Ежелгі Египетте мемлекет пен құқықтық пайда болуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   


МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 - Бөлім. Ежелгі Египетте мемлекет пен құқықтық пайда болуы
1.1 Ежелгі Шығыста өркениет пен құқықтық пайда
болуының тарихи жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Египеттегі мемлекеттің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 – Бөлім. Ежелгі Египетте құқықтық дамуы және оның
Шығыстағы құқықтық қалуыптасуына әсері.
2.1 Ежелгі Шығыс елдеріндегі құқық жүйесі мен
құқық көздерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Ежелгі Шығыс елдеріндегі құқықтық негізгі ерекшеліктері ... ... ...23
2.3 Ежелгі Египетте құқықтық дамуы және
оның Шығыстағы құқықтық қалыптасуына ықпалы ... ... ... ... ... ... 25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе

Тарих өз басталуын есептің, жазудың, мемлекеттің пайда болуынан алады. Осы кезден бастап оқиғалар, құбылыстар белгіленеді және қоғам, адамдар өмірінің айғақтары пайда болады. Оларда әдет-ғұрып, әлеуметтік нормалар, саясат және заңды болмыстар тұралы алғашқы мағлұматтар көрініс алады. Саяси, мемлекеттік-құқықтық тарихты білу бізге адамзаттың өткені, алыс және жақында тұралы түсінігімізді кеңейтеді.
Тарихи білімнің рөлі, өткен тәжірибеде әр түрлі бағаланады. Ертеде тарихты тәжірибе, халық ақылы деп есептелді, оның маңыздылығы, бағалығы мойындалды. Кейіннен тарих тәжірибесі күмән тудырды. Тарих – тек қана оқулық емес, ол адам мәдениетінің қайнар көзі, оның бастапқы рухани құндылығы. Оларды әр түрлі бағалауға болады. Сөзсіз, көне өркениеттің, дәстүр мен заннын қалыптасуына негіз салды, көптеген халықтық рухани, заңды болмысына, қоғамдық сапта өз ізін қалдырды.
Өткенде – болашақтық негізі. Заннаманын негігі салынған көнелік. 21 ғасырдың басында өмір сүруі отырған бізді үлкен уақыт аралығы болып тұр.
Адамзаттың саяси, мемлекеттік-құқықтық тарихтың, өзінің ішінде мемлекеттік құқықтық дамуының қиыншылықтары, өткен заманнан келеді: әлеуметтік әділетсіздік, күшті және жеңілмейтін бюрократия, құқықтық нигилизм, азаматтардың әлеуметтік белсенділігінін артуы және құлдырауы, авангардистер мен волюнтаристердің ойланбай жасаған реформадан көңіл кайтады немесе алдын-ала қуаныш.
Тарих істе, жүйелі түрде құбылыстың барлык жиынтығын қарастыра отырып, комплексте қоғамдық-саяси өмірдегі процестерді шектей келе, өзінің қоғамдык рөлін орындауы мүмкін. Тарихты білмей, біз халық ақылын және даналығын жоғалтпаймыз.
Осы жұмыстың мақсаты – Ежелгі Египетте мемлекет пен құқтық қалыптасуының ерекшеліктерін көрсету болып табылады. Жұмыс кіріспеден, ,екі бөлімнен, қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-
2- Бөлім. Ежелгі Египетте мемлекет пен құқықтық пайда болуы
1.1 Ежелгі Шығыста өркениен пен құқықтық пайда болуының алғы шарттары

Құқық заңды нормалардың ерекше жүйесі және олармен байланысты құқықтық қатынастар – мемлекеттің пайда болуы кезеңіндегі жағдайлар мен себептер сияқты күшіне енеді. Әрине, әр елде және әр дәуірде құқықтық пайда болуы әрбір елдің жеке немесе ұлттық ерекшеліктерімен байланысты, бірақта тарихта әлемнің әрбір көптеген елдерінде жалпы заңдылықта елеулі мөлшерде үйлеседі.
Кез келген қоғамның әлеуметтік немесе экономиқалык өмірі еңбек және жанұялык қатынасқа, материалдық игіліктерді тұтыну немесе айырбастау, өндіріске қатысушы адамдардын әрекетінің белгілі ұйымдык тәртібіне мұқтаж. Мұндай барлық адамдардың билік қатынасын жалпы тәртіпке бағындыратын реттеушілік, жүріс-тұрыс тәртібі немесе әлеуметтік нормалардың көмегімен жүзеге асырылады.
Құқықтық қалыптасу процесі, мемлекеттің қалыптасуы сияқты, бір дәуірді толығымен алды, әр түрлі сыртқы ықпалдарды, құлдыраулар мен көтерулерді басынан өткізді.
Ежелгі құқықтық жүйелер әдет-ғұрыптар мен діни рулық нормалармен тығыз байланысты. Құқықтық алғашкы тарихи формасы- мемлекеттікі сияқты, қолдаушы абыздық құқықтық дәстүр болды.
Құқықтық қалыптасуы, мемлекеттің қалыптасуындағы сиякты заңдылықтар әрекетіне бағынышты. Ол да сол сиякты жағдайлардан туындаған, яғни еңбекті қоғамдық бөлу, еңбек өнімдерінің артығының болуы, жеке меншік, қолдану, мүліктік тенсіздік, құлдар класының және құлиеленушілердің пайда болуы және тағы басқалары.
Бұған бірақта дәлелдеме керек. Еш жерде және ешқашан құлиелену ерте жериеленушілік қоғамда негізгі шаруашылық болып табылған жоқ. Ежелгі Шумерде, Египетте және басқа да көптеген қоғамда негізгі ерте жериеленуші шаруашылық ретінде еркін қатарлы қауымдастықтардың еңбегі болды, мүліктік және әлеуметтік дифференциация жериелену жұмыстарын басқарумен және есепті аппаратты құру түрінде өнімді бөлу және бөлуші функциямен қатар жүрді.
Мұндай дифференциацияда әскери көлемдерді, қатардағы әскерлерді бөлуге әкелген әскери қызмет маңызды орын алады. Бұл қоғамға мәдени және рухани ықпал ететін абыздар тобының қалыптасуымен қатар жүрді. Соңында сауда мен қолөнердің дамуының арқасында топ құрылды.
Ерте жериеленушілік қоғам – сауда мен қолөнер ғана емес, сонымен қатар басқару, әскери және рухани жағдайлардың қала орталығына шоғырлануына, мемлекет-қалалардың пайда болуымен байланысты. Сондықтан, қоғамның әлеуметтік дифференциацияның неғұрлым ежелгі түрі құлдар мен құлиеленушілерді бөлу емес, ал қоғамдағы топтар мен кластарға теңсіз әлеуметтік-функционалдык стратификацияға бөлінуі болып табылады.
Мұндай стратификацияның жабық кастаға (варна, сословие және тағы басқалары) бөлу түрі ертеде әдеттермен жүзеге асты және мемлекетте ғана болған жоқ, сонымен қатар Ежелгі Шығыстың ерте жериеленушілік қоғамның қауымдық қатарында да болды.
Мұндай қоғамдағы құлдық бастапқы ордалық немесе жанұялық сипат алды және тек соңғы жылдары өндірісте (мыс: қалалар мен храмдар салуда) қолданылды. (5, 47 бет)
Тарихи мораль – жеке тұлғалардың әрекетіне сәйкес бағытталған, әлеуметтік регуляцияның алғашқы тәсілі. Құқық жаңа әлеуметтік нормалардың жиынтығы ретінде пайда болады, ал міндетті жүріс-тұрыс ережелері ретінде мемлекетпен қатар, олармен қалыптасқан, қолданылған және бұзушылықтан сақтау негізінде пайда болған. Бастапқыда ол бәрі сословиеге пайдалы қалыптасқан, әдет түрінде әрекет етеді, соңғы кезде оны заңдар, құқықтық нормалар алмастырады және толықтырады. Құқықтық жарлықтар басқа әлуеметтік нормалар, әдет, дәстүр, адамгершілік нормалар, діни каньондар арасында маңызды орын алады. (4, 35 бет)
Сонымен қатар құқықты Ежелгі Шығыс мемлекетінде пайда болған сол өркениет ретінде қарастыруға болады.
Алғашқы жазнамаларда құқық – адамдардың жүріс тұрысының мақсатқа сәйкес ережелерінің тұрақты, бірдей белгілеуіне мақсатты бағытталғандығын және әр түрлі тұлғалардың мүдделерін ескере отырып, келіспеушіліктіні дұрыс шешуін көрсетеді, сондықтан олардың құқықтарының сақталуына және қорғалғандығына кепілдік береді.
Заңды құжаттарды, алдымен жанамалардағы құқықты ұқыпты талдау, өмірді қалыптыстыруға талаптанатындығын көрсетеді:
• әділеттілік (шындықты және ақиқатты қамтитын; құқықтық көптеген жанамаларының – шындық деп аталуы кездейсоқтық емес).
• даналық (құқықтық көптеген қызметкерлері, әділ соттың даналық деп аталуы сондықтан).
• реализм және өмірлік (сондықтан заңда реттеу өмірдің барлық қиыншылығына енеді, барлық мүмкін өмір мүдделерін ескеруге тырысады).
Құқық сонымен қатар, мәдениет болмысы, бұл ең алдымен өмірдің барлық қиын жақтарын специфиқалық түрде болып табылады. Заңдарда көрсетілген құқық барлық қиын жақтарын көрсету болып табылады.
Заңдарда көрсетілген құқық барлық әлемді өзінің формаланған жағдайын таңдайды. Өте күрделі адамзаттық қатынас әлемі кең диапазонда - өмірдің терең және басты қабатынан (қоғамды экономиқалық ұйымдастыру, саяси биліктің құрылымы және тағы басқалары) жұмыстық, жанұялық, күнделікті қарапайымға дейін.
Осындай кезде заңды нормалар қоғамның сапалы жағдайының негізіне бейімделеді, және адамдардың қылықтары қандай болуы тұралы айтады. Олар алдын-ала адамдардың жүріс тұрысын белгілеуге, анықтауға, не істеуге болады, не болмайтындығын барлық мүмкін конфликтер шешілетіндей икемделуі керек. Міне заңды жағдайлардың тан қаларлық өзгешелігі осында.
Бұрыңғы дәуірдің заңдары – Хаммурапи, Ману заңдары сол кездегі қатынасты, әдет-ғұрыпты, дауларды көруге бір сөзбен айтқанда өткенді көрнекті көруге мүмкіндік беретін өз кезегінде өткен уақытқа терезе болып табылады.
Сондықтан осы нақты тарихи жағдайлар, Ежелгі Шығыс елдерінің құқығының ерекшеліктерін анықтайды.
Екі өзен территориясында алғашқы мемлекет б.з.б. ІІІ ғасырдың басында пайда болды, бұл мемлекеттік және қоғамдық қатарда, ұзақ уақыт тайпалық ру сақталып қалған кішігірім қалалар болды. Екі өзен өркениетінің негізін салған, елдің ежелдегі тұрғындары шумерлер болды. (2, 10 бап)
Египетте алғашқы мемлекеттің пайда болуы жеткілікті анық емес, б.з.д. ІІІ ғасырда египетте мемлекет болған.
Египетте қауымдық тәртіптің ыдырауы өте ақырын жүрді және соның салдарынан жеке мемлекеттік қатынас және құл иелену қатарының дамуы тежелді. Біріккен мемлекет құрудың алдында, Египет бірнеше оңдаған жеке облыстарға бөлінген болатын, олар Египет бірікеннен кейін де бірнеше рет жекеленуге әрекет еткен.
Ежелгі гректік мемлекеттің тарихы бірнеше периодтарға: Ерте, Ежелгі, Орта, Жаңа және Соңғы патшалық болып бөлінеді.
Ерте патшалық. Бұл периодтағы Египеттік мемлекет әлі ежелгі және жабайы топтық одақты көрсетеді.
Ежелгі патша дәуірінде мемлекеттік билік шығыс диспотиясы түрінде бекітіледі. Оның ерекше сипаттары орталық басқару, ақсүйектік шонжарлықты пайдалану және патшаға және оның ісіне табыну, діни идеологиясының көмегімен перғауынның беделін нығайту болып табылады. Мемлекеттегі барлық маңызды істер: жер суландыру шаралары, сот, әскери жағдайлар, мемлекеттік құрылым және тау қайнауы өңдеу – осының барлығы патшаның бұйрығы бойынша жүзеге асырылды.
Мемлекеттегі маңызды лауазымдар ішіне жоғары төрелер, әскери басшылар, қазынаны сақтаушылар, жұмыс басшылары, жоғары абыздар, патша үйінің мүшелері болып табылады.
Ежелгі патшалықтың екінші жартысында ие болушы рулар пайда болып, дами бастады. Ежелгі патшалық аяғында жергілікті ақсүйектердің маңызы күшейді. Оны халықтық көп бөлігі қолдады. Нәтижесінде елдер жартылай тәуелсіз облыста құлдырайды. Жалпы Египеттік перғауындық билігінің құлдырауы Орта патшалық кезеңіне келеді.
Жаңа патшалық мемлекеттік биліктің құдіретін күшеюімен сипатталады. Соғыстардың нәтижесінде Египеттің территориясы кеңейді, және ол ірі державаға айналды. Соғыстардың көп болуы құлдықтық дамуына әкелді.Египеттегі құлиеленушілік қатынас жаңа құлдық кезеңінде өзінің даму шегіне жетті және қоғамға тереңінен енді. Жаңа хандықтың қоғамдық қатынасының ерекшелігі абыздық жоғарлату болып табылады. Жоғарғы абыздық байлығының өсуі, оның орталық билік қатынасы бойынша тәуелділігінен босатылумен бірге жүрді. Абыздық жабық мұрагерлік кастаға айналды.
Соңғы патшалық дәуірінде, басы бостар мен құлдарды бөлу бұрыңғыға қарағанда айқын болды. Құлдық та өзін-өзі сату келісім шарттары кеңінен тарады. Осы бос таптардың кедейленуі өсті. Халықтың көп бөлігі бұрыңғысынша храм, қазынаға тауелді болды.
Қолөнершілердің жағдайлары нашарлады. Абыздық сословиемен бірге абыздық сословие де бірқатар артықшылықтарға ие болды. Жергілікті ақсүйектерді бұрынғысынша монархтар мен жергілікті басқарушылар құрады. Басқа да ақсүйек өкілдері, өздерінің ізбасарларынан аз ғана ерекшеленді: олар жоғары төрелер, қазына басшысы, жұмыс басшылары, сот және т.б. маңызды орынды Египетте әскери басшылар алды.

1.2 Египеттегі мемлекеттің құрылуы.
Елі және халқы
Египеттегі құлиеленушілік қоғам, басқа елдерге қарағнда, бұрын пайда болды. Мұнда әлемдегі алғашқы мемлекет пайда болды.
Айта кететін жайт, қазіргі кездегі арабша сөйлейтін египеттіктер, өз елдерін Мысыр деп атайды. Египет деген атау, Айғұптас деген грек сөзінен шыққан. Өз кезегінде, бұл сөз, ежелгі египет қаласы- Мемфиса атынан шыққан болуы керек. Ғылымда белгілеуіне сәйкес, бұны ежелгі египет тілімен оның аталуы, былай айталады – Хек-ка-Птах, бірақ Вавилондық мәліметтер бойынша, бұл атау шындығында – Хэ-ку-птах деп оқылады.
Ал, ежелгі египеттіктерге келетін болсақ, олар өз елдерін Кеме – Кәра деп атаған.
Египет Африканың солтустік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ертеде оған Ніл өзенінің жағасы ғана жататын. Қазір оған оңтүстік пен солтүстікке созылып жатқан жер ғана емес, сонымен қатар Ніл мен Қызыл теңіз арасында орналасқан Аравиялық таулы өлке деп аталатын немесе Шығыс ойлы-қырлы шөл дала жатады, ал батысында сирек оазистері бар құмды даласы бар. Ливиялык таулы қыраттар бар. Солтүстік жағынан енді Жерорта теңізі шайып жатыр. Шығыс таулы өлкесі Жерорта теңізінен тармойнағы ғана болып тұратын Қызыл теңізге сүйенеді. Египеттің батыс шекарасымен аз қоныстанған жерлер өтеді. Ертеде елдің оңтүстік шекарасы – Нілдің табалдырығы деп есептелді.
Ғалымдардың ойы бойынша, Египетте 10-12 мын жыл бұрын ауа-райы жұмсақ, салқындау, ал атмосфералық жауын-шашын көп болатын.
Сосын, соңғы дәуірде бұны климат құрғақ, ыстық, далалар шөлге айналды, өсімдік және жануарлар әлемі кедейленіп барады.
Египетте он жыл ішінде, тіпті Жерорта теңізінің жағалауында, жауын-шашын аз, ал жағалаудан ары орналасқан жерлерде бірнеше жыл бойы жауын-шашын жоқ.
Ніл - әлемдегі ең ірі өзеңдердің бірі, ал оның ұзындығы 6500 км, бассейіннің кеңдігі 2,8 шаршы километр.
Таудан басталатын Киву және Танганьика өзендерінің шығысындағы Виктория өзеңіне құятын когер өзені Нілдің шығатын көзі ретінде есептелінеді. Теңізден өзен Виктория-Ніл деген атпен ағады. Бахр-эль-Газаль өзеңімен қосылып, ол Ақ Ніл, ал Көк-Нілмен қосылғаннан кейін ол – Нілдің өзі деген ат алады. Жерорта теңізіне құяды.Нілдің өзіне құятын жалғыз Атбар өзені ғана.
Нілдің барлық аңғары оазистерге толы. Егер Ніл болмаса, Египеттің барлығы шөл дала болушы еді.
Нілдің сулық режимі, оның шаруашылық ескертілуін анықтайтын ерекшелігі, кезеңдік тасқын болып табылады. Тропиқалық Африкадағы жауын-шашынның түсуі, сонымен қатар таудың шыңындағы қордың еруінің әрқасында, шілденің ортасына таман Нілдің суы көбейе бастайды.
Нілдің суының жоғары деңгейі, өзен жағалауындағы бос жерлерді басқанда, яғни күзде болады. Су жайылған жерде, өзен бастауынан әкелетін лай басады. Нілдің аңғарының барлық құнарлы топырағы өзен лайының шөгінділерінен тұрады. Бұл топырақ өңдеуге жақсы және маңызды құнарлығымен ерекшеленеді.
Су тасқындарын реттеп және Нілдің суын пайдалану үшін бірнеше су қоймалары мен бөгеттер салынған.
Египет халқы Солтүстік Шығыс Африканың әр түрлі тайпаларының араласуы процесінде пайда болуы және сонымен қатар Азияда өмір сүрген бірнеше тайпаларының негізінен болуы мүмкін.
Егер біздің заманымызға жеткен мәліметтер және сүйек қалдықтары бойынша жорамалдайтын болсақ, онда ежелгі египеттіктер ірі денелі адамдар болған. Олардың терілерінің бояуы қоңырқай тартқан, ал шаштары қара және жатық болып келеді.
Ежелгі египеттік тіл семит-хамит тілдер әулеті шегіндегі ерекше топтан құралады. Ежелгі египет тілінің өзәра қатынасының көп бөлігі семиттік тілмен, ал аз бөлігі – онымен жақын басқа да тілдер тобымен, әсіресе берберлік және күшіттік тілдер реттелді.

Египетте мемлекеттің пайда болуы
Нілдің аңғары әлемдегі құнарлы елдердің бірі болуы үшін, біршама күш жұмсау керек болды. Ертедегі Египетте тас құралдары кемеліне жетті. Бұған жергілікті жерде жатып қалған тастар біраз мүмкіндік туғызды.
Египетте, сонымен қатар өте ертеде мыстан жасалған құралдар пайда болды. Египеттің өзінде мыс кең орнының жоқ болғандығына қарамастан, Ніл аңғарынан алыс емес жерде орналасқан Синайлық аралда – мыстың бай кен орны болды. Оларды өңдеуді ерте заманнан бастаған.
Еңбек құрал жабдықтарының жетілуімен бірге қоғам да дамыды. Ақыр аяғында даму табиғи күштерді – өзенді шаруашылыққа пайдалану мүмкін болған деңгейге дейін жетті. Сусыз және батпақтанған топырақ жойылып, жер бетіндегі ылғал адамдармен уақытында және тең бөлінді.
Еңбектің нәтижесінде елдің көптеген нәсілдері жер учаскілерінің жекелеу кезінде, табыну тармағымен жабылған болатын. Нілден осы учаскелерге жоғары үйінді жағалауларда тармақтар қазылған. Тасқын су болғанда учаскілерді су басатын еді. Су топыраққа енгенде, балшық қалады, оны қайтадан өзенге түсіреді.
Жер иеленуге ауысқан алғашқы ру-тайпалық қауымда қатысты жүйені құру, жұмысшылардың өзін тамақтандыруға қажетті өнімді (азық-түлікті) жинау және неғұрлым өндіруші жер иелену еңбегі негізінде мүмкін болады. бұл өз кезегінде, бірқатар адамдарға, өндірілген өнімнің бір бөлігін иеленуге, бай және күшті болуға мүмкіндік берді. Бұлардың көбі, уақытында өндіріс құрал жабдықтарын иеленіп қалған тайпа көсемдері мен оған жақын адамдар болды.
Басқа да халықтың өмірі тұралы, белгілі мәліметтер негізінде, Ніл анғарындағы осы құбылыстар барысы туралы біз тек қана жорамалдап қана айта аламыз.
Египетте осындай процестің ерте пайда болғандығы туралы факт ешқандай күмән келтірмейді, себебі су құбырлары және балшық топырақты өндеу және одан жоғары өнімді қарапайым алу жеткілікті болды.
Ежелгі Египеттің тарихының әр кезеңде сақталған жазбаша мәліметтеріне қарамастан – ал бұл әдеби ескерткіштер, храмдардағы, мазардағы жазулар, патшалық жазулар, ірі оның ішінде патшалық шаруашылық құжаттары – бұл шаруашылық қауымының тарихын әзірше бақылауға мүмкіндік бермейді, бұл сақталған мәліметтер, оның мыңдаған жылдар бойы бар болғаны туралы шамалауға мүмкіндік береді.
Қоғамның мүшелерінің еңбегімен көне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Египетте мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Ежелгі Шығыс елдерінің құқықтық мұралары
Ежелгі Египет мемлекеті
Египеттің конституциялық құқығы
Ману заңы. Міндеттемелер
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Ежелгі мемлекетер тарихы
ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Ежелгі Египет тарихын дәуірлеу
Египеттің туризмі туралы ақпарат
Пәндер