Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   


ЖОСПАР

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Азаматтықтың түсінігі, азаматтық алудың негіздері мен жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2.2. Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2.3. Қазақстан Республикасы азаматтары мен шет ел азаматтарының құқықтық жағдайының салыстырмалы ерекшеліктері ... ... ... ... .13

ІІІ. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе

Жалпы алғанда тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымының толыққанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де кұқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысында көрінеді. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің мазмүны, оның құқықтары, бостандықтары және заңдық міндеттері болып табылады, ал бұлардың негізді болуы үшін белгілі бір алғышарттар туындауы тиіс. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің алғышарты оның құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі, сондай-ақ азаматыққа қатысты болып табылады.
Қазақстан Республикасында адам мен азаматтардың құқықтары мен ботандықтарына үлкен көңіл бөлінеді. Оған Қазақстан Республикасы Конституциясының бір тарауы арналған. Олар конституциялық құқықтар мен бостандықтар деп аталады.
Қазіргі кезде адам құқықтары мен бостандықтары жалпы әлемдік денгейде аса қымбат құндылықтарға айналғаны белгілі. Міне осы тұрғыдан алғанда азаматтардың Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы жайлы мәселе бүгінгі күннің өте өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық шетел азаматтары Қазақстанның заңдарына қайшы келмейтін өздерінің құқықтары мен бостандықтарын ешбір кедергісіз өз мүддесіне сай, еркін жүзеге асыруына толық мүмкіндік алады.
Сонымен бірге оларға біздің мемлекет тарабынан тиісті міндеттер жүктеуге негіз болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алып, егеменді ел болып өркенниетті дамудың сара жолына түскелі, әсіресе осы соңғы оншақты жылдар аралығында аталған салада айтарлықтай үлкен игі істерді атқарғандығы рас.
Мен өзімнің курстық жұмысымда Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайына қатысты мәселелерді, құқықтық және теориялық тұрғыдан мүмкіндігінше жеке қарастырып кеткім келеді.

ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Азаматтықтың түсінігі, азаматтық алудың негіздері мен жолдары

Қазақстан Республикасының 1991 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының азаматтық туралы" Заңына сәйкес азаматтық дегеніміз - адамның мемлекет пен оның өзара құқықтары мен міндеттері жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланысы болып табылады. Бір жағынан, азаматқа белгілі бір құқықтар берілген, мемлекет осы құкықтардың нақтылы қамтамасыз етілуіне қамқорлық жасайды. Осыған орай мемлекет өз азаматтарын елден тысқары жерлердеде қорғауға және оларға камқорлық жасауға кепілдік береді. Екінші жағынан Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңдарында азаматтардың мемлекет жөнінде белгілі бір міндеттері көзделген, осыған сәйкес мемлекет азаматтардың өз міндеттерін тиянақты орындауларына тиісті шаралар қолдануға қақылығы анықталған
Адам мен азаматтың құқықтарының айырмашылығы оншалықты емес болсада, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тек азаматтық қана құқық береді. Азаматтықты анықтайтын құжат төлқұжат болып табылады. Азаматтыққа қабылдану нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алған адамдар үшін азаматтық жағдайының мерзімі тиісті адамға азаматтық беру туралы Қазақстан Рсспубликасы Президентінің Жарлығына қол қойылған күнінен бастап есептеледі, ал туғандығы- азаматтық жағдайы туралы куәлігі бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 10-бабының 2-тармағында: Республикасының азаматын ешқандай жағдайда өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайдың дәлелденген. Егер "республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекет беруге болмайды" (11-бап, 1-тармақ.). Конституция 10-ба-бының 1-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады" деген ережесінің де іс жүзілік мәні зор. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай тең құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Қалай болса да, адамның және азаматтың өз құкықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардын құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Себебі, кез келген адам Қазақстан Республикасының азаматтығын заңды түрде ала алады және оны өзгерте алады.
Бұл туралы толық мәлеметті 1991 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған"Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы" Заңынан алуыңызға болады. Жалпы Қазақстанда және өзге де шет елдерде азаматықты алудың екі негізгі тәсілдерінің бар екендігін айтып кетпесе болмайды. Соның ішіндегі ең оңай жолы - азаматықты тууына байланысты алуы. Олай дейтініміз оны алу не оны беру тек жеке адамның, не тиісті мемлекеттік органның еркі емес, ол адамның табиғи құқығы болып табылады. Сондықтан мемлекет нәресте дүниеге келгенде ғана азаматтықты беруге міңдетті. Ол үшін баланың әкесі мен шешесінің екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет Егерде ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдада, онда бала Қазақстан Республикасының азаматы бо-лып саналады, егер ол: 1) Қазақстан Рсспубликасының аумағында туса; 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы аумағы тұрақты тұрғылықты жері болса.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтын ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады. Туған жеріне қарамастан, бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Рсспубликасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса да, бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Бұл бала Қазақстан Рсспубликасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.
Ата-анасының екеуі де белгісіз болса, онда Қазақстан Республикасы аумағындағы бала, оның азаматы болып табылады. Ал, егерде, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Рсспубликасы аумағында тұрақты тұрғылықты жері болса, онда олардың Қазақстан Республикасы аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылалы.
Шет елдердің азаматы мен азаматтығы жоқ адамдар да, жоғарыда айтылған азаматтық туралы Заң бойынша, өздерінің ерікті түрдегі өтініштерді (арыздары) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданулары мүмкін. Ондай өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. Заң әдебиеттерінде азаматтықты алудың екінші түрін натурализациялау дейді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін оның аумағында ең кемінде 5 жыл тұрақты тұруы керек немесе шет ел азаматының кемінде үш жыл некеде болуы тиіс. Осы аталған жағдайлардың жасы толмаған жасөспірім балаларға, әрекет қабілеттілігі жоқ және Қазақстан Республикасына айрықша еңбегі сіңген қадірлі адамдары сондай-ақ кезінде жаппай қуғын-сүргін, күштеп ужымдастыру қезеңдерінде, өзге де адамгершілікке жатпайтын шаралар нәтижесінде Қазақстан Рсспубликасы аумағын тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың және олардың үрім-бұтақтарының (ұрпақтарының) өз тарихи Отанына тұрақты түру үшін қайтып оралғандарына қатысы жоқ. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматтығын бұрынғы одақтас республи-калардың азаматтары да алас алатынын еске сала кеткенді жөн көрдік. Ол үшін олардың өте жақын туыстарының бірі - баласы, не асырауларында болғандары, ерлі-зайыптылары, ата-анасының біреулері асырап алушысы, апа-қарындасы, ағасы, апасы, атасы немесе әжесі болса, әрі Қазақстанға тұрақ тұруға келсе турған жерінің мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығанда болулары тиіс. Бұларға азаматтыққа алудың ең жеңіл түрін қолданады, яғни арызданушылардың талабын 6 ай мерзімнен кешіктірмей қанағаттандыру. Мұндай жеңілдіктер тек екі елдің арасында тиісті шарттар болғанда ғана тууы мүмкін. Бұл туралы шарттар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының, және біздің еліміз бен Беларусь Республикасының арасында жасалғандығын естеріңізге сала кеткенді де жөн көрдік. Бұл шарттар бойынша, екі жақта тұрақты тұруға келетіндерге ешқандай кедергі келтірмей, жан-жақты қолайлы жағдайлар, соның ішінде, азаматтықты алудың қысқартылған түрлерін қолдану, т.б. туғызу міндетті. Жоғарыда айтылғандай азаматтықты төлқұжат дәлелдесе, ал туғандығы туу туралы куәлігі бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 16-бабы 1-тармағына сәйкес (жалпы бөлімі) тұрғылықты жері ретінде азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені саналады. 14 жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады. Азаматтың тіркелген жері басым көпшілігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысы бойынша Республика аумағында 1998 жылғы 31-желтоқсанға дейін қолданылатын ескі төлқұжат үлгісінде көрсетілген азаматтың нақты мекен-жайының бірден-бір дәлелі болып табылады. Сондай-ақ мұндай дәлел азаматтың тұрақты тұратын жері бойынша оған жеке басы куәлігін беріле отырып тіркелген жері болып табылады: онда берген орны, уақыты және есептен шығып, келуіне орай жеке басы жөніндегі жаңа куәлік берілетін неме есепке алынатын, тұрақты тұратын жерге көшкен кезде өзгеретін осы құжатты берген орган жазылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың басқаша жолдар да бар. Айталық, бұл туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарындағы көзделген негіздер мен тәртіп бойынша және де Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңында көзделген өзге де негіздер бойынша. Бұл туралы мәліметтерді жоғарыда сөз еткенбіз.
Осы мәселеге байланысты тағы бір айтатын жәйт - Қазақстан Республикасыңда қос азаматтық ешкімге берілмейді. Бірақ, басқа шет мемлекеттерінде (мысалы Ресей мен Түркменстан арасындағы шартқа сәйкес) қос азаматтық-бсрцісді. Мұндай қос азаматтыкқа ие азаматтарды бипатридтер дейді, олардың құқықтары сол елдегі азаматтардың құқықтарымен пара-пар болғанымен міндеттері қай елдің аумағында тұратынына байланысты.
Осыған орай, еске сала кететін жәйт - Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан бас тарту негіздері де Заңда көрсетілген. Егер азаматыққа қабылдау туралы өтініш жасаушы адам: 1) азаматыққа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса; 2) Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса; 3) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса; 4) мемлекетаралық ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақтан Рсспубликасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса; 5) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса; 6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса; 7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды.

2.2. Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың негіздері

Енді курстық жұмысымның бұл тарауын мен азаматтықты тоқтатудың негіздеріне арналмақпын.
Оның бірінші негізі - азаматықттан шығу.
Қазақстан Республикасы азаматтығыннан шығу үшін заңда белгіленген тәртіппен адам өтініш жасауы қажет. Өтініш жасаушы адам Қазақстан Республикасы азаматтығынан мынадай жағдайда шығарылмауы мүмкін егер оның; 1) Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болса; 2) азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделерімен байланысы
болса. 3) адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса; 4) заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазысын өтеп жүрсе: 5) азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе.
Азаматтықты тоқтатудың екінші негізі азаматтықтан айыру. Қазақстан Республикасы азаматтығынан: 1) Қазақстан Республикасы мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан; 2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса; 3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша; 4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсіз себептермен үш жыл бойы Консулдық есепке тіркелмесе айырылады.
Азаматтық мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігіне жатады. Ол: Қазақстан Республикасы азаматтығана қабылдау туралы, оны қалпына келтіру туралы; одан шығару туралы және Қазақстан Респуликасы азаматтығын сақтау туралы шешімдер қабылдайды.
Бұл мәселе төңірегіндегі Қазақстан Республикасының төңірегіндегі Қазақстан Рсспубликасының Ішкі істер министрлігінің облыстардың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың ішкі істер басқармаларының бөлімдерінің өкілдіктері мынадай: Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан азаматтық мәселелері бойынша арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Президентінің қарауына жібереді. Сонымен бірге Қазақстанның мемлекетаралық шарттарында көзделгендей Қазақстан Республикасының азаматтығын және одан шыққандығын тіркеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, елімізде тұрақты тұратын адамдардың ҚР азаматтығынан айырылуын тіркейді.
Азаматтық мәселелерді алдын ала қарау үшін Қазақстан Республикасының Президенті өз жасынан азаматтық мәселелер жөнінен комиссия құрады. Арыздар мен ұсыныстар қараған кезде Комиссия арыз берушінің дәлелдеріне, ұсыныс мазмұнына, мемлекеттік органдар қорытындыларына, өзге де құжаттарға және куәлардың тиісті түрде ресімделген айғақтарына жан-жақты баға береді. Ол әрбір арыз немесе ұсыныс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыныс енгізеді Комиссия шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.
Тап осындай өкілдіктерді (яғни Қазақстаннан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан арыздарды қабылдап, бұларды-ҚР Президентіне жіберу, сондай-ақ олардың ҚР азаматтығынан айырылуын тіркеу, тыс жерлердегі ҚР азаматтарының есебін жүргізу) Сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер жүзеге асырады.
Ендігі айтатын жәйт — бұл Конституциядағы тұжырымда сөз етілетін азаматтардың (адамдардың) құқықтары мен бостандықтарының басқа заңдардағы (қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу, неке және отбасы, азаматтық, т.б. кодекстерінде) құқықтар мен бостандықтарға қарағанда ең негізісі екенін есте әрдайым ұстауымыз қажет. Сондықтан да болар оны әдебиетте "құқықтар мен бостандықтардың негіздері" деп атайды1.

2.3. Қазақстан Республикасы азаматтары мен шет ел азаматтарының құқықтық жағдайының салыстырмалы ерекшеліктері

Халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттары мен қалыптарының ұлттық заңдардан басымдылығын мойындау-Қазақстан Республикасында мемлекет пен тұлғаның өзара қатынастарының негізгі қағидаттары болып есептелінеді.
Қазақстанда шетел азаматтарының құқықтық жағдайын реттейтін арнайы институт, ол халықаралық жеке құқық саласында қарастырылған. Халықаралық жеке құқық нормалары шетел азаматтарының мүліктік және жеке мүліктік емес, от басылық еңбек және процессуальдық құқықтарын белгілейді.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы өзіндік ерекшеліктерге ие. Мысалы, шетел азаматтары бір мезгілде екі бірдей құқықтық жүйеге бағынады. Атап айтар болсақ , шетел азаматы бір мезгілде өзінің мемлекетінің құқық жүйесіне бағынуы тиіс те , ал екіншіден өзі қоныс тепкен елдің құқығын мойындап, оны сақтауға міндетті болады2.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 - бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан азаматы бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматтығын ала алмайды.3
Алайда, кейбір шетел мемлекеттерінде қос азаматтыққа ие болу мүмкіндігі сол елдің құқық нормаларында қарастырылуы мүмкін. Бір мезгілде азаматтың екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматтығына ие бола алмауы объективті негіздерге байланысты деп тануға болады. Мысалы, азамат бір мезгілде екі бірдей елдің азматтығына ие болған жағдайда қос азаматтығың бар адамдарды құқықтық жауап кершілікке тартуға немесе әскери қызметке шақыру туралы міндеттерді жүктеуге болмас еді, соның нәтижесінде осыдан сан түрлі проблемалар туындайды. Сондай-ақ, бұл проблема шетел азаматы болып табылатын жеке тұлғаны қылмыстық немесе өзге де жауапкершіліке тартуды тым қиындатып жібереді.4
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12 бабының 4 тармағына сәйкес, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының азаматтарына жүктелетін құқықтар мен міндеттер, егер заңда және халықаралық немесе мемлекетаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе барлығына міндетті болып табылады5.
Осыған сәйкес шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар өз құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының соттарына шағымдануға құқылы. Сондай-ақ, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар өздерінің құқықтарын жүзеге асыруды халықаралық ұйымдар арқылы да жүзеге асыруға құқылы. Әрине, егер мұндай халықаралық құжаттарға Қазақстан Республикасы мойындап қол қойса ғана, жүзеге асыруға болады6.
Тағы бір ерекшелік ол халықаралық құқық нормаларында немесе шарттарды өзгеше белгіленбесе, шетел азаматтары Қазақстан Республикасында тұрып жатып Қазақстан азаматтары ие бола алмайтын құқықтырға ие болуға құқысы жоқ.
Мысалы, шетел азаматтары тек мемлекеттің ғана меншігінде болатын объектілерге меншік құқығын алуға құқылы емес. Атап айтқанда жер, жер қойнауы, орман, су, өзен, жануарлар әлемі тағыда басқалар.
Шетел азаматтары екі түрлі құқықтық тәртіпке бағынады, олар әуелден өз елінің және содан кейін Қазақстанның заңдарына бағынуы тиіс болады.
Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы төмендегі қағидаларға негізделген.
Біріншіден, ұлттық режим-қағидасы. Бұл қағидаға сәйкес шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарына берілген құқықтарға ие болып тиісті міндеттерді жүзеге асыруға құқылы болады.
Қазақстан Республикасының ұлттық заңдарында және өзге де халықаралық құқық нормаларында басқаша белгіленбесе, Қазақстандағы шетел азаматтарына қандай да бір құқықтар беріліп, міндеттер жүктелмеуі мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтарының саяси құқықтары шектелген, яғни олар сайлау процессіне сайлаушы немесе сайланушы болып қатыса алмайды, сондай-ақ олардың кейбір мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік лауазымға тағайындалуына шек қойылған. Яғни, бұл жоғарыда аталып кеткен мән - жайлар шетел азаматтарының құқықтық мәртебесінің және құқықтық мүмкіндігінің әр - түрлі екендігін аңғартады.
Екіншіден, шетел азаматтарының құқық жағдайы, заң алдында барлық адамдардың теңдік қағидасына негізделген, яғни, Қазақстан Республикасының заңдары бойынша барлық адамдар өзінің ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, жынысына, діни нанымына және өзінің қызмет пен жұмыс жағдайына қарамастан Қазақстан заңдары алдында барлығы теңдей құқылы. Сонымен бірге Қазақстан Республикасында барлық адамдар өздерінің материалдық жағдайының ерекшелігіне қарамастан бәрі бірдей теңдей құқылы. Мұндай ереже шетел азаматтары үшін де қатысты болып табылады. Сондықтан да шетел азаматтары үшін осындай ерекшеліктерге негізделген шектеулердің Қазақстанда заңды күші болмайды. Мысалы, егер, қандай да бір мемлекеттердің заңдары бойынша неке әр түрлі ұлттардың арасында қиындауына тиым салынса, мұндай мазмұндағы қойылған шектеулер Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші болмайды, себебі шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заң талаптарына бағынуға міндетті болады.
Үшіншіден, шетел азаматтары өз құқықтыры мен міндеттерін жүзеге асырғанда оны Қазақстан Республикасының мүддесін қайшы келетіндей етіп жүзеге асырмауы тиіс, бұл өзінше жеке қағида ретінде қарастырылады.
Яғни, Қазақстандағы шетел азаматтарына тек құқықтар ғана беріліп қана қоймай, сондай-ақ оларға міндеттер де жүктеледі. Ал тіпті кейбір жағдайларда оларға қандай да бір міндеттер жүктелмеуі де мүмкін.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің, Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралың Жарлығының 20 бабында, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға әскери борыш өтеу міндеті жүктелмейді. Мұндай міндет Қазақстан Республикасының Конституциясының 36 бабының 1-ші тармағына сәйкес тек Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана жүктелуі тиіс. Сонымен бірге Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мемлекеттік лауазымды қызметтерге тағайындалмайды, тек заңда ерекше белгіленген реттерде ғана шетел азаматтары халықаралық немесе мемлекетаралық шарттарға сәйкес әскери сипаттағы қызметтерге тартылуы мүмкін.
Жалпы, шетел азаматтарының құқықтық жағдайын айқындау көптеген елдерде халықаралық құқық нормаларымен әлемдік деңгейде танылған адам құқықтары мен бостандықтары туралы қағидаларға негізделген.
Әлемдік деңгейде танылған халықаралық құқық нормалары мен құқықтық қағидалар Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларацияда көзделген. Сондай-ақ, азаматтардың саяси құқықтары туралы және экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық актілер де анықталған.7
Жалпы, шетел азаматтарын құқықтық жағдайын айқындау мәселесі ХХ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы қызметшілердің конститутциялық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы
Некеге отыру және некені тоқтату
Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік лауазым
Ерлі-зайыптылардың теңдігі
Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері
Мемлекеттік қызметтің мақсаттары мен міндеттері
АДАМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Мемлекеттік қызметтің ұғымы
Мемлекеттік қызметтің ұғымы, принциптері
Пәндер