АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ АСПАП ЖАСАУ КОЛЛЕДЖІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ АСПАП ЖАСАУ КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Нұрғиса Тiлендiұлы
Орындаған:
РР-12 тобының
І курс студенті
Серікбаев Т. Қ.
Алматы 2005
Тiлендiұлы Нұрғиса (1925-1998) - қазақтың әйгiлi күйшi - композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жерi - Алматы облысының Іле ауданына қарасты
Шилiкемер ауылы. Топырақ бұйырған жерi - Жамбыл кесенесiнің iргесi. Москваның П. И. Чайковский атындағы консерваториясының дирижерлiк факультетiн (проф. Н. П. Аносовтың класы бойынша) бiтiрдi. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрiнде (1961- 1964) және тiкелей өзiнiң ұйымдастыруымен дүниеге келген “Отырар сазы” халық аспаптары оркестрiнде (1981-1998) бас дирижер қызметiн атқарды. Сондай-ақ, 1968 жылдың “Қазақ- фильм” киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып iстедi. Қазақстанның халық әртiсi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының иегерi, КРСО-ның халық әртісi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен Н. Тiлендiұлына 1998 жылы “Халық Каһарманы” атағы берiлдi.
Тiлендiұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетiне композитор, дирижер, орындаушы ретiнде өшпес iз қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т. б. Сүйiктi шығармаларынан “Достық жолымен” (1958), “Менiң Қазақстаным” кантатасын (1959), Қ. Қожамьяровпен бiрлесiп жазған “Алтын таулар” операсын (1961), “Ата толғауы” және оркестр үшiн жазылған шығармаларын (1962), “Халық қуанышы” (1963), “Қайрат ” (1964), “Жеңiс солдаты” (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның “Аққу”, “Аңсау”, “Арман”, “Ата толғауы”, “Әлқисса”, “Қорқыт туралы аңыз”, “Көш керуенi”, “Махамбет”, “Фараби сазы” сияқты күйлерi мен “Саржайлау”, “Алатау”, “Ақжайық”, “Ақ құсым”, “Өз елiм” сияқты ондаған әндерi халықтық бояу-нақышының канықтығымен, өзiндiк қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйiп тыңдайтың рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тiлендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М. Әуезовтың, Ш . Аймановтың, Т. Ахтановтың, В. Тәжiбаевтың пьесалары, сондай-ақ “Қыз Жiбек”, “Қилы кезең”, “Менiң атым Қожа”, “Карлығаштың құйрығы неге айыр”, “Ақсақ құлан” фильмдерi әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерiнiң классикасына айналған.
Тiлендiұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетiндегi сал-серiлiк дәстүрдiң соңғы тұяғы. Ол өнер туындату барысында уақыттың идеологиялық өктемдiгiне, ассимиляцияшыл әсiре үрдiсiне мүлде мойын ұсынбастан, өзінің тәңiр дарытқан төлтума қалпынан қылдай ауытқымай жүрiп, шығармашылық даралығын сақтап қала алды. Бұл ретте, Нұрғиса жерден қуат алатын Антей сияқты қазақтың музыкалық дәстүрiне табанын нық тiреп тұрып, өзінің арман-аңсарын еш жасқанбастан дыбысқа айналдыра бiлдi. Ол өз заманының музыкалық танымын терең игерген кәсiпқой музыкант бола тұра суырыпсалмалық дәстүрдi ұдайы шабыт тұғыры етiп отырды. Былайша айтқанда, көргендi күйттеп, естiгендi жаттап отыратын оркестрлiк қасаңдыққа Нұрғиса буырқанған шабыт еркiндігін дарыта бiлдi. Бұл ретте, Нұрғиса сахараның ақ бас абыздары сияқты, өз үнiн көп дауысқа тұншықтырмай өз лебiзiн көп даңғазаға iлестiрмей, қазақтың дәстүрлi музыкалық тiлiндегi дарашыл қасиепi (монодийность) тәу етiп өттi.
Нұрғиса композитор, дирижер, орындаушы ретiндегi ойы көпке ортақ, тiлi көпке түсiнiктi. Егер, сал - серiлер өнерi адамның жан-жүрегiнс бағытталуымен дараланса, сол ұлы дәстүр Нұрғисаның да барша шығармашылық болмысында аста-төк болып, шалқып-шашылып жатты. Дәл осы тұрғыда Нұрғиса қазақтың дәстүрлi музыкасының әрiн тайдырмастан, нәрiн жоғалтпастан тек қана өзiне тән профессионализмдi қалыптастыра алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz