Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық Университеті

«Экономика және бизнес»

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

А. Н. ДӘУРЕНБЕКОВА

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Өнім сапасын арттырудың экономикалық тиімділігі»

050506 - «Экономика» мамандығы бойынша

Орындаған: Налтаева Б. Ж

Ғылыми жетекші

Э. ғ. д., Момынкулова Ш. О

Алматы 2010

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Өнім сапасын арттырудың теориялық аспектілері . . . 6

1. 1 Өнім сапасы: түсінігі, бағалау көрсеткіштері . . . 6

1. 2 Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру . . . 11

1. 3 Стандартауды және сертификаттауды жүргізу тәртібі . . . 20

2 «Ақ алтын-Береке» ЖШС-де өнім сапасының зкономикалық тиімділігін бағалау . . . 28

2. 1 «Ақ алтын-Береке» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы . . . 28

2. 2 «Ақ алтын-Береке» ЖШС-де өнім сапасын талдау және оның экономикалық тиімділігін анықтау . . . 35

2. 3 Қазақстан Республикасындағы мақта өндірісінің қазіргі жағдайын талдау . . . 42

3 Кәсіпорында өнім сапасын арттырудың негізгі бағыттары . . . 56

3. 1 Мақта саласындағы мақта өңдеуді арттыру және сапасын көтеру жолдары . . . 56

3. 2 Мақта өндірісінің өзекті мәселелерін шешу жолдары . . . 60

Қорытынды . . . 67

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 70

Кіріспе

Мақта кешенін әлемдегі рыноктық қатынастардың ықпалына бейімдеу, дағдарыс жағдайында саланың өміршеңдігіне жаңа көзқараспен, жаңа өлшемдермен баға берілуі, экономикалық ой-пікірлердің, сараптаудың жаңа әдістерін қолданып, мақта саласын ұйымдастыру үшін өңірдің табиғи, экономикалық, өндірістік ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескеріп тұжырымдау қажет.

Қазақстанның оңтүстік аймағы тарихи жағдайына, жер, су және еңбек ресурстарына сәйкес мақта өсіруге мамандандырылған. Осы орайда рыноктық қатынас жағдайында тиімді агробизнесті ұйымдастырудың теориялық негіздерін тереңдету, кешеннің экономикадағы орнын, мақта шикізатын бастапқы және тереңдетілген өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдер мен өнеркәсіп тауарларының ішкі рыногын қалыптастыру және бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудың экономикалық механизмдерін негіздеу обьективтік қажеттілік.

Сонымен қатар рыноктық қатынастарды жетілдіру жолымен осы аумақтағы халықтың әлеуметтік деңгейін жаңа сапаға көтеру проблемалары мен перспективаларының маңыздылығын арттыру үшін мақта кешенін жан-жақты зерттеу қажеттілігі туындайды. Қазірге дейінгі мақта кешенінің экономикасы бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер бірсыпыра сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Себебі кеңестік дәуірдегі калыптасқан экономикалық категориялар ашық, еркін экономиканың түжырымдалған жағдайын толық бағалай алмайды. Нәтижеде қорытындылар, ұсыныстар жасауға жарамсыз.

Мақта кешенінің экономикалық проблемаларын зерттеудің екінші бір қажеттілігі сол, Қазақстанның оңтүстігінде мақта өсіру және өңдеу саласында құрылымдық өзгерістерді әрі қарай дамытудың қажеттілігі бар. Осы жолмен тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық табысын арттыруда саланың үлесін көбейту, ауылшаруашылық дақылдарының арасында табиғи және материалдық өндірістік ресурстарды тиімді етіп қайта бөлу және орналастыру міндеттері тұр.

Мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру проблемасы ғылыми тұрғыдан теориялық қағидаларды, өнім сапасын арттыру жолдары.

Қазақстанның оңтүстігінде мақта агробизнесін рыноктық қатынас пен ашық экономика жағдайында кешенді және жан-жақты зерттеуге, жаңа экономикалық категорияларды қолданып, тиімділікті және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру проблемаларының шешімдерін табуға бейімделген. Олар төмендегідей теориялық-методологиялық және тәжірибелік маңызы бар ғылыми жаңалықтар нәтижелерімен айқындалған:

− рыноктық қатынастар жағдайында экономикалық тиімділік және бәсекелестікке қабілеттілік категорияларының мәні және мазмұны тереңдетіліп, саладағы «өндірістік мүмкіндіктер шектері», ресурстарды бөлу және тиімді пайдалану баламасын табу әдіснамасы, тиімді протекция және субсидия коэффиценттерін қолданып саланы дамыту немесе тежеу әдіснамасы ұсынылған;

− мақта кешенінің экономикасында салыстырмалы артықшылықты бағалаудың балама құн теориялық концепциясын пайдалану негізінде саланың бәсекелестікке қабілеттілігін анықтаудың жаңа методологиялық әдісіне толықтырулар енгізіліп дамытылған;

− автор өзі ұсынған методологиялық және методикалық әдістердің негізгі қағидаларын пайдалана отырып, мақта кешенін дамытудың тиімділігі мен бәсекелестікке қабілетілігіне оң ықпал жасайтын факторлар мен басымдық берілетін бағыттарды анықтаған;

− мақта өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мақсатында ірілендірілген шаруашылық құрудың ұйымдық-экономикалық негіздері мен параметрлерінің жобалары әзірленген;

− саланы дамыту үшін бағытталған инвестицияларды талдаудың, бағалаудың теориялық негіздері, суармалы жерлерді қалпына келтіруге және құнарын сақтау тиімділігін анықтауға қажетті жобалардың олқылықтары нақтыланып, олардың шешімдері берілген;

− рыноктық қатынас жағдайында бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудың негізгі экономикалық механизмдері, ішкі және сыртқы рыноктардағы тиімділікті бағалау мен оны арттыру жолдары ұсынылған;

− мақта саласында интенсивті агротехнология мен инновациялық қызметтерді ендіру, техникалық қорларды қайта жарақтау және ауыспалы егіс жүйесін қалыптастырудын экономикалық тетіктері зерделенген;

− ішкі және сыртқы рыноктарда мақта өнімдері мен тауарларына тұтынушылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын құрылымдық өзгерістер және саланы дамытудың болжамдары айқындалған;

− мақта кешенін дамыту мен оның тиімділігін арттыруда өнімді бастапқы, терең өңдеу және мақта-тоқыма кластерін іске асыруда дайын өнімдердің қосылған құндарын арттыру мүмкіндіктері негізделген;

− әлем рыногындағы бағаның құбылмалы жағдайында мақта өнімдерінің ішкі және сыртқы тұтынушыларын қанағаттандырудың стратегиялық даму бағыттары мен бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері үсынылып, оны мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары анықталған.

Дипломдық жұмысымның мақсаты - нарықтық қатынастар жағдайында өнім сапасын арттыруда оның экономикалық тиімділігін бағалау, кәсіпорын мысалында өнім сапасын басқару көрсеткіштерін талдау, өнімнің сапасын арттыру жолдарын анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеті:

  • кәсіпорында өнім сапасын арттырудың теориялық аспектілерін оқып білу;
  • стандарттау, сертификаттау жүйесін қарастыру;
  • «Ақ алтын-Береке» ЖШС - нің техникалық - экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама беру;
  • кәсіпорынның өнім сапасын талдау;
  • кәсіпорында өнім сапасын арттырудың негізгі бағыттырын ұсыну.

Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығын радикалды реформалардың нәтижесінде рыноктық экономикаға өту үдерісі дамып келеді, меншік және шаруашылық жүргізудің жаңа өндірістік қатынастары қалыптасуда. Мемлекетімізде көпнышанды агроқұрылымдарға агробизнесті ұйымдастырудың әкімшілік, экономикалық және құқықтық негізін қолдау мақсатында заңнамалық, нормативтік база жасалған.

Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп саласында меншік қатынасын, саланы кешенді өзгертулер, өңірдің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, дамытуда және бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруда бірқатар проблемалар бар екендігін ғылыми сараптаулар көрсетті. Әсіресе суармалы жерлерде орналасқан мақта кешенінде бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру үшін агроқұрылымдарды қайта құру ұйымдық-экономикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеулерді қажет етеді: жерді қалпына келтіру, шаруашылықтарды ірілендіру, озық агротехнологияларды ендіруді, өндірісті интенсивті-индустриалды тәсілмен ұйымдастыру, өңдеу тиімділігін арттыру проблемалары туындауда.

Мақта кешенін әлемдегі рыноктық қатынастардың ықпалына бейімдеу, дағдарыс жағдайында саланың өміршеңдігіне жаңа көзқараспен, жаңа өлшемдермен баға берілуі, экономикалық ой-пікірлердің, сараптаудың жаңа әдістерін қолданып, мақта саласын ұйымдастыру үшін өңірдің табиғи, экономикалық, өндірістік ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескеріп тұжырымдау қажет.

Осы жолмен тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық табысын арттыруда саланың үлесін көбейту, ауылшаруашылық дақылдарының арасында табиғи және материалдық өндірістік ресурстарды тиімді етіп қайта бөлу және орналастыру міндеттері тұр.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Дипломдық жұмыста 8 сурет, 9 кесте көрсетілген.

1 Өнім сапасын арттырудың теориялық аспектілері

1. 1 Өнім сапасы:түсінігі, бағалау көрсеткіштері

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы жеке қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Өнім сапасы - бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егерде тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі. [3]

Сапаны техникалық бағалау бұйымының өндірістік сипаттамасына негізделеді. Ол алдымен бұйым қаншама сапалы жасалады деген сұраққа жауап беруі тиіс, яғни өндірісте атқарылған жұмыстың сапасын анықтайды. Бұлай бағалау қаншама маңызды болғанымен жасалған бұйымның нақты мақсатынан, өның өндірістегі не тұтынудағы ролінен ауытқып кетеді. Өнім сапасын экономикалық тұрғыдан бағалау нақты қоғамдық жағдайларды, атап айтқанда, ұлғаймалы ұдайы өндірісті есепке алады. Бұл жағдайда сапа арттады, сондықтан да ол болжамды пайдалылықты емес, нақты пайдалылықты көрсетеді.

Демек сапаны экономикалық тұрғыдан бағалау оны жалпылама сипаттауға жол бермейді, нақты тарихи талдауды талап етеді. Сапалы бұйым, арине, жоғарғы техникалық тұрғыдан орындалып, дайын өнімд кеңінен пайдалануға мүмкіндік туғызады. Жеке бір өнімді өндіру оның қажеттілігіне байланысты техникалық сипаттамасына да сәйкес келуі тиіс. Егер ол өнімді өндірудегі шапшаңдық, тазалық және басқада техникалық сипаттамалар сол өнңмді қажет етіп отырған тұтынушы талабынан артып кетсе, онда мұның ешқандай пайдасы болмас еді. Сапаның артуының басты белгісі - өнімге деген нақты сұранысты дұрыс пайдалана білуден, тұтынушы талабын толық қанағаттандырудан көрінеді.

Өнім сапасы оның қоғамдық тұтыну құнымен де тікелей байланысты. Бұл жайында К. Маркс былай деп жазған: «Тауар сатып алушы оны тек құны бар екен деп қана сатып алмайды, ол оның «тұтыну құны» болғандықтан сатып алады да оны белгілі бір мақсатта пайдаланады. Олай болса: 1) тұтыну құны «бағаланады», демек оның сапасы зерттеледі(олардың саны өлшеніп, таразыға тартылатыны және тағы басқа сияқты) ; 2) бір ғана тұтыну мақсатында пайдаланылатын әр түрлі сорттағы тауарлар бір-бірін ауыстыра алатын жағдайда олардың тиімдісін тұтынушының бұрын таңдайтыны өзінен-өзі түсінікті»

Сонымен бірге сапа өнімнің обьективті қасиеті ретінде тұтынудың тұрліше жағдайына байланысты болмайды, яғни ол өнімнің кімнің қолына түскеніне және оның одан қандай пайда тапқанына қарай өзгермейді. Өнім сапасы бір жағынан тұтыну процесінде ғана айқындалады, ал екінші жағынан алғанда тұтынудың кейбір ерекшеліктеріне байланысты да емес. Сырт қарағанда қайшылықты болып көрінетін бұл мәселе былайша шешіледі: өнім сапасы тұтынудың белгілі бір нақты жағдайларында ғана анықталады. Әрбір өндірілген өнімнің адамның көптеген қажеттерінің бірін ғана өтейтін пайдалы қасиеттері болады. Алайда өнімнің пайдалылық дәрежесі, оның өз мәнін өтеу қасиеті түрліше болуы ықтимал. Қорыта айтқанда, сапасы деп - ол өнімнің тұтынушының белгілі бір қажетін өтеу үшін, яғни өнім өзінің шығарылған мақсатын толық ақтауы үшін керекті оның бойындағы пайдалы қажеттердің жиынтығын айтамыз. Техникалық процесс қарқынының артуы мен өнім сапасының жақсаруына байланысты еңбек өнімділігі артады. Біріншіден жаңа тауарлар пайда болып, бұрынғылар жетіліп, өнімді пайдаланудың тиімділігі артады, яғни бұл кейбір тұтыну қажеттерін аз ғана өнім мөлшерімен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, техникалық тұрғыдан жарақтану дәрежесінің өсуі мен өнім сапасының артуы машиналарға, құралдарға, шикізатқа, техникаға байланысты.

Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері, жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет, өнімді шығаруға сіңірілген еңбекті үнемдейді, бұл қоғамның өнімді өндіруге кететін шығынын азайтады. Осылайша, өнім сапасын арттыру қоғадық өндірістің тиімділігіне игі әсер етеді.

Өнім сапасы - кәсіпорын қызметінің белгілі бір өзіндік айнасы секілді. Әрбір кезеңде өнімді сапалы өндіріпжәне оны үнемі арттырып отыру - экономикалық дамудың басты талабы. Өнім сапасының артуы қоғамдық қаржыны үнемдеуге, халық сұранысын толық өтеуге, сондай-ақ сыртқы саудадағы әр түрлі бәсекелестерден озып шығуға мүмкіндік береді. Экономика неғұрлым өркендеген сайын, өндірістің көлемі ұлғайған сайын қоғамның өндірілетін өнімнің сапасын деген талабы арта түседі. Мүндай жағдайда халықтың да, кәсіпорындардың да тұтыну мүмкіншілігі кеңейеді. Тұтас алғанда қоғам да, кәсіпорындар да, халық та сол мүмкіншілікті пайдаланып, өндіріс орындарынан жаңа және сапалы тауарларды өндіруді толық талап ете алады. Ұзақ уақыт тұтынатын өнімнің сапасын артырудағы басты бағыттардың бірі оның беріктігі мен шыдамдылығы болып табылады. Бұлда өнім өндіруді артырумен тең. Жоғары сапалы өнім өндіру - біздің шаруашылығымыздың ең бір маңызды буыны. Кейбір шикізаттардың жетіспеуі салдарынан кәсіпорындар қолына түскенін алады, кейін өндіріс технологиясы бұзылады. Сайып келгенде өнім сапасы төмендейді.

Демек, сапаны арттыру жөніндегі шаралардың экономикалық тиімділігін дұрыс есептеп отыру қажет. [4]

Өндірілетін өнім саны мен сапасы елдің ұлттық байлығының көзі болып табылады. Өнімнің жоғарғы сапасы - ұлттық байлықтың өсуінің интенсивті факторы. Өнім сапасы қоғамдық және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруы қажет.

Сапа - өнімді, қызметті бағалаудың негізгі критерийі және ол әр адамның, сонымен қатар тұтастай қоғамның өмірін анықтайды. Сапа жоғары стандарттың индокаторын сипаттайтындықтан, өндіруші өзінің өнімін жарнамалау кезінде міндетті түрде оның сапасы туралы айтады. Өнңм сапасы - көтеген елдер тәжірибе бойынша дағдарыстан шығудың жолын ашатын негізгі кілт. Өмір сүрудің сапасына материалдық орта, яғни өнім, қызмет көрсету сапасы белгілі деңгейде әсерін тигізеді.

Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

өлшеуші әдіс ( аспаптар, приборлардың көмегімен ) ;

  • тіркеу әдісі - бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісімынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық, стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
  • есептеу әдісі - өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;
  • органолептік әдіс - адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, заңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;
  • социологиялық әдіс - өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүммкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
  • сарапшылық әдіс - мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.

Нарықтық жағдайда, тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұндай ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.

Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.

Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар - бәсекелестер ерекшеленеді.

Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.

Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалылық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.

Бұл тәсіл техникалық деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:

КК = КК а КК т КК с

мұнда, КК - тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші;

КК а - эстетико-эргономикалық деңгейінің кешенді

көрсеткіші;

КК т - техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;

КК с - көрсеткіш кешенінің сенімділігі.

Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды. Біздің республикада өткізіліп жатқаң нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпінін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.

Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет. Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және себептерін белгілеу кіреді.
Өнімнің қасиеттері сандық және сапалы сипатталуы мүмкін. Өнімнің сапасын құрайтын, оның бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипттамасы өнім сапасының көрсеткіші деп аталады. Өнім сапасын оған тікелей қатынасы бар және өнімнің тағайындалуына сәйкес анықталған, көрсеткіштер жиынтығы бойынша ғана бағалау керек, өнім сапасының көрсеткіштері салыстырмалы сиптта болады, өйткені анықталған және болжанатын қажеттіліктер уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін тұтынушыны қанағаттандырған, бүгін қолайсыз шығуы мүмкін. Көрсеткіштер жүйелерін таңдау принциптерін регламенттеу нормативтік-анықтамалық құжаттамада көрсетіледі, сапаны бағалаудың сандвқ әдістері сапаны меңгерудегі дербес бөлім - квалиметрияны құрайды.

Сипатталатын қасиеттері санына байланысты көрсеткіштер дара және кешенді болып бөлінеді. Дара көрсеткіштер өнімнің қандай да бір қасиетін сипаттайды. Кешенді көрсеткіштерді жалпыланған (ол бойынша сапаны бағалау қабылданған, қасиеттердің аса елеулі жиынтығын сипаттайды), интегралдық (жиынтық пайдалы эффектінің және пайдаланудың жиынтық шығындарының қатынасын сипаттайды) және индекстік (әр текті өнім сапасының қатынасын көрсетеді) деп бөлу қабылданған.

Қолданылуы бойынша көрсеткіштер абссолют (натурал және құндық бірліктермен орнектеледі) және салыстырмалы (базалық, эталондық немесе бәсекелесуші үлгімен салыстырғанда қасиеттерді сипаттайды) .

Сипатталатын қасиеттері бойынша сапа көрсеткіштері келесі топтарға бөлінеді.

Тағайындалу көрсеткіштері өнімнің мәнін, өнімнің тағайындалуы бойынша (мысалы, пайдалы жұмыс, өнімділік, куат) пайдаланудың берілген жағайларында өз қызметтерін орындау қабілетін анықтайтын қасиеттерін сипаттайды.

Сенімділік көрсеткіштері өнімнің уақыт өткен сайын талап етілетін функцияларды берілген режимде орындау қабілетін көрсетеді.

Технологиялық көресеткіштері өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында шығындардың оңтайлы бөлінуін сипаттайды (мысалы, материал сиымдылығы, нңбек сиымдылығы, өзіндік құн, қор сиымдылығы) .

Тасымалданушылық көрсеткіштері өнімнің оны пайдаланусыз тұтфнусыз тасымалдауға бейімделгендігін сипаттайды. Тасымалдауға дайындаудың ұзақтығы мысал болуы мүмкін.

Стандарттау және біріңғайлау көрсеткіштері өнімнің құрамындағы стандарттық, біріңғайланған және соны бөліктертерінің пайдалану дәрежесін көрсетеді. Мысал - стандарттық бөліктердің құраушылардың жалпы санына қатынасы.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патенттік қорғалу дәрежесін және пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсерлердің деңгейін көрсетеді. Олар қоршаған ортаға қауіпті және зиянды химиялық лақтырыстардың деңгейін, акустикалық әсерлер деңгейін, электромагниттік, радиациялық және басқа сәуле шығарулар және т. б. деңгейін анықтайды.

Эргономикалық көрсеткіштер пйдалану ыңғайлылығымен жайлылығын патенттік тазалығын сипаттайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорыннын өндірістік құрылымы. Өндірістік кәсіпорынның материалдық өндірісі
Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы ақпарат
Нарықтық экономика жағдайында басқарудың экономикалық мәні
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі
Басқарушылық шешімдердің сапасы мен тиімділігінің маңыздылығы
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі туралы ақпарат
Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқару
Өнім сапасын басқару жөніндегі Американың тәжірибесі
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапония тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz