Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер
Оңтүстік облыстарымыздағы суармалы егістіктер
пайдаланатын топырақты бағалау
Қазақстандағы суармалы егістікті дамыту мәселелерін негіздеу мақсатымен республикамыздың сумен қамтамасыз етілген оңтүстік аймақтарының жерлерінің топырақ - мелиоративтік жағдайлары жан-жақты терең зерттеліп, бағаланды. Бұл жұмыстар Ұлы Отан соғысы жылдары тағдырдың тәлкегімен Қызылордаға жер аударылып келген топырақтанушы, болашақ аса ірі ғалым В.М. Боровскийдің атымен тікелей байланысты. 1930-жылдардың ортасында Ленинград университетінің геолог - топырақтанушы мамандығын, академик Б.Б. Полыновтың жетекшілігімен үздік бітірген В.М. Боровский Қызылордада алғашқы жылдары облыстың су шаруашылық жүйесінде, сонымен қатар жергілікті педагогикалық институтта дәріс берді.
1940 жылдардың ортасынан бастап, облыс жер жағдайларымен біршама танысқан Боровский Сырдария бойында суармалы егіншілікті дамыту мүмкіншіліктерін зерттеу үшін терең ғылыми жұмыстармен айналысады. Осы жылдары жаңа ашылған Қазақ Ғылым академиясының Қызылордадағы базасын басқарған Боровский негізгі ғылыми жұмыстарды Сыр бойының топырақ - мелиоративті жағдайларын зерттеп, бұл өңірде суармалы егіншілікті дамытып, күріш тағы да басқа дақылдарды өрістетуге бағыттады.
Сыр бойы өңірі зерттеліп болған соң, мұндай топырақ - мелиоративтік зерттеулер Іле, Шу, Жайық сияқты ірі өзендер бойларымен қатар Қаратал, Талас, Тентек, Лепсі, Көксу, Арыс т.б майда өзендер бойларында да жүргізіледі. Жазылған еңбектер нәтижесінде де зерттелген аймақтардың топырақ - мелиоративтік жағдайлары, оларды суармалы егіншілікке игерген кезде пайдалануға қажетті шаралар жан-жақты сарапталып бағаланды. Зерттеулер нәтижелерінде оңтүстіктегі суармалы егіншілік өрістеген аймақтар өздерінің мелиоративтік жағдайларына қарай Боровский бойынша негізгі үш мелиоративтік алқаптарға бөлінеді:
1) Тауетегі мен бөктерлеріндегі көлбеу тегістіктер, топырақ қабаттары сарысазды, майда ұнтақталған жыныстардан тұрады. Ал топырақтың астынғы қабаттары ірі қиыршықты тас пен құмдардан тұрады. Таудан
алыстаған сайын топырақ астындағы төселген тау жыныстарының ірілігі бірте-бірте кеміп, майда ұнтақталған жыныстарға айналады. Топырақ астындағы ыза сулар ірі кесекті жыныстардан еңкейісі төменге тез ағып кететіндіктен, бұл алқапта олар терең жатады, немесе тіпті жоқ. Сондықтан олар топырақ түзілу процесінде ешқандай әсер етпейді. Зоналық топырақтары сұр және қара - қоңыр топырақтар. Топырақ құрамында тұздар жоқ есебі суару кезінде сорлану және батпақтану қауіпі жоқ..
2) Жоғары алқаптан төменірек орналасқан тау етегіндегі жерасты ыза сулары топырақ бетіне жақын жатқан сазды жерлер. Бұл алқаптағы топырақ түзуші тау жыныстары да негізінен таудан жылжыған пролювиалды - делювиалды жыныстардан тұрады. Сулар негізінен тұщы, топырақтары жерасты ыза сулардың жақындығына байланысты шалғынды - сұр, шалғынды - сазды, шалғынды - батпақ деп келеді. Бұл алқаптың жерлерін жыртып игерген кезде жерасты ыза суының жақындығын ескеріп, суару мөлшерін көп азайту қажет, себебі жерасты ыза суларын егістіктер біршама пайдаланады.
3) Жоғары сазды алқаптан төмен орналасқан кең алқап - шөлді зона. Топырақтары шөлдің сұр - құба, тақыртүстес топырақтары. Алқаптың көп жерлерін құмды және таза тақырлы аумақтар да алып жатыр. Негізінен топырақтардың беткі қабаттары майда ұнтақталған, ал төменгі қабаттар сазды, құмды болып келеді. Жерасты ыза сулары, әдетте, тереңде, топырақтың түзілуі мен қасиеттеріне ешқандай әсер етпейді. Бұл алқапты суарған кезде жерасты ағысының өте аздығынан жерасты ыза суы пайда болып, ол тез көтеріледі де топырақ сорланады. мол. Топырақты сорланудан сақтау үшін бұл алқаптарда міндетті түрде топырақтарда сордан шайып, шайылған суларды қазылған қашыртқы су керіздері арқылы бұл учаскелерден алыстатып жіберу керек.
Сонымен қатар академик Боровский өзі жетекшілік етіп, көп жылдық өткізген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, Қазақстанның оңтүстік суармалы егістік дамыған бөлігіне 3 топырақ - геохимиялық провинциялардың әрқайсысы тиісті су бассейіндерінің ағымдарының барып құятын түпкі нүктелері: Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көліне негізделген. Сол 3 провинцияға қысқаша сипаттама берсек:
1. Каспий теңізінің бассейінінің хлорлы топырақ - геохимиялық провинциясы. Топырақта да жер асты суларында да сорланудың өскен сайын, тұздар құрамында хлордың үлесі өсе түседі; негізінен хлорлы - натрий. Сонымен қатар бор тұздарының да мөлшері өседі.
2. Арал теңізі бассейін ағымының хлорлы - сульфатты провинциясы. Жерасты суының тұзы көбейген сайын, онда хлордың үлесі, (негізінен хлорлы -натрий) өседі, ал топырақтағы тұздар көбейген сайын сульфат үлесі (негізінен натрий сульфаты) өседі.
3. Балқаш көлі бассейін ағымы провинциясында хлор мен сульфаттардың шоғырлануы Арал бассейніне ұқсас, бірақ мұнда топырақтың сорлануына сода тұзының әжептеуір үлесі бар, ал оған қоса біршама бор тұзы да қатысады.
Қазақстанның терістік облыстарындағы суарылмайтын егістіктерге пайдаланатын топырақты бағалау.
Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлының есімімен тікелей байланысты. Мәскеудегі Тимирязев ауыл шаруашылық академиясының топырақтану және агрохимия мамандығын алған (1932ж.) Ө.Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В.В.Докучаев атындағы Топырақтану инсти- тутының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология - минералогия ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө.Оспанов топырақтану саласынан қазақ ұлтынан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі бар ғалым болғанын мақтанышпен айтуға болады. Ғылыми дәрежесі бар ғалым алғаш КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында геология секторында аға ғылыми қызметтер, кейінірек филиал төралқасында қызмет атқарады. Қазақ ССР Ғылым академиясының мүшесі - Ө.О.Оспановтың жетекшілігімен жасалған нұсқауларды ауылшаруашылығы министрлігі бекітті, ол сол кездегі тың игерудегі алғашқы құжат болып саналды. Астық - ты егістер үшін жерлерді негізінен ауадан түсетін ылғалмен қамтамасыз етілген республикамыздың терістік облыстарында игеру көзделген болатын. Ондай топырақтар болып негізінен екі топырақ зонасы ұсынылды:
1) Орманды дала және дала зонасы, топырақтары шалғынды - қара топырақ және орта гумусты (кәдімгі) қара топырақтар.
2) Құрғақ далалық аз гумусты (оңтүстік) қара топырақтары мен күңгірт
қара - қоңыр топырақтары.
1954 - 1955 жылдары талапқа сай жерлерді тез игеруді жеңілдету үшін осы екі зонадағы негізгі топырақтар агроөндірістік қасиеттері, құнарлығы жағынын игеру үшін төмендегідей 4 категорияға бөлді:
1) Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер.
2) Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер.
3) Жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлер.
4) Жыртуға жарамсыз сапасы нашар жерлер.
Жоғарыда айтылған екі зонаның жыртуға жарамды сапасы жақсы топырақтарға негізінен біркелкі жер бедеріне орналасқан зоналық қара
топырақтар жатады. Дегенмен бұл топырақтар сапасы көптеген жағдайларда олардың біркелкі орналаспай, басқа сапасыз, зонааралық топырақтардың араласа кездесуімен көп төмендейді. Қара топырақты зонада Ө.Оспановтың жүйесі бойынша төмендегідей жер топтары бөлінген:
1) Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер қатарына мынадай топырақтар жатқызылған:
а) ортагумусты (кәдімгі) қара топырақтар;
б) аздап сортаңдаған кәдімгі қара топырақтар;
в) шалғынды - қара топырақтар;
г) аздап сортаңдаған шалғынды - қара топырақтар;
д) сортаңданбаған және аздап сортаңданған кәдімгі қара топырақтар терең сортаңдарымен 10% - ға шейін;
е) сортаңданбаған және аздап сортаңданған шалғынды қара топырақтар терең сортаңдарымен 10%-ға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz