Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Реферат
Тақырыбы:

Павлодар қаласы
2005 жыл

Жоспар:
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы ... ... ...12
4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісі зардаптарына қарсы күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
5. Соғыстан кейiнгi жылдарда өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
6. Тың жерлердi жаппай игеру, ауыл шаруашылығын экстенсивтi дамыту саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
1. Кіріспе
Жаңа экономикалық саясатты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды, 1927 жылғы 1 қазанға қарай Қазақ КСР-інде кооперация шаруа шаруашылықтарының 23,1 процентін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312-сі ауылдарда болды, қазақ даласының жекелелег түкпірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 77 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ-дарда) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті. Қызыл отаулар сауатсыздықты жоюды, кедейлер арасындағы ағарту жұмысын жүргізу, оларды кооперативтерге тартуды ұйымдастыру орталығына айналды.
Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны 1926 жылы 1913 жылы 29,9 миллион деңгейінен асып түсті, ал 1929 жылы оның саны 40,5 миллионға жетті. Ауыл мен деревняда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархалдық, көшпенді халықтың мәдениеті артты.
Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф.И.Голщекин ауылды кеңестендіру ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды. Сол арқылы Қазақстанда Жаңа революция жүргізу үшін идеялық-саяси негіз жасалды. Наразы болған ұлттық жетекшілер (Т.Рысқұлов және басқалар) БКП (б) орталық комитетінің қарамағына шақырып алынды, ал басқалары (С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев) ұлтшыл деп айыпталды. Бұрынғы ұлттық зиялыллардың шағын тобы да қуғанға ұшыратылды. Оларға құрметпен қарау Алашорданың кеңеске қарсы бағытын мақұлдау, кеңестік ұлт саясатын бұрмалау деп түсіндірілді. Шаьындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды бұрынғысынан да ушықтыра түсті. 1926 жылдың көктеміне қарай ауыл еңбекшілері бұрын байлардың иелігінде болып келген1,3 миллион гектар шабындық және 1,25 млн. Гектар егістік жер алды.
Кең көлемдегі индустрияландыру бағдарламасы оның жоғары қарқынмен жүргізілген жағдайында азық-түлік ресурстары, ең алдымен астық дақылдары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы Сталин мен оның төңірегіндегілер қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыруғакірісті. Ал оның бер жағында колхоз құрылысын, мемлекеттік шаруашылықтарды (совхоздарды) құру мен қалыптастыру, азық-түлік проблемасын шешу уақытты, ірі көлемде қаржы жұмсауды, сондай-ақ шаруалар бұқарасын моральдық және психологиялық жағынан әзірлеуді қажет етті.
Бірақ Сталин бастаған коммунистер партиясы тағы да сынықтан өткен әміршіл-әкімшіл күштеу әдісін қолданды.
Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын ұжымдастыру бағытына көшіру басталды.
1928 жылғы қаңтар-ақпан айларында И.Сталин Сібірге сапарға шықты. Омбы округтік комитеттерінің хатшыларымен бірге Қазақстанның кейбір губком хатшылары өатысты. Онда астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етілді.
Ф.Голощекин селолар мен ауылдарға 4800 уәкіл жіберді. Астық дайындау барысында 31 мыңдай шаруа жазаланды. 1928 жылғы 1 қазаннан 1929 жылғы 1 желтоқсанға дейін 277 шаруа атылды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындаорын алған азаматтық татулық ахуалы бұзылды. Шаруа шаруашылықтарына ауыл шаруашылық өнімнің артылып қалған бөлігіне өз қалауынша билік етуге кепілді құқық берген жаңа экономикалық саясаттың негізгі принципінен бас тартыла бастады.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1928 жылғы 27 тамыздағы Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы деректі күштеп қысым жасауды күшейтуге нысаналы нұсқау берді, онда бай шаруашылықтарын кәмпескелеуге, иелері мен отбасы мүшелерін өздерінің мекендейтін аудандарынан жер аударуға рұқсат берілді, өйткені олар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деп саналды.
Адай округін, бұрынғы Жетісу және Сырдария губернияларының мақта егетін аудандарын қоспағанда, кәмпескелеу республиканың барлық аудандарында жүргізілді. Ең ірі 657 жартылай феодал бай жер аударылды. Олардан 145 мың мал (ірі қараға шаққанда) алынып, ауыл шаруашылық құралдары 877 колхозға, 24491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді.
Бірқатар жерлерде ауылдың дәулетті топтары кәмпескені қысымын бәсеңдете алды (малды орташаларға, кедейлерге бөліп берді, көршілес республикаларға айдап әкетті, бір бөлігін базарға апарып сатып жіберді және т.б.) Сонымен бірге жартылай феодал байларды кәмпескелеу жер-жерде қолданылып жүрген заңдарды бұзып жүзеге асырылды. Екінің бірінде орташалар байларға жатқызылды, кәмпескелеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.
Әдетте, уәкілдер кедейлерді үрейлендіріп, қорқытып, сол арқылы олардың байларды көрсетуіне күштеп мәжбүр етті. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің байларды кәмпескелеу жөніндегі Орталық Комиссиясының өкілі І.Құрамысов Ақтөбе округінен былай деп телеграф соққан: қазір Қосмағамбетов Құлжанды кәмпескелеуден босататын болып шештік, оның орнына мүмкіндігінше бүгін тікелей байланыс арқылы біреуді береміз. Әлгі Қосмағамбетов деген әдеттегі атқамінер орташа (едәуір белсенді және қырсық адам) болып шықты....
Басқа бір телеграммасында ол былай деп хабарлаған: Бименалин К. (Шалқар ауданы) ақпар бойынша онда 412 мал бар, бірақ 192 малы бар екені анықталды... Ол қамауға алынды. Мұның үстіне ол дағдылы хайуан екен. Ондай содырды, ортағасырлық хайуан сияқты жанды уыстан шығарып жіберу біздің тарапымыздан кешірімсіз қате болар еді, оны титықтату керек.
Партократтың сезімі, субъективтік көзқарасы осылайша үстем болып, мыңдаған адамдардың тағдыры тәлкекке түсті. Ф.Голощекиннің командасында болған І.Құрамысов және басқалар сияқты партократтар титықтатып құртудың мейірімсіз бағытының нағыз шеберлері еді. Астық дайындау, егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу, жартылай феодал байлардың малын кәмпескелеу жөніндегі науқанның барысында әміршіл-әкімшіл әрекеттер рухында іс-қимыл жасайтын, тіпті конситтуциялық нормалар шеңберінен асып түсетін жалған белсенді кадрлар қалыптасты.
Алдағы уақытта ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен кулактарды тап ретінде жою міндеті тұрған еді, ал мұның өзі шынына келгенде деревняда екінші азамат соғысын өрістетуге бағыт алу болатын (алғашқысы кедейлер комитетінің 1918 жылдың жазында кулактарға және орташалардың бір бөлігіне қарсы күресі еді).
2. Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру
Коммунистік партияның ХҮ съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылайша өркениетті кооператорлар қоғамын құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бір бөлігіне айналды. Селода коперативтік қозғалыстың дамуы барысында жариялаған еріктілік, дербестік, материалдық мүдделік, шаруаларды кооперативтендірудің жоғары формаларына кезең-кезеңімен өткізу принциптерінің маңызы зор болды.
Бұл орайда үлгі ретінде ұжымдық шаруашылықтар негізделетін материалдық-техникалық базаның даму дәрежесіне, шаруалар кооперациясының бұрынғы қарапайым формаларының дәстүрлері мен басқа да факторларға назар аудару қажет.
Мал шарушылығының экстенсивтілігін, қарапайым материалдық-техникалық базаны, бұрын шаруалар кооперацисы дәстүрлерінің болмауын, дала тұрғындарының көшпенді және жартылай көшпенді өмір салтын ескере отырып, партияның Орталық Комитеті Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды негізінен 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтауды белгіледі. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі фоормасы – ауыл-шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді, ал онда жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, жеке мал мен құрал-саймандарды пайдалануға ақы төленетін болды.
1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер құрылып жатты.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін партияның Қазақ өлкелік комитеті жергілікті белсенділерге қосымша 8 мың жұмысшыны ұжымдастырушылар етіп тартты. Сонымен бірге республикаға Москвадан, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан 1204 жиырма бес мыңдықшылар жіберілді. Алайда қаладан келген бастамашылар отырықшылықтың мағынасы мен механизмін екінің бірінде тым үстіртін түсінетін еді. Олар ұжымдастыруды жүздеген шаңырақ иелерін орасан зор аумақтан бір жерге !кейде жем-шөп және су ресурстары ескерілместен) жинау деп ұғынды. Алыс өлкелерден партия жіберген өкілдер далаға ресей деревняларының жобасын айнытпай қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан-ақ мейлінше қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. Ұжымдастыру алдын-ала даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілдік-күштеу әдістермен жеделдете жүргізілді. Көшпенді ауылдарды жаппай ұжымдастырудың жеделдетілуі партияның Қазақ өлкелік комитетінің көптеген құжаттарынан көрініс тапты; мысалы, 1929 жылғы желтоқсан айында мынадай нұсқаулар берілді: Мал шаруашылығын ұжымдастыру астық шаруашылығындағы шеңберде ынталандырылсын, ... кедей және орташа мал шаруашылықтарының жапа-пай ұжымдастырылуы жеделдетілсін, халықты бір жыл ішінде толық қамту есебімен ұжымдастыру қарқыны белгіленсін ... және басқалар.
БКП (б) өлкелік комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1931 жылғы 25 желтоқсандағы бірлескен нұсқауларында Толық отырықшыландыру үрдісін 1933 жылы аяқтау үшін қалған көшпенді және жартылай көшпенді еңбекші шаруашылықтардың бәрін 1932 жылы отырықшыландыру жөніндегі жоспарлы шаралармен қамту міндеті қойылды. Партияның Қазақ өлкелік комитетінің Пленумы (1929 жылғы желтоқсан) отырықшыландыруды жеделдету саласындағы практикалық жұмыстардың бүкіл жоспарын отырықшыландыру барлық отырықшыландырылушы кедей-орташа шаруашылықтарды жүз процент ұыжымдастыру негізінде жүргізілетіндей есеппен қоюға жарлық етті. Бұл орайда шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық объектілер салу жаә ғана жарияланған күйінде қалды. Ұжымдастыру және оснмен бірге отырықшыландыру ауылдың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын түп негізіне дейін күйретті. Қазақ қоғамының табы жойылып қана қойған жоқ, ғасырлар бойы көшпенді өркениет жасаған барлық тіректер қиратылды.
БКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің нұсқауларымен республиканың алты округінде ұжымдастыру жөніндегі комиссия бірінші кезектегі 20 ауданды белгілеп, ұжымдастыруға қамту процентін 60 проценттен 80-100 процентке дейін анықтады. Колхоздар құру пппроценті орыс-украин халқы басым жерлерде ғана емес, сонымен қатар қазақ халқы басым болған Тереңкөл (Павлодар округі), Келес, Жуалы (Сырдария округі) сияқты жерде де жоғары болды.
Директивада ұжымдастырылатын басқа аудандарда кулактарды тап ретінде жою жөніндегі операция ұжымдастырудың өсу шамасына қарай, шамамен алғанда 80 процент қамтып жүргізілетін болады деп белгіленді.
Ұжымдастыру және отырықшыландыру қарқынын арттыруға осылайша нұсқау берілді. Революциялық асығып-аптығу және тоталитарлық саяси келте ойлау кеселіне шалдыққан революциялық утопизм тағы да үстем болып шықты.
Қатаң әкімшілдік жағдайында байлар мен болыстар шабармандарының. әскери коммунизм кезеңі белсенділерінің тәсілдері мен әдістерін қару еткен жалған белсенділердің мерейі үстем болды. Іс мынаған дейн жетті: қыстыгүні, 1932 жылдың ақпанында, Шу ауданында аумағы 150 километр жерден жүздеген шаруашылықтар жиналып, 400 киіз үй қала үлгісіндегі поселке болып тігілді. Жалған белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған үш жылдың орнына үш күн ішінде аяқтап, мал өсіруші шаруашылықтарды сол жерде колхозға жаза бастады. Сөйтіп Абыралы ауданында барлық шаруашылықтардың бірден 70 проценті, Жымпиты ауданында – 60, ал Жәнібек ауданында 95 проценті ұжымдастырылды.
Басшы органдар шамадан тыс асығып-аптығудан сақтандырған сияқты болды, алайда бұл жөнінен орын алған көптеген оқиғалар революциялық құшатарлықтың кемшіліктері немесе тәжірибесіздік деп қана есептелді және ең әрі кеткенде тәртіптік жаза ғана қолданылды, ал бұған керісінше жағдайлар оңшыл оппортунизм көріністері немесе тіпті зиянкестік ретінде жазаланды.
Колхоз майданынан келген күн сайын өзгеріп отырған хабарларды газеттер жызп үлгермей жатты. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2 проценті ұжымдастырылған болса, 1930 жылдың 3 сәуірінде 56,4 проценті, ал 1931 жылдың қазақ айына қарай 65 проценттейі ұйымдастырылды.
Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы ауыл шаруашылық өнімін дайындауға әскери коммунизм кезіндегі төтенше іс-қимыл сипаты берілді. 1931-1932 жылдары Шұбартау аудандарында барлық малдың 80 проценті мемлекетке етке өткізілді, 173 мың малы бар Балқаш ауданында 297 мың малға салғырт салынды.
Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, былайша айтқанда, тәрбиелеу мақстатымен тұрып жатқан ауданынан тыс жерге жер аударумен немесе ұзық уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдеге айналды. Ең ынталы ұжымдастырушылардың ұнататын құралы ауытқушыларды беталды кулактардың құйыршықтары дейтінге дейтінге жатқызу еді. Мыңдаған ауқатты және орташа шаруашылықтар солардың қатарына жатқызылды. 1929 жылы ған республикада 56498 шару жауапқа тартылып, олардың 34 мыыңнан астамы сотталды.
Алматы округі шаруашылықтарының көпшілігінде кәмпескелеу кезінде алынатын бұйымдар қатарына – құмыралар, тауықтар, жастықтар, шайқасықтар, стакандар, ағаш қасықтар, табалар, ерлердің белбеулері, әйелдердің көкірекшелері, қайнатпаға арналған банкілер, түсір сабындар және басқалар енгізілді.
Жер-жерде кедейлер мен орташа шаруаларды орынсыз соттау және олардың малын жөнсіз кәмпескелеу, меншщік құқығынан айыру, тұрақты тұратын жерінен күштеп көшіру орын алды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударумен қорқытылады, олар кулактар қатарына жатқызылды.
Ақтөбе және Павлодар округтерінде кедейдерді ұрып-соғу, оларды суық су құйып азаптау, қыз кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою, кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізу орын алды. Конституцияға жат әрекеттерді негізінен алғанда деревнялар мен ауылдардың жалған белсенділері, қараңғығ шала сауатты адамдар жасады.
Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды.
Республикада жазалау шараларының кең көлемде жүргізілгенін мына фак дәлелдейді: ОГПУ-дің ерекше мақсаттағы Қазақстандағы лагерьлері Қазақ басқармасының өтініші бойынша республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін 1930 жылғы 13 мамырда Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз және тегін пайдалануға 110000 га жер алқабын бөлді.
Сол арқылы өркениетті кооператорлар қоғамын құру идеясының беделі едәуір түсірілді. 1932 жылдың ақпанына қарай Қазақстанда колхозшылар шаруашылықтарының 87 проценті және жекешелердің 51,8 проценті өз малынан мүлде айрылды.
1930-1932 жылдарда аштық етек алды.
1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам өлді, 1931 жылы ондай өлім 755 мыңға жетті. 1932 жылы 769 мыңнан астам адам өлді немесе көшіп кетті. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1750 мың қазақ немесе ауыл халықының 40 проценті тікелей шығынға ұшырады.
Жаппай жазалау мен аштық халықтың орныққан жерін тастап, жаппай көшіп кетуін туғызды. Тек 1930 жылғы қаңтардан 1931 жылғы маусым аралығындағы уақыт ішінде ғана 280 мыңнан астам қожалық – 1 миллион 70 мыңдай адам көшіп кетті.
Бір миллионан астам көшпенді республикадан тыс жерге көшіп кетті, оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, ал 414 мыңы кейіннен Қазақстанға оралды.
Республиканың 6,2 миллион тұрғынының 1931-1933 жылдары аштықтан 2,1 миллионы қырылды, оның ішінде келімсек халықтың шығыны 0,4 миллион адам. Қазақтардың бұрынғы саны 40 жылдай уақыт өткеннен кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді. Геноцид саясатының салдарынан халық осындай қасіретке ұшырады.
Елдің шығысындағы мал шаруашылығының ірі басзасы саналатын өлке содан бастап ұзақ жылдар бойы екінші дәрежелі аймақтар қатарына шығып қалды. Ұжымдастыру қарсаңында 40,5 миллион мал болса, 1933 жылғы 1 қаңтарда республикада небәрі 4,5 миллион ғана мал қалған еді.
Сталин мен оның төңірегіндегілер Қазақстанда болған аштық жайында біліп отырды.
Зұлмат ауқымының зор болғаны сонша, 1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа ұлы жұт, қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
3. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісі шаруалардың қатты қарсылығын тудырды. Ол қарсылық әр алуан түрде:
• қалалар мен құрылыстарға кету;
• басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кету;
• колхоз қозғалысының белсенділерін, партия. Кеңес, комсомол қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру;
• өзі-өзі қорғайтын қарулы отрядтар құру;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz