Консенсус саяси технологиялардың демократиялық принципі ретінде


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Әлеуметтік-экономикалық, саяси модернизация бағытындағы мемлекеттер үшін конфликттер мен келіспеушіліктер қағидалы. Сол себептен оларды шешу жолы, яғни консенсус заңдылықты болуы тиіс.

Консенсус адамзат өркениетінің ішкі табиғатынан келіп шығады. Осының нәтижесінде материалдық және рухани мәдениеттің жинақталуы және адамның осы мәдениеттің шынайы субьектісі ретінде қалыптасуы өтеді. Консенсус идеясы өркениеттің шығу кезінен бастап адамзатпен бірге келе жатыр. Мысалы, дін адамзат өркениетімен жасты, өзінің идеологиялық мәні мен бағыты бойынша өте консенсуалды. Және осында дінінің мәдениеттің бөлінбес бөлшегі екендігі жатыр.

Консенсуалды саяси мәдениет - демократиялық қоғамдағы саяси шынайылыққа тән элемент. Екі жаққа да пайдалы негіз бен формуланы таба отырып бір-бірінің мүдделерін ескеру және оларды синтездеуге ұмтылу арқылы саяси қатынас субьектілерінің бірін-бірі құқықтық және саяси тұрғыдан тануы консенсуалды тәсілдің негізі болып табылады.

Консенсусқа қол жеткізу өте күрделі және тұрақсыз процесс. Бірақ осыған қарамастан, ол - саяси шынайылықтағы жаңа ахуалды қалыптастыруға, қарама-қайшылықты кемітуге, саясат субьектілерін бір-біріне жақындатуға қабілетті қақтығысты шешудің өркениетті жолы. Консенсус саясаты мейлі оң, мейлі сол бағыттағы болсын экстремизм идеологияларының таралу ареалын тарылтады.

Келісімдер, пікірлерді ашық алмастыру, позицияларды салыстыру, мақсаттарды, методтар мен құралдарды өзара бағалау, қақтығыстан шығудың жолдарын тынбай іздестіру консенсусқа жетудің негізгі жолдары болып табылады. Консенсус - күрес барысында өзінің позициясын жоғалтып алудан қорқып бейбітшілік пен келісімге шақырушы әлсіз саяси субьектінің формуласы емес, керісінше, өз мүдделерінің басымдықтарын күш қолданусыз-ақ мойындатуға қабілетті күштілердің қаруы, өйткені олардың мүдделері өміршең, қажетті, табиғи жолмен жүзеге асуға қабілетті және оппонент ретінде қабылдануы мүмкін.

Жалпы, курстық жұмыс осы тақырыпқа негізделіп, оның Қазақстанда пайда болу және даму процестерін ашып көрсетеді. Қазақстанның басқа ел тәжірибелеріне, тарих оқиғаларына, қазіргі технологияларға және халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайына сүйеніп, консенсустің әдіс-тәсілдерін біртіндеп орнатуы көрінуде. Сонымен қатар, мемлекет консенсусті жүзеге асыруда мәдени, діни және ұлттық мүдделерді де қарастырып өтеді. Осы жұмыста консенсустің Конституциямен, азаматтық қоғаммен, демократиямен және БАҚ-мен өзара қарым-қатынасы мен байланысы анық түрде көрсетіліп өтеді.

Консенсус - бұл конфликттерді шешудегі ең маңызды технологиялардың бірі болып табылады. Бұл технология көптеген демократиялы мемлекет тәжірибелерінде көрініс табады. Әсіресе, оның жүзеге асырылу үрдісі орасан зор моральды және физикалық күш жұмылдыру принциптерін қажет етеді. Бір сөзбен айтқанда, жаһандану кезінде оның ролі шешуші болып табылады. Соған орай, осы жұмыстың

Мақсаты: ҚР жаһандану үлгісімен дамып жатқан мемлекет болғандықтан, консенсус - экономикалық өркендеудің, саяси тұрақтылықтың, әлеуметтік игіліктің кепілі болып табылады. Сол себептен оның пайда болу мен даму қағидаларын ашып көрстеу жөн.

Зерттеу мақсатынан туындаған міндеттер: ҚР консенсус технологиясының іске асу жолдарының түрлі үрдістері:

1) Азаматтарда ұлттық, мәдени, өркениет принциптерін қалыптастыру;

2) Азаматтық қоғамды орнату;

3) Конституцияның заңдық күшін нығайту;

4) Конфликттерді жоюдың алдын-ала әдіс-тәсілдерін орнықтыру;

5) Конфликттерді жоюдағы БАҚ орнын атап көрсету;

6) Әлемдік тәжірибелерден сабақ алу;

Мәселенің зерттелу деңгейі: Жалпы саясаттану пәні Қазақстан Республикасы жүйесіне 1990 жылдары ғана енгізіліп, қолданысқа түсті. Арада өткен 15 жыл ішінде саясаттану ғылымының өрісі кеңейіп, атқарар фукциясы көбейіп, маңызы арта түсті. Саясаттану ғылымы саясат, билік және қоғаммен байланысқан барлық процестерді қарастырады. Консенсус те саясаттану ғылымының зерттеу обьектісі болып табылады. Ал саясаттану ғылымының біздің еліміздегі орны зор болғандықтан, ондағы консенсустің де деңгейі аса жоғары болып табылады. Өйткені, ол өз кезегінде мемлекеттің модернизациясымен, яғни, транзиктология ғылымымен біртұтас, бара-бар болып табылады. Осы тақырыпқа байланысты көптеген қазақстандық және ресей ғалымдары өз көзқарастарын білдіріп, еңбектер, диссертациялар қорғаған. Солардың қатарында: Насимова Г. Ө., Бекбутаев Б. А., Варламова В. В., Пахоленко Н. Б., Лебедева М. М., Ш. А. Курманбаева және т. б.

Зерттелінген тақырыптың нысаны: тақырыптың зерттеу обьектісі болып қоғамдық қатынастар, мемлекет органдарының азаматтық қоғаммен байланысы, адами және капиталды құндылықтар, сонымен қатар мемлекеттегі саяси, экономикалық және әлеуметтік процесстер қарастырылады.

Зерттеудің ғылыми теориялық және тәжірибелік маңызы: бұл тақырып ғылыми тұрғыдан салыстырмалы түрде зерттеліп, саяси анализдердің қолданылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл зерттеу, әдетте, тәжірибелік негіз арқылы көрініс табады. Ондағы диалогтар, дипломаттық қатынастар, дөңгелек үстелдер мен сөйлесулер осы тақырып аясының мәселелерін шешіп қана қоймай, түрлі гипотезелар жасап, жаңа әдіс-тәсілдер ұсынады.

  1. САЯСИ ҒЫЛЫМДАРДАҒЫ КОНСЕНСУС ҰҒЫМЫНЫҢ жалпы түсінігі

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, консенсус демократиялық қоғамның фундаменталды негізі болып табылады. Осыған байланысты әр елдің өзекті міндеті - консенсусті жүзеге асырудағы механизмдерді қалыптастыру мен саяси жүйенің бірқалыптылығын нығайту болып саналады.

«Консенсус» сөзі латын тілінде яғни, («con» жұрнағы қосылып «sentire» етістігінен сезіну, түсіну, ойлану) туындаған «consetio» деген мағынаны білдіреді. Оның мағынасы - бірлескен іс-әрекет, яғни жалпы сезімдер мен ой, түсінушілік.

Қазіргі кездегі сөздіктер бұл терминді даулы мәселелерге қатысты «бірлескен келісушілік», «көзқарастардағы жалпы келісушілік немесе көпшілік жақтайтын көзқарас» деп анықтайды.

Қарапайым қоғамдық тәжірибеде консенсус ұғымын әлеуметтік топтар мен саяси күштерді бөліп көрсететтін негізгі құндылықтар мен нормалар деп түсінеді.

Саяси мағынада зерттеушілер консенсусті тар мағынада қақтығыстар мен дауларды саяси шешудің тәсілі және жалпылық мағынада жалпылық саяси азаматтық келісушілік деп атайды. Бұл жағдайда біз ішкі саяси консенсус мағынасын «мемлекет дамуының проблемалары мен саяси-құқықтық нормаларға қатысты азаматтық келісушіліктің анықталған дәрежесі» деп түсінетін ресейлік зерттеушілермен келісеміз.

Дж. Сартори теориясы бойынша қоғам ондағы келісімге немесе қақтығысқа деген тенденциялардың интеграция мен дезинтеграцияның гомогенділік пен гетерогенділіктің болуымен қарастырылады. Консенсусті демократия теориясымен қарастыра отырып, зерттеуші консенсусті анықталған идеялардың болуы деп есептейді. Қоғамдық идеялар бірнеше түрге бөлінеді:

- жоғары құндылықтар: бостандық, теңдік;

- ойын ережелері мен процедуралар;

Бұл жағдайда консенсустің 3 түрлі деңгейі анықталады:

- жалпы қоғамдық деңгейдегі консенсус немесе базалық консенсус;

- режим деңгейіндегі консенсус немесе процедуралық консенсус;

- саяси деңгейдегі консенсус немесе саяси консенсус;

Осыған байланысты Сарторидің жоғарыда аталып өткен консенсус деңгейлеріне қатысты позициясын нақтылап қарастыру жөн.

Базалық консенсус белгілі бір қоғам өзінің даму мақсаттарынан шығатын бірдей құндылықтарды жалпылап бөлгенде ғана пайда болады. Сарторидің айтуынша осы қоғам жағдайында біз «гомогенді саяси мәдениетке келіп тірелеміз». Демократиялық қоғамның гетерогенді, сонымен қатар, гомогенді мәдениетттерде де өміршеңдігін белгілей отырып, зерттеуші базалық консенсусті демократияға қажетті жағдай деп қарастырмайды. Дегенмен, базалық консенсус демократияның дамуына жол ашатын жағдай деп есептеледі. Ол өз кезегінде демократияның дамуына үлесін қосады. Өйткені, ол саяси институттардың легитимдік деңгейін көтеріп, легитимділіктің жалғаспалы дағдарыспен күресуге көмектеседі.

Саяси конфликттердің бірі - дамушы елдерге тән болатын құндылықты қақтығыстар екені бәрімізге мәлім. Бұл жағдайға байланысты американдық белгілі әлеуметтанушы С. Липсет «Консенсус пен қақтығыс» кітабында қақтығыс мектебінің теоретиктері жалпыұлттық құндылықтар болатынымен келіспейді . Жалпыұлттық құндылықтармен келісімге келу ішкі қақтығыстар деңгейінің төмендеуін білдіртпейді. Барлық қоғаммен есепке алынған құндылықтар да тәжірибе барысында ашық күреске алып келуі мүмкін. Біздің ойымызша, негізгі құндылықтарға сәйкестенген консенсус орнамағанша, белгілі бір конфликтілік жағдайдың әр түрлі құндылықты ориентациядағы әлеуметтік топтардың ызалануына ауысып кетуіне жағдай туады.

Процедурлық консенсус - бұл әдетте Конституциямен бекітілетін қоғамдағы саяси ойынның ережелері. Осы нормалардың ішінде қақтығыстарды шешетін ережелер маңызды роль атқарады. Сарторидің айтуынша, егер де саяси қоғам (партиялар мен билікке таласатын саяси субьектілер) белгілі бір келісімге келе алмаса, ол конфронтацияның күшеюіне, ең күрделісі азаматтық соғысқа келіп тірелуі мүмкін. Азаматтық соғыстар мен революциялар жеңіске жеткен жақ қақтығысты шешудегі өз ережелерін ұсынғанда ғана басылады. Демократиялық қоғамда олар көпшілік дауысымен қалыптасады. Ал шешім барлық азаматтармен бірдей қабылданса, онда демократия реалды болады. Зерттеушінің ойынша, мұндай консенсус демократияға қажетті жағдай жасайды. Өйткені, процедурлық консенсус саяси режимнің қызмет етуіндегі дәрежесіне тәуелді болады. Егер де көпшілік принципі қоғаммен қабылданбаса немесе даулы проблемалар туындаса, онда демократия саяси режим ретінде өзінің саяси формасын жояды. Сонымен қатар, процедурлық консенсустың құрылуы демократияның бастапқы жолы болып табылады.

Осы жағдайға байланысты қоғам консенсусті қалыптастыруға қол созса, яғни белгілі бір конфликтті бейбітшілік жолмен шешкісі келсе, онда қоғам оның институциализациясын жүзеге асыру керек. Қоғам белгілі бір конфликт дами алатындай қылып айқындалған нормалар мен ережелерді қалыптастыру керек. Басқа сөзбен айтқанда, конфликтік іс-әрекеттің цивилизациялы регламентациясы жүру керек. Тек қақтығысқан жақтардың көзқарастары мен саяси ойлары қоғам ережелерімен орындалса ғана, келісімге жететін механизмдер жүзеге асырылады. Әйтпесе, бейбітшілік механизмдерсіз туындаған конфликттер орынсыз жағдайға алып келіп, мемлекеттің саяси тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Зерттеушілер саяси консенсуске қатысты басты акцентті дискуссияға, ал басты рольді демократиялық қоғамдағы оппозицияға аударады. Сарторидің айтуы бойынша, келіспеушіліктер қалыптасқан консенсусқа өзгертулер енгізіп, жаңа консенсус құрып немесе әр түрлі проблемаларға байланысты азаматтар арасында жаңа келісімдерді орнату үшін қажет. Әрине, бұл өзгерістер үкімет ауысқанда ғана, жүзеге асады. Сол себептен, барлық демократиялы үкіметтердің консенсусті даттауы мүмкін емес. Сондықтан, «саясат» зерттеушілермен консенсусті ауыстырып отыратын динамикалық процесс ретінде қарастырылып отырады. Демократиялық билеу дұрыс шешімдер мен түрлі құқықтарға деген позицияларға барлық келіспеушіліктердің өмір сүруге құқығы бар: олар критика арқасында әрдайым туындап отырады. Қарсы ағымды көзқарастар мен келіспеушіліктер келісім мен консенсуске қосымша болып табылады. Біз бүгінгі күнде әлемдегі миллион адамның өмір сүруінің салты - белгілі бір күресті жеңіске жеткенше дейін жүргізу, өзіндік позицияны қорғаудағы бағанбаушылық, көнбеушілік. Осы жағдайда консенсустың жетілуіне кедергі жасайтын себептер қатарына көңіл бөлейік. Орыс саясаттанушысы М. Лебедева психологиялық факторларға, оның ішінде белгілі бір жағдайды бөліп қарайды. Олардың тек кейбір ерекшеліктерін қарастырып шығайық.

Көптеген зерттеу жұмыстарының көрсетуі бойынша қақтығысқан жақтар белгілі бір іс-әрекеттерді обьективті жағдайларға сүйеніп емес, қалыптасқан жағдайда қарастырып, баға беру арқылы жүзеге асырады. Бұл қағида шетел зерттеушілеріне конфликтті қабылдаған қызығушылықтар конфликті ретінде анықтауға көмектесті.

Конфликтік қабылдаудың ерекшелігі - стереотиптілік болып табылады. Стереотип түсінігі 1922 жылы У. Липпманмен енгізілді. Ол өз кезегінде І дүниежүзілік соғысы барысында фактілердің үгіт-насихат қызметінде қандай жолмен бұзылатынын зерттеді. Ол мұндай қисықтың сынуын адам санасының қызметіне сай екенін дәлелдеп, қорытынды шығарды. Барлық адамдардың дүниетанымы олардың эмоция және әдеттер призмасынан сынып өтеді. Әдетте адамдар өздерінің қалайтындарын немесе олардың білімдері мен тәжірибелерімен дайындалып, туындағандарды көреді. Липпманның жазуынша, біз алдымен көріп алып, анықтамаймыз, керісінше, анықтап, содан кейін ғана көреміз.

М. Лебедеваның айтуынша, ақпараттың қарапайымдалуы полярлы түсініктердің шекараларында мынадай типтер арқылы қалыптасады: «өзімдікі - жат, бөтен», «біз - олар», «жақсы - нашар» және т. б. Егер де белгілі бір фактілер берілген дихотомияға кірмесе, олар қабылданбайды, не сәйкес интерпитация арқылы оған ұқсатылып, кіргізіледі. Қақтығысқан жақтар бір-біріне қатысты айырмашылықтары мен ерекшеліктерін асыртып, жақындасып, яғни қақтығысып қалу сәттерін қасақана туғызу қаупін төндіреді. Нәтижесінде, конфликттің өзі полярлық - ақ-қара түстерге боялып, қақтығысқан жақтар ендігі бір-бірін мәнсіз іс-әрекеттері үшін кінәлай бастайды. Ал бұл жағдай араздылықтың тереңдеуіне әкеліп соғады. Мысалға, Е. Егорова, Гантман және К. Плешанов көптеген ресейліктердің Шешенстанда соғыс басталғаннан бері келе жатқан стереотиптерін сипаттай отырып, «шешен» деген түсініктің өз мағынасын жойғанын белгілеп өтеді. Ендігі шешен деген бет-әлпетіне емес, жалпы шешен айқындалған типті шешен. «Айқындалған типті шешен» категориясына түсе отырып, белгілі бір шешен адам санасында «барлық шешендер» түсінігімен, яғни «жау» түсінігімен ассоциацияланады. Соныменен, біз көпшілік санасының стереотиптерін конфликтік жағдайлардағы жүріс-тұрыстың, іс-әрекеттің мінездемесін анықтап, конфликтті реттеу, басу процесіне негативті әсер тигізуі мүмкін.

Конфликт барысындағы келесі қабылдау феномені «айна образды» деп аталып кетті. Оның мәнісі, конфликт қатысушылары бір жағдайды түрліше қабылдап, бағалайды. Сол себептен олардың қабылдау қасиеттері мен бағалаулары айналы образ, яғни диаметралды қарама-қарсы сипат алады. «Айналы образдардың» нәтижесінде қақтығысқан жақтар өздернің қызығушылықтары мен мақсаттарының сәйкес келмеу тенденциясын байқап, конфликттің кеңеюі мен тереңдеуіне әкеліп соқтырады.

Негативті қабылдауды өзгертудегі басты жағдайлардың бірі - конфликт қатысушыларының жоғарғы дәрежелі мәдениеті мен толеранттық қасиеттері.

Консенсусті қолдаудағы үлкен жауапкершілік БАҚ-на жүктелген. Сонымен қатар, көріністің агрессиялық формалары масс-медиа әсерлерінің нәтижесінде қалыптасады. Бүгінгі күнде агрессия мен зорлық-зомбылық тәртіптің нормасы, тұрмыстық өмірдегі қарапайым әдет болып есептеледі. Одан да таң қаларлық жағдай - ол зорлық-зомбылық үлгі тұту болып бара жатыр.

Саяси тәжірибенің көрсеткен мәліметтері бойынша, қоғамдық татулыққа жету жолындағы жауапкершілік билік құрылымдарына жүктелген. Биліктің саяси қызығушылықтарды туғызатын жағдайларды қалай жүзеге асыратынын, саяси лидерлердің консенсус саясатын жетілдіру дайындығынан, саяси жүйенің тұрақтылығы анықталады. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың айтуынша: « . . . Көптеген конфликттер мен келіспеушіліктер негізінде бейбітшілікте өмір сүрудің қарапайым дәрменсіздігі жатыр».

Жалпы айтқанда, Қазақстан қоғамындағы консенсус Конституцияда сипатталған саяси құрылым базасына сүйене отырып, өз қызметін атқарады. ҚР саяси жүйені реформалай отырып, демократия принципін жария етті. Сонымен бірге, қоғам ішінде тұрақтылық, бейбітшлік пен қоғам консалидациясы сақталып қалды. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі Қазақстанның қоғамдық қатынастарында басты орындарды жалпыазаматтық құндылықтар алады. Көпшілік санасында тұрақтылық, тәртіп, бостандық құндылықтары қалыптасып қалған.

Консенсус негіздері тек демократиялық режимде жүзеге асады.

1. 2 Консенсус саяси технологиялардың демократиялық принципі ретінде

Қазақстан мемлекетінің ең басты проблемаларының бірі - қоғамды жан-жақты қалыптастырудағы бейбіт конституциялық әдістерді қамтамасыз ету. Танымал дәрежеде кофликт дегеніміз - ол қоғамның нақты жағдайы. Алайда, конфликттің дамуы деструктивті формада болса, онда оны жойып, қоғамда тұрақтылық орнататындай әдемі әдіс-тәсілдер қажет.

Конфликттердің логикасы мынадай: қақтығысқа түскен жақтар конституциялық шектермен санаспай-ақ күш арқылы өздерінің билігін орнатқылары келеді. Бірақ қоғамда күштеу арқылы мәжбүрлеу функциясын тек мемлекеттік билік қана иемденеді, басқа саяси ұйымдардың мұндай құқығы жоқ. Сондықтан мемлекеттік емес құрылымдардың күш қолдануы қоғам өміріне күрделі деструктивті элемент кіргізіп, конфликтті ушықтыра түседі.

Бізге қақтығысқан жақтардың белгілі бір даму этапында өздерінің қызығушылықтарын жүзеге асыру мақсатында әскери құрылымдарды құруды, мемлекеттік әскерден көмек алуды көздеуі белгілі болып келеді.

Мәселен, Конституцияның бұзылуы қарапайым, біруақтылы акт болып қалуы мүмккін емес. Бұл құқықтық және саяси жоспарларда заң бұзушылықтың басы болып табылады. Сол себептен демократиялық қоғамда Конституция мемлекеттік билік және азаматтармен қорғалатын жоғары құқықтық пен саяси құндылық ретінде қарастырылады.

Қақтығысқан жақтар Конституция шегінде ғана өздерінің қызығушылықтарымен және өздерімен санасуды жүзеге асыра алады. Оны мемлекеттік билікке легитимді түрде қысым жасау әдістері, қоғамдық көзқарасты мақсатты түрде қалыптастыру және саяси жағдайды өзіне пайдалы қылып өзгерту арқылы жүзеге асыруға болады. Әрине, бұл көп жұмысты қажет ететін саяси қызмет үрдісі. Бірақ, бұл саяси мәселелерді шешудегі негізгі сенімді нұсқасы болып табылады.

Қарастырылып жатқан шешу жолы нақты саяси мәдениетті қалыптастырады. Ал ол нәтижесінде қақтығыстар, жек көрушілікті, мемлекеттер арасындағы кофронтацияны және этникааралық пен азаматтық соғыстарды жойып, адамзаттың жеделтілген эволюция линиясымен қозғалуға мүмкіндік береді.

Шыныменен, қазіргі таңда зорлық-зомбылық негізінде қалыптасқан технология көбіне конфликттің реттелуіне әкеліп соқпайды. Ол тек уақытша тоқтатылып, шешілудің өтірік бейнесін көрсете отырып, шиеленісті одан сайын ушықтырып, төмендетеді. Яғни, қазіргі жағдайларда және тарихи кезеңде күштерді қолдану перспективсіз болып табылады. Сол себептен конфликтті ертеңгі күнде екі жаққа да пайда тигізетіндей қылып реттеу керек.

Сонымен қатар, конфликттерді реттеп, жою автоматты түрде жүзеге аспайды. Соған орай, конфликттің ашық фазалы күреске және саяси шиелініске өтіп кетуінен алдын-ала қорғану керек. Осыған байланысты конфликттерді жою технологиясы консенсусті іздеуге негізделіп, мәдени қалыптасулар шегінде қақтығысқан жақтардың заң өрісінде келісімін орнату керек.

Консенсус - өте кең ұғым, үлкен сөз. Ол тез айтылады, бірақ, оның жүзеге асырылуы өте қиын. Консенсус адамзат өркениетінің ішкі табиғатынан шығып, соның нәтижесінде материалды және рухани мәдениеттің өспелі жинақталулары қалыптасып, адамның сол мәдениеттің нақты субьектісіне айналуға мүмкіндік жасайды. Консенсус идеясы адамзатты өркениеттің туылуынан бастап қасында жүріп келеді .

Мысалға, адамзат өркениетінің замандасы болып табылатын, дін идеологиялық мәні және бағыты бойынша терең консенсуалды болып табылады. Сондықтан консенсус - конфликтті шешудегі өркениетті қадам.

Әрине, консенсустің бойында әлеуметтік шиеліністі алдырып тастайтын және кофронтацияның төмендеуіне әкелетін компромисс болады. Бірақ, саяси қатынастардың субьектілері өздерінің құрылымы бойынша түрлі болып келеді. Олардың бойында экстремальды іс-әрекетке бейімді шеткі позиция алатын элементтер қалыптасқан. Сол себептен консенсус жетістігі - өте күрделі және тұрақсыз үрдіс. Ол үшін көп қажетті жағдайлар жасау керек. Алдыменен, тұрақты өрісін құрып, орнату қажет. Халық кабылданған нормаларға, заңдарға үлесіп жүруге дайын болу шарт. Және де түрлі категориялардағы азаматтар қоғамның бір бөлшегі екенін сезіп, қызығушылықтар мен қажеттіліктердегі айырмашылықтарды басып тастау керек. Яғни, нақты өмір сүргіш және толыққанды жұмыс істейтін азаматтық қоғам қажет.

Сонымен қатар, консенсус - жетістігі Конституцияда талқыланып бейнеленген, демократиялық принцип. Яғни, Конституцияның нормалары консенсустің базалық негізін қалап, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларын қамтамасыз етеді. Бұл, ең алдымен адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттегі жоғары құндылық деп мойындауы.

Консенсус көпшіліктің, жеке тұлғаның, ұжымның және қоғамдық сананы білдіреді. Осы жағдайда ғылым «эконсуализм» түсінігін адамдардың өзіне және бір-біріне деген қатынасын, тұлға мен қоғамдық ұйымының рухани формасын білдіру үшін қолданады.

Қазіргі адамзатқа консенсус саяси қарым-қатынастардың негізгі принципі ретнде, саяси мәдениеттің құрылу негізі мен дамуы түрінде қажет болып табылады. Осыған байланысты консенсуалдық мәдениет туындауының бір шарты ретінде конфликтті шешуші ережелерді орнықтыру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси технология
Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары өзара шарттас
Модернизация-жапондық феномен ретінде
Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері
Қазақстандағы саяси мәдениет
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Билік көзі халықта
Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары 2000 жылы қазанда
Саяси шиеленістер мен дағдырыстар
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz