Жұмыссыздық деңгейін сипаттайтын
Мазмұны
I тарау.
1.1.
1.2.
1.3.
II тарау.
2.1.
2.2.
2.3.
III тарау.
3.1.
3.2.
Кіріспе
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік- 5 экономикалық салдары
Жұмыссыздық туралы түсінік. 5
Жұмыссыздыкгың экономикага әсері
Жұмыссыздыктың түрлері 9
Жұмыссыздық деңгейін сипаттайтын 20
көрсеткіштер және оның есептеу әдістері
Жұмыссыздықгы талдау (Шымкент 21
қаласының материалдары негізінде)
Қаланың жалпы әлеуметтік экономикалық 21
жағдайы
Жұмыссыздықгы талдау және оның негізгі 27
себептерін аныктау
Жұмыссыз адамның әлеуметтік суреті 31
Жұмыссыздықгы қысқарту жолдары 35
Жұмыссыздықты кысқартудағы мемлекет 35
тарапынан колданылатын шаралар
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау 47
мәселелері
Қорытынды 57
Пайдаланылған әдебиеттер 60
Кіріспе
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 10 жыл болып қалды. Алайда Қазақстанның бірінші күндерінде алдынан шыккан мәселелер әлі де толық жетілген жоқ. Сондай мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады. Осыған орай бұл жұмыссыздық туралы тақырыпты зерттеу өте қажет болып табылады.
Бұл бітіру жұмыстың мақсаты еңбек нарығын, оның коньюнктурасын талдау және жұмыссыздықгың әлеуметтік экономикалық қоғамның жағдайына тигізетін әсерін зерттеу.
Осыған орай бұл жұмыстың алдында келесідей мәселелер қойылады:
• Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын
талдау.
• Жұмыссыздықгың сандық және сапалық құрамын талдау.
• Жұмыссыздыкден күресудегі мемлекеттік шаралардың
тиімділігін бағалау.
• Жұмыссыздық деңгейінің қозғалу тенденциясына болжам
жасау.
• Жұмыссыздықпен күресу саясатында ұсынысты өндеу және
енгізу.
Бұл жұмыстың құрылымы 3 тараудан, 8 тақырыпшадан және қорытындыдан турады.
Осы жұмыстың бірінші тарауында жұмыссыздыктың әлеуметтік-экономикалық салдары қарастырылады.
Ал екінші тарауында Шымкент қаласының материалдары негізінде жұмыссыздықталданады.
Сонымен бірге үшінші тарауда жұмыссыздықты қысқарту жолдары қарастырылады.
Осы бітіру жұмысының қорытындысында жалпы зерттелген тақырып бойынша нәтижелер шығарылады.
Сонымен қатар бұл бітіру жұмыстың карастырылуында келесідей әдебиеттер қолданылған: арнайы кітаптар, журналдар мен газеттер, азаматтық кодекс пен басқа да құқыкдық актілер және Шымкент қаласының жұмыспен қамтамасыз ету басқармасына есеп беру материалдары арқылы зерттелген.
I тарау. Жұмыссыздық және оның әлеуметтік
экономикалық салдары
1.1. Жұмыссыздық туралы түсінік. Жұмыссыздықтың
экономикаға әсері
Экономикалық балансталған (тепе тендік) экономикалық
өсуі бұл шаруашылық жүйесінің барлық элементтерінің,
өндіріске қатысушылардың барлығының тұрмысының үдемелі өсуін қамтамасыз ете отырып, келісімді түрде жұмыс жасайтын дамудың идеалды варианты (нұсқасы). Макроэкономикалық үйлесімсіздік кәсіпкерлік қызметтің тәуекелділігін күшейтіп, экономикалық тұрақсыздық жағдайын туғызады. Экономикалық тұрақсыздықгың өсуін өндірістің құлдырауын терендетеді, осының нәтижесінде жұмыссыздық өседі. Жұмыссыздыктың өсуі жұмыссыздар мен жұмысбастылардың өмір деңгейінің нашарлауымен байланысты, өйткені, жұмыс күшінің ұсынысының артықшылығы еңбек бағасының төмендеуіне әкеледі. Әлеуметтік жаюқалдардың туу қауіп қатері көбееді, бұл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне әкеледі. Бұндай кезенде капиталдағы бос құралдар неғүрлым тұракты экономикалық дамумен сипатталатын аудандарға ауысады. Осылай жұмыссыздық капиталдың кемуіне әкеледі, ал бұл экономикалык конъюнктураның төмендеуіне және балансталған өсудің шегін ығыстырады.
Халықың өмір сүру деңгейінің төмендеуі тұтынушы сұранысының азаюына жинактау денгейінің төмендеуіне, өвдірістің қыскаруына әкеледі. Жұмыссыздык өндірістің құлдырауы нәтижесінде пайда болып және осы құлдырауды терендете түседі. Тұрақсыздықтың өсуін төмендегі схема түрінде көрсетуге болады.
Өндірістің күлдырауы
—
Жүмыссыз-дыктың осу
—
Өндірістің күлдырауы-ның тереңдеуі
—
Жүмыссыз-
дықтың кейінгі өсуі
Жұмыссыздықгың тұрақсыздандыру процесін жеделдететін реакгивке айналады.
Сондықтан балансталған өсу жолында жұмыссыздықты азайту үшін арнаулы шаралар қажет.
Бірақ, нарықтық экономика мамандары сталиндік конституцияда жазылғандай елдің алдына толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету мәселесін коймайды. Белгілі шамада қалыпты жұмыссыздық экономикалық өсу үшін игілік болып табылады деп есептелінеді.
Жүмыссыздық игілік ретінде
1. Жұмыссыздык өндірісті кеңейтуде немесе
құрылымдык қайта құруда қолдануға болатын бос
жұмысшы күшінің резервін кұрайды. Біздің еліміздің
интенсивті дамуға көшудегі қиындық толық
жұмысбастылықпен тығыз байаныста болды. Жаңа цех
құрылыстары іске қосылмады, себебі жұмысшыларға
бұрынғы орнында істеу жеңіл болды. Елдің даму
тиімділігі төмендеді.
2. Жұмыссыздықтың бар болуы кәсіподактардың
үстемдігін және жалақыны көтеру талабын шектейді
және осы аркылы кәсіпкерлік қызметтің ынтасын
күшейтеді.
3. Жұмыстан айрылу қаупі еңбек тәртібінің ең жақсы
ұйымдастырушысы болып табылады және еңбек
шығынының кажетті сапасын сақтау үшін жағдай жасайды.
4. Осы себептерге байланысты қалыпты жұмыссыздық (3-тен 5 %- ке дейін) нарыктық экономиканың дамуындағы серігі деп есептелінеді.
Либералды және социал демократиялык саяси экономия жұмыссыздықты басқа тұрғыдан қарастырады. Олар жұмыссыздықты қоғам үшін жоғалтулар ретінде қарастырды және осы жоғалтулар халық шаруашылығын монополизациялауда шегетін зияннан асып түседі деп есептеді.
Жұмыссыздық және коғамдық жоғалтулар
1. Жұмыссыздық кезінде қоғамның экономикалық
потенцияалы толық қолданылмайды. Бос жұмысшы күші
ұлттық байлықтын өсуіне қатыспайды. Сондықтан едде
қолданылмаған өндірістік мүмкіндіктен жоғалтулар
туады.
2. Ұзакқа созылған жұмыссыздық жұмысшылар біліктілігін
жоғалтады. Өндірістік процеске қатынасқаннан кейін
жұмысшы еңбек өнділігінің тұрақты деңгейіне жарты
жылдан кейін жетеді. Осы мерзім ішінде бірдей еңбек
Інартындағы тұракты жұмысшы кадрмен салыстырғанда
өзінің еңбегінің нәтгокесін бере алмайды.
3. Жұмыссыздықтың өсуі, медицина көрсеткендей, ұлттық
психологиялык денсаулығына зиян келтіреді.
4. Жұмыссыздықгың өсуі қылмыс өсуіне себепші болады.
5. Жұмыссыздыкгы қоғамдық жоғалту ретінде бағалай
отырып экономикалык түрақсыздықтың айтылып кеткен
келесі факторларын айтсақ болады:
1. тұтынушы сұранысының төмендеуі;
2. жинақтық ісысқару;
3. инвестициялық сұраныстың төмендеуі;
4. ұсыныстың қыскаруы.
Жұмыссыздық, ЖҮӨ және Оукен заңы. Экономикалық
жағдай үшін жұмыссыздық деңгейінің маңыздылығына байланысты
жұмыссыздық пен ЖҮӨ -ң нақты көлемінің арасындағы тәуелділік
қаншалықты деп сұрақ коюға болады: жұмысбастылар тауарлар мен
қызметтер өндірісіне қатысатындықтан, ал жұмыссыздар
қатыспайтындықтан жұмыссыздық деңгейінің өсуімен ЖҮӨ-ң накты көлемі азаяды деп ұйғаруға болады. Бұл жұмыссыздық деңгейімен ЖҮӨ- ң арасындағы кері байланыс, осы байланысты алғаш зерттеген экономист Артур Оукеннің құрметіне Оукен заңы деп аталады.
Жұмыссыздықты өзгермейтін деңгейде мынадай зандылық байқалады: халыктың өсуі, капиталдың шоғырлануы, ғылыми техникалық прогреске байланысты ЖҮӨ-ң накды көлемінің өсу темпі 3 %-ті күрайды. Осымен қатар жұмыссыздық деңгейінің 1 % -ке өсуі ЖҮӨ-ң накгы көлемінің өсу темпін 2 %-ке төмендетеді.
Жақын уақыт шеңберінде жұмысшы күші тауар ретінде қарастырылмайтын. Бірақта политэкономия көзқарастарымен онша сәйкес келе бермейтін біздің шын өмірімізде миллиондаған адамдар жалдау-жалдану қатынасына түсіп жатыр. Бірақ бізде қалыптасқан (және казірді де кдлыптасып отырған) еңбек рыногі, әкімшілік экономиканың көптеген кемшіліктеріне байланысты қалыптасқан еңбек рыногі еді.
Шын еңбек рыногінен біздің еңбек рыногінің айырмашылығы, бұл көптеген жұмысшылар күшіне тиімді шарттарды еркін сатылуына кедергі туғызып отырған әкімшілік құкықтық экономикалық шектеулердің бар болуы. Бұл жергілікті біркелі орасан зор тапшылығы болып тұрғанына қарамастан шын тұрғын үй нарығының болмауы мемлекеттік реттеу және жұмысбастылық саласында әлеуметтік қолдану механизмдерінің дамымағандығын көрсетуге болады.
Еңбек рыногі Қазақстанда әлі жүйеге келтірілмеген. Бұл оның барлық салаларына қатысты аумақтық, кәсіпқойлық, мамаңдық дәрежесі, салалық, демографиялық. Жұмыссыздықгың өсуіне қарамастан экономиканың көптеген салаларында арнайы мамандандырылған жұмысшылар жетіспеуде.
Бұл барлық қиыншылықтарға қарамастан, қазіргі нарық жағдайы жақын арада түзеледі деп үміттенуге болады. Бәсекелестік жағдайында кәсіпорындар өз жұмысшылар құрамын оптимизациялап, жұмысшылар да өз кезегінде тиімді шарттарда жұмыс іздеу мүмкіншілігіне ие болады. Айтылған нәрселердің барлығы, нағыз бәсекелестік ортасын калыптастырғандағы жекешелендіру негізінде, тұрғылықты мекен-жай тіркеу кағаз жүйесін жайғанда, яғни жұмысшылар қозғалысына кедергі нәрселерді аластатқанда, тұрғын үй нарығын қалыптастырғанда және де жалдау жалдануға көмек көрсету жүйесін қалыптастырғанда ғана болады.
Жұмыссыздык қазіргі түсінік бойынша бұл еңбек рыногімен тығыз байланысты құбылыс. Халыкаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша - жұмыссыздық деп қарастырып жүрген, жұмыс істеуге дайын адамдарды айтады. Жұмыссыз деп, жалақы немесе жұмысы жоқ, жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарында сәйкес жұмыс үшін тіркеуде тұрға, табылған жағдайда жұмыс істеуте дайын, еңбекке қабілетті азаматтарды айтамыз.
Жұмыссыздықты топтау критерийлері болып, оның пайда болу себебі және тұрақтылығы болып саналады, ал жұмыссыздықтың негізгі түрлеріне кұрылымдық, фрикциондық, циклдық түрлері жатады. Уақыт өткен сайын, тұтынушы сұранысы құрымында маңызды өзгерістер болады, ол өз кезеңінде сұраныс құрылымына жұмысшылар сұраныс құрылымына өзгерістер енгізеді. Елде қазіргі заман стандарттарында өндірілген тауарлар мен қызметтердің жаңа түрі пайда болады, бұл сәйкесті түрде жаңа прогрессивті технологиялардың еңгізілуін талап етеді, Сәйкесті түрде өндірістің негізгі шаруашылық объектілердің ескілерін кысқарту, жаңаларын еңгізу арқылы құрылымдық қайта кұру болады, осы кезде жұмысшылардың бір бөлігі босатылуы мүмкін.
Босатылған кадрлар, еңбек рыногінде өз проблемаларын тез шеше алмай жұмыссыздар қатарына енуі мүмкін, Бұл әдетте адамдардың жаңа мамандық түрлеріне назар аудармауынан болады, яғни бос жұмыс орындарына еңбек ұсынысы жауап бермейді, жұмыс берушілердің талаптарына жұмысшылардың кабілеттері сай емес. Бұл жұмыссыздық түрі - құрылымдық деп аталады. Бұлжағдайда жұмыстан босатушы бастамасын көтеретін жұмыс беруші болады. Мысал ретінде барлық жерде персоналды электронды техникалардың, есептегіш машиналардың еңгізілуі, кіші қьізмет көрсету персоналынан көптеген машинисткалардың жұмыстан кетуіне себеп болды. Батыс экономистердің кейбіреулері жұмыссыздықгың (кұрылымдық) тағы бір түрін атап өтеді, ол күтім жұмыссыздығы. Ол кәсіпорындардағы жалақы деңгейіндегі өзгерістерге байланысты пайда болады. Осылайша жұмыстан босаған кейбір жұмысшылар басқа фирмаларда өзінің мамандығына сәйкес жалақысы жоғары жұмыс орындарының босауын күтеді.
Егер адамға жұмыс түрі және меке таңдау еркі берілсе, онда әр белгілі уақытта жұмысшылардың белгілі бір бөлігі ескі жұмысын тастап, жақында жаңа жұмысқа орналаспаған жағдайда болады. Олардың біреулері өз еркімен жұмыс орнын ауыстырса, басқалары бірінші рет жұмыс іздеу, үшіншілері маусымдық жұмысты аяқтаған болып табылады.
Жұмыс іздеушілердің бір бөлігі жұмысқа түрса, басқалары, жұмыс орнын уақытша тастап кетеді, бірак жұмыссыздықтың осы түрі қала береді. Бұл жағдайда еңбек рыногі асықдай қызмет істеп, жұмыс орындарымен жұмысшылар мөлшерімен сапасын теңестіргісі келеді. Мұндай жұмыссыздықгы фрикциондық деп атайды.
Фрикциондық жұмыссыздық кадрлардың жұмыс орындарын, тұрғылықгы мекен-жайын ауыстыруына байланысты қозғалысын көрсетеді. Жұмысшы күші жиынтығының белгілі бір бөлігі жаңа жұмыс іздеу мақсатында тұракты түрде қозғалысқа болады. Жұмыссыздыктың бұл түрі камтиды: бір жұмыстан бір жұмыска ауысқан, апта ішінде жаңа жұмыс орнына орналасатын, және уақытша жұмыстан босау, адамдардың табыстарына әсер етпейтін, норма болып саналатын кейбір сала жұмысшыларын, мәселен кұрылыс. Техникалык прогрестің соңғы нәтижелерін енгізу кезеңінде, мұндай қозғалыс қажетті болмай, сонымен қатар интенсивті де болады.
Босау бастамасы, бұл жағдайда жұмысшының өзінен болғандыкдан, фрикционды жұмыфссыздық қажетті, және кейбір экономистердің пайымдауынша керекті, өйткені көптеген жұмысшылар жалақысы төмен, тиімділігі аз жұмыстан, жаяақысы жоғары, өнімділігі үлкен жұмысқа ауысып, бұл өз кезегінде азаматтардың әл-аукатының көтершуін, еңбек ресурстарын рационалды қолданылуын қамтамасыз етеді.
Фрикционды жұмыссыздық, мәні бойынша ерітілікпен байланысты болып, азаматтың уақытша жұмыссыздығы, мәжбүрлік сипатка ие емес. Өндірісті дамыған елдерде экономикалық активті халыктың 2-3% фрикциондық жұмыссыздыкқа ұшыраған.
Құрылымдық және фрикицонды жұмыссыздыктар арасындағы айырмашылықты тану керек. Фрикционды жұмыссыздар, жұмысқа түру үшін барлык кабілеттермен қамтылса, кұрылымдық жұмыссыздар, міндетті тұрде қайта оқыту мен даярлықтан өтуді қажет етеді, Фрикционды жұмыссыздық, қысқа мерзімді сипатқа ие болса, құрылымды ұзақ мерзімді сипатқа ие, сондыктан күрделі проблема болып табылады.
Құрылымды жұмыссыздық, фрикционды жұмыссыздыктың тереңдетілген түрі болып табылады. Уақыт өткен сайын, тұтынушы сұранысы құрылымында және технологияда маңызды өзгерістер болады, бұл өз кезегінде, жұмысшы күшіне сұраныстың жалпы мөлшеріне әсер етеді. Осындай өзгерістер себебінен кейбір мамандықтарға сұраныс азайып, кейде тіптен тоқтатылады. Жұмыссыздық пайда болады, өйткені жұмысшы күші, жаңа жұмыс орындарының құрылымына жай жауал береді.
Фрикционды және жұмыссыздық жиынтығы, көптеген экономистердің пайымдауынша, табиғи жұмыссыздық деңгейін анықтайды. Фрикционды жұмыссыздық, еңбек рыногінің динамикасын, ал құрылымды жұмыссыздык, территориалық немесе кәсіпқойлық сәйкесіздік, еңбек рыногіндегі сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінен туындайды. Толық жұмысбастылық жағдайыңда, жұмыссыздық деңгейі, табиғи жұмыссыздық деңгейі деп аталады.
Осылайша, табиғи жұмыссыздық деңгейі ол толық жұмысбастылыкден етілген ұғымына сәйкес келетін коғамдық деңгей. Бұл кезде толық жұмысбастылық дегеніміз, барлығы жұмыспен қамтамасыз етілді деген емес, яғни белгілі мөлшерде жұмыссыздық нарыкгык экономиканың негізгі деңгейі де болады.
Осылайша, жұмыссыздық нарықтық экономиканың негізгі ерекшелігі болып табылады. Толық жұмысбастылык нарықтық экономика идеясынмен сәйкес келмейтін құбылыс. Сонымен қатар, толық жұмысбастылық ұғымы жұмыссыздық жоқ деген емес. Жұмыссыздық деңгейі көрсеткіші, ол жұмыссыздық масштабын анықгауға қолданылып, өндірісте жұмыспен қамтылғандардың санына, тіркелген жұмысшыларға қатынасы болып табылады. Жұмыссыздық тұрактылығын, жұмыстағы орта үзіліспен анықталады.
Тауар мен қызмет нарығындағы жағдайыдың өзгеруі, тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің күшеюі, кейбір тауар шығысын азайтып, сонымен қатар, кейбір жұмысшыларды жұмыстан мәжбүр етеді, осылайша еңбек рыногінде қиын жағдай туғызады. Экономикалық кері кету жағдайында, тауар мен қызметтерге жинакталған сұраныс азайғанда, жұмыссыздар армиясы толыққанда, жұмысбастылық кысқарғанда, бұл жағдайды коньюнктуралық немесе циклік деп атайды.
Жұмыссыздық бұл турімен күресу үшін арнайы мемлекет тарапынан субсидияланған бағдарламалар қабылдау қажет. Батыс экономистерінің бағалауы бойынша экономикалық өсу немесе экономикалық дағдарыс кезеңінде, циклдік жүмыссыздық мөлшері 8-10%-ке дейін шығуы мумкін, бұл жалпы жүмыссыздық деңгейін көбейтеді.
Жұмыссыздыктың тағы бір түрі бұл маусымдық жұмыссыздық, ол кейбір шаруашылық түрлерінің сипатына карай, яғни ауылшаруашылық жұмыстар, балық аулаушылык, жеміс жинау, орман ағаштарын даярлау, аңшылық, құрылыс және тағы басқа шаруашылықтар үшін тән.
Бұл жағдайда жекелеген азаматтар немесе кәсіпорындар интенсивті түрде бірнеше апта немесе ай жүмыс жасап, қалған уақытта токтатылуы мүмкін. Қызу жұмыс кезінде кадрларды жүмыска алып, жұмыс токдаған уақытта -- барлыгын бірдей босату тән, Бұл жұмыссыздық кейбір ерекшеліктеріне байланысты циклдық, кейбір ерекшеліктеріне байланысты фрикционды болады, өткені өз еркімен болады.
Маусымдық жұмыссыздық көрсеткіштерін болжау өте дәл көрсеткішпен анықтауға болады, өйткені жылдан — жылға қайталанып, онымен байланысты мәселелерді шешу даярлығы туады.
Жұмыссыздықтың тағы бір түрі ол - бөлек жұмыссыздық, ол кәсіпорын өніміміне сұраныс азайғанда пайда болады, Бұл жағдайда кәсіпкер алдында екі мүмкіншілік бар: персоналдың бір бөлігін босатып, басқа бөлімін толықжұмыс уақытысында жасатып, екіншісі, барлығын бірдей қалдырып бірақ толық жұмыс уакытысымен жүмыс істетпейді. Осыны біз бөлек жұмыссыздык деп есептейміз. Жұмыссыздарды есепке алу қажетгігіне және жұмыс іздеушілерге мемлекет тарапынан сәйкес шаралар қолданылуы байланысты: тіркелген жұмыссыздықты, яғни, жұмыспен қамтамасыз етілмеген табылған уакытта істеуге даяр, мемлееттік органдарда тіркеуді тұрған деп және жасырын жұмыссыздык ол өндірісте тіркеуде бірақ шын мағынасында артық болып табылатын жұмысшыларды бөліп кдрастырады. Олар өз кәналары себепті емес, ол әкімшілік реттеулерге байланысты уақытша демалысқа шыққандар.
Бақылау бойынша жұмыссыздық деген де бар, ол кезекті анкеталық сұрастыру нәтижесінде еңбек рыногындегі шын жағдайды сипаттайтын бағалау көрсеткіші. Халықаралық нормаларға сәйкес жасалған әдістемегге байланысты жұмыссыздық деңгей көрсеткіші мемлекеттік жұмысқа алу органдарында тіркеуге тұрғандардың санының, экономикалық активті халық саны қатынасы арқылы анықталады (процент шамамен белгіленеді). 2003 жылы Алматы каласы мемлекетті жұмыспен қамтамасыз ету органына жүтінген жұмыстан қысқаруы себепті жұмыссыздардың көрсеткіші келесідей болды (жүмыссыздардың жалпы санына қарай процент шамадан, кесте I).
Алматы қаласы мемлекетті жұмыспен қамтамасыз ету органына жүгінген жұмыстан қысқаруы себепті жұмыссыздардың көрсеткіші
Көрсеткіштер
%
Персонал көлемінің кысқаруынан немесе кәсіпорын жүмысының токтатылуына байланысты жұмыстан босағандар
19,0
Өз еркімен жқмыстан кеткендер
50,0
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыстан кысқарғандар
1,0
Ұзақ үзілістен соң қайтадан жұмыска тұруга тырысушылар
19,0
Алғаш рет жұмыс іздеушшер
11,0
Таблицадан байқағандай, жұмыстан босағандардың жартысы өз еркімен кеткендер. Бірак, бәріне белгілі болғандай, кетекендердің көбісі өз еркімен емес, ол, әкімшіліктің нұсқауымен болады.
Егер, нарық жүйесіне дейінге кезеңде, кәсіпорын жұмысының токтатылуы немесе кадрлар бөлімімінің қысқаруына байланысты жұмыстан кету сирек кездесетін болса, ол казір мейлінше өсті. Бұл нарык шарттарына байланысты , мысалы, Қазақстанда күн сайын бірнеше кәсіпоръш немесе фирма ашылып, жабылуда. Әсіресе, қалалық өндіріс кәсіпорындарында немесе қауытта көп жыл бойы жұмыс істеген адам, иелік статусы немесе өндірістің банкроттығына байланысты жүмысын жоғалтуы қайғылы. Еңбекпен әлеуметтік қамсыздадыру органдарының мәліметтеріне сүйенсек, 2000 жылдың 1 ақпаны жағдайында, әртүрлі экономикалық себептерге байланысты 538 кәсіпорын толық түрде токтатылып, 885 жекелей кәсіпорындар жүмысы токталынып, 311 кәсіпорын толық емес жұмыс режимне көшті. Мәжбүрлі түрде демалықа шығушылар 132,2 мың адам болып, оның 105,4 мың адамының демалыс ақысыз немесе мәжбүрлі түрде демалушылардың 79,7%. 2000 жылы қаңтар айының соңына қарай, экономикалық активті жалық арасында жасырын жүмыссыздық - 3,3% болды.
Институционадды жұмыссыздық еңбек рыногының ұйымдастырылуы мейлінше аз тиімді болған жағдайда пайда болды. Мәселен, бос жұмыс орны туралы акпарат толық емес деліе. Ақпарат жүйесінің жұмысының реттелуі болса, ода жұмыссыздық деңгейі төмен болар еді. Дәл осындай әсермен тым көтереліп берілетін жұмыссыздық жәрдемаақысымен табысқа тым аз салық та жұмыс жасайды. Өйткені, тезірек жұмыс іздеу ынтасын өшіреді.
Циклдік жұмыссыздқыты, өндіріс дағдарысы, яғни, жалпы немесе жиынтыкталған шығыстардың жетіспеушілігімен анықталатын экономикалык цикл кезінде, өндіріс тоқырауыда пайда болатын құбылыстар тудырады. Егер, тауар және кызметтерге жиынтықталған сұраныс азайған уақытта жұмысбастылық азайып, жұмыссыздық өседі, Осы себепке байланысты, циклдік жұмыссыздықгы кейде сұраныс деффицитімен байланысты құбылыс ретінде қарастырады. Көтерілу және дамуға көшкен сайын жұмыссыздыр мөлшері азайяды.
Ерікті жұмыссыздық - әр қоғамда, өзінің психикалық формациясына байланысты немесе басқа себептерге айланысты жұмыс істегісі келмейтін адамдар тобы болады.
Жұмысын жоғалту, жұмыс іздеу және жұмыссыздықгың табиғи
деңгейі. Жұмысшы күшін Ь—деп белгілейік, Е жұмысбастылар саны, ал - И - жұмыссыздар саны. Әрбір еңбекке жарамды адам не жұмысбасты, не жұмыссыз болатындакган:
Ь=Е+И
Осылай жиынтық жұмысшы күші жұмысбастылар саны мен жұмыссыздар санының қосындысынан түрады. Жұмыссыздар
деңгейіге тең болады.
Жұмыссыздық деңгейін анықтайтын факторларды қарастыру үшін жиынтық жұмысшы күші өзгеріссіз деп аламыз. Индивидтін жұмысбастыдан жұмыссызға және керісінше айналуы төменде көрсетілген:
жұмысшылардың жүмыстан босау деңгейінің көрсеткіші яғни, әр ай сайын жүмыстан босайтын жұмысбастылардың үлесі;
жұмыска орналасу деңгейінің көрсеткіші, яғни, әр ай сайын жұмыскд орналасатын жұмыссыздардың үлесі. Осы 2 көрсеткіш түрақгы деп алсақ, онда оның жүмыссыздық деңгейін анықтайтынына көз жеткіземіз. Егер жұмыссыздық деңгейі өзгермейтін болса, яғни, еңбек нарығы тұрақты болған жағдайда болса, онда жұмысқа орналасқандар саны мен жұмыстан босағандар саны тең болуы керек:
Жұмыссыздықгың тұрақгы деңгейін табу үшін берілген тендікті түрлендіреміз. Е=Ь-ІІ; яғни, жұмысбасты саны жалпы жұмысшы күшінен жұмыссыздар санын алғанға тең болады.
Жұмыстан босатылу деңгейі қаншалықгы жоғары болса, жұмыссыздық соншалықты жоғары болады. Жұмысқа орналасу деңгейі қаншалыкгы жоғары болса, жұмыссыздық соншалықты төмен болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің келтірілген моделінен маңызды қорытынды шығады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге бағытталған кез келген экономикалық саясат, не жұмыстан босатылу деңгейін азайтуға, не жұмысқа орналасу деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік жасау керек.
1.2. Жұмыссыздық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер және
оның есептеу әдістері
Экономикалық жағдайды қолда бар ресурстарды қаншалыкды тиімді қолданылуына байланысты сипатталады.. Экономиканың негізгі ресурсы жұмысшы күші болғандықтан жұмысбастылықты сактау бұл экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады. Жұмысыздық деңгейі жұмыс істегісі келетіндердің жалпы санындағы жұмысы жоқтардың үлесін (% түрінде) көрсететін статистикалық көреткіш. Статистика органдары жұмыссыздық деңгейін және экономистер мен экономикалық саясаттың авторына еңбек нарығының жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін бсқа да көрсеткіштерді мерімді түрде есептеп отырады.
Жұмысшы күші бұл жұмысбастылар мен жұмыссыздардың жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі жұмысшы күшінің жалпы санындағы жұмыссыздық үлесі ретінде анықталады.
Жұмыссыздық күші = жұмысбастылар саны + жұмыссыздар саны
Жұмыссыздық деңгейі=жұмыссыздар саны жұмысшы күшінің жалпы саны* 100 %
Басқа статистикалық көрсеткіш ересек халықтың жалпы санындағы, % түрінде берілген, жұмысшы күшінің үлесі,
Ересек халыктың жалпы санындағы жұмысшы күшінің жалпы үлесі=жұмысшы күшінің жалпы саныересек халық саны х 100%
Бұл статистикалық көрсеткіштер бүтіндей халық үшін де, сондай-ақ оның жеке топтары: ер адам мен әйел, жасөспірімдер мен ересек адамдар үшін де есептелінеді.
Жұмыссыздықтың көрсеткіштері. Енді жұмыссыздықты, сонымен қатар жұмыссыздықгы қысқартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың шараларын бақылауға көмектесетін, жұмыссыздықгы сипаттайтын косымша мәліметтерді қарастырамыз.
Жұмыссыздықгың ұзактылығы.
Егер адамды жұмысынан айрылды деп есептесек, онда оның ұзақ уақыт бойы жұмыссыз қалу ықтималдығы қаншалықты?
Бұл сүраққа жауап өте маңызды, себебі ол жұмыссыздыкгың себебін және мемлекеттік саясаттың неғұрлым сәйкес келетін шараларын көрсетеді. Бір жағынан егер жұмыссыздық қысқа мерзімді сипатқа ие болса, оны уақытша деп есептегу болады. Адамдарға өздерінің біліктілігі менқалауына сәйкес келетін жаңа жұмыс табы үшін қандай да бір уакыт керек. Екінші жағынан ұзақ мерзімді сипатқа ие жұмыссыздық - ол сәйкес жұмысты іздестіру процесі көптеген айларға созыла коймайтындыктан, бүл негізінде басқа қүбылыс. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық негізінен күту жұмыссыздығы болып табылады, осылай жұмыссыздық туралы мәлеметтер біздің жұмыссыздыктың себептері туралы түсінігімізге әсер ете алады.
Жоғарыда койылған сұраққа жауап беру онай емес. Көрсетілгендер көптеген адамдар үшін жұмыс табу соылмайтынын көрсете алады, бірақ сонымен қатар жұмыссыздықгың жиынтылық ұзықтылығын. ұзақ уакыт бойы жұмыссыз жүрген адам құрайды. Бұны түсіну үшін келесі мысалды қарастырамыз. Берілген жылдың қандай дабір бөлігінде!4 адам жұмыссыз деп есептелік. Осылардың ішінде 12 адам 1 айдың ішінде жұмыс табады, ал екеуі бір жыл бойы жұмыс істемейді. Сонда, жалақы алғанда бұл адамдар 36 ай бойы жұмыс істемейді. Берілген мысалда жұмыссыздардың көп бөлігі кысқа мерзім бойы жұмыссыз болады. 14 адамнан 12 адам үшін яғни, жалпы жұмыссыздардың 86 %-ті үшін жұмыссыздық 1 айдан аспайды. Сонымен қатар жұмыссыздықтың жиынтық ұзақтылығы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген жұмыссыздардың үлесіне келеді. Яғни, 36 айдың 24 айы немесе 67%-ті бір жыл бойы жұмыс істеген екі адамның үлесіне келеді. Қарастыру тақырыбына не жататынынан байланысты, яғни, жұмыссыздықгың жеке немесе жалпы үзақтығына байланысты жұмссыздық не қысқа не ұзақ мерзімді болуы мүмкін.
Жұмыссыздықгың ұзактылғы туралы мәліметтер мемлекеттік саясатты жүргізу үшін үлкен мәнге ие болады. Егер жұмыссыздық деңгейін қысқарту мәселесі қойылса, онда саясат ұзақ мерзімді жұмыссыздыққа қарсы бағытталған болуы тиіс. Себебі, ұзақ мерзімді жұмыссыздықгың жалпы ұзақгылығның көп бөлігін құрайды. Бірақ бұндай саясат барлық жұмыссыздардың аз бөлігін құрайтын ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген адамдарға бағытталған болуы тиіс. Жұмыссыз калған адамдардың көп бөлігі жұмысты тезірек табады.
Әр түрлі демографиялық топтар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің айырмашылығы.
Жұмыссыздық деңгейі халықгың әр түрлі топтары бойынша бөлінеді. Жас жұмысшылар үшін жұмысыздықгың неғұрлым жоғары деңгейі тән. Бұны түсіндіру үшін жұмыссыздыкдың кәдімгі деңгейінің моделін қарастырамыз. Бұл модель бойынша ұмыссыздықтың жоғары деңгейінің екі себебі болады: жұмысқа орналастыру деңгейінің төмен көрсеткіші және жұмыстан босатудың жоғары деңгейі. Жеке индивидтің жұбысбастыдан жұмыссызға жіне жұмыссыздан жұмысбастығы айналуы туралы мәліметтерді зерттейтін экономисттер, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі деңгейіне ие топтардың жұмысын жоғалту ықтималдығы жоғары көрсеткішке ие болатынын тапты. Жұмысқа орналасу көрсеткішіне катысты топтар арасындағы айырмашылык аз болды. Мысалы, жұмысшының жұмыссызға айналу ықтималдығы орта жастағы адамға қарағандағы жасөспірім үшін 4 есе жоғары, ал жұмыссызға жұмыс табу ықтималдығы оның жасымен тығыз байланысты емес.
Осыған байланысты жасөсіпімдер арасндағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі дұрыс келеді деп есептеуге болады. Жас жұмысшылар еңбек нарығына шыққанда өздерінің мамандықты тандаудағы дұрыстығына сенімсіз болады. Сондықтан бұл жастағы топтарға жұмыстан босаудың жоғары көрсеткіші және уакытша жұмыссыздықгың жоғары деңгейі тән болады.
II тарау. Жұмыссыздық(Шымкент қаласының материалдары негізінде) пен кедейшілікті талдау
2.1. Қаланың жалпы әлеуметтік экономикалық жағдайы
Шымкент қаласы 34261 га территорияны алып жатыр, соның ішінде 14630 га ауылшаруашылық жерлері. Шымкент қаласы бойынша халық саны 419,3 мың адамды кұрайды, соның ішінде қала халқы — 379,0 мың адам.
Экономикалық активті халық - 134,7 мың адам, еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін халық - 55,2 мың адам, экономикалық активті емес халық (көп балалы ана, үй шаруашылығы мен айналысатындар, оқитындар) - 101,7 мың адам. Пенсионерлер саны 42,1 мың адам. Шағын кәсіпорындарда (соның ішінде мемлекеттік мекемелерде, банктерде, сактандыру ұйымдарында) жұмыс істейтіндерді қоса есептегенде жалдау бойынша жұмыс істеушілер саны 90,2 мың адамды құрайды, сонын ішінде ірі және орта кәсіпорындарда - 79,5 мың адам, шағын мемлекеттік мекемелерде, банктерде, сақтандыру ұйымдарында - 3,7 мың адам, кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарда - 7,0 мың адам. Ірі және орта кәсіпорыңдардағы облыстың мекемелері мен ұйымдарындағы жұмысбастылардың жалпы санында Шымкент каласының үлес салмағы көп, сәйкесінше 39,2 %. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 11750 теңге құрайды.
Шымкент қаласы индустриалды мамандандыруға ие. Оңтүстік Қазақстан облысының өндіріс көлемінде, қала бойынша шығарылған өндірістік өнім көлемінің үлесі — 71,8% -ды құрайды.
Рынокта маңызды бағыттар бойынша жүргізілген реформаның негізгі нәтижелері келесілер арқылы сипатталады:
Өнеркәсіп. Шымкент қаласы Республикадағы халық шаруашылығы бойынша алдыңғы катардағы орынға ие, өнеркәсіпті - индустриалдық орталық. 2003 жылғы қаланың өнеркәсіптік саясаты позитивті нәтиже береді, тұрақтылық пен экономикалық өсудің белгілері пайда болды, өнеркәсіптік өндірістің өсуі байқалды,
Өнеркәсіп жұмыстарын талдау, жүргізілген шаралардың нәтижесінде, өнеркәсіп секторының қорытындысы бойынша дағдарыстан және өндірістің құлдырауынан шығып, қала бойынша 88 өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішінде 29 кәсіпорынның өндіріс көлемін ұлғайтқанын көрсетеді. Соның ішінде:
"ШНОС" - 85,4%
ЖШС "Шымкент сүт" - 164,1%
АҚ "Шымкентмай" - 183,0%
АҚ "Шымкентцемент" - 3,3, %
АҚ "Шымкет мақга" - 104,4%
АҚ "Су ресурстары" ~ 87,5%
ААҚ "Шымкенттепло" - 2,0 есе.
2000 ж. 58403,9 млн теңге шығарылды, бұл 1999 жыл деңгейімен (48076,1 млн теңге) салыстырғанда 100,1% құрады.
Облыста мұнайды өндіру мен айырып шығарудан 1999 ж. 33534,6 млн теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді. Бұл 1997 жылдағы деңгейінің 155,6%-ін, 1998 жылдағы деңгейдің 118,2 %-ін, 2000 жылдағы деңгейдің 85,4 %-ын құрайды. 2003 жылы көлемі 38059,5 млн теңгені кұрады.
Химия өнеркәсібінде өнеркәсіптік өнім 629,1 млн теңгеге өндірілді, бұл 2002 жылдағы деңгеймен салыстырғанда 44,8%-ға аз, 2003 жылдағы деңгеймен салыстырғанда 73,7 %- ға төмен.
Қаржылық бюджетті саясат. 2004 жылдың 1 қантарына жалпы континент бойынша салықтық төлеімдер мен алымдардын түскен түсім 21251,0 млн теңгені құрады немесе жоспардың 118 % -ті, соның ішінде калалық бюджетке 3363,3 млн теңге немесе жоспардың 102%-і.
Түсімнің жалпы көлеміндегі реттелетін табыстан түскен түсімнің үлес салмағы 78,2%-ті құрады.
2003 жылмен салыстырғанда, қалалық бюджетке түскен түсім
1844 мың теңгеге өскен (2003ж-1518,8 мың теңге).
2004 жылға бюджеттің шығындары 3393,7 млн теңгені құрады,
соның ішінде жалақыға 1709,1 млн теңге бөлінді, бұдан басқа меекмелердегі педагогикалық жұмысшыларға жалақыларына үстеме
және қосымша төлем ретінде 16,6 млн теңге төленді, балалардың
жәрдемақысын төлеуге 51,4 млн теңге бөлінді. Жалақы және
әлеуметтік төлем бойынша қарыз жоқ.
2.2. Жұмыссыздықты талдау және оның негізгі
себептерін анықтау
Шымкент Республикамыздың тығыз орналасқан қалаларының бірі және мұнда әлеуметтік қорғау мәселелері кешенді шешімдерді талап етеді. Қаланың тұрақты тұрғындарының саны -419, 3 мың адам. Еңбек ресурстары - 292,4 мың адам, экономикалық белсенді халық 190,6 мың адым және жұмыссыздыкдың саны 56 мың адам.
Осы жылдын 12 ай аралығында 34 кәсіпорын мен ұйымдар 2 мыңнан аса адамды қысқартып, экономика саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1,5 %-ға кеміді.
Әйелдер арасында тұрақгы жұмыссыздық байқалуда. Олардын
негізгі бөлігі өндірістің әлеуметтік салада, жеңіл және тамақ
өнеркәсіптерінде, кәсіпорындарда жұмыс істейді. 5% кысқартылғандар қатарында және жұмыспен камту қызметіне тірелгендердің 52% - ын әйелдер құрайды.
Кәсіпорындардың еңбек потенциалының өндіріс көлемінің құлдырау жақтары сақталынып қалуы жасырын жұмысыздыктың барын түсіндіруде. Мәжбүрлеген демалыста жүрген жұмыссыздар саны ай сайын 6000 адамға дейін жетіп отырады. Бұдан баска есеппен реттеуге бой бермейтін формалары емес жұмыссыздық етек алып отыр.
Ағымдағы жылы ҚР "Банкроттықтуралы" заңын жүзеге асыру барысында бес кәсіпорындардың конкурстық өндірісі аяқталды, бұл "Ақ бидай" АҚ, "Южтеис" Ак, "Шымкент Қаратал' Ақ, "Казтепломонтаж" АҚ, "Гидролизинг" АҚ.
Қазіргі уақытта конкурстық өндіріс стадиясында 23 кәсіпорын бар.
2003 жылы түрғындарды қызметпен қамту бағдарламасында 14000 азамат еңбекрен қамтылуы тиіс еді, ал фактілі түрде 13253 адам немесе болжамдаумен 90% тіркелді.
Бір жылдан астам жұмыссыз жүрген тұлғалардың 477 адамы, ұзақ жылдар жұмыс істемегендер 1237 адам және жалақы алғашқы рет жұмыс іздеген азаматтар (573 адам) саны тіркелді.
Ұсынылған жұмысшы күші жоғары емес білім деңгейімен ұсынылады. Бұрынғысынша жұмысшы күшіне деген сұраныс төлем деңгейінде қалып отыр. 2000 жылдың қаңтарында бос жұмыс орнымен вакантты кызмет саны 729 бірлік құрып, бұл бір вакантты орын әрбір он үш тіркелген жұмыссыздарға сай келеді. 2003 жылғы ресми тіркелген саны 2,1% тіркелген саны (2003 жылы 2,9%), жасырын жұмыссыздық 4,5% (2003 жылы 5%), яғни, жалпы экономикалық белсенді тұрғындар осыншама пайыз құрайды. Жасырын жұмыссыздыкгың кемуі кәсіпорындардың несие ақшаларының саясатының қатандығымен түсіндіріліп, жұмысшылар санының кысқаруына әкеледі.
2003 жылы жұмыспен қамтылған азаматтар негізінен өндіру
құлдырауының жоюылуына, немесе шағын және орта бизнес
сфераларындағы жаңа жұмысшы орнын кұруға, сыртка инвестиция
тарту арқылы өз айналасын құралдарының модернизациялануына
және толықтыруына жұмысшы қорлар. Өнеркәсіпті кәсіпорын
қаржы жағдайын жақсартуға байланысты болады. Кәсіпорында
жұмыстан босату процесі еңбек нарығындагы жағдайды
қиындатады. Бұдан басқа Орталық Қазақстандық кәсіпорындарды
қайта ұймдастыру немесе жою туралы агенттілігінің өткізіп отырған
жұмысшыларды орналастыру жалпы қысқаруына алып келетін,
мұндағы жасырын жұмыссыздық негізгі жұмыссыздыққа айналады.
Бюджеттік ұйымдарды қаржыландыруды қысқарту.
Білім мекемелерінің тізбегінің оптимизация, денсаулық сақтау, мәдениет және әр түрлі басқаруға алып келеді. Мұнда сонымен қатар босатылған жұмыссыздық құрылымының бірлігін қысқартуға мүмкіндік туады. Жұмысшы өсүіне сұраныс кәсіпорындар мен ұйымдардың босатылған кадр орнына қосымша қажеттілігі туған жағдайда, жаңа жұмыс орындарына кедергі қажет болған жағдайда барлық меншік органына қалыптасатын жаңа жұмыс орындары қалыптаскан вакансияға тәуелді болады.
Статистикалық мәліметтерді зерттеу республиканың демографиялық потенциалының төмендей бастағанын көрсетеді. Соңғы 2000-2001 жылдары және 2002 = 2003 жылдар ішінде туу коэффициенті 3400 адамға 19,1-ден 14,73-ке бүтіндей төмендеді, ал ОҚО және Алматы қаласы сияқты региондарда халықтың табиғи азаюы орын алып отыр. (2001-2003 жылдарға туылғандар санынан өлгендер саны көп).
2003 жылга Қазақстанның тұрғындарының жалпы санының 31,7%-ін балалар мен жасөспірімдер құрайды, 55,8%-н еңбекке жарамды жастағы халық, 12,5%-н зейнет жасындағы халық құрайды. Еңбекке жарамды жасқа дейінгі тұлғалардың санының еңбекке жарамды жастан кейінгі тұлғалардың санына 4 есе көп болуы келешектегі жұмысшы күшінің үлесінің ұлғаюына деген сенімді нығайтады.
Бірақ регион бойынша еңбекке жарамды халықтың жастық құрылымын зерттеу өндіргіш күштердің дамуына табиғи әлеуметтік-экономикалық және баска да факторлардың әсер етуінен олардың жұмысшы күшімен біркелкі қамтамасыз етілмегенін көрсетеді. Облыс бойынша еңбекке жарамды халықгың жастық құрамын талдау оңтүстік және Батыс Қазақстан сиякты еңбекартықшылыкты облыстарда кіші жастағы халыктың үлесінің жоғарылығын көрсетеді (16-35 жас), және бұл регионда жастардың жұмысбастылық мәселесінің шиеленісуі байқалады. Мысалы, ОҚО-
да көрсетілген жастағы контингент барлық еңбекке жарамды
халыктың 46,9%-н кұрайды, Жамбыл облысында 44,3%, Қызылорда облысында 45%, Атырау және Маңғыстау облыстарында 44%-ін кұрайды. Қостанай, Солт-Қазақстан, Шығыс Қазақстан (40,2%) және Карағанды, Ақмола (38,5%) сияқты облыстарда деңгейі біраз төмендеу Республикалық Ауылдық жерлерде қалалаық жерлерге қарағанда еңбекке жарамды халықтың үлесі едәуір төменірек. Еңбекке жарамды халықтың өте төмен үлес салмағы ОҚО-да барлық халықтың 50%-і, Қызылорда облысында— 50,1%, Атырау облысында 53,2% байкалады. Регион бойынша еңбекке жарамды халықгың үлес салмағының жылжу себептері әртүрлі. Олар халықгың табиғи және механикалық қозғалысыныдағы өзгерістермен байланысты. Мысалы, егер ҚР-ң Оңтүстік және Батыс региондарында бұл халықтың құрамындағы кіші жастағы топтардың үлесінің басымдылығымен түсіндірілсе: -ОҚО-да - 40%, Қызылорда - 39,3%, Атырау - 36,9%, Жамбыл-35,3%, ал Солтүстік, Орталык, Шығыс Қазақстан облыстарында -еңбекке жарамды халықгың кетуі себебімен түсіндіріледі.
2.3. Жұмыссыз адамның әлеуметтік суреті
Қазіргі кезде қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз
ету өркениетінің дамуына тән ерекшелік болып табылады. Әлемнің
көптеген елдерінде үкімет тек экононмикалық өсуге жетуге ғана
емес, жұмыссыздық деңгейін төмендету, әлеуметтік қорғау жүйесін
құруға күш салады. Адам ресурстарының даму саласындағы
мемлеекттік саясаттың әлсіздігі келешекте кымбатқа түсуі мүмкін.
Бұл бағыттағы сәйкес шеідімдердің жоктығы әлеуметтік
тұрақсыздыкка әкеледі, яғни, туудың азаюы, ауру, қылмыстың өсуі,
өлімнің көбеюі және бүтіндей халыктың өмір сүру деңгейінің
төмендеуі. Жұмыссыздық қоғам өмірінің әртүрлі жағынан әсер
етеді: оны жою үшін оның негізгі пайда болу себептерін қарастыру
керек. Әлеуметтік теңсіздік, әлеуметтік жанжалдар, қылмыстық,
кемсітушілік осының барлығы халықтың жаппай жұмыссыздығынан туындайды.
Жалпы алғанда орта статистикалық қазақстандык жұмыссыз адамның бейнесін келесі белгілер арқылы сипаттауға болады:
1. 10 жыл ішіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты халықтың көп бөлігін жұмыссыздар кұрайтын аз қамтамасыз етілген топтарының трансформациялануына алып келеді;
2. Республиканың ірі қалаларына ауыл тұрғындарының жаппай көшуі және жұмыссыздар қатарын толқтыруы, яғни, жұмыссыздардың 37 %-ін ауыл тұрғындары құрайды;
Статистикалық есеп беру бойынша жұмыстардың 38 %-ін астамын әйелдер құрайды.
Ресми статистиканың мәліметтері бойынша (бұнда мәліметтер бірнеше есе азайтып беріледі) 2003 жылды март айының соңына жұмыссыздар саны 100Д мың адамды құрады. Оның 47,6%-і 6 айдан астам жұмыссыз болған, 70,5% 3 айдан астам жұмыссыз болған. Ресей социологы А.Гармошев жұмыссыздардың жағдайын оның жұмыссыз жүру ұзактығына байланысты келесі фазаларға бөледі.
1. Оптимизм фазасы, бұнда 3-4 ай беріледі және жағдайға
субьекгивті бейімдеу фазасы ретінде түзетіледі.
2. Пессимизм фазасы бұл жүмыссыздық 4 айдан астам
уақытқа созылса басталады.
3. Фатализм фазасы бұл 7-8 айдан кейін, жұмысты көп,
мұқият іздегеннен кейін басталады және қалыптасқан жағдайға
көндігуімен сипатталады. Селқостық жағдайы әр ай сайын
күшейеді. Психологтардың мәліметі бойынша индивидтің 3 ай
жұмыссыз жүргеннен кейін, онда негативті процестер пайда
болады. Әлеуметтік қатынастардың әлсізденуі жұмыссыздыктың
ұзаққа созылмауына типтік болып келеді.
Еңбек ұжымымен кәсібі немесе жұмысының типі бойынша байланыс жойылады. Бұрынғы қоршаған ортадан ығыстыруы пайда болады. Жұмыстан тыс, ол пайда болған жағдайды сүшейте түсетін жұмыссыздардың ортасымен ауысады. Бұл мемлекеттік және басқа қоғамдық институттармен қатынастың азаюына әкеледі.
Жұмыссыздың әлеуметтік жағдайының субъективті көрсеткіштеріне жағдайының субъеюгивті көрсеткіштеріне: әлеуметтік көңіл күйі, адаптация, жеке басының әлеуметтендірілуі, мобилділік.
Әлеуметтік көңіл-күйі адамның өзінің өмірін, өзінің бар
болуын қалай бағалайды, өзін жеке әлеуметтік статусымен қалай
салыстырарады, соның субьективті көрсеткіші болып табылады. Ол
адамның материалдық, кәсіпкерлік және экзистенциональді
кажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесіне қарай аныкдалады,
сонымен қатар оның социумының ортаға бейімделу және
комфорттылык дәрежесімен де анықталады. Шын мәнінде,
әлеуметтік көңіл күй бұл қоғамда өтетін нақты процестердің
индикаторы. Әлеуметтік ұқсастық бұл адамның әлеуметтік
категорияға жатуымен және онымен ұқсастығынан (өмір жолы, дін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz