Халықаралық аудит стандартына ұқсас стандарттар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Халықаралық аудит стандартары
1.1 ХАС-ты əзірлеу бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 ХАС-на ұқсас стандарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
II. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары
2.1 Қазақстанда халықаралық аудит стандарттарын қолдану ... ... ... ... ...11
2.2 Қазақстанда халықаралық аудит стандарттарын қолдану жағдайы...17
III. Аудиторлық қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Халықаралық аудит стандарттары. Бұл тақырыпты таңдаған себебім: Аудит жүйесін дамыту өсіп және серпінді дамып келе жатқан мемлекет құруға маңызды жағдай болып табылады. Тұжырымдамада берілген орта мерзімді перспективаға арналған даму жөніндегі негізгі бағыттар бухгалтерлік және аудиторлық мамандықты одан әрі ұдайы қалыптастыру үшін негіз жасайды. Қазақстан нарығы мен қоғамды тұтастай дәйекті және сенімді қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ететін кәсіп. Экономика және қоғам игілігіне жұмыс істейтін кәсіп. Концепцияны іске асыру қазақстан ұйымдарына халықаралық нарық мүмкіндігін толық шамада кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, осылайша ол өзінің бәсекеге қабілеттілігін артады, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға кіру қарсанында аса өзекті болып отыр.
Аудит Қазақстанда 80-жылдардың соңында пайда болды, дәл сол уақытта аудиторлық ұйымдар өздерінің алғашқы қадамдарын жасад және 1993 жылы аудит Аудиторлық қызмет туралы бірінші Заңның қабылдануымен өзінің дүниеге келуін ресми түрде бекітті. Осы уақыт ішінде аудит қаржы нарығы саласында өзінің лайықты орнын тапты, аудит институты ретінде өзінің өмір сүру құқығын дәлелдеді.
Қазіргі уақытта аудиторлық қызметті реттеудің жеткілікті тұтас жүйесі қалыптасты, ол 2006 жылғы 5 мамырда қабылданған өзгерістерімен Аудиторлық қызмет туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы ҚР Заңын (бұдан әрі - Заң), Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы Заңын қоса алғанда бірқатар нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ҚР Қаржы министрінің Бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді қамтыды. Алайда, осыған қарамастан, аудиторлық кәсіпті жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып қалады. Осыған көз жеткізу мақсатында құрстық жұмыста келесідей бөлімдерді қарастыруды көздедім:
Бірінші бөлімде, жалпы дүниежүзілік тәжірибеде ХАС-рын əзірлеу бастамалары. Яғни, стандарттарды əзірлеу жөніндегі Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы ХБФ тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық мүдделерді қорғайтын стандарттар əзірлеу аясын ашып көрсету. Сондай-ақ осы стандарттарға ұқсас келетін стандардарттарды көрсету.
Екінші бөлімде, Қазақстанда ХАС-ын қолдануға енгізу мен қазіргі жағдайын ашып көрсеттім. Яғни, кәсіби ұйымдардың ұйымдар қызметіндегі маңызды нәрсе кәсіби қауымдастықты және қоғамды тұтастай алғанда толғандыратын мәселелер болуы тиіс: корпорациялық басқару, салық салу, халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына тиімді көшу жағдайы. Және осының барлығы өзін-өзі реттейтін кәсіби ұйымдар қызметінің саласына жатқызылуы тиіс. Осы үшін Заңда көптеген кәсіби аудиторлық ұйымдар құру көзделген, олар қолайлы бәсекелес ортаны құрады, бұл, өз кезегінде, кәсіпқойлықтың пропорциялық жағынан өсуіне және аудиторлық қызметтер сапасын арттыруға септігін тигізетін болады.
Осы бөлімдерді мазмұның ашып көрсету мақсатында ең басты ақпарат көзі ретінде Халықаралық Аудит Стандарты, Ақпараттың дұрыстығын растау жəне Əдеп жинағын. - Алматы, 2007, - 1260 б.- www.audit.kz және екінші маңызды құжаттар ретінде Қазақстан Республикасының 20.11.1998 ж № 304-1 Аудиторлық қызмет туралы Заңы өзгерістер және толықтыруларымен - www.Законы.Кz ; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын қолдандым. Сондай-ақ Қазақстандық экономист ғалымдардың еңбектерін қолдандым: Абленов Д.О. Аудит негіздері Экономика, 2005; З.Н Әжібаева, Н.Ә Байболтаева, Ж.Ғ Жұмағалиева Аудит;

I. Халықаралық аудит стандарттары
1.1 Халықаралық аудит стандарттарын əзірлеу бастамалары

Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымның өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлар федерациясы (ХБР) бар. Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы (ХБФ) бухгалтерлердің халықаралық кəсіби ұйымы болып табылады. Негізі 1977 жылы қаланған ұйым қоғамдық мүдделерді қорғауды, ғаламдық деңгейде бухгалтерлік кəсіптің рөлін арттыруды жəне кəсіби стандарттарды əзірлеу мен енгізу арқылы халықаралық экономиканы дамытуға өз үлесін қосуды, осы стандарттардың халықаралық деңгейде пайдаланылуына жəне кəсіби тəжірибе жоғары сұранысқа ие болып тұрған кезеңде қоғам мүддесін қозғайтын сауалдар туралы мəселе көтеруді өзінің миссиясы етіп бекітті. Ақпараттың Дұрыстығын Растау жəне Халықаралық Аудит Стандарттары жөніндегі
Басқарма (ХСААДҚБ) ХАС жəне тарихи қаржылық есептілікті шолуды жəне аудитті қарастыратын Шолу Келісімдері туралы Халықаралық Стандартты əзірлейді; ақпараттың дұрыстығын растау жөніндегі келісімдерді қарастыратын Ақпараттың дұрыстығын Растау жөніндегі Келісімдер туралы Халықаралық Стандарт тарихи қаржылық есептілікті шолуды немесе аудиттен ерекшеленеді. ХСААДҚБ сонымен қатар тəжірибедегі тиісті ережелерді де əзірлейді. Осы стандарттар мен ережелер күллі əлемде ақпараттың дұрыстығын растау бойынша аудит пен келісімдер үшін негіз болып табылады. Олар стандарттарды белгілейді жəне қаржылық ақпарат бойынша есептерге дамып келе жатқан жəне өзгеріп тұратын барлық сұраныстарға үн қату мүмкіншілігін бере отырып, аудиторлар мен басқа кəсіби бухгалтерлерге, сонымен қатар мамандандырылған салалар бойынша нұсқаулықты ұсынады.
ХБР аясында аудиторлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс-тәжірибе бойынша халықаралық комитет (2002ж Халықаралық Кеңес деп өзгертілген) тікелей айналысады. Халықаралық аудит стандарттары жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдемелерін сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келсе де, ол жергілікті (ұлттық) жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғни одан басым түспейді.
ХБФ ғылыми қауымдастықтан немесе мемлекеттік саладан, бизнестен бухгалтерлік кəсіпке халықаралық талаптардың күшеюіне сəйкес қажетті бірыңғай тұжырымдамалық негізге ұзақ уақытта қол жеткізді. Кəсіби бухгалтерлердің Əдеп Кодексі, Халықаралық Аудит стандарттары, Бухгалтерлікбілім берудің халықаралық стандарттары мен Мемлекеттік саладағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары осы тұжырымдамалық негіздің маңызды бөлшектері болып табылады.
Стандарттарды əзірлеу жөніндегі Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы ХБФ төменде көрсетілгеніндей, тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық мүдделерді қорғайтын стандарттар əзірлеу аясын кеңейтеді. Стандарттарды əзірлеу жөніндегі бұл кеңестердің əрқайсысында қоғамдық мүдделерді көрсететін қоғам өкілдері кіретін өзінің Консалтингтік Топтары бар. ХБФ Қоғамдық қызметі жөніндегі комитеті (ҚҚК) - Халықаралық Аудит стандарты жəне Ақпараттың дұрыстығын растау туралы келісімдер жөніндегі басқарма, Бухгалтерлік білім берудің халықаралық стандарттары жөніндегі басқарма, Бухгалтерлерге арналған халықаралық əдепттілік стандарттары жөніндегі басқарма жəне сəйкестілігін қамтамасыз
ететін Консалтингтік Топ бухгалтерлік кəсіпке сəйкес Қоғамдық мүдделерді сақтауды бақылайтын халықаралық Басқармаға бағынады.
1948 жылы Америкалық алқалы бухгалтерлер институты Аудиторлық қызметтін жалпы қабылданған стандарттары деген атаудағы он қаулыны мақұлдап қабылдады. Содан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың пайдалануын бақылау, көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет әзірлеген ХАС негізінде жатады. Осынау негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін ХАС-та олар өз көрінісін тапты.
Жыл сайын бұл жүйе жаңартылып отырады. Оларды тереңдетіп жаңарту(модернизациялау) 1994 жылы болды, содан бері жаңартулар тек жекелеген формулаларын, сілтемелерін және т.б. нақтылай түсу деңгейінде жүргізіліп келеді.
Кейбір мемлекеттер (Австралияда, Бразилияда, Ресейде, Үндістанда, Голландияда) ХАС-ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекеттер(Кипр, Малайзия,Нигерия, Фиджи, Шри-Ланка) ХАС-ты ұлттық ретінде қабылдайды. Өздерінің ұлттық аудит стандарттары бар әлдеқайда дамыған мемлекеттер (Канада, Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ, Швеция т.с.с.) ХАС-ты жай ғана мәлімет үшін қабылдап және іс тәжірибелерде пайдаланады.
2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен республикалық конференциясында Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары қарастырылып,қабылданды.
Қазақстандағы ХАС атты біздің нұсқамызды Халықаралық аймақтық бухгалтерлер федерациясы мен Евразия аудиторлары барлық ТМД елдеріне негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудиторлар палатысының Кеңесіне осы бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды. Қалыптасқан жағдайға қарай Аудиторлық қызмет туралы заңның бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы ХАС - қа өтудің тұжырымдамасын сайлады. ХБФ-тың (Халықаралық бухгалттерлер федерациясы) қолданылуына ұсынылған қолданыстағы барлық ХАС түпнұсқадан орыс және мемлекеттерге тілдерге аударылды.
Аудиторлық іс тәжірибе жөніндегі Халықаралық Комитет (АІХК) аудитті өткізудің халықаралық стандарттары (ХАС) мен ілеспе қызметті көрсету бойынша стандарттардан (ІҚС) тұратын нормативтік құжаттарды шығарады. 1994 жылдың шілдесінен бастап Халықаралық аудит стандарттарының кодификациясы өзгертілді, яғни екі мәндіден үш мәнді белгілеуге көшу жүзеге асырылды. Егер ескі кодификацияда 29 ХАС пен 4 ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткеннен кейін олардың жалпы саны 2005 ж. Басында 50-ге жетті, оның ішінде олардың 38-і ХАС-қа, ал 12-сі халықаралық аудиторлық іс-тәжірибе бойынша ережеге (ХАІЕ) негізделді.
Қазіргі кезде қолданыстағы жүрген халықаралық аудит стандарттары әзірлеу XX-ғасырдың 70-ші жылдары басталған болатын. Үш таңбалы номерге олар 1994 жылы ие болды. Соңғы жылдарда болған маңыздырақ өзгерістердің арасынан 1998жылғы жинақта басылып шығып, 1999жылы 1шілдеден бастап күшіне енген, аудиттегі ішінара тексеруге қатысты халықаралық аудит стандарттарының баяндалу стилі хабарлай айту үлгісімен берілген және онда аудиторға бірнеше альтернативтік іс әрекеттерді қарастыру жиі ұсынылатын көптеген мысалдар мен ұсыныстар қарастырылған.

1.2 Халықаралық аудит стандартына ұқсас стандарттар

Ақпараттың Дұрыстығын Растау бойынша Келісімдерге арналған Халықаралық Тұжырымдамалық Негiз (ХСААДРБ) Жалпы ережелерінде жазылғандай, Сапаны бақылау, Аудит, Шолу, Ақпараттың Дұрыстығы мен Ілеспелі Қызметтерді Басқаша Растаудың Халықаралық Стандарттарының жекелеген мəселелер бойынша сəйкес келмей, қайшы келетін болса, автоматты түрде ХСААДРБ Стандарттарына сəйкес келмейтін болады. Егер осы жобаға қолданылатын ХСААДРБ Стандарттарының барлық талаптарына толық жауап бермейтін болса, кəсіби бухгалтер ХСААДРБ Стандарттарына сəйкес келетіндігі жөнінде мəлімдемеуі қажет.
Халықаралық Стандарт Аудиті мен Ақпараттың Дұрыстығын Растау
бойынша Басқарма шығарған Халықаралық Стандарттардың құрылымы:
ХБФ КƏСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕРДІҢ ƏДЕП КОДЕКСІ

АДРЖБ жарияланымдарында қарастырылатын қызметтер

Сапаны Бақылаудың Халықаралық Стандарты СБХС 1-99

Ақпараттың Дұрыстығын Растау бойынша Келісімдерге арналған
Халықаралық Тұжырымдамалық Негiз

Аудит жəне тарихи
қаржылық ақпаратты шолу

Халықаралық
Аудиторлық Тəжірибе
жөніндегі ережелер
ХАТЕ1000-1999

Халықаралық Аудит
Стандарты
ХАС 100-999

Ілеспелі қызметтер

Тарихи қаржылық ақпараттың
аудитінен немесе шолуынан
өзгеше болып келетін ақпаратты
растау бойынша келіcімдер

Ілеспелі Қызметтер бойынша
Халықаралық Келісім
тəжірибесі жөніндегі ережелер
ІҚХКЕ 4700-4999

Шолу жөніндегі
Халқаралық Келісімдер
Стандарты жөніндегі ереже
ШХКСЕ 2700-2999 (қор)

Ілеспелі Қызметтер бойынша
Халықаралық Стандарттар
ІҚХС 4000-4699

Шолу жөніндегі Халқаралық
Келісімдер Стандарты
ШХКС 2000-2699

Ақпараттың Дұрыстығын
Растау жөніндегі Халықаралық
Келісім Тəжірибесі жөніндегі
ережелер
АДРХКЕ 3700-3999

Ақпараттың Дұрыстығын
Растау бойынша Келісімдердің
Халықаралық Стандарттары
АДРКХС3000-3699

Аудиті мен Ақпараттың Дұрыстығын Растау бойынша Басқарма шығарған Халықаралық Стандарттардың Құзыреттілігі:
* Аудиттің Халықаралық Стандарты (АХС) тарихи қаржылық аудит ақпаратына қатысты қолданылуы қажет.
* Шолудың Халықаралық Стандарты (ШХС) тарихи қаржылық ақпаратына шолуына қатысты қолданылуы қажет.
* Ақпараттың Дұрыстығын Растаудың Халықаралық Стандарты (АДРХС) тарихи қаржылық ақпаратынан ерекшеленетін мəселелер бойынша ақпараттың дұрыстығын растау келісімдеріне қатысты қолданылуы қажет.
* Ілеспелі Қызметтің Халықаралық Стандарты (ІҚХС) ХСААДРБ анықтаған басқа ілеспелі қызмет бойынша келісілген келісімдер мен рəсімдер, ақпараттарды дайындау бойынша келісімдерге қатысты қолданылуы қажет.
* АХС, ШХС, АДРХС жəне ІҚХС жиынтық түрінде ХСААДРБ Келісімдерінің Стандарты сияқты қарастырылады.
* Сапаны Бақылаудың Халықаралық Стандарты (СБХС) ХСААДРБ Келісімдері Стандарттарының əрекетіне бағынатын барлық қызметтерге қатысты қолданылуы қажет.
ХСААДРБ Стандарттары қосымшаны қоса алғанда, сəйкес келетін нұсқаумен бірге түсініктемелер мен басқа материалдар нысанында қажетті рəсімдер (қарамен терілген əріппен көрсетілген) мен негізгі қағидалардан тұрады. Аталмыш негізгі қағидалар мен қажетті рəсімдерді, оларды қолдануға нұсқау беретін түсініктемелер мен басқа материалдар түрінде түсініп, қолдану қажет. Сондықтан, негізгі қағидалар мен қажетті шараларды қолданып, түсіну үшін Стандарттың толық мəтінен қарастыру қажет.
ХСААДРБ Стандарттарының Табиғаты, оларды қолдану кезінде кəсіби бухгалтердің кəсіптік пікірді қолданылуы талап етіледі. Ерекше жағдайларда ғана жобаның мақсатына қол жеткізу үшін кəсіби бухгалтер Келісім Стандарттарының қажетті рəсімі мен негізгі қағидаларынан ауытқуды қажет деп табады. Мұндай жағдай туындаған кезде кəсіби бухгалтер, мұндай ауытқудың себебін түсіндіруге дайын болуы қажет. Халықаралық Стандартты жеке қолдануға қатысты кез-келген шектеу стандарттың өзінде түсіндіріледі. Халықаралық Стандарттар мемлекеттік саладағы жобаларға қатысты қолданылуы мүмкін. Мемлекеттік сала үшін қосымша нұсқауды қолдану қажет болған кезде, ол Халықаралық Стандарттың мəтініне енгізіледі. 2005 жылдың қаңтар айына дейін шығарылған Халықаралық Стандарттар, қажет болғанда Халықаралық Стандарттың соңында келтірілетін Мемлекеттік Саладағы Аудит Ережесі түріндегі мемлекеттік салада арналған қосымша нұсқаудан тұрады.
Халықаралық Стандарт Аудиті мен Ақпараттың Дұрыстығын Растау бойынша Басқарма шығарған Аудиторлық Тəжірибе бойынша Ереженің Құзыреттілігі Халықаралық Аудиторлық Тəжірибе бойынша Ереже (ХАТЕ) кəсіби бухгалтерлерге түсініктемелік нұсқауды ұсыну мақсатында жəне ХАС қолдануға іс жүзінде көмектесуге, сондай-ақ жақсы тəжірибені марапаттау үшін шығарылады. Халықаралық Тəжірибе Шолуы бойынша Ереже (ХТШЕ), Ақпараттың Дұрыстығын Растау жөнінде Халықаралық Тəжірибе бойынша Ереже (АДҚХТЕ), Халықаралық Ілеспелі Қызмет Тəжірибесі бойынша Ереже (ХІҚТЕ) ШХС, АДРХС жəне ІҚХС қолдану бойынша мақсаттарға қызмет етеді. Кəсіби бухгалтерлер жобаға қолданылатын Тəжірибе бойынша Ережені біліп, есепке алуы керек. Тəжірибе бойынша тиісті Ережеге қосылған нұсқауды қолданбаған жəне есепке алмаған кəсіби бухгалтер Тəжірибе бойынша Ережеде қарастырылатын ХСААДРБ Келісім Стандарттарының негізгі қағидалары мен қажетті рəсімдеріне сəйкестік бойынша талапты қалай орындап жатқандығын түсіндіруге дайын болуы қажет.
Халықаралық Стандарт Аудиті мен Ақпараттың Дұрыстығын Растау бойынша Басқарма жариялаған басқа да құжаттар. Басқа құжаттар, мəселен, Талқылау үшін Құжаттар аудит, шолу, ақпараттың дұрыстығын u1088 растау жəне байланысты қызметтер жөніндегі басқа келісімдер, сондай-ақ бухгалтерлік кəсіпке əсер ететін сапаны бақылау мəселесі бойынша жарыссөз бен талқылауларды тудыру; аудит, шолу, ақпараттың дұрыстығын растау жəне өзара байланысты қызметтер, сондай-ақ бухгалтерлік кəсіпке əсер ететін сапаны бақылау мəселелері жөнінде қорытынды жасау үшін жарияланады. Олар аудит, шолу, ақпараттың дұрыстығын растау жəне ілеспелі қызметтер кезінде қолданылуы тиіс қажетті рəсімдер немесе негізгі қағидаларды орнықтырмайды

II. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары
2.1 Қазақстанда халықаралық аудит стандарттарын енгізу

Аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.
Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің ауқымен, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін, сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.
Қазақстанда Халықаралық Аудит Стандарты басылымы алғаш рет 2001 жылы Қазақстан Республикасы Аудиторлар Палатасымен жүзеге асырылды. Басылымға аудиторлар Палатасының президенті экономика ғылымдарының кандидаты С.Х.Көшкімбаев жетекшілік етті. Алғашқы басылым елімізде аудиторлық мамандықтың қалыптасуы мен дамуында ерекше рөл атқарып, аудит стандартын қоғам мүддесі үшін жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында басшылыққа алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар стандарттарды міндетті орындау талаптарының болмауы бизнес саласындағыларды оның қағидалары мен ережелерін əр түрлі пайдалануға, түсінбеушілікке əкеп соқты. Аудитті халқаралық стандарттар бойынша жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттілігі аудиторлық шараларды жүргізумен қатар, оның сапасына жүйелі бақылау жасауды қарастырады, бұл барлығына бірдей бірыңғай міндеттемелер бойынша жұмыс істеуді қамтамасыз етіп, əлемдік аудиторлық қауымдастықтағы интеграцияға жол ашады.
Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:
* жоғары сапалы аудиторлық тексеруді қамтамассыз етеді;
* аудит өткізудің барлық кезеңдері бойынша регламентті анықтайды;
* аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамассыз етеді;
* Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;
* аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;
* аудиторлық тексеру жүргізу іс тәжірибесіне жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;
* ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процессін түсінуге көмектеседі;
* кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;
* мемлекет тарапынан бақылауды жояды;
* аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;
* аудит өткізу процессінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамассыз етеді.
Жалпы стандарттар- аудитор өзінің алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі кәсіби деңгейде орындаудауы үшін оның бойында болуға тиісті белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже.
Жұмысшы стандарттар- аудиттің алдында тұрған міндеттерді (жоспарлау, көзбен шолып байқау және бақылау, дұрыс мәліметтерді жинау және ішкі бақылау жүйесіне тиісінше зерттеу жүргізу және бағалау) орындау кезінде аудиторлар бассылыққа алатын ережелер.
Қорытынды есеп және аудиторлық қорытынды жасау стандарттары- аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша материалдардың нысаны, мазмұны, орналастырылуы және тапсырылуына қатысты стандарттар. Аудиторлық қорытындыда қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік талаптарына сәйкестігі көрсетілуге тиісті.
Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) дайындаған- Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитет (ХАПК). Аталмыш комитет 1997 жылы Нью-Йорк қаласында негізгі қаланған бухгалтерлердің халықаралық федерациясының Кеңесі жанындағы тұрақты комитет болып табылады.
Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының мүшесі болу автоматты түрде, Лондон қаласында негізі қаланған, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі комитетке мүше болуға құқық береді. Бұл екі ұйым бір бірінен тәуелсіз, біріншісі аудитке қатысты болса, соңғысы - бухгалтерлік есеппен байланысты. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының басқа тұрақты комитеттері этика, білім беру, қаржы және басқару есебі, мемлекеттік сектор, ақпараттық технология және мүшелікке алу мәселелерін қарастырады.
Аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі халықаралық аудит бүкіл әлемдегі бірегейлік дәрежесін көтеру үшін солар бойынша стандарттар мен ережелерді жарыққа шығарды.
Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудың белгіленген деңгейін қамтамассызх етеді. Экономикалық реформалармеханизімінің жетілдіруіне қарай аудиторлық стандарттарды уақыт талабына сай ету мақсатымен, оларды кезең сайын қайта қарап отыру қажет.
Республикамызда халықаралық бірлескен фирмалар қызметінің дамуына, сонымен бірге аудиторлық қызметтің аймақтарда енгізілуіне байланысты аудитті халықаралық масштабта үйлестіру қажеттілігі туындады. Тәжірибе көрсеткендей, аудиторлық қызметтің алыс және жақын шетелдердегі даму жолы бірдей, сондықтан аудиттің кезекті мәселелерін шешуші қандай-да бір елдің аудиторлық фирмалардың оның методологиясына, ғылыми және практикалық маңыздылығына көңіл аударды және экономикалық құрылыстың ерекшеліктерін ескере отырып аудит стандарттарын жасайды.
2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен республикалық конференциясында Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары қарастырылып,қабылданды.
Қазақстандағы Халықаралық аудит стадарттары версиясы бухгалтерлер мен аудиторлардың Еуразия аумақтық Халықаралық федерациясының шешімімен негіз етіп алу үшін ТМД елдеріне ұсынылған.
Осы стандарттардың құрылымын қарастырамыз.

Стандарттар
100-199
Кіріспе аспектілер
100
Аудиттің халықаралық стандарттары мен жалғас қызметтерге кіріспе (алғы сөз)
110
Терминдерге Глоссарий
120
Аудиттің халықаралық стандарттарының концептуалдық негіздері
200-299
Жауапкершілік
200
Қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің мақсаты және оны реттеуші прициптер
210
Аудит жөніндегі келісім шарттары
220
Аудиторлық жұмыстардың сапасын бақылау
230
Құжаттау
240
Алаяқтылық және қателер
250
Қаржылық қорытынды есеп беру аудитін өткізу кезінде заңдармен нормативтік актілерді қарастыру
300-399
Жоспарлау
300
Жоспарлау
310
Бизнес туралы білім
320
Аудиттегі маңыздылық
400-449
Ішкі бақылау
400
Тәуекелділікті бағалау және ішкі бақылау
401
Компьютерлік ақпараттық жүйе жағдайындағы аудит
402
Қызмет көрсетуші ұйымдардың қызметін пайдаланушы субъектілерді аудит
500-559
Аудиорлық дәлелдеулер
500
Аудиорлық дәлелдеулер
501
Аудиорлық дәлелдеулер- нақты баптарға қатысты қосымша мәселелер
510
Алғашқы келісімдер бастапқы сальдо
520
Талдамалық процедуралар
530
Аудиторлық таңдау және басқа таңдалған тестілеу процедуралары
540
Бухгалтерлік бағалаулардың аудиті
550
Байланысқан тараптар
560
Кезекті оқиғалар
570
Үздіксіз қызмет ету
580
Субъект басшылығына тапсыру
600-699
Басқалардың жұмысын пайдалану
600
Басқа аудитордың жұмысын пайдалану
610
Ішкі аудит қызметінің жұмыстарын қарастыру
620
Сарапшынын жұмысын пайдалану
700-799
Аудитордың қорытынды пікірлері және қорытынды есепті тапсыру
700
Қаржылық есеп беру бойынша аудитордың есебі
710
Салыстырмалы көрсеткіштер
720
Ішінде аудиттелінген қаржылық қорытынды есп бар құжаттардағы басқа ақпараттар
800-899
Мамандандарылған салалар
800
Арнайы мақсаттағы аудит өткізуге жасалынған келісім бойынша аудиторлық есеп
810
Келешек қаржылық ақпараттарды тексеру
900-999
Аудитке жалғанбалы қызметтер
910
Қаржылық есеп беруге шолу жасау бойынша келісімдер
920
Қаржылық ақпараттарға қатысты елісілген процедураларды орындау дбоынша келісімдер
930

Қаржылық ақпараттарды копижляциялау(құрастыру) бойынша келісімдер

Тексеру жүргізу кезінде аудитор өзінің қызметін ел ішінде қабылданған стандарттардың көмегімен, ал кейбір жағдайларда - өзінің кәсіби тәжірибесі мен түйсігінің көмегімен реттеуге тиісті.
Мысал үшін, өздерінің ұлттық стандарттары бар, АҚШ, Канада ,Англия сияқты өркениетті елдерде халықаралық стандарттар аудиторлық фирмалармен салыстыру үшін қолданылады.
Аудит халықаралық стандартары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, сондай ақ, аудиторлар қолдануға тиісті базалық прициптерді айқындайды. Алайда, ол стадарттар тексеру жүргізу процессінде қолданылатын нақты іс әрекеттерді, тәсілдерді, процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмайды. Ондай мақсаттағы қызметті аудиттің фирмашілік стандарттары атқарады.
Жоғары сапалы қызмет көсетуді қамтамассыз ету үшін аудиторлар мен аудиторлық фирмалар халықаралық аудит стандарттарының негізінде, аудиторлық фирма жұмысының спецификасы ескерілетін және тексеру жүргізудің нақты процедураларының, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылатыны
Сапа менеджменті жүйесінің әзірленген бағдарламасын енгізу
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫНА СИПАТТАМА
Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарының теорияда және тәжірибеде алғашқы қолданылуы
Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде негізгі құралдардың есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыру және оның жетілдіру жолдарын
Аудит жалпылама түсінік; пайда болуы; мәні және түрлері
Қазақстан Республикасында сапа жүйесін сертификаттау
Қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негізі
Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
Пәндер