Ақша - жалпыға ортақ тауардың эквиваленті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
УНИВЕРСИТЕТІ
Есеп және қаржы пәндері кафедрасы
2 курс студенті Азимбаева Жұлдыз
АҚША, НЕСИЕ, БАНКТЕР пәнінен
Ақшаның мәні, қызметтері және олардың ерекшеліктері
тақырыбы бойынша
КУРС ЖҰМЫСЫ
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Ақшаның мәні және оның тауар айырбасындағы даму кезеңдері ... ... ... ... ..5
1.1 Ақшаның пайда болуы мен оның тауарлы жаратылысы ... ... ... ... .5
1.2 Ақша - жалпыға ортақ тауардың эквиваленті ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
II Ақша түрлері және оның атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Ақша түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Ақшаның атқаратын қызметтері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ...14
III Ұдайы өндіріс процесіндегі ақшаның экономикалық маңызы ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Кіріспе
Ақша, Несие, Банктер пәні экономикалық ғылымның арнаулы бөлімі. Ол ақша, несие және банктердің атқаратын қызметтеріне байланысты туындайтын экономикалық қатынастардың ерекше жүйесін зерттейді. Сондықтан экономиканың нарықтық қатынастарға өту кезеңінде ақша-несие жүйелері мен бағалы қағаздар нарығы қалыптасып жетілуде. Бұл экономикалық категорияларды қолдану ортасын жан-жақты зерттеп және оның нәтижесін практикалық жұмыста пайдалану қоғамның экономикалық даму заңдарын білу деген сөз. Демек, курс жұмысын ойдағыдай жазу үшін оқыған ғылыми әдебиеттер мен жинақтаған нақты мәліметтерді дұрыс қолдануды талап етеді. Сондықтан, менің курс жұмысына таңдаған тақырыбым – Ақшаның мәні, қызметтері және олардың ерекшеліктері. Бұл тақырып Ақша, Несие, Банктер пәнінің ерекше бөлігі деп түсінемін. Курс жұмысымның зерттеу мақсаты – ақшаның мәні қандай және қалай қалыптасты, оның атқаратын қызметтер түріне жеке-жеке талқылау, талдау жасау және оның ерекшеліктеріне тоқталып кету. Курс жұмысының бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуы, оның тауарлы жаратылысы және ақшаның жалпыға ортақ тауардың балама рөлін қарастырамын. Екінші бөлімінің мазмұны ақша түрлері және атқаратын қызметтері мен ерекшеліктеріне тоқталамын. Ал үшінші бөлімінде қарастырылатын мәселе – ұдайы өндіріс кезіндегі ақшаның экономикалық мазмұны.
Ақша тарихи дамыған экономикалық категория. Ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның барлық басқа тауарлардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әртүрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша негізінен есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқаруы. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісім шарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.
Ақша біздің әрқайсымызға ертеден таныс, әрі оның қажеттілігі туралы біз біршама білеміз. Бірақ қанша білгенімізбен оны қолымызға түсіріп, уыстап жиып ақшалы бола алмаймыз. Бұл да болса осы ақшаның құпиясы дерсің.
Егер сен ақылды болсаң, неге бай емессің - дейді американдықтар бір біріне. Ал мұндай сұрақты олар Билл Гейтске қоя алмайды, себебі ол әрі бай, әрі ақылды. Билл Гейтстің байлығын өткен жылы 100 млрд. доллар шамасында деп есептеді. Ал ақылды дейтін себебім, ол басқаратын Майкрософт компаниясы тек ақыл-ой қабілетінің өнімі – компьютерлік бағдарламалар ғана шығарумен айналысады. Иә, иә. Майкрософтың алып зауыттары немесе бай табиғи шикізат қорлары жоқ. Билл Гейтстің тек бар болғаны 20 мыңдай адамның білімдерін, олардың тәжірибесін бір арнаға бағыттай білуі әлемнің ең бай кәсіпкеріне айналдырды. Қазіргі өркениеттің даму сатысында байлық көзі ақпарат пен білімде. Сол себепті Майкрософт қызметкерлерінің ұйымдасқан интеллектуалдық капиталы, материалдық қорлары көп Дженерал моторс тәрізді алыптарға қарағанда қуатты әрі құнды. Билл Гейтс құрған Майкрософт фирмасы қысқа мерзім ішінде әлемнің ең үлкен корпорациясына айналып, ал оның бағдарламалары нарықтың басым бөлігін жаулап алды. Ол өзінің Болашаққа барар жол атты кітабында былай деп жазды: Мені Майкрософттың табысқа жету құпиясы туралы жиі сұрайды. Құрамында әдепкіде 2 адамы және азын-аулақ қана ақшасы бар фирманың қалай 17000 мың қызметкері бар және жылдық сату айналымы 6 млрд. доллардан асатын алып компанияға айналып шыға келгені туралы бәрінің де білгісі келеді. Әрине,оңай жауап та жоқ. Әлбетте, желіміз оңынан соғып сәттіліктің де себі тиді. Дегенмен, ең негізгісі біздің болашақты айқын көре алуымыз деп есептеймін.
Мен бұл мысалды ақшаның қыр-сырына ену үшін арнайы келтіріп те отырмын. Өйткені, ақша бәрімізді қызықтырады, өзіне алыстан шақырып әп-сәтте жым-жылас боп көзден ұшады. Қысқасы ақша туралы мен былай дегім келеді: Ақша дегеніміз идеядан бастау алады. Ол үшін алдымызды болжай алып, соны түсіне отырып әрекет еткенде ғана ақша алақанымызға түседі.
Бұл курстық жұмысымда мен ақшаның қызметтеріне баса назар аудармақпын.
I Ақшаның мәні және оның тауар айырбасындағы даму кезеңдері
1.1 Ақшаның пайда болуы мен оның тауарлы жаратылысы.
Ақша адамзат қоғамына ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы жөнінен жұмбақ сыр. Қоғам өмірінде ақшаның мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды.Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, ғалымдар, оқымыстылар қоғам өмірін зерттей келіп, ақшаның тауар жаратылысында атқаратын маңызы мен даму кезеңдерін жан жақты талқылап, зерттеп жауап берді.
Экономикалық санат ретінде ақша натуралдық шаруашылықтан, тауарлы шаруашылыққа ауысу кезеңінде, яғни ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары даму нәтижесінде пайда болды. Шығарылған өнімнің түгелімен өндірушінің жеке басының керегіне жаратылған кезең натуралдық шаруащылық болып есептелінді. Ақшаның жаратылысын зерттегенде басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған. Біртіндеп өндіріс құралдарының жетілуіне байланысты, ал кейде табиғаттың өзі тұғызған жағдайына байланысты, мысалы, бір жерде мал өсіру пайдалы болса, екінші жерде егін егу пайдалы, ал басқа жерде балық аулау пайдалы, адамдардың шығарған өнімдерінің саны олардың жеке басының керегіне жарататын саннан артық болатын жағдай туды. Сөйтіп, адамдар өндірілген өнімді, өздеріне керек, басқа өнімге айырбастап алуына мүмкіншілік алды. Осының нәтижесінде айырбастау деп аталатын процесс шықты. Айырбастау үшін өндірілген өнімнің тауар деп аталатын болған соң, натуралдық өндірістің орнына тауарлы өндіріс пайда болды. Тауар алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде,яғни нарықта көрінеді. Егер өнім өндірушінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мысалы, тігінші өзі тіккен көйлекті өзі пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі-тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, онда қоғам оны мойындамайды және оны жасауға уақыт босқа кеткен уақыт болғаны, яғни зат тауар түрінде ие болмауы, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауарды өндірушінің өз қажетін емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтеу қасиеті тұтыну құны болып табылады.
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің және оның отбасының қажетін өтегендіктен де, ол тұтыну құны қасиетіне ие болды. Ал тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші кезекте құны, содан кейін оның тұтыну құны қызықтырды. Тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкім қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкін емес.
Сонымен ақшаның пайда болуына алдын ала екі экономикалық жағдай тұғызды:
• натуралдық шаруашылықтың орнына тауарлық шаруашылық келді. Осыған орай айырбастау операциясы өріс алды;
• Өнім өндірушілердің арасында бір жағынан мүліктік жекешеленушілік пайда болды, екінші жағынан белгілі тауар өндіруге маманданушылық туды.
Тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:
Бір қауым өзінің тұтынуынан артылған кез келген өнімін айырбастағанда құнның алғашқы формасы – құнның қарапайым және кездейсоқ формасы көрінеді. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған. Қарапайым және кездейсоқ формасы- өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құбылыс. Мысал келтірсек, бір мал бір қап бидайға айырбасталды.
Екінші формасы – бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Ол кезде егінщіліктен мал шаруашылығының бөлінуі, яғни алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нәтижесінде мал кездейсоқ формада емес, қайта басқа көптеген балама – тауарлардың айырбасында жүрді. Мысалы, айырбас мынадай формаға енді: 1 қой – 4 қап астық, 1 балтаға немесе тағы басқа тауарларға тең болды.
Қоғамдық еңбек бөлінісі әрі қарай даму нәтижесінде егіншіліктен қолөнер кәсіпшілігінің бөлініп шығуы ғылымда екінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Өндіргіш күштер дамудың жаңа сатысына көтерілді. Кәсіпшілікте металл өндейтін шеберлер, құмыра жасаушылар, ағаш ұсталары және тағы басқа мамандықтар пайда болып, өндірісте балта, құмыра, арба, қол диірмен, тоқыма станогі сияқты көптеген еңбек құралдары жасалып, пайдаланылды. Мысалға, 4 қап астық, 1 балта, 1 құмыра және тағы басқа тауарлар 1 қойға теңгерілді.
Тауар ауыстыру екі жақтың қолында өзара керекті тауарлар болғанда ғана мүмкін. Мұнсыз тауар ауыстырылмаған. Әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысты. Осыған орай жергілікті нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама рөлде жүретін тауарлар ығысып шықты. Мұндай тауарлар рөлін кей халықтарда мал, піл сүйегі, аң терісі, тұз, шай атқарды.
Қазақстаннның Ресейге қосылғанға дейінгі кейбір алыс жерлерінде ішкі сауда – саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланған. Бірақ та бұл тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, өйткені олар тауар айналысының талаптарын қанағаттандыра алмаған және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
1.2 Ақша – жалпыға ортақ тауардың эквиваленті.
Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде бүккіл тауарларға тікелей айырбасталатын тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар – ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металлдар: күміс және алтын атқарды. К.Маркстың сөзімен айтқанды: Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол - ақша. [1;87] Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек қана тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін бірі алмастырып, біріне-бірі теңгеріледі.
Ақшаның пайда болуы айырбастау прцесіне бірқатар өзгерістер енгізді.
Біріншіден, ақша шыққаннан кейін тікелей тауар айырбастаудың тар шегі біраз кеңейтілді, яғни базар пайда болды, ал ол базарда екі ғана кісі емес, бірнеше тауар иелері қатысты.
Екіншіден, ақша пайдаланудың арқасында бір ғана әрекетпен бітетін айырбастау процесі әр уақытта, әр жерде істелетін екі әрекетке айналды. Тауарды ақшаға сату (Т – А) және алған ақшаға басқа жерде, басқа уақытта тауар сатып алу (А –Т).
Үшіншіден, тауар өндірушілер сатқан тауардан алған ақшасын керекті тауар сатып алғанға дейін, сақтауға мүмкіншілік алды. Мұның өзі, ақшаны жинауға және оны басқаларға қарызға беруге болады деген сөз. Яғни, бұл несиенің пайда болуына әсер етті.
Осындай өрістердің нәтижесінде ақшаның қозғалыс жолы тауардың қозғалыс жолынан бөлініп шықты. Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналасынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару жүктелді. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді деген афоризмін білдірген. Оны мынадан айқын көруге болады:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өнімдегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Өйткені адамның қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда ақша төлем құрал қызметін атқарады.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары шешіледі.
Ақшаның осылай дербес айналуы өзіндік құны бар ақшаны (алтын монетаны) құны жоқ, қағаз ақшаға ауыстырғанда күшейе түсті. 1976 жылдың қаңтарында Ямайкада өткізілген Халықаралық Валюта қорына мүше елдің келісімі бойынша әрбір елдің ақшасының Алтынмен салыстырғандағы құны жойылды (алтын тепе теңдігі). Осының бәрі қазіргі жағдайда ақша айналымының өз алдына өтетін, сөйтіп ақшаның өз алдына экономикалық санат болып шыққанына айқын дәлел болып табылады.
Еске сала кететін нәрсе, Кеңес Одағы таратылғанға дейін Кеңес рублінің алтын құны (паритет) 0,987412 грмм таза алтынға бағаланатын. Бұл тәртіп Ресей Федерациясында 1992 жылы жойылды, ал Қазақстанның теңгесінің, о бастан алтын бағасы болмады. Қазір ешбір де елдің ақшасының алтын бағасы жоқ.
Қорыта айтқанда, ақша деген тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауарлар әлемінен бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі- барлық тауарларға ортақ балама ролін атқару. Ақша – тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемелі қайталанатын процеске айналып, кең колемде өсуіне жол ашты.
II Ақша түрлері және оның атқаратын қызметтері.
2.1 Ақша түрлері.
Ақша пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамдағы өзгерістермен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның (ақшаның) маңызын әр түрлі тауарлар атқарды. Ежелгі Римдіктер, Гректер, Славяндар ақша орнына мал, Скандинав елдерінде, ертедегі Русьтер – аңның, әсіресе сусар терісін, Қытайда және Монғолияда – шай, Абиссинияда – тұз, Оңтүстік Африкада – піл сүйегі пайдаланылған. [2;7]
Ал теңіздің жағалауын мекендеген тайпалар теңізден шығатын қабыршықты (ракушка) айырбас құрал ретінде қолданған. Қабыршықтан әртүрлі әшекей бұйымдар жасаған. Ең көп тарағаны ақшыл түсті, үлгендігі түймедей – каури деп аталатын. Ол Үндістанда, Қытайда, Африканың Шығыс жағалауында, Филиппин мен Цейлон аралдарында ең алғашқы ақша ретінде жүрген. Юлий Цезарь патшалығының тұсында құлдарды ақша ретінде пайдаланған. Мысалы, бір құл – үш сиыр, алты бұзау және он екі қойға теңгерілген.
Бара - бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын біртекті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтын, тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Яғни өсімдік өнімдері- күріш, кофе, зәйтүн майы, какао, бұршақ, тұз және тағы басқа қолданыста жүрген. Өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді. Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшаның айырмашылығы, оған қажетті деректер ( мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды. Ақшаның қазіргі грекше атауы драхма - бір уыс шеге деген ұғым ретінде сол кезден сақталған. [3;10]
Таяуда жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында теңгенің тариғы былай баяндалады: Алғаш рет Ақ ғұндар б.з. 1 ғасырда бір беті пехвели, екінші беті эфталит (түркі - руни) жазуы бар теңгелер (б.з V – VI ғ.) жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізу өмір қажеттілігі деп ерте тым ерте қолға алған 6-8 ғасырда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері VI – VIII ғасырдың жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларында арнайы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңайындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалды. Біріншісі – сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісі садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын мегзеген рәміз) бейнелеген. Екіншісі – ұшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Б.з 704-766 жж Таразда құйылған теңгелерде Түркеш қағанаты теңгесі немесе Түркінің көк ханының теңгелері деген жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. 1271 жылғы Масудбек реформасы ақша айналымында жаңа кезең ашты. Бұл реформа бойынша алтынды ақша орнына қолдану мүлдем тоқтатылып, салмағы 2 грамм, тазалығы 78-81% күміс ақшалар айналымға кіргізілді. 1321 жылы жүргізген Кебек хан рефорасының да үлкен маңызы болды. Ол букіл мемлекет атынан Кебек хан теңгесін айналымға енгізді. Ақшаның салмағы – 8 грамм. Күмістен шыңдап жасаған. Кебек хан теңгесі Қазақстанның Испиджаб, Тараз, Отырар, Сығанақ қалаларында әзірленді. Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек, Қызыр ханның атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Түркістан, Жетісу, Еділ жағалауларына дейін қолданылста болған. Бұдан кейін 1428 ж. енгізген Ұлықбектің ақша реформасы Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында белгілі болды. 16 ғ. Отырардың мыс теңгелері және Иасының (Түркістанның) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың басында Қазақ хандығының атымен өндірілген мыс ақшалар болған. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғарғы дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.[4;26]
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады.
Ең бірінші металл ақша, біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Римде басылған, ал біздің заманымыздан бұрынғы 7-8 ғасырда, Малазиядағы Лидия мемлекетінде және Ежелгі Грецияда басылған. Ал 9-10 ғасырда Европа елдерінде және Ресейде өз металл ақшасын басу басталған. [5;1553]. Сөйтіп, металдан жасалған ақша өте ұзақ өмір сүрген. Мысалы, Ресейде, 5-10 сомдық алтын ақша, бірінші империалистік соғыс басталғанға дейін қолданылды.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу, құдайы. Юнона – Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің Эпир ханы Пиррмен соғыста біздің заманымызға дейін 275 жылы жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. Монета сөзі латынша moneo - кеңес беремін, көңіліңнен шығамын дегенді білдіреді. [6;23]
Алғашқы монеталар б.з.б 7 ғасыр Ертедегі Лидияда және Ертедегі Қытай мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы 9-10 ғасырға жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталар мен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де 19 ғасырдың екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндірі жағынан бірінші орында еді. Өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған.
Алтын ақшаның жеке өзіндік құны бар. Сондықтан да ол еш уақытта, тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алады. Егер айналыстағы алтын ақша керек мөлшерден көп болса, олар айналымнан шығып, қазынаға ауысады, ал егер айналыста керек алтын ақшамен қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін анықтап, оны тәртіптеп жатудың ешқандай керегі жоқ.
Алтын айналысы кезінде құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
• алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
• жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
• алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырады.
Дегенмен, алтын ақшаны пайдаланудың бірқатар қиындықтары болды. Бірншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың,өз кезегінде, қымбатқа түсетіні белгілі. Екіншіден, айырбастау процесінің өсуі, айналыстағы көбеюін керек етеді, ал ол үшін, алтын шығаруды көбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын ақшаны арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туды. Алтын айналысы не бары бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығындарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастады да, өзінің жеке құны жоқ, қағаз белгісі пайда болды.
Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:
• құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалы алюминий, жез тағы басқа монеталар;
• құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүрүінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері:
• металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
• металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету барысында бүлінуі;
• бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
• эмиссиондық табыс – шығарылған ақшалардың, номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырманы айтады. Оны алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
• бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар 12 ғасырда Қытайда, 1690 жылы Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда шығарылған. Ал Ресейде 1769 жылы ассигнация деп аталатын қағаз ақша шығарылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде ғана сақталған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz