Қазақстан Республикасында лизинг шартын құқықтық реттеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ КIРIСПЕ . . . 3 I. ЛИЗИНГТIК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСIНIГI ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
  1. Лизингтiк қатынастардың пайда болу және даму тарихы . . . 5
  2. Лизингтiң түрлерi және лизингтiк операциялар . . . 9

ІІ. ЛИЗИНГ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ МӘМІЛЕСІН ЖАСАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

  1. Қазақстан Республикасындағы лизинг . . . 16
  2. Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер . . . 16
  3. Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оныңтиімділігін талдау . . . 22

III. ЛИЗИНГ институтының ӨЗЕКТI ПРОБЛЕМАЛАРы

  1. Жылжымайтын мүлiкке байланысты лизинг шартын құқықтық реттеу мәселелерi . . . 27
  2. Қазiргi уақытта Қазақстанда лизингтi ұйымдастырудың жетілдіру жолдары . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 37

КIРIСПЕ

Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың негiзгi өндiрiс құралдарының тозуы және моральді тұрғыдан ескiруi табылады. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің маңызы өте жоғары.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi ең алдымен Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып болмағынында және соған сәйкес оның толық игерілмеуi әрi линзинг институтыынң құқықтық және теориялық тұрғыдан толық қанда зерттелмеуiне тiкелей байланысты десек артық болмас деп ойлаймын. Мiне сондықтанда Қазақстанда лизинг қатынастарының қалыптасуы мен пайда болуының және оның даму жолдарының құқықтық теориялық негіздерін зерттеудiң тәжірибелiк маңызы зор екенi сөзсiз.

Оның үстiне нарықтық экономика жағдайында көптеген кәсiпорындар өндiрiске техникалық iрi мөлшердегi қаражаттарды салуды жүзеге асыра алмай отыр. Осыған байланысты барлық меншiк нысаныдағы отандық өндiрiстi қолдауға, соның iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi және өндiрiс аясын дамыту үшiн қосымша жеке инвестициялар тартуға мүмкiндiк беретiн лизингтiк бизнестi дамыту қажеттiлiгi туындап отыр.

Сондықтан да көптеген кәсiпорындар үшiн техника-құралдарын жаңарту мол ақша қаражаттарын тартуды талап етедi, осы орайда инвестициялық қаражаттар тартуда лизингтiң ролi маңызды.

Курстық жұмыстың осы тақырыбын таңдаған себебім қазіргі кезде лизинг қатынастарының Қазақстан жағдайына енуінен бастап осы күнге дейінгі даму жолын, қарқынын байқағым келді. Ал, бұл қатынастардың даму жолы өте күрделі болып келді және де ол әлі де болса даму үстінде.

Қазақстандағы лизинг қатынастарының негізі тәуелсіздік алған кезден-ақ қаланды. Дегенмен, экономиканың маңызды саласы ретінде қалыптасуы Қазақстн Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» заңның қабылдануынан басталды. Бірақ, банктердің лизингтік операцияларын жүргізуі 1989 жылдары-ақ жүзеге асырылып отырды.

Осы он бес жылдың ішінде лизинг экономиканың ажырамас механизміне айналды, өйткені лизинг ауыл шаруашылық секторының дамуына септігін тигізіп, дамуынының қарқының арттырады. Ал, ол өз кезегінде бүкіл Қазақстан экономикасының жағдайының жақсаруына алып келеді.

Инвестициялардың, шетелдік немесе отандық болсын, артуы экономиканың жағдайын көтереді.

Қазіргі кезде Қазақстанның ауыл шаруашылық секторында қызметін жүзеге асырып жүрген кәсіпорын мен ұйымдар үшін лизинг арқылы алынған ауыл шаруашылық техника, құрал-жабдықтарды алу қаржылық жағдайларына үлкен ауыртпалық тигізбейді, яғни өте тиімді болып келеді.

Менің ойымша, Қазақстандағы лизингтік бизнесті мемлекет тарапынан қолдау өте пайдалы нәтижелерге алып келеді. Қазірдің өзінде-ақ көптеген ұйымдар мен кәсіпорындар тек осы мүмкіндік арқылы аяқтарына тұрып, жұмыстарының тиімділігін арттыруда. Сонымен қатар, қазіргі уақытта лизингтік компаниялардың талаптары лизинг алушылар үшін өте қолайлы болып келеді.

I. ЛИЗИНГТIК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСIНIГI ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
  1. Лизингтiк қатынастардың пайда болу және даму тарихы

Лизинг терминi ағылшын етiстiгi «to lease», «жалдау» немесе «жалға алу» деген сөзден шыққан.

«Лизинг» ұғымын кең мағынада талқыланушылардың қатарындағы Е. Кабатова, Е. Чекмарев, В. Петровтың ойларынша, лизинг шартты қатынастардың күрделi кешенi және ол екi және одан көп шарттар негiзiнде, оның iшiнде ең алдымен сатып алу-сату және мүлiктi жалдау шарты негiзiнде жүзеге асырылады1.

Қазiргi кезде лизинг дегенiмiз кәсiпкерлiк қызмет деген әр түрлi ойлар бар. Мысалы, Рессей ғалымы Горемыкин В. А. лизингтi банкiлiк немесе коммерциялық қызметтерге қарағанда кәсiпкерлiк қызметтiң жоғарғы деңгейiне жатқызады, өйткенi ол қаржылық бизнесте, өндiрiсте және құрал-жабдық пен мүлiк нарқында кең көлемде бiлiмдi қажет ететiнiн айтады2.

Лизингтiң жалға алудан айтарлықтай айырмашылығы бар. Лизинг алушы жалға алушы сияқты мүлiктi тек ұзақ пайдалануға ғана алмайды, сонымен қатар оған меншiк құқығымен байланысты сатып алушының мiндеттерi жүктеледi: мүлiк үшiн ақы төлеу мүлiктiң кездейсоқ жойылуынан болған зиянды өтеу, мүлiктi сақтандыру және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ жөндеу т. б. Бiрақ, мүлiктiң меншiк иесi лизинг берушiнiң өзi болады. Лизинг шарты нысанасының жойылуы немесе оны пайдаланудың мүмкiнсiздiгi қарызды толық өтеу мiндетiнен босатпайды. Егер жалға алу екi жақты мәлiме болса, лизинг келiсiм шарты үш жақты немесе көп жақты болады.

Толығымен былай деп айтуға болады: лизинг шартының негiзгi ерекшелiгi сонда, ол лизинг берушiнiң кепiлдi, жауаптылықты және тәуекелдi бөлу барысында, жалға алушылық шарттық қатыныстар сатып алу-сату шарты негiзiндегi құқықтық реттеумен ауысады.

Қаржылық лизингтiң ерекше маңызды белгiсi болып шартта бекiтiлген және өзгертiлмейтiн, тараптардың құқықтық жағдайына кепiлдiк беретiн мерзiм табылады.

Жалға алу шарты мен лизинг шарты тараптарының арасында тәжiрибеде қалыптасқан басқа да айырмашылық бар.

Лизинг бойынша төлемдердi есептегенде мүлiктiң сатып алу бағасы, лизинг шарты жасалған мерзiм, қалдық құны және үстеме бағалары есептелiнедi. Жалға беру кезiнде төлем мөлшерi көбiнесе нарықтық конъюктураға (сұраныс және ұсыныс) байланысты есептелiнедi. Жалға алу шартына қарағанда лизингте тәжiрибе көрсеткендей шарттың әрекет ету мерзiмi аяқталғаннан кейiн алдын ала келiсiлген баға бойынша мүлiк лизинг алушының жеке меншiгiнде қалады. Мұндай жағдайда бөлек шарт жасасу қажеттiгi туады.

Көптеген ғалымдар Лизинг шартында оның қатысушыларымен қарастырылған жағдайларға сәйкес лизингтiң бiрнеше түрлерi жөнiнде сөз етедi. Олардың арасын ашып көрсету көп жағдайда қиынға түскенмен де, тараптардың мақсаттарына байланысты лизинг шартында оның бiрнеше түрлерi көрiнiс табуы мүмкiн.

Лизигтiң негiзгi түрлерi ретiнде қаржылық (finance leasing) және жедел (operative leasing) лизинг қарастырылады. Лизингтi мұндай түрге бөлуге лизинг берушiнiң мiндеттерiнiң көлемi мен лизинг нысанасының қолданылуы уақыты себеп болып отыр. Қаржылық лизингте лизинг берушi үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн құрал-жабдықты сатып алады, яғни мүлiктiң болашақта пайдаланылуын, оның құнын лизинг алушының кезектi төлемдерi арқылы, қалпында келтiре отырып, қаржаландырады. Лизингтiң басқа түрлерiнде де лизинг берушiнiң осындай мақсатының болуымен қатар, оған осы мүлiкке байланысты бiрқатар мiндеттерде жүктеледi (мысалы, техникалық қызмет көрсету) .

Сондай-ақ ежелгi грек оқымыстысы Аристотель (б. э. д. 350. ж) өзiнiң «Риторикасындаң «Байлық - мүлiктi меншiк құқығы негiзiнде иеленуде емес, оны пайдалануды құрайдың3 деген болатын. Бұл пiкiр лизингтiң негiзгi мағынасын анықтап көрсететiндей: пайда табу үшiн мүлiктi өз меншiгiнде ұстау мiндеттi емес, оны пайдалану және пайда табу құқығын иеленудiң өзi жетiп жатыр.

Ағылшын авторы Т. Кларк лизинг сонау Аристотель заманынан белгiлi деп санап, Хаммурапи заңдарынан лизинг туралы бiрнеше ережелердi атап көрсетедi.

Лизингтiк шығу тарихы қазiргi кездегi еуропалық құқықтық жүйенiң дамуының негiзi болып табылатын Рим құқығынан бастау алады. Рим құқығында мүлiктi оған меншiк құқығынсыз шарт түрiнде және заттай құқық негiзiнде иелену институты кеңiнен белгiлi. Бiрiншi жағдайда бұл мүлiктi жалдау шарты(locatio-conducto rerum), екiншiден заттық құқық-бұл сервитуттық құқық, нақтырақ айтсақ, сервитуттың бiр түрi. Осы институтардың қайсысы лизингтiң түп тамыры болғанын анықтау, әрине қиыңға соғады.

Лизинг, көптеген ғалымдардың пiкiрiнше, меншiктiң қандай да бiр нақты түрлерiн жалға алумен ғана шектелмейдi. Тек қана ауылшаруашылығы құралдары мен қол-өнер құрал-жабдықтары ғана емес, сонымен қатар әскери техникалар да жалға берiлгенi тарихтан белгiлi.

Осыған сәйкес, иелену мен жеке меншiктi және иеленуден пайда алу мүмкiндiгiнiң болу идеясы құқықта ерте кезден-ақ белгiлi болған.

Көптеген ғалымдардың ойы, пiкiрi бойынша қазiргi мағынадағы лизинг 1952 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында ең бiрiншi Лизинг компаниясының ашылуымен тұспа-тұс келедi.

Босх мырза Калифорния штатындағы азық-түлiк өндiрiсiмен айналысатын кiшiгiрiм фирманың басшысы болады. Әскери ведомстваның үлкен тапсырмасын орындау үшiн оған автокөлiк паркiн ұлғайту керек болады. Бұл фирманың қоры шағын болмағандықтан бұл мақсатта қолдану үшiн қаржы көздерi болмаған. Сонда Босх керектi автокөлiктердi жалға алуды жөн көрдi, сонымен оларды алу үрдiсiн қаржыландырды.

Мұндай операцияның өте тиiмдi екенiн байқап және кейбiр фирмалар оның жасаған операциясын қайталағысы келетiндiгiн естiп, Босх 20 мың доллар қоры бар"U. S. Leasing" фирмасын құрды.

Екi жылдан кейiн бұл фирма құны үш миллион доллар асатын автокөлiктер мен құрал жабдықтарды жалға берiп отырды. Осыдан кейiн Босх мырза акцияларға жария жазылу хабарландырып, қорында 400 мың доллар бар екiншi "Bothe Leasing Corporation" фирмасын ашады.

1990 жылы Төменгi Новгородта "Россия" лизингтiк фирмасын құрылады. Сонымен қатар, Россияда, әсiресе Москва мен Санкт-Петербург қалаларында "Колумб", "Агролизинг", "Лизинг", "Батлиз" сынды лизингтiк фирмалар құрыла бастады.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады4.

Қазiргi кезде Қазақстанда лизинг төрт жолмен дамып отыр:

1. Аймақтық көтерме делдал фирмалар және Қазақстан келiсiм-шарт корпорацияларындағы компаниялардың басқаруындағы техникалық құралдарын жалға берумен айналысатын кәсiпорындар мен бөлiмшелер;

2. Коммерциялық банкiлердiң лизингтiк операциялары;

3. Жаңа құрылып жатқан маманданған лизинг фирмалары;

4. Халықаралық лизинг фирмаларының экспорттық, импорттық компенсациялық және тағы басқа да дамуы және шетел лизингтiк компанияларының республика территориясындағы қызметi.

Казақстанда 1992 жылдың ортасында экономиканың мемлекеттiк емес секторында 120-дай коммерциялық банкттер мен 20 лизингтiк фирмалар, соның iшiнде "Техникализинг", "Туранлизинг" сынды фирмалар қызмет еттi5.

Алғаш рет Қазақстан заңдарында "лизинг", терминi "ҚазССР-гi кәсiпкерлiктiң дамуы және шаруашылық қызмет еркiндiгi туралы" ҚазССР-нiң заңының 21 бабында қолданылады. Кейiн "лизинг" терминi келесi нормативтiк құқықтық актiлерде, көбiнесе, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында көрiнiс тапты: 1994 жылғы 18 наурыздағы "Қазақстандық фракторлық компаниялар және транспорттық лизингтiк компаниялар құру туралы", 1994 жылғы 10 қазандағы "Азия лизинг" мемлекеттерiнiң қатысуымен лизингтiк компаниялар құру туралы", 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "АӨК машинақұрылыс өнiмдерiн лизинг негiзiнде қамтамасыз етудi ұйымдастыру туралы" 1998 жылғы 15 сәуiрдегi "Ауылшаруашылығындағы ұйымдастыру шарттары мен тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы", сондай-ақ басқа да нормативтiк актiлерде.

Бiрақ та жоғарыда келтiрiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң бiреуiнде де "лизингке" анықтама берiлмедi. Тек, ""Агро-өндiрiс кешеннiнiң машинақұрылыс өнiмдерiн лизинг негiзiнде қамтамасыз етудi ұйымдастыру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Үкiмет қаулысы "ауылшаруашылығы лизингiне" анықтама берiлдi: "Ауылшаруашылығы кешенiндегi лизинг- бұл уақытша тартылған немесе еркiн ақша қаражаттарын инвестициялау есебiнен ауылшаруашылық кәсiпорындарын техникамен қамтамасыз ету деңгейiн жоғарылатуға бағытталған, көлiк, құрал-жабдықтарды және өндiрiстiк мақсаттағы үйлердi ұзақ мерзiмдi жалға алу".

Лизинг әлемнiң көптеген елдерiнде өз дамуын тауып, кәсiпкерлiк ұйымдастырудың пайдалы әдiстердiң бiрi болып саналғанмен, Қазақстанда әлi де болса оның даму нысандары мен жолдары анықталуда. Қәзiргi жағдайда көптеген кәсiпорындар өндiрiстiң техникалық жанаруына iрi мөлшердегi қаражаттарды салуды жүзеге асыра алмай отыр. Осыған байланысты барлық меншiк нысандағы отандық өндiрiстi қолдауға, соның iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi және өндiрiс аясын дамыту үшiн қосымша жеке инвестицициялар тартуға мүмкiндiк беретiн лизингтiк бизнестi дамыту қажеттiлiгi туындап отыр. Шағын кәсiпкерлiктiң инвестициялық лизингтiк жоспарына қолдау көрсету осы процеске қатысатын негiзгi субъектiлерiн анықтауға негiзделуi қажет- олар ретiнде лизингтiк компаниялар түсуi керек.

Қазақстан Президентi 1990 жылғы 31 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" жарлығында атап көрсеттi: "Лизингтiк қатынастарды тезiрек енгiзу мақсатында оларды мемлекеттiк қолдау жөнiндегi бiрнеше шаралар жүргiзу керек. Солардың бiрi - Қазақстан Республикасының қазақстандық нарыққа әлемнiң алдынғы лизингтiк компанияларын тарту үшiн 1989 жылғы "Лизинг туралы" Оттава конвенциясына қол қоюы"6.

1. 2. Лизингтiң түрлерi және лизингтiк операциялар

Лизингтің түрлерін бөліп көрсету олардың жіктелу белгілеріне байланысты болады.

Олар келесідей сипатталады: жалға алынатын объектіге қатысы бойынша; лизинг операциясын қаржыландыру түрі бойынша; лизингке берілетін мүліктің түрі бойынша; лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамына байланысты; лизингтік мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты; лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты; салықтық, кеден және амортизациялық жеңілдіктер мен преференцияларға қатысына байланысты; лизингтік төлемдердің ретіне байланысты.

Жалға алынатын мүлікке қатысы бойынша лизинг:

- Таза лизинг - бұл жағдайда мүлікті ұстау бойынша барлық шығындарды лизинг алушы төлейді және ол лизинг берушіге тек таза немесе нетто төлемдерді аударып отырады. Отандық лизингтік нарықтағы қызметтердің көбісі таза лизинг болып табылады.

- Толық лизинг - бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті үстау бойынша барлық шығындарды қаржыландырады. Бағасы бойынша толық лизинг ең қымбат лизинг болып табылады, себебі лизинг берушінің мүлікті ұстау бойынша, қажетті шикізаттарды әкелу бойынша шығыстары өседі.

- Бөлшектік (частичный) лизинг - бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті ұстау бойынша тек кейбір қызметтерді ғана өзіне алады.

Қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей бөлінеді:

- Бір жолғы (срочный) лизинг - яғни мүлікті беру бір рет қана жүзеге асырылады.

- Қайталанылатын (возобновляемый) лизинг - бұл жағдайда бір лизинг келісім-шартының мерзімі біткен кезде, лизинг келісім-шарты жаңа кезеңге жасалады. Сонымен бірге белгілі бір уақыттан кейін объектінің тозуына және лизинг алушының қалауына байланысты жаңа мүлік берілуі мүмкін.

- Қайталанылатын лизингтің тағы бір түрі Бас лизинг - лизингтің бұл түрі лизинг алушыға жаңа келісім-шарт жасамай-ақ жалға алынатын мүлік тізімін толтыруға мүмкіндік береді.

Лизингтік мәмілеге қатысушылардың кұрамы бойынша лизинг:

- Тура лизинг - бұл жағдайда мүліктің иесі өзі объектіні лизингке береді. Негізінен мұндай мәмілені классикалық лизингтік мәмілеге жатқызуға болмайды, себебі лизингтік компания көрініс таппайды.

- Жанама лизинг - бұл жағдайда мүлік лизингке белгілі бір делдал арқылы беріледі. Бұл мәміле классикалық лизингтік мәмілеге ұқсас болып келеді, себебі мұнда лизинг алушы, лизинг беруші және жабдықтаушы көрініс табады.

- Бөлек (раздельный) лизинг (көп жақты лизинг) -лизингтің бұл түрі күрделі, үлкен объектілерге (әуетехникасы, теңіз кемелері, теміржол техникасы, бұрғылау қондырғылары) қаржы салымдарын жасау үшін қолданылады. Лизингтің бұл түрі топтық немесе акционерлік лизинг деп аталады, себебі мұнда бірнеше лизинг беруші, банктер жұмыс істеуі мүмкін.

Мүлік түріне байланысты лизинг:

- Жылжымайтын мүлік лизингі (ғимараттар мен ғұрылғылар) ;

- Жылжымалы мүлік лизингі (автомобиль, самолет, кемелер, техника, кұрал-жабдықтар) ;

Мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты лизинг:

- Толық өтелетін лизинг (немесе толық өтелуге жақын) лизинг, яғни лизинг келісім-шартының мерзімі аралығында мүліктің толық немесе толыққа жақын амортизациясы есептеліп, лизинг берушіге мүліктің толық құны төленеді.

- Толық өтелмейтін лизинг - бұл жағдайда лизинг келісім-шартында көрсетілген мерзімде, мүлік тек белгілі бір дәрежеде ғана амортизацияланып, оның тек бір ғана бөлігі өтеледі.

Өтеліну белгілеріне байланысты лизинг:

- Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуімен сипатталады.

- Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.

Лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты лизинг:

- Қшкі лизинг - бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

- Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

- Сыртқы лизинг - экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.

Қшкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі және субъектілері Қазақстан Республикасының резидетнтері болады.

Егер де лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, яғни лизинг объектісі Қазақстан Республикасының резидентінің меншігінде болса, онда халықаралық лизинг келісім-шарты Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. Ал, егер керісінше болса, онда халықаралық лизинг келісім-шарты сыртқы экономикалық қызмет облысындағы заңдарымен реттеледі.

Лизингтік операциялардың түрлері

Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері болып:

-Шұғыл лизинг;

- Қаржы лизингі;

- Қайтарылатын (возвратный) лизинг;

- Үлестік лизинг;

- Тура лизинг;

  • Сублизинг;

Шұғыл лизинг

Шұғыл лизинг-ағымдағы жал туралы келісім. Әдетте бүл келісімнің мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады. Яғни, келісім-шартта көрсетілген жал төлемдері активтің толық құнын өтемейді, сондықтан актив лизингке бірнеше рет беріледі.

Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі-лизинг алушының келісім-шартты уақытынан бұрын тоқтата алуы. Сонымен бірге бұл келісімде лизингке берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет көрсету және басқа қызметтер түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.

Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын (моральді) құралдар (компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк автомобильдері, әуе кемелері және т. с. с. ) .

Жалпы лизингтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан бұрын келісім-шартты тоқтату моральді ескірген құралдарды жаңа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті алған болса, оның одан әрі мүлікті үстау және сату жөніндегі қиындықтары туындамайды. Лизинг берушінің ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық персоналды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.

Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:

- басқа лизинг түрлеріне қарағанда қамбаттылығы, жал төлемдерінің жоғары болуы;

- аванстар мен алдын-ала төлемдерді салу қажеттілігі;

- уақытынан бұрын өтеу кезінде айып пұлдың төленуі;

- мүлік иелерінің тәуекелді төмендету мақсатында жасаған басқа да шарттары;

Қаржы лизингі

Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері нігізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан бүрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл түрі кезінде құралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету бойынша барлық шығындар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы негізгі құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.

Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизингті кезінде мүлік иесінің тәуекелі едәір төмен болады. Былай қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық өтелуін, кезіңдік төлемдердің төленуін және жалға алушының өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп атау құқығын қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг шартының ерекшеліктрі
Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері
Лизинг институның жалпы сипаттамасы
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Лизинг шартының түрлері
Мүлік жалдау шартының нысаны
Мүлік жалдау шартының ұғымы және элементтері
Тұрғын үйді жалдау шартын тоқтату
Лизинг туралы жалпы түсінік
Мүлік жалдау шартының ұғымын анықтай отырып, оның мазмұнында қарастырылатын мәселелердің шешімін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz