Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Еңбекақы түрлері, нысаны, жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
2.Еңбекақыны есептеудің тәртіптері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
3.Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы еңбек заңдарына сәйкес жұмысшылар
мен қызметкерлердің мынадай жұмыспен өтелмеген уақыттары
төленеді. Олар: мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді
орындау уақыты, жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу,
нәрестені тамақтандыруға арналған қосымша үзілістерді төлеу,
кезекті және оқу демалыстарының уақытын төлеу,
пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы, жұмыстан босаған
кездегі шығу жәрдемақысы.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
5.09.97. ж. №3 және ҚР Қаржы министрлігінің 16.09.97 ж. №178340
бұйрықтарымен бікітілген ұйымдардың қызметкерлерінің
еңбекақыны есептеу тәртібі туралы.
Еңбекақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау
жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық
құрал. Кәсіпорын түріне қарамастан әрбір
қызметкерлердің кірісі субъек жұмысының түпкілікті нәтижелерін
ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен
реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды,
сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және
олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Еңбекақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып
табылады, сондықтан да еңбекақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы
еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және
еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
1. Еңбекақының түрлері мен нысандары
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы
негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы
жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына,
атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақы мына төмендегі
аталғандар жатады:
1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.
2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
3. Үстеме сыйлықтар.
Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып
белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген,
қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай
төлемдер қатарына:
1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін
төленетін төлемдер.
2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық
жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру
үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына
төленетін төлемдер.
5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың
тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен
заттың құны.
7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да
мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты
жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.
8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демелыс
немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін
төлемдер және тағы да басқалар жатады.
Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да
салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және
кесімді деп аталатын екі нысаны қолданылады.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс
істеген уақытына, сағаттың немесе күндік еңбекақы мөлшері
бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни
оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімді еңбекақы
өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни
атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып
есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен
қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мысал. Еңбекақы төлеудің әртүрлі жүйесін пайдаланған кезде
еңбекақыны есептеудің жолдарын қарастырып кетейік.
Мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі. Кәсіпорында 200 адам жұмыс
істейді делік, оның 150-і жұмысшы, 50-і қызметкер. Кәсіпорынның
қырықтай еңбеккері кесімді белгіленген айлықпен жұмыс істеген,
өйткені олардың атқаратын міндеттемесі мен машықтығы соған
сәйкес келген:
он адам (маман) - 9 - шы разрядпен;
он бес адам (маман) - 11 -ші разрядпен;
бес адам (маман) - 14 -ші разрядпен;
бес адам (маман) - 16 -шы разрядпен;
үш адам (маман) - 19 -шы разрядпен;
екі адам (маман) - 21 -ші разрядпен жұмыс істеген.
Айлық еңбекақысын есептеу үшін әртүрлі разрядтар бойынша
мына формуланы пайдаланады:
Айлық Ұйымның 1 разрядқа Тарифтік коэффициенттің 1 разрдқа
еңбекақысы=белгіленген х қатынасы (Бірыңғай тарифтік
(оклады) мөлшерлемесі сеткасының разрядтарына сәйкес)
1-ші разрядтың мөлшерлемесін ұжымдық келісім-шартта 15000
теңге мөлшерінде бекіткен. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі бойынша
аптаның бес күнін жұмыс күні етіп белгіленген (ағымдағы айда 21
күн жұмыс күні болған). Кәсіпорынның 14-ші разряды бар үш
маманы ағымдағы айда 18-ақ жұмыс істеген.
Ағымдағы айдағы еңбеккерлердің еңбекақысын есептеп көрейік:
9-шы разрядтағы мамандардың еңбекақысы=15000х1,78х10=267000 теңге;
11-шы разрядтағы мамандардың еңбекақысы=15000х2,05х15=461250 теңге;
14-ші разрядтағы мамандардың еңбекақысы=15000х2,55х2=76500 теңге;
14 разряды бар үш маман, ағымдағы айда толық жұмыс істемеген,
сондықтан оларға нақты істеген күні үшін еңбекақы есептелген
=(15000х2,55)21х18х3=98357 теңге;
16-шы разрядтағы мамандардың еңбекақысы=15000х2,95х5=221250 теңге;
19-шы разрядтағы мамандардың еңбекақысы=15000х3,67х3=165150 теңге;
21-ші разрядтағы мамандардың еңбекақысы=15000х4,24х2=127200 теңге;
Мерзімді еңбекақы нысаны кезінде,
еңбеккерлерге есептелген еңбекақысының жиыны = 1416707 теңге.
Мысал: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін
жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы
және есеп бөлімінің қызметкерлеріне және тағы басқаларға. Мерзімдік
еңбекақының төмендегідей түрлері бар:
1. Жай мерзімді;
2. Мерзімді сыйлықты.
Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерге
еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген
мөлшері бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың
тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша
олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және
тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып
табылады.
Кесімді еңбекақы - жұмысшы-қызметкерлердің еңбек
өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға
ындаландыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және
төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшы-қызметкерлерге тиісті
еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф
бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген
кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген
жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп
белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет
болатын, адамсағат, адамкүн өлшемінде көрсетілген уақыт болып
саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің
белгілі бір уақыт ішінде жасап шығарылатын, өндірілетін өнімінің
саны және көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
1. Тікелей кесімді;
2. Кесімді сыйлықты;
3. Үдемелі кесімді;
4. Акордтық;
5. Жанама кесімді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің
тікелей кесімді жүйесі бойынша-бір жұмысшының немесе бір
бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана еңбек
бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері-бұл
құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына
қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы
табады.
Шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге
кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан
артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен
материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны
үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде
төленеді. Шаруашылық субъектілерінде немесе оның бөлімшелерінде
жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу және сыйақының
қандай жағдайда берілу керектігі жайлы ереже болуы қажет.
Тікелей кесімді төлем ақысының жүйесі. Негізгі өндіріс цехында
жұмыс істейтін еңбеккерлерге (100 адам) тікелей кесімді төлем ақысы
бойынша әрбір әзірленген 100 өнім бірлігіне 850 теңгеден жалақы
есептелген. Әзірленген өнім бірлігінің есебі әрбір еңбеккер бойынша
жеке жүргізілген және солардың әрқайсысына жеке жалақы есептелген.
Ағымдағы айда еңбеккерлер 300000 өнім бірлігін әзірлеген , олардың
жалпы жалақысы: 300000100*850=2 550 000 теңге құраған.
Сонымен , негізгі өндіріс цехында жұмыс істейтін еңбеккерлердің
жалақысының жиынтығы - 2 550 000 теңге құраған.
Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге
кесімді еңбекақының есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша
төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген
өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп
жағдайда қиын да күрдері, ауыр болып саналатын операциялармен
жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі
бір дәрежеден артық орындау қтынға түсетін өндіріс орындарында
қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген шаруашылық субъектісінде
қолданыла бермейді.
Кесімді-үдемелі(прогрессивті) төлем ақысының жүйесі. Сату
бөлімінің он жұмыскеріне келесі еңбек ақы белгіленген: 100 тауар
бірлігіне 1000 теңгеден және одан әрі сатылатын 100 тауар бірлігіне
200 теңгеден төленетін бес жұмыскері 230 тауар бірлігін , үш
жұмыскері - 190 тауар бірлігін және екі жұмыскері - 160 тауар
бірлігін сатқан.
Енді біз осы ағымдағы айда тауарды сатумен айналысқан
еңбеккерлердің жалақысын есептейміз.
230 тауар бірлігін сатқан
еңбеккерлердің еңбекақысы=(1000+(230-100)*200)*5=1 35000теңге;
190 таар бірлігін сатқан
еңбеккерлердің еңбекақысы=(100+(190-100)*200)*3=57 000теңге;
160 тауар бірлігін сатқан
еңбеккерлердің еңбекақысы=(1000+(160-100)*200)*2=2 6000теңге;
Тауар сатумен айналысқан
еңбеккерлердің еңбекақысының
жиыны = 218000теңге.
Кесімді еңбекақының акордтық жүйесі - шаруашылық субъектісінде
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады.
Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің
және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді
баға қоюды қажет етеді. Сондай-ақ , бұл жүйе бойынша еңбекақы
төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы
анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының акордтық жүйесі бойынша
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс
салушы шаруашылық субъектілерінде, жөндеу жұмысымен айналысатын
өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы
есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын
қысқартып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.
Акордты төлем жүйесі. Жөндеу цехында жұмыс істейтіндерге
акордты төлем жүйесі бойынша еңбек ақы төленген.
Негізгі өндіріс цехының жалпы еңбекақысы 300000 теңге құраған,
жөндеуді орындауға жұмсалған уақыты 140 адамсағатты болған,
оның ішінде: 40 адамсағаты - екі ағаш ұстасына: 30 адамсағат - бес
дәнекерлеушіге, 10 адамсағат - үш энергетикке; 50 адамсағат - жиырма
бес сылақшы-майлаушыға; 10 адамсағат - бес слесарьға кеткен.
Топтағы жұмысшылардың әрқайсысы бірдей жұмыс уақытын
жұмсаған деп шартты түрде аламыз.
Атқарған жұмысшы үшін еңбеккерлердің еңбекақысы мынаны
құрайды:
ағаш ұстасы =300 000140*40=85 714 теңге (бір
жұмысшының еңбекақысы - 42857 теңге (857142))
сварщик =300 000140*30=64 286 теңге;
электрик =300 000140*10=21 429 теңге;
штукатурщик =300 000140*50=107 142 теңге;
слессар =300 000140*10=21 429 теңге;
Жөндеу цехының
еңбеккерлерінің еңбекақысының
жиыны = 300 000 теңге.
Халық шаруашылығының салаларындағы шаруашылық
субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы
есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе - болып табылады.
Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі
жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін
көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді, яғни бұл жүйе
бойынша еңбекақы шаруашылық субъектісіндегі станоктардың,
жабдықтардың, тағы да басқа құралдардың тоқтамай жұмыс істеп,
белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға,
операторларға, жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын
басқа да жұмысшыларға төленеді.
Мерзімдік еңбекақыны есептеу
Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі
уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен
тыс уақытта істеген жұмысына есептелінетін қосымша төлем,
демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер
жұмыстың ауырлығымен зияндылығына төленетін қосымша төлем,
өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына
жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, тағы басқа төлемдер
және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелінетін
төлемдер жатқызылады.
Халық шаруашылық саласындағы шаруашылық субъектілерінде
қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған
табельдердің негізінде ай бойындағы қызмет атқарған (белгілі бір есеп
айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы
бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне календарьлық ай , күн
немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы
қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген
болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе шаруашылық
субъектісінің басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы
толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы
алатын жұмыскерлер мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн
жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға
төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы - қызметкерлердің
бұл ай жұмыс істелуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы
жұмыс күнінің санына бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы
бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшы -
қызметкерлердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы
табылады.
Мысалы: Сәуір айында 22 жұмыс күні бар, айына 11000 теңге
тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы , сол айдағы 15 күн жұмыс
істеп, 4 күн ауырып қалған және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған
делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне,
жәрдемақы әлеуметтік қордан төленеді. Ал қалған 18 күні үшін
(15 күн жұмыс істегені +3 күн қоғамдық жұмыс атқарғаны) еңбекақы
шаруашылық субъектінің есебінен төленеді. Бұл соманы анықтау үшін
бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 11000 теңгені
осы айдағы жұмыс күнінің санына яғни 22 күнге бөлеміз (1100022).
Содан кейін алынған нәтижені (500 теңге) жұмыс істеген және
қоғамдық жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына
көбейтеміз. Бұл жағдайда жоғарыдағы мысалымызда көрсетілген
жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 9000
теңге болады.(500х(15+3))=9000 теңге. Шаруашылық субъектісінде
жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы жұмыс істеген
күні мен сағатына байланысты төленетін жағдайларда, олардың бір
күнге немесе бір сағатқа белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген
күндері мен қоғамдық жұмыстағы басқалай қосымша еңбекақы
төленуге тиісті күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту
арқылы табылады.
Кесімді еңбекақыны есептеу
Кәсіпорында кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша -
қызметкерлердің еңбекақысы өндірген өнімдер мен істелген
жұмыстың санымен төлемдері жайлы жазылған алғашқы құжатар
бойынша есептелінеді. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген
өндіріліп шығарылған өнімдер мен істелінген жұмыстардың және
дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың
жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға,
өндіруге белгілеген бағаға көбейтеді.
Кәсіпорында тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция
немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшы - қызметкердің
қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып
табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшы - қызметкерлердің бригада
бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған
алғашқы құжаттарға әр жұмысшы - қызметкерлердің жұмыс істеген
уақыттары, мамандық дәрежелері, бригада болып өндірген өнімдері
мен істеген жұмыстарының көлемі мен сандары және олардың бір
данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады.
Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген
жұмыстардың сандары мен көлемдері, олардың бір данасын өндіріп
шығаруға белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригида мүшелерінің
еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы
жұмысшы - қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне
және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық
бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты табылады. Содан соң
жұмысшы - қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф
бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс
істеген сағаты санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада
мүшелерінің әр қайсысының тариф бойынша есептелінген
еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар
бойынша есептелінген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының
жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелінген еңбекақының
жалпы сомаларының қосындысына қатынасы қосымша табыс
коэффиценті болып табылады. Осыдан кейін тариф бойынша
жұмысшы- қызметкерлердің әр қайсысына есептелінген еңбекақы
сомасы осы коэффицентке көбейтіліп, әр жұмысшы - қызметкерлердің
орындаған жұмыстары мен өндірген өнімдерінің саны мен оның
мамандық дәрежесіне байланысты еңбекақысы табылады.
Мысалы: құрамында 6 жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір
айына өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына байланысты
белгіленген еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік.
Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының еңбекақы
мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына
сәйкес былайша есептеліп шығарылады:
Жұмысшы- Ма- Жұмыс Та- Бір қоры- Бір Жұмыс-
қызметкер- ман- істеген риф- тындыға адам шылар
лердің дық сағат- тік келтіріл- сағатқа алуға
аты-жөні дә- тары- коэф- ген адам тиісті тиісті
ре- ның фиц- сағат еңбек- ебек-
жесі саны иенті саны ақы ақы
(сағат) (теңге) (теңге)
1 2 3 4(2х3) 5(64) 6(4х5)
1. Асқар Б. 1 175 1.76 308 26.1 8838.8
2. Ахметов Е. 2 160 2.06 329.6 26.1 8602.06
3. Бақтыбай С. 3 165 2.35 187.75 26.1 10120.3
4. Мейірхан А. 4 154 2.64 406.56 26.1 10611.3
5.Нұржан А. 5 150 2.93 439.5 26.1 11471.0
6.Нұрхан Н. 6 164 3.23 529.72 26.1 13825.7
Жиыны: 968 2401.13 62669.6
Бір қорытындыға келтірілген бір адамсағатқа тиісті еңбекақы сомасы
бұл көрсетілген мысалымызда 26теңге 10тиынға тең болып отыр
(яғни 6 бағанға 4 бағанға немесе 62669 теңге 60 тиын бөлінген 2401
теңге 13 тиын =26 теңге 10 тиын).
Егер шаруашылық субъектісінде өнім өндірудің тапсырмасын
артығымен орындағаны, жұмыс істеу барысынды ақау жібермегені,
күрделі де қиын жұмысты атқарғаны, тағы басқалар үшін сыйақы
берілетін болса, онда ол сома бригадасының жұмысшы -
қызметкерлернің арасында олардың кесімді еңбекақы сомасында
пропорционалды түрде бөлінеді. Кейбір жұмысшы - қызметкерлер
бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы мүмкін.
Мұндай жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмыстары туралы
мәліметтер жазады. Осы деректі мәліметтер негізінде сол жұмысшы
- қызметкерлердің есепті айдағы еңбекақысы есептеліп шығарылады.
Жоғарыда жалпы көрсетілген бригаданың табысын жұмысшы -
қызметкерлердің арасында олардың жұмыс істеген уақыты мен
олардың мамандық дәрежесіне қарай бөлу әдісі, бригада мүшесінің
барлығын бірдей адал ниетпен жұмыс істеуге ынталандырмайды.
Соған байланысты соңғы кезде еңбекақы сомасын бригада
мүшелерінің арасында олардың еңбекке қатысу коэффицентіне бөлу
әдісі кеңінен қолданылуда. Ол үшін бригададағы жұмысшы -
қызметкерлердің әрбір мүшелеріне ай сайын олардың еңбекке қатысу
коэффициентін анықтайды. Жұмысты жақсы істеген, еңбек өнімділігін
арттырған жұмысшы - қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті
беріледі де, ал еңбек тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны
және құрал - саймандарға немқұрайлы қарағаны, тағы басқа
кемшіліктер үшін төмендету коэффициенті беріледі. Жұмыстағы
жетістіктері мен жіберілген кемшіліктерінің әрқайсысына байланысты
шаруашылық субъектісінде әртүрлі төмендету және жоғарылату
коэффициенті қарастыралады. Белгіленген тарифтен артық еңбекақы
осы коэффицменттерді еске ала отырып беріледі. Шаруашылық
субъектісіндегі жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі деп аталатын
кесімді және мерзімді еңбекақыдан басқа әр түрлі қосымша еңбекақы
болып табылатын бір жолғы сыйлықтар және жәрдем төленуі мүмкін.
2.Еңбекақыны есептеудің тәртіптері
Қосымша еңбекақы есебі
Қосымша еңбекақы төлеу мәселесі ұжымдық шартта әрбір жұмысшы
қызметкермен жекелей жасалған еңбек шартында қаралады. Жалпы
еңбек заңы бойынша қосымша еңбекақы төлеу төмендегідей
жүргізіледі.
Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс
уақытына еңбекақы есептеу және оны төлеу
Халық шаруашылығы салаларындағы субъектілерде мейрам күнінің
алдындағы жұмыс күні бір сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс
істеген жұмысшы - қызметкерлердің еңбекақылары былайша төленеді.
Шаруашылық субъектісінде еңбекақының кесімді түрі белгіленген
жұмысшы - қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен деталь
дарының, сондай-ақ атқарған қызметінің саны мен көлеміне
байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептелініп төленді.
Ал шаруашылық субъектісінде еңбекақының мерзімді түрі бойынша
еңбекақы төленіп жүрген жұмысшы - қызметкерлерге бұл, яғни
қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген
мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс.
Жас өспірімдерге еңбекақы төлеу
Шаруашылық субъектісінде аптасына алты күн жұмыс күні, бір
күн демелыс күні болып белгіленген жағдайда субъектілерде жұмыс
істейтін 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге белгіленген жұмыс
күннің ұзақтығы 6 сағаттан, 15-16 жас аралығындағы
жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Егер шаруашылық
субъектісі аптасына 5 күн жұмыс істеп, 2 күн демалатын
жағдайында жұмыс күннің ұзақтығы 16-18 жас аралығындағы жас
өспірімдер үшін 7 сағаттан, 15-16 жас аралығындағы жас өспірімдер
үшін 5 сағаттан аспауы керек. Белгіленген заңдарға сәйкес жоғарыда
айтылған жұмыс істейтін және еңбегі үшін еңбекақының мерзімді түрі
белгіленген жас өспірімдерге қысқартылған жұмыс күндері үшін
толық жұмыс күнінің еңбекақысы төленеді. Ал істелінген жұмыстары,
өндірген өнімдері үшін, сондай - ақ атқарған қызметтерінің саны
мен көлеміне қарай еңбекақының кесімді түрі бойынша нңбекақы
алатын жас өспірімдерге қысқартылған жұмыс сағаттары үшін
белгіленген тарифтік мөлшерге қосымша еңбекақы төленеді.
Жас сәбилі аналарға демалуы және баланы
тамақтандыру үшін берілетін үзіліс уақытына
төленетін еңбекақы
Халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда,
субъектілерде жұмыс істейтін және қызмет атқаратын жұмысшылар
мен қызметкерлердің арасында бір жасқа толмаған жас сәбилі
(балалы) аналарға демалуы және жас сәбилі тамақтандыруы үшін
жұмыс уақытының барысында үзіліс беріледі. Бұл берілетін
үзіліс уақытының ұзақтығы 30 минуттан кем болмауы қажет.
Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы үш сағаттан сирек
болмауы тиіс. Шаруашылық субъектісіндегі жас сәбилі аналарға
демалуы және жас сәбиді тамақтандыру үшін берілетін үзіліс
уақыттары жұмыс уақытының құрамына кіреді және жұмыс
істемеген, үзіліс уақыттары үшін жұмысшы қызметкерлерге
орташа еңбекақысы бойынша еңбекақы есептеліп төленеді.
Мемлекеттік қоғамдық міндеттер мен
жұмыстарды атқарған уақытқа еңбекақы төлеу

жұмыс уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындаған
мемлекеттік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары үшін орташа
еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді, яғни мұндай себептер мен
жұмыстың болмаған уақытына еңбекақы төлеу үшін алдымен
жұмысшы - қызметкерлердің орташа еңбекақы мөлшері анықталады.
Бұндай күндерге басқаша айтқанда орташа еңбекақысы
сақталынады. Мемлекеттік қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар
мен қызметкерлердің атқарған немесе орындаған төмендегідей
жұмыстары жатқызылады:
- соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;
- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың конференцияларына,
пленумдарына, съездеріне қатысу;
- әскери комисариаттың шақыруына бару және тағы басқалар.
Түнгі уақытта істеген немесе атқарған
жұмыс үшін төленетін төлем
Шаруашылық субъектісінде кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни
таңғы 6.00 - сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі
уақыттағы істелінген жұмыс уақыты болып есептелінеді. Жұмысшы-
қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істеген үшін көтеріңкі
мөлшерде,яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді
түрі белгіленген шаруашылық субъектісінде өнеркәсіп орындарында
жұмыс істейтін жұмысшы - қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған
қызметінің істеген жұмысының әрбір сағатына жұмысшының
мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбекақысының
25% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал тоқыма тігу, жіп иіру
және нан пісіру өнеркәсібінде тарифте белгіленген еңбекақы
сомасының 50% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Өнеркәсіптік
шаруашылық субъектісінде мерзімді еңбекақы алатын жұмысшы -
қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген уақытының әрбір
сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағаттық еңбекақының
20% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Халық шаруашылығының
басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшы - қызметкерлерге түнгі
уақыттағы жұмысына төленетін қосымша төлем яғни қосымша
еңбекақы мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағаты үшін
мынадай тәртіппен есептеліп төленеді.
Түнгі жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылған субъектілерде
жұмысшы қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта
қаралған көлемде, бірақ заңда қаралған мөлшерден кем емес
мөлшерде төленеді.
Мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық жұмыс
күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 76 бөлігінен,
ал алты сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық
тарифтің 65 бөлігінен кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді.
Біреудің орнына жұмыс істеген (атқарғаны)
үшін төленетін еңбекақысы
Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп - өндіріс қажетіне
немесе басқару міндетіне сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның
орнына оның қызметін немесе жұмысын басқа адамның атқаруын
айтады. Уақытша жұмыста жоқ адамның жұмысын немесе қызметін
атқаруды басқа жұмысшы - қызметкерге жүктеу үшін шаруашылық
субъектісі әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы тиіс. Егер уақытша
жұмыста жоқ адамның орнына тағайындалған қызметкер уақытша
жұмыста жоқ адамның штатта қарастырылған орынбасары болып
табылса немесе уақытша оның орнына жұмысты атқару мерзімі 12
күннен артық уақытқа созылмаса, онда бұл жағдайда біреудің
орнына уақытша қызметті атқарғаны үшін ешқандай қосымша
еңбекақы төлебейді. Егер уақытша жоқ адамның жұмысын атқарушы
штатта қарастырылған орынбасары болып табылмаса немесе уақытша
жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылса, онда
уақытша біреудің қызметін атқарушы қызметкерлерге өзінің
еңбекақысына қосымша өзінің еңбекақысымен уақытша жұмыста жоқ
адамның еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы
мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Бос орындағы қызмет пен
міндетті атқарушы етіп тағайындау уақытша біреудің қызметін атқару
емес ол жұмысшы - қызметкерлердің басқа жұмысқа ауысуы болып
есептелінеді де, ол жұмысшы - қызметкерге міндетін атқарып жүрген
яғни бос жұмыс орнының қызметіне белгіленген еңбекақы мөлшерінде
төлем төленеді.
Жұмысшыларға өзіне берілген разрядтан төмен
тарифтелген жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем
Шаруашылық субъектілерінде кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар
өзіне берілген разрядтан (мамандық дәрежесінен) төмен тарифтелген
жұмысты атқарған жағдайда, егер олар белгіленген өнім өндіру
нормасын орындаған уақытта төмен дәрежелі жұмысшыға
белгіленген тариф бойынша есептелетін еңбекақы және соған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz