Жұмыстың хронологиялық шегі


әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Тарих факультеті
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы
Бітіру жұмысыТақырыбы:
Ж. Шаяхметовтың ірі қоғамдық қайраткер ретіндегі портреті
Орындаған: Күндізгі бөлімнің 4 курс студенті тобы: Ис-01к.Құрманқұлов. А. Б.
Ғылыми жетекші: т. ғ. к., доцент
Мекебаев. Т. Қ.
Қорғауға жіберілді:
“ ” 2004ж.
Кафедра меңгерушісі:
г. ғ. д. профессор Қаражан. Қ. С.
Алматы 2004ж.
Мазмұны
Кіріспе І тарау. Ж. Шаяхметовтың өмірі мен қоғамдық-саясикөз қарасының қалыптасуы
- Кеңестік тоталитарлық жүйенің орнығуы жағдайында
мемлекеттік ұйымдардағы қызметі
- Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы республикадағы
Кіріспеқоғамдық-саяси жағдай
ІІ тарау. Ж. Шаяхметовтың Республика басшысы ретіндегі
ұйымдастырушылық қызметі
2. 1 Экономиканы қайта құру және халық шаруашылығын
қалпына келтірудегі жұмысы
2. 2 Соғыстан кейін Қазақстандағы әлеуметтік өмірдегі
қайшылықтар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз еліміздің тарихын, сол тәуелсіздік жолында күрескен аға ұрпақ өкілдерінің өмірі мен қызметін зерттеу қазіргі таңда аса өзекті болып отырған мәселелердің бірі. Болашағымыз өскелең ұрпақты ұлттық сана-сезім, патриотизм рухында тәрбиелеу кез келген мемлекеттің саясаты. Осы орайда, ақтаңдағы көп Кеңес дәуірінің, бүкіл Одаққа белгілі болған көптеген қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі әлі де толық зерттелмей келеді. Бұған себеп, кеңестік дәуірде, халық арасында аса танымал болған мемлекет қайраткерлерінің есімі арнайы жүргізген шаралардың негізінде, жасанды түрде төмендетіліп, кейінгі орынға ығыстырылды, тіпті кей-кезде әдейі ұмыттырылды. Яғни, әміршіл - әкімшіл жүйенің мұқтажына қызмет еткен партиялық идеология ұзақ жылдар бойына олардың қызметін зерттеуге, саяси идеялардың мәнін танып білуге тиым салынды. Бүгінгі өтпелі кезеңдегідей 40-шы жылдардың қаһарлы да аяусыз соғыс кезінде еліміздің болашағының жарқын болуының жолдарын ойластырып, іздестіріп, соны іске асыру үшін жан аямай күрескен қайраткерлердің үлкен шоғыры қуғынға ұшырап, есімдері көпке дейін белгісіз болып қалды. Бұл ұлт санасының жетілуі мен дәстүр сабақтастығына орны толмас зиян тигізді. Кезінде әр түрлі дәрежедегі партия қызметін атқарғандардың, кеңес, комсамол, кәсіподақ ұйымдары басшыларының, социолистік кәсіпорындар мен колхоз-совхоз жетекшілеріні көбі дерлік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбанына айналды. Сондықтан олардың қызметі мен тағдыры арнайы зерттеулерді қажет етеді.
Олай болса, өз заманының перзенті, Қазақстан тарихында терең із қалдырған саяси қайраткерлердің бірі әрі бірегейі қазақ-кеңес номенклатурасының атасы Жұмабай Шаяхметұлы Шаяхметовтың тұлғасы мен тағдырына зерттеу жүргізу осындай тарихи тұлғаларға баға беруге жасалған ұмтылыс болып табылады. Сонымен бірге, мұның өзі өркениетке бел алған ел жағдайында тарихи қайраткерлердің өмірін тану -ел танудың, заман танудың оңтайлы тәсілі ретінде, қолдауға лайықты әбден заңды үрдіс болса керек. Кез-келген тарихи тұлғаға баға бергенде, ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау керек, қажеті мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескерер болсақ, Жұмабай Шаяхметовтың елі мен халқы үшін жасаған жақсылықтарымен, уақыт талабына байланысты жіберген қателіктері таразы басын тең түсіріп жататындай.
Ж. Шаяхметовтың өмір жолын зерттеуде -Қазақстан тарихы көп нәрсе ұтады. Ол Республика басшылығына келгенде соғыстан кейін құлдыраған мәдени-әлеуметтік өмірді, өндіріспен шаруашылықты көтеруде істеген жұмысын ешкім жоққа шығара алмайды.
Міне, осы орайда өзінің бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанның күрделі кезеңіндегі мәселелерді шешуге арнаған Ж. Шаяхметовтың өмірі мен мемлекеттік қызметіне талдау жасап, баға беру шаралары қоға аланбай келгендігі өкінішті-ақ. Әрине, бұрыңғы бірінғай партиялық, таптық көзқарас негізінде ғылыми зерттеулер жүргізген тарихшылардың бұған қалам сілтеп, көсіле зерттеуге мүмкіндігін шектеген тұстары да жасырын емес. Сондықтан, Қазақстан тарихнамасындағы осал тұс, тарихтағы жеке адамдардың рөлін зерттеу дәстүрінің кенже қалғандығы.
Тек соңғы жылдары ғана жекелеген тұлғалардың өмір жолындағы қасиетті де қасіретті қызметін арнайы зерттеу қолға алынып, бүгінгі тарих және уақыт сұранысын қанағаттандыру бағытында бірсыпыра игілікті істер тындырылды. Көптеген тарих тұлғалар, асыл азаматтар тарихындағы өз бағаларын алып, бүгінде арамызда қайта оралғандай болды. Осылар сияқты Ж. Шаяхметов қызметі мн өмірінің сан-қилы жақтарын ашудың ғылыми-теориялық қана емес, практикалық маңызы бар екендігін де түсінеміз. Өйткені, тарихтағы жеке тұлғалардың өмірімен, қызметімен танысу, олардың кезінде халыққа сіңірген адал еңбегі мен жауапты қызмет барысында жіберген қателіктері объективті түрде баға беру өткеннен тәлім алуға, яғни сол қателерді қабылдау арқылы бүгінде және ертеңгі күні осындай қателіктер жібермеуге үйретуге мүмкіндік береді. Оның үстіне ұлттық сананың қайта жаңғырған тұсында, ұзақ уақыт бойы бұрмаланып, бір жақты қаралып, ақиқаты айтылмаған тарихи құбылыстарды қайта ой елегінен өткізіп, шынайы бағасын беруге деген талпыныс күшейе түсті. Сондықтанда Ж. Шаяхметовтың мемлекеттік қызметіне көзқарас, күрделі зерттеулердің қатарындағы тақырып болып табылады.
Сонымен, бұлардың барлығы Ж. Шаяхметовтың өмір жолын зерделеуге арналған бітіру жұмыстың тақырыбын өзекті екендігін аңғартса керек.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Ж. Шаяхметовтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі Қазақстан тарихнамасында осыған дейін жеке зерттеу жұмысының негізі болған жоқ. Ал, 90-шы жылдарға дейінгі тарихи танымдық дүниелерде, өкінішке орай комунистік, таптың көзқарас тұрғысынан көрініс беріп келген жете зерделенбеген қысқа ойлар мен логикалық тұрғыдан келте түйіндердің орын алғаны байқалады. Ж. Шаяхметов жөніндегі негізгі мәліметтерді 70-ші жылдары шығарыла бастаған “Қазақ Совет Энциклопедиясынан” аламыз. /1/ Мұнда қайраткер өмірі хронологиялық негізде баяндалып, оның қайда, қашан және қандай қызмет жасағандығы көрсетілген. Бірақ ол кездегі еңбектердің барлығы партиялық-өктемдік басқару мен әміршіл-әкімшіл жүйенің гүлденіп тұрған кезеңінде жарық көрген.
2002 жылы Ж. Шаяхметовтың 100 жылдық мерейтойына орай республика баспасөзінде көптеген мақалалар шықты. Бұлар да қайраткерді халыққа жақын таныстырып, қоғамдық пікірлердің қалыптасуына ұйытқы болды. Сондай-ақ әдеби-естеліктер жарық көрді. Қайраткердің өмірін зерттеуде олардың олардың авторлары зор үлес қасты. Кейінгі кезде жаңа архив деректерін айналымға еңгізіп, көптеген тарихи құжаттар негізінде еңбек жазуға ұмтылыстың көбейгендігін байқаймыз.
Сонымен қатар біз осы жұмысымыз барысында ірі мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін, естелік-мемуарларын пайдаландық. Соның ішінде халқымыздың аяулы перзенті, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың “Ақиқаттан аттауға болмайды” атты естелік-ессесінде, кезінде жылы жауып қойған кеңестер тұсындағы билік басындағы қазақтар туралы қилы-кезең шындығын айта отырып өзінің Ж. Шаяхметовпен алғашқы кездесуін былай деп сипаттап жазады: “Ұмытпасам 1940 жылдың жайма-шуақ жазы болатын. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің екінші хатшысы Жұмабай Шаяхметов келді. Қасында-Рванцев Жұмекеңді газеттерде шыққан суретінен көрмесем бетпе-бет келіп жүздескен емес едім”-деп есіне алады автор. /2/
Сонымен бірге біз бұл зерттеуімізде еліміздің белгілі тарихшылары, академик М. Қозыбаевтың, Кәкімбек Салықовтың естеліктері, тарих ғылымдарының докторы Әзімбай Ғалидың, Асылхан Құрманбаевтің т. б. зерттеуші -ғалымдардың еңбектерін, мақалаларын пайдаландық.
Тарихи тұлғаның тағдыры ауыр. Оның өзі тірісінде бірге өмір сүрген халық, ел сынайды, өмірден кеткенен кейін де, тағы да заман елегінен өтеді. /3/ Қалай болғанда да Ж. Шаяхметов -Қазақ елінің басы-қасында жиырма жылға жуық болған азамат. Тарихқа сын көзбен қарау барысында мынау тек қызыл бояудан, мынау тек қара бояудан тұрады деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Міне біз біз осы тұрғыдан қарай отырып зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндетін - оның ғұмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін, бұрын тарихымызға белгісіз болып келген немесе қасақана бұрмаланған деректерге сүйене отырып, тарихи шындық тұрғысынан зерттеу.
Тарих кең мағынада айтқанда барлық заттардың бұдан бұрыңғы дамуының барысы болып табылады. Ол табиғат дамуының тарихы және адамзат қоғамының тарихы болып екіге жіктеледі. /4/ Міне осы тұрғыдан алғанда біздің кеңестер тұсында бұрмаланып жазылып келген тарихымыз тәуелсіздік жылдары біраз жаңа бейнеге ие болды. Ұлттық мемлекеттің іргетасын қалай бастаған қазақ халқы үшін өзінің жүріп өткен жолының ғылыми шынайы тарихын жазу қажеттілігі күннен-күнге айқын сезілуде. Өйткені ұлттың бүгінге дейінгі тарихы-оның ертеңгі тағдыры. /5/
Сонымен қатар біз бұл зерттеу жұмысымыз барысында еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерін пайдаландық. Оның тарихи көзқарастарын келтіре отырып жазылды. /6/
Кеңес үкіметі тұсында сол кезеңде ел басқарған ірі-саяси тұлғаларға бір жақты баға беріліп келді. Әрине оның ақиқаттан ауылы алшақ еді. Тарихқа қианат жүрмейді десек, болашақ ұрпақ үшін қажеттіліктен туындайтын тура тарих жазылуы керек. Қалай болғанда да Ж. Шаяхметовтың өмірі мен қызметі, оның жасап кеткен жақсылығы мен қателіктері арнайы зерттеу арқылы хатталуы керек.
Тарихи тұлға дегеніміз-жағдайға байланысты және жеке басының сапасына орай танылған адамды айтатыны белгілі. Сондай тұлғаның бірі Ж. Шаяхметов туралы осы кезеңге дейін арнайы зерттеу немесе ебек жазылған жоқ. Ол туралы тіпті мақалалардың өзі тәуелсіздік жылдарында саусақпен санарлықтай ғана жарияланған. Ол кісінң тағы бір ерекшелігі ешқандай арнайы еңбек жазбауында. Біз бұл жұмыс барысында Ж. Шаяхметовтың сессияларда, съездерде, пленумдарда жеке өзі жасаған баяндамаларын пайдаландық. Осы материалдарды пайдалана отырып, оның еліміздің экономикалық дамуындағы көзқарастары, үлесі, сонымен қатар әлеуметтік саладағы бағыт-бағдарламаларының мәнін, оның режим адамы бола тұра халық мүддесін қорғаудағы рөлін анықтауға тырыстық.
Жұмыстың мақсаты-міндеті.
Біз Ж. Шаяхметовтың саяси мемлекеттік және ұйымдастырушылық қызметінің кезеңдерін зерттеуді мақсат етіп қойдық. Мұнда бұрын кеңестік кезеңде қайраткер туралы көзқарастарға сын көзбен қарап, керісінше тарихымызда айтылмай келген. Мәселенің “ақтаңдақтарын” баса зерттеуге назар аудардық. Осындай игілікті мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысы алдына мынадай міндеттер қойдық:
▬ Әміршіл-әкімшіл басқаруға негізделген тоталитарлық жүйенің орнығуы жағдайында қайраткердің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына назар аудару.
▬ Соғыстан қызметімен оның орнын анықтау.
▬ Партия апараты мен ұйымдары қызметін нығайтудағы рөліне баға беру.
▬ Ж. Шаяхметовтың өмірі мен қызметі бүгінге және болашаққа тарихи үлгі екендігін көрсете келе, қайраткерлердің қажырлы еңбегіндегі іздері жаңа ұрпақ үшін де ұлағатты, әрі өміршең болып қала беретіндігін дәлелдеу.
Жұмыстың хронологиялық шегі. Ж. Шаяхметовтың бүкіл саналы ғұмыры Кеңестік-социалистік қоғам орнату үшін күрес кезеңімен тығыз байланысты. Ол ұзақ жылдар бойы қайшылықты да күрделі саяси оқиғалар мен ірі мемлекеттік істердің бел ортасында жүрді.
Ж. Шаяхметов 1902 жылы 30 тамызда Ресейде, Омбы облысының Шорбаққол ауданында /7/ туылған. Шаяхметовтың партиялық-қоғамдық қызметі Қазақстанға келгеннен кейін басталады. 1923 жылы оның болашақта басқа қызметтерінің бастауы болған жұмысқа орналасады. 1925-1926 жылдары Ақмола губерниясы әкімшілік бөлімшесінің іс жүргізушісі, инспекторы болады.
Ал, 1926-1930 жылдары Петропавл, Алматы ішкі істер органдарында әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1938 жылы үшінші хатшы, 1939-1946 жылдары аралығында республика орталық комитетінің екінші хатшысы қызметінде болады. Қандай қызметте болмасын өзінің қажырлы еңбегімен көзге түскен Ж. Шаяхметов осындай кең де қауырт істерге толы өмір жолын бір ғана бітіру жұмысы көлемінде баяндап шығудың қиын екендігін түсінеміз. Сондықтан біздің бұл еңбегіміз Ж. Шаяхметовтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметінің компартияның орталық комитетіне жұмысқа келу кезеңімен, Республика басшылығынан қуылған ға дейінгі кезеңді алып қарастырамыз. Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері 1938-1954 жылдар аралығын қамтиды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы бұрын-сонды осы қайшылықты тарихи тұлғаны арнайы зерттеген еңбектің болмауы. Сонымен қатар осы бітіру жұмысымызда қайраткердің өз заманының перзенті бола тұра табиғатында аса әдепті, тәрбиелі, адамгершілікке бейім жан ретінде, әміршіл-әкімшіл жүйенің солақай саясатына әрқашан бейімделе бермегендігін де назардан тыс қалдырмауға тырыстық. Жұмыстың тағы бір ғылыми жаңалығы қайраткердің қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін алғаш рет идеологиялық және саяси ықпалдан тыс ашып көрсетуге тырыстық.
Құрылымы . Бітіру жұмысы кіріспеден, мазмұнына сай екі тараудан, әр тарау екі тармақшадан құралған және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер реті мен қосымшалар берілген.
І тарау. Ж. Шаяхметовтың өмірі мен қоғамдық - саяси
көзқарасының қалыптасуы
- Кеңестік тоталитарлық жүйенің орнығуы жағдайында
мемлекеттік ұйымдардағы қызметі
Жұмабай Шаяхметов 1902 жылы 30 тамызда Ресей Федерациясы Омбы облысының Борисов ауданының №1 ауылында дүниеге келген. Өз қолымен толтырған жеке басы туралы парақшада Шаяхметовтың ата-анасы жалшылықта өмір сүрген делінеді. Сол “Батрақ” баласы Жұмабай ауыр тұрмыстың жағдайына қарамастан ол 1913 жылы Ащылыкөл ауылының бастауыш мектебін, одан кейін Омбы облысындағы Полтовское аудандық орыс-қазақ екі жылдық училищесін тамамдайды. /8/
Әкесі Шшаяхметтің екі баласы болған көрінеді. Үлкенінің аты-Айтыш, ол ірі денелі келген, бойы екі метрге жуық алып, ал кішісі орта бойлы Жұмабай (162 см) еді. /9/
1917 жылы оқуын бітірген соң Жұмабай ауыл мектебінде екі жылдай мұғалім болып қызмет істейді. 1919-1923жылдар аралығында Теке болыстық атқару комитетінде хатшы болып орналасады. Бұл кезең елімізде билікке большевиктердің келуімен тұспа-тұс келген уақыт еді. Ол Ресейде қызмет еткен мектебі жабылған соң Қазақстанға келген. Ол оның өміріндегі дұрыс қадамдардың бірі болатын.
Ал 1923 жылы оның болашақта басқа қызметтерінің бастауы болған жұмысқа орналасады. 1925-1926 жылдары Ақмола губерниясы әкімшілік бөлімінің іс жүргізушісі, инспекторы болады. Ал 1926-1930 жылдары Петропавл, Алматы ішкі істер халық комиссары органдарында әр түрлі жауапты қызтеттер атқарған. /10/ 1926-1928 жылдары Петропавл округі бойынша “Қосшы ” одағының іс-жүргізушісі, кейіннен хатшысы болады. Қазақ тілін жетік білгендігінің арқасында Ақмола губерниялық комиссиясында хатшы болып жұмыс істейді.
Оқуы аз болса да өмірлік тәжербиеден тоқығаны көп, ойы ұшқыр, пайымы сергек, сөзі өткір Ж. Шаяхметов қызметінің қыр-сырын жетік меңгере білгендіктен ол басшылар көзіне тез түседі. Кеңес үкіметі жер-жерлерде өз ықпалын орната бастағанда, билік басында Жұмабай Шаяхметов сияқты азаматтар болуы заңдылықта еді. Себебі оның мінезіне берген баға соған меңзейді. “Әрине еңбек жолын ауыл мұғалімдігінен бастап, Орталық комитеттің әуелі үшінші, енді екінші хатшысы қызметіне дейін билікке көтерілген өмірдің ащы-тұщысын бірдей бастан кешірген Жұмакең ешкімге есе жібере қоймайтын”/11/ деп есіне алады Д. А. Қонаев.
Ж. Шаяхметов 1924 жылы Майнұр Чакабаевамен заңды некелерін қияды. Майнұр 1907 жылы туылған шешесі татар, әкесі Ғали тобықты руының қазағы. Жалпы Жұмабай мен Майнұрдың жеті баласы болған. Олардың екеуі жас кезінде шейіт болып кетеді. Үлкен ұлы Равиль 1927 жылы дүниеге келген, одан кейін Сеил және Ноэл-1931 жылы дүниеге келген. Ол қазір медецина саласында үлкен ғалым. Кезінде М. Өтемісұлының бет-бейнесін жасауда үлкен жұмыстар жүргізген және соны медециналық тұрғыда дәлелдеп шыққан азамат Атырау облысы Индер ауданында батырдың басында қазба жұмыстар жүргізді. Қызы Алма 1934 жылы дүниеге келген, қазір Алматыда тұрады. /12/
1928 жылы оны ВКП(б) -ға мүше етіп қабылдайды. Ол кезде заң қызметкерлері елімізге ауадай қажет еді. Ол заман талабы. Сол мақсатпен оны 1932 жылдың күзінде Мәскеуге Нариманов атындағы Шығыстану институтына оқуға түседі. Ол институтқа кезінде көптеген чекистерді оқуға жіберген болатын. Ж. Шаяхметов институттың сыртқы сауда факультетінде оқиды. Ол кезде институт Мәскеу Мемлекеттік Университетінің қарамғындағы оқу орны болатын.
Жұмабай әйелі Майнұр, балалары Равил мен Ноэл төртеуі Мәскеу түбіндегі Новоалексеевка поселкесінде бір бөлмелі пәтерде тұрады. Бірақ ашаршылық жылдары оқуға мүмкіндігі болмай, бірінші курсты бітірген қалпы 1933 жылдың көктемінде елге оралады. /13/ Бұл кезде әділетсіздік, асыра сілтеушілік орын алған жылдар. Ол да пенде ғой, заман ауқымынан, үкімет талабынан асып кете алмағанымен, іскерлігімен көзге түсіп, халық арасында беделді болған. Қазақстанға қайтып келісімен оның ОГПУ-НКВД1 жүйесіндегі қызметі жалғасады. Осы күрделі кезең Шаяхметов тоталитарлық жүйенің репрессияларына қатысы жоқ деген дерек жоқ. Сол кезеңдегі оның атына жазылған мінездемелер принціпшілдігі аталып, “Халық жауларымен ” аяусыз күрескендігі көрсетілген. Уәкілдің көмекшісі, кейінен уәкіл, бөлім меңгерушісі, Ақмола облыстық ішкі істер басқарушысының орынбасары, одан кейін Петропавл ОГПУ округтік бөлімінде құпия қызмет атқарғанға ұқсайды. Ішкі істер жұйесіндегі он жылдай (1928-1938) қызметінде ол қатардағы агенттен Ақмола және Алматы ішкі істер басқармалары бастығының орынбасары дәрежесіне дейін өскен. Мәскеу бастаған саяси қуғын-сүргін шаралары Қазақстанда да жалғасын тауып жатуы таңғаларлық жағдай емес, ал ол кезеңнің заңдылығы еді. Әрине қазіргі кезде жазылып жүрген мақала авторлары Ж. Шаяхметовты ОГПУ-НКВД жүйесіндегі “қырағы ” қызметі арқасында осындай үлкен қызметке келді деп есептейді. Ол солай ма еді? Мысалы Шаяхметов үкілі Ыбырайды қудалады деген қазір бекер әңгіме екені дәлелденіп отыр. Оған дәлел қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықовтың бұл туралы: “Шаяхметов ол кезде Айыртау ауданының ГПУ-інде істейді, тергегені де рас.
Бірақ Ыбекең аман қалды, барыңыз деген көрінеді. Ауылына келген соң Ыбырай тағы бір нәрсе бүлдіріп, екінші рет үстіне арыз түскенде оны енді Қызылжарға алып кетеді. Ол кезде Шаяхметов ештеңе істей алмайтыны белгілі”. /14/-деп жазады.
ХХ-ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстандағы ұлт зиялыларына қарсы, сонымен қатар Алаш париясы мен қозғалысының жетекшілеріне қарсы ұйымдастырылған сот процестері басталады. Бірінші процесстің барысында 47 адам тергеуге алынып, 10 адамға әуелі өлім жазасы кесіліп, кейін оларды 10 жылға концлагерге жібереді. 1932 жылы екінші сот процесінің үкімімен М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов бастаған Алаш қозғалысы басшыларының екінші тобы бес жылдық мерзімге Россияның Орталық Қара топырақты облысында (қазіргі Воронеж облысы) жер аударылады. ОГПУ-дің осы екі үкімі құрбандарының тірі қалып, елге оралғандары 1937-1938 жылдары түгелге дерлік “халық жауы” деген жалған айыппен ату жазасына кесілді. /15/
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz