Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу шарттары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
 ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

” – ң ауыстыру қажет

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
“Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы”

Бақылау нормасы ______________
(айы,қолы)

Қорғауға жіберілді
профессор, кафедра ме”герушісі __________ Байделдинов Л.А.

Алматы, 2000 ж.

М А З М Ұ Н Ы

І . К І Р І С П Е
II. І –тарау.

Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу шарттары.

1.1. XІX ғасырды” со”ы XX ғасырды” басындағы қоғамдық пкірдегі саяси-әлеуметтік бағытты” қалыптасу мәселелері.
1.2. Әлихан Бөкейханов және “Алаш партиясы”.

III. ІІ –тарау.
Саясаттану контекстіндегі Әлихан Бөкехановты” саяси -әлеуметтік көзқарасы.

2.1. Әлихан Бөкейханов және 20-30 жылдардағы Қазақстандағы Қазақстанда Советтік тоталитарлық саяси жүйені” қалыптасуы.
2.2. Біртұтас Түркістан идеясы қазіргі заманның саяси процестер контекстінде.

ІV . Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
V. Қолданылған деректер тізімі.

К І Р І С П Е

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егеменді қазақ мемлекетіні” қалыптасуы өте күрделі кезеңдерде өтіп жатыр. Қазіргі мемлекетімізді” қалыптасуының экономикалық қиыншылықтары аз емес, бірақ та егеменді ел болу үшін ең басты роль атқаратыны – ол рухани мәселелері. Соның ішінде даралап айта кетер бір саласы -қазақ халқының қоғамдық -саяси әлеуметтік мұралары мен бай рухани қазыналарын зерттеу,өмір талабына сай философияның тарихын қалыптастыру. Өзіні” ұлттық философиясы жоқ мемлекет ешқашан еркін,рухани дамып жетіле алмайды. Л.Н.Гумилев айтқандай: “Өз тарихын, өз философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай да мәдениетті” дамуы мүмкін емес”.(1).
Сондықтан да қазіргі Қазақстан еліні” ғылымдары мен саясаткерлері дүние жүзіне халқымыздың бай тарихы мен фольклорын,мәдениетін жоғары теориялық,зерттеулер дәрежесінде көрсете білу керек. Бұл алға қойған мақсаттарды толығынан жүзеге асыру көптеген кеңес дәуірі кезінде қалыптасқан көзқарастарға басқаша, таптық немесе партиялық позициялардан емес, жалпы адамзаттық позициядан баға беру керек.
Қашан да болмасын, қоғамның дамуын ұғыну, оның өткеніне үңілуді талап етеді, ол өйткені түсіне білу бүгінгі мәселелерді” тамырын ұстап білуге көмегін тигізеді. Сондықтан біз бүгінгі,қоғамның жетістіктерін білуге тырысқанда,өзімізді” өткенімізге үңілуіміз керек. Қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғамда жүріп, жатқан құбылыстар өзінің ішкі қайшылықтар кернеген күрделілігі сатылығы жағынан көбінесе ғасырды” басындағы процесстермен өте ұқсас келеді. Сол кезеңде өмір сүріп,өзінің саяси, әлеуметтік қоғамдық көзқарастарымен ағартушылық саяси негізделген ізденістерін жан-жақты таныта білген, қазақ зиялыларының бірі -Әлихан Бөкейханұлы. Әлихан Бөкейханұлы саяси -қайраткер ғана емес, ол теоретик, заңгер, демократ ағартушы. Оның саяси-қайраткерлік қызметі қазақ халқының өмірінде болған үлкен,тө”керістер кезеңіне тура келді. Әлихан Бөкейханұлы - өзінің еңбек еткен қай саласында болмасын халқына нәтижелі қызмет көрсете білді.
Біріншіден, Әлихан, Бөкейханұлы өмірі мен саяси қайраткерлік қызметі қазақ қоғамының дамуының ең бір күрделі де, қиын кезеңіне дәл келгені белгілі. Екіншіден, бұл кезең XX ғасырды” бас кезіндегі тө”керістер мен және бірінші дүниежүзілік соғыс ауылшаруашылығы мен қатар қазақ жерінде де ұлттық сана-сенімні”, ояна бастаған кезі болатын. Қазақ даласында дәл осы кезде үлкен рухани даму орын алды деседе болғандай.
Осы идеялық қоғамдық -саяси дамудың басында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералин, М.Тынышпаев, М.Шоқай сияқты белгілі саяси қайраткерлер, сонымен қатар Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов сияқты ақын-жазушылар, осы зиялы топқа қатынақан үн қосып, әр тұстан толықтырған. Жа”ғыртқан К.Тоғысов, Ж.Ақпаев, М.Бекматов, Х.Досмұхамбетов, Х.Ғаббасов, А. Бірімжанов, А. Ермеков, Қ. Кеме”геров, Е. Омаров, М.Есболов, Д.Әділов, Х. Болғанбаев, А.Байтасов, Ж.Досмұханбетов т.б. халқын сүйген азаматтар, қазақ қоғамының ойына жа”а ө” беріп, саяси бағыт беріп, Саяси-әлеуметтік еріктілік дарытып, кәсіби де”гейдегі саясаткерлікке ұштастырып әкетеді.
Осы тарихи тұлғалардың бірі болған қазақ зиялысын ғана емес, бүкіл түркі жұртының азаматы болған, артынан өте бай ғылым, тарихи, саяси-әлеуметтік, мұра қалдырған Әлихан Бөкейханның өмірі мен саяси қайраткерлік қызметі әлі ашылмаған сырға толды. Ширек ғасыр өмір сүрген, оның сол қиын-қыстау заманда соншама бай мұра қалдырған жұмбақ десек те болғандай.

Диплом тақырыбының зерттелу дәрежесі. Күні кешеге дейін қазақ халқының мәдени- -тарихи және саяси -ғылыми мұраларын төмендетіп көрсетуге бағытталған саясат үстем болып келеді. Социалистік реализмні”, таптық қағиданың үйреніштік аясынан табыла қоймаған дүниетаным атаулыға кемітіп қарайтын сы”аржақтық шовинистік астамшылықты” кесірінен төл халқымыздың бай мұрасын әлі де жете біліп, зерттей алмай келеміз. Тәуелсіздікке бет бұрған бүгінгі өтпелі кезеңде ғана кешенді, зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Әлихан Бөкейханұлының дүниетанмын, қоғамдық-саяси көзқарастарын зерттеген еңбектер жарық көрді. Аты аталған бағыттағы ең алғашқы жазылған еңбек М.С.Бурабаевты” 1991 жылы шыққан “Ғылым” баспасынан и “Обшестввенная мысль Казахстана в1917-1940 гг.” Атты зерттеуі. (1).
Философ ғалым зерттеуші А.Х.Қасымжановты” “Ұлы даланың зиялылары” атты кітапшасында Әлихан Бөкейханұлының өмірі мен саяси қызметіне тоқталып өтеді. Кейінгі кездегі Қазақстан тарихының көптеген беттері қайта қаралып та, жазылып та жүр. Тарих “ақта”дақтарына” арнаған зерттеулер көптеп жарыққа шығуда. Әрине Әлихан Бөкейханұлының өсіп-өнген ортасы, саяси қызметі мен дүниетанымы қалыптасып дамыған тарихи кезеңге де, сол кезде өмір сүрген басқа да қайраткерлерге де енді жа”аша көзқарастар айтылып жа”а деректер ашылып жатыр. Осы жағынан алғанда мына тарихты ғалымдардың еңбектерін ерекше атйа кеткенді жөн көрдім: М.Қ.Қойгелдиев,,М.Қ.Қозыбаев,К.Н.Ну рпейісов, М.Омарбеков, Ж. Артықбаев, Қ. Алдажұманов, М.С. Мұқанов және т.б. Бұл авторлардың еңбектері XX ғасырды” бас кезіндегі Қазақстандағы тарихи -әлеуметтік жағдайларды,экономикалық, мәдени, саяси өзгерістерді” барысын сол кездегі тарихи тұлғалардың қызметін бітім –болмысын тере” түсінуге мүмкіндік береді.

Зерттеуді” мақсаты мен басты міндеттері. Зерттеуді” негізгі мақсаты Әлихан Бөкейханұлының саяси-әлеуметтік көзқарастарын және қоғамдық -саяси көзқарастарының қалыптасуы мен дамуына көз жүгірту, соған ықпал еткен саяси-әлеуметтік экономикалық -мәдени жағдайларды жан-жақты ескере отырып қарастыру, оның қоғамдық саяси өмір, туындыларының ішкі мәндеріне үңілу. Осы мақсатқа орай туындалған басты міндеттер деп мына төмендегілерді айтуға болады.
-Әлихан Бөкейханұлының өмір сүрген, туып -өскен,қызмет еткен тарихи кезеңні” ерекшеліктерін айқындау және қоғамдық -саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен XІX ғасырды” со”ы XX ғасырды” басындағы Қазақстандағы қоғамдық ой-сананы”, әлеуметтік ойды”,экономикасы мен мәдениетіні”, даму де”гейін бағдарлау;
• Әлихан Бөкейханұлының саяси-қайраткерлік қызметіне, көзқарстарының қалыптасуына әрі қарай дамуына тікелей әсер еткен тарихи жағдайлар мен негізгі идеялық арқау болған саяси-әлеуметтік этикалық, эстетикалық ілімдер мен теориялық алғы шарттарды анықтау;
• Әлихан Бөкейханұлының публицистикалық шығармаларын талдай отырып, оның қоғамдық -саяси көзқарстарының даму кезеңдерін нақтылау олардың мазмұны мен мәніне үңілу, бойлау;
• Әлихан Бөкейханұлының саяси-әлеуметтік көзқарастарының қазақ халқының саяси ой-санасының дамуындағы орнын анықтау оның бүгінгі Қазақстанда қалыптасқан саяси -әлеуметтік жағдайға байланысты ма”ыздылығын ескеру,бағалау.

Дипломдық зерттеуді” методологиялық және теориялық негізі.
Дипломдық еңбекті” теориялық аспектілерін зерттеу және сонымен қатар қазақ халқының саяси-әлеуметтік қазақ философия тарихын бүкіл дүниежүзілік философия тарихының ішкі бір бөлігі ретінде, соның контекстінде қарастыру, оның өз ерекшеліктерін, нақыштарын қазақ халқының әлеуметтік –экономикалық, мәдени, тарихи дамуының нақты кезеңдеріне сай анықтау, яғни нақтылы тарихи-саяси талдау жасау деп қарастыру. Мұнда саяси ойды” диалектикалық методы жан-жақты қолданылып, оның логикалық пен тарихилық, абстрактілік пен нақтылық жекелік пен жалпылық сияқты категориялары мен принциптері іске асырылады. Әлихан Бөкейханұлының қоғамдық -саяси көзқарастарын зерттеу кезінде қоғамның құрылымы, даму за”дылықтары, тарихи кезеңдері,қоғамдық ой-сананың өзіндік орны формаларының арақатынасы, адам мен қоғам, қоғам мен тұлғалы адам, өркените пен мәдениет сияқты үлкен саяси -әлеуметтік мәселелер қазіргі саяси ой дамуыны”, де”гейінде зерттеу қажеттеріне орай қарастырылып, шешіліп отырды.

Дипломдық зерттеуді” ғылыми жа”алығы: зерттеліп отырған тақырыпты” өзінде тікелей байланысты Әлихан Бөкейханұлының саяси-әлеуметтік және қоғамдық саяси көзқарстары жүйелі түрде әлі зерттелмеген дипломның осындай игілікті де жауапты істі” бастамасы деп есептеуге болады.
Дипломдық зерттеуді” теориялық және тәжірибелік ма”ызы - Әлихан Бөкейханұлы қалдырған бай рухани мұраның саяси қызметіні” астарын айтуға бет ұстаған бұл алғашқы ізденіс саяси қайраткер, әрі жазушы, әрі ғалым, жан-жақты дарынды бұл тұлғаның саяси -қайраткерлік қызметін тере”ірек түсіну үшін, сол арқылы замандастарын ұғынуға, сол замана тудырған қазақ зиялыларының ойлау дәрежесін байқауға мүмкіндік ашылуында. Әлихан бөкейханұлының саяси-әлеуметтік көзқарасын зерттеу қазақ терихында әлі де үлкен белесті” бар екендігін ол белес қазақ зиялыларының XX ғасырдағы алғашқы оның жылдығындағы өсуі,өркендеу жолындағы байланыстарын білдіреді. Сол кезде қазақ даласында құйындай соғып өткен саяси-әлеуметтік,экономикалық,рухан и оқиғалар,қайшылыққа, тартысқа, күреске,дағдарысқа толы қазақ халқының тағдыры лек-легімен жарқыраған шоқ жұлдыздай дарындарды дүние келтірген. Соның ішінде дарындарының дарындысы болған өз заманынан көп озық кеткен ойшыл, теоретик, саяси қайраткер Әлихан Бөкейханұлының саяси -әлеуметтік көзқарастары туралы жоғарғы оқын орындарында лекциялар мен арнайы курс, семинарлар өткізуге осы дипломның нәтижелерін қолдануға болады. Бұл қырынан Әлихан Бөкейханұлының саяси қайраткерлік қызметі мен идеялық ерекшеліктерін тере”ірек білуге жетелейтіні сөзсіз. Сонымен қатар оның көптеген ой-толғамдары мен идеялары осы күші өтпелі заманның ырғағына орамдас екенін бүгінге дейін өз ма”ызын жоймағандықыын айта кеткен жөн.
Қайта, қазіргі тәуелсіздік алған еліні” болашағын түсінуге болжауға оның ма”ызы барған сайын арта түсуі әбден мүмкін. Өйткені Әлихан Бөкейханұлы бостандықты азаттықты,тәуелсіздікті а”сап өткен, соны мақсат тұтқан, соған жетуді” жолдарын ме”зеген.

І –тарау: Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу алғы шарттары.

1.1. XІX ғасырды” со”ы XX ғасырды” басындағы қоғамдық пікірдегі саяси-әлеуметтік бағытының қалыптасуы мәселелері:
1.2. Әлихан Бөкейханов және “Алаш партиясы”.

XІX ғ. Бірінші жартысындағы қазақ тарихында, сахарасындағы екінші ағартушы, ол қазақ интелегенциясы еді. Олар Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Тынышпаев,С.Садуақасов, Т.Рысқұлов, Қамке Кеме”герұлы, М.Жұмабаев, Халел мен Жаһанша Досмұханбетовтер,Ілияс Жансүгіров,Б.Майлин. Бұл екінші буынның ұстаған бағыты ұлттық тәуелсіздік демократиялық бағыт еді. Әрине, өзімізге тарихтан белгілі XІX ғ. Бірінші жартысында қазақ халқының тарихи мәдени жағдайы өте қиындап, капиталистік қатынатасрды” орнығуы, сонымен қатар халықты” жағдайы өте нашарлауы,қазақ шаруаларының әлеуметтік езгіге қарсы күресінде петиция жолдау науқаны яғни ақ патшаға деінгі жоғары,үкіметтік инстанцияға арыз беру елеулі орын алды.
Сонымен қатар Қазақстанда жұмысшы Қазақстанда жұмысшы және аграрлық қозғалысты”, өлкедегі тұтас азаттық жолындағы күресті” дамуында XІX – XX мәдени жағдайына шағын интеллигенттік топ белгілі роль атқарды. Өзіні” құрамы және бағыты, қоғамдық-саяси қызметіні” сипаты бойынша әртүрлі топтарды біріктірді, әйтсе де олардың негізгі бөлігін дәрігерлерді, мұғалімдерді, адвокаттарды және басқаларды қоса отарлық әкімшілікті” өкілдерін құрады. Бұлар дворяндардан, әр шенді ортадан және қоғамның төменгі топтарынан шыққандар болды. Олардың көбі нағыз үкіметтік, имперлік позицияда тұрды, бірақ араларында социал-революционерлер, социал-демократтар және басқа революцияшыл элементтер аз болған саяси жер аударылғандар өлке қалалары еңбекшілеріні” қозғалыстарына ерекше белсенділікпен қатысты. Көптеген қалаларда революциялық және либерал – демократиялық сияқты. (кадеттер,октябристер) герносотендік (қара жүзділік) партиялардың ұйымы пайда болды. (1).
Ұлт-азаттық қозғалыстағы қазақ интелегенциясының ролін ерекше атап өткен жөн. Олардың күресі қазақ халықының өлкедегі аграрлық мәселені” әділ шешілуі жолындағы күресімен тығыз байланысты. Жергілікті интеллигенттерді” қатарлары өздерні” саяси көзқарстарымен және іс-әрекеттерімен ерекшелнеді. (2).
Қазақ интеллигенциясының тек сан жағынан ғана емес, сонымен бірге ықпалы жағынан да неғұрлым басым, екінші бір бөлігі либералды демократиялық позицияда тұрды. Араларында ауылды” орта жән төменгі топтарынан шыққандар да кездескенімен (А.Байтұрсынов т.б.), бұлар негізінен даланың феодалдық,ақсүйектік топтарының өкілдері - Ә.Бөекейханов, Б.Қаратаев және басқалар болатын. 1905 жылы қазанда олар Оралды бес облыстағы қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, қазақтардың ұлттық мүдделерін қорғауға тиісті өздеріні” партиясы – Ресейді” конституциялық демократиялық партиясының филиалын құрмақшы болды. 1906 жылы ақпанда Семейде қазақтардың екінші съезі болып өтті. Ол съезд кадеттердікіне жақын бағдарламаны мақұлдауды, әйтсе де оған өлкеге орыс шаруаларының қоныс аудартылуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерлерін бұрыннан тұрғылықты халықты” меншігі ретінде мектептер ашу т.б. туралы талаптар енгізді. (3). Олар өздеріні” дінін ұстау ерекшелігін алу, ұлттық мәдениетті дамыту,Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен те”естіре тарату жөнінде мәселелер көтерілді. Қазақтардың осы жылдардағы (1906 ж) ұлт-азаттық қозғалысы діни күрес сипатына да бой көрсетті. Оның барысында, ерекше мұсылмандық дін басқармасын ұйымдастыру, мешіттер салу діни мектептер ашу, мектептерде ісләмді қазақ тілінде оқыту. Меккеге қажылыққа бару үшін шетелдік паспорттар беру т.б. талаптар алға жартылған еді. (4).
Қазақ халқының саяси-мәдени санасының өсуінде . Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу,айтарлықтай зор роль атқарды. Бұл сайлау барысында саяси партиялардың сайлаушылар дауысы үшін күресі кезінен өрістеді. Олар өлкені” орыс халқының саны едәуір неғұрлым ірі облыстарында социал-демократтар мен еңбек партиясының өкілдері, ал қазақ халқының арасында –либералды- демократиялық ұлт интелегенцияның өкілдері үлкен ықпалмен пайдаланатындығын көрсетті. 1- мемлекеттік Думаға Қазақстаннан тоғыз депутат сайланды, олардың төртеуі қазақ халықынан, ал бесеуі орыс халқынан болды. ІІ Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан енді он үш депутат, соның ішінде,қазақ халқынан – бес депутат сайланды. Бұдан біз нені көруімізге болады.Бұдан қазақ халқының қоғамдық -саяяси санасының оянып келе жатқанын қазақ халқының саясатқа араласа бастауы ұлттық интеллигенцияны қалыптастыра бастады. (5).
Сонымен қатар қазақ қоғамында, 1905-1907 ж.ж. бірінші ресейлік революция жылдарында Қазақстанда болған оқиғалар, әсіресе жұмысшылардың, шаруалардың және интеллигенцияның бас көтреулері, ұлт-азаттық қозғалыстар т.б. Олардың әлсіздігіне және олардың бытыра”қылығына қарамастан жергілікті еңбекшілер үшін саяси мектеп болып қалды. Сол мектепті” тәжірибиесін олар одан арғы ұлттық және әлеуметтік азатттық алу жолындағы күресте пайдаланды. Әрине, Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революцияның қазақ қоғамы үшін тарихи кезең болғандығы даусыз факті. Бұл жылдары, Ә.Бөкейханов дәл атап көрсеткендей “бүкіл дала саясат аясында тартылып азаттық үшін қозғалыс тасқыны құр со”ына енді. (6). Бірақ тарих ғылымында 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысты” Қазақстандағы, қазақ қоғамына тигізген ықпалын талдауды объективті ғылыми әдіс емес,белглі бір саяси мүдделерде көздеу,тарихи фактілерді сол тұрғыдан сұрыптау және бағалау үстемдік алып келді.
XX -ғасырды” басы кезінде Қазақ интеллигенцияларының саяси мәдени қозғалыстары едәуір жоғары де”гейде жүріп жатты. Сөзіміз дәлірек болу үшін 1905 жылды” со”ына қарай қазақ интеллигенциясы бірінші Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлау науқанына қызу араласып кетті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық айқындамадан үгіт –насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне осындай жағдайда Думаға даярлық мерзіміні” тар қыспағына іліккен ұлт-саяси партия құру әрекетін қолға алды.
1905 жылды” со”ына қарай Орал қаласында өткен бес облысыты” (Ақмола, Семей, Торғай, Орал және Жетісу) делегаттық съезі “ Қазақ конституциялық -демократиялық партиясын” құру туралы шешім қабылдады. (7).
Саяси күрес жолында енді ғана түсе бастаған қазақ интеллигенциясының осы кездегі саяси-әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде,Ресейді” радикалдық буржуазиялық партиясы кадеттерді” ұстаған бағытымен тоғысқандығы тарихи факті. Ал осы саяси партия де”гейіне көтеріле алмаған, саяси ұйымның бағыт-бағдары туралы не айтуға болады? Ол шынымен де кейбір еңбектерде айтылып келгендей, бар болғаны ресейлік кадеттер партиясының қазақстандағы филиалы ғана ма еді. Жоқ, әлде оның ұстаанған саяси тұғырнамасында өзгешеліктер бар ма? Қазақ кадеттеріні” бағдарламасы 1905-1906 жылдары бірнеше саны Орал қалсында жарық көрген Камиль Махватуллинні” “Фикер” (Пікір) атты газетінде жарық көрген. Онда қазақ жерін бүтіндей сол елді” меншігі етіп жариялайтын за” қабылдау қажеттілігін, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстау толқынын тежеу, қазақ жұмысшыларына еркіндік, те”дік беру, олардың мүддесін қорғайтын за”дар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе,университет ашу, тағы сол сияқты осы жылы түрлі облыстарда жазылған петицияларда көтерілген талап-тілектер айтылған. (8).
Міне, бұл жа”а ғана пайда болған саяси ұйымның бағдарламасынан келтірілген талап-тілектер оның іс бар болғаны Ресейді” кадеттер партиясының филиалы дәрежесінде қалып қоймайтындығын көрсетсе керек. Бізді” пкірімізше : “Қазақ конституциялық -демократиялық партиясын”, Ресейлік кадеттер партиясының жай филиалы немесе қазақ буржуазиясының тар таптық мүддесін білдіруші ұйым есебінде көрсету тарихи шындыққа сай келмейді. Біз бұл арада қазақ интеллигенциясының ресейлік кадеттермен байланысынжоққа шығармаймыз. Оған дәлел ретінде, біз сөз етіп отырған Б.Қаратаев, С. Жантурин, Ә.Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының осы партияға мүше болғанын ал Ә.Бөкейхановты” 1917 жылға дейін оның Орталық Комитеті құрамына енгенін айтсақ та жеткілікті. Кейіннен Ә.Бөкейханов бұл партиядан неге шыққаны туралы “Қазақ” газетіне жариялайды. Ал осы қазақ интеллигенттеріні” 1905-1906 жылдары саяси партия құру әрекеті неге сәтсіз аяқталады. Оның мынандай екі себебі бар еді. Біріншіден, қазақ қоғамында жалпыұлттық негізде саяси партияның құрылуына қажет, алғы шарттар әлі пісіп жетіле қойған жоқ еді. Екіншіден, ұлы державалық,шовинистік бағыт ұстаған кадеттер партиясының басшылығы үшін Қазақстан сияқты аймақта ұлттық еркіндік пен те”дікті мұрат тұтқан саяси ұйымның пайда болуы соншалықты тиімді емес еді. Сондықтан да қазақ кадеттеріне қолдау жасап, ы”ғай таныта қоймады. Партияның орталық басшылығы мен қазақ кадеттері арасындағы бұл алшақтық күн өткен сайын айқындала түсті. Әрине іс жүзінде патша саясат жалғастыра отырып, Уақытша Үкімет Қазақстанда ұлт мәселесін шеше алмас еді, жер мәселесін шешуге де ұмтылады. Басқа езілген халықтар сияқты қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесіне ол тіпті күн тәртібіне қоюға тырысады. Жоғарыда айтылғандай, Ә.Бөкейханов жер мәселесі бойынша “Қазақ” газетінде өзінің кадеттер партиясынан шығатындығын жұрт алдында мәлімдеуіне себеп болды. Ол үшін мәселені атап көрсетті: “Кадет партиясы жерді меншік етіп бергенді жөн көрді. Бізді” қазақ жерді меншік етіп алса, башқұрттарша көбі мұжыққа сатып, біраз жылда сытылып,жала”аш шыға келді. Кадет партиясы ұлт автонономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық... Бізді” қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса,үкімет ісінен бөліп қойған болды. Мұны орысшы “отделение церкви от государства” дейді. Кадет партиясы мені” пікіріме өзгеше қарайды.
Осы үшін жолды” айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан со” қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. (9).
Қазақ либералдық қозғалысының басшылары осы жағдайда, дүйемін тез өзгеріп,жатқанын және саяси күштерді” бағыт ұстану процесіні” шапша”дай түскенін түсіне білді. Қазақ халқы ұлттық-отарлық еріні” күшті царизмні” аграрлық саясаты,өлкені” әлеуметтік –экономикалық өміріне капиталистік қатынастардың енді қазақ халқының ұлттық сана-сезіміні” өсуіне алып келді. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс әр текті болды, әр түрлі идеялық саяси ағымдар әрекет жасады.Солардың негізгі тобын ұлттық интеллигенция –Петербург Мәскеу, Қазан,Томск Омск, және Орынбор университеттері мен училищелерін бітіргендер құрды. Ұлттық интеллигенцияның әр түрлі идеялық -саяси ағымдарының пікірлерін неғұрлым айқын білдірушілер “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті болды. 1914-1915 ж.ж. шығып тұрған “Айқап” журанлы ( шығарушысы әрі редакторы – Мұхамеджан Сералин ( 1871 –1929 ж.ж.) Қазақстандағы идеялық -саяси одйы” аграрлық -демократиялық бағыттарын білдерді. (10).
1913 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрған “Қазақ” газеті либералдық -демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Онда қазақ конституциялық -демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі ғалым экономст Ә.Бөкейханов және басқалар қызмет істеді.
Е” басты мәселе –аграрлы мәселелерде олар жерге мемлекеттік меншікті жойып, оны қазақтардың меншігіне өткізуді жерді сатуға тиым салуды талап етті. Елді” қоғамдық-саяси өмірін дамыту саласында либералдық -демократиялық бағыт қоғамының эволюциялық дамуын жақтады. Тұтас алғанда елді” әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық -саяси өміріні” дамуы жөнінде әр түрлі көзқарастар болғанымен “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті өз беттерінде империяның отар шет аймағы жағдайындағы қазақ халқының жалпыұлттық идеялары мен мүдделерін білдіре алды. (11).
Қазақ мәдениеті XX ғасырды әр үмітпен, әр түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір торға халықты толғандырып,оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт –азаттық күреске бүкіл ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да, әсерін тигізді.
Аайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлеріні” ықпалымен болды деу жа”сақ пікір. Бірде-бірі ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империясы таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе, көтеріледі. Социал –демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына понисоламизм, панторкизм айдарын шығып күдіктене қарады (12) ол тарихи шындық, әлі де сол.
Қазақ жастарының ірі саяси отарлықтарды оқуы, сол тарихи кезіндегі саяси оқиғаларды тікелей көзімен көріп куә болуы, қоғамдық жа”ару жолына қадам басқан орыс қоғамындағы демократиялық күштер мен ағымдардығ ықпалын басынан кешіруі олардың қоғамдық көзқарастарының кемелденуіне, саяси белсенділігіні” артуына әсер етпей қоймайды. XІX ғ. со”ы – XX ғ. Басында елде болып жатқан қоғамдық қозғалыстар және саяси -әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына үлкен әсерін тигізбей қоймады. 1917 ж. көкекте Петербургтан Орынборға қарай жолға шықтым. Осында бүкіл қазақ құрылтайы өтуі керек. (13).
Орынбор башқұрт жерінде орналасқан қазақ қарулы күштеріні” де орталығы. Қала тұрғындары негізінен татарлар, орыстар, орыс қазақтары. Негізінен татарлар, орыстар,орыс қазақтары. Бізді” қазақ тек бірнеше түтін. Әйтсе де Орынбор ежелден Түркістан өлкесіндегі қазақ ұлттық қозғалысының орталығы болып келді. Неге бұлай? Бізді” қазақ тұратын ө”ірлерде мұндай істерді ойдағыдай жүргізуге ы”ғайлы тап осындай қала жоқ еді. Қалаларда қазақ аз. Қазақ көп жиналған мәдени,саяси орталық ролін атқара алатын жөнді қала болмайтын.Қазақ зиялылары бас қосатын ұлт тағдырын кеуесетін кезең туғанда ең ы”ғайлы жер қазақ руларының өкілдері көп тұратын. Ташкент,Верный,Семей сияқты қалаларының бірі болуы мүмкін еді. Бірақ қазақ арасындағы ұлттық қозғалысты” бәріне де орыс әкімшілігі қарсы. Сондықтан қазағы қалы” ө”ірден аулағырақ бірі қаланы та”дау қажет.бұған Семей мен Ташкенттен едәуір жырақта темір жол үстінде жатқан Орынбор ең қолайлы жер болып шықты. Орынборда мұғалімдер даярлайтын орыс институты бар. Онда жыл сайын бірнеше мұғалім тәрбиеленіп шығатын. Бұған қоса ғұлама ғалым көрнекті қоғам қайраткері, дарынды жазушы Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов Орынборда тұратын. Бұл екі қоғам қайраткерлеріні” қуатты қаламының арасында қалы” елді арқасына қаратқан “Қазақ” газеті де Орынборда шығарылып таратылатын. Міне, қазақ сирек қоныстанған Орынборды” көпке дейін қыр қазақтарының ұлттық қозғалыстарының орталықтарына айналып, мұнда бірінші Бүкіл Қазақ Құрылтай бұрынғы Торғай губерниясының губернаторының зимаратында жиналды. Оны таяуда ғана тағайындалған Торғай облыстық комиссар Әлихан Бөкейханов ашты. Құрылтайға ке” байтақ қазақ сахарасының жер-жерінен сайланып келген делегаттармен бірге бұрынғы Түркістан Генерал-губернаторлығынан Ташкенттегі “Шоран Исламия” қоғамы тарапынан жіберілген Макдуар Кари,Әбдусәме Қари, Сарықұл Алдабергенұлы мен Жүсіпбек Басқараұлы қатысты. ( 14).
Бірінші Қазақ Құрылтайының бағдарламасында ең алдымен қазақ жері және жұмысшылар туралы мәселе қойылған еді. Құрылтай алғашқы күні орыс қоныс аударушыларының көшіп келуін дереу тоқтату және мемлекет тарапынан осы кезге дейін орыс қоныс аударушыларына берілген жерлерді” себебін алып,жергілікті халыққа қайтару туралы қаулы шығарды. (15).
Құрылтай орыс қоныс аударушыларынан тартып алынып берілген жерлерде, оларға берілгенге дейін үстіне үй салынған мал бағу, табындық үшін пайдаланған жерлерді де дереу өз иелеріне қайтару жайлы шешім қабылдады. Келесі күні –ақ құрылтай шығарған алғашқы екі қауылға, Уақытша үкіметті” ризалық білдіргені жайлы хабар жетті. Ал жұмысшылар мәселесіне келгенде,майдандағы қара жұмысқа адам алу кезінде қарсылық көрсетті деген желеумен қамалғандар түрмеден босатылсын. Осындай себептермен тоқтатылсын деген тілек айтылсын. Уақытша үкімет құрылтайды” тілегін де қабыл алды. Құрылтай бағдарламасындағы басқа баптар арасында қазақтарды орыстардан айырып, сол жұмысын, қазақ әкімдері мен бастықтары жүргізетін за” ұйымдарын құру керектігі және ағарту жұмысын, ке” ауқымды жедел жүргізу жайлы баптар болғанын да ескере салайын. Бірінші құрылтай қазақ даласында тәуелсіз өмір негізін қалай бастағаны осылардан айқын көрініп тұр. (16). Сыртқы саясат, қаражат, жол, әскери істері. Бүкіл Ресей федерациясы үкіметіні” ісі деп есептейтінбіз. Оқу-ағарту жұмыстары, жергілікті жолдар мәселесі, жергілікті мекемелер,за” және жер мәселелеріні” бәрі жергілікті автономиялы үкіметіні” ісі деп қарайтынбыз. (17). Біз әсіресе жер мәселесіне ерекше мән беретінбіз. Әскери құрылыс мәселесінде де едәуір елеулі өзгерістер енгізбекші едік. Мәселен,Бүкіл Ресей үшін құрылған әскери комиссариатты болумен бірге түркістандықтардың әскери қызметін Түркістанда құрып, Түркістанда қалдыру біз үшін ма”ызды мәселе еді. Бізді” сол кездегі ережеміз міне осылар.Бәріне бірден көріскеніміз жоқ. (18). Бізді” көбірек мән бергеніміз ұлттық кадрлар мәселесі еді. Кейінірек құрылып, қысқа өмір сүрген неше түрлі тәуелсіз мемлекеттер тәжірибиесі орыс революцияшыл демократтарына сенімімізді” қапа екенін көрсетсе, екіншіден, ашығын айтқанда, әр өлке әрбір шағын халықты” өз мемлекетін құрып,оны орыс империализмі ше”гелінен өз күшімен ғана қорғап қалады деген ұғымның да қате екенін көрсетті. Өткен кезеңні” ащы тәжірибиесі бұдан былай қайталанбас деп үміттенеміз. Шынын да еліні” бостандығын тілейтін азамат ең алдымен орыс патшаларына сенуден мүлдем үміт үзіп, орыстан басқа халықтардың күшін ортақ күреске топтастыру ісіне батыл кірісу керек. Екінші топты” қатесі бұдан сәл, басқаша . Шын жүректен Ресейге берілген бұл топ ұлттық автономиясы идеясын тек діни мәселе деп түсінді де халықты дін туып көтерген күреске шақырды. Бірінші топ революция ресейді отарлық жүйеден құтқаруға жол ашты деп түсініп, сол жолдағы алғашқы адал саяси автономия мәселесін ортаға қойды. Екінші топ революция нәтижесінде қарыштап өркендейтін прогрессті” өсуінен қорқып, прогресті жақтаушылардың түймедей жұмсақтығын түйедей етіп әсерлеп, оларды халыққа, дінні” дұшпандары деп көрсетуге тырысты. Бұл топ революцияшыл үкімет тарапынан жасалған барлық реформалар мен өзгерістерге шариғат тұрғысынан қарады.
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйеде ұлттық мемлекет идиясынан қорықты. Сондықтан да ұлттық шет аймақтарға бұл ойға қорғау салушылардың есімін атауға да тиым салынды. Міне осыған байланысты бір со”ғы уақытқа дейін қазақ ұлт азаттық қозғалысы қайраткерлеріні” өмір жолымен,саяси бет –бейнесімен таныса алмай келдік. Халықты” өткен тарихында елеулі тұлға болған қайраткерді” бірі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов.
1916 жылы 25 маусымдағы майданға қазақ жастарын алу туралы патша жарлығынан кейінгі уақытша тағдыр Әлихан Бөкейханов пен оның серіктеріне жа”а міндеттер жүктеді. Бір топ қазақ интеллигенттері өз еріктерімен майдандағы тыл жұмыстарына жіберілген қазақ жігіттеріні” артынан аттанды. Олардың арасында Әлихан нұрмұхамедұлынан басқа мұғалім Мырзағазы Есбаев дәрігер Әубәкір, Алдияров, студент Жаманмұрынов және т.б. адамдар бар еді. Кейінірек бұларға қыр баласының бойынша Міржақып Дулатов қосылады. Петербордағы билік орындарында жүргізілген келіссөздерден кейін олар қазақ жұмысшыларының ең көп шоғырланған жері Батыс майданға аттанып,оның штабы орналасқан Минск қаласына келіп, земскі және қалалық одақты” бұратана бөлімін ұйымдастырды да, оны басқаруды Әлихан Бөкейханов өз мойнына алды. Осы тұстағы қазақ интеллигенциясының майдандағы жұмысшыларға көрсеткен ағартушылық, дәрігерлік және басқа қызметі ұлттық интеллигенция тарихының жарқын беттеріне жатады.
Сол атқарылған істі” басы-қасында Әлихан Нұрмұхамедұлы өзі тұрды. Сол үшін де ол “Алашты” Әлиханың деген құрметті атаққа ие болды.

ІІ тарау.
Саясаттану контестіндегі Әлихан Бөкейхановты” саяси-әлеуметтік көзқарасы.
2.1. Әлихан Бөкейханов және 20-30 жылдардағы Қазақстанда советтік тоталитарлық саяси жүйені” қалыптасуы.
2.2. Біртұтас Түркістан идеясы қазіргі заманның саяси процестер контекстінде.

Қазақ жерінде патшалық империя мен орысты” зорлыққа қарсы шын мәніндегі мақсатты,ұлттық әлеуметтік күштерін қамтыған саяси қозғалыс 1917 жылғы ақпан тө”керісінен кейінгі кезеңде партиясының, ал со”ына қарай Түркістан автономиясының ( Қоқанда), ал оның артын ала Аалашорда өкіметіні” (Орыборда) құрылуы бұл қозғалысты” нақты нәтижелері болатын. Бұл сияқты құрылымдар 1918-1919 жылдарда большевиктер тарапынан күшпен таратылғанмен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасының бірден кете қойған жоқ. Алаш қайраткерлері ұлт мүддесі үшін күресін мүлдем жа”а саяси жағдайда, яғни өздері тұтқынға алынып сотталған 20-шы жылдардың со”ына дейінгі кезеңде де жалғастырды. Солай болды да толық негізді еді. Оған қандай айғақ бар.
Бұл күрес әсіресе жер мәселесінде анық көрінді. қазақ шаруалары түгелдей жерге орналасып болмайынша қазақстанда қоныс аударушылықты тоқтату үшін алаш қайраткерлері бастап берген кеңес үкіметі тұсына да өз жалғасын тапты, сондай-ақ жа”а саяси жағдай да бұл күреске бағыт, пәрменділік беруші ескі алаштық интеллигенция болды.
Алашты” интеллигенция мен отыршыл күштер арасындағы бітіспес күресті” шырқау шиі қазақ бұқарасына берілмек жер нормасы тө”ірегінде өрбіді. 20-шы жылдардың екінші жартысында жүрген бұл күреске атсалысқандардың қатарында Алаш қозғалысының белсенді мүшелері, сол тұстағы Жер Комиссиаратының басшы қызметкерлері иырзағазы Есболов, Жаманмұратов, Сәлімгерей Қаратулов сияқты қайраткерлер болды. Әлихан Бөкейханов Қазақстандағы отырықшылыққа көшпек қазақ шаруаларына тиесілі жер көлемін анықтау мақсатында КСРО Ғылым Академиясы жанынан құрылған экспедициясы (төрағасы профессор С.П. Швецов) ұйымдастыру идесының авторы болумен бірге,өзі де соның құрамына еніп, зерттеу жұмысына ат салысты. ОГПУ ты”шылары Мәскеуден шығуға тиым салынған қайраткерді Ақтөбе қаласында тұтқынға алып жедел түрде кейін қайтады.
Сонымен, ғасыр басында басталған жа”а ұлт-ұзаттық өрлеу 20-шы жылдардың,со”ы 30-шы жылдардың басына дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Ол “алаштық” атанған ескі буын интеллигенциясының ең белсенді бөлігін репрессиялаумен, сондай-ақ олардың ке”естік –партиялық қызметтегі ізбасарларын қызметтен аластаумен және оларды қудалаумен аяқталады. Күштеп коллективтендіруге қарсы бағытталған Қазақстандағы 372 шаруалар көтерілісі бассыз, панасыз қалған халықты” зорлықшыл саяси жүйеге көрсеткен ең со”ғы наразылығы еді.
Ғылымда болып жатқан өзгерістерге байланысты қайта қарауға мұқтаж келесі,екінші мәселе -Ұлт –Азаттық қозғалысты” ке”істік ше”бері. Негізгі мақсаты - ұлттық бостандық үшін күресте азатты ізденіс жолында болған қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
Әлихан Бөкейханов және Алаш партиясы
Міржақып Дулатұлының өмірлік ұстанымдары
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ФЕНОМЕНДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі
Алихан Бөкейханов өмірбаяны
Әлихан жаңғырығы. Ә.Бөкейханов өмірі мен өлімі.
Мұстафа Шоқай еңбектеріндегі тәуелсіздік идеясы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ газеті
Пәндер