Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы осында
Қазақстан Республикасы тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет.
Курстық жұмыс
МАЗМҰНЫ:
І. Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Құқықтық мемлекеттiң түсiнiгi мен
жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2. Қазақстан Республикасы тәуелсiз, демократиялық және
құқықтық мемлекет ретiнде даму мен қалыптасуы ... ... ... ... ... ..14
2.3. Қазақстан Республикасының тәуелсiз ел ретiнде
мемлекеттiк рәміздерінiң сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ІІІ. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
І. Кiрiспе
Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып қалыптасу кезеңi 1991 жылы, яғни Кеңес Советтiк Социалистiк Одақтың тарау кезiмен тұспа тұс келдi.
Сол алғашқы жылдары бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикалары сияқты Қазақстанда аса ауыр саяси және экономикалық дағдарыстарға тап болды.
Дәл осы кезде Қазақстанның жеке дербес саяси-экономикалық тұғырының болмауын өте айқын байқауға болатын едi. Себебi Қазақстан Республикасының экономикасы iс жүзiнде негiзiнен осы шикiзат өндiрумен және тапсырумен ғана ғана шектелiп қойған болатын.
Сонымен бiрге әлеуметтiк жағдайда тым ауыр хал кештi. Жетпiс жылдан астам уақыт аралығында бұрынғы Кеңес Одағындағы Социалистiк қоғам саясаты азамамттардың ынталы әрекетiн басып оған әркез мүмкiндiгiнше кедергi келтiрiп, шектеу саясатымен айналысып отырған және оларды енжарлық пен ынтасыздыққа бейiмдеп келдi.
Оның үстiне Қазақстан үшiн жаңадан тәуелсiз мемлекет құру осы алғашқы жылдары өте оңаайға тиген жоқ болатын.
Шыныменде тәуелсiз мемлекттi құру мен оны қалыптастыру шын мәнiнде барлық мәселенiң ең бастысы болатын.
Бiрақ Қазақстанның Ел басы Н.А. Назарбаевтың бастамасы бойынша бұл күрделi iстер сол кезеңдерде жеткiлiктi денгейде дұрыс жүзеге асырылып басқарылды деп айтуға бүгiн толық негiз бар.
Сонау 1990-шы жылдардың басында Қазақстанды тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде құрып оны қалыптастыру барысында өте үлкен iстердi алғаш бастауға тура келдi сол себептен де болар кейбiр кезеңдерде бiздiң елiмiздiң дамуында да сан-салалы жаңылысулар мен қателесiп ұтымсыз жолдарды таңдау жағдайыны жол берiлген кезеңдер болды.
Қазiр мiне тәуелсiздiктен кейiн он жыл өткеннен соң сол кезеңдерге көз салар болсақ бүгiнгi күнге дейiн орасан зор жұмыстардың жасалғанына оңай көз жеткiземiз.
Менiң осы жұмысты орындау барысында өзiме қойған басты мақсатым Қазақстан Республикасының тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде бүгiнi мен болашағына құқықтық теориялық талдау жасау болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында мен өз жұмысымда әуелден ең алдымен бұл мәселелердi құқықтық мемлекеттiң түсiнiгi мен жалпы сипаттамасына байланыстыра отырып қарастырып кеткiм келедi.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Құқықтық мемлекеттiң түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Құқықтық мемлекет - саяси ұйымның билігі, адамның, азаматтың құқығын, бостандығын толық камтамасыз етуге жағдайлар жасайды және мемлекеттік билікті құқықтың негізінде өз пайдасына пайдалануға мүмкіндік берілмейді.
Құқықтық мемлекет - көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамнын дамуындағы белгілі жяғдайлардың деңгеiне сай келетiн жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет -бұл мемлекеттiк билiк қiзметiнiң ұйымдасу нысаны, ол құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге кұрылады. Құқық алдыңғы рөлді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі зандар шын мәнісінде, халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде кұқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық камтамасыз етілді, бірақ, мүндай құқықтық реттеу, құкықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.
Құкықтық мемлекеттің экономикалық негізіне әр түрлі меншік формаларына, көп тәртіпке сүйенген өндірістік қатынастар (мемлекеттік, ұжымдық, арендалық, жекешеленген, акционерлік, кооперативтік т.б.) тең кұқықты және бірдей мөлшердегі заңмен қорғалғандар жатады. Құқықтық мемлекетте меншіктік, тікелей өндірушілерге және тұтынушыларға жатады, жекелеген өндірушілер өзінің жеке еңбегінің нәтижесі мен енімдердің меншіктенушісі болып есептеледі.
Мемлекеттіліктің құқықтық бастамасы, тек өзін-өзі билегенінде, меншіктік бостандығында. Құқық үстемдігін экономикалық жағынан қолдап, өндіріске қатысушылардың теңдігін, қоғамның қолайлы жағдайының тоқтаусыз өсуін және оның өзіндік дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін құраушы - өзін-өзі реттейтін азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері - бос азаматтарды біріктіреді. Мұндай мемлекеттің дәл ортасында, өзінің әр түрлі мүдделерімен адам тұрады. Әлеуметтік институттардың жүйесі, қоғамдық қатынастар арқылы, әр азаматтың шығармашылық, еңбек мүмкіншіліктеріне қажетті жағдайлар жасауына болады, ой плюрализмі, жеке адамның құқығы және бостандығы қамтамасыз етіледі. Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның кұқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді. Құқықтық мемлекет- бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы адамдық гуманизм принципі және адалдық, теңдік жеке адамның бостандығы, оның ары және адамгершілігі құрайды. Қүқықтық мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін қамтамасыз етеді жеке адамға жасалатын басынушылыкты, күштеуді жояды. Дәлірек айтсак, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен, сот процесінің адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен қарымқатынасындағы құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау, әр түрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда, қоғамның адамгершілік жетілгендігінен оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық, гумманизмінен және саяси қатынастарынан толығымен көрінеді.
Құкықтық мемлекет - бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдык қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құкықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азаматтарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса.
Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анык көрінеді. Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық гамма қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты ғана мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі, адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы камтамасыз етіледі. Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:
Барлық қоғам өмірінің аясындагы заң деңгейінің жоғарылығы. Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқыктылыктын нысанына ұйымдарды және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет бәріне міндетті тәртіп жолын белгілейді, адалдык пен теңдіктен бастау алып, коғам дамуындағы объективті кажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан да заң - жоғары заңдылық күшке ие. Басқа құқықтық актілер заңға сай болуы қажет. Зан қоғам өміріндегі ең маңызды кажеттілікті, жағдайларды реттейді. Ол өмірге, маңызды ортадағы бостаңдықтың мөлшерін белгілеп, коғамның адамгершілік құндылығын қорғайды (мысалға, меншік туралы заңдар, кәсіпкерлік туралы баспа т.б.). Қосымша заң актілері (подзаконные акты) оның ішінде ведомстволық, қажетті кезінде, зандардың кейбір кағидаларын анықтайды, бірақ заңды ешқашанда “жетілдірмейді”, “түзетпейді”, “ауыстырмайды”. Сонымен бірге, кұқыктық заң, оны шығарушылардың өз еркіне жібермейді. Заңда бекітіліп жатқан қоғамдық қатынастардың объективтігі, олардың дамуы және өз-өзінен жаңалануы көрсетілуі қажет. Заң шығарудағы әр түрлі тежеулік жүйе, субъективтік сипаттағы тыйым салу, кұқықтык мемлекеттің негізіне зиян келтіреді, қоғамдық прогресті тежейді.
Құқыктык мемлекеттің негізі - конституциясы. Онда мемлекеттік және қоғамдык өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Конституция қоғамның жалпы құқықтық моделін көрсетеді, барлық ағымдағы заңдар, соған сәйкес келуі міндетті. Мемлекеттің ешқандай кұкықтық актілері конституцияға қарама-қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы - құқықтық мемлекетгің бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет - конституциялык мемлекет.
Жеке адамның құкығының шындығы, оның еркін дамуын қамтамасыз етуінде. Әлеуметтік, саяси өмірде, адам бостандығы оның құқығы ретінде көрінеді. Құкықтық мемлекет жеке адамдарға белгілі бостандыктың болуын колдайды, ол мөлшерден әрі қарай мемлекеттің араласуы дұрыстыққа жатпайды. Мемлекеттік биліктің "араласпауы" міндеттілігі, адамдардың өз құкығын сақтауды талап етуіне сәйкес келеді. Егер белгіленген құкық бұзылса, ол соттың қорғауымен қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдай, нағыз құқықты бостандыққа айналдырады. Құқық жалпыға бірдей, көлемді және бір деңгейдегі бостандық. Оның шын көрінісі мына формулада қамтылған: "түлғаға тыйым салынбаған нәрседен басқаның бәріне рұқсат етіледі".
Жеке адамдардың құқықтық сипаттағы бостандығы, қоғамның әр түрлі жағдайынан көрінеді. Қазіргі демократиялық мемлекетте объективті құқық бостандығы, өзінің әр қыйлы мазмұндарына байланысты жеке адамның субъективтік құқығымен іске асырылады.
Ондағы ең маңыздысы - жеке адамның құқығы, оның мүддесін орындауға ұмтылған мемлекеттің қимылы (әрекеті), жеке адамның дербес кұқықтығына, білім алу, әлеуметтік камсыздандырылу, сотпен корғалу, мемлекеттің көлемінде еркін жүру жатады.
Мемлекет пен жеке адамның арасындағы жауапкершілік. Саяси өкіметті алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың арасындағы катынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет. Мемлекет жеке адамның бостандық деңгейін заңда белгілей отырып, сондай мөлшердегі өзі қабылдаған шешімінде, кимылында өзін тежейді. Ол әр азамат туралы адалдықты қамтамасыз етуді міндетіне алады. Құқыққа бағына отырып, мемлекеттің органдары оның жарлығын бұза алмайды және бзғаны үшін, не ол міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Заңның міндеттілігі, мемлекеттік билікке кепілдіктер жүйесімен камтамасыз етіледі, ол жағдай әкімшілік басынушылықты жояды. Оған жататындар: депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі (депутатты кері шақырып алу), үкіметтің өкілетті органдар алдындағы жауапкершілігі, әкімшілік, азаматтық-құқықтык не болмаса, мемлекет кызметкерінің қандай деңгейде болмасын белгілі кұқық субъектілерінің алдында өзінің міндеттерін орындамағаны үшін, қылмыстық жауапкершілігі. Сондай құқықтық бастама негізінде, мемлекет алдында жеке адамның жауапкершілігі құрылады. Мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалану, құқықтық сипатта болуы кажет, жеке адамның бостандык деңгейін бүлдірмеу, болған кұқық бұзушылық оның ауырлығына сай жазалануы қажет. Мемлекет пен жеке адамның бірге жауапкершілігіндегі құкықтык сипаттама -қоғамдағы құқықтың объективті кұрылуының маңызды бөлігі, мемлекет еріктілігінің нәтижесі емес. Құқықтық талаптарды сақтау - ең алдымен, мемлекеттің және барлық адамдардың да занды міндеттері. Осыдан адамның табиғи құқығық құқықтық мемлекетте көре аламыз.
Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен кызметінің негізгі принциптеріне биліктің бөлінуі жатады. Бұл принцип, бір жағынан заң шығарушы өкіметтің мәртебесін (жоғарлылығын) белгілейді, ал екінші жағынан - орындаушы және сот басқарылуының бірлігін көрсетеді. Мемлекеттік билікті өзінше, жекелеген және тәуелсіз үш салаға бөлу, өкіметті өз пайдасына пайдалануға және құқықпен катынасы жоқ тоталитарлық мемлекеттің пайда болуына жол бермейді. Мемлекеттік билік жүйесінде сол биліктің әрқайсысы өз орнында, өздеріне тән тапсырмаларын және басқа қызметтерді орындайды. Биліктің теңдігі арнаулы ұйымдастыру - құқықтың тәсілдерімен қолдау табады және бірігіп жұмыс істеуде, белгілі мөлшерде бірінің-бірі қызметтерін тежеп отырады. Сонымен қатар, олар бір биліктің екінші биліктегі, сол қызметтерінің мөлшеріндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Заңдар қабылдайтын өкіметтің үстінен қарайтын жағдайының, себебі ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құкықтық бастамасын, елдің ішкі және сыртқы негізгі саясатын белгілейді, сондықтан, сайып келгенде, құкықтық үйымдастырудың және орындаушы, сот қызметтерінің нысандарын белгілейді. Құқықтық мемлекеттің тетігіндегі (механизміндегі) заң қабылдаушы органдардың маңыздылығы, олардың қабылдайтын заңдарының жоғарғы заңдылық күшін қамтамасыз етеді, сонда көрсетілген құқық нормаларына жалпы міндеттілік сипат береді.
Бірақ, заң қабылдаудағы өкіметтің жоғарылығы абсолюттік сипатта болмайды. Оның қимылы құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, адалдық және еркіндік идеяларымен шектеледі. Ол халықтың және арнайы конституциялық органдардың бақылауында болады, соның көмегімен заңдар күшінің конституцияға сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
Атқарушы үкімет өзінің органдары арқылы құқық нормаларын іске асыруымен шұғылданады. Оның кызметі заңға негізделуімен бірге, заң көлемінде іске асырылуы қажет. Орындаушы органдар және мемлекеттік лауазым иелері заңмен белгіленбеген, азаматтардың және ұйымдардың жаңа кұқығын, міндеттерін белгілейтін жалпыға бірдей нормативті актілерді қабылдауға құқығы жоқ. Орындаушы биліктің тежелінуі мемлекеттің өкілетті органдарының алдындағы есеп беретіндігімен жауапкершілігінің арқасында іске асырылады. Құқықтық мемлекетте әр азамат қандай болмасын орындаушы үкімет органдарының, лауазым иелерінің заңсыз әрекеттерін сотка шағым жасау арқылы шешеді.
Сот билігі, құқықтық мемлекеттің кұқықтық негізін, қоғамдық өмiрді әр түрлі қылмыстан, оны кім істесе де, қорғау үшін кұрылған.
Әділ сот билігі құқықтық мемлекетте, тек сот органдары аркылы іске асырылады. Ешкандай орган, сот қызметін орындай алмайды. Сот өзінің құкық қорғау қызметінде, тек заңға сүйенеді, құқыкпен және заң шығарушы, орындаушы биліктен және үкімет органдарының субъективтік ықпалынан тәуелсіз болады.
Тәуелсіздік және заңдылық, әділ сот - азаматтардың құқығының еркіндігінің кепілі, тұтас алғанда құқықтық мемлекеттілік те жатады. Бір жағынан, сот заң шығаратын өкіметпен орындайтын үкіметтің қызметтерін өзіне иемдене алмайды, екінші жағынан, оның маңызды мақсаты, ол органдардың нормативті актілеріне құқықтық бақылау жасау болып табылады. Сот органдары, сонымен, құқықтық қағидалардың бұзылуына жол бермейтін тежеушілік фактор ретінде көрінеді, әсіресе конституциялык заң шығарушы, орындаушы, мемлекеттік органдар жағынан, шын мәнісіндегі, өкіметтің бөлініп басқарылуын қамтамасыз етеді.
Басқа мемлекеттерде конституциялық, құқықтық бақылау функциясын, конституциялық соттар орындайды. Өздерінің сондай қызметтерімен, заң шығарушы органдардың құқықтық-шығармашылық қызметінің үстемдігіне конституциялық кепілдік жасайды. Біздің Қазакстан мемлекетінде ондай кызметті Жоғарғы Сот органдары орындайды. Ал екі ғасырдан бері АҚШ-тың конституциясы өзінің беделін және өз кезеңінің ықпалды дамуын қамтамасыз етіп келеді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы осында. Онда мемлекеттік қоғамның ұзақ даму процесінде пайда болған жалпы адамгершіліктің құны жинақталған. Адамзат өмірінің табиғи дамуындағы процесс, іс жүзіндегі құқықтық мемлекеттің құрылуына, оның теориясына жаңалықтар қосатындығына күмән жоқ1.
Құқықтық мемлекеттің негізгі екі принципі бар:
1) Адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға кұкықтық ынталандыру режимін жасау (әлеуметтік, мазмүнды жақтары);
2) Құқықтың көмегімен, мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру, мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру (формалды - заң жағы);
Бірінші принцип - Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-баптың 2-тармағында мынандай сөздермен бекіген. Республика кызметінің түбегейлі Бұл негізгі принципті жүзеге асырылудың мынадай жолдарды бар:
- билікті заң шығару, атқару және сот органдарына бөлу мақсатын теріс пайдалануға жол бермеу;
- Заңның үстемдігі (барлық конституциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жоғарғы билік органымен қабылданған заң, атқарушы билікпен өзгертілуге не жойылуға жатпайды);
• Мемлекет пен жеке адамның екі жаққа бірдей жауапкершілігі;
Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әр түрлі деңгейде оларға жағдайлар жасайтын принциптерді бөліп айтуға болады. Оған: қоғамдағы жоғарғы деңгейдегі құқықтық сана және құқықтық мәдениет азаматтық қоғамның болуы және барлық құқық субъектілерінің жағынан зандардың орындалуына бақылау жүргізуді ұйымдастыру кіреді2.
Жалпы құқықтық мемлекет немесе демократия деген ұғымдар әр түрлi мемлекеттерде және әртүрлi халықта сан түрлi сипатта қабылданып, түсiнiлiп жататындығы белгiлi. Бiрақ айта кету керек демократия мен құқықтық мемлекеттiң басты мазмұны, яғни оның көздейтiн құндылықтары мiндеттi түрде сақталуы тиiс ол әрине ең алдымен адамдардың құқығы мен адамдардың бостандығын қадiрлеу оны қорғауға бағытталуы тиiс.
Осы тұрғыдан алғанда құқықтық мемлекет құру төмендегiдей күрделi әлi сан-салалы факторлармен тiкелей байланысты деп айтуға болады. Мәселен, Қазақстанның өзiнiң дамуының жолында әр түрлi кездейсоқ қиыншылықтарға тап болғаны белгiлi, соның бiрi құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құруға қатысты. Бұл проблемалардың басты қайнар көзi әрiне қоғам азаматтарының саяси ұмтылыстарының қарқына және саяси түсiнiк деңгейiне тiкелей байланысты. Сондықтанда кұқықтық катынастар, нарықтық экономикалық негiздерде толық қанды тiршiлiк етсiн десек, сондай-ақ құқықтық мемлекеттi мақсат тұтып отырған Қазақстан Республикасына тән ерекшелiктерi саяси сипаттағы кейбiр жағдайларды анықтамай және оларды терең түсiнбей құқықтық мемлекет құру мақсатына қол жету ұзаққа созылып кетедi және де көптеген кездейсоқ жағдайларға душар болып, мәселелердi күрделетiп, тiптен мақсаттан алшақтату соқтырары мүмкiн деп болжауға болады.
Құқықтық мемлекет қоғамдағы азаматтардың iшкi қоғамдық мәселелерiн өздерi тұлға субъект ретiнде шешуiне мүмкiндiк туғызу арқылы өзi де құқықтық мемлекет мәнiне жеттедi. Мемлекеттiң заңменен шектелген функциялары анықталып олар негiзiнен осы азаматтық қоғамның өмiрге келiп дамуы, толық қанды өмiр сүруiне, оны сыртқы күштердiң экспансиясынан қорғайды. Мемлекет азаматтардың азаматтық қатынастарға байланысты мәселелерiнiң шешiлуiн олардың өздерiне құқықтық негiз берiп, оларға араласпайды. Ал соның нәтижесiнде құқықтық мемлекетте азаматтардың белсендiлiгi, жасампаздығы артады, ылғи өзгеру, шындалу үстiнде болады. Құқықтық мемлекет кезiнде қоғамдық еңбектiң заман талабына сай түрлерiн өмiрге алып келу, оларды жоспарлау, реттеу және сол сияқты басқа да қоғамның тiршiлiгiне қажеттi мәселелердi азаматтардың өздерi шешiп отыруға мүмкiндiк алған болатын. Құқықтық қоғамды азаматтық қоғамсыз құруға болмайды нәтижесiнде мемлекет соның салдарынан көптеген қоғамға ауыр жүк болып келетiн функцияларынан босайды, керек болмай қалған басқару институттары қысқартылады. Оның орнына мемлекет өзiне тиiстi қоғамның үйлесiмдiгiн сақтап, оны дамытатын, реттейтiн функцияларының сапасын және тиiмдiлiгiн артырады.
Үстiмiздегi жылдың сәуiрiнде Елбасы Н.Назарбаев зиялы қауым өкiлдерiмен кездескен кезiнде өкiмет билiктiң кажеттiлерiн жергiлiктi басқару органдарына өкiлетiлейтiнiн ал ол үшiн үлкен ұйымдастырушылық, көптеген күрделi мәселелердiң шешiлуiн қажет екенiн ескерттi. Мысалы, өкiметтен билiктi облысқа, одан ауданға, одан ауыл денгейiне бөлiсу үшiн әр деңгейдiң құқықтық негiздерiн, олардың жауапкершiлiктерiн айырып алу бiр-екi жылдық мөлшерде тынбай еңбек iстеудi қажет етедi. Олай болмаған күңде өзан-өзi басқару идеясы, облыстардағы әкiмдердi сайлау саясаттың, шағын топтың мүддесiнiң пайдасына кетедi. Қазiргi кезеңдегi кейбiр олйгархтар тобының өкiлдерiнiң әкiмдердi сайлау ұрандары осының айғағы болып отыр.
Мiне сондықтан да дәл осы мысалдар арқылы мемлекетiмiздегi азаматтық қоғам құру идеясын талдап, ұғынуға болады. Кезiнде большевиктер Қазақстанда пролетариат диктатурасын орынатып социализм құрамыз деген де оларға қарсы Алаш зиялылары бұл идеяның iс-әрекеттiң қазақ қоғамына жат екенiн алға тартқан едi. Олар Қазақстанда қазақ жұмысшы табының қалыптаспағанын, сондықтан қазақ пролетариатының билiнi болу мүмкiн еместiгiн, пролетариат диктатурасы орыс жұмысшы табының қазақ қоғамына, елiне диктатура боларын сондықтан да бұрынғы патшалық отаршылық орыс пролетариат диктатурасымен ауыстырылатынын дәлелдеген едi.
Тарих, соның iшiнде қазақтардың өз бастарынан жақын арада өткен тарихының қасiреттi, қайғылы тәжiрибесiн ескермесе тағы да сондай ұтопияға жол берiлуi мүмкiн.
Олай болмас үшiн бiз азаматтық қоғамның негiзгi экономикалық, әлеуметтiк, рухани, саяси, құқықтық көрсеткiштерiн анықтап оның қазақ қоғамыңдағы деңгейiн бiлмуiмiз ғылыми көзқарастың мiндеттi щарты.
Азаматтық қоғам буржуазиялық катынастың, орта топтың индустриялды қоғамның, либералды рухани көзқарастың, ур-банизацияланған мемлекеттiң туындысы. Олар жоқ жерде азаматтық қоғамның да болуы мүмкiн емес3.
Қазақстан мемлекетi бұрынғы қеңес одағының одақтың рес-публикасының бiрi болып саналған кезеңде оның жалпы экономикалық негiзi орталыққа шикiзат өндiретiн өндiрiс орны болғаны мәлiм және де сол iрi өндiрiстердiң өзiнде қазақ өкiлдерi негiзiнен қара күш қажет ететiн деңгейде ғана жаппай тартылған. Соның салдарынан, бiрiншiден, буржуазияны өмiрге әкелетiн қазiргi заман талабына сай ғылыми-техниканың жетiстiктерiмен жабдықталған жаңа технологиялық өндiрiстер жоқтың қасы. Екiншiден, кезiңдегi отарлық және тоталитарлық саясаттың салдарынан сол жоқтың қасы есебiндегi өндiрiстерде қазақтардың үлесi әлi тым төмен. Бұл тек буржуазия тап өкiлдерiне ғана емес буржуазиялық қатынас туғызатын басқа да төл өкiлдерiне тән, мысалы, маман бiлiктi қазақ жұмысшы табы өкiлдерi.
Урбанизация көрсеткiштерiне келетiн болсақ жаппай урба-низациялану процесi қазақ қоғамы тәуелсiздiк алған жылдардан бастап қана бұл процеске араласа алды. Урбанизацияны бiз әлеуметтiк тұрғыдан қарастыратын болсақ ол тек қана қалалардың өсуi немесе ауылдан қалаға келiп қоныстану емес, ауылдық өмiрден бөлек өмiр сүру, көзқарас қалыптастыру, iс-әрекет жасау, өзiнiң “менiнiң” де өзгеруi деп ұғынсақ, онда қазақ қоғамы ауыл мен қаланың ортасында маргиналдық деңгейде тұрғанын мойындауымыз қажет. Қазақтар қаланы жаппай жаңадан ғана игеру үстiнде. Және де қазақтардың өздерiнiң тарихи төл мәдениеттерiн жаңғыртуға байланысты, өздерiн өздерi ұлт ретiнде сол ұлттық бет бейнесiн, тiптi, дiнiн, дiлi, бүкiл жан дүниелерiн бiртұтас қалыптастыру процесi жолында десек, онда олар қаланы бұрынғы отаршылдық және де тоталитарлық болмысында қабылдап, оған бейiмделуiмен шектелуi мүмкiн емес. Олар қалаға өз ұлтының қалаларының мәнiн беруге тиiстi. Олай болмаған күнде олардың ұлттық қалыптасуы көздеген мақсатына жете алмайды. Қазақстаңда дамыған әскери өндiрiс комплекстерi жұйесiне жататын өндiрiстерге қазақтар тартылмайтын және олар сол кездегi Қазақстан өкiметiне де бағынбайтын.
Қазiргi кезде сол үлкен жұмыс iстейтiн өндiрiстер шетел инвесторларында немесе сол бұрынғы өндiрiс әкiмшiлiгi жекешелендiрiп алғандықтан оларда жұмыс iстейтiн қазақтадың үлесiн қазiргi кезеңде еш орын қадағалап отырған жоқ. Керiсiнше, әкiмшiлiк өз тұрғысынан нарықтық қатынастардың талабына сай кәсiпкерлердi таңдап аламыз деген мақсатпен өз бiлгендерiн iстеуде. Қазақ мемлекетi, қазақ ұлты мүддесi тұрғысынан iс-әрекетi, жоспары жоқ. Ақпарат құралдарында емiс-емiс жарық көретiн жай — ол шет ел инвесторлары өз ұлт өкiлдерiн заңсыз шекарадан өткiзiп жұмысқа тартуы және де жергiлiктi ұлт өкiлдерiне қарағанда, бiрдей жұмысқа оларға бiрнеше есе артық жалақы төлеп жергiлiктi халыққа көпе көрнеу қиянат жасауда. Бұңдай жай қазiргi кезеңде кең етек жайып, ұлттың, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қауiп төндiруде.
Мiне, сондықтанда құқықтық мемлеке құруға бағытталған әрекеттерiмiздi одан әрi қарай жалғастыра келiп осы тұрғыда мемлекеттiк бағдарлама қабылданып, қазақ ұлтының өкiлдерi ұлттың үлесiне сай индустриалды өндiрiс салаларына тартылып, меншiктiк түрiне қарамастан бұл бағдарлама мiндеттi түрде iске асырылуы қажет. Егерде өндiрiс әкiмшiлiгi бағдарламаны орындамаса, ол әкiмшiлiк, заң негiзiнде салық түрiнде жазалануға тиiстi.
Сөйтiп, бiз мемлекеттiк реттеу арқылы ғана бұл мәселенi шеше аламыз. Бұл тұрғыдан мемлекеттiң реттеуi мен нарықтық еркiндiк бiр бiрiн е қарама-қарсы еместiгiн осындай тарихи кезеңiнде бастарынан өткiзген қазiргi дамыған мемлекеттердiң тәжiрибелерi өнеге бола алады.
Либералды рухани мәселелерiне тоқталатын болсақ, онда кезiндегi отаршылдық пен тоталитарлық жүйенiң мемлекеттiк жүйелi түрде қазақ қоғамының демократиялық, еркiндiк рухани, әлеуметтiк институттарын жоспарлы түрде кезең кезеңге бөлiп жойғанын тарихтан бiлiп жатырмыз. Ал олардың орнына қазақтарға құлдық мiнез, мәңгүрттiк сананы сiңiрiп, сондай мiнездi қолдап, қошаметтеп отырды. Оларды бойларына сiңiрген қазақтарды мемлекеттiк және де басқа қызметке тарту арқылы, солардың қол-дарымен қазақ қоғамындағы либералдық, далалық демократияға тән қасиеттердi әр түрлi тәсiлдермен жоюға тырысты.
Қазақтар өздерiнiң ұлттық “менiнен” айырылуға жақын қалды. Қазақ қоғамында қазақтар орысша сөйлеп, өз тарихын, дiнiн, дәстүрiн, тiлiн менсiнбей, оларды ескiнiң қалдықтары деп қор-ғайтын топтардың басымдылығы байқала бастады. Бiр аяныштысы, осы топ өкiлдерi өздерiнiң бейшара жағдайын сезiп, оны ақыл-ой сарапынан өткiзу дәрежесiне көтерiле алмады. Керiсiнше, тоталитарлық жүйе күшейген сайын, олар өздерiн мықтымыз деп сезiндi. Ал шын мәнiнде, бұндай топ өкiлдерi азаматтық қоғам құруға тiптеп жарамайды. Олай болатын себебi, азаматтық қоғамның түпкi мәнi-адамдық, адамгершiлiк, парасаттылық, жасампаздық, төзiмдiлiк, қайырымдылық, әдiлеттiлiк деген қасиеттердiң жиынтығы.
Мәңгүрттер яғни өз тiлiн, дiнiн, дәстүрiн бiлмеген топ өкiлдерi құқықтық мемлекет немесе азаматтық қоғам деген ұғымды бүркенiп, өз мүдделерiнiң жолында бұл ұғымды саясаттандыруда.
Қорыта келгенде,құықтық мемлекет құру үшiн қазақ қоғамының өзiнiң iшкi рухани дүниесi ежелгi либералдық, демократиялық құндылықтармен қауышпастан, негiзiнде жаңғырмай басқа елдiң құндылықтарын қондырма ретiнде орынатып азаматтық қоғамның құндылықтарын құру мүмкiн емес. Сондықтан, мемлекет және Қазақстанда тұратын басқа этнос өкiлдерi тұрғысынан бұл мәселе пәрмеңдi қолдау керуi тиiс.
Өкiнiшке орай, құқықтық мемлекет құру жолында қазақ қоғамының мүшкiл жағдайын пайдаланып оны жақсартудын орнына тек өз этностарының әр түрлi мәселелерiн алға тартатын топ өкiлдерi, ұжымдар бар. Олар қазақтар өз мөселелерiн көтерсе дүрсе қоя беруге дайын. Ал қазақтардың мәселесiн бүкiл халыққа паш етiп, оларды шешуге бiрiншi кезекте ат салысу керектiгiн насихатап, iс-әрекет жасап жүрген басқа этнос өкiлдерi бiрлi жарым ғана.
Қоғамның бiрлiгi , соның iшiнде қазақтардың бiрлiгi қазiргi кезеңде екi басты мәселелердiң бiрi. Мiне сондықтан Қазақстанда 53 пайыз құрайтын қазақ қоғамының мәселелерiн мемлекеттiк саясат арқылы және де басқа ұлттар өкiлдерi ондай саясатқа түсiнiкпен қарау азаматтық қоғам құрудың алғы шарттарының ең бастысы4.
2.2.Қазақстан Республикасы тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде дамуы мен қалыптасуы
Қазақ елі өзінің жер көлемі жөнінде (2 млн. 724,9 мың шаршы километр) әлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарында тұр. Бұл көрсеткіш бойынша біздің еліміз Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Индиядан кейінгі алтыншы орында. Қазақ жеріне Батыс Еуропадағы Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия сияқты бірнеше мемлекеттер қатар сиып кетеді. Халықтың тығыздығы бір шаршы километрге шаққанда 5,8 адамнан келеді.
Қазақстанның жер бедерінде негізінен жазық дала, шөл және шөлейт басым. Сарыарқа мен Үстірт, Тұран және Батыс Сібір ойпаттары, Мойынқұм мен Бетпақдала аймақтары бар. Республика жерінің оннан бір бөлігі -таулы аймақтар. Оларға Алтай, Жоңғар және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер - Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл. Ел аумағында, ғалымдардың есебі бойынша, 4750 түрлі өсімдік өседі.
Ірі мүхиттардан шалғай жатқандықтан Қазақстанның ауа райы негізінен қурғақ әрі шұғыл континентальді. Тек Алтай мен Алатау маңында ғана ылғалды ауа басым келеді.
Отанымыздың шекара белгілері 1996 жылғы 12 жел-тоқсанда бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының шекаралық белгілері туралы" қаулысында бұл мемлекеттік атрибуттардың нысаны, нақты өлшемдері және оларды шекараға қою тәртібі белгіленген.
Қазақстан Еуразия материгінде 55"2б' - 40"5б' солтүстік ендік пен 45"27' - 87" 18' шығыс бойлық арасында орналасқан. Батыстан Шығысқа қарай - 3000 км, ал солтүстікке қарай - 1600 км-ге созылып жатыр.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Ресми қолданыста орыс тіліне тең құқық берілген. Қазақстанда туратын басқа ұлт өкілдерінің өздерінің ана тілдерін сақтап, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндігінше көмек көрсету де мемлекеттік тіл саясатының негізгі ұстындарының біріне жатады.
Батысы мен солтүстік батысында Ресеймен (шекара ұзындығы 6032 км), оңтүстікте және оңтүстік батыста Өзбекстанмен (2163 км), Қырғызстанмен және Түрікменстанмен (345 км), ал оңтүстік шығысында Қытаймен (1730 км) шектеседі. Жалпы елдің шекара ұзындығы 13034 км. Оның ішінде өзен арқылы өтетіні - 1730 км.
Қазақстан Республикасының Азаматтарының жеке басының төл құжаты болады. Мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.
Бүгiнгi күнге қарап Қазақстанның жарқын болашағына батыл болжам жасауға болады. Өйткенi қазiр Қазақстанда бұл тұрғыдан барлық негiздер толық қалыптасу үстiнде. Басқаша айтқанда ендi Қазақстанның дербес экономикалық, саяси және мемлекеттiк дербестiгi бар.
Кеңес Одағы ыдырағанға дейiн Қазақстанда экономикалық бағыттар көп жағдайда тек ауыл шаруашылығы мен тығыз көп байланысты болып келiдi.
Қазақстана жағрапиялық орналасуы жағыныан өте қолайлы мемлекеттердiң қатарына жатқызуға болады.
Жалпы бұл Қазақсатанның болашағына мол жақсы ықпал етерi сөзсiз.Яғни, Қазақсатна тоғыз жолдың торабында Азия мен Еуропа материктерiнiң қиылыспа тұсында орналасқан және осыған сәйкес бiздiң елде темiр жол мен, су жолы , автомобиль және әуе жолдары арқылы қарым қатнас жасау экономикалық дамуға злр мүмкiндiк ашады.
Ал табиғи ресурстарға келетін болсақ Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазналарға соның iшiнде мұнайға мол. Оны қазiрдiң өзiнде жақсы игеру үстiндемiз.
Қазiрше Қазақстанда мұнай өндiру көбне сырттан келген шет елдiк инвесторлардың көмемегiмен және қаржысының негiзiнде жүзеге асырылуда. Мысалы Қазақстан мұнайын игеруге нитет бiлдiрген ең алғашқы және iрi мемлекттер ретiнде Америка құрама штаттарын мен ағылшын мемлекеттерiн атауға толығымен болар едi.
Каспий теңiзiнiң мұнайына байланысты осы арада мынаны айта кеткен жөн және оның үстiне жағалауында бұрынғы Кеңеңес Одағының орнына жаңа мемлекеттердің пайда болуы бұл маңда түбірінен жаңа геосаяси жағдаят туғызды, яғни Каспий теңізі екі мемлекеттің теңізінен бес мемлекеттің теңізіне айналды.
Егер Қазақстан Республикасының бар мүмкiндiгiн түгелiмен толық және ұтымды пайдаланар болсақ оның болашағы жарқын мүмкiндiгi мол үлкен мемлекеттер қатарына қосылары еш бiр күмән келтiруге болмайды.
Қазiр Қазақстанда Ел басы Н.А. Назарбаевтың белгiлеген даму және өркендеудiң таяу отыз жылына белiленiп бекiтiлген статегиялық 2030 бағдарламасы бар.
Қазақстанның өзге елдермен жақсы және тату, түсiнiсушiлiк қатнастарды дамытып нығайтуы, яғни оң әрi конструктивтi сыртқы дипломатиялық саяясат ұстануы оның дербес мемлекет ретiнде дамып өркендеуiне қосымша кепiлдiк берерi сөзсiз.
Оның үстiне Қазақстанның халықаралық қатнастарда жеке дара субъект ретiнде танылуы және мемлекет ретiнде өзiнiң бейбітшілік, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаларына ынталы екенін ескерер болсақ бұл Қазақсатанның Орта Азядағы бейбiтшiлiктi тұрақтандруға өзiндiк ықпалы тәжрибе тұрғысында талай дәлелдеген болатын..
Сөзiмiздiң дәлелдi болуына мына бiр ғана мысал негiз болады. Ол таяуда ғана Алматы қаласында өткiзiлген Орта Азиядағы мемлекеттер арасында сенiмгершiлiктi нығайту мәселесiне арналған мемлекет басшыларының кездесуiн атауға болар едi.
Бұл кездесу бейбiтшiлiк жолында Орта Азия мемлекеттерiнде бұл мемлекеттердiң бір-біріне қарсы басқыншылық ниеттен аулақтығын, тиісті шарттар мен келісімдер жүйесі арқылы, ал кейбіреулері ұжымдық қауіпсіздік шартымен байланысты екенін ескере келгенде, біздщ ойымызша, жағалау мемлекеттері арасында Каспий теңізін қарусыздандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізу керек.
Қазақстанның болашақта дамыған, мықты мүмкiндiгi мол мемлекет боларына сенiммен қарай келiп, бірақ бүгiн-ақ берік сенімге тіреліп отырған бір шындық.
Толассыз тарихи даму кезеңдерi осы елдiң барлық азаматтарын тәуелсiз Қазақ мемлекетiнiң тәуелсiз де дербес және демократиялық жолмен даму жолында әрбiр азаматтың өзiндiк үлес-көмегiн көрсетуi қасиеттi парызы деп мiндеттейдi.
Қазақстанның тамашаша табиғаты оның жарқын болашағына өзiндiк мол мүмкiндiк туындырады, осы тұрғыда айтар болсақ мемлекетiмiздiң тағы бiр табыс көзi ретiнде оның осы бiр көркем табиғатына туризмдi балау арқылы көп табыстарды қазнаға таруға болады және ол туризмнiң инфроқұрылымдарын салыуға ықпал етедi сндай-ақ қосымша жұмыс орындарын бередi.
Тәуелсiз Қазақстан үшiн және ондағы болашақ ұрпақтар үшін талай сын сағаттарды бастан өткергендiгiне қарамастан бiздiң ел өзiнiң тарихи мұраларын сақтап та қала алады.
Қазақ тарихына қиянат жасап оны жасанды етiп бұрмалаған Кеңес дәурiрiндегi үгiт ендi тоқтатылып Қазақсатан өз тарихын қайта қалпына келтiрiп оны объективтi тұрғыда зертетеп, болашақ ұрпақ үшiн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz