Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларына сипатама
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының көлемі 49 бет.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе таңдап алынған тақырыптың қазіргі таңдағы қолданыстағы қылмыстык заңда көрініс тапқан өзектілігіне арналған.
Бірінші тарауда қылмыстылықтың себептері мен жағдайларына толықтай ұғымы ашылған.
Екінші тарауда Қылмыстық сақтандырудың түсінігі және маңызына талдау жасалынған.
Үшінші тарауда Қылмыстық саясаттың қылмыстылыкпен күрестегі ролі туралы мәліметтер толық анғылған.
Диплом жұмысының мақсаты - қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын
зерттеп талдау жасау.
Диплом жүмысының міндеттері-қолданыстағы қылмыстық заңдармен салыстырмалы талдау жасау.
Диплом жұмысын жазу барысында нормативтік кұқықтық актілер, тиісті отандық
және ресейлік заң әдебиеттері қолданылды.
Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси экономикалық және әулеметтік тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жалдан-жылға алға өрлеушілік,дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам баскандық айқын көрініс тапты. Тәуелсіздік алынғаннан бері реформалар жүзеге асты. Елімізде екі мәрте 1993 жылы және 1995 жылы Конституция қабылданды. Мемлекетіміздің құқықтық негізгі берік қабылданды.Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер - қылмыстық, қылмыстық атқару, қылмыстық іс-жүргізу және тағы басқа қабылданды. Осындай заңдылық актілердің қабылдануы кұқық бұзылутылықтың алдын- алуға және ондай құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге кұқықтық негіз жасап берді. Елімізде орын алған онды жетістіктермен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар.Сондай қоғамға жат құбылыс-тардың бірі - қылмыстылық болып табылады.Қылмыстылық көрсеткіші де жылма-жыл өсуде. Қылмыстылықпен пәрменді күрес жүргізуде мемлекет көптеген ұйымдастырушылық шараларын іске қосуда. Қылмысқа қарсы күрестің бірі - кінәлі адамды қылмыстық заңға сәйкес жауапқа тартып, оның іс әрекетін қоғамға қауіпті жасаған ниетіне байланысты дұрыс саралау және әділ жаза тағайындау болып табылады.Қазақстан Республикасында 1997 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданды,осы кодекстің қылмыстық ниет институтына еректе мән берілген. Бірақ бұлмәселе әлі күнге дейін теориялық негізінде зерттелмеген. Осыған орай сотпрактикасында қылмыстық ниетке байланымты бір келкі қағида қалыптаспаған.
Зерттеліп отырған проблема Қазақстан Республикасында арнайы зерттеу объектісі болған емес. Бұл проблема қылмыстық кұқық теориясында көптен бері шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе. Қылмыстылық себептері мен жағдайларының ұғымы туралы түрлі көзқарастар, ой-пікірлер баршылық, осы проблемаларға оның ішінде қылмыстылық жағдайын анықтаудағы қылмыстылық себептердің маңызы қылмысты саралауда, қылмыстылықпен қарсы күрес шараларын белгілеуде маңызы терең зерттеу обьектісі болмаған.Ол проблемаға арналған әр түрлі дарық көрген мақалаларда басқа республика аумағында осы институттың табиғатын арнайы ғылыми- теориялық ,іргелі еңбекттер жоқ.
Осы мақсатқа жету үшін қылмыстылықтың себептерімен жағдайларын крименологиялық және қылмыстық проблемалар,оны анықтаудың методологиялықты және жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын маңызды қызметі жөніндегі тұжырым мен қорытынды ғылыми түрде қарастырылады.
1. Қылмыстылық қоғам өміріндегі келеңсіз кұбылыс ретінде.
Қылмыстық іс қимылдын тетігін қарастырғанда адам үшін орта мен оның жеке
басының қасиеті өзара әрекеттесе отырып қылмыс жасауға сылтаудың (мотивация) туындауын, одан кейінгі мінез құлықтың сипатын
анықтайтындығын ескертілді. Қылмыс жасалған күннің өзінде де ұрлық затын
пайдалануға, қылмыс ізін жасыруға және тағы басқа байланысты мәселелер
туындайды. Сылтай қылмыстық іс қимыл себебінің туындау, қалыптасу процесін
және оның мақсатын қамтиды. Іс-қимылдың сылтауы әрекет жасауға іштей
ұмытылыс, сыртқы ортамен нақты жағдайдың ықпалынан туындаған және
асқынған мұқтаждық, мүлде, сезім анықтайтын ниет. Сылтаудан кейін белгілі
бір іс-әрекеттің алдын ала көрінген және қалаулы нәтижесі ретінде мақсат
қалыптасады.
Қылмыс жасау туралы шешім қабылданғанда сол ниеті жүзеге асырудан болуы мүмкін салдарлар болжамданады, нақты жағдай, өз мүмкіндігі және
басқа мән-жайлар ескеріліп алдағы әрекет жоспарланады, қылмыс құралы таңдалады.
Қалыптасқан жағдайдың және бойындағы мұқтаждықтың, мүдденің, сезімнің ықпалымен адамға белгілі бір мақсат орныққаннан кейін онда бір шама " кідіріс " болады. Әдетте, адам сол мақсатқа сәйкес бірден әрекетке көшпейді, ол мақсаттан қоғамдағы моралдық, құқықтың және басқа нормалармен, қоғамның және топтың пікірімен, жақын адамдар пікірімен өлшеп көреді. Сонымен қатар объективтік факторларды, оның ішіндегі сыртқы әлеуметтік бақылаудың (объектіні күзету жүйесін немесе кәсіпорындағы есеп - қисап жағдайын және т.б) ахуалын ескереді.
Сондай-ақ қылмысқа тосқауыл қою, оның ашу және айыптыларды жазалау
практикасы да есекеріледі. Қылмыстан не пайда, не зиян болатындығы салмақтанады. Мысалы, әңгіме аса ірі соманы ұрлау жайында болса, ол үшін жаза ретінде сол сомадан едәуір аз айып пұл салынатын болса, әрине ондай қылмыстан адам пайда көреді. Бұл кезде сол адамның санасының сипаттамасы, сондай -ақ, ол араласып жүрген немесе өзі еліктейтін адамдармен топтардың санасы үлкен рөл атқарады. Егер төңіректегі жалпы қылмысты айынтағанмен эконоимкалық қылмыстарға саусақ арасынан қарайтын болса, онда заңсыз баюға бағдар алған адам ұрлық жасауды емес, басқа қылмысты, мысалы, пара алғанды жөн көреді.
Егер төңіректегілер іс-қимылдың қылмыстық түрін мүлде анықтайтын болса сол шешім қабылданған адамның өзі қылмыстық жазаланатынын іс-әрекетке жол беруге болмайды деп санаса, онда ол қылмыс жасаудан бас тартуы не оны басқалардың күшті қысымымен немесе қалыптасқан мән - жәйға байланысты жасауы мүмкін. Сонымен, шешім қабылдау сатысында адамда туындаған ниет қоғамда қалыптасқан нормалармен, пікірлермен, көзқарастармен, болуы мүмкін салдарлармен тағы бір салыстырылады. Қайта құрудың белгілі бір кезінде: Заң тиым салмағанның бәріне рұқсат деген ұран болған. Бұл қылмыстық іс-қимылға тосқауыл болатын және әлеуметтік реттеуші мендетін атқарушы тек заң ғана емес, сонымен қатар моралдык нормалар, діней этикалар қағидалар, экономикалық ережелер де екендігін елемегендік еді.Әрбір шешім қабылдарда бұларлың барлығы жиынтықта ескерілуі тиіс. Қабылданған шешім заңға, әсіресе қылмыстық заңға қайшы келе-ме,бұл қорғаныстың соңғы шегі, оны атап өткен адам қылмыстық заңның әрекет аясына түседі.
Қылмыстылық салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлуметтік қылмыстық- құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы.
Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс,өзінше бір қоғамның өзіне бағытталған
сырқаты. Қылмыстылық белгілері оны салыстырмалы жаппайлығы, тарихы өзгермелілігі. Қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігі әлуметтік дамуды және экономикалық өзгерістерді тежейді, әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмысын бұзады, әлеуметтік институттардың функциясына ықпал етеді. Елеулі материядық және өзгеде ресурстық шығындар кетеді, сондай-ақ мемлекеттік оргындардың ұйымдастырылуына байланысты күш жұмсауды талап етеді.
Қылмыстылықпен күресте қылмыскерліктің сипатына сай келетін жүйелік сипат болуы тиіс. Қоғамдық тәртіпті нығайту мәселесін әлеуметтік өзара әрекетестікте қылмыстылық тұрғыдан мұқият зертеліуі қажет.
2. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларына сипатама.
Қылмыстылықты зерделеу кезеңі мен қылмыскерлікпен күресудің ұйымдастырукезені арасында қылмыскерліктің детерминациясы мен себептілігін айқындау кезеңі міндітті түрде болады.
Қылмыстылықты түр-түрімен, оның нақты жағдайларда пайда болуын жан-жақты түсіндіріп берітін қандайда бір жалпы, негізгі, басты себептер жоқ. Барлық уақыт пен халықтардың қылмыстылығы ортақ. Қандайда бір себептердің әмбебап каталогынжасауда мүмкін емес. Қылмыстылықтың себептеріне баса мән бермеу немесе ол жайында аса қолданбау соңғы уақытқа дейін кеңестік криминологияда да орын алды. Кейбір ғылымдар зорлыққа себеп: әр түрлі сипаттағы дүниеқорлық, буржуазиалық меншік құмарлық психология деп санады.
Криминалогиялық әдебиетте неғұрлым көп тараған, қылмыстылықты
туындататын әдеттегі мән - жайлар туралы мәліметтер келтіріледі. Бірақ
өзінің әр-түрлі көрнісінде және үйлесімінде бұл мән - жайлар қылмыстылықтың сан алуан түрін туындатуы, оның сапалық және сандық сипаттамаларын әр түрлі анықтауы мүмкін. Сондықтанда әр түрлі аймақтағы адамдардың нақты өмір тірлігінің жағдайын, сол жағдайлардың өзгеруін, сондай-ақ қылмыстылықтың соған дейінгі күйін әр уақытта талдау керек.
Қандайда бәр мән - жайдың қылмыстық іс-қимылымен байланысын
жай көрсету ғана емес, сол байланыстың сипатын айқындаудыңда маңызы
зор, мысалы: өзінің қандай нақты көрністерінде қандай өзге факторлармен жиынтығында және қандай жағдайларда қандай мән-жай қылмыстық іс-қимыл тудырады. Міне,осы ғана орын мен уақыттын нақты жағдайларын ескеріп алдын алу шараларын мақсатты даярлауға мүмкіндік береді. Қылмыстылықтың себептілігін айқындау процесі екі тәсілді бірдей пайдалануды көздейді.
Қоғамның жайы, оның әр түрлі жақтары және келеңсіз әлеуметтік
ауытқулары туралы жалпы мәліметтерді талдау;
Жекелеген қылмыстардың себептерімен жағдайларын зерттеу,
оларды жинақтап қорыту және қылмыстылықтың себептілігін
жаппай құбылыс ретінде айқындау деңгейіне оту.
Бұл тәсілдер қолданылып алынған мәліметтер өзара байланыста салыстырылады және талданады. Бірнші кезеңде қылмыстылықпен байланысты қоғамдық құбылыстар мен процестердің шеңбері болжаммен анықталады. Бұл ретте бұрынғы криминологиялық зерттеулердің нәтижелері, қылмыстық өзге құбылыстармен және процестермен өзара байланысыны криминологтер анықтаған заңдылықтары ескеріледі. Екінші кезеңде қылмыскерліктің бөлініп алынған көрсеткіштері мен әр түрлі сипаттамаларыны статистикалық байланыстылығы анықталады. Мысалы, криминолог, қоғамды көші - қонының ұлғайғанын ескеріп және мигранттардың крименалдық белсенділігінің жоғары екендігі туралы бұрыңғы тұжырымдарды біліп, ол қылмыстық статистиканы, алғашқы есепке алу карточкаларын, қылмыстар туралы материалдарды және қылмыстық істерлі талдағанда мигрант - қылмыскерлердің абсолюттік сынының ұлғайған ұлғаймағандығын, қылмыскерлердің жалпы сынында олардың үлестік салмағының өскен - өспегендігін айқындайды.
Корреляциялық талдау пайдаланылады: көші-қон ағыны туралы мәліметтер қылмыстылық туралы, оның ішіндегі мигранттар қылмыстылығы туралы мәліметтермен салыстырылады.
Ал, тиісті байланыстылықтың болуы себептік байланыстылық бар деп ойлау үшін ғана негіз бола алады. Мәселе - қандай мигранттарды қандай өзара әрекеттестікте қылмыс жасайтындығын түсінуде.
Криминолог көші қонды жою немесе жұмысыздықты жою сияқты
қарапайым ұсыныстар жасауға тиіс емес.
Үшінші кезеңде статискалық тәуелділік фактысын анықтағанда оның
сипаты ашылады: себептік-салдарлық байланыс, күйлер байланысы,
функциялық және басқа байланыстылық. Бұл жерде криминалогиялық
барлық әдістемелік жолдары пайдаланылады.
Зерттеу, себептері талданып жатқан қылмыстық істері іріктеп алудан
басталады. Одан кейін бұл істер белгілі бір бағдарлама бойынша зертеледі.
Қылмыстық істерді алғашқы есеп жүргізу карточкаларындағы және
статистикалық нысандардағы деректерді алу үшін ғана зерттелу керек.
Қандайда бір факторлардың статистикалық жиынтығын
қылмыскерліктің детерминациясына , себептілегіне қатысты әлеуметтік
құбылыс деп, жаппай құбылыс деп қабылдамау керек. Жеке дара
құбылыстардан олардың кең таралуына анықтайтын, сол құбылыстардың
өзін тудыратын мекен жайларды көре білу қажет. Мысалы, егер білімі төмен
қылмыскерлер саны көп болса, ол - білім туралы заңнаманың бұзылғандығы, халі нашар отбасылардан шыққан балалардың қылмыс жасауы ондай отбасылармен жұмыстың нашар жүргізілгендігін, қоғамдық және мемелекеттік институттардың оларға ықпалының мардымсыз болғандығын көрсетеді, ал соңғы жағдай - ондай отбасылары жайында хабарламаған адамдардың әлеуметтік-құқықтық енжарлығын көрсетеді, бұл жерде қамқоршы органдар қызметкерлерінің немқұрайдылығы, отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетудің материалдық базасының жұпынылығы да себеп болып отыр.
Нарықтық экономикаға көшудің нәтижесінде жұмыссыздар саны көбейді, халықтың тұрмыстық ахуалы әр түрлі деңгей алды.
Қоғамның әр түрлі топтар арасындағы алшақтайтын өсіп бара жатқанына
назар аудармасқа болмайды. 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Адам және заң телехабары бай адамдармен кедейлердің табысы жайында мәліметтер келтірген. Әлеуметтік детерминанттың мазмұнын, бәрінен бұрын, қоғамдағы қайшылықтар және олардың шешудің қаншалықты тиімді екендігін анықтайды, -- деп В.Н. Кудрявцев дұрыс айтады.* Соңғы кездерде бір ерекшелік - тұрмысы өте нашарлаған адамдар саны күннен-күнге көбейіп барады, олардың тегін тұрақ-жайға, балабақшасына, жұмысқа, т.б. құқығын жоғалтуда. Сондықтан олар заңды бұзбай мәселе шешілмейді деген тұжырым жасайды. Материалдық тапшылық пен қажеттілік ерекше құбылыс емес, ол фактор кейбір жағдайларда пайда қорлық - зорлық сипаттағы қылмыстарды жасауға итермелеуі мүмкін.*
Жекелеген қылмыстар туралы мәліметтердің пайдалана отырып қылмыскерліктің себептерін айқындау екі жолмен жүзеге асырылады.
Біріншіден, жекелеген қылмыстардың себептерін айқындау, олар туралы мәліметтерді, себептік байланыстарды терең талдау және аймақтық, жалпы мемлекеттік масштабтағы әлеуметтік құбылыстарға макро-, микроорта деңгейінде шыға отырып қорытып талдау арқылы ж үргізіледі.
Жеке факторлардан орташа деңгейдегі әлеуметтік мемелекеттік ортаны сипаттайтын мән-жайларды да бірге бақылағанның пайдасы бар. Бұл қылмыстық іс-қимылға тосқауыл болатын процесстер мен құбылыстарды дамытуға көмектеседі.
Сол аймаққа, сол әлеуметтік топқа тән қылмыстық іс-қимыл, не қылмыскерлік түрі айқындалады және алыста жатқан әлеуметтік байланыстар мен байланыстылыққа көз жүгірте отырып қылмыстық іс - қимылды тудыратын себептермен жағдайлардың кешені зерделенеді. Бұл ретте мыналар маңызды болып табылады.
1.Жекелеген қылмыстардың себептері туралы мәліметтерді жинақтап қорытқанда: біріншіден, бұл жекелеген қылмыстарды тудыратын себептер айқыналады; екіншіден, әр түрлі қылмыстық іс әрекеттердің себептерінің ішіндегі ұқсастары анықталады.
Мұндай салыстыруда: а) ұқсастық; ә) жеке даралық, қайталанбастық табылады. Ұқсастықты талдау негізінде қылмыстардағы әр түрлі топтарының себептеріндегі ортақтық туралы ұғым қалыптасады.
Сонымен бір уақытта неғұрлым ірілеу топтарға және жинақтап қорытуға көше отырып өхдері топтастырылады. Қылмыстылықты ң қандай да бір түрі, тіптен жек дара қылмыстық іс- қимылдың себептерінің сипаттамалары бірдей болған күннің өзінде әлеуметтік - топтық, әлеуметтік - аймақтық ортаның және неғұрлым жоғары деңгейдегі ортаның әртүрлі сипаттамаларымен бейнеленуі мүмкін.
2.1. Қылмыстылықтың себептерінің ұғымы және жіктелуі
Орыс тілінде келтіру ( причинь) сөзі бірдемені өндіру
мағынасында қолданылды. Себептілік - бүл заттар мен құбылыстар
байланыстарының бір түрі, бүл- өндіруші, немесе басқаша айтқанда генетикалық байланыс, яғни қандайда бір құбылыстын, процестің
туындау фактысын анықтаушы байланыс. Себептілік туралы айтқанда себеп және салдар, себептік кешендер және басқа да санаттар
пайдаланылады. Себептік байланыстардың айрықша ерекшілігі мынада: біріншіден,
себеп әрекетке апарады, одан салдар туындайды. Себептен әрекет
туындау үшін қандай да бір жағдайлар болуы тиіс, бірақ бүл
жағдайлар өздігінен салдар әкелмейді. Қылмысты көзімен көргендердің ең жарлығы-қылмыс нәтижесінің
ойдағыдай болуының жағдайы, бірақ қылмыстың себебі емес. Себептің әрекет ету аймағы, ол, бәрінен бұрын, сылтаурату және
шешім қабылдау кезеңдері. Нақты тәсілді таңдау ( қорқытып талап ету
немесе алаяқтық), қылмыстық қастандық жасаудың нақты объектісін
тандау және іс-әрекеттің өзге де бір қатар сипаттамалары едәуір
шамада жағдайлармен анықталады ( әр түрлі объектілердің күзетілу
жағдайы, криминалдық дағдының бар- жоғы және т.б) Екіншіден, себептер мен салдарда уақыт бойынша кезектілік бар. Себеп уақыт бойынша әрқашанда салдардан бұрын келеді, бірақ ол уақыт аралығы кейде мүлде аз болуы мүмкін. Сондықтан да қылмыскерліктін әлеуметтік салдарларын оның себебі және оның өзгеруінің себебі деп қабылдамау керек. Үшіншіден, салдар сол себептің себебі бола алмайды. Мысалы, қылмыскерліктің жаңа күйі қоғамның жаңа күйін тудырады, ал қоғамның мұндай жаңа күйі өз кезегінде, бұрынғы қылмыскерлікті емес, жаңа сипаттамасы бар басқа қылмыскерлікті тудырады. Төртіншіден, себеп пен салдардың бір мағыналы қатнасы бар: бірдей жағдайдағы әрекетті бірдей салдар әкеледі. Бесіншіден, себепті салдармен біріктіруге болмайды. Салдар себепті қайталамайды. Ол- объектінің қайта құрылуының өзгеруінің нәтижесі . Егер, мысалы, мекемеде іс- қағаздарын жүргізу нашар болса, олардың біліктілігі төмен болса онда бұл мекемеде пара қорлық жаппай сипат алғанға дейінгі жағдай осындай болған деп санау керек.
Криминологтардың жұмыстарына жасалған талдама оларда
себептілігі түсінудің төрт тәсілі бар екендігін көрсетеді. Оның әр қайсысы өзіндік рөл атқарады және олар криминалогияның дамуының белгілі бір кезеңдеріне тән. Бірінші тәсіл жағдай деп аталады, сол салдар үшін қажетті және жеткілікті жағдайды немесе салдар орын алған мән жайлардың жиынтығын себеп деп ұғыну керек. Көптеген криминологтердің еңбектерінде қылмыскерлікке ықпал ететін көптеген факторлар көрсетілген. Г .М . Миньковскии олардың санын бірнеше жүзге апарады. Жәнеде, талданып отырған жиынтықа қарай толықтай себеп және ерекше себеп болып бөлінеді. Бұл, іс жүзінде, факторлық немесе көп факторлық деп аталатын тәсіл, бұл ретте сипаты жағынан әр түрлі әлеуметтік құбылыстар жайында сөз болады.
Көп факторлар тәсілдер ежелгі тарих бар. Ол әртүрлі факторлардың қылмыстылықпен өз ара байланыс тетігін талдауды керек етпейді,яғни ол үшін факторлар мен құбылыстардың өз ара себептік, функционалдық немесе өзгедей баланыста болғандығының маңыздылығы жоқ. Осындай тетікті ескерудің қажеттігін ұғынғаның нәтижесінде дәстүрлі тәсіл деген пайда болды: Қылмыстың,қылмыстылықтың себебі сыртқы күш көрсетілетін ықпал болып табылады.Криминалогияда мындай ықпал тек қара күш жұмсау емес, әр варианттағы психикалық қысым деп те ұғынылады.Нақты қылмыстың немесе қылмыстың жекелеген түрлерінің себептерін талдағанда, көбіне дәстүрлі тәсілге кезігеміз. Бұл тәсіл қылмыскерлікті әлуметтік құбылыс ретінде талдағанда қолданылады.
Дәстүрлі тәсілді криминалогияда қолдану таза түрінде байқалған жоқ, себебі ол сыртқы ықпал қайдан болады деген сұраққа жауап берген жоқ. Ол тәсілдің құндылығын эксперимент жүргізгенде байқауға болады дейді филосовтар.
Үшінші тәсіл - дәстүрлік - диалектикалық. Бұған сәйкес осы салдарды туындататындардың барлығы себеп болын саналады. Мұндай тәсіл көптеген авторлардың жұмысында кездеседі.
Дәстүрлік диалектикалық тәсілмеп қылмыстылықтың тікелей
немесе жақын себептері ұғымы байланысты.
1.Бір қатар авторлар оны субъективті көзбен - қоғамдық психологиямен, адамның жеке басының сипаттамасымен байланыстырады. Осыған байланысты проф. И.С Ной қылмыс жасаушы адамның генетикалық ерекшеліктерін ескекру керек ден жазды. Факторлардың себептік ықпалының ретелігі сөз болады, олар адамға қатысты сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Адам сипаттамаларының дербес рөлі атап көрсетіледі: барлық сыртқы ықпалды адам қабылдайды , олар жайындағы ақпаратты өзінде қалыптасқан қасиет арқылы өңдейді. Адамның белсенді мақсатты қызметке ерекше қаблетілігі ескеріледі. Объективтік және субъективтік факторлар бөлініп алынады, олардың ықпалы жүйелі және бір жақты деп түсіндіріледі: адамдардың матириалдық тұрмыстық жағдайы қоғамдық сананы анықтыйды, ал ол өз кезегінде қылмыстылықты анықтайды.
Қоғамдық психологиялық немесе жеке адамның санасын қылмыстылықтың тікелей, жақын себептері деп санау осыдан барып туындайды.Төртінші тәсіл өз ара әрекетестік тұрғыда. Қылмыстық іс- қимылдармен қылмыстылықтың себебі, ол - әлеуметтік ортаны адамның жеке басы арасындағы өзара әрекетестік.
2.2 Қылмыстылықтың жағдайларының ұғымы және жіктелуі.
Бұл құбылыстарды себеп деп, басқа біреулерін жағдай деп санауда салыстырмалық сипат бар. Құбылыс өзара әрекеттестіктің бірінде себеп болуы, екіншісінде жағдай болуы мүмкін.
Кейбір мән-жайларды, тіптен өте теріс болса да, қылмыстың себебі деп айта салуға болмайды. Оның жеке адамдардың әр түрлі типтерімен өзара әрекеттестігі мүлде қарама -қарсы нәтижелер беруі мүмкін. Егер қылмыстық іс-қимылды мүлде ұнатпайтъш адам үшін объектінің нашар күзетілетінін байқаса ол күзеттің дұрыс болуынша ат салысады. Ал қалайда баюға бағдар алған адам үшін күзеттің нашарлығы криминалдық іс-қимылға барудың себебі болады.
Дегенмен, басқа жағдайларға қарағанда адамдарды қылмысқа жиірек апаратын мән-жайларды бөліп алуға. Мұндай мән-жайларды криминогендік деп атайды, оларда қылмыстық әрекетке баруға мүмкіндік мол. Заңда іс-қимылға итермелейтін, қылмыс жасауды қиындататъш мән-жайларды антикриминлгендік деп атайды. Оларды осылай бағалаудың өзі де салыстырмалы. Себеп жағдайлармен өзара әрекеттестік ғана себепке айналады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 52- бабына былай делінген . Жазаны тағайындау кезінде қылмыстық сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы,сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез - құлқы ескеріледі. Бұлардың ішінде әлеуметтік ортаның күйін сипаттайтын мін - жайлардың, қылмыс жасалған ситуация , оған сылтау басқалар бөлініп алынады. Қылмыс жасаудағы себептер мен қаралғанда дәлелденуі тиіс.
Алынған мәліметтер: 1) адамның динамикадағы әлеуметтік ортасы туралы; 2) адамның жеке басының сипаттамалары туралы ; 3 ) әлеуметтік орта мен арасындағы әрекеттестік процестері, әлеуметтік бақылаудың жайы туралы мәліметтерді бөліп алу арқылы жинақтап қорынтылады.
1. Адамның әлеуметтік ортасын талдағанда мыналар ескеріледі.:
Микрортаның материалдық және рухани жағдайларымен бірлескендігі сипаттамалары, сондай - ақ адамның неғұрлым ауқымды әлеуметтік ортамен байланысы.
2. Қылмыскер жайындағы мәліметтерді талдау оның қозғалыстағы сипаттамасын, жоспорларын, идеяларын, нені тосатындығы айқындауды көздейді. Қылмыстықпен себептік байланыстағы сипаттамалар да және басқа : денсаулыққа қатысты, психологиялық сипаттамалар қарастырылады. Олар жайындағы деректер сот - психологиялық , сот- психитриялық және бақа сараптамалар актісінде, қылмыскерлерге жақын хаттамалапында, сипаттамалар болады .
Адамның әлеуметтік - рөлдік аясын , әр түрлі салалардағы және әр түрлі іс - әрекеттермен байланыстағы оның қызметінің мазмұнын толығырақ анықтаудың , басты әрекетін анықтаудың маңыздылығы зор. Адамның әлеуметтік ортасының әрбір кездерінің ол үшін маңызы екендігін де ескеру керек.
3. Қылмыстық жағдайдың талдамасы, Е.Г. Горбатовская атап әткендей,
жәбір шеккен жақтың білгілі бір жағдайымен немесе әс-ұйымымен,
сондай-ақ қылмыскер мен жәбірленген жақтың өзара әрекеттестігі болатын
жағдайлармен сипатталады. Бұл ретте осы өзара әрекеттестікте жағдай,
әлде адамның жеке басының шешуші болды ма, адам күрделі жағдайға
қалай тап болды, осы жақтар ад айқындалады.
Мынадай жағдайлар бөлініп алынады. Қылмыстың жасалуын жеңілдету
мақсатында қылмыскер алдын ала даярлаған ( мысалы, мекемедегі есеп
жүргізу және бақылау жүйесін бұзу); табиғи, техногендік, әлеуметтік
сипаттағы төтенше жағдайлардан туындаған; мән-жайларлдың кездейсоқ
тоғысуы нәтижесінде туындаған.
Жағдай бағаланғанда жәбірленген жақтың іс- қимылының сипатын толық анықтау керек, соның нәтижесінде криминалдық сипаттағы қақтығыс орын алған жоқ па, мүмкін екеуі де қылмыстық жазаланатын әрекетке барып, тек бір реті келіп қалғанда ғана біреуі екіншісіне ауыр жарақат салған шығар, міне осы мән-жайлар айқындалуы тиіс.
Жағдай адамның қандай да бір мақсатқа жетудегі, қоғамға қайшы келмейтін сипаттағы мұқтаждықтар мен мүдделердің қанағаттандырудағы қиындықтармен сипатталатын проблемалық; адамның қоғамға жат мүқтаждықтарының, мүдделерінің көзқарастарының басқа субъектілердің мүдделерімен ашық қақтығысы нәтижесінде туындайтын қақтығыстық болып бөлінеді.
Криминолог қылмыстардың нашар ашылу себептерін, жедел - іздестіру қызметіндегі олқылықтарды терең зерттемейды. Тиісті ақпарттарды ол басқа мамандарға хабарлап, олардың тереңірек зерттеуі жөнінде мәселе көтереді. Криминолог зерттеуді шектеулі детерминизм шеңберінде жүргізіп отырғандығын мойындауы тиіс. Бүл ретте себептік- салдарлық байланыстардың жүзеге асырылуы әр түрлі жағдайларда болатындығын мойындау керек.
Біршама оқшаулау жағдайды, ол барлық локальдық өзара әрекеттестік
( мысалы, жеке адам мен микроорта) неғұрлым ауқымды әлеуметтік өзара әрекеттестіктің элементі екендігін білдіреді. Және оның заңына бағынады.
Ішкі біртекті емес жағдайды, бұл ретте өзара әрекеттесу элементтері бірдей емес, олардың біреуі белсенді рөл атқарады және анықтаушы болып табылады, ал басқасы - туынды. (адамның жеке басы). Ішкі ұйымдастыру және тұрақтылық жағдайды,бұл ретте криминологиялық тұрғыдан маңызы бар өзара әрекеттестіктер әр түрлі дәрежеде болады, ал қылмыс өзін бірқатар өзге мән-жайларға байланысты едәуір шамада көрсете алатын процестің нәтижесі бола алады.
3. Қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жоюдағы
сақтандырудың ролі
Қылмыстың салдарымен күресуден гөрі, олардың алдын алу маңызды болып танылады. Қылмыстылықпен күресу күрделі
жинақталған құбылысты құрайды.
Қылмыстардың алдын алу қылмыстылықпен күресуде біздерге белгілі болғандай жетекші бағыт болып танылады деп айтылған.
Қылмыстардың алдын алу немесе қылмыстылықган сақтандыру
- бұл мемлекет не оның әр түрлі органдарының (соның ішінде
арнайы-құқық қорғау), қоғамдық ұйымдардың, мекемелер мен жеке азаматтардың шексіз күзіреті (прерогативасы). Ол өзінің мазмұны бойынша, әр түрлі шараларды қамтитын (әсер ету шараларының жүйесі) және белғілі бір объективті сыртқы факторлар мен жеке адамдарды, қылмыстың жасалуына мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды бейтараптандыруына немесе жоюға бағытталуы тиіс деп ойламыз.
Қылмыстардың алдын алу шаралары туралы сөз қозғауда,
әрине аталған осы қылмыстың жасалу себептері мен жағдайларына қатысты мән-жайлар анықталынуы қажет.
Қылмыстылықтың алдын алу деп, "жан-жақты деңгейдегі
қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын жоюға, әлсіретуге
бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралары айтылады"
Қылмыстылықгың алдын алу (грек тілінде - prophylakticos
сақтандыру) қылмыстылықтан сақтанды ру; жалпы қылмыстылықгың факторларын және оның жеке түрлерін,қылмыскердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін шектеу немесе жоюға бағытталған шаралар жүйесі деп түсіндіріледі. Қылмыстылықтың алдын алу біздің көзқарасымыз бойынша, жалпы қылмыстылықпен немесе накгы бір қылмыстардың түрімен күресудің маңызды элементтерінің бірі болып танылады.
Назар аударатын бір мәселе, қазіргі кезге дейін криминолог
ғалымдардың арасында қылмыстардың алдын алу ұғымына байланысты бірыңғай пікір қалыптаспаған.
Сонымен бірге, қылмыстардың алдын алумен қатар
қылмыстардан сақтандыру және қылмыстылықпен күрес жүргізу терминдері қолданылады. Криминологтардың бір бөлігі топтық ұғым ретінде қылмыстылықтан сақтандыруды басқалары қылмыстардың алдын алумен сақтандыруды синоним ретінде қабылдап олардың арасын ажыратпайды.''
Алдын алу туралы, қылмыстарды жасауға дайындалу, оқталу
сатысындағы қылмыстарды ашу туралы сөз қозғалған кезде, нақты
қылмыстарды тоқтатуға қатысты айтылады. Бұл жағдайда, алдын
алу мемлекеттік органдардың құқық қорғау қызметі мен сақтандыру
арасындағы жалғастырушы кепір есебінде болады.
Қылмыстылықтан сақтандыру термині дау туғызады, себебі бар
нәрседен сақтандыру мүмкін емес. Қылмыстылық объективті бар
құбылыс. Осы көзқарастан берілген термин аса қонымды емес, бірақ
та ол ғылыми терминологияға еніп кеткендіктен ұғымдық
аппаратғы өзгерту қажет емес деп ойлаймыз.
Осыған байланысты, біз алдын алу және сақтандыру терминдерін
синоним ретінде қолданамыз.
Криминологияда кездесетін тағы бір жалпы термин қылмыстылықпен күрес болып табылады.
Қылмыстылықпен күрес дегеніміз - қылмыстардың себептері мен жағдайларына және қылмыстылыққа оны болдыртпау мақсатында әсер ететін әлеуметтік басқарудың бір саласы. И.И.Карпецтің пікірі бойынша,қылмыстылықпен күрескелесі элементтерден тұрады:
қылмыстардан сақтандыру;
қылмыстарды ашу;
қылмыстық істерді тергеу;
сот қарауы және кінәлі адамдарға жаза тағайындау;
сотталғандарды қайта тәрбиелеу мен түзеу;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға қадағалау жүргізу және олармен арнайы тәрбиелік шараларды өткізу.
Күрес әруақытта да, қарама қарсы мүдделерге белсенді түрде
қарсы түру, мақсат -- біреуінен біреуінің үстем болуы. Қылмыстылықтың заңмен қорғалынатын мүдделерге,құндылықтары
мен қағидаларға қарама қайшылықтар көрініс табады. Әдебиеттерде
көрсетілгендей, қылмыстылықпен күрес - әлеуметтік тұрмыстың
қарама - қайшы жақтарының өзара әрекетінің ерекше түрі.
Қылмыстылық құқық ғылымында және тәжірибеде қылмыстылықтан
сақтандыру термині кең түрде қолданылады. Бұл
термин қылмыстардың алдын алуының барлық салаларын, түрлері
мен деңгейлерін кең көлемде қамтиды да, қылмыстылықпен
күрестің кұрамдас бөлігі болып табылады.
Қылмыстылықтан сақтандыру деп қылмыстылыққа әсер ету
үшін экономикалық, саяси, идеологиялық, тәрбиелік, құқықтық
және басқа да шараларды жүзеге асыруды, қылмыстылықтың,
жекелеген қылмыс түрлерінің, нақты қылмыстардың себептерін
ашу және жоюға байланысты қызметті айтады.
Профессор Е.І. Қайыржанов қылмыстың алдын алу шараларын қылмыс
объектісінің шеңберіне қарай топтай отырып, оларды мынадай үш
түрге бөледі:
жалпы алдын алу;
арнайы (топтық) алдын алу;
жеке алдын алу.
Жалпы алдын алу экономиканың даму шараларымен,азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен, мәдениетті және құқықтылық пен заңдылықты нығайту, халықтың әлеуметтік қорғалуымен тығыз байланысты.
Арнайы алдын алуды жүзеге асыру барысында алдын алу қызметінің өзін мынандай сатьшарға, алдын алу, ескерту, болдырмау деп бөлінеді.
Қылмыспен күресудің алғашқы сатыларының бірі болып, оның болуының алдын ерте алу (жасалуына дейін) табылады. Қылмыс жасалуының ерте алдын алудың негізгі бағыттамаларының бірі болып, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты алдын алу танылады. Мұның өзі жеке тұлғаның дамуы барысындағы ерте кезеңнен басталғандығы жөн. Бұл алдын алу сатысының басты мақсаты болып, жеке тұлғаның құрылу мүмкіндігінің өзіне, әлеуметтік негативті құрамына тікелей әсер етуі танылады.
Жеке тұлғаның дамып жетілуі, сирек, кездеспейтін қайшы сипатты алып жүретін адамның жеке дағдысының қарым- қатынастары арқылы өркендеуі, қоғамдық құндылықтарды меңгеруі, қоршаған адамдармен араласуынан пайда болады, себебі олар арқылы жағымды немесе жағымсыз мән-жайлар қалыптасады.Сонымен қатар, нақты осы кезеңдерде жеке тұлғаның қалыптасып жетілуіне қатаң жүйедегі дәйекті шаралар қажет болып танылады.
Қоғамға қарсы жүріс-тұрыстың аса маңызды себептерінің бірі болып жеткіліксіз түрде тәрбие алуы қарастырылады.
Осыған байланысты, қоғамға қарсы жүріс-тұрыстың алдын алуды балалардың тәрбиені қиын қабылдауы кезеңі мен жасөспірімдердің педагогикалық өрескел (еркінсуі) кезеңінің пайда
болуы сатысынан бастап, ерте алдын алу шараларын бастау кджет.
Тікелей ескерту - профилактикалық жұмыстың негізгі нысаны
болып танылады. Оның маңыздылығы, қылмыстың жасалу себептері мен жағдайларын айқындау, қылмыс жасауы мүмкін деп
танылған адамдарды және олардың қылмыс жасауына жол бермеу
мақсатындағы үздіксіз қызметті ұйымдастыру немесе жүзеге
асырумен байланысты екендігімен дәлелденеді. Қылмысты тікелей
ескерту оның алдын алу және болдырмаумен (ізін кесумен) тығыз
байланыста.
Қылмыстылықпен күресуге қатысты ішкі істер органдарымен
тікелей ескерту ерекше маңыздылыққа ие.
Қылмыстарды тікелей ескертудің негізгі мазмұны болып, қылмыстардың жасалуына оңтайлы мүмкіндік туғызатын нақты жағдайларды жоюға бағытталан шаралар табылады.
Қылмыстардың алдын алудағы жалпы алдын алушылық тәжірибенің қорытындысы бойынша, ішкі істер органдарымен қол сұғушылықган қорғауда мәлімет берушілік әдістері кең тұрғыда қолданылады.
орын алады. Соның ішінде қылмысты ашуға "жедел арадағы ізге түсу" шараларын жүзеге асыру аса маңызды болып танылады.
Ереже бойынша белгілі бір, мысалы, алдын ала дайындалған жоспар, сызбалар бойынша барлық жүйе бекеттер мен көлік патрульдері бағыттамаларының дұрыс, тиімді қолданылуы қажет
болып саналады.
Мысалы, тәжірибені талдауда, осы бағыттағы хабар беру әдістері, әр түрлі дәрістік тұрғыдағы үгіт жүргізу нысандары көлік
жүргізушілердің арасында көлік құралдарын айдап кетуден
сақтандыру шаралары ішкі істер органдары қызметкерлерімен кең
тұрғыда жүзеге асырылады.
Қылмыстың ұйымдастырылған нысандарымен тактикалық күресу әдістерін жетілдіруде, көлік құралын айдап кетудің алдын алу мен оны ашудағы толық үрдістерді өңдеуге қатысты назар елеулі тұрғыда атқарылуы тиіс.
Жастардың қолы бос уақытын дұрыс пайдалану мәселелерін бір құрылым арқылы шешу қиындыққа әкеп соқтыратындығы белгілі. Сондықтан да, осы мәселені өңдеуге мемлекеттің кең шеңбердегі органдары мен қоғамдық бірлестіктері қатысуының міндеттілігі немесе жалпы әлеуметтік экономикалық және құқықтық шаралардың қолданылуы аса қажет. Осы мәселеге қатысушы әртүрлі ұйымдардың атқаратын қызметтерін жүйелендіру мақсатында, басқа да шет елдердегі сияқты жастар саясатын тыңғылықты түрде жүзеге асырылуына жауап беретін біріккен органдар құрылуының қажет екендігін айта кетуімізге болады. Осыған ұқсас пікірлер басқа да тиісті әдебиеттерде айтылып өткен. Әрбір тұрғылықты аймақтарға байланысты қалалық немесе аудандық әкімшілікпен жастардың қолы бостығын жою немесе тәрбиелеу шараларын өткізу қажеті болып саналады.
Қылмыстық бірігуде араласқан жастағы топтардың болуы елеулі орын алады. Осы мән-жайларға байланысты жасы ересектермен салыстырғанда, қылмысты жүзеге асыруға жоғары белсенділік танытуда кәмелетке толмағандардың топтасу жиі кездеседі.
Аталған мән-жайлар құқық қорғау орғандары жағынан уақытты мақсатсыз өткізу, яғни спирттік ішімдіктер ішуді ұдайы пайдаланатын немесе теріс қылықты нысандағы жүріс-тұрыстар үшін жас өспірімдердің топтасқан қылмысты әрекеттерінің алдын алу шараларын қолдануды күшейтуін талап етеді.
Еліміздегі жастар арасында кәмелетке толмағандардың (27,5 %)
әрбір үшіншісімен алкогольдік ішімдіктерді тұтынатындығы
анықталынған. Жалпы құқық қорғау органдарымен тіркелген қылмыстардың арасында өткен жылы 28097 адаммен мас күйінде қылмыс жасалып, яғни 4,7 % болып, өсімі жоғарылаған .
Ішкі істер органдарының профилактикалық жұмыстарының
объектісі болып жастардың немесе жас- өспірімдердің бір-біріне
теріс әсер беретін техникаға еліктеуші көлікті құрылымдар сияқты
қоғамға қарсы топтары табылуы тиіс.
Қылмысы үшін сотталған адамдар ішкі істер органдарымен
алдын алу шараларымен бақылауға алынған және әр түрлі сипатта
арнайы тіркелген, ал басқа тұлғалар назардан тыс қалып отыр.
Қылмыспен күресудегі кездесетін осы аталған мәселелер ішкі
істер органдарының жеке-профилактикалық қызметіндегі ролін
арттыру, жеке-тәрбиелік әсер ету әдістері мен нысандарын немесе
сот органдарымен бірлесіп қызмет атқару жүйесін өңдеуді немесе
жетілдіруді кджет ететіндігін дәріптейді.
Қоғамды қылмыстан ескерту жүйесінде осы аталған қылмысты
жасауға бейімді түлғаларды айқындаудан және оларға әлеуметтік
бақылауды орнатудан тұратын жеке алдын алу тәсілдеріне ерекше
көңіл бөлуіміз қажет.
Жеке алдын алудың негізгі элементтері былайша бөлінеді:
а) жеке тұлғаны зерттеу және оған кері әсерін тигізетін
әрекеттердің кезін табу;
б)құқықтық және мүдделік сананың деформациялану дәрежесін анықтау;
в) жүріс-тұрысты топшалауға қажетті жеткілікті мән-жайларды
кұратын мүмкіндіктерді тану;
г) теріс әсерін тигізетін айқындалған әрекеттерді тойтаруға
бағытталған шараларды жүзеге асыру;
д) өмір сүрудегі жүріс-тұрысты бақылауға ұзақ мерзімдегі
қылмыстың алдын алу;
ж) қылмыстың алдын алу шараларын тексеру және оған талдау
жасау.
Осындай шараларды жүзеге асырудың нәтижелі болуы көбінесе
алдын алушы адамның жеке басына тән ерекшеліктерінің
ескерілінуі, бір жақты жүйелігі, қоршаған ортаның өзгешелігі,
арнайы күштердің құралдары мен әдістерін жинақгау немесе ұйымдастыру сонымен қатар алдын алушы тұлғаның әлеуметтік-
позитивті мүмкіндігінің ортасына байланысты болады.
Жеке алдын алу объектісінің тұлғаларын анықтау жеткілікті
тұрғыда күрделі болып танылады, себебі осы қылмыс түрткісінің
қозуының дамуын және субъективтік кезеңдерінің пайда болуын
нақты түрде анықтау қажет.
Криминолгиялық зерттеулер криминогендік тұлғалардың біршама
жақын типтік контингенттерін, жеке алдын алу жұмыстарын
ұйымдастыру барысындағы ескерілінуге жататын жүріс-тұрыс
ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да, оларды
мынандай бірнеше топтарға бөлуімізге болатын сияқты:
а) талан-таражға салғандығы үшін бүрын сотталған адамдар;
б) ұрлық, тонау немесе қарақшылығы үшін бүрын соттылығы
бар адамдар;
в) көлік құралдарын пайдаланып бұзақылық жасаған әрекеттері
үшін бұрын соттылығы бар адамдар;
г) техникаға қызығушылықты білдірген кәмелетке толмағандар
мен жастар;
д) кәсіби қарым-қатынаста болған және әлеуметтік қайшы құбылысты тудыратын адамдар;
Біздерге белгілі, жекеше-тәрбиелік әсері бар тіркемеге жататын
тұлғалардың сандық көрсеткіштері сақтандыру қызметінің баға беру
критерилерінің бірі болып танылады. Өз уақытындағы алдын алу
әрекеттерін қолданудың нәтижелерін анықтау көлік құралын айдап
кетуге икемді тұлғаларға әсерін тигізуге, яғни осы қылмыс түрімен
күресудің тиімді жақтарын арттыруға қажетті жағдайларды
туғызушы болып табылады.
Бірақ та, сотталған адамдардың елеулі қатары қылмыс
жасауына дейін құқыққа қарсы әрекеттер жасаған, сонымен қатар,
ішкі істер органдарымен олар алдын алу шараларымен әсер етуі
аясында болмағандығымен айқындалады.
Жеке-профилактикалық жұмыстардың сапасы оны жүзеге асырушы адамдардың жан-жақты дайындалуы деңгейіне байланысты болады. Осы бағыттағы негізгі жұмыстары ішкі істер органдарының жергілікті учаскелік инспекторларына және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияға жүктелуі тиіс. Осы санаттағы полиция қызметкерлері тұрғындармен анағұрлым тығыз байланыста қызмет атқарады. Сондықтан, аталған санаттағы қылмыстың ішкі аудандық сипаттамасын, кінәлі адамның тұратын аумағының орнымен белгілі бір анықталған жақындығын ескере отырып, алдын алу әрекеттері басым мазмұнды алып жүруі тиіс.
Осы міндеттерді шешудің маңызды әсерінің жақтары болып
учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекция қызметкерлерінің қамтамасыз ететін аумақтарының криминогендік жағдайы жөнінде жоғары деңгейдегі мәліметтер алыотыруы, сонымен бірге басқа да құқық қорғау органдарымен тығыз байланысы , бірлесіп жұмыс атқаруы танылады.
Криминологияда алдын алу шаралары әртүрлі болғандықтан,
оларды әр түрлі критерилерге байланысты бөліп қарастыруымызға
болады. Алдын алу шаралары деңгейіне, қолдану масштабына,
мазмұнына қарай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz