Семей полигонының инфрақұрылымы
Жоспары
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
2.1. Сынақ алабының зардабы;
2.2. Полигон аймағы қонысқа жарамды ма;
2.3. Полигон өмірінен деректер;
2.4. Семей полигонының инфрақұрылымы;
2.5. Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі;
2.6. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері;
2.7. Невада - Семей;
III. Қорытынды бөлім;
IV. Қолданылған әдебиеттер.
Тарихнама
Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Аймақов (Махмут) Мүтәнның Көргендерім атты еңбегінде 1949 жылдан 1991 жылға дейін Семей облысындағы ядролық полигондағы жарылыстар, олардың зардаптары туралы ешбір бүкпесіз ащы шындық түрінде баяндалады [1].
Сейсенұлы ДәулетСемей елі атты еңбегінде Семей өңірінің соңғы 10 жылдағы тыныс-тіршілігі қақында ел басшыларымен сұхбат, өтпелі кезеңнің қыр-сырын бейнелейтін проблемалық мақалалар мен ажал аждаһасы атанған Семей атом полигонының күрделі проблемалары баяндалады [2].
Төлеубаев Б.Ә. Ядролық тарихы бар табиғи орта экологиясы атты оқу құралында ядролық жарылыстар мен қаруларды сынау жұмыстары жүргізілген аймақтардың экологиялық күйін танып білуге қажетті теориялық мағлұматтар мен практикалық шаралар қарастырылған. Семей сынақ полигоны жайлы ақпараттар, табиғи ортаның радионуклидтік ластану ерекшеліктері және радиациядан қорғану мәселелері қамтылған [3].
Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі атты еңбегінде Семей жеріндегі ядролық жарылыстардың зұлмат зардаптары, ядролық әзәзіл, Қазақстанның ядролық қарусыз болашаққа беталысы баяндалады [4].
Медеу Сәрсекенің Семей қасіреті атты еңбегінде жазушының Семей қасіреті дейтін деректі тарихи хикаяты - Қазақ елінің, Жер-суының, Тағдырының қасіретін толғаған кемел туынды. Бұл энциклопедиялық сипаттағы кесек шығармада қисапсыз мол материалдар, айғақ-деректер жинақталып, жүйеленіп нақтылы баяндалған, тарихи-философиялық жинақтаулар мен тұжырымдар жасалған. Дастанға лайық ауқымды тарауларында замана кейпі, дәуір шындығы, тұтас адамзат қауымына зұлымдық жасаған ел билеушілерінің жыртқыштық, зымияндық, әпербақандық әрекеттері, халық қабырғасын қайыстыруы соншалықты дәйекті, сүйекті дәлелдерімен әңгімеленеді [5].
Байғабылұлы Е. Ядролық зұлмат атты еңбегінде ел өміріндегі саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік өзгерістерге әлем елдері тәжірибесімен салыстыра отырып, сараптама жасалады. Автор ядролық зұлмат қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекетіміздің ғаламдық бастамалары мен бүкіл әлемді алаңдатқан ядролық қауіпсіздік түйткілдеріне қатысты ой толғайды.
Олжай Қ. Президент пырағы атты еңбегінде автор Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Қазақстан Президентінің Жарлығынан кейін құлағы тыншыған Абай елінің тұрмыс-тіршілігіне ой көзімен үңіледі [7].
Сынық алабының зардабы
Ресми түрде тіркелген сынақтар саны - 124. Бірақ кейбір мұрағаттық құжаттарға қа - расақ, бұл алдамшы мәлімет сияқты. Шындығында, тек кейінгі жылдарда ғана полигонда 345 жерасты сынағы болғанға ұқсайды. Олар қазіргі Абыралы мен Саржал маңайындағы Дегелең тауының қойнауында терең шахталарда жүргізілген. Полигонда жарылған 600-ден астам сынақтың 467 бомбасының зарядының күші тіпті белгісіз, құпия күйде. Оны жүргізгендер Мәскеу асып кеткен. Бұған қосымша кейбір термоядролық қарулардың сыналғандығы туралы деректер де бар.
Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен сква - жиналардың түптері мен шығар ауыз - дары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмапты да. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері - Стронций-90, Плутоний-238, Цезий-137, тағы басқалары. Мәселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге - 30, плутонийге - 2100 жыл қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел-жұртымыздың денсаулығын ойлап көріңіз. Осыншама сынақты қойнына тығып жатқан қара жер қойнауының әлі алда не әкелерін кім білсін?! Бұл жақта сирек те болса өтетін жер сілкінісінің өзі күдікті мың еселей түседі.
Қазақ - көнбіс те шыдамды халық. Әйтеуір, қу жанын шүберекке түйіп алып, атам заманнан бері мекен етіп келе жатқан атажұртын тастап кетер емес. Қайнар - (Абыралы) полигоннан 120-ақ шақырым, Саржал (Абай) бұдан да жақын жерде, Абыралы ауданы қайта ұйымдастырылғанда, полигон түбінен тағы екі шаруашылық ірге тепті. Оған әдейі істегендей Моңғолиядан келген қандастарымызды көшірдік. Олардың көпшілігі бір жылға әрең шыдап, ауруға шалдыға бастаған соң көшіп кетті. Тек туған жердің тұрғылықты момын жұрты ғана қозғалар емес.
Бір кезде қайнарлық қайсар азамат, марқұм Болат Жәкішев ауылында полигон зардаптарынан қайтыс болғандардың тізімін жасап жүрген. Ол қайтыс болғалы он жылдан асыпты. Оның сол кездегі деректеріне жүгінсек, 1963 жылдан бері қатерлі ісік ауруларынан алақандай Қайнардың өзінде 200-ден астам адам қайтыс болған. Жиырмадан астам қыз-жігіт өзіне-өзі қол жұмсап, 18 адам ақ қан ауруынан қайтпас сапарға аттанған.
Жарма ауданының Қалбатау ұжымында тұрған марқұм Мүтән Аймақов та - сол кездің куәгері. Қайнар синдромын көзімен көрген адам. 1953 жылы 12 тамызда тұңғыш сутегі бомбасын сынау кезінде Қайнар ауылында 42 адам әдейі тәжірибе үшін қалдырылған. Бұл күнде солардың бірде-біреуі жер басып тірі жүрген жоқ.
Көршілес Саржал ауылының да түпкілікті тұрғындарының айтуынша (кейбір мұрағат құжаттары растайды), осы ауылда 200-ге таяу адам қатерлі ісік, тағы басқа ауыр металдар туғызған науқастардан қайтыс болған. Мұнда ауруханада 1962 жылдан бері радиация зардаптарынан қайтыс болғандардың да тізімі жасалыпты. Оқи бастасаң жаның түршігіп, жағаңды ұстайсың! 1962 жылдан бері Саржалдың 70-тен астам адамдары өзіне-өзі қол жұмсаған, мұның басым бөлігі он екіде бір гүлі ашылмаған бозбала мен бойжеткендер еді.
Иә, өзекті өртеген өкініш осымен тынбапты. Сол ауылдағы дәрігерлердің айтуынша, қазір мұндағы әрбір жас балада қан жетімсіздігі, жүйке ауыт - қушылық, көз ауруы сияқты ауыр дерт - терге шалдығушылық факторлары байқалады. Саржал ауылының 300 адамы радиологиялық диспансер есе - біне тіркелген. Медициналық тексеруден өткенде 1083 адамның 500-ден астамының денсаулығында түрлі ауытқушылықтар анықталған. Ауылдағы орта мектептің 800 оқушысын тексеруден өткізгенде, төрт жүзден астамынан қатерлі ісіктің белгілері байқалған. Әр үш баланың бірі көз жанары ауруымен ауырады.
Радиациялық сәуле алу кесірінен бұрын естіп-білмеген сұмдықтарды көру пешенемізге жазылыпты. Мәселен, Қарауылда бір әйел босанып, қол-аяғы жоқ, басында екі көзі мен аузы ғана бар мутагенді жан иесін дүниеге әкелген. Мұндай бір қолы, бір аяғы жоқ, не аяқ-қолы істемейтін, не саңырау, мылқау болып туған кемтар балалар Саржалда, Қайнарда әлі де жиі кездеседі. Осындай кембағал жан, суретші, қарағандылық Күйіковтің есімі, кескіні қазір бүкіл әлемді шарлап кеткен.
Жалпы, Семей өңіріндегі полигонға жақын бұрынғы бес аудан халқының денсаулық жағдайын сараласақ, жүйке ауруына шалдыққандар саны (1995 жылғы деректер) - 1650-ге таяу, ақыл-ойы кемтарлар 4700-ге жетіпті. Ал 3700 адам жүйке тамыры ауруына шалдыққан. Әсіресе, екі әйелдің бірінде тамақ бездерінің ауруы асқынып қабынуы, ауруға шалдығушылардың иммунитеттері нашарлығы байқала бастаған. Республика бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде - 59, әйелдерде - 62 жас болса, полигон аймағына жататын аудандарда ерлерде - 52-55, әйелдерде 58 жас күйінде қалып келеді.
1995-2000 жылдары бұрынғы Семей облысында туғандар санынан өлгендер саны басым түсе бастауы дабыл көтерерлік жағдайдың босағадан аттағанын көрсетеді.
1990 жылдан бастап полигон маңайындағы бес аудан халқы медициналық тексерулерден жыл сайын өтіп келсе, бұл жұмыс қаржы жетіспеушілігінен 1992 жылдан тоқтатылған. Ал қолда бар мәліметтерге жүгінсек, полигон маңайындағы 100 мыңнан астам ауыл тұрғындары 100-ден 200 бэрге дейін радиациялық сәуле алғандығы мәлім болып отыр. Ол Қайнар синдромы деген атпен құпия түрде Мәскеудегі әскери ведомствоға жинақталған. Осы медициналық тексерулерді сол кездегі Кеңес Одағына мәлім радиолог-ғалым А.Ф.Цыб басқа - рып келген. Кезінде осы ғалымның медициналық комиссия сараптамасы баспасөзде жарияланды. Оны негізгe алсақ:
- полигондағы атом сынақтары болған аймақта тұрғандардың қанында қызыл түйіршіктер азаюы (ақ қанға айналуы), хромосомдық өзгерістер 4-5 есеге артқан;
- 1970 жылмен салыстырғанда әр тұрғынның орташа жасы үш жылға қысқарған;
- медициналық тексеруден өткен - дердің 45-50 пайызының орга - низм - дерінде ауруға қарсы тұрушылық (иммунитеті) төмендеген;
- 1969 жылмен салыстырғанда ақ қан ауруымен науқастанып, қайтыс болушылар саны үш есе көбейген;
- полигонмен жапсарлас тұрған аудандарда туған балалар арасында ақыл-ойы кемістер сол кездегі Одақтық көрсеткіштен (әр мың адамға шаққанда) бес есе көп;
- әр мың адамға шаққанда осы бес ауданда қатерлі ісік аурулары 445-460 адамға жеткен;
- екіқабат әйелдердің науқастануы, түсік тастауы, үш әйелдің бірінің басындағы қасірет, тағысын-тағылар, айта берсең таусылмайды.
Кеңестер Одағының әскери ведомствосы қолмен туғызған сорақылық, қылмыскерлік 40 жыл бойы Қа - зақстанның ең құйқалы өңірінде үнсіз қырғын ұйымдастырып келген. Біздің бағымызға орай, Радиологиялық зерттеу орталығының бас дәрігері В.Гусев семейлік болды. Ол республикамыз тәуелсіздік ала салысымен, көптеген құжаттардың көшірмесін алып қалып, жантүршігерлік жағдайлардың бетпердесін ашты.
Атом сынақтарынан кейін пайда болатын 600-700 микрорентген бүкіл тіршілікті жояды. Ал 300-400 рентген дозасын бойына сіңіргендер ақ қанға шалдығып, аз уақыт ішінде өмірмен қоштасады. Радиологиялық орталық дәрігерлерінің зерттеуінше, бұрынғы Семей облысы, көршілес Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Алтай өлкесі тұрғындарының көпшілігі 25-30 бэр, кей аудандарда 40 бэрге дейін залал шеккен көрінеді. Мұндай сұмдықтың растығын Семей жеріне келіп, радиациялық деңгейді өлшеп жүрген ғалымдар да аракідік айтып жүр. Мәселен, семейліктер ішіп жүрген қымызда стронций нормадан 28 есе көптігі, ет, сүт, бау-бақша өнімдерінде басқа да ауыр металдар құрамы аз еместігі енді-енді анықталуда. Осындай жағдай Ертіс пен Шаған суларынан ауланған балық түрлерінде де байқалуда.
Бұрынғы Кеңестер Одағының әскери ведомствосы Қазақстанда 20 миллион гектар жерді әскери сынақ алаңдары үшін бауырына басқан екен. Соның 2 миллион гектары Семей полигоны төңірегіндегі сынақтар алаңына жатқызылған. Осы алқапқа, полигонға жапсарлас аудандардың жері мен еліне сынақтардан қандай зиян келді? Кейбір шетелдік басылымдардың, әсіресе, америкалық және жапондық ғалымдардың деректері бойынша, Семей өңіріне атом сынақтары салдарынан келген зиян мөлшері 45-50 мил - лиард доллар көрінеді.
Күні кеше Ресей Кеңестер Одағының жалғыз мұрагері ретінде барлық әскери қуатты қаруды өзі жеке иемденіп кетті. Тіпті стратегиялық атом қаруымен жарақтанған бірнеше полкті де жеке-дара меншіктеніп, өз аумағына көшіріп алды. Ал күні бүгінге дейін Кеңестер Одағының осы мұрагерлеріне атом полигоны зардаптарын жою жөнінде талап қоймауымыз неліктен? Қаржылай көмек бере алмағанның өзінде, ағаш, мұнай, энергетикамен қараса алады ғой.
Атом полигоны зардаптарынан қайтыс болғандардың толық тізімін жариялайтын Қаралы кітап шығаруды да қолға алатын мезгіл жетті.
Келешекте сынақ өткен жерлерді цеолит араласқан топырақпен өңдеуді осы бастан ойластырғанымыз жөн. Өзіміздің облыста Тарбағатай ауданында цеолиттің мол кен орыны бар. Полигонды, сол маңдағы елдімекендерді, атқарушы органдар мен медициналық орындарды гейзер, дозиметрлермен қамтамасыз еткен ләзім. Әлі күнге дейін полигон аймағындағы радиациялық деңгейдің картасы көпшілік қолына берілмеуі де зардаптарды молайта түсуде. Қай жерлерде тіршілік етуге болады, қай жерлер қауіпті, оны халық білмейді. Радиациялық қауіпті аймақтардағы торлар алынып тасталған, мал жаюшылар, түрлі-түсті металл сынақтарын іздеушілер ол жерлерде еркін жүреміз деп, кенеттен қайтыс болуда.
Чернобыль апаты кезінде зардап шеккен отбасындағыларға ақшаның құнды кезінде - 120 мың сомнан қаржы бөлінгені мәлім. Ал Қазақстан үкіметі қаражат жетімсіздігін сылтауратып, полигон зардаптарын жоюға байланыс - ты жеңілдіктерді уақытша тоқтатып тастады. Семейде бір кезде ядролық сынақтар зардаптарын жою үшін облыс басшысы К.Бозтаевтың тегеурінімен 18 медициналық әртүрлі емдеу орталықтары іске қосылған-ды. Қазір көпшілігі біріктіріліп, кейбіреулері жекешеленіп кетті. Қалай болғанда да, Семей полигоны аймағындағы халық тағдырын естен шығармай, оларға әлеуметтік, экономикалық жеңілдіктер жасау, дамыту - елдігімізге сын.
Қазақстан мемлекеті бейбіт кезеңде халқымызды үнсіз қырғынға ұшыратқандарды тегіс Гаагадағы халықаралық сотқа беруі тиіс. Сонда ғана әділеттік орнап, өлі де, тірі де риза болмақ [1,176б].
Полигон аймағы жарамды ма ?
Кеңестер Одағының елуінші жылдардағы басшылығы ядролық қаруды сынау алаңын Семей өңірінен таңдауында арам жымысқы саясат болғанын жасырып қайтеміз. Екі млн. гектардан астам полигон аймағына жатқызылған жер үш облыс көлемінен, Семей, Павлодар, Қарағанды өңірлерінен кесіп алынған болатын.
Онда жер үсті, әуеде, жер астында қанша ядролық бомбалар жарылғанын жоғарыда баяндап өтсек те, Елбасы Н.Назарбаевтың: Полигонда барлығы 456 ядролық сынақ жүргізілген. Оның барлық қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың еседен де күштірек деп айтқан мысалынан анық байқай аламыз.
Ядролық сынақтар жүргізілу үшін Семей облысының Абыралы ауданы жабылып, Абай ауданының көп жерін полигон бауырына басты. Павлодар облысынан Май ауданының үштен бір аумағы, Қарағанды облысынан бес елдімекен жабылып, халық босып, басқа елдімекендерді паналауға мәжбүр болды. Әсіресе, Семей өңіріндегі Абыралы ауданын жабу халыққа моральдық, материалдық жағынан ауыр соққы болды. Бұл үнсіз қырғынды Сталин бастаған қанішерлер қазақ халқына қасақана жасады. Себебі бір кездері Сталиннің өзін салиқалы пікірлерімен тұқыртқан М.Шоқай, А.Байтұрсынов, С.Смағұлов, Ә.Бөкейханов және т.б. алашордашылар осы Семейде тұрып, тәуелсіз қазақ елін жариялап, Мәскеуге барып, пікірлерін дәлелдеген. Ленин бастаған коммунистер ол пікірлерге құлақ асып, Қазақстанды автономиялық республика деп жариялатып, шекарасын белгілеп берген. Оның ар жағындағы туған жер, тарих қойнауына үңіле түссең, бүкіл Еуразияны жаулаған Шыңғысхан ақ киізге көтерілсе, биік жотаға отырғызған Шыңғыстау да Абай ауданында деген ақпарат бар. Кейін ол Наймантау атанғаны да белгілі, бірақ қазір бұрынғы атауы қалпына келтірілді. Бір деректерде Шыңғысхан орыс пен Еуропа жеріне әскер жіберіп жаулап аларында осында хан кеңесін өткізгені мәлім дейді. Содан жорық бастау алып, Ресейдің бүгінгі бүкіл аймағының басым бөлігі үш ғасыр моңғол езгісінде болған көрінеді.
Міне, осыған шамданған Сталин бастаған отаршылдар тобы қайткенде де Семей өңірінің атын тарихтан өшіруге тырысып, топырағын күл, әйелі мен еркегін құл етуді көздегенін жасырып қайтеміз. Әйтпесе, Ресейде бүкіл адам аяғы баспаған жер болмады дейсіз бе, анау Қиыр Солтүстіктегі Жаңа жер сияқты адам мекендемеген елдімекендер неге таңдалмаған?!
Бірақ қанқұйлы басшылар мен қосшыларының ойлағанын Жаратушы Ием болдыра қоймады. 1949-1989 ж.ж. 40 жыл қырғын жасаса да қазақты радиа - ция ала алмады. Қазақтар Американың Невада штатындағы үндістерден де өміршең, төзімді екенін әлемге паш етті. Онда полигон зардаптарынан жапа шеккен әр отбасына жылына - 100 мың доллар көмекақы беріп отырса, Семей Кеңестер Одағы мен оның мұрагері Ресейден көк тиын да алған жоқ.
Таяуда баспасөз беттерінде бұрын - ғы Семей полигоны аймағында орта - лығы Курчатов қаласы боп жаңа аудан құрылады екен деген әңгіме болды. Сол деректерге сүйенсек, полигонның құрамына жататын жердің 95 пайызы халық шаруашылығына жарайды екен. Бұған қазақтың Ұлттық ядролық орталығы ғалымдары кепілдеме бе - ріп отыр дейді. Осы хабар Астанаға жетісімен Мәжілістің 50 депутаты қол қойып, Үкіметке сауал қойып, бұлай жасауға болмайтындығын айтты.
Полигонның табиғатқа, тіршілікке әсері төмендеуі үшін әлі кемінде үш ғасырдай уақыт керек дейді депутаттар мен ғалымдар. Мәселен, плутоний-240, толық ыдырап кетуі үшін 6500 жыл қажет, ал плутоний-239-ға 2100 жыл, ал плутоний-241 ыдыраған кез - де жаңадан альфа-сәуле пайда болатындығын Курчатовтағылар елемей отыр. Ядролық полигон зардаптарына ШҚО-ның 1,5 млн. тұрғыны ұшыраған. Мемлекет тарапынан біржолғы өтемақы төленгенімен, басқа жеңілдіктер алынып тасталған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz