Сыйға тарту шартының ұғымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ Кiрiспе 2

I. Сыйға тарту шарты 4

1. 1. Сыйға тарту шартының ұғымы 4

1. 2. Сыйға тарту шартының нысаны 8

1. 3. Сыйға тарту шартының элементтері 10

1. 4. Сыйға тарту шартының тараптары 13

II. СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ жӘне СЫЙҒА
ТАРТУ ШАРТЫ бойынша жауапкершiлiк
18

2. 1. Сыйға тарту шарты бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерi 18

2. 2. Сыйға тарту шарты бойынша жауапкершiлiк 26

III. Мүлiктi меншiкке беру туралы мiндеттемелер

жүйесiндегi Өзгеде шарттардың сыйға тарту

шартынан айырмашылықтары 30

Қортынды 51

Пайдаланылған Әдебиеттер 53

Кiрiспе

Мемлекетiмiз тәуелсiздiк алған кезден бастап және елiмiз нарықтық экономикалық реформалар жағдайына көшуiне байланысты мүлiктiк мүдделердiң мәнi жоғарлай түстi. Осыған байланысты азаматтық құқық саласының сыйға тартыу институтының маңызы арта түсуде.

Сыйға тарту шарты мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін бекітеді және меншік құқығының ауысуын реттейді. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделері қамтамасыз етіледі және ол өзіне берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Кеңес Одағы уақытындағы азаматтық заңнамада сыйға тарту шарты тек қана реалды болуы мүмкін еді. Сыйға тарту шартына қатысушылары өздерінің еріктері бойынша реалды немесе консенсуалды мінез беруі жалпы алғанда қазіргі заман талабына сай келеді. Сыйға тарту қатынастарында өкiлдiкке жол берiледi. Сыйға тарту шартын жасау үшiн жалпы сенiмхат қолданылуы мүмкiн емес. Сый берушi берген сенiмхатта сый алушы аталу керек және сыйдың пәнi, көрсетiлу керек, онсыз сенiмхат жарамсыз болып табылады. Сыйға тарту шартында әмбебап құқықтық мирасқорлық туралы ережелердiң қолданылуында айырмашылықтар бар. Сыйға тартудың консенсуалды шарты (болашақта сыйға тартудың уәдесi) оның орындалуы жеке несие берушiге (сыйға алушыға) арналған мiндеттеменiң пайда болуына әкеледi.

Жалпы сыйға тарту шарты көп көздесетiн азаматтық-құқықтық шарттардың қатарына жатады және де сыйға тарту шарты құқықтық және теориялық тұрғыдан алғанда жеткiлiктi дәрежеде жақсы реттелген деп айтуға болады. Соған қарамастан сыйға тарту шарты шартының өзiндiк ерекшелiктерi әлi де болса толық зерттелiп болған жоқ. Осы тұрғыдан алғанда менiң дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған сыйға тарту шарты құқықтық әрi теориялық жақтан өзектi сипатқа ие деп айтуға болады.

Сыйға тарту шарты әсiресе Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алғаннан кейiн өте жақсы қарқынымен дами бастады.

Оған себеп болған басты жағдай әрине 1994 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң жалпы бөлiмiнiң қабылдануы болатын. Сыйға тарту шартының жалпы азматтық шарттар жүйесiнде аса маңызы бар. Себебi, бұл сыйға тарту шартының пәнi болып келетiн мүлiктi тұрақты меншiк иесi ретiнде пайдаланушы тараптардың мүдделерiне сай келедi.

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алып нарықтық экономикалық қатынастарға көшкелi берi елiмiздiң ұлттық заңнамаларында жекелеген айрықша мазмұны бар жаңа шарттармен қоса азаматтық құқықтағы бұрынғы ескi шарттар жаңаша мазмұнға ие болған болатын соның бiрi сыйға тарту шарты. Алайда сыйға тарту шарты кезiнде кеңестiк азаматтық құқық аясында да болғаны рас, бұл кезде, яғни нарықтық қатынастардың тапшылығы кезiнде сыйға тарту шартын, бiржақты және реалдық шарт деп қарастырып келгенi рас. Қазiр, әрине сыйға тарту шартын толық қанды қолданылуға және кеңес дәуiрi кезiндегi сыйға тарту шартын қазiргi сыйға тарту шартымен, салыстыруға болмайды.

Менiң дипломдық жұмысымның негiзгi мақсаты ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сыйға тарту институтының теориялық және құқықтық аспектiлерiне байланысты мәселелердi мүмкiндiгiнше жан-жақты қарастырып оған талдау жасау арқылы оның маңызды мән-жайларын ашып көрсету, сондай-ақ сыйға тарту шартының ерекшелiктерiн басқа азаматтық шарттар түрiмен салыстыра отырып талдау болып табылады.

I. Сыйға тарту шарты

1. 1. Сыйға тарту шартының ұғымы

Сыйға тарут шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының ) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүмліктің құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.

Қайтарымсыздылық - сыйға тарту шартының ең негізгі белгісі болып табылады. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Сыйға тарту (кей кездері) белгілі жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік аймағындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін атқарады. Сыйға тарту шарты мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін бекітеді және меншік құқығының ауысуын реттейді. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделері қамтамасыз етіледі және ол өзіне берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Енді түпкілікті және біржола заттың иесінің ауысуы болады. Сондықтан, сыйға тарту шарты мерзімсіз болып табылады.

Сый тартушы сый алушының арасындағы қатынастары (не себептен сыйлағаны) әртүрлі мүмкін, оларды анықтаудың сыйға тарту шарттың жарамсыз деп тану кезінде маңызы болады. Қазіргі жағдайда сыйға маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе түсті, олар басқа тұлғаларға көмек ретінде олардың өмір сүруі үшін аса қажетті заттарды қайтарымсыз береді. Мысалы: азық-түлік, киім-кешек. Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарныа қолдау берілуде, кей-кездері сыйға тарту шет ел элементінің қатысуымен де жүргізіледі. Қоғамды әрі қарай адамгершілік тұрғысынан тарту барысында сыйға тарту қатынастары басқа да азаматтық-құқықтың қатынастар қатарынан нақты орын алады.

ҚР АК бiр уақытылы кәсiпкерлiк сипаттағы қатынастарды реттегеннен сыйға тарту шарты осы кодекс реттеу көзқарасынан үйренiшсiз болып көрiнедi. Ақша мүлiктiк қатынастарында қайтапымсыздыққа орын жоқ болып көрiнедi.

Егер сауда саттық құқықтық нормаларынан бөлек азаматтық құқыққа тоқталсақ, онда сыйға тарту шарты басқа шарттық құқықтық қатынастарын арасында да салмақтылау көрiнер едi.

Шартты азаматтық-құқықтың ықпалы бар екені айқын көрінеді, егер қазіргі шет ел және құқық жүйесіндегі шартты саралауға жүгінетін болсақ, сыйға тарту шарты басқа шарттармен сатып алу -сату, айырбас және т. б. коммутативті шарт болып табылады. Мұндай шарттың мәнісі бойынша шартты жасасқан кезде әр тараптың пайдасы мен шығыны мүмкін1.

Қолданыстағы (күшіндегі) азаматтық заңнамаға сәйкес сыйға тарту шарты реалды немесе консенсуалды шарт болуы мүмкін. Бұл едәуір өзгеріс осы қоғамдық қатынастарды реттеу барысында пайда болған. Кеңес Одағы уақытындағы азаматтық заңнамада сыйға тарту шарты тек қана реалды болуы мүмкін еді. Сыйға тарту шартына қатысушылары өздерінің еріктері бойынша реалды немесе консенсуалды мінез беруі жалпы алғанда қазіргі заман талабына сай келеді.

Мүлік шартты жасау сәтінде берілетін болса, онда сыйға тарту шарты реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашақта берілетін болса, (шартта осыған қатысты талап бекітілсе) онда ол консенсуалды болып табылады. Әлдекімге затты немесе мүлікті құқықты тегін беруге уәде ету не әлдекімді мүліктік міндеттен босату уәдесі егер ол уәде тиісті (жазбаша) нысанда жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегін беру не оны мүліктік міндеттен босатуға айқын ниет білдірген болса, сыйға тарту шарты ( болашақта сыйға тарту уәдесі) болып саналады және уәде берушіні босатпай тастайды. (АК 506-б. 2-тармағы) .

Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы жоғарыда атап кеткендей оған қарсы берілетін заттың немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер мүлікке ақы төленетін болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды.

Заңнамада басқа адамның ауыртпалығы бар мүлікті беруге болмайды деп көрсетілмеген. Сонда да М. В. Елисеевтің пікірі онша нақты емес. Оның ойынша, берілетін мүлікке сыйға берушінің өзінің де құқықтарының ауыртпалығын орнатып сыйға тарту шартын жасауға болады2.

Біріншіден, мүлікті бергенге дейін оған иесінің ауыртпалығы болмайды. Бұл жерде несие беруші мен борышкер бір тұлға болып қалуына байланысты міндеттеменің тоқтатылуы ережесін ұқсастық бойынша қолдануға болады. Екіншіден, сый әдейі өз пайдасына ауыртпалық орната отырып, осы арқылы сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы талабын бұзады. Бұл айтылған дәлелдеріміз мүлікке бұрынға ие құқықтарының ауыртпалығы болуы мүмкіндігін мүлдем жоймайды. Бірақ бұл ауыртпалықтар шарт негізінде емес, заң негізінде болу керек және шектелген мөлшерде, жағдайда ғана қолданылады. Мысалы: ортақ меншік режиміндегі, кондиминумдегі, меншік иелерінің, заңды сервитутпен байланысты ауыртпалықтарынан құтыла алмайсыз. Бірінші екі жағдайда ауыртпалық өзара болып келеді. Үшіншіде сый алушының жер учаскесі қасында орналасқан сый берушінің жер учаскесіне қызмет етуі мүмкін. Сый алушыға басқа да мүліктік міндеттер жүктелуі мүмкін. Сыйды берген соң сый беруші оны жалпыға пайдалы мақсатта қолданылуын міндеттеуі мүмкін. Сыйға тарту шарты біржақты шарт болып танылады және негізгі құқықтар сый алушы тарабында болады. Сый беруші шарт бойынша негізгі міндеттерді жүзеге асырады3.

1. 2. Сыйға тарту шартының нысаны

Сыйға тарту шартының азаматтық айналымдағы ерекшеліктеріне қарай заң шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарты жасалса, жалпы ереже бойынша ауызша нысанда жасалады, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 151, 152-баптарының нормалары қолданылады.

Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазбаша түрде жасауды талап етеді. Сыйға тарту шартын жазбаша нысанда жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға болып және сый мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап етіледі. Мұндай талап заңды тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ережелерімен байланыста. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болу керек (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал кері жағдайда заңды тұлға органдарды (материалды жауапты тұлғалар) жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бұл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасалғаны басқа да жазбаша жасалған құжаттармен дәлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын жұмысшыларды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатынастар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі мүмкін (ҚР АК 1-бабы, 3-тармағы) .

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларында дәл көрсетілмегендігіне қарамастан, егер сыйға тарту шартын мемлекеттік тіркеу талап етсе, ол жазбаша жасалады. Өйткені қозғалмайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін осы мүлікке құқықты беретін құжаттар керек (“Қозғалмайтын мүлік және оынмен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы” Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығының 14-бабы 2-тармағы 25 желтоқсан, 1995) .

Алдағы уақытта сыйға тартуға уәде беру - консенсуалды шарт болып табылады және әрқашан жазбаша түрде жасалады. Осы шарттың заң талап ететін жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады (Қазақстан Республикасыны Азаматтық кодексінің 508-бабы 2-тармағы) 4.

1. 3. Сыйға тарту шартының элементтері

Қазiргi кезде сыйға тарту шартының пәнi болып зат сонымен қатар мүлiктiк құқықтар да табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 506-б. 2- тармағы. Нақты сыйға тарту затын көрсетпей -ақ өзiнiң барлық мүлкiн сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту пәнi болмайды.

Қандай да бiр игiлiктi қайтарымсыз алу әрқашан сыйға тарту болып танылмайды. “Рим құқығында қайтарымсыз пайдалану, процентсiз зайым және қайтарымсыз сақтау сыйға тарут деп қарастырылмаған”. Сыйға тарту болып бiр нәрсенi уақытша пайдалануға беру немесе ақысыз қызметтi жүзеге асыру болып келмейдi, тек сезiлетiн нәрсенi (субстанцияны) беру сыйға тарту болып бағалануы мүмкiн. Айтылған Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық доктринасында қалыптасқан сыйға тарту шартының түсiнiгiне және оның пәнiне қарама қарсы келмейдi. Егер де сыйға тарту белгiлi бiр мiндеттеменi борышты кешiру арқылы тоқтату сияқты Азаматтық кодексiнiң 373 бабымен көзделген әрекеттен өзгешiлiктi байқай алмаймыз. Жоғарады айтылғанның цессияға да қатысты, яғни сыйға берушi үшiншi тұлғадан талап ету құқығын берген жағдайға. Ал егер тұлға өзiне қатысты құқық сыйласа, ол сыйға тарту негiзiнде туындайды яғни құқықтың пайда болу тетiгi цессияға қарағанда өзгеше.

Ф. Карагусовтың пікіріне назар аударуға тұрарлық. Ол азаматтық құқықтың жекелеген объектісі болып алатын мүліктік құқықтарды анықтап бөлу керек деген пікірді алға тартады5. Қарастырылып отырған пікірдің методологиялық маңызы бар, оның тек сыйға тарту шартының сұрақтарын ғана емес, сонымен қатар басқа пәні (нысанысы) мүлік және мүліктік құқықтар болып табылатын шарттарды қарастыруда мәні бар. Сыйға тарту шартының нысанасы болып азаматтық айналымнан алынбаған заттар және азаматтық құқықтың дербес объектісі бола алатын мүліктік құқықтар табылады. Сондықтан көрсетілген сыйға берілетін мүліктік құқық тек сыйға беруші мен сый алушының арасында ғана мәні болмай ол басқа да тұлғалардың қатысуымен азаматтық айналымда кеңінен қолдануға жарамды болуы керек.

Сый алушының міндеттемеден босатылу жағдайында әдетте сыйдың пәні болмайды. Бұл кезде сый алушы сый берушіден мүлік алмайды. Сыйдың “нысаны” болып сый алушы жеткен жетiстiктер саналады, бiрақ оны азаматтық құқықтың қандай да бiр объектiсi ретiнде бағалауға болмайды. Осы жағдай сый алушы сыйдың арқасында өзiнiң мүлкiн сақтап қалады. Бiрақ оның құрамы сый алушы босатылатын мiндеттеме сияқты нақты емес сыйға берушi борышкердi үшiншi тұлғалар алдындағы мiндетiнен босатқан кезде де ұқсас жағдай пайда болады. Осындай қайшылықтар салдарынан сыйға тартуды реттейтiн заңнама сыйға тарту шарттардың қатарынан сыйға алушы сыйға берушi немесе үшiншi тұлға алдындағы мiндеттемесiнен босатылатын жағдайларды алып тастау керек.

Сыйға тарту шартының нысанасын ол қандай түрге жататындығы әсер етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырымдылық пен танылады. Қарастыралған норманың мазмұнынан біз қайырымдылық нысанасы болып тек зат немесе мүліктік құқық табылатынын көре аламыз. Ал қарапайым сыйға тарту мұндай шектеулерді білмейді6.

1. 4. Сыйға тарту шартының тараптары

Сыйға тарту шартының тараптары сый беруші мен сый алушы болып азаматтық құқықтық барлық субъектілері келуі мүмкін. Жеке тұлғалар, заңды тұлғалар (ұйымдастырушылық құқықтық нысанына қарамастан), мемлекеттік, әкімшілік аумақтық бөліністер. Мысалы Қазақстан Республиксының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 22-қазан, 1998 жылғы 637-қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен ұйымдарға арендаға немесе сенімгерлікпен ьасқаруға берілген қолданылмайтын өндірістік ғимараттар, объектілер және офистік ғимараттарды меншігіне беру ережесі бекітілген болатын.

Бұл Қазақстан Республиксының Президентінің “жеке кәсіпкерлік қолдануды күшейту және активизациялау туралы” 6 наурыз, 1997 жылғы 3398 Жарлығына және “Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республиксының Заңына сәйкес қабылданған болатын7. Бұрын Қазақстан Республикасында жекешелендiруте жататын пәтерлердi (және басқа да үй-жайларды) қайтарымсыз азаматтың меншiгiне беру орын алған болатын. Жоғарыда көрсетiлген жағдайда сый берушi болып мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық уөкiлдiк берiлген орган арқылы шартта қатысады. Ал сый алушылар болып шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi табылады. Бұл шартты қайырымдылыққа жатқызуға болмайды. Өйткенi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалпыға пайдалы қызметi жүзеге асыруы талап етiлмейдi.

Ал егер мемлекеттiң басқа жағдайда сыйға беруi туралы айтатын болсақ, мынаны ескеру керек. Әкiмшiлiк акт негiзiнде мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарға мүлiк (компьютерлер. кiтаптар, құрал-саймандар, ғимараттар және т. б. ) олардың жедел (оранымды) басқаруына шаруашылық жүргiзуiне берiледi. Бұл қатынастарды сыйға тарту болуы мүмкiн емес, өйткенi меншiк иесi бар ол мемлекет. Бұл жағдайда қайырымдылық тек жеке меншiк нысанындағы заңды тұлғалар пайдасына жасалуы мүмкiн.

Сый берушi болып әрекет қабiлеттiлiгi бар әрекет ете алады. Сыйға тарту мүмкiндiгi 14 жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар және сот әрекетке қабiлетсiз деп танығандар үшiн барынша шектелген. Олардың атынан заңды өкiлдердiң сыйға тартуына, сыйдың құны он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын жағдайды қоспағанда жол берiлмейдi. Онда да мұндай сыйды беру үшiн алдын ала қорғаушы мен қамқоршы органардың келiсiмi керек (Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" заңы 114-бап 2-тармағы) .

Егер сыйға тартушы 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлеттiгi шектелген кәмелетке толған болса заңды өкiл қорғаушы және қамқоршы органның алдын-ала келiсiмiнсiз сыйды беруге рұқсат ете алмайды. Әрекет қабiлеттiгi шектелген және жартылай әрекет қабылеттi тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмiле болып табылатын мәмiлелердi ғана өз бетiнен (дербес) жасай алады.

Әрекет қабiлеттiгi жоқ тұлға ешқандай шектеусiз сый алушы ретiнде бола алады, ал сыйды оның атынан қорғаншылары (ата-аналары, асырап алушылары) алады. Қамқоршыларының келiсiмiмен 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар және әрекет қабiлеттiгi шектеулi азаматтар сый алады (ал ұсақ сыйларды олар жеке өздерi алуға болады) .

Ресей Федерациясының кәмелетке толмағандармен немесе олардың қатысуымен жасалатын сыйға тарту бiздiң елге қарағанда басқаша тұрғыдан жол тапқан. Ол кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiгi құқықтарын реттейтiн батыс елдерiнiң заңдылықтарына ұқсас.

Мысалы, РФ АК 26-бабының 2-тармағына және 28-бабының 2-тармағына сәйкес 6 жастан 14 жасқа дейiнгi және 14 жастан 18 жасқа дейiегi кәмелетке толмағандар өз беттерiмен нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттiк тiркеудi талап етпейтiн ақысыз (орнына өтем жасаусыз) пайда алуға бекiтiлген мәмiлелердi жасай алады. Осындай шешiмдермен келiсуге болады, бiрақ балалардың тәрбеиесiне, жүйкесiне, моральдық дамуына зиянды келтiруi мүмкiн сыйларды табыс етуге тыйым салу керек.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 509-бабына сәйкес, құны он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда, емдеу, тәрбиелеу олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарынан алуға тыйым салады8. Құны он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлерге олардың лауазымды жағдайына байланысты немесе олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты сыйға тартуға жол бермейдi. Сыйға тартуды пара алудан айыра бiлу керек. ҚҚ 311, 312-баптары. Құқыққа қылықты пара алу (пара беру) қылып бағатау мүлiктiң мөлшерiмен бағасына байланысты емес. Параны қорқытып алу жағдайы болмағанда заңға қайшы ниеттенулер екi тарапта бiрдей болып келедi. Егер "сый" коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функдиясын атқаратын тұлғаға берiлсе де жасалған әрекеттiң қайшылығы орын

алады. (ҚК231-б. ) .

Егер мүлiк заңды тұлғаның жедел басқару (шаруашылық жүргiзу) құқығында болса оны тек меншiк иесiнiң келiсiмiмен сыйға тартуға болады. Бұл шектеу құны он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға койылмайды. Қай-ырымдылық шартының субъектiсi, сый алушы болып азамат, емдеу, тәрбие беру мекемелерi, әлеуметтiк қорғау меке-мелерi және басқа да сол сияқты мекемелер қайырымдылық пен айналысатын ғылыми, оқу, мәдениет мекемелерi, қоғамдық және дiни бiрлестiктерi (ҚР АК 516 бабының 1 тармағы), коммерциялық емес заңды тұлғалар келе алады. Аталған норманың мағынасы бойынша сыйға алушылар болып (қайырым-дылық шарттарының негiзiнде), тиiстi көрсетiлгендей мiндеттердi атқаратын коммерпиялық заңды тұлғаларда келе алады. Қайырымдылық шарты мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң пайдасына да жасалуы мүмкiн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сый алушының құқықтары мен міндеттері
Сыйға тарту шартының мазмұны
Сыйға тарту шарты
Жалға алу шарты
Тауар жеткізілімі келісім шарты
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Айырбас шарты туралы жалпы түсінік
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының ұғымы. Азаматардың құқықтары мен бостандықтары және олардың қорғалуы
Жылжымайтын мүлік экономикасында тұрғын үйлердің алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz