Мұрагерлік құқықтық қатынастың субьектілері


1. 2. Мұрагерлiк құқықтың объектiлерi. Мұраның құрамы . . . 10
1. 3. Мұраның ашылуы және ашылу орны . . . 14
1. 4. Мұрагерлік құқықтық қатынастың субьектілері . . . 18
2-тарау. МҰРА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ТҮРЛЕРI
2. 1. Өсиет бойынша мүрагерліктiң ерекшелiктерi . . . 22
2. 2. Өсиеттік бас тарту (легат) . . . 27
2. 3. 3аң бойынша мұрагерліктің ерекшелiктерi . . . 30
Қортынды . . . 37
Пайдаланылған Әдебиеттер . . . 39 КіріспеҚазақстан Республикасы барлық уақытта өз халқының тұрмыс халін жақсарту үшін үлкен қамқорлық көрсетуде. Ол әсіресе егемендік алғаннан соң 10 жылдан астам уақыт ішінде үлкен жетістіктерге жетуімен дәлелденеді. Осыған орай, мемлекет көрсеткен қамқорлық әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде азаматтарға мүлікті жеке меншікке беру, оны үлестіру және ортақ мүлікті бөліп беру, азаматтың өзіне тиесілі болатын мүлкін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру құқығының жоғарғы сатыда жүзеге асырылуымен айқындалады. Бұл жағдай жыл сайын халықтың кірісі жоғарлағандығынан және азаматтардың жеке меншік обьектілері шеңберінің ұлғаюынан көрінеді.
Бұл тақырыптың өзектілігі азаматтың жеке меншіктік құқығының өсуін анықтау және оларды қазіргі қоғамдағы мұрагерлік құқық шартымен байланыстыру қажеттілігінен көрінеді.
Мұрагерлік мирасқор заңда қарастырылған ережелерге сәйкес өсиет және заңды мұрагерлікке негізделіп жүзеге асырылады.
Егеменді ел болып, өз тәуелсіздігімізді алғаннан соң, ҚазССР-нан қалған заңдарды демократиялық мемлекетімізге сәйкестендіруге бағытталған бірқатар жаңа заңдар қабылданып, Ата заңымызға және түрлі құқық салаларына қатысты заңдарға, соның ішінде мұрагерлікті реттейтін заңдарға да жаңа ережелер енгізілген. Айта кететін жайт, бұрын ҚазССР-ң 1963 жылғы Азаматтық кодексі мұрагерлікке қатысты 35 бапты қамтыса, ал қазіргі 1999 жылдың шілде айының 1-ші жұлдызында заң күшіне енген Қазақстан Республиқасының Азаматтық кодексі 46 бапты қарастырған.
Қазіргі танда Азаматтық заңдар бойынша әкеден қалған мал-мүліктің балаға, ұрпағына заңды негіздерге сәйкес, құқықтық тәртіптермен ауысуы қарастырылады. Осыған орай, мұрагерлік құқық жан-жақты үлкен мәселенің маңыздылығына ие, ол бірінші кезекте нарық қатынасының енгізілуі нәтижесінде азаматтардың мүлікке жеке меншік құқығы бекітілді. Аталған жағдайға сәйкес мұрагерлік құқық бойынша ауысатын мүліктік обьектілер шеңберінің саны едәуір ұлғайды. Мәселен, бұрын мұрагерлік бойынша ауысатын құнды мүліктердің қатарында автокөлік, саябақ, жинақ қоры (азаматтардың көбісі мұндай мүлікке ие бола алмаған) табылса, ал қазір мұрагерлік құқықтың обьектісі ретінде пәтер, тұрғын үй, жер учаскелері, акция пайыздары және т. б. мүліктің түрлері табылады. Осыған байланысты Азаматтық кодексте мұрагерлік құқықты реттейтін нормалардың қатары кеңейген. Бұл нормаларды дұрыс бағытта реттеу және қолдану қазіргі кезде ауқымды мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мұрагерлік құқық үшін негіз болатын жаңа қағидалар мен ережелерді енгізді, олар: мұрагерлік құқық мирасқорлығының әмбебаптылығын, ұсыну құқығы бойынша мұрагерлікті, мұрагерді қосымша тағайындау, өсиеттік бас тарту, өсиетті жүктеу, мұрадағы міндетті үлеске құқық және т. б.
Осы кезге дейін бұрын-соңды мұрагерлікке қатысты кейбір ұғымдар мен терминдерге нақты түсінік берілмеген (мұра массасы, мұралық трансмиссия және т. б. )
Мұагерлік құқық ұғымына түсінік беру барысында көптеген авторлардың көзқарасы әртүрлі, яғни бірі азаматтың қайтыс болғаннан кейін оның мүлкі бірнеше субьектілердің қатысуы нәтижесінде күрделі комплекстік құқықтық қатынастарды тудырады десе, екінші көзқарас мұрагерлік құқықтық қатынастағы күрделі комплекс көбінесе мұрагерлік құқықтың терминологиясына сәйкес еместігін ескертеді. Қорыта айтқанда, цивилистердің мұрагерлік мирасқорды әртүрлі түсінуінде екенін байқаймыз.
Жалпы мұрагерлік құқықта қайтыс болған азаматтардың мүлкі көптеген күрделі құқықтық қатынастар туғызады және де бұл бірнеше субьектілердің қатысуы нәтижесінде туындайды. Мұрагерлік құқық мәселелерін зерттеуде методологиялық мағына бар және оның дәрежесін дұрыс анықтауымыз керек. Олар: мұралық масса, мұралық мүлік, мұраның құрамы, мұра мирасқорларының объектілері, мұрагерлік құқықтық қатынас, мұрагерлік мирасқорлар.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеуге қатысты заңдарды талдап, мұрагерліқ құқықтың объектілерінің шеңберін анықтау, сонымен қатар мұрагерліктің өсиет және заңды мұрагерлік бойынша жүзеге асырылуын заңды түрде жетілдіру.
1-тарау. МҰРАГЕРЛIК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР- Мұрагерліктiң түсінігі
Мұрагерлік тәртіп бойынша ең бірінші міндеттеме құқығының мазмұнын құрайтын өзге де мүліктік құқықтар мен міндеттер, сонымен қатар меншік құқығы, авторлық және өнертапқырлық құқықтық қатынастар ауысады. Заңда көрсетілген жағдайда, мұра қалдырушының мұрагерлеріне белгілі бір мүліктік құқықтар мен міндеттер ауысады (авторлық куәлікті алу құқығы) . Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты құқықтар мен міндеттер мұрагерлік бойынша ауыспайды (мысалы: алименттік құқықтары мен міндеттер) . Мұрагерлік өсиет бойынша және заңды мұрагерлік бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқыңдалмаған кезде (өсиет жарамсыз болып танылса, өсиет бойынша танылған не заңда көрсетілген мұрагерлер мұрадан бас тартса, сонымен қатар мұрагерліктен лайықсыз мұрагерлер шеттетілсе) мұрагерлік заң бойынша орын алады, яғни занда көрсетілген кезек тәртібі бойынша мұрагерлер мұрагерлікке шақырылады1.
Мұрагерлік құқық институтының тарихына үңілсек, буржуаздық идеологтар атап айтсақ: Г. Граций, Б. Чичерин мұраны табиғи құқыққа жатқызды. Олардың зертеуінше, табиғат адамды жаратты және сол бойынша инстинкт арқылы өзіне тиесілі болған мүлікті кейінгі ұрпақтарына қалуы керек деген тұжырымға келген.
География бағытын негізін қалаушысы буржуаздық социолог Шарль Монтескьенің айтуы бойынша: - табиғи құқығының заңды мұрагерлік құқығына ешқандай қатысы жоқ, - деп түсіндірді. Солай болғандықтан, занды мұрагерлік құқығының нормалары сол елдің саяси қоғамына сәйкес азаматтық заңдарында қаралуы керектігін дұрыс деп есептеді. Ол табиғи құқыққа баланы асырау міндетін кіргізді де, ал мұраның оларға берілуі азаматтың және мемлекеттің құқығында деп көрсетті.
Немістің идеалист философы Лейбниц өзінің мүлкін өлмейтін жандарға өсиет ету керек деп дәлелдеді. Оның айтуынша, егер де жан өлмейтін болса, онда өсиеттің шыққан күші болмас еді деп түсіндірген.
Ал Гегельдің ойынша, мұра құқығының негізі ең алдымен жанұяның қарым-қатынасы нәтижесінен туындайтынын және мұра бойынша ауысатын мүлікті жанұядағы әрбір адамға ортақ деп қарауды дұрыс тапты. Қорыта айтқанда, Гегель өз кезегінде мұра құқығының ең басты ұстамы ол мұралық мүліктің жанұядан тыс кетпеуінде деп көрсетті.
Буржуаздық идеолог А. Тьер: “Меншік иесі мұрагерлік құқық бойынша өзіне тиесілі болған мүлікті мұрагерлеріне беруінің заңды екенін дәлелдеді. Дегенменде, ол меншік тіршілік етпейді деді. Егер де мен өзіме тиесілі мүлікті сол бойында тұтастай сыйлай алмасам не жұмсап тұтына алмасам немесе егер де мен оны бөгде адамдарға сыйласам, онда мен әлдеқашан балаларыма сыйлар едім” - деп көрсетті.
Тьердің қорытындысы бойынша заң шығарушы өкілдер меншік иесіне кімге мүлікті мұра етіп қалдыру еркіне шек қоймауы керек деп көрсеткен.
Сонымен, мұрагерлік мүліктің қандай болу керек жөнінде буржуаздық идеологтар әртүрлі ой пікірлер айтты. Алайда, ең негізі олардың бір-бірінен айырмашылығы болмады, яғни олардың барлығы да меншіктің ұрпақтан-ұрпаққа қалуын анықтады.
Буржуаздық құрылымға күресушілер, көрнекті саяси қайраткерлер К. Сен-Симон және оның оқушылары Ф. Лассаль, М. Бакунин және т. б., олар буржуаздық қоғамдағы мұрагерлік құқық бағытын социалистi қайта құру деп есептеді.
Мұрагерліктің мәнін ең бірінші Карл Маркс ашты. К. Маркс 1869 жылғы 1-ші Интернационалдық Кеңесінде Базель конгрессіндегі баяндамасында былай деп көрсеткен: “Мұрагерлік құқығының социалдық мәні бар, солай болғандықтан мұрагер қайтыс болушының өмір бойы ие болған құқығын, соның ішінде өзінің меншік көмегімен бөгде біреудің еңбекті иелену қүқығын қалдырады”, - деп түсіндірген.
Мұра мүлкі ең бірінші жылжымалы мүліктерде кеңейтіліп түсіндірілді.
Сонымен, мұрагерлік құқық - бұл күрделі институт, ол өнегелі бастаулармен және халықтардың діни көзқарастары мен әдет-ғұрыптарына байланысты (көптеген елдерде мұрагерлік құқық діни көзқарастармен реттелінген) .
Бұл байланыстар мұрагерлік құқыққа белгілі бір қоғаудағы сақтықты білдіреді.
Меншік құқығының өзгеруі мұрагерлік құқыққа үн қоса қоймады. Бұл тұрғыда И. Б. Закировтың айтуынша, егер кез-келген социалды революция меншігі бұрынгы заңдар мен меншік қатынасындағы құқықтық реттеулерді өзгертетін болса, онда меншік құқығы мұрагерлік құқығы төңірегінде белгілі бір заңдарды сақтауы мүмкін2.
Мүліктің көлемі мен бағасы және азаматтың жеке меншігіндегі мүлік шектелмейді. Сонымен қатар, егер заңда өзгеше туындамаса, ол жеке мүліктердің түрлеріне салық мөлшері заңда көрсетілген табысқа байланысты болады.
Жалпы, қайтыс болушының осы обьектілер шеңберіндегі мүліктер өзінің мұрагерлеріне заңды негіздерге сәйкес ауысады.
Қорыта айтқанда, жалпы мұрагерлік құқық азаматтық құқық саласының бөлігі болып табылады. Ол қайтыс болушының құқықтары мен мiндеттерінің заңда белгіленген тәртіп бойынша мұрагерлеріне ауысуын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
1964 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі “Мұрагерлік құқық” бөлігі мұрагерлік мүлікті толығымен тұтынуыға бағыт көрсеткен, алайда онда мүліктің нақты түрлеріне, ерекшелігіне көңіл қойып ескертпеген. Азаматтың жаңа объектілеріне меншік құқығын реттейтін заңдық актілер кей жағдайда сол мүлікке мұралық ету мен азаматтық кодексінің тәртібінде, сонымен қатар шаруашылық серіктестік үлесін мұрагерлік ету туралы жеке ережелер қарастырылады. Бірақ, әлі де бірікпеген осы ереже толық өндеу мен талдауды талап етеді.
Қазіргі таңда мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың саны көбейді. Егер ҚазССР-ның 1964 ж. Азаматтық кодексіндегі, VII “Мұрагерлік құқық” бөлімі 35-баптан тұрса, ал қазіргі Мұрагерлік құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (57-60) VІ-бөлімінде, 57-60 тараулардағы 46-бапты қамтиды. Мұрагерлік құқық бөлімі 4 тараудан (57-60), яғни 1 тарауы (57) Мұрагерлік туралы жалпы ережелер 8-баптан(1038-1045) ; 2-тарауы (58) . Өсиет бойынша мұрагерлік (1046-1059) 14-баптан; 3-тарауы (59) . Занды мұрагерлік 12-баптан (1060-1071) ; 4-тарау Мұра алу (60) 12-баптан (1072-1083) тұрады.
Мұрагерлік тұлғаның қайтыс болуы салдарынан пайда болатын күрделі комплекстік қатынас. Мирасқор үшін, мұра қалдырушының құқығы мен міндетінің мұрагерлеріне ауысуын бір ғана заңдық факті деп қарау аз (мұраның ашылуы), бұған қоса оқиға болған жерде маңызды. Заңдық фактінің құрамы да күрделі комплекстік мұрагерлік құқықтық қатынасты тудырады және бұл комплекске азаматтық құқықтық қатынас кіреді. Азаматтық құқықтық қатынастар (азаматтың құқығы мен міндеті) оқиға мен әрекетті құрайды. Азаматтың құқығы мен міндеті құқықтық қатынастан тыс аспауы тиіс. Осыған орай, мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болуы мен субьектінің құқығы мен міндетiн талдау барысы оның мұрагерлік құқыққа тиісті еқенін білуіміз қажет. Мұрагерлік құқық қоғамдық қатынастардың ерекше түрі болып табылады, яғни ол мүліктердің бір жақтан екінші жаққа ауысуы нәтижесінде пайда болады. Бұл ауысуы, экономикалық құбылыс сияқты. Экономикалық қатынастар жағынан, қайтыс болушының мүлкі мұрагеріне ауысу азаматтың заңдық нормаларымен реттеледі3.
Мұрагерлік құқық мүліктердің ауысуын реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар барлық мүліктік құқықтардың ауысуындағы тәртіптер мен міндеттерді, сонымен қатар қайтыс болған адамның қарыздарын өтеуін реттейді. Қорыта айтқанда, мүра қалдырушыға тиесілі жеке менінік мүлкінің мұрагердің жеке меншік мүлік болып қалуын қамтамасыз етеді.
Ал, мұрагерліқ құқықтың пәні болып барлық мүліктердің жиынтығы табылады. Мұра қалдырушының мүліктік құқығы мен міндеті қандай болса, егер заңда өзгеше туындамаса, мұрагерлерде тап сондай құқыққа ие болып, соған міндеттелінеді.
Қазіргі уақытта мұрагерлік құқық жан-жақты үлкен мәселелерге ие. Бұл нарықтық қатынастың құрылу нәтижесі азаматтардың жеке меншік мүлікке құқығын бекітуі, яғни мұрагерлік құқық бойынша ауысатын мүлік объектілердің шеңбері едәуір ұлғаюының себебінен болса керек. Егемендік алғаннан соң 10 жылдам уақыт аралығында көптеген заңдарды қабылдадық. Ол, мұрагерлік құқыққа қатысты ережелер, Кеңес тұсындағы ескі заңдарды экономикалық және саяси мемлекетімізге сәйкес түрлендірдік. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 6-шы бөлімі мұрагерлік ережелеріне арналған.
Сонымен қорыта айтсақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі мұрагерлік құқықты жеке сала ретінде бекіту керектігі ұсынылса. Өйткені мұра қалдырушыға тиесілі болған мүліктердің мұрагерлеріне ауысуының өзі күрделі құқықтық қатынас тудырады. Сонымен қатар, мұрагерлік екі негіз бойынша өсиет немесе заңды мұрагерлік жүзеге асырылуының өзі және мұраны алу мен мұраны қорғау жөне т. б. үлкен әлі толық көлемде зерттелмеген мәселелер біріне айналып отыр десекте болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1038-шы бабына тоқталсақ, яғни мұрагерлік азаматтың жеке меншік құқығының пайда болуы негізінен туындайды, солай болгандықтан қайтыс болған азаматтың құқығы мен міндеті мұрагерге ауысады. Осыған байланысты мұрагерлік құқығына кең көлемде анықтаманы төмендегіше беруге болады, Қазақстан Республикасының Азаматтық қодеқстің 1038-ші бабының 1-ші бөлігін мына түрде көрсеткен жөн: “Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің құқықтары мен міндетгерінің басқа адамға (адамдарға) мұрагерге (мүрагерлерге) ауысуы” 4 .
Мұрагерлік азаматтың жеке меншік құқығының пайда болуы негізінен туындайды, яғни қайтыс болған азаматтың құқығы мен міндеті мұрагерге ауысады. Осыдан туындайтын мұралық масса, яғни бұл мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейінгі мүліктер жиынтығының (жылжымайтын және жылжымалы мүлік) мұрагерлеріне ауысуын айтады. Мұрагерлік құқық - мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін ашылады. Мұра ашылуы кезіндегі мұраның орны мен уақыты көптеген сұрақтарды шешу үшін маңызы зор. Мәселен, мұраның ашылу уақыты мыналарды: мұралық мүліктің құрамын, мұрагерлердің мұралық мүлікке меншік құқығының пайда болуын, мұралық мүлікті қабылдау немесе одан бас тартуды және т. б. анықтау үшін маңызы бар5.
Мұрагерге, сонымен қатар мүліктік құқық пен міндет ауысады. Бұл дегеніміз тек құқықтың ауысуы ғана емес, сол мүлікке азаматтың толық құқылы дегенді білдіреді. Мысалы: мұрагерліқ еткен үйге мұрагердің құқығы бар.
Мүліктік міндет, бұл мұрагердің мүліктік құқықтан басқа мұра қалдырушының міндетін (қарыздарын) өтеуі. Мұрагер мұралық еткен мүлік шегінде мұра қалдырушының қарыздарын өтеуі тиіс. Алайда, мұрагер мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты құқықтар мен міндеттерге жауап бермейді. Мысалы: алименттік құқықтар мен міндеттер мұрагерлік деп есептелінбейді.
Мұрагерлік құқықтық қатынас басқа құқықтық қатынастардан өзгеше, яғни ерекше. Мұрагерлік құқықтық қатынас қайтыс болған адамның мүлкімен байланысты және де бүл әртүрлі қатынастардың нәтижесінде пайда болады. Осыған байланысты Н. Д. Егоровтың бекітуінде мұрагерлік құқықтық қатынас бұл абсолюттік түрде мінезделінген және бұл мұра қалдырушының қайтыс болғаннан қейін мұрагерлер мен мұра қалдырушының арасында пайда болатын қатынас десе6, Б. С. Антимонов пен К. А. Гравенің ойларынша мұра қалдыруда еқі құқықтық қатынасты айтуға болатынын түсіндірген: біріншісі оқиғаның пайда болуы (мұраның ашылуы), екіншісі: мұрагерлердің еркі бойынша мұраны қабылдау нәтижесі барысында туындайтын процесс. Дегенмен де, мұрагерлік құқықтық қатынастың анықтамасы қең қөлемде берілмеген, яғни өлі толық анықталынбаған7.
Қазіргі заң әдебиеттерiнде құқықтық қатынас түсінігіне негізгі 3 тәсідді атап көрсетуге болады8 (ол өртүрлі авторлардың нақты түсіндірмелерінен) :
Бірінші көзқарастағы құқықтық қатынас ол өзіндік заңдық мазмұнымен шектеледі9. Ю. КТолстой, құқық қатынас деп ерекше идеологиялық құқықтық қатынастарды түсіндірді, яғни өзінің объектісіне құқықтық қатынастарының қоғамдық қатынастағы заңи түрлерінің әсері сияқты10 екенін атап көрсетті. Осы концепцияны қолдайтын авторлар құқықтық қатынастың субъектілерінің құқығы мен міндетінің мазмұны деп санайды.
Қоғамдық қатынасты реттейтін және құқықтық қатынастардың болуының жақтаушысының бірі ВАТархов болып табылады. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін - құқықтық қатынасты және оның мазмұнын құрайтындарды шатастырмауын айтады11.
- Мұрагерлiк құқықтың объектiлерi. Мұраның құрамы
Мұрагерлік құқықтың объектісі ретінде мұра қалдырушының жеке меншігіндегі мүлікті, яғни сол азаматтың заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлктерді айта кетуге болады. .
Мұрагерлік мирасқор обьектісінің анықтамасы, мұрагерлікті құқықтық қатынастың маңызы болғандықтан жалпы қатынас обьектісі және соның ішінде құқықтық қатынасты толығырақ қарастырайық. Философиялық мағынады объект категориясы материяны, адам санасынан тыс және одан тәуелсіз өмір сүретін обьективті дүниені білдіреді. Заң ғылымында С. С. Алексеев атап көрсеткендей, “объектінің категориясы субъектімен тікелей байланысты емес, басқа түрде түсіндірілген объектілер құқықтық қатынасқа сәйкес қарастырылады”12.
Қазіргі академиялық тіл сөздігінде объект деп “қандай да біреудің ықпалына бағытталған заттық құбылысты айтады”. С. И. Ожеговтың орыс тіл сөздігінде объектіге, осыған ұқсас түсінік береді, “қандайда бір әрекетке бағытталған, зат және құбылыс” деп түсіндірме берген13.
Юриспруденцияда объект “термині” құқытық реттеудің объектісі болып, яғни “құқықтық объект”, және “құқықтық қатынастың объектісі” ретінде қолданылады. Көрсетілген терминдердің мәні мүлдем әртүрлі, ол құқықтық реттеудің объектісі (кейде “құқықтық реттеудің пәні” термині ретінде қолданылады), көптеген заңгерлердің пікірлері бойынша, құқықтың ықпалынан табылатын қоғамдық қатынас. Құқық объектісі мен құқықтық қатынастың объектілері ұқсас және маңызы бірдей анықтамада түсіндіріледі.
Құқықтық қатынастың обьектісінің және құқықтық обьектілерінің мұндай ұқсастықтары жалпы дұрыс емес.
Құқықтық қатынастың объектісін, заттар, жұмыс қызмет көрсету, творчестволық қызметтегі азық-түлік жеке мүліктік емес игіліктер, деп тану дұрыс емес14.
Мұра қалдырушыдан мұрагерлік тәртіппен нақты не ауысатынын анықтау үшін, тұлғаның қайтыс болуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынастарды толық жете түбегейлі талдау керек.
Мұраның құрамы. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданынуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбекпен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң акгілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.
Мұраның құрамына тек қана құқықтар емес, сонымен қатар аталмыш міндеттер де кіреді. Мұрагерлік құқыққа мемлекеттік органға жататын кооперативтік, ауыл шаруашылық, қоғамдық және т. б. мүліктер кірмейді.
Жоғары да айтылғандардың мүліктері уақытша мұра қалдырушыда болса, ол мүра қалдырушының жеке меншік мүлкінің құрамына кірмейді. Сонымен қатар, мұра қалдырушының жеке басына байланысты міндетер мұраның құрамына кірмейді. Оған: ғылыми дәрежесі, алимент төлеу, зейнет ақы, құрметті атағы, ордендері және т. б. кірмейді.
Мұрагерлікке шақырылған тұлғаларға мұрагерлікті құқықтың ауысуы ғылымда трансмиссия деп аталады.
Егер де тұлғалар мұрагерлер болып белгіленбесе, мұрагерлік құқыққа енбейді, бұны ғылымда субституция деп атайды.
Жалпы мұрагерлік ережесі онша күрделі емес. Мұраның құрамына лайық барлық мүліктік құқық пен міндеттер жиындықтары кіреді. Бірақ, бұл құрамға мұра қалдырушының денсаулығына келтірілген зиянмен, мұра мүлкінің құрамына келтірілген зиян төлемі кірмейді. Бұған мысал: бір азамат жол ережесін бұзып, адамды қағып кетеді. Жәбірленуші адам мүгедек болып қалады, нәтижесінде әрине жұмыссыз қалып, айлық алмайды жәбірленуші қайтыс болады. Енді автокөлік жүргізуші мұрагерге не үшін төлеу керек деген сауал туады15.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz