Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік - армян қатынастары
Түркия мен Армения арасындағы қатынстардың күрделілігі: себептері мен шешілу жолдары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТАРАУ ТҮРКИЯ МЕН АРМЕНИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Түркия мен Армения арасындағы өзара қарым-қатынастардың ретроспективасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік-армян қатынастары ... ... ... .14
1.3 Түрік-армян саяси-экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен даму үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
2 ТАРАУ ӘЛЕМДІК МАҢЫЗДЫ САЯСИ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ГЕОСТРАТЕГИЯСЫНДАҒЫ ТҮРІК-АРМЯН САЯСИ ҚАТЫНАСТАРЫ
2.1 Түрік-армян қарым-қатынастарына қатысты ресейлік геостратегиялық ұстаным ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.2 Түркия мен Армения арасында орын алған өзекті мәселелердегі Еуропалық Одақ саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.3 Түрік-армян қатынастарындағы АҚШ саяси ұстанымы ... ... ... ... ... ... 47
2.4 Соңғы уақыттағы түрік-армян қатынастарының даму үрдісі: мәселелері мен болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 60
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР ТІЗІМІ
ЕО - Еуропалық Одақ
БҰҰ
НАТО - Солтүстік атлантикалық Шарты ұйымы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі түрік-армян қатынастары Түркия мен Армения сыртқы саясаттарының өте күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар түрік-армян қатынастары Оңтүстік Кавказ аймағының саяси және экономикалық құрылымына үлкен әсерін тигізуде.
Кеңес Одағының ыдырауы саяси, экономикалық және әлеуметтік үрдістерге тікелей әсерін ететін жаңа геосаяси жағдайдың пайда болуына алып келді. Бұл жағдайдан Оңтүстік Кавказ аймағы да тыс қала алмады. Шешімін таппаған этносаяси қақтығыстардың айтарлықтай бар болуы, аймақ мемлекеттерінің әр түрлі халықаралық қауіпсіздік жүйелеріне қатысу бетбұрыстары, лаңкестік пен басқа да бірқатар факторлардың бел ортасы болып табылатын Таяу-Шығыс аймағымен көрші орналасуы Оңтүстік Кавказ елдері мен олардың көрші елдерінде демократиялық үрдістердің нығайып, тұрақтылықтың орнауына, тұрақты қауіпсіздік жүйесі мен аймақтық ынтымақтастықты құруға қиындықтар әкеліп отыр. Бұл өз кезегінде қарама-қайшылықтардың шарықтауына жол бермей, біртіндеп реттеуге негізделген ортақ мүдделерді іздеу қажеттілігін туғызады.
Осы саяси үрдістің қарқындылығы мен нәтижелілігі көбіне Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастар деңгейіне тәуелді. Ал бұл қатынастардың бүгін-ертең реттелу мүмкіндігі төмен. Армения Оңтүстік Кавказ аймағының басқа елдері сияқты өзінің ұлттық мүдделеріне негізделген сыртқы саясатын құрып, жүзеге асыруға ұмтылады. КСРО-ның ыдырауы өз кезегінде Түркияның алдында Орта Азияға қақпа деп саналатын Оңтүстік Кавказ аймағында саяси, экономикалық, мәдени қатысуын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашты. Түркияның аймақтағы этно-идеологиялық ұрандарына негізделген талаптарына кей аймақ елдері тиісті жауап қатпады. Алайда мемлекетті Азия, Еуропа және Таяу Шығыстағы саяси көпірге айналдыру үміті Түркияда әлі сақталып отыр.
Тұтас Оңтүстік Кавказ аймағы, сондай-ақ, Түркия да, Армения да жылдан жылға халықаралық интеграциялық үрдістерге тартыла түсуде. Халықаралық қауымдастықтың толық құқықты мүшесі болуға ұмтылыс елдердің бүкіл әлемдік саяси үрдістердегі іс-қимылдарынан көрініс табуда. Соңғы жыдары Құрама Штаттардың түрік-армян қатынастарын реттеу қажеттілігіне ерекше көңіл аударуы жайдан жай емес. Сонымен бірге бұл мәселе көрші мемлекеттермен қатынастарды реттеуге қатысты міндеткерлік контекстінде Арменияның Еуропалық Кеңеске ену, Түркияның Еуроодақтың мүшесі болу ұмтылыстарында өзекті. Қазіргі таңдағы Ресейдің сыртқы саясатында Закавказье бағыты үлкен мәнге ие. Сондықтан да Мәскеу де түрік-армян қатынастарының тез арада реттелуіне ынталы.
Қазіргі таңда түрік-армян қатынастарында бірізді жағдай қалыптаспаған. Бір жағынан Түркия мен Армения арасында қатынастар бар: екі көрші мемлекет бір бірінің өмір сүретіндіктерін мойындайды, президент, сыртқы істер министрлері және басқа да ресми өкілдердің деңгейінде байланыстар жүзеге асып тұрады, көпжақты негізде саяси диалог орын алып тұрады, үшінші мемлекеттердің көмегімен жеке кәсіпкерлер арқылы белгілі деңгейдегі сауда-экономикалық қатынастар жүзеге асырылып тұрады, индивидуалды негізде бірқатар гуманитарлық байланыстар іске асып тұрады. Алайда басқа қырынан алып қарасақ, екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар жоқ, ал түрік-армян шекарасы жабық.
Соңғы жылдары түрік-армян қатынастарын реттеуде елеулі оқиғалар орын алып, дипломатиялық қатынастарды орнатып, шекараны ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Дегенмен заң жүзінде жеткен уағдаластық іс жүзінде жүзеге аспай отыр. Сонымен қатар түрік-армян қатынастарында нық бекіп қалған қысым Түркия мен Арменияның ұлттық қауіпсіздіктеріне қауіп төндіріп қана қоймай, аймақтық тұрақтылыққа да ықпал етуде. Осылайша, Түркия мен Армения арасындағы қатынстардың күрделілігі: себептері мен шешілу жолдары тақырыбы өзекті болып табылады. Осы тақырыпты ғылыми негізде талқылаудың өзектілігі ешқандай күмән туғызбайды.
Жұмыстың мақсаты. Осы жұмыста Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі Түркия мен Армения арасындағы қатынастардың жай-күйін, даму қарқыны мен болашағын зерттеу басты мақсат болып отыр.
Жұмыстың міндеті. Алға қойылған мақсатты ашу үшін міндеттерді қою және шешу жүктеліп отыр.
Түркия мен Армения арасындағы өзара қарым-қатынастардың ретроспективасын анықтау;
Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік-армян қатынастарын саралау;
Түрік-армян саяси-экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен даму үрдісін қарастыру;
аймақтағы саяси үрдістерге белсенді ат салысатын сыртқы саяси күштердің орындары мен мүдделерін айқындау, олардың түрік-армян қатынастарының реттелуіне қатысты басымдықтарын белгілеу;
соңғы уақыттағы түрік-армян қатынастарының даму үрдісіне, мәселелері мен болашағына сараптама жасау.
Бітіру жұмысының деректік негіздері. Қазіргі Түркия мен Армения арасындағы қатынстардың күрделілігі: себептері мен шешілу жолдарына арналған тақырыптың деректік көздерін шартты түрде төмендегідей бес топқа бөлуге болады.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын заңнамалық құжаттар құрайды. Яғни, екі елдің конституциясын пайдаландым [1-3]. Мемлекеттің басты сыртқы саяси ұстанымын айқындайтын негізгі құжат ел конституциясы болып табылады. Осыған орай елдің бүкіл ішкі және сыртқы саясаты ел конституциясына негізделеді.
Деректік көздерінің екінші тобына БҰҰ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы, Еуропалық Кеңес, Еуропалық Одақ, Дүниежүзілік Сауда Ұйымының құжаттарын жатқыздық [4-14]. Түркия Республикасы мен Армения Республикасының халықаралық көпжақты ынтымақтастыққа ат салысуының кеңеюі, халықаралық ұйымдардың аймақтағы саяси үрдістерге және түрік-армян қарама-қайшылықтарын реттеуге қатысу белсенділігі жағдайында бұл құжаттар екіжақты және көпжақты деңгейдегі түрік-армян қарым-қатынастарының саяси-құқықтық шеңберін айқындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар екіжақты түрік-армян қатынастарында қалыптасқан шартты-құқықтық база болмағандықтан, Түркия мен Арменияның қатысуымен қол қойылған көпжақты құжаттарды зерттеу өте қажет болды.
Келесі үшінші топта Түркия Республикасы мен Армения Республикасының Президенттері мен сыртқы істер министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әр түрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді [15-23]. Олар алға қойылған мақсатты талқылауда мемлекет басшыларының өзекті мәселелерге қатысты жеке көзқарасын, сондай-ақ сол сәттегі мемлекеттің саяси ұстанымын айқындауға өзіндік зор үлесін қосты.
Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.
Ғылыми зерттеудегі дәрежесі. Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайын, динамикасы мен болашағын дұрыс зерттеу үшін екі елдің сыртқы саяси ұстанымдарына және екі ел қатынастарында орын алып отырған негізгі түйткіл мәселелерге қатысты көптеген еңбектерді атауға болады. Оларды шет елдік, посткеңестік кеңістіктегі елдердің және отандық саясатшы, тарихшы ғалымдардың зерттеулері мен монографиялары құрайды [24-45]. Олардың ішінде американдық саяси қайраткер З.Бжезинский бар [27]. Оның еңбектерінде әлемдегі ағымдық он жылдың ішінде геосаяси жағдайын, әсіресе Еуразиялық құрлықтағы жағдайды сараптайды. Әрине С.Хантингтон еңбегін атап өтпеуге де болмайды [45]. Сонымен қатар халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері мен тероияларына қатысты қалам түртіп жүрген Е.Бажанов [25], Г.Берридж [26], М.Лебедова [35], Т.Мозель [38], Э.Поздняков [39] секілді ғалымдардың еңбегі зерттеудің ғылыми-тероиялық бөлімін ашып көрсетіп, түрік-армян қатынастарының дамуын әлемдік, саяси, тарихи және геосаяси ғылымдардың қалыптасқан қағидалары мен тұжырымдамаларымен салыстырып қарауға мүмкіндік берді.
Оңтүстік Кавказдағы саяси үрдістердің жай-күйі, динамикасы мен даму болашағы, аймақтағы этносаяси қақтығыстарды реттеу, аймақтық үрдістерге сыртқы акторлардың тартылуы туралы зерттеулердің ролі айтарлықтай болды. Өйткені бұл зерттеулерде әр түрлі авторлар бір оқиғаны әр түрлі ұстанымдарға сүйене отырып қарастырған. Осы тақырыпқа арналған орасан зор әдебиеттер шоғырынан К.Гаджиев [29], А. Григорян [30], О.Коджаман [32], А.Сваранц [42] және басқа да авторларды ерекше атап кету керек. Олардың ішінде біреулері Кавказдағы геосаяси жағдайды, армян-әзірбайжан қатынастарын сипаттаса, ал кейбіреулері Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Оңтүстік Кавказдағы Түркия саясатына, пантүркілік геостратегияға нақтылай тоқталған.
Әлемдік қауіпсіздік мәселесін, Азиядағы геосаяси жағдайларды жүйелі түрде қарастырған отандық саяси қайраткерлерден Тоқаев Қ.Қ. [43], Султанов Б.К., Музапарова Л.М. [41], сондай-ақ ғалым тарихшы Лаумулин [34] еңбектері де құнды болып келеді.
Зерттеу жұмысындағы негізгі мәселелер шет елдік және отандық мерзімді басылымдарда да жан-жақты талқыланған. Бұқаралық ақпарат құралдарының едәуір бөлігі ақпаратты саралап, сараптауға, ақырында оқиғаға қатысты объективті көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ғылыми талқылаулар Ресейдің Известия, Независимая газета, Ноев Ковчег газеттері, сондай-ақ, армяндық Республика Армения, Голос Армении, Новое время, әзірбайжандық 525-я газета, Эхо, Зеркало және түріктің Turkish Daily News бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланған. Сонымен қатар Azg Armenian Daily, Де-факто, Медиамакс, Регнум ақпараттық агенттіктерінің мәліметтері және Азия и Африка сегодня, Центарльная Азия и Кавказ, Insight Turkey журналдарынының мақалалары кеңінен қолданылды. Ал Қазақстанның Егемен Қазақстан, Айқын, Нұр Астана, Жас Қазақ, газеттерінде және ҚазҰУ хабаршысы, Центр Азии, Аналитическое обозрение журналдарында кеңінен кездеседі [46-113]. Осы мақалалардың ішінде Әліпбаев А.Р. [46], Шукуров А.[47], Абиесова Н. [49] және З. Азнабакиеваның [50] еңбектерін атап өтуге болады.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері. Түркия мен Армения қатынастарын зерттеу мерзімі ХХ ғ. 90-жылдарының басынан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Жұмыстың осы кезеңнен басталуы Кеңес Одағының ыдырап, аймақта жаңа геосаяси жағдайдың орнауымен негізделеді.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Зерттеу жұмысының теориялық негізін қазіргі саяси ғылымның негізгі теориялық тұжырымдамалары құрайды. Бітіру жұмысында тарихи оқиғаларға, сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сондай-ақ, кеңінен қолданылатын жүйелілік әдісі де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдіс зерттеу тақырыбын кешенді мәселе ретінде алып, сол оқиғаларға өз ерекшеліктерін белгілеуге, сондай-ақ, олардың өзара байланыстары мен өзара тәуелділіктерін жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүйелеу әдісін қолдану бұрынғы тарихи өткен оқиғаларға көп назар аударатын әр түрлі субъектілердің қатынастарын зерттеп, сараптауға мүмкіндік береді. Зерттеу объектісін зерделеу барысында басқа да ғылыми әдістер - құрылымдық-функционалдық, статистикалық және саралау тәсілдері кеңінен қолданылды.
Зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде қоғамдық ғылым саласында зерттеудің стандартты сараптамасы - контент-сараптама қолдану өз септігін тигізді. Яғни, оның көмегімен БАҚ хабарламасы, саяси тұлғалардың мәлімдемелері және де партия бағдарламалары секілді мәтіндердің әр түрлі типтеріне сараптама жасалды.
Жұмыс құрылымы. Алға қойған мақсат пен міндеттерге сәйкес жұмыс ішкі құрылымға бағынады. Ол кіріспеден, екі тараудан, жеті параграфтан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
І ТАРАУ ТҮРКИЯ МЕН АРМЕНИЯ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4.1 Түркия мен Армения арасындағы өзара қарым-қатынастардың ретроспективасы
Халықаралық қатынастар тарихында тағдыр қосқан көршілес халықтардың аумақтық, діни, идеологиялық себептерге байланысты ұзақ ғасырлар бойы бір-біріне қырын қарап келетін мысалдары өте көп. Алайда халықтар арасындағы қарама-қайшылықтардың тереңдігіне қарамастан, олардың басым бөлігі өзара сенім мен құрметке негізделген тату көршілік қарым-қатынастарды орната алды. Қордаланып қалған қарама-қайшылықтардың күрделілігіне байланысты тарихи ымыраласу үрдісі ұзақ мерзімді қамтып, сыртқы әлем қабылдайтын тұрақты көзқарастардың бүлінуін талап етеді.
Тарихи қарама-қайшылықтар кесірінен күрделіленген екі көршілес халықтар арасындағы қатынастардың бірден бір мысалы - түрік-армян саяси қатынастары. Дегенмен де, қақтығыстар мен дау-дамайлар, соғыстар мен зорлық-зомбылықтар көптеген халықтардың қарым-қатынастарында орын алған. Ал бұл қатынастардың ерекшелігі - - бұл жерде геноцид түріндегі зорлық-зомбылықтың орын алуында болып отыр. Халықаралық құқық нормаларына сәйкес, геноцид - мемлекеттік деңгейде жоспарланып және ұйымдастырылып, тұтас бір халықты жоюды мақсат еткен адамзатқа қарсы қылмыс болып табылады [4].
Армян-түрік қатынастарының тарихы ІХ ғасырдан басталады. Ол кезде түрік тайпалары оғыздар Орта Азиядан Кавказ жаққа қарай ығыса бастаған еді. Х-ХІ ғасырларда бұл үрдіс одан сайын күшейе түсті. ХІ ғ. Арменияны селжұқтар, ал ХІІІ ғ. монғол-татарлары жаулап алды. ХV ғасырдан бастап Армения аумағы Осман империясы мен Парсы елінің арасындағы күрес алаңына айналды. 1639 ж. Армения Осман империясы мен (Батыс Армения) Парсы елінің (Шығыс Армения) арасында бөліске түсті.
І Петрдің 1722-1723 және 1796 жылдардағы Парсы жорықтары кезінде Парсы елі және Түркиямен соғыста армяндық жасақтар ұдайы Ресей жағында соғысқа қатысып отырды. 1801 ж. Шығыс Арменияның бөлігі Ресейге қосылды. 1826-1828 жылдардағы орыс-иран соғысынан кейін Шығыс Армения Ресейдің құрамына енді. 1878 жылғы Сан-Стефан бейбіт келісім-шарты бойынша, Ресейге Карс облысы қосылды, бірақ ел аймағының көп бөлігі Осман империясының қол астында қалды. Ал осы жерлерде Осман империясы армяндарға қатысты геноцидті жүзеге асырған.
1917 ж. аяғында Арменияда билікке Дашнакцутюн партиясы келді. 1918 ж. 28 мамырда елдің тәуелсіздігі жарияланды.
1920 жылғы түрік-армян соғысы кезінде түрік әскерлері Армения аумағының 23 бөлігін басып алды. 1920 ж. қарашада Арменияға Қызыл әскерлер енді. Кеңес өкіметі орнатылып, 1920 ж. 29 қарашада Армения КСР құрылды.
1921 жылғы кеңес-түрік Мәскеу шарты бойынша Түркияға Карс және басқа да бірқатар аудандар кіріп кетті.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1991 ж. 23 қыркүйекте Жоғары Кеңес Арменияны тәуелсіз мемлекет деп жариялады. 1993 ж. Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабахқа қатысты шыққан қақтығыс кезінде түрік-армян шекарасы жабылып қалды.
1915 ж. Осман империясының Батыс Армениядағы армян халқына жасаған геноциді қазіргі таңда екі ел арасындағы қатынастарды күрделендіріп отыр. Армяндардың пайымдауынша, 1915 жылғы геноцид кезінде 1,5 миллионнан астам армян қаза тапқан. Ал Түркия болса, армян геноциді болмаған, тек армяндарды күштеп қоныс аудару ғана жүзеге асқан деп көндіруде.
Екіжақты қатынастардың ретке келуіне кедергі келтіретін тағы бір маңызды алғышарт - қарабах қақтығысын реттеу. Бұл қақтығыста Түркия Әзірбайжанды қолдайды. Таулы Қарабах жанжалы 1988 ж. ақпанда басталған. Осы кезде армяндар көп қоныстанған орталығы Степанакерт болып табылатын Таулы-Қарабах автономиялық облысы (ТҚАО) Әзірбайжан КСР-нен бөлініп шығатынын жариялады. 1991 ж. қыркүйекте Степанакертте бұрынғы ТҚАО мен Әзірбайжанның басқа да армяндар тығыз орналасқан аудандарында Таулы-Қарабах Республикасының құрылғаны туралы жарияланды. Ресми Баку бұл іс-қимылды заңсыз деп тауып, кеңес жылдарында өмір сүрген Қарабах автономиясының мәртебесін жойып тастады. Осыдан кейін іле-шала қарулы қақтығыс басталды. Қақтығыс барысында Әзірбайжан Қарабахты ұстап қалғысы келді. Ал армян отрядтары Ереван мен шетелдердегі армян диаспорасының қолдауына жүгіне отырып, аймақтың тәуелсіздігін талап етті. Жанжал 1994 ж. 12 мамырда бітістіру туралы шарт күшіне енгенге дейін жалғасты. Нәтижесінде Әзірбайжан Таулы Қарабахқа бақылау жасау құқығынан айрылды [51].
КСРО құлап, Армения тәуелсіздігіне қол жеткізген соң, армян геноцидін мойындатқызуды күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде қойды. Армения КСР Жоғары Кеңесі 1990 ж. 23 тамызда Армения тәуелсіздігі туралы Декларацияны қабылдады. Декларацияда геноцид туралы: Армения Республикасы 1915 жылғы Османдық Түркия мен Батыс Армениядағы армян геноцидін халықаралық деңгейде таныту үшін ұмтылады делінген [3].
Дегенмен 1991 ж. 16 желтоқсанда Түркия алғашқылардың бірі болып, Армения Республикасының тәуелсіздігін таныды. Сол кезде Түркия Арменияға дипломатиялық қатынастарды орнату үшін алдын-ала бірқатар шарттарды қойды. Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми web-сайтындағы Армениямен саяси қатынастарға арналған бөлігінде: Тату көршілік бағытқа қарама-қайшы Ереван саясаты Түркияға Армениямен қалыпты дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік бермей отыр... Армения тәуелсіздігі туралы декларацияның 11 бөлімінде Түркияның бір бөлігі болып табылатын Шығыс Анадолы Батыс Армения деп анықталған. Түркияда орналасқан Агри таулары Арменияның елтаңбасында белгіленген. Бұл - Армения 1921 жылғы Карс шарты бойынша белгіленген ортақ шекараларды танымай отыр деген сөз. Сонымен қатар, Армения шындығында ешқашан орын алмаған Геноцидті жүзеге асырғаны үшін Түркияны айыптауда. Бұл мәлімдеме де Армения тәуелсіздігі туралы Декларацияда көрініс тапқан. Тіпті, қазіргі таңда Әзірбайжан аумағының 20 пайызға жуығы Армения оккупациялап алған. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №822, 853, 874 және 884 қарарлары Арменияға бұл оккупацияны тоқтатып, Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын тануға шақырады делінген [52]. Сонымен, Түркия екіжақты қатынастарды орнату және реттеуге байланысты Арменияға алдын-ала үш талап қояды:
1. Армян геноцидін халықаралық деңгейде танытуға және айыптауға бағытталған саясатынан бас тарту;
2. Армян-түрік шекараларын ресми тану және Түркияға деген аумақтық шағымдарынан бас тарту;
3. Таулы-қарабах қақтығысын реттеуде Әзірбайжанға біржақты жол беру.
1993 ж. сәуірден бастап Түркия өзінің одақтасы Әзірбайжанның ізімен Арменияға блокада орнатады. Бұл талаптар енді Арменияға дипломатиялық қатынастарды орнату үшін ғана емес, сондай-ақ, армян-түрік шекарасын ашу үшін де алдын ала шарттарға айналды. Ал Ереван болса, өз кезегінде Анкараның талаптарына мойынсынған жоқ. 1998 жылдан бастап, билікке жаңа күштер келгеннен кейін, Армян геноцидін халықаралық деңгейде таныту мәселесін Армения сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде анықтады. Арменияның Түркиямен қатынастарды дамытуда екі қағидасы бекітілген:
1. Алдын-ала шарттарсыз қалыпты дипломатиялық қатынастарды орнату;
2. Түркиямен барлық даулы мәселерді талқылауға дайын болу.
Осы қағидалық ұстанымды Армения мемлекет басшылары бірнеше рет өз
мәлімдемелерінде жария етті. 2004 ж. 23 маусымдағы Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясында (ЕКПА) Армения Президенті Роберт Кочарян түрік делегатының сауалдарына жауап беру барысында былай деді: егер де сіздер, біз сіздерсіз өмір сүре алмайды деп ойласаңыздар, қателесесіздер. Біз сөздерсіз-ақ өмір сүріп, ілгерілей аламыз [15]. Көріп отырғанымыздай, екі тарап та ымыраласуға келгенде өз ұстанымдарынан қайтатын емес.
Жоғарыда аталған алдын-ала қойылған шарттардың ішіндегі Армян геноцидін халықаралық деңгейде таныту мәселесі - түрік-армян қатынастарында негізгі ролге ие. 1915 ж. Осман империясы тарабынан жасалған қайғылы оқиғалардан кейінгі кезеңде бұл тақырып түрік-армян қатынастарын реттеу үрдістерінде негізгі тақырыпқа айналды. Сонымен қатар, соңғы кезде бұл мәселе өте қызу және көпжақты деңгейде талқыға түсуде.
2005 ж. Армян геноцидінің 90-жылдығы атап өтілді. Бұл өз кезегінде Армян геноциді мәселесінің аймақтағы және дүниежүзіндегі саяси үрдістерге әсер етуінің күшеюіне алып келді. Арменияның осы бағыттағы сыртқы саясатының белсенділігіне байланысты, ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысында Армян геноцидін таныту мәселесі өзектілене түсті. Сондай-ақ, батысеуропа мемлекеттері мен АҚШ-тың Түркия және Армениямен қарым-қатынастарына әсер ететін халықаралық саясаттың құралына айналды.
Анкараның Геноцидке қатысты ресми ұстанымын мемлекеттің саяси қайраткерлері бірнеше рет мәлімдеді. Қазіргі Түркия президенті Абдулла Гүл: бұрынғы өткен мәселелермен тарихшылар айналысуы тиіс. Осман империясы ешқашан да әдейілеп халықтың көзін жоюмен немесе ассимиляциямен айналысқан жоқ деп атап өтті [16]. Анкарадағы Армян зерттеулер институтының директоры Омер Лютем өз ұстанымын былай жеткізеді: ...орыс-түрік соғысынан кейін Ресей империясы оңтүстік теңіздерге шығатын жол іздеді. Дәл осыған байланысты Шығыс Анадолыдағы христиандық азшылықты құрайтын армяндарға деген қызығушылық күрт өсті. Ресей империясы армяндарды тәуелсіздікке күресу үшін айдап салды. Бұл саясат Шығыс Анадолыда өмір сүретін әр түрлі халықтар арасында қалыптасқан бейбіт қарым-қатынастарды бүлдіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ, Осман империясы мен армяндар арасындағы қатынастарға кері әсерін тигізіп, армян көтерілістеріне себеп болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман империясы шығыста орыс әскерлерімен және Ресей жағында соғысушы армян бандаларымен шайқасты. Екінші жағынан армян көтерілістерінің кесірінен соғыс майданынан қорғануға мәжбүр болды. Сол кезде билікте отырған Бірлік және өрлеу партиясы осы жағдайды аяғына жеткізуді көздеп, армяндарды Осман империясының шекарасынан бөлек аудандарға қоныс аударуға шешім қабылдады... Осман үкіметі тарабынан қолданылған барлық шараларға қарамастан, екі жылға созылған қоныс аудару әрдайым қолайлы жағдайларда жүзеге асқан жоқ... Қоныс аударылған армян топтары уақыт өткен сайын Күрдістан мен Сириядағы араб тонаушыларының жорықтарына тап болып отырды... Осы кезеңде қанша армян өлді деген мәселе өте даулы... Түрік тарихшылары армяндар арасында 300 000 адамның қаза тапқанын нақты құжат, дәлелдерімен алға тартады. Сонымен қатар бұл көрсеткіштің ішіне кәріліктен, аурудан, аштықтан және жұқпалы аурулардан қаза тапқан адамдар саны да енеді... Осман империясының осы аудандарда өмір сүріп жатқан мұсылмандардың ішінде қаза тапқандар саны екі миллион адамды құраған... Яғни, әскери кезеңнің ауыр жағдайы мұсылмандар үшін де өте қайғылы кезең болды... Армяндарды әдейі құрту мақсатында қоныс аудару туралы шешімнің болғанына ешқандай айғақ та, дәлел де жоқ [53]. Бұл жерде Осман империясының армяндарды қоныс аудартуға байланысты іс-әрекетін соғыс кезеңінің қалыпты құбылысы ретінде қарастыру керек деген түсінік қалыптасады.
Орхан Памчук, Танер Акчам секілді түрік тарихшылары мен жазушыларының Армян геноцидіне қатысты көзқарастары өзгешелеу. Т.Акчам өзінің Түріктік ұлттық Мен және Армян мәселесі атты еңбегінде былай дейді: 1915 жылы болған жағдай тұтас бір халықта жоюды мақсат етті. Мемлекет, оның ішінде биліктегі партия бұл акцияны жоспарлады, ал бюрократиялық құрылым болса оны жүзеге асырды [24].
Қазіргі таңда Түркияның өзінде Армян геноциді мәселесіне қатысты маңызды диалогтар орын алып, ашық талқылануда. Пікір-таластар негізінен осы тарихи оқиғаны жоққа шығару аясында жүреді. Түркия Армян геноцидінің халықаралық танылу үрдісін тоқтатып қоюға мүдделі. Түркия тарабының бұл ұстанымын 2005 ж. 10 сәуірде премьер-министр Реджеп Тайип Ердоғанның Армения президенті Р.Кочарянға жіберген жолдауынан аңғаруға болады. Жолдаудың басты мәні былай: Түркия мен Армения біздің ортақ трихымыздың белгілі кезеңінде орын алған оқиғаларды өз беттерімен әр түрлі түсіндіреді. Біздің халықтарымыз үшін ауыр естеліктер қалдырған осы айырмашылықтар қазіргі таңда біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастардың ілгерілеуіне кедергі жасауда. Осыған байланысты біз сіздердің мемлекеттеріңізге екі ел тарихшылары мен сарапшыларының бірлескен тобын құруға ұсыныс жасаймыз. Олар Армения мен Түркия мұрағаттарында ғана емес, сондай-ақ үшінші елдер мұрағаттарында 1915 жылғы оқиғалар мен олардың дамуын зерттеп, халықаралық қауымдастық алдында шығарған қортындыларымен бөлісетін болады. Р.Эрдоғанның пікірінше, мұндай бастама тарихтың даулы кезеңіне сәуле беріп, біздің қарым-қатынастарымыздың жақсаруы жолындағы қадам болады [17].
Түркия халықаралық қоғамдастықта өзін түрік-армян қатынастарын реттеуге дайын, бірақ оған Армения кедергі келтіруде деген сыңайда көрсеткісі келеді. Алайда, бұл жерде Түркияға неліктен Армян геноцидін танып, Армениямен тату көршілес қатынастарын дамыта бермес ке? деген сұрақ мазалауы мүмкін.
Түркия егер Армян геноцидін мойындайтын болса, оның ізімен армян тарабы аумақтық, қаржылық және басқа да өтемақыларды талап етуі мүмкін деп қауіптенеді. Мұндай талаптар Армян геноцидінің салдарын жоюдағы саяси-құқықтық үрдістің бір бөлігі ретінде орын алуы мүмкін.
Неліктен Армения Армян геноцидінің халықаралық мойындалуын талап етуін доғарып, өткенге мойынсынып, кешіріп немесе ұмытып, екі халықтар арасындағы қатынастар тарихындағы қайғылы беттерді тұспалдай бермей, Түркиямен қатынастарды құрмас қа? деген сұрақтың Армения жағына да қойылуы заңдылық. Ресей Сыртқы істер министрлігі, Дипломатиялық академиясының өкілі Амирбекян Сурен бұл сауалға былай жауап береді: Осман империясы өзінің отарлық саясатында империяның шалғайда орналасқан халықтарынан гөрі армяндарға қаталдау саясат жүргізді. ХІХ ғ. аяғы, ХХ ғ. басында Осман империясындағы армяндарға қатысты орын алған қанды қырғындар қазіргі таңда ерекше халықаралық өзектілікке ие емес. Алайда 1915 жылғы геноцид осы оқиғалардың шарықтау шыңы мен логикалық жалғасына айналды. Бұл оқиға өзгеше, себебі ол армян халқының ұлттық сана сезімінде өшпейтін берік із қалдырды. Себебі оның салдарының өзектілігі аймақ ішінде қазіргі таңда жаңа геосаяси жағдайды қалыптастырды.
Армян геноцидінің әр түрлі формасында көрініс тапқан түсініктер Арменияның ұлттық мүдделері мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзқарастарының, тұжырымдамаларының идеологиялық негізіне айналуда. Неігізнен, Арменияның ұлттық мүдделері үшін өзекті болып табылатын мәселелер, мысалы, Таулы қарабах жанжалы, блокада (ашық теңізге шығу жолының жоқтығы), кішкентай аумақ, халық санының аздығы және басқалары тікелей геноцидтің салдары болып табылады. Сол кезде Армения зор адам шығынына ұшырады және ежелден өзіне тиесілі аумақты сақтап қала алмады. Геноцид тақырыбы армян халқының санасында берік қатып қалған. Геноцид дегеніміз армян халқының ғана ұлттық қайғысы емес, сондай-ақ бүкіл адамзат баласының мәселесі. Ал осы қанды геноцидті жүзеге асырғандар жазасыз қалмауы керек [108].
Көріп отырғанымыздай, геноцид мәселесі армян және түрік халықтарының ұлттық сана сезімдерінің түпкі негіздерін, Армения Республикасы мен Түркия Республикасының мемлекеттік құрылымы мен ұлттық қауіпсіздіктерінің негіздерін қозғап отыр. Мұндай жағдайда Армян геноцидінің мәселесі жуық арада түрік-армян қатынастарының күн тәртібінен алынып тасталынады деп айта алмаймыз. Алайда бұл екі жақты қатынастардың шынайы және толығымен жақсарып кетуі үшін қажеттті шарттар. Геноцид мәселесін шешудің бір жолы бар, ол - Түркия тарабынан геноцидті мойындауы немесе армян тарабынан көну.
Жоғарыда аталған Түркия премьер-министрі Р.Эрдоғанның жолдауына Армения Республикасының президенті Роберт Кочарян былай деп жауап қатты: Құрметті премьер-министр мырза, мен сіздің хатыңызды алдым. Әрине, біз көрші елдер болғандықтан, қазіргі таңда және болашақта тату-тәтті өмір сүрудің жолдарын іздеуіміз керек. Нақ осы себепке байланысты біз басынан бастап, дипломатиялық қатынастар орнатып, шекараларды ашып, екі ел мен халықтың арасында диалог бастауға ұсыныс жасағанбыз.
Дүниежүзінде, оның ішінде, Еуропа құрлығында бұрынғы өткендері ауыр болған, әлі күнге дейін қайшылықтары сақталған көрші мемлекеттер бар. Алайда бұл мәселердің барлығы сол елдерге шекараларын ашып, қалыпты қатынастар, дипломатиялық байланыстар орнаутға, мемлекеттер астаналарында өкілдіктерін ашуға кедергі келтіріп отырған жоқ. Олар осы үрдістермен қатар даулы мәселелерін талқылауда.
Сіз өткенді сөз ету жемісті нәтиже бермейді деген ұсыныс жасапсыз, бірақ өткенді сөз етпеу мүмкін емес, өйткені оның бүгінгі мен ертеңгіге қатысы бар. Жемісті диалогқа тартылу үшін бізге қолайлы және сәйкес саяси орта құру керек. Екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жауапкершілігі үкіметтерге жүктелген, ал біз оларды тарихшылардың өкілеттігіне бере алмаймыз. Осыны ескере отырып, біз елдеріміз арасында ешқандай алдын ала шарттарсыз қалыпты қатынастар орнатуға ұсыныс жасадық және тағы да сол ұсынысты жасаймыз. Осы тұрғыда кез келген мәселені немесе екі мемлекет арасындаға барлық мәселелерді талқылау үшін үкіметаралық комиссия құрғаны дұрыс болар. Комиссияның мақсаты - мәселелерді шешіп, өзара түсіністікке қол жеткізу [54].
Түркия СІМ баспасөз хатшысының Армения президентінің жолдауына қатысты түсініктемесінде былай делінеді: Кочарянның мәлімдемесінде назарға алатын жағымды элементтер бар. Р.Кочарян геноцид сөзін қолданбаған. Кочарян өзінің үкіметаралық комиссия құру туралы ұсынысында кей мәселелер және біздің елдеріміздің арасындағы мәселелер деген сөздерді қолдаунға ықылас танытқан. Кочарянның қатынастарды шарттарсыз жақсартуға байланысты ұсынсы жағымды. Дегенмен де, Түркия Армениямен байланыстарды ретке келтіруде Ереваннан белгілі нақты қадамдарды күтеді. Ал осыдан кейін Түркия тарабы ресми жауап қайтарады [54]. Осыдан екі тарап та өз беттерінен оңайлықпен қайтпайтындықтарын аңғаруға болады.
2001 ж. шілдеде Түрік-армиян бітістіру комиссиясы (ТАБК) құрылды. Бұл комиссия бейресми сипатта жұмыс жасайтын болды. Комиссия Түркияда да, Арменияда да көптеген талқылаулар жүргізді. Комиссия қызметіндегі негізі кезең - Өтпелі кезең шындығы жөніндегі Халықаралық орталыққа (ӨКШХО) өтініш жасауы болды. БҰҰ-ның 1948 жылғы геноцид қылмысының алдын алу және жазалау туралы Конвенциясы ХХ ғасырдың басында Шығыс Анадолыда орын алған оқиғаларға қолданыла ма? деген сауалмен комиссия орталыққа осы мәселені зерттеп, анықтауға өтініш білдіреді [55]. Халықаралық орталық 1948 жылғы Конвенция 1915 жылғы оқиғаларға қолданылмайды деп анықтады. Бұл өз кезегінде Комиссияға мүше армияндардың ашу-ызасын тудырды. Осы оқиғадан кейін іле-шала 2001ж. 11 желтоқсанда комиссияның төрт армияндық мүшесі ТАБК-тен кететіндіктерін мәлімдеді.
Дегенмен де, түрік-армян қатынастарын реттеу жолында ең абзалы - үкіметтер арасында келісссөздер жүргізу болып табылады. Олар өз кезегінде, түрік-армиян диалогының жалпы ұлттық маңыздылығын ескере отырып, өз елдерінің әр түрлі қоғамдық топтарынан шығатын түрткілерді бір шоғырға жинаулары тиіс. Әрине, әрбір тараптар түрік-армян қатынастарының күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді кеңінен талқылап, нақты саяси шешімге келуге ұмтылулары керек.
Армян тарабы Армиян геноцидін халықаралық деңгейде танытуда неге қол жеткізгісі келеді? Рухани қанағат алу ма, заң мен әділдіктің салатанат құруын ба, әлде армяндардың құқықтарын қалпына келтіру ме? Яғни, армиян тарабы осы мәселердің басын ашып келуі керек.
Сонымен, Түркия мен Армения арасындағы қатынастарды ретке келтіру үшін қажетті жағдай - толыққанды және тұрақты мемлекетаралық келіссөздік үрдісті қалыптастыру. Түркия мен Армения арасында саяси диалог толыққанды тезірек басталса, соғұрлым түрік және армян халықтары арасындағы бұрынғы араздықтан тезірек босанып, болашаққа негізделген шынайы әріптестік қатынастарды жемісті түрде орната алады.
4.2 Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік-армян қатынастары
Түрік-армян қатынастарының барысы мен болашақ жағдайын сараптай отырып, таулы-қарабах жанжалын реттеу, армян-әзірбайжан қатынастарын жақсартуға байланысты мәселелер кешенін қарастырмай өту мүмкін емес. Бұл - заңдылық, өйткені таулы-қарабах жанжалы қақтығысқа тікелей қатысушы тараптар мен үшінші күштер арасындағы қатынастардың дамуына, сондай-ақ, аймақтағы саяси үрдістерге айтарлықтай әсер етеді.
Бірінші бөлімде айтылып кеткендей, Түркия тарабы түрік-армян қатынастарын ретке келтіруде алдын ала шарт ретінде таулы-қарабах жанжалын әзірбайжандық жобамен шешу талабын қояды. Бұл ұстаным түрік басшыларының бірқатар мәлімдемелерінде көрініс тапты. Сондай мәлімдемелердің бірі - 2005 ж. шілдедегі Түркия премьер-министрі Реджеп Эрдоғанның сұхбаты. Ол Түркия ұстанымын былай жеткізеді: Түркия Арменияға оккупациялап алған Әзірбайжан жерлерін босатуға қатысты талаптарынан бас тарту пиғылында емес. Ресми Ереван түрік-армян қатынастарының реттелуіне мүдделілік танытуы тиіс. Ал бұл жерде басып алған Әзірбайжан аумағын босату осы мақсаттағы алдыға басқан қадам болар еді. Армения басып алған аумақтан кетіп, қысқа мерзімнің ішінде оларды Әзірбайжанға қайтарып беруі керек. Ал бұған қарама-қайшы жағдайда Түркия оккупант-мемлекетпен шекарасын ашпайтын болады [56].
Өз кезегінде Арменияның бұл мәселеге байланысты ұстанымы келесідей: армян-түрік қатынастары өзінің өте күрделі тарихына ие. Қатынастар армян-әзірбайжан мәселелерімен одан сайын қиындап кетпеуі керек, сондай-ақ, Түркияның еш қатысы жоқ таулы-қарабах жанжалын реттеу себебімен күрделенбеуге тиіс. Бұл ұстаным Армения президенті Роберт Кочарянның 2003 ж. қаңтарда Мәскеуге жасаған ресми сапары кезіндегі сөйлеген сөзінде көрініс тапты. Сонымен қатар, Армян президенті, ...Армения мен Түркия арасындағы ынтымақтастық екі мемлекет үшін де, сондай-ақ тұтас аймақ үшін де пайдалы. Және де ол түріктер мен әзірбайжандар арасындағы этникалық жақындық фактісінің кепіліне айналмауы тиіс [19].
Шын мәнінде, түрік-армян қатынастарын жақсарту мен таулы-қарабах қақтығысын реттеу мәселелері - әр түрлі тұрғыдан алып қарастырылатын мәселелер. Олар осы мәселелердің ушығуына өзара себепкер болмаулары тиіс, ал егер ондай жағдай орын алса, өзара қабысқан екі мәселені шешу өте қиынға соғады. Екі ел қатынастарында ерекше орын алып отырған таулы-қарабах мәселесінде Түркияның қатысы қаншылықты деген сауал туындайды. Ал осы сауалға жауап іздеу үшін таулы-қарабах жанжалының шығу тегіне үңілсек.
Ресей зерттеушісі Георгий Кадымов былай жазады: таулы-қарабах қақтығысының шығу тегі большевиктік ұлттық саясатқа негізделеді. Бұл саясат күрделі ұлттық мәселелерді шешуді басшылыққа алды. Пролетарлық революцияларды басқа мемлекеттерге, ішінара Таяу Шығыс, Түркия және Иран елдеріне экспорттаумен айналысты [57]. Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар жөніндегі тағы бір Ресей сарапшысы Владимир Прияхин қақтығыстың шығу тегі біреу деп атап өтті, ол - Әзірбайжан КСР құрамындағы бұрынғы Таулы-Қарабах автономиялық облысы БКП(б) (ВКП(б)) мен тікелей Сталиннің ұлттық саясатының жемісі болып табылады.
Сонымен қатар, Ресей зерттеушісі 1920 ж. 8 шілдедегі Г.Орджоникидзенің И.Сталинге жолдаған жеделхатын дәйексөзге келтіреді: Менің ойымша, тараптар арасында жалтара беруге болмайды. Нақты тараптардың бірін қолдау керек, ал мұндай болған жағдайда Әзірбайжан мен Түркияны қолдаған жөн. Мен Ленинимен сөйлестім, ол қарсы емес. Большевиктік Ресей басшыларының біржақты ұстанымын түсіндіре отырып, В.Прияхин былай деп жазады: ... Кавказ аумағындағы күштер ара салмағы сол кезе осындай болды. Бұл аймақта кеңестік республикаларының құрылуы және олардың одан соң КСРО-ға қосылуы Түркия мен мұсылман күштерін жақтаушылардың күштеріне қарамастан мүмкін емес еді [40].
Дегенмен, таулы-қарабах қақтығысының шығу тегіне байланысты мәселеде бірқатар басқа да көзқарастар бар. 1998 ж. 18 мамырда француздық Халықаралық қатынастар институтында Таулы-Қарабах Республикасының президенті Аркадий Гукасян: Нақ осы 1918 жыл таулы - -қарабах мәселесі тарихындағы есеп беретін нүктеге айналды. Осы кезеңде Ресей империясы мен Кавказ фронты құлады. Одан кейін іле-шала Оңтүстік Кавказға түрік-герман интервенциясы басып кірді. Түрік армиясы аймаққа тереңдеп еніп, армян халқына деген тұтас геноцидті жалғастырды. Ал бұл геноцид 1915 ж. сәуір айында Осман империясында басталған болатын. 1918-20 жж. Таулы Қарабах қанды соғыс сахнасына айналды. Дәл осы түрік-герман оккупациясы кезінде Оңтүстік Кавказда жаңа мемлекеттік құрылым - Әзірбайжан Демократиялық Республикасы пайда болды... Жаңадан құрылған Әзірбайжан сол кезе ең алдымен Түркияның басқыншылық жоспарларын жүзеге асыра отырып, дереу армяндар қоныстанған Оңтүстік Кавказ аумағының басым бөлігіне, және де ең алдымен армяндық Таулы Қарабахқа аумақтық шағымдарын білдіре бастады деп атап өтті [20]. Бұл бағытпен таулы-қарабах қақтығысының белгілі зерттеушілерінің бірі Александр Манасян бөліседі, ол: Қазіргі қақтығыс 1918-1920 жж. Шығыс Закавказдағы екі негізгі этнофактор - армяндар мен түріктер (әзірбайжандар) арасындағы және Шығыс Закавказдағы ұлттық мемлекеттік құрылым айналасындағы даудың жалғасы деп санайды [37].
Таулы Қарабах шығу тегіне байланысты жоғарыда көрсетілген екі бағыттың айырмашылықтары бар. Көбіне екінші бағытта Таулы Қарабах қақтығысының тууына себепші болған деп Түркияны меңзейтіні байқалады.
Амирбекян Суреннің пікірінше, Таулы Қарабах мәселесі 1915 жылғы Армиян геноцидінің тікелей қортындысына айналды. Сол кезде Армения Түркиямен арада болған ұзақ жылғы соғыс пен Геноцид салдарынан әбден әлсірегендіктен, өзінің байырғы аумағын қамтамасыз ету жағдайында болмады. Соның кесірінен Таулы Қарабах ғана емес, сондай-ақ, басқа армян жерлерін айтпағанда Нихичиван, Карс облыстары большевиктердің ықтиярымен және Түркияның қысымымен Кеңестік Армениядан шеткері қалды.
1990-жылдар басында Таулы Қарабах 1918-1920 жылдардағыдай халықаралық қауымдастықтың, ең алдымен Түркияның ерекше назарын аудартты. Түркия үшін Кеңес Одағының ыдырап, жаңа түркітілдес мемлекеттердің пайда болуы Тұран деп аталатын тұтас бірлестікке бірігу идеясын жандандырды. Таулы-қарабах жанжалының дамуының жаңа кезеңі пантүркілік идеяны жүзеге асыру жолындағы үлкен кедергіге айналды.
Әзірбайжандық зерттеуші Кенан Мұстафаев: 1918 жылы да, 1991 жылы да Осман империясы мен Түркия Әзірбайжанның тәуелсіздігін алғаны туралы хабарды қуана қарсы алды. Тәуелсіз одақтас мемлекеттің болуы Мұстафа Кемал-паша Ататүріктің ұрпақтары үшін өте маңызды болып табылады. Екінші жағынан, Түркия Әзірбайжанның мемлекеттік құрылу және ұлттық тәуелсіздігін нығайту процесінде қажетті тірегіне айналды деп атап өтті [58.]
Әзірбайжан тәуелсіздігін алғаннан кейін, түріктік және әзірбайжандық үкіметтер екіжақты ынтымақтастығын белсенді түрде дамыта бастады. Бұл ынтымақтастық 1992 жылы Әзірбайжандағы кезектен тыс президент сайлауында Ұлттық фронт көшбасшысы Абульфаза Эльчибейдің жеңісінен кейін, одан сайын кеңейе түсті. Өзін Ататүріктің солдаты [59] деп атаған Әзірбайжанның жаңа президенті бірнеше рет Түркиямен федерацияға бірігуді қалайтыны және соған дайын екендігін, сондай-ақ, Солтүстік және Оңтүстік Әзірбайжанды (Иранның солтүстік провинциялары) да қосуға дайын екендігін жеткізді. Алайда, А. Эльчибейдің саяси қадамдары Ресей мен Иран тарабының наразылығын тудырып қана қойған жоқ, сондай-ақ, Түркияның алаңдаушылығын да туғызды. Өйткені бұл жағдай Анкара мен Мәскеу және Тегеран арасында күрделі конфронтацияның тууына алып келуі мүмкін еді. Түркия 1993 ж. маусымда Әзірбайжанда болған мемлекеттік төңкеріс кезінде А. Эльчибейге қолдау көрсеткен жоқ. Бұл төңкеріс нәтижесінде ол президент тағынан алынып тасталды.
Әзірбайжандағы билікке Гейдар Алиев келген кезде алғашында Түркияның ғана емес, сондай-ақ, батыстың да реакциясы кері сипатта болды. Өйткені олар Гейдар Алиевтің билікке келуіне Мәскеу ықпал етті деп санады. Түркия мен Батыста Әзірбайжандағы достық режимді сақтап қала алмағаны үшін түрік басшыларын жазғырды. Алайда Эльчибей кеткеннен кейін, түріктік үлгі де бітті деген болжамдар ақталмады. Г. Алиев билік тізгінін ұстағаннан кейін шынымен де Әзірбайжан сыртқы саясатының бағыттарына өзгерістер енгізді, бірақ Түркия Әзірбайжанның негізгі әріптесі және одақтасы ретінде қалды. 1994 ж. 9 ақпанда, Түркия Республикасының Ұлттық Жиынында сөз сөйлеген Әзірбайжан президенті, Әзірбайжанның сыртқы саясатында Түркиямен екіжақты қатынастар әрқашан да басым ролге ие болып қалады. Ал Әзірбайжан түріктік үлгімен дамуға дайын деп мәлімдеді [21]. Әзірбайжан жетекшілері, сондай-ақ, қазіргі президент Ильхам Алиев те осы жарияланған бағытты бірізді ұстануда. Сол сияқты түрік көшбасшылары да Әзірбайжанмен қарым-қатынастардың дамуына баса назар аударды.
Түрік-әзірбайжан қатынастарының деңгейі мен ілгерілеуі Түркияның таулы-қарабах қақтығысының дамуына ерекше мүдделілік танытатынын жасырып қала алмады. 1992 ж. басында Түркия премьер-министрі Сүлеймен Демирел, егер де екі тарап та Анкараның бастамаларына сенім білдіретін болса, Түркия қақтығыстың шешілуіне жағымды ықпал ете алады деп мәлімдеді [60]. Алайда кейін армян тарабына Түркияның әділ түрде бітістіруші ролін атқармайтыны айқын болды. Таулы Қарабахтағы Әзірбайжанның алғашқы үлкен жеңілісінен кейін, Түркияда Анкараның қақтығыста Әзірбайжан жағында араласуын талап еткен ірі көлемдегі антиармяндық демонстрациялар бұрқ ете түсті. Түркияның ірі саясаткерлерінің бірқатары, оның ішінде Президент ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz