Істі бірінші сатыдағы сотта қараудың ерекшеліктері
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Азаматтық іс жүргізудің ұғымы, мазмұны
бірінші сатыдағы соттың іс жүргізу түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Істі бірінші сатыдағы сотта қараудың ерекшеліктері ... ... ... .9
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Кіріспе
Қазакстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар — азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық, бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындатын даулар.
Республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформа сот қызметін жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы болікпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу барысында судья істі сотта қарауға дайындық жүргізуге тиіс, өйткені азаматтық процесте алдын ала тергеу сатысы болмайды. Істі тыңдау белгіленген бір сот отырысында қарау дайындыктың жүргізілі сатысына байланысты. Судьяны істі дайындау мен сотта қарау жөніндегі іс жүргізу әрекеттерінің тізбесі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 170 бабында берілген. Іс жіткілікті дәрежеде дайындалған деп таныған соң судья оның қаралуын белгілеу туралы үйғарым шығарады.
Менің бұл жұмысымның негізгі мақсаты –ол Қазақстан Республикасындағы бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлерін сондай-ақ жалпы азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны т.б. мәселелерді жете қарастыру болып табылады.
1. Азаматтық іс жүргізудің ұғымы, мазмұны бірінші сатыдағы соттың іс жүргізу түрлері
Сотта азаматтық іс Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8, 56, 57 баптарына сәйкес өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша, прокурордың арызы бойынша, заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады .
Азаматтық іс қозғау – ол азаматтық процестің бірінші және маңызды сатысы.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 152 бабына сәйкес азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке дара шешеді. Арыз сотқа түскен күннен бастап бес күннің ішінде судья істі қозғау жөнінде үйғарым шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауы іске асырылатыны немесе бұдан бас тартылатыны соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады.
Құқықты сот қорғауының маңызды кепілдігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 153 бабында арызды қабылдаудан бас тарту үшін негіздердің бәрін қамтитын тізбесі көзделген. Судья арызды қабылдаудан бас тарта отырып, бұл туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Ұйғарымда судья, егер іс соттың қарауына жатпаса, арыз берушінің қандай органда жүгінуі керек екенін не істің пайда болуына кедергі жасайтын мән-жайларды қалай жоюға болатының көрсетуге міндетті. Заңда судьяның арызды қабылдаудан бас тарту ұйгарымына жоғарғы тұрған сотқа шағым жасауға немесе прокурордың наразылық келтіруіне жол береді.
Азаматтық істі қозғаудын алдында мүдделі адам талап-арыз, шағым (арыз) береді.
Талап-арыздың берілуімен талап бойынша іс қозғалады. Талап бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқық қатынастарынан тұындайтын субъектівтік құқық-немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу құкығынын нормаларымен реттелген қызметі.
Мүдделі адамның бұзылған немесе дау туғызған субъективті құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін құқық туралы дауды шешу жолымен қорғауды талап етіп сотқа жүгіну талап-арыз деп алады.
Талап қоюшының қандай талап қоюына қарай талапатар беру туралы (өндіру немесе орындау), тану (анықтаушылық) және өзгертушілік туралы (мысалы, некені бұзу туралы) талап қою болып бөлінеді. Талаптардың көпшілігі өндіру туралы (алимент өндіріп алу туралы, денсаулыққа немесе мүлікке келтірілген залалды орнын толықтыру туралы, көшіріп жіберу және басқалары туралы) болады. Тану туралы талап кою соттың өз шешімімен талап қоюшы мен жауапкер арасында құқық қатынастары бар-жоғын анықтап, айқын емес, күмәнді жәйттерді жоюына бағытталған (мысалы, әке болуын анықтау туралы, өсиетті жарамсыз деп тану туралы).
Талап-арыз оның нысанасы мен негіздемесіне бөлінеді. Олар талаптың элементтері, оның құрамдас бөліктері деп аталады. Практикада бір талап арыз екіншісінен солар бойынша ерекшеленеді. Заңда сотқа қайталап ұқсас талап қоюға жол берілмейді (Азаматтық іс жүргізу кодексі 153 бабының 4 тармағы). Ол сотта қағазбастылық туғызады, соттың беделін түсіреді және сот қаулыларының тұрақтылығын бұзады.
Сотта азаматтық істердің көпшілігі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150 бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер (ақпарат) бар арыз беру арқылы қозғалады. Егерде арызды өкіл (адвокат, юрисконсульт) берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет.
Талап қойылған арызға- талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші жақтың санына қарай көшірмелерімен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына қарай талапкерді талап қойылған арызға қосылған құжаттарыдың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 151 бабы). Талап қойылған арыз бен құжаттардың көшірмесі жаупкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.
Істі сотта дербес жүргізу үшін мүдделі адамның іс жүргізу қабілеті болуға тиіс (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 46 бабы). Бұл - сотта өз құқықтарын тікелей өзі жүзеге асыруға және істі жүргізуді өкіліне тапсыруға қабілеттілік деген сөз.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап аяушылары немесе қаміқоршалары қорғайды, сот мұндай істерге қатысуға кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін де тартуға міндетті.
Еңбек қатынастарынан және алатын табысына, стипендиясына, өзгеде кірісіне және өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік етуге байланысты мекемелерден туындайтын істер бойынша кәмелетке толмағандардың сотта өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін тікелей өзі қорғауға құқығы бар. Мұндай істерге қатысу үшін кәмелетке толмағандарда көмек корсетуге олардың ата-аналарын, асырап алушыларын немесе қамқоршыларын тарту соттың ұйғаруына байланысты болады.
Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ психикалық аурудың немесе ақыл-есінің кемістігі салдарынан әрекетке қабилетсіз деп танылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері — ата-аналары, асырап алушылары және қорғаншылары қорғайды.
Заңды өкілдің өкілеттігі төлқұжатпен немесе арнаулы куәлікпен куәландырылады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 63 бабы). Басқа өкілдердің істі жүргізуге өкілдігі Азаматтық іс жүргізу кодексі 62 бабының талаптарына сәйкес рәсімдеуге тиіс.
Сотқа берілетін талап қойылған арызға баж төленуге тиіс (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 101 бабы, "Мемлекеттік баж туралың 1996жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Рсспубликасы Заңының 3 бабы).
Азаматтық, істі қозғай отырып, бес күннің ішіндс судья ұйғарым шығарады да, сонымен бірге істі өндірісіне қабылдайды және сол кезден бастап нақты іс бойынша процесс пайда болады.
Осыдан кейін судья істі соттың қарауына әзірлейді, мұның мақсаты істі дұрыс және мезгілінде қарау мен заңды және негізді сот шешімін шығару болып табылады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 166 бабы).
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 174 бабына сәйкес аталған істерді қоспағанда, азаматтық іс екі ай ішінде қаралуга тиіс. Істі дайындау 7 күн ішінде жүргізіледі, күрделі істер бойынша судья далелді ұйғарым арқылы оны бір айға дейін ұзарта алады.
Істі дайындау кезінде судьяның алдында мынадай міндеттер тұрады: 1) дәлелдеу нысанасын, яғни істі сот отырысында қарау кезінде сот нақтылауға тиіс болатын заңдық фактілар шеңберін дұрыс анықтау; 2) тараптардың арасындағы құқықтық қатынасты анықтайтын және қандай заңды басшылыққа алатынын шешеді; 3) іске қатысатын адамдардың құрамын, яғни іс кімнің (прокурордың, үшінші тұлғалардың, мемлекеттік басқару органының, кәсіподақтардың және басқалардың) қатысуымен қаралуға тиіс екенін анықтау; 4) іске қажетті айғақ материалдарының бәрін шоғырландыру.
Азаматтық, іс бойынша айғақтар сот заңымен белгіленген тәртіппен негізге алып, тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын айықтайтын кез келген нақты деректер мен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлар болып табылады.
Бұл деректер мынадай амалдармен: тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың көрсетуімен, жазбаша айғақтармен, заттай айғақтармен және сарапшылардың қорытындыларымен анықталады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64 бабы).
Дәлелдеу міндетін заң тараптарға (талап қоюшы мен жауапкерге) жүктеледі. Дәлелдеу процесіне іске қатысатын басқа да тұлғалар (үшінші жақтар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары және басқалар) қатысады.
Істі мәні бойынша шешу байланысты болатын фактілер дәлелдеу заты деп аталады. Іс үшін маңызы бар, дәлелдеуді қажет етпейтін фактілер болатынын атап өткен жөн.
Олардың қатарына мыналар жатқызылған: 1) сот таныған жалпыға мәлім фактілер (дүлей зілзала, жер сілкінісі, су басу, өрт және басқалар); 2) преюдициялық фактілер, яғни бір азаматтық іс бойынша соттың шешімімен заңды күшіне енген анықталған фактілер нақ сол тұлғалар қатысатын басқа да азаматтық істерді қарау кезінде қайтадан дәлелденбейді (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 71 бабы).
Талаптардың сипатына, істің қарапайымдылығы мен қиындығына қарамастан, судья істі сотта қарауға дайындық жүргізуге тиіс, өйткені азаматтық процесте алдын ала тергеу сатысы болмайды. Істі тыңдау белгіленген бір сот отырысында қарау дайындыктың жүргізілі сатысына байланысты. Судьяны істі дайындау мен сотта қарау жөніндегі іс жүргізу әрекеттерінің тізбесі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 170 бабында берілген. Іс жіткілікті дәрежеде дайындалған деп таныған соң судья оның қаралуын белгілеу туралы үйғарым шығарады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 173 бабы).
2. Істі бірінші сатыдағы сотта қараудың ерекшеліктері
Сотта қарау - бірінші сатыдағы сотта істі мәні бойынша қарау мен шешу. Істің қозғалуын сот міндетті түрде қарауға тиіс. Процестің бұл сатысында азаматтық іс жүргізу құқығының (тараптардың жарусышылығы мен тең құқылығы, объективті ақиқат, заң мен сот алдында барша жұрттың теңдігі, жариялылық, сот ісін жүргізу тілі, судьялардың әділдігі, үздіксіздігі, тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана диспозитивтілігі және басқалар) принциптері мейілінше толық көрінеді.
Диспозитивтік құқықтың бұл саласының сапалық ерекшелігін білдіреді, ерекше салалық принцип болып табылады. Оның мәні мынада: азаматтық істің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz