. Біртұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері мақсаттылық, екіжақтылық және тұтастық. Мақсаттылық БПП әр уақытта белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдынала болжамданады. Екіжақтылық процестің нәтижесінің тиімділігі оқытушы мен білім алушылардың әрекеттерінің ӛзара байланыстылығына және белсенділігіне байланысты. Тұтастық процестің нәтижелілігі оның шеңберінде іске асырылатын тәрбие мен оқытудың үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты.

Педагогикалық процестің бөліктерінің өзара байланысына талдау жасаудың маңыздылығы оқытушының практикалық жұмысының тиімділігін арттыру саласында ғана емес, оның алдын ала жоспарланған нәтижелер алу үшін мектептің жақсы тәжірибесін модельдеуде белгілі маңызы бар. Қойылған міндеттерге жетудің тиімділігін анықтайтын құралдар мен әдістерді таңдап алу оқытушылардың әдіснамалық ұстанымдарына байланысты. Нақты айтса, ол оқытушының тұтас педагогикалық үрдіс заңдары мен заңдылықтарын білуіне байланысты. Педагогикалық үрдіс мәнін анықтайтын келесі педагогикалық үрдіс

заңдары айқындалған:

- бала өзінің белсенді шығармашылық іс-әрекеті негізінде ғана өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесінің мұрагері болады. Осыдан жасалатын қорытынды, жоғары мектепте студент кәсіби білім мен іскерлік жүйесін

меңгеру үшін белсенді және саналы ізденіс пен шығармашылық

әрекеттерінің субъектісіне айналу керек. - Индивидтің тұлға ретінде дамуы өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын табуға даяр, белгілі бір әлеуметтік-азаматтық статуста («барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы ретіндегі») әлеуметтену үрдісінде, социумға кіру барысында жүзеге асады, жас өсе келе бірте-бірте әлеуметтік белсенділік әлемі кеңи түседі. - Педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлықтарының және оның

рбірінің табысын оқытушылар мен білім алушыларды біріктіретін орталықтан жекеге бөлінетін іс-әрекет қамтамасыз етеді. Педагогикалық үрдістің заңдары - оның мәндік ерекшеліктері, демек, тұтастықта және жеке бӛліктерде де көрінеді.

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогоикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінлде, діни ілімдерде, саясатануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциалдануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциалдануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХІХ- ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалуға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогиклық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық слыстыру және тағы басқалар) пайдаланылады.

Педагогика ол ағзаның материалды-энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықатырна (И. П. Павлов, П. К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогикның социологияның білім социологиясы, студенттер социаологиясы және т. б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.

Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табтғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткнеде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосныдысыемес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.

Педагогикадағы жалпы теориялық зертетулерге педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ра қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогиклық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т. б. жатады.

Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын дифференциаландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог - зертетушілер мен праткиктардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогика пәнінен дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері
Педагогика ғылымының ерекшелігі
Педагогикалык зерттеудердің әдіснамасы
Педагогика ғылымының әдістері
Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық принциптері
Тәрбие технологияларының жіктемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz