Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздерінің сипаттамасы

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Халықаралық теңіз құқығы ұғымы, қайнаркөздері және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2. Халықаралық теңіз құқығының негізгі
қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1

3. Халықаралық құқық бойынша теңіз кеңістіктерінің
кұқықтық режимі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебитеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе
Халықаралық құқықтың тарихы халықаралық құқықтық қатынастардың пайда болыуымен тығыз байланысты. Бастапқыда құқық саласы ретінде халықаралық құқық деген ұғым қарастырылмаған, алайда кейінрек мемлекеттер арасындағы қатынастардың күрделенуі бұл қатынасты құққықтық тұрғыдан реттеу қажеттілігін тудырған болатын.
Халықаралық құқықтың пайда болуына басты ықпал еткен факторлардың бірі ол, әрине Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы деп айтуға болады. Бірккен Ұлттар Ұйымы халықаралық құқықтық қатынастарды бір жүйеге келтіріпәр түрлі мемлекеттер арасындағы қатынастарға құқықтық сипат бере бастады және халықаралық құқықтық қатнастардың субъектілік құрамын қалыптастырды деп айтуға болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылыуына байланысты халықаралы сипаттағы құқықтық құжаттар, кейінерк нормалар қабылданып оларға халықаралық қатнастарды реттеуге ресми ықпал берілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуымен қатар осы ұйым қасынан әр түрлі халықаралық ұйымдар құрыла бастады олар Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан әртүрлі мемлекеттермен қарым қатынасқа түсіп әлемдік аренада зор саяси, әлеуметтік, экономикалық ықпалға ие бола бастағанды. Халықаралық құқық нормалры Біріккен Ұлттар Ұйымыныңның мүшесі болып табылатын мемлекеттерде ресми мойындау тапқаннан кейін, яғни ратификациядан өткеннен кейін өзінің мәні бойынша дербес мемлекетпен байланысты екеніне қарамастан, ол жеке мемлекеттің құқығы бола алмайтыны сияқты, мемлекеттен жоғары тұратын құқық сипатына ие болды.
Менің бұл жұмысты орындаудағы алға қойған басты мақсатым –ол дербес құқық салысы ретінде халықаралық теңіз құқығының ұғымын, қайнар көздері мен негізгі қағидаларының мәнін ашып көрсету болып табылады.

1. Халықаралық теңіз құқығы ұғымы, қайнаркөздері және дамуы

Халықаралық теңіз құқығы - бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.
Халықаралық теңіз құқығын ерекшеліктеріне мынадай ережелер жатады:
Халықаралық құқық халықаралық құқық субъектілерімен бірге екі және одан да көп мемлекеттер арасында қалыптасатын құқықтық қатынастырды реттейді, яғни шетелдік элементі бар қатынастар. Теңіз құқығының құқықтық нормаларында шетелдік элементті қолданудың алғышарттары қаланған. Ұлттық элемент кіші каботажда (жағадағы жақын жерлерге жүк, жолаушы тасушының) - бір теңіздің шегінде жүзгенде және бір мемлекеттің порттарының арасында болады. Мұндайда теңіз тасымалының қатысушылары теңіз тасымалын жоспарлаудың ұлттық нормаларына жүгінеді. Үлкен каботаж — бұл бірнеше теңіздердің шегінде, бірақ бір мемлекеттің порты шегінде жүзу. Шетелдік рейс - бұл екі және одан да көп мемлекеттердің бір немесе бірнеше теңіз шегінде жүзу.
Халықаралық теңіз құқығы техникалық нормалармен тығыз байланысты құқықтық нормаларды мазмұндайды. Құқықтық нормалар адамдардың, мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейді. Техникалық нормалар - адам мен техника арасындағы қатынастарды реттейді. Мысалы, теңіз кемесінің капитаны теңіз құқығының нормаларына сәйкес, апат болған кемеге, кеменің күйреуіне байланысты суда қалған адамдарға көмек жасауы керек. Бірақ мұндай көмек теңіз кемесінің техникалық мүмкіндіктеріне сай болуы керек және кеме мен экипажға қатер туғызбауы тиіс. Теңіз кемесі беретін дабылдардың мазмұнын түсіну үшін теңіздегі соқтығысулардың алдын алуға жол беретін халықаралық ережелерге жүгіну керек. Бұл өте мықты жарылыстар немесе бір минут аралығында болған қару атысы; дыбыс ракеталары; смола бөшкесін жаққанда алынатын қызыл немесе сары от; қызыл ракеталар; радиотелефондық және радиотелеграфтық дабылдар; қолдың баяу көтерілуі мен түсірілуі; қара жалау немесе қара шар бейнеленген жалау және тағы басқалар болуы мүмкін. Теңіз істәжірибесіндегі халықаралық стандарттарға сәйкес SОS дабылын алған кеме капитаны батып бара жатқан кеменің координаттарын нақты көрсетуге, дабылды қабылдаған уақытын, өзінің орналасқан жерінің координаттарын нақты көрсетуге міндетті.
Халықаралық теңіз құқығы мемлекеттерге тиесілі жеке кемелер қатысатын қарым-қатынастарды реттейді. Мемлекетке қарасты теңіз кемелеріне мемлекеттік теңіз кемелерінің иммунитеті таралады. Бұл мұндай кемелерге шетелдік сот мекемелерінде талаптар қоюға, сонымен қатар кемеде жалауы ілінген мемлекеттің келісімінсіз мәжбүрлеу шараларын қолдануға болмайтынын көрсетеді. Осындай иммунитет мемлекеттік егемендікті құрметтеу қағидасына негізделеді және осыдан шығатын иммунитет қағидасы - халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидасы болып табылады. Мемлекеттердің дербес теңдігіне байланысты бірде-бір мемлекет басқа мемлекеттің меншігіне, оның келісімінсіз биліктік өкілдігін жүзеге асыра алмайды және бір де бір мемлекет басқа мемлекеттің сотына бағынбайды.
Мемлекеттік теңіз кемелеріне қатысты қамау және кеменің юрисдикциясын қамтамасыз ету тәртібінде ұстау немесе талап-арыз ұсыну, сондай-ақ шығарылған сот шешімін мәжбүрлі түрде орындау сияқты мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыруға жол берілмейді.
Халықаралық теңіз құқығы теңіз кемесі мен оның иесі арасындағы бөліністік сипаты тән құқықтық қатынастарды реттеумен сипатталады. Рейсте болатын теңіз кемесінің капитанында ерекше өкілеттіктер болады, ол бір мезгілде кеме иесі және жүк иесі ретінде көрінеді.
Осы заманғы халықаралық теңіз құқығына негізгі және көмекші қайнар көздер жүйесі тән. Халықаралық құқықтың барлық салаларының ішінде салт-дәстүр өз мазмұнын халықаралық теңіз құқығында көп мөлшерде сақтап қалған. Оны халықаралық құқықтың бұл саласы ғасырлар бойы баяу қарқынмен дамып келгендігімен түсіндіруге болады. Мемлекеттердің теңіздегі қызметінің дамуы және үдемелі қарқындауы бара-бара халықаралық теңіз құқығының нормалары ретіндегі белгілі бір ережелерді орнататын және бекiтетін халықаралық шарттар мен конвенциялар санының артуына әкеле бастады. Мәселен, халықаралық теңіз тәжірибесінде теңіз порттарының дәстүрлері сақталынған, ол порттардағы қауіпсіздікті реттейтін ережелер. Теңіз порты бастығының міндетті қаулыларында жүк тиеу және жүк түсіру кезіндегі экипаж мүшелерінің тәртіп ережелері, санитариялық және кедендік режимнің ережелері көрсетіледі.
Сондай-ақ теңіз тәжірибесіндегі кейбір халықаралық дәстүрлер шарттық немесе конвенциялық нормаларға айналды. Мәселен, бұл теңіз кемесінің капитаны мен оның көмекшісі батып бара жатқан кемені ең соңғы болып тастауды міндеттейтін құқықтық норма; теңіз кемесінің жалауын көтеру және түсіру ережелері. Халықаралық дәстүр өзінің басымдық маңыздылығын теңіз құқығы туралы БҰҰ конференциясына дейін сақтап келді, соның нәтижесінде халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көздері болған теңіз құқығы туралы төрт Женева конвенциясы жасалып қабылданды. Халықаралық теңіз құқығының барлық негізгі салаларын қамтитын теңіз құқығы туралы 1982 ж. БҰҰ Конвенциясы өз күшіне енгеннен кейін, халықаралық дәстүрге негізделген құқықтық нормалардың әрекет ету өрісі тарыла береді.
Халықаралық теңіз құқығы XX ғ. ортасынан бастап конвенциялық норма болып дами бастады. Халықаралық теңіз құқығының жүйелену процесінің үдемелі дамуының басталуының негізін БҰҰ қалады. 40-жылдардың соңы мен 50-жылдардың басы аралығында БҰҰ-ның Халықаралық құқық комиссиясы әдеттегі құқықтық нормалар мен теңіз құқығы саласындағы жаңа нормаларды жетілдіру мақсатындағы жұмыстарды жүзеге асырды.
Теңіз құқығы туралы БҰҰ-ның бірінші Конференциясы Женевада 1958 ж. 24 ақпаны - 27 сәуір аралығында өтті. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарарының негізіне сәйкес мәселенің заңдық жақтары ғана емес, сонымен қатар, техникалық, экономикалық, биологиялық және саяси жақтарын ескере отырып теңіз құқығын қарастыру үшін шақырылды. Ол теңіз кеңістігін пайдалану және зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуге қажет еді. Конференцияда 79 мемлекеттің делегациялары және 16 халықаралық ұйымдардан бақылаушылар қатысты. Халықаралық құқық Комиссиясы дайындаған теңіз құқығына қатысты баптардың жобалары Конференция жұмысының негізін қалады.
Конференция ғылыми-техникалық революцияның басталған кезінде өтіп жатты, ол мемлекеттердің теңіздегі қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді, бостандық алған елдерге конференция жұмысына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік берген отарсыздандыру процесінің жеделдетілуіне жол ашты. Конференцияда ашық теңіз туралы Конвенция, аумақтық теңіз және іргелес аймақ, континенттік қайран, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы конвенция қабылданды. Бұдан басқа, осы конвенцияларды қолдану және түсіндіруге байланысты пайда болатын дауларды міндетті реттеуге қатысты факультативтік хаттама, сондай-ақ 9 қарар қабылданды.
Қабылданған конвенциялар теңіз қызметінің негізгі жақтарын қамтып, мемлекеттердің Дүниежүзілік мұхиттағы бейбіт достастығын дамытуға бағытталды. Жоғарыда аталған конвенциялар қолданыстағы халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көздері болды. БҰҰ-ның I конференциясы халықаралық құқықтың үдемелі дамуына және жүйеленуіне тарихи үлес қосты. Конференция нәтижелерінің жақсы бағалануы, оның қабылдаған конвенцияларымен халықаралық теңіз құқығының барлық мәселелері шешіледі немесе олардың барлық ережелері мәңгілік және өзгермес дегенді білдірмейді.
Теңіз құқығы бойынша II Конференция Женева қаласында 1960 ж. 16 наурызынан 26 сәуірге дейін жұмыс істеді. Бұл конференция сулар мен балық аулау аймақтарының шектік ендерін шартта бекіту үшін шақырылды. Оған 84 мемлекет қатысты. Кейбір мемлекеттер қалыптасқан әдеттегі құқықтық норманы бекітуді және аумақтық теңіздің 12 мильдік шек енін мойындауды ұсынды.
Егер мемлекеттер аумақтық сулардың аз енін бекітетін болса, онда оларға аумақтық теңіздегі тірі ресурстарға деген құқықтары сияқты балық аулау аймағын 12 миль шегінде бекітуге деген тап сондай құқықтар берілетінін мойындау керек болды. Осы ұсыныстарды Азия мен Африканың көптеген мемлекеттері, сонымен бірге, Мексика және Венесуэла да қолдады. Ал 200 мильдік аумақтық теңіздерге талап қойған басқа Латын Америкасы мемлекеттері, аумақтық теңіз бен балық аулау аймағына біртұтас ендік шектер бекітілуіне қарсы шықты. АҚШ және басқа да батыс мемлекеттері ең жоғары дегенде 6 мильдік шекте бекітуге, жағалаудағы мемлекеттердің балық аулау аймағындағы құқықтарын 10 жыл мерзімге шектеу салу сипатындағы келісімге келгендей сыңай танытты.
Көзқарас қайшылықтарына байланысты ұсынылған ұсыныстардың бірде біреуі көпшілік дауыстан қажетті 23 дауысты жинай алмады, сөйтіп конференцияның алға қойған мақсаттары іске аспай қалды.
Теңіз құқығына қатысты барлық мәселелер бойынша конвенциялар қабылдау үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларына сәйкес 1982 ж. желтоқсан айында теңіз құқығы бойынша III Конференция шақырылған болатын. Ұлттық юрисдикция әрекеттерінің шегінде теңіз бен мұхит түбін бейбіт қолдану бойынша Комитет конференцияда талқыланатын тақырыптар мен мәселелердің тізбесін анықтады.
Конференцияның міндеттерін анықтау мен оның барлығын қамтушы теңіз құқығы бойынша Конвенциясын жетілдіру процесі кезінде Халықаралық теңіз құқығының үдемелі даму мүмкіндігімен бірге құқық тәртібінің тұрақтылығын үйлестіру үшін оңтайлы нұсқалар талқыланды. Конференцияның көптеген қатысушылары, жүйелеу мен үдемелі даму элементтерін үйлестіріп және уақыт сынынан өткен, әрі тәжірибелік құндылығын жоймаған заттарды сақтауымыз жөне дамытуымыз керек деп есептеді.
Конференцияның рәсім ережелерінің аса маңызды құрамдас бөлігі "Джентльмендік келісім" болды, онда шешімді қабылдаудың басты құралы ретінде консенсусқа сілтеме жасалған. Конференция жұмысын ұйымдастырудың басқа маңызды элементі "пакеттік" тәсіл қағидасы болды, яғни мемлекеттер көптеген мәселелер бойынша әр түрлі мүдделерде бола отырып, өзара мүдделері мен өзара жол беруді ескере отырып, жалпыға ортақ, тиімді ымыра шешім қабылдауға міндетті болды.
Конференцияда халықаралық жалпы адамзаттық проблемаларды шешуде екі өзара қарама-қайшы тәсілдер бой көрсетті. АҚШ терең сулы аудандардың стратегиялық шикізат түрлерін шығаруды монополизациялауға және Дүниежүзілік мұхитта өзінің теңіздегі үстемдігін орнатуға ұмтылды. КСРО АҚШ ұстанымына қарама-қарсы Дүниежүзілік мұхиттағы тұрақты құқықтық тәртіп, бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық үшін нық сеніммен өз ұстанымын көрсетті.
Осы заманғы кезеңде теңізде жүзу және теңіз ортасын қорғау саласындағы халықаралық актілерді жасау және қабылдау бойынша жұмыстар жанданып келеді. Мысалы, мынадай құқықтық актілер қабылданды: 1974 ж. теңіздегі адам өмірін қорғау Конвенциясы; 1972 ж. теңіздегі кемелер соқтығысуының алдын алу туралы халықаралық ережелер туралы Конвенция; 1965 ж. теңіздегі кеме қатынасын жеңілдету туралы Конвенция; теңізге қалдықтар мен басқа материалдарды тастауды және ластандыруды тоқтату туралы 1972 ж. Конвенция; 1986 ж. теңіз кемелерін тіркеу жағдайлары туралы Конвенция және т.б. жоғарыда аталған Конвенциялар осы заманғы теңіз құқығында теңізде жүзу және теңіз ортасын қорғауда қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етеді.
Халықаралық қауымдастық теңіздер мен мұхиттарда халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін саяси-құқықтық мәселелерге, олардың тек ерекше бейбіт мақсаттарда қолданылуына ерекше назар аудара бастады.
Мұндай тәсілдің нәтижесі ретінде 1963 ж. ядролық қарудың үш ортада сыналуына тыйым салатын шартта бекітілген, тиісті халықаралық-құқықтық нормалардың қабылдануын; 1971 ж. теңіздер мен мұхиттар түбінде және оның қойнауларында ядролық қару және жаппай қырып-жою қаруларының басқа да түрлерін орналастыруға тыйым салу туралы 1971 ж. шарт; теңіз кеме қатынасының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілер мен күресу туралы 1988 ж.
Рим Конвенциясын және континенттік қайранда орналасқан тұрақты платформалардың қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күресу туралы хаттаманы айтуға болады.

2. Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары

Халықаралық теңіз құқығы жалпы халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлімі болғандықтан, жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын басшылыққа алады. Бұл қағидаттар: өзара күш қолданбау, қорқытпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, мемлекеттердің қызметтестігі, барлық халықтар теңдей өз тағдырын өздері шеше алады, мемлекеттердің егемендігі бірдей, барлық мемлекеттер өздеріне алған міндеттерді ойдағыдай орындауға тиісті.
Өз мәні бойынша әмбебап және барлық мемлекеттерге кез келген қызметтер де міндетті, соның ішінде, әлемдік мұхитты зерттеу және пайдалану жөнінде мемлекеттердің қызметтері, олар барлық халықаралық құқықтық қатынастарда болатын негізгі заңды ережелер мен нормалардан тұрады.
Халықаралық теңіз құқығында сонымен бірге өзіндік негізгі қағидаттар, оған сипатталатын халықаралық құқықтың жалпы жүйесінің бір саласына ғана жататындар кіреді.
Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидаттары қатарына жататындар: ашық теңіз бостандығы; теңіз ресурстарын сақтау және орынды пайдалану; теңіздік ортаны қорғау; әлемдік теңіздерді бейбіт мақсатта пайдалану.
Ашық теңіз бостандығы қағидаты — халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидаты болып табылады. Ашық теңіз бостандығы қағидатына сәйкес, аумақтық теңіздің сыртқы шекарасына теңіз кеңістіктері ашық және қандай да бір мемлекеттердің егемендігіне жатпайтын барлық мемлекеттерге белгіленген халықаралық құқық пен жағдайына байланысты берілген.
1958 ж. "Ашық теңіз жөніндегі" Женева Конвенциясы бірінші рет осы қағидатты 2-бапта "ашық теңіз барлық ұлттарға ашық және ешқандай мемлекет өз егемендігіне қандай да бір бөлігін бағындыруға қақысы жоқ" деп, жариялай отырып, шарттық негізде бекітті.
Ашық теңіздегі бостандық қағидаты — теңізде жүзу еркіндігін, ашық теңіздің әуе кеңістігіндегі ұшу еркіндігін, су асты кабельдері мен құбырлар салу еркіндігін, жасанды аралдар тұрғызу еркіндігін, балық аулау еркіндігін және ғылыми зерттеулер жүргізу еркіндігін білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген еркіндіктер ашық теңіз еркіндігінің туынды элементтері болып табылады, сондай-ақ, теңіз құқығының бөлек қағидаттары ретінде өзіндік мәндерге ие болады. Теңізде жүзу немесе кеме қатынасы бостандығы — әрбір мемлекеттің, жағадағы не болмаса жағадан тыс мемлекеттің ашық теңізде өз жалауымен еркін жүруі болып табылады.
Ұшқыш аппараттардың ұшу бостандығы қағидаты (азаматтық, әскери) XX ғасырдың бірінші жартысында құрылды.
Осы қағидатқа сәйкес, барлық мемлекеттер ұйымдарға, азаматтық және әскери ұшқыш аппараттардың ұшуын жүзеге асыруға; олардың көмегімен ғылыми зерттеулер жүргізуге; радиотехникалық құрамдарды пайдалануға; теңіз жағдайындағы сауда, әскери, кәсіптік, ғылыми-зерттеу кемелерінің мүдделерін әуеден бақылап, теңізде көмек көрсетуге бірдей құқықтарға ие.
Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа да көпшілік мойындаған қағидаларымен өзара байланысты. Мұндай байланыс халықаралық құқықтық тәртіптін тиімділігін қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік мұхитта құқықтық тәртіптің үлкен маңызға ие болуына байланысты.
Ашық теңіз еркіндігі қағидасы. Бұл қағидаға сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады. Ол іс жүзіндегі халықаралық құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің еркін және тең пайдалануына ашық.
Ешқандай мемлекеттің ашық теңіздің бір бөлігін өзінің иелігіне алуға, бағындыруға құқығы жоқ. Бұл ереже 1958 ж. ашық теңіз туралы Женева Конвенциясында бекітілген.
Ашық теңіз еркіндігі қағидасы Дүниежүзілік мұхиттың түрлі су кеңістіктерінің құқықтық мәртебесі мен тәртібін анықтады және белгіледі. Бұл қағида теңіздің оның түбінің табиғи қорларын игеруге, құқықтық реттеуге маңызды әсерін тигізді. Ашық теңіз еркіндігі кеме қатынасының, балық шаруашылығының, кабель және құбырлар жүргізудің, теңізде ғылыми зерттеулер жүргізудің, жасанды аралдарды және басқа құрылыстарды салу еркіндігінің пайда болуына, әрі қарай орнығуына негіз болды. Осы қағида ашық теңіз және халықаралық бұғаздардың үстінен ұшып өту еркіндігінің пайда болуын және іске асуын анықтады.
Адамзаттың ортақ мұралары қағидасы. Оның мазмұнының ажырамас элементі ретінде терең су қорларының құқықтық мәртебесін анықтайтын және халықаралық аудандағы теңіз түбіндегі мемлекеттің нақты қызметін реттейтін жеке ережелерді айтуға болады.
Төмендегі ережелер осы қағиданың негізгі мазмұны болып табылады:
• Бірде-бір мемлекет халықаралық ауданның және оның қорларының бірде-бір бөлігіне өзінің иелігін және егеменді құқығын жүргізе алмайды;
• мемлекеттер, жеке не заңды тұлғалар терең су қорларын меншіктене алмайды;
• халықаралық ауданның қорларына деген барлық құқық бүкіл адамзатқа ортақ;
• халықаралық ұйымның бақылауымен жеке мемлекеттер мен олардың компанияларына терең су қорларын барлау мен өңдеуге рұқсат беріледі;
• халықаралық аудандағы жұмыстар барлық адамзаттың пайдасы үшін жүзеге асырылады; теңіз түбі мен оның қойнауының қорларынан түскен қаржы және басқа экономикалық пайда әділ және дамушы елдер мен халықтардың мүдделері мен қажеттерін ескере отырып бөлінеді;
• халықаралық аудан тек бейбіт мақсаттарға пайдалану үшін ашық болады.
Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасы. Бұл қағида конвенциялық сипаттан пайда болды. Күш қолдануға немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасауға тыйым салу қағидасы осы қағиданың басты ережелері болып табылады.
Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсатта пайдалану қағидасының заңды мағынасының өзі осында жатыр.
Теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы. Ашық теңіздің барлық кеңістігінде әрбір мемлекеттің тең құқылы негізде осы кәсіппен айналыса алатын қағидасына сәйкес, балық аулау еркіндігі бұл қағиданың арқауы болып табылады. Дүниежүзілік мұхиттың тірі қорларының кәсібі теңіздің тірі қорларының ауланатын түрлерінің көбеюін қолдауды, болмаса қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндей етіп, барлық мемлекеттердің жүргізуі керек.
Теңіздің тірі қорларын тиімді пайдалану және сақтау қағидасы мемлекеттердің екі жақты немесе көп жақты кең халықаралық ынтымақтастығын қарастырады. Сонымен қатар, мұндай ынтымақтастық осы қағиданы тәжірибеде жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымдардың шеңберінде мүмкін болады.
Экономикалық аймақта және ашық теңіздің басқа да аудандарында кәсіптің шарттарын келісу жолымен, ғылыми ақпараттармен, аулау деңгейінің, кәсіптік күштер туралы статистикалық мәліметтермен алмасу жолымен жетуге болады.
Сонымен осы қағиданы жүзеге асыра отырып, мемлекеттер Дүниежүзілік мұхиттың тірі қорларын сақтау, қалпына келтіру үшін өз күштерін үйлестіреді.
Теңіздің тірі ресурстарын сақтау және орынды пайдалану қағидаты теңіз кеңістігін қорғау және балық аулау бостандығымен тығыз байланысты. Бұл қағидаттың өзгешелігі кез келген мемлекеттің теңіз ресурстары ауланған түрлерінің қорларын сақтау есебімен Әлемдік мұхиттың тірі ресурстары кәсібіне құқығы бар екендігінен тұрады.
1958 ж. "Балық аулау жөніндегі" және "Ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау жөніндегі" Женева Конвенциялары және 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы теңіздік биоресурстар кәсібін тиімдірек ету және тәртіпке салудағы объективті қажеттіліктерді бекітті. БҰҰ Конвенциясының 177-бабына сәйкес "Барлық мемлекеттер Ашық теңіздің тірі ресурстарын сақтау үшін қажетті шаралар қолданады немесе өз азаматтарына қатысты қабылданған осындай шаралары бар басқа мемлекеттермен қызметтеседі.
Теңіз кеңістігін қорғау қағидасы. Теңіз кеңістігін қорғау қағидаты ірі сипаттағы жалпы халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарының бірі - қоршаған ортаны қорғау қағидатының құрамдас бөлігі болғандықтан, теңіз кеңістігін қорғау жалпы мемлекеттердің халықаралық қызметтестік мәселелерінде шешілуі қажет. БҰҰ-ның 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясы бұл қағидатты теңіз кеңістігін қорғау жайындағы мемлекеттердің жалпы халықаралық міндеті ретінде бекітті. Конвенцияның 192-бабына сәйкес "Мемлекеттер теңіз кеңістігін қорғауға және сақтауға міндетті". Теңіз кеңістігін қорғау қағидатын жасаудағы үлкен рөлді осы мәселенің әр түрлі аспектілері бойынша теңіз кеңістігін қорғауға шақыратын көптеген халықаралық конвенциялар атқарады. Оларға жататындар: 1954 ж. Теңіздердің мұнайдан ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық Конвенция және 1973 ж. Теңіздердің кемелермен ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық Конвенция (07.06.1994 ж. Қазақстан осы Конвенцияның қатысушысы); 1972 ж. Теңіздердің қалдықтар мен басқа да материалдарды тастаудан ластануын болдырмау жөніндегі Конвенция; 1969 ж. Мұнайдан ластануға алып келетін апат жағдайында Ашық теңізде араласу жөніндегі халықаралық Конвенция және т.б.
Ғылыми зерттеулердің еркіндігі қағидасы. Теңіз құқығы бойынша өткізілген БҰҰ-ның III конференциясы және 1982 ж. ол әзірлеген Конвенция осы қағиданың негізі болды. Алғаш рет ғылыми зерттеулер еркіндігі ашық теңіз еркіндігінің бірі болып табылатыны белгіленді.
Ол — әрбір мемлекеттің өзінің географиялық жағдайына қарамастан, құзыретті халықаралық ұйымдардың ғылыми зерттеулер мен іздестірулер жүргізе алатынын білдіреді. Бұл ретте, мемлекеттер теңіз кеңістігінде ғылыми зерттеулерге көмектесу үшін рұқсат етілген, ақылға қонымды ережелер мен орындау тәртібін қабылдауы керек, теңіздегі ғылыми зерттеулер үшін жол ашуы керек, ғылыми зерттеулер мен іздестірулер жүргізудің негізгі шарттары: біріншіден, оларды тек бейбіт мақсатта жүргізу; екіншіден, тиісті ғылыми әдістер мен құралдарды пайдалану; үшіншіден, барлық ғылыми зерттеулер мен іздестірулерді халықаралық теңіз құқығының конвенциялық нұсқасында белгіленген жалпы қабылданған ережелерге қатаң сәйкестікпен жүргізу; төртіншіден, жүргізілетін ғылыми жұмыстар басқа құқыққа сай жұмыс түрлеріне кедергі келтірмеуі болып табылады.

3. Халықаралық құқық бойынша теңіз кеңістіктерінің құқықгық режимі

Халықаралық құқықта жер шарының барлық кеңістіктері, "оның ішінде әуе және ғарыш кеңістіктері өзіндік құқықтық мәртебесі бойынша ең басты екі аймаққа бөлінеді: 1) құқықтық мәртебесі ішкі мемлекеттік заң нормаларымен белгіленетін кеңістік; 2) құқықтық мәртебесі халықаралық нормалармен белгіленетін кеңістік.
Жер кеңістіктері сияқты, Дүниежүзілік мұхит кеңістіктері де жағадағы мемлекеттің мемлекеттік аймағын құрайтын теңіз кеңістіктерінен және құқықтық мәртебесі халықаралық құқық нормаларымен белгіленетін теңіз кеңістіктерінен тұрады.
Теңіз кеңістіктері құқықтық режим бойынша: 1) құқықтық мәртебесі негізін ұлттық құқық нормалары құрайтын мемлекеттік аймақтар (ішкі теңіз сулары; аймақтық теңіз); 2) мемлекеттік аймақтар құрамына кірмейтін, алайда жағадағы мемлекеттер мұндай кеңістіктерде Ұлттық заң және халықаралық шарттармен бекітілген белгілі егеменді құқықтарға ие болатын аралас режимді аумақтар (құрлықтық қайраң және экономикалық аймақ); 3) халықаралық шарттармен бекітілген барлық мемлекеттерге ерекше құқықтық режимді жалпы пайдалануға жататын халықаралық режимді аймақтар (аймақтық сулардың сыртқы шегінен басталатын ашық теңіз, теңіз түбіндегі халықаралық аудан, кейбір халықаралық бұғаздар, каналдар, өзендер мен көлдер, Антарктида, ғарыш кеңістіктері және аспан денелері).
Ішкі теңіз сулары және аймақтық теңіз жағасындағы мемлекет өз егемендігін жүзеге асыра .алатын мемлекеттік аймақтың бір бөлімдері болып табылады.
Ешқандай мемлекеттің өз егемендігін жүзеге асыра алмайтын ашық теңізде , кез келген мемлекет халықаралық құқық көлемінде, оларды өзгертпей немесе шеттен шықпай өздерінің құқықтарын пайдалануы және өз міндеттерін орындауы қажет.
БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі конвенциясына сәйкес аймақтық теңіздің сыртқы шегінде ашық теңіздің көлемді кеңістіктері жатыр. Ашық теңіз кеңістігі ішінен өз кезегінде жағадағы теңіз кеңістіктерінің мынадай түрлері бөлінеді. Оларға іргелес аймақ, континенттік қайраң және ерекше экономикалық аймақ жатады.
Теңiз кеңiстiгiнiң осы түрлерiнiң әрқайсысы өзiндiк айырмашылық режим мен ерекшеліктерге ие. Мысалы, іргелес аймақ жағадағы мемлекет пен оның ішкі теңіз суларында және аймақтық теңізде шетел кемелерінің кедендік, фискальдық, иммиграциялық және тазалық ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру үшін құрылады.
Теңіз кеңістіктерінің жаңа ұғымдары және түрлері — ерекше экономикалық аймақ пен континенттік қайраңның— ақыр аяғында Ашық теңіздің жағадағы кеңістіктеріне мемлекеттердің ұлттық талайтану нәтижесінен пайда болды, жағадағы мемлекеттердің Ашық теңіздің осындай аудандарын өздерінің егемендіктеріне бағындыруға ұмтылу әрекеттерінен басталады.
БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі III Конференциясындағы ұзақ талқылау мен келіссөздер нәтижесінде экономикалық аймақ және континенттік қайраң аймақтары бойынша жағадағы мемлекеттер құқықтары мен басқа да мемлекеттердің құқықтары арасында келісімге қол жеткізілді.
БҰҰ Конвенциясы бойынша экономикалық аймақ жағадағы мемлекеттердің кейбір пайдасына алынған Ашық теңіздік аймағы болып есептеледі. Осындай маңызды жетістіктің нәтижесінде жағадағы мемлекеттер осы аймақта өз егемендігін емес, егеменді құқықтары мен заңдылықтарын қолдана алады. Онда барлық мемлекеттер аты 87-бапта көрсетілгеніндей, кеме қатынастары мен ұшу, су асты кабельдері мен құбырларын салу еркіндіктерін пайдаланады. Демек, экономикалық аймақтағы еркіндіктер, Ашық теңіз еркіндіктеріне сараланады.
Экономикалық аймақ және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық теңіз құқығы туралы білімдер жүйесін қалыптастыру
Халықаралық теңіз құқығы
Халықаралық теңіз құқығы ұғымы және оның дамуы
Мемлекеттердің дербестеңдік қағидасы
Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері
Ашық теңіз еркіндігі қағидасы
Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары
Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық-құқықтық қорғау
Халықаралық құқықтың қағидалары
Заманауи халықаралық құқық
Пәндер