Алғашқы қауымдық және құлиеленушілік құрылымдардағы заңды мұрагерлік


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Гражданское прав. Особенная часть.

ТАҚЫРЫП: АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰЛИЕЛЕНУШІЛІК

ҚҰРЫЛЫСТАРДАҒЫ ЗАҢДЫ МҰРАГЕРЛІК.

ЖОСПАР

1. 1. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰЛИЕЛЕНУШІЛІК

ҚҰРЫЛЫСТАРДАҒЫ ЗАҢДЫ МҰРАГЕРЛІК.

1. 2. ҚҰЛИЕЛЕНУШІЛІК ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЗАҢДЫ МҰРАГЕРЛІК .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI.

1. 1. АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰЛИЕЛЕНУШІЛІК

ҚҰРЫЛЫСТАРДАҒЫ ЗАҢДЫ МҰРАГЕРЛІК. .

Матриархат кезіндегі Алғашқы қауымдық құрылыс - адамзат тарихындағы

Мұрагерліктің тәртібі . бірінші қоғамдық-экономикалық формация . Өз даму-

ында бұл құрылыс матриархат және патриархат кезең-

дерін өтті . Жеке меншіктің, таптар мен топтардың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына әкелді .

Матриархаттың алғашқы кезеңінде топтық неке болған, яғни бір топ ерлер бір топ әйелдермен некеде тұрған . Некенің мұндай нысанында бала-

ның әкесін анықтау мүмкін болмады . Анасы ғана белгілі болды . Сондықтан баланың тегі анасы жағынан анықталды .

Өндірістің негізгі көздері ( жер, аңшылық және балық аулау ) , соны-

мен қатар бірге пайдаланған және жасалынған заттар (үй, қайық және т. с. с. )

тайпаның мүлкі болып табылған .

Тайпалық қауымдастықтың экономикалық негізін нығайту мақсатында әдет-ғұрып қайтыс болған адам мүлкінің тайпадан тыс кетуіне жол бермеді . Сол себептен мұрагерлік мүлік руластарының арасында бөлінді және көп жағдайда анасы жағындағы туыстарына берілді . Ал жеке пайдаланудағы аса құнды заттар иесімен бірге көмілді . Егер әйел қайтыс болса, оның мүлкі ба-

лаларына және әпке-сіңлілеріне берілді ( бірақ аға-інілнріне емес ) . Ер аза-

маттан кейін оның туған әпке-қарындастары, олардың балалары, анасының аға-інілері және бауырлары мұрагер болып табылды . Ерлі-зайыптылар бір тайпаның мүшелері болмағандықтан ( бір тайпа мүшелерінің арасындағы не-

ке тыйым салынды ) олар бір-біріне мұра тастай алмады, себебі керісінше болған жағдайда мүлік тайпадан тыс кетіп қалуы мүмкін еді . Осы себеп бой-

ынша балалар әкесінің мүлкіне, әкесі баланың мүлкіне мұрагер бола алмады.

Мұрагерлік мүлік руластарының арасында тең үлесте бөлінген жоқ .

Маркстің айтуы бойынша : “ Егер ирокездердің еркегі қайтыс болса, әйелі мен балаларын тастап, оның мүлкінің көп бөлігі әпке-қарындастарына, олардың балаларына және анасы жағындағы ағаларына өтеді ; ал оның аға-

інілеріне азғантай бөлігі қалады . Егер әйел қайтыс болса, күйеуі мен балала-

рын тастап, онда оның мүлкі балаларына, әпке-сіңлілеріне, анасына және анасының әпке-сіңлілеріне қалады ; көп бөлігін балалары алады ; барлық жағдайда мүлік тайпаның ішінде қалады . ” 1

Матриархат кезеңінде меншіктің түрлері мен көлемі әлі дамымаған және сол себептен мұрагерлікке өте қатты қызығушылық болмады .

Патриархат кезіндегі Патриархат адамның шаруашылық қызметінің бар-

Мұрагерліктің тәртібі . лық салаларында өндірушілік күштің елеулі түрде

өсуімен сипатталады . Мал бағатын тайпалардың қауымдастық шаруашылығының негізі мал шаруашылығы болады, ал қалғандарынікі - жер өңдеу, балық аулау, қолөнер. Еңбекті бөлу негізінде өндіріспен еркектер айналысқандықтан олар шаруашылық өмірде басты рөлді иемденді . Жануарларды қолға үйрету мен оларды бағу еркектердің ісі болғандықтан, барлық мал және малға айырбасталған тауарлар мен құлдар еркектердің меншігінде болды . Барлық артық өнім еркектерге тиесілі болды ; әйел оны пайдалануда қатысты, бірақ меншікте үлесі болған жоқ .

Бүкіл мүліктің еркек қолында шоғырлануы сол мүліктің, мұрагерлік бойынша балаларына өтуі үшін отбасы шегінде сақталуын талап етті . Алай-

да әлі де баланың тегі әкесі жағынан емес, шешесі жағынан анықталды . Сондықтан әкесінен кейінгі мүлік балаларына өтпей, әпке-қарындастарына және т. б. алыс туыстарына өтіп отырды . Бұл қиыншылықты тоқтату үшін мұрагерлік тәртіпті өзгерту қажет болды және ол жүзеге асырылды . Балалар-дың тегі шешесі жағынан емес, енді әкесі жағынан есептеліне бастады .

Патриархалдық отбасы қос отбасынан моногамдық отбасыға өтудің ны-саны болып табылады . Патриархалдық отбасыға : отағасы, оның әйелі, ұлда-ры және олардың әйелдері мен ұрпақтары, тұрмысқа шықпаған қыздары, асырап алынғандар және құлдары кірді .

Өндірістік қатынастардың өзгеруімен мұрагерліктің тәртібі де өзгерді . Бірлескен шаруашылықты жүргізетін тұлғалар шеңберінің тарылуы, мұра-

герлер шеңберінің тарылуына ықпалын тигізді . Матриархат кезіндегі мұра-

герліктің тәртібі, патриархаттың алғашқы кезеңінде мұрагерліктің агнаттық тәртібіне ауыстырылады . Қайтыс болған адамның мүлкі, , патриархалдық от-

басынан тыс шықпай агнаттар арасында бөлінеді . Қалған туыстары мұрагер-

лікке бірде-бір агнат қалмаған жағдайда ғана шақырылады . Агнаттық туыс-

тылыққа : отағасы, оның әйелі, олардың ұлдары және тұрмысқа шықпаған қыздары, ұлдарының әйелдері мен ұрпақтары, сонымен қатар асырап алын-

ған тұлғалар жатқызылды . Еркек немесе әйел жағынан қанды туыстылыққа негізделген когнаттық туыстылыққа қарағанда агнаттық туыстылық жақын-

ырақ деп есептелінді . Әкесінің билігінен шығып, бөлек отбасын құрған ұл-

дары агнаттық туыстылықты жоғалтып, мұрагерлікке шақырылмады . Аг-натық туыстылықты жоғалтқан ұлдар мұрагерлікке тек басқа агнаттар қалма-ған жағдайда ғана шақырылады .

Күйеуге тиген қыздар бұрыңғы агнаттық туыстылығын жоғалтып, күй-

еуінің отбасында агнаттық туыстылыққа ие болған . Ал әкесі немесе бұрыңғы отбасы мүшелерінің бірі қайтыс болып, бірде-бір агнат қалмаса да күйеуге тиген қыз мұрагерлікке шақырылмайды . Құлдар патриархалдық отбасының мүшесі болса да агнаттық туыстылыққа жатқызылмаған және мұрагерлікке шақырылмаған . Агнаттардың ішінен мұраның көп бөлігіне, қайтыс болған адамның балалары ие болатын . Мұрагерлік мүлік бұрынғыдай рудан тыс шықпады . Бұл рулық қоғамдағы мұрагерліктің екінші тәртібі болды .

Патриархаттың аяққы сатысында өндіруші күштердің жоғарырақ дәре-

жеде дамуы бірлескен шаруашылықты жүргізетін тұлғалардың шеңберін та-рылтты . Патриархалдық отбасы біртіндеп жекелеген отбасыларға бөліне бастады . Патриархалдық отбасы моногамдық отбасына ауыстырылды . Пат-риархаттың басында мал, ауыл шаруашылық құрал-саймандар және басқа да бағалы мүлік патриархалдық отбасының ортақ мүлкі болып табылған . Арты-нан бұл мүлік патриархалдық отбасы отағасының (ер азаматтың) жеке мен-шігіне өтті . Патриахаттың соңында өндіріс құралдарына жеке меншік моно-

гамдық отбасының ішінде шоғырланды .

Мұрагерліктің үшінші тәртібі кезеңінде бірінші кезектегі мұрагерлер болып қайтыс болған адамның балалары танылды . Алайда балаларының құ-

қықтары әртүрлі болды . Патриархат кезінде еркектер қоғамда басты орынды алып тұрғандықтан, мұрагерлікте де ұлдар басым құқыққа ие болды . Ал мұ-раны алған соң ұлдар әпке-қарындастарын асырап, оларға жасау дайындауға міндетті болды . Егер мұра қалдырушының ұлдары болмаса, мұрагерлікке қыздары шақырылатын . Мұндай жағдайда қыздар басқа рудың адамдарына тұрмысқа шыға алмаған . Ал күйеуге тиген қыздары әкесіне мұра тастай ал-

маған, себебі ол кезде әлі күнге дейін мүлік рудан тыс шықпау керек деген тәртіп болды .

Рулық құрылыстың ең соңғы сатысында өсиет бойынша мұрагерлік ин-ституты пайда болды . 2

Сонымен алғашқы қауымдық құрылыста мұрагерліктің біркелкі тәртібі болған жоқ . Мұрагерліктің тәртібі қоғамда болып жатқан өзгерістерге байла-нысты ауысып отырды .

Өндіріс құралдарына ортақ меншік мұра қалдырушының мүлікті өз қа-

лауы бойынша билеуге кедергі жасады, сол себептен рулық құрылысқа өсиет бойынша мұрагерлік бейтаныс болды . Тек жеке меншік пайда болған кезден бастап қана бұл институт енгізіле бастады .

1. 2. ҚҰЛИЕЛЕНУШІЛІК ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЗАҢДЫ МҰРАГЕРЛІК .

Рулық құрылыс біртіндеп жойыла бастады . Оны жойған еңбекті бөлу

және одан туындаған салдар - қоғамның таптарға бөлінуі . Рулық құрылыс

мемлекетпен ауыстырылды .

Мысырда, Вавилонияда, Ассирияда, Урартуда, Индияда, Қытайда, Грецияда, Римде және басқа да ежелгі мемлекеттерде алғашқы қауымдық құрылыс құлиеленушілік құрылыспен, ал германдық және кейбір мемлекет-терде феодалдық құрылыспен ауыстырылды . Құлдық тек құлиеленушілік

Мемлекеттерде ғана емес, феодалдық мемлекеттерде де болды .

Ежелгі құлиеленушілік мемлекеттер : Месопотамия, Мысыр б. з. д. төр-тінші және үшінші мыңжылдығында пайда болды . Б. з. д. Бірінші мыңжыл-

дықта көптеген мемлекеттерде құлиеленушілік құрылыс орнатылып, Греция мен Римде дамуының жоғарғы дәрежесіне дейін жетті .

Құлиеленушілік қоғам негізгі екі тапқа бөлінді : құлиеленушілер және құлдар . Сонымен қатар, ұсақ өндірушілер таптары да болды, олар - еркін шаруалар мен қолөнершілер .

Жаңа формацияға өту өндіруші күштердің жедел қарқынмен дамуына әкелді . Көптеген Шығыс мемлекеттерінде ірі ирригациялық жұмыстар жүр-

гізіле бастады . Металлды өңдеу біршама дамыды . Керамикалық өндіріс, құ-

рылыс жұмыстары үлкен жолға қойылды .

Мемлекетпен бірге құқық та дамыды . Мұрагерлік қатынастарды рет-

тейтін құлиеленушілік мемлекеттердің алғашқы заңдары, алғашқы қауым-

дық құрылыс кезінен жүзеге асырылып келген мұрагерліктің үшінші тәртібін бекітті .

Ежелгі Мысыр құқығы туралы сақталған ескерткіштерінен, алғашқы құлиеленушілік мемлекетке заң және өсиет бойынша мұрагерлік институты мәлім болғандығы туралы көрінеді . 3

Заңды мұрагерліктің бірінші кезегінде марқұмның балалары тұратын . Мұра олардың арасында теңдей етіп бөлінетін . Балалары болмаған жағдайда мұрагерлікке марқұмның аға-інілері мен әпке-сіңлілері (қарындастары) ша-

қырылатын .

Хамурапи билігі заманында (б. з. д. 1792 - 1750 ж. ж. ) Вавилонияның заңдар жинағы пайда болды . Хамурапи заңдары бойынша ата-анасынан кей-

ін мұрагерлікке ұлдары шақырылатын . Мұрагерлік мүлік олардың арасында теңдей етіп бөлінетін және олар әпке-қарындастарына күйеуге шығар алдын-

да жасау дайындауға міндетті болатын . Ал ұлдар болмағанжағдайда мұра-

герлікке қыздар шақырылатын . Қайтыс болған еркектің әйелі мұрагерлікке ұлдарымен бірге шақырылатын және мұрагерлік мүлікпен қоса өзінің жасау-

ын да алатын . Марқұмның немерелері мұрагерлікке ұсыну құқығы бойынша шақырылатын .

Құлиеленушілік құрылыстағы мұрагерлік қатынастарды басқаларға қа-рағанда Рим құқығы толығырақ реттеді . Рим құқығы феодалдық және бур-

жуазиялық мұрагерлік қатынастардың дамуына зор үлнс қосты .

Рим құқығы туралы айтқан кезде, римдік құлиеленушілік мемлекет мың жылдан астам (б. з. д. VI - б. з. V ғасырына дейін) уақыт өмір сүргендігі туралы есте сақтау керек . Өз дамуында ол республикалық дәуірді (б. з. д. VI - I ғ. ғ. ) , алғашқы империя дәуірін (б. з. д. I ғ. - б. з. II ғ. ) және соңғы импе-

рия дәуірін (II ғасырдың соңы - V ғасырдың соңы) өтті . Мұрагерлік құқық әр дәуірде шамалап өзгеріп отырды .

Рим құқығы ежелгі ескерткіштерінің бірі XII кесте заңы болып табыла-

ды . Ол жерде кейінгі патриархат кезеңінде қалыптасқан мұрагерліктің үшін-ші тәртібі бекітілген және өсиет тастау еріктілігі танылған .

Рим құқығы бойынша мұрагерлік не өсиет негізінде, не заң негізінде жүзеге асырылған . Осыған сәйкес центумвиралдық соттар, яғни мұрагерлік-ке байланысты туындаған дауларды шешетін соттар құрылды . Біртіндеп мұ-радағы міндетті үлеске құқық таныла бастады . 4

Міндетті үлестің көлемі, мұрагердің заң бойынша мұрагерлік кезіндегі алуы мүмкін мұраның ширегін құрастырды . Артынан міндетті үлестің көле-мі заңды мұрагерлердің санына байланысты анықталатын болды .

Өсиет мәміле болып табылғандықтан, оны жасауға әрекет қабілеттігі және құқық қабілеттігі бар тұлғалардың ғана құқығы болды . Еркін азаматтар құқық қабілеттілігінің шектеліне беруі экономикалық қатынастардың дамуы-на кедергі келтірді . Осыған байланысты Рим құқығы бұл тұлғалардың құқық қабілеттілігін біртіндеп кеңейтуге мәжбүр болды . Империя заманында лати-нян және перегриндердің арасындағы құқық қабілеттілікке байланысты ай-

ырмашылықтар жойылды . Cum manu некесі (күйеуінің әйеліне билігі) өмір сүруін тоқтатты . Оны sine manu некесі (күйеуінің әйеліне билігінсіз) алмас-

тырды . Бұл некеде күйеуі әйелінің мүлкіне ешқандай құқығы болмады .

Егер адам тірі кезінде өсиет тастамаса, ол қайтыс болғаннан кейін мүл-кі заңды мұрагерлеріне өтеді . Заң бойынша мұрагерлік, егер өсиет жарамсыз деп танылған, егер өсиет бойынша мұрагер мұраны қабылдағысы келмеген немесе өсиет қалдырушыдан бұрын қайтыс болған жағдайларда да жүзеге асырылатын .

Республикалық кезеңнің екінші жартсынан бастап XII кесте заңындағы мұрагерліктің тәртібі өзгере бастады . Агнаттық туыстылықпен қоса когнат-

тық (қанды) туыстылық таныла бастады .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің қалыптасуы
Социогенез: алғашқы қауымдық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы заңды мұрагерлік: құқықтық негіздері мен мәселелері
Алғашқы қауымдық қоғамның тарихнамасы және рулық құрылыстың қалыптасуы
Мемлекеттің пайда болуы: алғашқы қауымдық құрылыс және плюралистік теориялар
Мемлекет теориялары, алғашқы қауымдық қоғамның қалыптасуы мен мемлекеттің функциялары
Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы: алғашқы қауымдық құрылыс дәуірі
Мемлекеттің пайда болуы: алғашқы қауымдық құрылыс, теориялары мен белгілері
Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар: алғашқы қауымдық құрылыс пен сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері
Алғашқы қауымдық қоғам және Ежелгі Шығыс тарихы: кезеңдері, дереккөздері және негізгі мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz