Экономикалық өсудің көрсеткіштері
Жоспар
I. Кіріспе
II. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны
2.1. Экономикалық өсудің көрсеткіштері
2.2. Экономикалық өсудің факторлары
2.3. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
1. Менің курстық жұмысымның тақырыбы ҚР экономикалық өсу
факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері деп аталады. Бұл жұмысымда мен жалпы экономикалық өсу дегеніміз не, оның түрлері, факторлары мен факторларына және де осы тұрақты экономикалық өсудің өз елімізде қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталып өтпекшімін.
Экономикалық даму не үшін қажет? Ел нақты экономикалық даму кезеңінде өмір кешсе, онда бірқатар жаңа мүмкіндіктер ашылады. Тауарлар және қызмат көрсетуларге әркімнің қолы жетіп, оларды таңдауға мүмкіндік туып, халықтың өмір деңгейі көтеріледі. Елдің ішіндегі өмір деңгейін төмендетпей, басқа елдерге көмек көрсетуге мүмкіндік туады.
Экономикалық даму дегеніміз не? Кез-келген берілген уақыт аралығында ел экономикасы шектеулі мөлшерде тауар мен қызмет көрсетулер өндіре алады. Біз мұндай шекті экономиканың өндіріс мүмкіндігі деп атаймыз. Егер бір жылда өндірілген тауарлар және қызмет көрсетулердің жалпы құнын (ЖІӨ-ді) экономикалық қызмет түрі болсын деп ұйғарсақ, онда ол қызыметтен елдегі адамдардың әрқайсысына тиетін үлесі міндетті түрде шектеулі болар еді. Алайда, бұл тұста ол бәліш үлкен болған сайын, әркімнің үлесі де молырақ болатыны тағы да даусыз.
Экономистердің түсіндіруі бойынша, яғни ЖІӨ-ді көбейту экономикалық даму болады. Ол үшін қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану керек әлде мемлекеттің өндіріс қуатын көтеру керек. Немесе, экономистерше айтқанда, елдің өндіріс мүмкіндігінің шекарасын жылжыту қажет.
1. Экономикалық өсу: мәні, мазмұны
Экономикалық өсу - адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың "мәңгі" проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада "экономикалық өсу" термині елдің Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) немесе Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда, ЖІӨ (ЖҰӨ) көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезінде, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.
Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) - нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы (өзгешелігі), Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ), сондай-ақ ел азаматтарының шетелдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп тастайды.
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория "экономикалық өсу" категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсудің экстенсивті түрі дегеніміз - ол эканомиканың өндіріс факторларының ескі техника негізінде сан жағынан молаюын айтады (экстенсивті - латын тілінен аударғанда extensivus - ұлғаймалы ).
Эккономикалық өсуге әсер ететін факторлар:
* Негізгі капитал
* Ғылыми техникалық прогрес
* Еңбек ресурстары
* Табиғат ресурстары
* Жиынтық сұраныс
Көрсетілген факторлардың өнімнің шығарылу көлемін үлкейту үшін әрқайсысының қызметін анықтау үшін эконометрмка қолданылады (ғылыми тәртіп , экономикадағы сан жағынан өзгерулерді зерттеуші ретінде). Оның көмегімен ұлттық шаруашылықтың өсуінің эконометрикалық моделі құрылады. Осылайша экономикалық өсуді карастыра отырған Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Солоу (АҚШ) өндірістік функция формуласын қарастырған.
Өндірістік функция өнімнің шығарылуы негізгі капиталға (К) , еңбекке (L)және жерге (табиғи материалды ресурстарға - N ) сан жағынан (F) тікелей тәуелді екені белгілі:
Y=F(K,L,N)
Р. Солоудың зерттеуі бойынша , экономикалық өсудің моделі техникалық прогрес болмаған жағдайда факторларды үлкейту масштабына байланысты тұрақты қайтарым (отдача) қасиетін қамтиды:
ZY=F(ZK,ZL,ZN).
Берілген формула келесі функционалдық тәуелділікті көрсетеді. Егер де капитал , еңбек және материалдық шығындар Z мәніне дейін өсетін болса , онда өндірістің көлемі де Z мәніне дейін ұлғайады. Өндірістің экстенсивті түрдегі көбеюіне дәл осы қасиет тән. Ол шығындалған өндіріс факторларының көлеміне түзу пропорционалды болып келеді. Бұл тәуелділік мына графикпен көрсетіледі (Сурет 4).
Экономикалық өсудің қарқындылығы
(Y, B%)
130
N
L
120
110
100
1 2 3 4 жыл саны
Экстенсивті экономикалық өсу - ол шаруашылықтың дамытуын ең ыңғайлы әдісі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен табиғи ресурстады өте жылдам игеруге болады , оған қоса салыстырмалы түрде тез жұмыссыздықты қысқарту мүмкіндігі және де жұмысшы күшінің үлен көлемде жұмыс істеуін ынталандырады.
Өндіріс көлемін ұлғайтудың мұндай жолының көптеген кемшіліктері де бар. Оған техникалық тоқырау тәуелді болып келеді де , өнімнің сан жағынан шығарылуының үлкеюі техника - экономикалық прогреспен байланыспайды. Бірақ техникалық прогрестің экономикалық өсудегі маңызы өте зор болып табылады. Себебі техникалық прогреске тек қана өндірістің мүлде жаңа әдістері ғана еніп қоймай , сонымен қатар басқарудың жаңа түрлері мен өндірісті жаңаша организациялау кіреді. Жалпы айтқанда , техникалық прогрес деп , жаңа білімдерді ашу арқылы түпкі өнімнді шығару көлемін ұлғайту мақсатымен берілген ресурстарды жаңаша әдіспен комбинациялау болып табылады. Практикада көрсеткендей , техникалық прогрес пен капитал салу , яғни инвестициялау бір-бірімен тікелей байланысты. Техникалық прогрес көп жағдайда жаңа машиналар мен құрал-жабдықтарға инвестициялауды қажет етеді.
Экстенсивті экономикалық өсуде өнімнің шығарылуының көбеюінің деңгейі қолданылатын шығарылатын негізгі қордың көлемінің үлкеюіне , материалдық ресурстар мен жұмысшылар санының үлкеюіне тікелей байланысты болады , яғни бірдей деңгейде ұлғаяды. Сондықтан қордың қайтарымдылығы , қордың сыйымдылығы және де еңбек өнімділігі секілді экономикалық көрсеткіштердің мағыналары өзгермейтін деңгейде қалып қояды. Басқаша айтсақ , өндірістің жалпы эффективтілігі , қолайлы жағдайдың өзінде де , өзгермейтін күйде қалып кояды. Сондықтан , негізгі өндіріс қорларын (ғимараттар , құрал-жабдықтар) жаңартуға қаржы-қаражат жетіспейді, нақты айтсақ , жаңа ғылыми- техникалық өзертулер енгізілмейді. Сол себептен бұрыңғы СССР-дағы өндірістік негізгі қорлардың тозуы 1990- жылы 1986- жылға қарағанда 38 пайыздан 41 пайызға дейін өскен болатын. Нақты айтсақ , өндірістік құрал - жабдықтардың мерзімдері нормативті мерзімнен екі есе асқан болатын.
Экономикалық өсудің экстенсивті түрі табиғи ресурстарды тез игеруге мүмкіндік береді. Бірақ соның нәтижесінде ресурстарды экстенсивті әдісті қолдана отырып игеру тиімді емес немесе көп шығынды болып табылады. Мұндай жағдайда ресурстардың көзі тез арада жоғалады немесе жоққа ұшырайды. Экстенсивті өсу кезінде қор сыйымдылық көрсеткіші өзгеріссіз қалады, бірақ өндіріс көлемі өседі. Соның нәтижесінде шикізат қоры азаяды. Осылайша шикізаттың бір данасын (мыс, бір тонна мұнай) алу үшін еңбек пен өндіріс құралдарын көбірек жұмсау қажетті болады. Мұндай жағдайда экономикалық өсу ұзақ мерзімде шығынды болып табылады. Яғни, өсу болғанымен ол тек қана шикізат базасының нәтижесі болып табылады, ал шикізат өз кезегінде қалпына келмейтін және шектеулі табиғи ресурс болып табылады.
Экстенсивті әдіспен даму ұзақ мерзім аралығында мемлекеттегі ұлттық өндіріс пен шаруашылықты ыңғайсыз жағдайға соқтырады. Дамыған мемлекеттер көбінесе мұндай әдісті қолданылмайды, экстенсивті дамуды тек ресурстары жеткілікті, бірақ технологиялық және экономикалық жағдайы нашар дамушы мемлекеттер қолданылады. Экономикалық жағдайы нашар мемлекеттерге экстенсивті даму нәтижесінде шығынды болып келеді. Оған мынадай себептер бар: технологиялық дамудың нашарлығы, өндіріс құралдарының немесе еңбек заттарынынң ескіруі, яғни техникалық талаптарға сай келмеуі, жұмысшылардың мамандану дәрежесінің төмен болуы, шикізат көздері мен оларды өндіретін цехтар мен зауыттардың бір бірінен алшақта орналасуы және тағы да басқа себептер.
Егер статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Америка Құрама Штаттарында қор қайтарымдылық көрсеткіші соңғы жылдарда біршама өзгеріссіз қалған, ал біздің өндіріс орындарында бұл көрсеткіш соңғы 25 жыл ішінде шамалап 2 есе төмендегені белгілі. Батыс экономистерінің айтуынша Совет Одағы кезінде одақ мемлекеттері батыс мемлекеттерімен салыстырғанда өнімнің бір данасын өндіру үшін энергия мен шикізатты 2-3 есе көп жұмсаған.
Экономикалық дамудың күрделірек түрі интенсивті даму. Француз тілінен аударғанда intensif - ынта қою немесе бар күшін салу деп аударылады. Экономиканың интенсивті дамуының негізгі ерекшелігі - мұнда техникалық прогрестің базасы нәтижесінде өндіріс факторларының тиімділігін жоғарлату болып табылады.
Экономикалық дамудың мұндай жағдайында тех техниканың ғана емес сонымен қатар басқа да өндіріс факторларының тиімділігін жоғарлату қарастырылады. Мұндай экономикалық өсудің әдісін қарапайым мынадай математикалық формуламен өрнектеуге болады:
Y=AF(K,L,N)
Бұл формулада берілген А - ол , факторлардың жиынтық өнімділігі. Бұл формулада көрсетілгендей , егер де өндірістік факторлардың шығындарының көлемі өзгермесе , ал олардың жиынтық өндірісі А 1%-ке өссе , онда өндіріс көлемі де 1%-ке өседі.
Экономикалық өсудің интенсивті түрі өндіріс құралдарының ең тиімді түрлерін кең қолдануға негізделеді. Яғни өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайтуда ең жаңа және прогресивті техниканың түрлері қолданылады, оған қоса ғылыми жетістікке ие болған жене шикізатты барынша үнемдей алатын техниканың түрлері де қолданылады. Әрине жаңа техникамен қолданыла алатын мамандар дайындалады. Осы факторлардың нәтижесінде өндірілетін өнімнің сапасы жоғары болады, еңбек өнімділігі жоғарлайды, өнімді өндіруге жұмсалатын ресурстар тиімді және үнемді қолданылады, өнеркәсіптің материалдық базасы тиімді қолданылады.
Өндірістің интенсивті ұлғаюының экстенсивті ұлғаюға қарағанда бірнеше артықшылықтары бар. Интенсивті ұлғаю экономикалық өсудің ең тиімді түрі болып табылады, өйткені мұнда ғылыми жетістіктер мен жаңа техника қолданылады.
Осыған байланысты қоғамдық деңгейде ғылыми - техникалық информацияның өндірісі дамиды да , соңына таман өндірістің тиімді құралына айнала бастайды. Осымен бір мезгілде қатар білім беру жүйесі , кадрларды дайындау мен қайта дайындау жұмысшылардың мәдени - техникалық деңгейінің өсуін қамтамасыз етеді.
Өндірістің интенсивті көбеюіне негізгі назар аударарлық болатын нәрсе , оның нақты ресурстардың белгілі шектеулігінен пайда болатын экономикалық өсудегі кедергілерді жеңіп шығатыны. Шаруашылықтың даму жағдайы жаңа жолға көшеді , яғни тоқтамайтын ғылыми - техникалық және де экономикалық прогресс жолына. Шаруашылықтың дамуындағы бұндай жолдың негізгі және пайдалы факторы ретінде ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады. Мысалға алсақ , жаңа технологияны қолдану жолымен берілген бір тонна жанармайды (7000 ккал) сақтап қалу үшін , тура осындай көлемдегі жанармайды өндіруге кеткен шығындармен салыстырғанда 3-4 есе азырақ шығын кетеді.
Сондай-ақ интенсификациялау халық шаруашылықтағы құрылымдарды өте күрделі прогрессивті түрде қайта құрумен , кең көлемде кадрларды дайындықтан өткізумен , ынтасын білдіретін және де өте жоғары деңгейдегі жұмысшыларды дайындаумен тікелей байланысты. Ұлғайған өндірістің интенсивті түрінің ерекшелігі , ол өндірістің түрінде экономикалық өсудің өте жоғары деңгейдегі қарқындылығы мүмкін болады , бірақ оған қоса ғылыми - техникалық прогрес жұмыссыздықты тудыруы мүмкін. Ал мұндай жағдайда жұмыссыздық елдегі еңбек күші көп аудандарда одан да көбее түседі.
Өндірістік ресурстарды үнемдеудегі кез-келген бағыттағы жағдайларға байланысты интенсификациялаудың бірнеше түрін айырады (5-сурет).
Экономикалық өсуді интенсификациялау
Көп жақты
Еңбек жинаушы
Капитал жинаушы
Интенсификациялаудың еңбек жинаушы түрінің болжамдауы бойынша жаңа техника өндірістен еңбек күшін біртіндеп жоюда деп түсіндіреді. Бұл жағдайда өнімді шығару қарқындылығының өсуі жұмысшылар санының өзгеру қарқындылығынан озық болады. Басқаша айтқанда , өндірістің барлық өсімі еңбек өндірісінің көбеюінің арқасында жеке түрде немесе толық жетеді.
Интенсификациялаудың бұл түрі бастапқы кездегі халық шаруашылығын индустриализациялаудағы құрал-жабдықтардың өндірісінің дамуынада қолайлы болып келеді. Техникалық прогресс , сондай-ақ жұмысшы күшін өндірісте біртіндеп аз көлемде қолдана бастау неғұрлым жылдамырақ бірінші жағдайда , яғни өндіріс заттарын өндіруде болады және де неғұрлым жай түрде екінші жағдайда , яғни тұтыну заттарын өндіруде болады. Бәрімізге белгілі , бұл жағдайда өндіріс қарқындылығы негізгі түрде өндіріс заттары арқасында арта түседі , нақтырақ айтқанда осы өндірістің дамуы өзіне қажетті заттарды шығарғанда ғана қарқынды болуы. Экономикалық өсудің бұл түрінедегі қатаң түрдегі келіспеушілік кездейсоқ жағдай емес. Яғни өндіріс үшін тездетілген өндірістің өсуімен және барған сайын одан қалып келе жатқан тұтыну заттарының өндірісі арасындағы келіспеушілік. Мұндай түрдегі келіспеушілік халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізеді.
Интенсификациялаудың капитал жинаушы түрі: шикізаттар мен материалдарды және де құралдар мен машиналарды тиімдірек пайдаланудың арқасында өндіріс қаржыларын тиімдірек жұмсауға болда. Мұндай жағдайда капиталдың техникалық құрамы төмендейді немесе оның ұлғаюы бәсеңдетіледі. Бұл процесстер өнімдерді арзандаттыратын , сондай-ақ химия полимерлері сияқты жоғарғы тиімділікті заттай өндірістік факторлар қолданғанда, жоғарғы деңгейдегі автоматикалық құрылғыларды игеру кезінде, ҒТР-дың (ғылыми - техникалық прогресс) бастапқы кезеңдерінде көрініс табады.
Көп жақты интенсификация дегеніміз - ол барлық берілген ресурстар қолданылатын экономиалық өсудің бір түрі. Бұл экономикалық өсудің түрі кезінде өндірістің еңбек шарттары да , заттық шарттар да үнемделеді. Көп жақты интенсификация , ол қазіргі заман деңгейіндегі ғылыми - техникалық прогреске және де жаңа технологиялық революция шарттарына оңай түрде енеді.
Көп жақты интенсификация ұлғайған өндірістің барлық процестерінің сапасы жағынан жаңартылуына жол ашады.
Өндірісті шығынды түрдегі экстенсивтік өсіруге қарсы түрде көп жақты интенсификация экономикалық өсудің шығынға қарсы траекториясын қамтамасыз етеді. Ол төмендегі шартты берілгендер арқылы көрсетілген графикте бейнеленген (6-сурет).
Экономикалық өсудің қарқынды лығы
140
130
120
110
100
ҰТ
Ко
Р
СС
1 2 3 4 жыл саны
Графикте көрсетілгендей , ұлттық табыстың (ҰТ) көлемі барлығынан жылдамырақ өседі , оған қарағанда құралдар өндіріп шығару (Ко) мен жұмысшылар күшінің саны (Р) біршама жай түрде өседі. Нәтижесінде бір өнімге кететін құн (Сс) төмендей түседі де , ұлғайған өндіріс сапалы түрдегі жаңа қасиеттерге иемденеді (7-сурет).
Экономикалық дамудың жаңа сапасы
өндірістің шаруашылық тұтыну
тиімділігі құрылымының бөлігінің
прогрессивтілігі өсуі
Техникалық деңгейдің түпкі өнімнің
және өнім ұлғаюы
сапасының өсуі
Экономикалық дамудың жаңа түрдегі сапасы ең алдымен ұлттық табыс өндірістің тиімді өсуінде көрсетіледі. Бұл жағдайда ұлттық табысқа шаққандағы еңбектің шығындалуы мен өндіріс құралдары азаяды. Сондықтан барлық шаруашылықтың даму жақсарады , сонымен қатар ғылыми - техникалық деңгей және де шығарылатын өнімнің сапасы жақсарады.
Бұл техникалық әдіспен болатын өндірістің тура ықпалы болып табылады.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады? Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өніміділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Экономикалық даму, әдетте, келесідей іс-әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін.
oo Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын
адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.
oo Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре
бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
oo Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары
жақсартылған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда, бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.
oo Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну
тауарларын өндіріп қоймай, онымен қатар қоғам өзінің ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және т.с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
oo Кәсіпорынның ақша қаражатын жұмасуын өсіру. Кәсіпорын еңбек
өніміділігін арттыру үшін жаңа сапалы құрал-жабдықтар алу, ғылыми зерттеулер мен дайындықтар жүргізу, жұмысшыларды оқыту және басқа да жолдарын пайдалануға қаржыны тиімді жұмсауға міндетті. Оған қосымша бұл тұста үкімет тарапынан кәсіпорындарды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру мақсатында бөлінетін қаржыларды да қодану қажет.
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауды ескерсек те,ұзақ мерзімді экономиканың тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ,
ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы
құрлымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б ) Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
oo Неокейнстік
oo Неоклассикалық
oo Тарихи-әлеуметтік
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын жеңілдетеді.
II. 2. Экономикалық өсудің үлгілері (модельдері)
Экономикалық өсу факторларының 3 тобы бар:
1. Ұсыныс
2. Сұраныс
3. Бөлу
Ұсыныс факторлары болып табылатындар:
oo Елдегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы
oo Елдегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы
oo Негізгі капиталдың көлемі
oo Технолгия
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады.
Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады.
Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:
oo өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар
бойынша нақты бөлу;
oo шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды
бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады:
экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді.
Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі ұлғайтылған үдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz