Кредиттік операциялардың жалпы түсінігі
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Кредиттік операциялардың жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Қазақстан Республикасындағы (толық) кредиттеулердің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3. Жеке қарыз алушыларды кредиттеудегі шетелдік
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .20
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
КІРІСПЕ
Экономиканың рыноктық қатынастарға өтуімен байланысты, біздің мемлекетімізде екі деңгейлі банктік жүйе қызмет етеді. Банктік жүйенің сапалық жағынан да, сандық жағынан да дамуы банктердің әкмішілік-құқықтық қатынастарының экономикалық қатынасқа ауысуын көрсетеді. Шетелдік банктік тәжірибеден көретініміз ондағы банктер өз клиенттеріне әр түрлі банктік қызмет түрлерін көрсетеді. Біздің заңдарымызға сәйкес банктер әр түрлі банктік операцияларды: депозиттік, кредиттік (несиелік), есеп айырысу, кассалық, аударым, сенім, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік, валюталық операцияларды жүзеге асырады. Мемлекет тарапынан бұл мәселеге көп көңіл бөлінуде, банктік қатынастарды ретке келтіруші нормативтік актілер көптеп қабылдануда. Жаңа негізде коммерциялық банктер құру, олардың қызметін жетілдіру бәсекелстіктің туындауына алып келді, яғни ақша рыногын дамытудағы алғашқы қадам болып табылады. Банк жүзеге асыратын операциялардың ішінде халыққа кредит (несие) беру, яғни халық шаруашылығын жандандыруға, экономиканы инвестициялап көтеруге, ақша қаражаттарының айналымын кеңейтуге септігін тигізуші операциялар ерекше орын алады.
Жалпы халықты кредиттеу (несиемен қамтамасыз ету) процесі халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.
Кредит мәселесі — халықтың басы бос ашқа қаражаттарын тартып, уақытша басқа қажет ететін тұлғаларға ақылы, қайтарылатын мерзімді негізде беру — бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселе болып табылады. Сондықтан, бітіру жұмысымның тақырыбын осы мәселеге байланысты алғанды жөн көрдім.
Жұмысымда Қазақстан Республикасының Заң актілерін, заңға сәйкес актілерді, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін пайдалана отырып, банктердің кредиттік операцияларына зерттеу жасадым.
Жұмыс үш тараудан тұрады: бірінші тарауда - кредиттік операциялардың түсінігі. Екінші тарау - Қазақстан Республикасындағы несиемен қамтамасыз етудің құқықтық негіздеріне арналады. Үшінші тарауда несиелеудің шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
1. Кредиттік операциялардың жалпы түсінігі
Кредиттік операциялар — қарыз берушінің қарыз алушыға белгілі бір ақша сомасын ақылы, қайтарымды, мерзімді негізде беру жөніндегі қарыз беруші мен алушының арасындағы қатынастары.
Кредиттеу дегеніміз — ақшаларды қайтарымды негізде (қарызға, несиеге) беру.
Кредиттеудің кең тараған түрі банктік кредиттеу болып табылады. Олай болатыны, банктердің арнайы мамандандырылған кредиттік ұйымдар болып тарихи қалыптасуында.
Кредит деп (экономикалық категория ретінде) ақшалай қаражаттарды біреуге (алушыға) қайтарылатын негізде және ақылы түрде уақытша пайдалануға беру кезінде пайда болатын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.
Кредит — адамдар дамуының ерте кезеңінде тауар-ақша қатынастарының негізінде пайда болды: бастапқыда қоғамдық еңбек бөлінісі және айырбас пайда болғанда тауарлы, ал, кейіннен ақшалардың пайда болуымен тауар-ақша формасында көрініс тапты.
Қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде кредиттеуді жүзеге асыратын банктер, яғни кредиттің банктік нысаны пайда болды.
Қазіргі кезде әлемде кредит ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді және қарыз берушілер мен алушылар арасында қатынастарды айқындайды. Осы қатынастарға банктер де кіреді.
Банк операцияларының ішіндегі маңыздысы кәсіпорын, ұйымдарды және жеке тұлғаларды кредиттеуге байланысты операциялары. Коммерциялық банктердің операцияларының материалдық негізі өндіріс процесі, яғни кеңеюі немесе азаюы банктік ресурстардың қозғалысын, коммерциялық банктердің операцияларының дамуы немесе қысқаруын анықтайды.
Қазіргі уақытта банктік ссудаларды әр түрлі белгілерге қарап жіктеуге болады. Ссуданың қамтамасыз етілуігің түрлеріне байланысты қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп бөлінеді. Ссуданы қамтамасыз ету түрлері: кепіл, кепілдеме, сақтандыру. Кепіл ретінде активтердің бірнеше түрлері болады. Оларға қойылатын негізгі талап — сатылу мүмкіндігі. Кредиттік шарт жасалғанда товарлы-материалдық құндылықтарды немесе қозғалмайтын мүлікті кепілге беру туралы шарт жасалады.
Банктің кепіл алу себебі, яғни қамтамасыз етуді талап етудің басты себебі — қарыз алушының қарызды толық және мерзімінде қайтару мүмкіндігінің болмай қалуы немесе еркінің болмай қалу жағдайында қарыз болып қалмауы, зиян көргісі келмеуі. Қамтамасыз етілуі ссуданы қайтаруға кепілдік бермейді, бірақ тәуекелді шектейді.
Рыноктық қатынас жағдайында рынокқа байланысты товардың құны өзгеріп отырады. Мұндай жағдай кепілге алынған мүлікке де байланысты болады. Оның рыноктық құнының төмендеуі қарызды қайтаруға қаражатты қайтарта алмайды, сондықтан, кепілге алынған заттың құны қарыз мөлшерінен көп алынады.1
Қарызды қамтамасыз етуді қажет теудің көп таралған себебі қарыз алушының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы. Ол әр түрлі түрде болуы мүмкін: кредиторларына үлкен қарыздарының болуы, кірістерінің жеткілікті болмауы. Мұндай жағдайда банк қарыз алушыдан кепілхат талап ете алады.
Егер клиент жеткілікті қамтамасыз етуді иеленбесе немесе тәуекелі жоғары операцияны жүзеге асыруда кредит сұраса, банк кредитті сақтандыру ұйымдарында сақтандырып барып бергенді дұрыс көреді. Бұл операция ңкредитті қайтармау тәуекелін сақтандыруң деп аталады. Оны кредиттік шарттан белгілі бір процент ала отырып, сақтандыру ұйымы жүзеге асырады. Сақтандыру оқиғасы болғанда, яғни шартта көрсетілген мән-жайлар туғанда, банк ала алмаған сомасын сақтаныру ұйымы төлеп береді.
Бірақ, кредитті қамтамасыз ету, оны сақтандыру кредитті қайтармау тәуекелін азайтпайды. Сонымен бірге, кредиттік қызметкерге қарыз алушының өзі ақшаны қайтарғаны дұрысырақ. Сол себепті, қаржылық жағдайы тұрақты, мінездемесі жақсы, нақты негізделген болашақ кірістері бар, өткен төлемдері қанағаттандырарлық қарыз алушыға банк қамтамасыз етілмеген, сенім, трасталық, банктік қарыздар бере алады. Дегенмен, мемлекеттің экономикалық тұрақсыздығына, инфлияциялық, басқа да ақша-кредит жүйесіндегі келеңсіз көріністерге байланысты бұл кредит түрі дамымады.
Ссудаларды жіктеуді басқа да негіздер — қайтару мерзімдері. Қайтару мерзімдеріне байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Алғашқы тобына бір жылға дейінгі берілгендер жатады. Қазіргі коммерциялық банктер үшін осы мерзім дұрысырақ болып есептелінеді. Бұл бірнеше факторлармен түсіндіріледі: біріншіден, рынокқа өту кезеңінде экономикалық дамудың тұрақсыздығымен, ол жағдайдың қалыптасуына нақты болжам жасауға мүмкіндік бермейді, яғни қарызды проценттерімен қайтаруға пайымдай алмайды; екіншіден, саяси жағдайдың тұрақсыздығымен; үшіншіден, коммерциялық мәмілелерді кредиттеуде кредитті бірнеше рет қолдануға жол бермес үшін; төртіншіден, қысқа мерзімді қарыздардың жойылуы дәрежесі жоғары.
Қысқа мерзімді қарызды белгілі бір мерзімге немесе талап етілгенге дейін деп беруге болады.
Ұзақ мерзімді кредиттер бүгінгі күнде өте сирек беріледі. Қарызды қайтару тәсіліне байланысты қарыз бір мезгілде қайтарылатын немесе біраз уақыт аралығында қайтарылатын болып бөлінеді: біріншісінде, негізгі қарыз бір соңғы мерзімде қайтарылады, ал біраз уақыт аралығындағы белгілі бір кезең сайын қайтарылып отырылады. Ол квартал сайын, ай сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын қайтарылып отырылуы мүмкін.
Коммерциялық банктер капиталдар рыногында делдал болып табылады. Ол бос ақша қаражаттарын тартып, басқа қарызға қаражаттарды қажет ететін тұлғаларға береді. Мемлекеттік кредиттер де болады, олар мемлекетпен басқа мемлекетке, отандық және шетелдік заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға беріледі. Коммерциялық банктер беретін кредиттер, оның ішінде жеке тұлғаларға берілетін кредиттер ең маңыздысы болып табылады және көп таралған түрі болып табылады. Банктер кредиттік операцияларын тек Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензия негізінде ғана жүзеге асыруға тиісті.2 Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі салымшылардың уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырып, оны қажет ететін басқа тұлғаларға қайтарылатын, мерзімді, ақылы негізде беруден көрінеді. Бұл қоғамға нақты пайда келтіретін қызмет болып табылады. Салымшылар проценттер алады. Қарыз алушылар үлкен сомаларда, қажетті кез келген мерзімге кредитті алу мүмкіндігін иеленеді. Тіпті салымшылар аз мерзімге ақша салғанның өзінде банк сондай көп салымшылар есебінен белгілі бір қор жинақтап, перспективті қарыз алушыларға бере алады.
2. Қазақстан Республикасындағы банктік кредиттеудің құқықтық негіздері
Соңғы кездерде Қазақстан аумағындағы кредиттеу мәселесімен, соның ішінде кредиттеуге сондай-ақ құқықтық реттелуіне назар аударылып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікке, басқа да өндіріс және өнеркәсіп салаларына бөлінген ссудалар пайызы (проценті) қомақты бола бастағандықтан осы аядағы туындайтын құқықтық қатынастарды мұқият қатынастарды мұқият әрі тәптіштеп құқықтық реттеуге ден қойылуда.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес банктер ссуда беру, яғни кредиттеу операцияларын жүзеге асыру кезінде негізге, басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралың, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралың заң күші бар Жарлықтар, “Төлемдер және ақшалай аударымдар туралың Қазақстан Республикасының заңы, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкісінің заңға сәйкес нормативтік актілері және т.б. болып саналады. Кредиттеуді беру және өтеудің құқықтық нысандарына осы процестерді жүзеге асыру кезіндегі әдістер және пайдаланылатын құқықтық құрылымдар жатады.
Сонымен, заңды және жеке тұлғаларға қайтарымды, ақылы, материалдық жағынан кепілдендірілген негізде және қысқа немесе ұзақ мерзімге ссуда беру банктердің дәстүрлі қызметтерінің ең басты түрі — банкті кредиттеу болып табылады. Банкілік кредиттеу екі жақтың кредиттік шарт жасасуы арқылы жүзеге асырылады.
Кредиттік шарт деп, банкілік ссуда беру жөнінде қарыз беруші банк (кредитор) пен қарыз алушының арасындағы келісімді айтамыз.
Бұл жерде кредит терминінің мағынасын анықтап кеткеніміз дұрыс болар.
Кредит (экономикалық категория ретінде) деп — ақшалай қаражатты беруге (алушыға) қайтарылатын негізде және ақылы түрде уақытша пайдалануға беру кезінде пайда болатын экономикалфық қатынастардың жүйесін айтамыз. Ал ссуда дегеніміз, берілген несиенің (қарыздар) сомасы.
Банкілік кредиттеу белгілі бір негіздерге сүйене, басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Осы принциптерге жалпы экономикалық және арнайы болып екіге бөлінеді.
Жалпы экономикалық принциптерге мыналар жатады:
а) жоспарлық; ә) дифференциялау.
Арнайы принциптер мына төмендегідей болып келеді:
1. мақсатты сипаттар болуы;
2. материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;
3. қайтарылатын негізде;
4. белгілі мерзімге;
5. ақылы түрде.
Кредиттік жоспар — бұл банкілердің ақшалай ресурстарды қалыптастыру жөніндегі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ осы ақашалай ресурстарды мемлекеттік, ұжымдық, аралас және жекеше кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекеттік несиелік қаражаттарына деген мұқтаждарын қанағаттандыруға нысаналайтын құндылық балансы.
Кредиттік жоспар пассив және актив бөліктерден тұрады. Пассивтік бөлімінде кредиттік ресурстар, ал актив бөлігінде - оларды тарату жөніндегі шаралар қарастырылады.
Осы жоспарлар жүйесіне мыналар кіреді:
1. Қазақстан Республикасының құрамына кредиттік жоспары;
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банксінің кредиттік жоспары;
3. басқа да мемілекеттік банктердің (мекемелерінің) кредиттік жоспарлары;
4. акционерлік-коммерциялық банклердің кредиттік жоспарлары;
5. аумақтық кредиттік жоспарлар.
Енді мақсаты туралы. Кредиттеу кезінде банкілер ссуданы тек қатаң белгіленген мақсатқа береді.
Осы мақсаттан ауытқымау, алған қарызды қажетті істерге ғана жұмсауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қарызды банкіге уақытында қайтаруға себін тигізеді.
Сонымен қатар, банкілер қазіргі нарық талаптарына сай кейбір ерекшеліктерді әрқашанда есте сақтаулары қажет. Осыларды былайша топтастыруға болады:
• банк кредиттің қандай мақсатта алынып жатқанын қалай да анықтап білуі керек;
• дәл осы кредит ресурстарын беруді сұраған (бірлестіктердің, ұйымдардың, компаниялардың және т.б.) қызмет бағыты кредиттеуге тұра ма, жоқ па?
• Кредит сұраған кәсіпорын немесе т.б. заң бойынша белгіленген кредиттеу субъектілерінің қатарында бар ма, жоқ па?
• кәсіпорынның кредитті пайдалануы кредиттік саясатқа сай келе ме?
• Кредиттік тәуекел (рсик) дәрежесі банкіде белгіленген нормадан аспай ма?
• Алған (алатын) кредит ресурстары кредиттік өтініште, кредиттік шартта көрсетілген мақсатқа жұмсалатыны көз жеткізу және т.б.
• Алатын кредиттің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі де кредиттердің негізгі принциптерінің бірі болып табылады.
Бұл принциптер бойынша ссуда алатын кәсіпорындарда, сол ұйымда берілетін ссуданың мөлшеріндей (немесе артығымен) тауарлық-материалдық құндылықтар болуы керек. Егер кредит материалдық жағынан амтамасыз етілсе, онда банкілік ссуданы алушылар, оны тауарлық-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету, банкінің өз мүддесін сақтауына кепілдік береді. Яғни, банк өз кредиттік ресурстарын кәсіпорынның кепілге ұсынған тауарлық-материалдық құндылықтары арқылы сақтандыратын деген сөз. Өйткені, қажет болған жағдайда банк өзіне берілген (заң арқылы) хұқ бойынша ссуданы уақытында қайтармаған кәсіпорынға кепілге (залогта) тұрған тауарлық-материалдық құндылықтарын сату (өткізу) арөылы өз кредиттік ресурстарын қалпына келтіреді.
Ал осы тауарлық-материалдық құндылықтар өтпей қалса, банк қайтеді деген сауал тууы мүмкін. Бұлай болуы әбден ықтимал. Сондықтан, банкілер жаңағы тауарлық- материалдық құндылықтарға (ТМҚ) өз тараптарынан талап қоюлары керек. Мысалы, олардың:
1. қажет болған жағдайда тез сатып (өткізіп) жіберуге болатын ТМҚ;
2. жеткілікті түрдегі маржасы (кепіл бойынша қамтамасыз етілген қосымша ақысы, яғни кепілдендірілген төлемі) болуы;
3. өтімділігі болуы, яғни сатылуы (өту) қасиеті жоғары болуы қажет.
Қайтарылатын негізде кредит ресурстарын беру — кредиттің экономикалық категория ретіндегі негізгі белгісі болып табылады. Өйткені қандай да болмасын кредиттерді — ресурстарды алушыларға уақытша пайдалануға беру деп түсінеміз. Кәсіпорындар белгілі бір жағдайларда алған ссудаларын мерзімінде қайтара алмауы мүмкін. Бірақ, қандай да жағлдайда болмасын алынған қарыз қайтарылуы керек. Олай болмаса, экономикаға теріс ықпалын тигізеді. Сондықтан, қарыз дер кезінде қайтарылуына көп көңіл бөлінеді.
Банкілер қарыз қаражаттарын кәсіпорындар, ұйымдарға өздері келісімге келген кезде, белгіленген уақытқа ғана береді. Уақыты келген кезде ол қарыздар бірден қайтарылуы керек.
Кредиттің мерзімді уақытқа берілуінің экономикалық негізі — қаражаттарының үзбей айналымда болуы. Әрбір айналым кәсіпорынның шотына ақша қаражатының түсуімен аяқталады. Осы қаражаттар — банкілік ссуданы өтеудің бірден-бір көзі болып табылады.
Уақытында (мерзімінде) қайтарылған ссудаларды банкілер басқа кәсіпорындарға беруге жоспарлап қояды.
Сондықтан, бұл жерде бір жағынан банкінің мүддесі сақталады, екінші жоспарлы сипатта болуын қамтамасыз етеді.
Кредиттің ақылы түрде берілуі. Кредитті пайдаланғандары үшін кәсіпорын — қарыз алушылар банкілерге процент (банкілік есептеу ставкасы) төлейді. Ақылы түрде берілуі кредиттің экономикалық категория ретіндегі маңызды белгісі болып есептелінеді. аЛ, екінші жағынан ол банкілік кредиттеудің принциптеріне жатады.
Банкілік практикадан біз мынадай кредиттердің бар екенін білеміз:
а) пайдаланғаны үшін кәдімгі проценттік ставка алынатын кредиттер;
ә) ең жоғарғы проценттік ставка алынатын кредиттер;
б) көтеріңкі проценттік ставка алынатын кредиттер;
в) төмендетілген проценттік ставка алынатын кредиттер;
г) процентсәіз кредиттер.
Кредиттің ақылы болуы бір жағынан банкілердің өз ақша қаражаттары қорларын толықтыруға себін тигізеді, екіншіден кәсіпорындардың алған қарыздарын тиімді жұмсап, уақытында қайтаруға ықпалын тигізеді, үшіншіден кредит ресурстарына деген сұраныстарды реттейді. Принциптерді атап өткеннен кейін біз банкілік кредиттердің түрлеріне тоқталуымыз қажет.
Негізінде несие (ссуда) беру мерзімі бойынша банкілік кредиттеу үш түрге бөлінеді:
1. қысқа мерзімді кредиттеу;
2. Ұзақ мерзімді кредиттеу;
3. орта мерзімді кредиттеу.
Қысқа мерзімді кредиттеу — бұл пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын ссудалар.
Ұзақ мерзімді кредиттер — бұлар, пайдалану мерзімі 3 жылдан асатын кредиттер. Негізгі қорларды, айналым қаражаттарын қалыптастыру жөніндегі мұқтаждықтарға қажетті қаражаттар ретінде қолданылады.
Орта мерзімді кредиттер — бұл кредиттерді пайдалану мерзімі 1 жыл мен 3 жылдың аралығында, яғни 3 жылға дейін. Айналым қаражаттарын, негізгі қорларды қалыптастыруға қажет қаражаттар ретінде қолданылады.
Қысқа мерзімді кредиттеу, оның объектісі, кредиттеу ерекшеліктері мен әдістері және қысқа мерзімді кредиттердің түрлері. Кредит қарыз алушының объективті түрдегі мұқтаждықтарын қанағаттандыруға беріледі. Осы объективті түрдегі кәсіпорындаржың т.б. мұқтаждықтарды кредиттеу объектісі деп аталады. Ал, объект деп — берілетін кредитті қамтамасыз ететін құнды затты да, сонымен қатар, қарыз алушының қосымша ресурстарға деген мұқтаждықтарын да айтуға болады.
Кредиттеу объектілерінің кейбір белгілері:
1. Ұдайы өндірістің матеиалдық мұқтаждықтарын көрсетеді. Іс жүзінде (практикада) кредиттеу объектісіне — тауарлық-материалдық құндылықтар, есеп айырысуға қажетті қаражаттарға мұқтаждық, өндірістік шығындар және т.б. жатады.
2. Объект болып объективті түрдегі айналымдық қаражаттардың айналысы мен айналымынан, сондай-ақ борышқордың ақша айналымынан шығатын мұқтаждықтар есептелінеді.
3. Объект болып, қарыз алушының өзінің айналымдық қаражаттары есебінен жабуға келмейтін уақытша айналымдық мұқтаждықтары есептелінеді. Іс жүзінде банктер уақытша мұқтаждықтарды кәсіпорынның дербес қарызға алынған деп бөлу әдістемесіне сәйкес кредиттейді.
4. Кредиттеу объектілері кредиттің мағынасына сай болуы керек, яғни мерзімі келген кезде қарызды иесіне (кредит берген) қайтаруды қамтамасыз ету. Іс жүзінде банктік кредиттеу объектілері принциптеріне сай белгіленеді. Банк мекемесі кредиттеуді қолдану аясын алдын-ала анықтап қояды. Тауарлық-материалдық құндылықпен қамтамасыз етілген ссуда, мақсатқа және белгілі мерзімге деген кредиттеу принциптерінің сақталуына мүмкіндік туғызады.
Қысқа мерзімді кредиттеудің өзіне тән мына төмендегідей ерекшеліктері бар:
а) қысқа мерзімді кредиттеу кәсіпорындар мен ұйымдардың айналымдық қаражаттарын қалыптастыратын түсім көздерінің бірі болып табылады;
ә) қысқа мерзімді кредит шаруашылық субъектілерінің жоспарларында белгіленгендей мерзімге беріледі, бірақ 12 айдан аспауы керек;
б) қысқа мерзімді кредит беруші - кредитор болып Ұлттық банк немесе оның жергілікті мекемелері болып табылады;
в) қысқа мерзімді кредиттердің түсім көздері: банктердің өз қаражаттары, кәсіпорындар мен ұйымдардың банктердің шотында жатқан уақытша бос ақша қаражаттары, Ұлттық банк сақтаулы жатқан мемлекеттік бюджеттің уақытша бос қаражаттары, азаматтардың жинақ банктеріндегі салымдарында жатқан уақытша бос қаражаттары, эмиссия.
Сонымен, қысқа мерзімді кредиттеудің кейбір ерекшеліктерімен таныстық, енді әдістеріне тоқталамыз.
Кредиттеу әдістері деп, кредиттерді беру процестерін ұйымдастыратын тәсілдерді айтамыз.
Қарызға берілген қаражаттың өндіріспен байланысының немесе айналымына қарай кредиттеу әдістері үшке бөлінеді.
1. Айналым бойынша кредиттеу әдісі.
2. Қалған қаражаттар (материалдық құндылықтар) бойынша кредиттеу әдісі.
3. Айналымдық-сальдолық кредиттеу әдісі.
Айналым бойынша кредиттеу әдісі - көбінесе материалдық құндылықтар айналымы мен кәсіпорынның шығыны бойынша кредиттеу деп аталады.
Есеп айырысу - ақша құжаттарын тікелей ссудалық шоттан төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Кредит бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz