Жекешелендіру меншік қатынастарын қайта құру формасы ретінде
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ КАФЕДРАСЫ
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: Жекешелендіру меншік қатынастарын қайта құру формасы ретінде
Орындаушы:
Ғылыми жетекшісі: .
Алматы, 200
Жоспары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Меншік және экономикалық жүйе туралы түсінік ... ... ... ... ... .4
1.1 Меншік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Меншік түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Жекешелендіру купондарының есептік-әдістемелік негіздері.10
2.1 Купондық механизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Ұжымдық меншік ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Жекешелендіру процесін басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3. Қосымшалар
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
КІРІСПЕ
Менің тақырыбымның аты Жекешелендіру меншік қатынастарын қайта құру формасы ретінде.
Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазір бұл мәселенің талдануы жан-жақты қарқынды жүріп отыр. XX ғасырдың соңында жекешелендіру меншік қатынастаррын қайта құру формасы ретінде жеке меншіе пен рыноктық экономиканың дамуына зор ықпал етті. Жекешелендіру бір уақытта көптеген мемлекеттерде қанат жая бастады, БҰҰ-ның тұжырымдамасы бойынша, ол экономикасы орталықтан жоспарланған және жаңа дамып келе жатқан мемлекеттер. Жоспардағы реформалардың үлкендігін басқа мемлекеттермен салыстыра отырып, Қазақстанның алатын орны ерекше деп айтуға қысылмаса болады. Қазақстанда жекешелендіру мен нарқтағы корпоративті құнды қағаздардың анализі өте маңызды мәселелердің ішіне жатады, ең бастапқыда, ол тек экономикалық реформалардың негізі ған емес, және де, ол бүкіл XX ғасырға тән қоғам дамуының орталық мәселесі.
Бұл тақырыптың актуальды болуының себебі, жекешелендіру өздігінен-өзі экономикада прогресс жасай алмайды, ол тек экономиканың әр түрлі сфераларындағы бәсекені тудырады.
Постсоветті Қазақстанның жекешелендірудің ең негізгі теориялық және практикалық мәселелері мен бағалы қағазардың дамуы өте тиянақты түрде қарастырылған. Оның ішінде бөліп алатындар: мемлекеттегі болып жатқан жекешелндіру процесінің ең күрделі аспектілері; жекешелендіру нәтижесінде пайда болған әлеуметтік және экономикалық бағалаулар әр түрлілігі; соңғы уақытта қарқынды ұсынылып жүрген өзін-өзі басқару кәсіпорындарына анализ.
Және де жекешелендіру мәселесінде көптеген қателіктер жіберіліп отырды, менің ойымша олар басқа мемлекеттердің жекешелендіру процесінің жақсы өткеніне қарамаған. Сондықтан Қазақстан өзінің жібереген қателіктерін, басқа мемлекеттердің жекешелендіру механизмдерін, нәтижелерін қайта қарап шығуы керек деп ойлаймын. Содан кейін ғана жіберген қателіктерді қайталамай, жою керек.
Сондықтан бұл жұмыста менің ашып айтқым келген сұрақтарға назар аударайық:
1. Жеке меншік туралы түсінік
2. Жекешелендіруді қарастыру әдістері
3. Жекешелендіру принциптері, модельдері, түрлері және уақыты
Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды бөлімнен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде мен жекешелендіруге көңіл бөлдім.
Екінші бөлімде мен жекешелендіру жүргізу әдістерін, принциптерін, модельдері мен уақыт ерекшелігін ашып көрсетуге тырыстым. Жекешелендірудің бірнеше түрлері бар: еңбектік, субъективтік, батыстық.
Жекешелендірудің ең негізгі принциптерінің бірі – басқаға кедергі жасама принципі. Бірақ одан басқа да 6 түрі бар.
Жекешелендірудің негізгі екі модельдерін айта аламыз: ақылы және ақысыз.
Жекешелендіруді өткізу уақыты өте күрделі сұрақтар қатарына жатады: не ол өте қысқа мерзім аралығында немесе көптеген онжылдықтарға созылуы қажет.
МЕНШІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
Меншік – экономикалық категория
Меншік туралы алғашқы түсінік затты, игіліктерді елестетеді. Бірақ меншікті затпен шатастырған дұрыс түсінік бермейді. Егер затты жеке пайдаланбаса, меншік туралы сұрақ тумайды. Меншік субъектінің осы затты пайдалануға ерекше құқы барын сипаттайды. Меншіктің субъектін жеке адамдар, олардың топтары, адамдардың бірлестіктерінің әр түрлі дәрежесі, мемлекет, халық құрайды.
Сонымен, меншік туралы алғашқы тұжырым: меншік – материалдық және рухани игіліктерді және осыларды өндіру шарттарын пайдалану туралы адамдар арасындағы қатынастар немесе, игіліктерді иеленудің белгілі тарихи қоғамдық әдісі болып табылады. Меншік дегеніміз адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді және оларды өндірудің шарттарын пайдалану туралы қатынастар.
Меншік экономикалық қатынас болып адамзат қоғамының жаратыла бастаған заманында қалыптаса бастаған. Еңбек етуге экономикалық және экономикалық емес күштеудің барынша маңызды формалары, меншіктің әр алуан объектінің монополиялануына сүйенеді. Демек, антикалық өндіріс тәсілінде, экономикалық емес күштеу құлға – тікелей өндірушіге – меншікті бар болуына негізделген, азияттық өндіріс тәсілінде, айтылған жағдай жерге меншіктің болуына негізделеді; феодализмге – жеке өндірушіге және жерге меншіктің болуына негізделеді. Еңбек етуге экономикалық күштеу өндіріс шарттарына меншіктің болуынан, яғни, капиталға меншіктің болуынан туады.
Экономикалық қатынастардың кемелденген жүйесінде, меншік ең өзекті өзара байланыстарды, олардың бір-бірінен тәуелділігін және экономикалық болмыстың мәнін көрсетеді. Танып білу экономикалық құбылыстарды ашумен, олардың бар екенін білумен бітпейді. Меншік қатынастарын зерттеу процесінде құбылыстардың мәнін айқындап, солармен айналысу қажет. Гегель айтқандай, болмыстың ақиқаты соның мәні болады. Құбылыстардың мәнінің қозғалысы, болмыстан түсінікке көшуді сипаттайды. Осы жолмен біздің де өтуіміз қажет.
Меншік - өте күрделі және көп жақты құрылым, сегіз қырлы, бір сырлы құбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім – жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте күрделі өзара әсер етеді.
Жалпы және жеке меншік түпкі мәні ортақ болады, бұлардың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жәй бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншіктің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциациялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансұлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.
Айырмышылықтың мағынасы көп болады: кейбіреуі өзара алмасуға жол береді, басқасы бұны болдырмайды. Меншік түрлерінің айырмашылығы көп түрлі болғанда, арақайшылықтарды меншіктің бір түрінің оның басқа түріне ауысқаны арқылы шешуге болады. Мысалы, отбасы меншіктің бірлестік түрінен, үлестік түрге (баланың үлесін бөлу) айналуы және керісінше (жұбайының меншігі - жасауы) – жалпы меншік болып қосылуы. Осы меншіктің жеке объектілері бірлестік пайдалануда (үй, пәтер), басқалары жеке, индивидуалдық (жеке бастың заттары) пайдалануда болуы мүмкін. Егер меншіктің түрлері арасындағы айырмашылықтар қарама-қарсылыққа дейін жеткен болса, өзара алмасу жойылады. Өйткені бұл меншіктің формасының өзінің күйреуі болып табылады. Мысалы, қоғамдық (халықтық) меншік жалпы меншіктің түрлерінің біреуі болып табылады, ал ол, жеке меншікпен ара-қатынастарының көріністері қандай болмасын, өзінің қарама-қарсылығы ретінде қатынасады. Жекешелендіру деген меншіктің алмасуы, ауысуы, айналуы емес, ол жалпыхалықтық меншікті жеке меншік етіп қайта құру болады, ал национализациялау – керісінше процесс, яғни, жеке меншіктің – қоғамдыққа айналуы, форманың ауысуы болып табылады.
Меншіктің формалары мен түрлерінің дамуы, әуел бастан, өмірге қажет мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың (деңгейдің) объектері ұзақ мерзім бойы кейбір этникалық топтардың (рудың, тайпаның, қауымның) жалпы пайдалануында болып келді. Жеке меншік, индивидуалдық пайдалануы мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке қару-жарақ, аң мен балық аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік еңбек құралдары, жеке меншіктің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни, жеке отбасы, индивид қауымнан, немесе, осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке күн көрінісін өзі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен мұндай шарттар қолөнер мен сауда-саттық ісінде пайда болады. Егіншілікке ұзақ мерзім бойы семья-отбасылық қауымның ұжымдық еңбегі қолданылды, кейінде мұның орнын ауылдың көршілес қауымы басты.
Мұндай қауымға дуализм тән болады: егістікке, жайылымға, орманға, суға жалпы меншік сақталса да, әр иемденуші өзінің отбасы-семьясымен өзіне бөлінген, немесе, өзі игерген жерді жыртып өңдейді. Жалпы және жеке меншік жалғыз мәннің әр түрлі көрінісі болып мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келді. Бірақ, олардың ролі мен мағынасы, қоғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің дамуында, бірдей болмайды.
Меншік және иемдену заңдары
Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдәсә. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізгі, тамырлы белгісін құрайды. Меншік және иемдену деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену – көпдәрежелі күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс. Ол шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікке болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар. Әр елдердің экономикасындағы бұлардың рөлі бірдей болмаса да, шаруашылық осы типтері бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Осы типтер өндірістің натуралдық және тауарлық формасын алуы, немесе, екеуіне қасиеттерін қамтуы мүмкін. Сөйтіп, иемдену қатынастары өндіріс, бөлу және айырбаспен толықтырылған болады. Индивидуалдық өндірістің қоғамдық өндіріске айналуы, иемденудің құрылымының күрделілігін одан әрі көтеріп күшейтеді.
Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланыста болатын, өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін, еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекеленген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.
Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты әсер етеді. Ал иемдену формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоқтап қалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің нақты түрімен сәйкес келмеуі мүмкін. Осындайда меншіктің объективтік заңдары мен иемдену заңдары әрекет етеді. Санкт-Петербургтің мемлекеттік экономика және қаржылар Университетінің ғалым-экономистерінің көзқарастары бойынша, меншіктің екі заңы және иемденудің екі заңы болады. Бұлар жұбымен, тығыз байланыста бола отырып әрекет етеді.
Өзінің еңбегінің өніміне меншік заңы, меншіктің бірінші заңы болып табылады. Осыған сәйкес келетін иемдену заңы: еңбек – иемденудің тұңғыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды.
Меншіктің бірінші заңының негізінде натуралдық және жабайы тауар өндірісі әрекет етеді. Бұнда иемдену екі жақты жүріп отырады: тікелей еңбек арқылы және нарықтағы өз еңбегінің өнімінің айырбасы арқылы. Иемденудің осындай жағдайында, жасалған өнімге меншік, иеленушінің тікелей еңбегінен туады. Бұл еңбектік (еңбек жасаған) меншік болып атбылады. Осы замандағы нарық шаруашылығының пайда болуы жалдама еңбек пен капиталдың әрекеттерімен байланысты болады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне – бөтен еңбектің өніміне меншік заңына – көшуінің негізінде өтеді. Енді бұған – екінші заңға – иемденудің басқа, екінші заңы сәйкес келеді: туар айналымы – ең бастапқы иемдену әдісі. Ірі қоғамдық өндіріс осы заңдарға негізделеді. Бұндағы иемденуде екі жақты жүреді, бірақ ол басқа формалар арқылы – тауар айналымы және табыстарды бөлу арқылы жүреді.
Меншік заңының модификациясы қалай жүреді? Ұсақ өндіріс, индивидуалдық өндіргіш күштер жағдайында, жұмыскерлердің өндіріс шарттарымен тікелей қосылып, тіпті олардың бір-бірімен ұштасып, бірігіп кетуіне жол береді. Бұнда меншік заңы еңбек пен меншіктің бірлігіне негізделеді.
Меншік заңының модификациясы қалай жүреді? Ұсақ өндіріс, индивидуалдық өндіргіш күштер жағдайында, жұмыскерлердің өндіріс шарттарымен тікелей қосылып, тіпті олардың бір-бірімен ұштасып, бірігіп кетуіне жол береді. Бұнда меншік заңы еңбек пен меншіктің бірлігіне негізделеді. Бұгдағы иемденуде екі жақты жүреді, бірақ ол басқа формалар арқылы – тауар айналымы және табыстарды бөлу арқылы жүреді.
Жалпы меншіктің субъектілері бір-бірімен иемденушілер болып қатынасқа түседі. Бұл жағдайда жеке иемденудің негізгі формасы бөлуге көшеді. Бірақ осы процеске меншіктің формасы өзгешелік енгізеді. Егер бұл жеке меншік болса, онда айналым арқылы иемденіп қойған қосымша өнім бөлініске түседі. Бөлудің өлшемінің қызметін капитал атқарады: субъектінің жалпы табыстағы үлесі, оның индивидуалдық капиталының салымының мөлшерімен белгіленеді. Қоғамдық меншіктің субъектілерінің осы меншікке құқықтары тең болады. Осы жағдай табысты бөлу принципін белгілейді. Бұнда бөлудің өлшемі қызметін еңбек атқарады. Бөлудің мына принципі жүзеге асырылады: еңбек адамдар өмірінің негізі, сондықтан бөлу еңбекке сәйкес жүгізілу керек. Бұнда айналым арқылы жүзеге асырылатын иемдену, иемденудің екіншілік дәрежелі, туынды формасы болып табылады.
Меншіктің түрлері.
Меншік пен иелену қатынастарын, олардың өзара байланыстарын танып білу өз кезегінде, меншіктің формалары мен түрлерінің арасындағы айырмашылықтардың белгілерін және меншіктің бір түрінің екіншісіне айналу механизмін білуге жол ашады. Бірақ меншіктің қандай түрінің шаруашылық жүргізудің қандай формасын тілейтіні, меншік иелері мен басқа біреулердің меншігін пайдаланушылардың арасында қандай қатынастарының орын алатындығы, әлі мәлім болмайды. Осыларды білу үшін иемдену, пайдалану және жарлық ету қатынастарының мазмұнымен танысу қажет.
Иемдену, ьіріншіден, толық меншік емес, және, екіншіден, иемдену қатынастарындағы меншіктің объектілері тікелей иелік ететін объекті болып емес,олар иемдену қатынастарында шаруашылақ жүргізудің шарты болып қатысады. Сондықтан иелену қатынастары жүйесіндегі иемдену, пайдалану жарлық ету меншікпен белгіленген туынды екіншілік қатынастарды көрсететін, өндіріс шарттарына меншігі барлар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арақатынастарын көрсететін категориялар болып табылады. Мысалы, банкир өнеркәсіпшіге несиеге ақша капиталын береді. Бұл жағдайда банкирдің капиталға меншігі сақталады, ал өнеркәсіпші капиталдың пайдаланушысына айналады. Ол несие үшін банкирге қолданған капиталға төлем ретінде, қарыз процентін өзінің табысынан төлеуге міндетті болады. Осы тәрізді лизинг (жабдықтар, техника арендасы), ғимараттар, пәтер, жер т,б, арендасы туралы келісімдер жасалады. Осы келісімдердің барлығына ортақ жалпы шарт – олардың бегілі мерзімге жасалуы. Иемденуші заттардың уақытша қожасы, иемденушісі болып табылады,
Иемденудің меншіктен бөлінуі шаруашылық жүргізу практикасынан туып, экономикалық өмірдің даму дәрежесінің жоғары формаларына көшудің маңызды шартына айналады. Иемдену болмысы құқықтық келісім түрінде бекітіледі.
Меншік қатынастарын иемдену қатныстарымен алмастыруға бола ма? Тарихқа сүйенсек, экономикалық қатынастардың қалыптасу кезеңдерінде, меншік әлі болмағанда, иемденудің болғаны анық. Мысалы, Ресейде ұзақ уақыт бойы жерге жеке иемдену болса да, оған жеке меншік болмаған. Бірлестік (қауымдық) және жеке мұрагерлік (княздардың, боярлардың вотчиналары) жер иемдену болған. Монастырлерге жер учаскелері мәңгілік бөлінбес пайдалануға берілген.
Меншік иелері үш типке бөлінеді:
1. Потенциалдық (мұрагер) меншік иесі. Бұлар иемденуге кіріскенде ғана нақты ақиқатты меншік иесіне айналады. Осы жағдай құқықтық актісімен беріледі.
2. Меншік иесі заттың тұтынушысы (иемденушісі). Иемденуші меншіктің толық иесі емес. Ол заттың тұтыну құнына бағалылығына емес, жарлық етеді. Сондықтан иемденуші затты сата алмайды, оны өсиет арқылы өткізбейді, залогқа (кепілдікке) сала алмайды, сыйлық етіп жұмсай алмайды. Бірақ оның, бөтен меншікті өзінің тікелей міндетіне сәйкес пайдалануға толық құқы болады: өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта қолданады. Иемденуші осы затты қоладну нәтижесінде жасалған заттың, өнімнің, қызметтердің меншік иесі болады. Сонымен қатар, иемденуші келісімге сәйкес, өзіне түскен табыстың бір бөлігін меншік иесіне беруге тиісті.
3. Толық меншік иесі. Бұл заттың бағалылығының және осы тұтынудың меншік иесі; меншікті иелігінен шығарып, оны басқа субъектіге беруге, өткізуге құқы бар.
Нақты меншік болып анықталатын тұтыну, меншікке толық иеліктің өлшемі қызметін атқарады. Қолдану болмаған меншік иесіз меншік деп аталады. Меншіктің тұтынылмауы меншік құқының толық жойылғанының дәлелі болып саналыды.
Меншіктің бір формасының, немесе, бір түрінің негізінде, бәсекелестіктің шарты болып табылатын, шаруашылық жүргізудің әртүрлі формалары қалыптасуы мүмкін. Демек, жеке меншіктің әртүрлерінің негізінде индивидуалдық өндіріс және бірлескен өндіріс жүріп отыра алады. Қазақстан Республикасындағы меншіктің көптүрлілігін төмендегі сурет көрсетеді.
Бүкіл әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру классикалық түрде жүзеге асқан жоқ.
Біздер үшін жаппай жекешелендіру түрі (тұрғын үй купондары, жекешелендіру, қаржыландыру купондары арқылы реформалардың қозғаушы күштері – адамдардың әлуметтік-саяси сенімін күшейту, қоғамдық белсенділігін арттыру мүмкіндігі жүзеге асуы тиіс болды.)
Әр адамның купондар саны тұрғын үй мәселесін толық шешуге (елеулі жеңілдіктермен қатар), өндіріс орындарының акцияларын сатып алуы жолымен жүзеге асыру тәсілі басқа жекешелендіру түрлерімен және тәсілдерімен ұштастырылуы тиіс еді. Мәселен, егер де отбасында белгілі купон саны жинақталды дейік. Оның бір бөлігі тұрғын үй шығындарын өтеуге жұмсалады, ал қалған акциялар сатып алуға, әртүрлі шаруашылық буын, тұлғаларына жинақталуы мүмкін. Сіз өз купондарыңызды акционерлік қоғамға беріп, өзіңіз еңбек ететін кәсіпорынның акцияларын сатып алуға қатысуыңыз мүмкін. Кәсіпорынның бөлінбеген мемлекеттік пакетін өкілетті басқаруға конкурс арқылы алуға болады.
Қаржы қорлары жинақталған купондарға, егер де олардың номинлды құны белгіленген жағдайда, өз мүдделері үшін күресіп, купон-акция рыногында өз акционерлерінің, қордың жалпы ортақ мүдделері үшін әрекет еткен болар еді. Бұл мехенизмдегі басты ерекшелі, көріп отырғанымыздай, купондық механизм арқылы кәсіпорындар өз иелерін нақтылы тапқан болар еді. Соңғы элемент, мәселе, бұл механизиде әлі де болса ақшалай қозғалыс көрінбегені. Бәрі сатылды, купондар мемлекеттік мүлік комитетіне жиналды, өшірілді. Оның негізгі, басты функциясы да осы еді. Купондық механизм инвестқорлары арқылы олардың артыда түрған коммерциялық құрылымдарға, сенімге негізделді.
Купондық жекешелендіру экономикада меншік иесінің пайда болуы және әлеуметтік әділдік қағидасы мен тең мүмкіндікке ие болу ұштасқанын көрсетеді.
Экономикалық жағынан купондық механизм мемлекеттік монополияны жоюға бағытталғанымен кәсіпорындарды қаржыландыру жолдарын айқые белгілей алмады және жекешелендіру біткеннен кейін басқару т.б. жүйелерінің оптималды жағдайын ескермеді. Сонымен қатар, купон иелерінің инвестқорына ықпалы, өкілетті билеу мәселелері шешілмегені айқын.
Өндірістің жаппай құлдырауы жағдайында жекешелендіру купондық механизмі өз міндеттерін орындамады деп айтуға болады.
Ресейде ваучер бағдарламасы туралы бүгін үкімет орындары пікір ацтудан қалды, себебі ваучерді еркін сатып алу арқылы кейбір топтар аса ірі объектілердің иесі болып шыға келді.
Қазақстандық купонның Ресей ваучерінен ерекшелігі (сатылу бағасы жоқ), арнаулы есепшот арқылы ғана айналады. Әрбір азамат (тұрғын) (100-120) купонға ие болды. Бұл жерде еңбек стажы, жалақы немесе аймақтық, салалық, кәсіптік ерекшеліктер ескерілмейді. Ваучер сияқты кемшілігі де осында.
Жекешелендіру, қаржыландыру купондары (ЖҚК) есептік қызмет атқарып, әркімге кейінірек белгілі табыс алуды қамтамасыз ету тиіс еді. Жеке адамдарға оны сатып алу, сату, айырбастау операцияларына тиым салынған, купонның номиналдық құны жазылмаған, олардың құны тек ауциондарда ғана анықталуы тиіс. Таза нарықтық механизмнің сұраныс пен ұсыныс арқылы бағаның анықталуы – тұңғыш рет жекешелендіру құбылысында қолданылуы бүкіл дүниедегі аса елеулі жаңалық. 100 купонның акцияға аралық буындар, механизмдер арқылы теңесуінің бір өзі ғана бұл процестің аса елулі кемшілігі. Азаматтың бүкіл мемлекеттік меншіктегі үлесін арзандатудың бұдан оңай жолын ойлап тапқан ғаламға ескерткішқойса да болады.
Азаматтық құқығы бар еңбек адамдары үшін өз купондарын ерікті пайдалану механизмін енгізген анағұрлым пайдалы еді.
Меншік тұлғаларының өз еркімен купондарды жинақтау арқылы бірлесіп, материалдық өндіріс объектілерін тікелей сатып алуғақұқықтық негіз жасалған болса, бұның өзі өндірістік қорлану мен басқаруды анағұрлым жеңілдеткен болар еді. Жалпы ваучер – купондық механизмнің іс-әрекет ету негізі – купон саны емес, оның құнының ақшалай көрінісі, жүзеге асу тетіктері.
Купон-ваучердің номиналдық құны анықталған жағдайда ғана жаппай жекешелендіру процесі өз нәтижесін бере алады. Ал, инфляциядан қорғау үшін шетел валютасымен теңестіру қажеттігі туады.
Халықтың меншік құқығын жүзеге асыру үшін инвестқорларының сертификат акциясын алу механизмі бекіді. Инвестқорлар кәсіпорын акцияларынауцион арқылы сатып алу жолымен өз жұмысын жүзге асырады. Жаппай жекешелендіру процесі, онығ идеологтарының пікірінше, әлеуметтік қоғауды да мойнына алады. Купондарды еркін сатуға, айырбастауға болмайды, әйтпеген күнде олар оны ішіп-жеп қоюы мүмкін-ау.
Купондарды қорларға салу әр дамның өз еркімен жариялылық қарапайым әдістерге сүйене жүргізіледі. Ал, аймақта бір немесе екі инвестқор болса, әрине бәсеке өте төмен болады.
Жұмысты ұйымдастыру барысында тұрғын халақты купонмен қамтамасыз ету жоғары ұйымшылдықпен өткізілді. Ал, инвестқорлардың жұмысында бей-берекетсіздік, науқаншылық кең етек алды. Сонымен қатар, акционерлеуге жататын кәсіпорындар тізімін анықтау даулы таластың басы болады. Мемлекеттік мүлік комитеті өз мүддесі тұғысынан нашар кәсіпорындарды сатуға мүдделі, ал қорлар арзанырақ сатып алып қымбат сату үшін күреседі. Аукциондарға салынған купонға айырбасталмауы, кәсіпорындар туралы мәліметтердің толық болмау кемшіліктері кездесті.
Жаппай жекешелендірудің шағын және купондық әдістерінің, тұрғын үй купонымен ұқсастығы да олардың адамдар, ұжым еңбегін ескеру дәрежесіне байланысты. Алғашқы тәжірибе жартылай сәтті аяқталған тұрғын үй купондарымен жүргізілді. Ішкі кемшіліктер көріне бастаған сәтте көптеген ірі қалаларда тұрғын үйді жекешелендіру тегін әдіске көшірілді. Тұрғын үйлері жоқ адамдар мен бірнеше үйлері бар адамдарды теңестіру арқылы бұрыннан жіберіліп келе жатқан әлеуметтік әділетсіздіктерді жабудың жолы түсті. Мәселен, 18-20 жастағы кей азаматтар үкіметтен әр түрлі жолдармен алған үйлерін тегін иеленді, ал 15-25 жыл еңбек істеген азаматтар купондарымен үйсіз қалды. Яғни, ірі қалаларда тұрғын үй жетімсіздігімен қатар, басы артық пәтер ұстаған азаматтар тұрғын үй рыногының сатушы-алушы тұлғаларына айналып шыға келді. Сол сияқты, жалпы сараланып жасалған бағдарламаның бір кемшілігі әр үйдің ерекшеліктерімен есептелініп табылған бір шаршы құны орташа 1-2 немесе 3 пәтер санымен теңестірілді. Нәтижесі, кімнің шаршы алаңы көп болса, сол ұтады, ал аз шаршы аланда тұрған азаматтар олардың шығынын көтеруге мәжбүр болды.
Еңбек стажы т.б. әлеуметтік көрсеткіштер арқылы тұрғын үй құқығын жүзеге асыруға бағытталған әлеуметтік шара белден басылып, аяқ асты етілді. Ал, артылған немесе тұрғын үйі жоқ азаматтардың тұрғын үй купондары су тегін сатылды (1000 бірлігі – 10-15 теңге). Тәжірибе номенклатуралық жекешелендірудің қайшылықты мәнін айқын көрсетті. Өз мүдделеріне сәйкес келмеген қаулы-қарарларды әр желеумен айналып өтуге болады.
Жаппай жекешелендіру тұлғаларының үлесін айқындаудағы күрделі мәселе-меншік тұлғалары мен шаруашылық тұлғаларының арасындағы мемлекеттік меншік үлесінің ерекшеліктері, мәні. Табиғи және заң тұлғасы ретінде жасанды бөлудің ара-жігін айқындап алмай тұрып меншікті кімге, қалай, қаншалықты беру қажет деген сұраққа жауап беру мүмкін емес. Мысалы, еңбек ұжымы әр түрлі меншікке негізделген шаруашылық түрлерінің функционалдық-өндірістік байланысы. Еңбек кооперациясы нәтижесінде түзілген байлықтан азаматтық құқық және шаруашылық құқығы тұрғысынан бір азаматтың екі рет үлес алуы әлеуметтік теңдікке сәйкес келмейді.
Еңбек ұжымына меншік құқығын толық беру дегеніміз – қоғамдық өндіріс салаларының ерекшеліктерінен туатын әлеуметтік теңсіздікті заң жүзінде бекіту болып табылады. Анархосиндикалистік бағдар (уклон) деп теорияда сыналған бұл бағыт бұрынғы Югославия реформаларының негізі болды. Нәтижесі бәрімізге белгілі. Акциялық үлес негізінде жаппай жекешелендіру жалпы меншік реформасының негізі болуы тиіс. Ал, ұжымдық артықшылық еңбек арқылы бекиді.
Осыған байланысты Президент Жарлығына сәйкес, ұжымдық меншік институтының Заңнан алынып тасталған дұрыс шешім деп есептеуіміз қажет. Әр азамат мемлекеттік меншіктен өз үлесін алуы қажет. Бұл әлеуметтік қағида еңбек нәтижесін ескерумен толықтырылады.
Жекешелендіру купондарының сандық-сапалық үлесі өлшемін өрнектеу арқылы біз жалпы қоғамдық өндіріс көлемінде өндірістік ресурстардың салалық-функционалдық байланысын көрсете аламыз. Ауыл шаруашылығын жекешелендіру үшін оған өндіріс құрал-жабдықтарын жабдықтаумен айналысатын кәсіпорындар үлесін тікелей ауылшаруашылығының өз үлесін және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, ұқсату, өткізу орындарының үлесін жорамалдау арқылы болса да айқындау қажет еді. Сонда ауыл шаруашылығын жекешелендіргенде оны тек село еңбекшілеріне басы бүтін толық таратып беру ғана емес, үш үлкен топқа жіктеудің қажеті көрінеді. Мысалы, энергетика саласын алсақ та, осындай құбылысқа тап боламыз. Энергетикалық ортақ жүйе арқылы таралып жатқан қуаттардың иесі жалғыз, жеке алынған электр станциясы ғана емес, оған отын ресурстарын, құрал-саймандар беретін кәсіпорындар екенін де көреміз.
Ондаған жылдар жарақтандырылған өндірістік қуаттардың жалпы иесі қоғам мүшелері екені даусыз, ал жекешелендіру мәселесі жеке адам, ұжым, сала, территориялар арасындағы еңбек бөлінісіне сәйкес әркімнің-тұлғаның үлесін айқындауы қажет. Жеке адам үлесі ұжым үлесімен астасып, ұштасып заң тұлғасының үлесін анықтаумен бірге, оның қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы еселеп өскен өнімділік күшін де көрсетеді. Кооперация (салалық, қоғамдық, ұжымдық) нәтижесінде алынған өндірістік қуаттарды бөліп беру өндірістің жалпы технологиялық, әлеуметтік сипатына кері әсерін тигізетіні даусыз. Бұл бүгінгі нақтылы іс тәжірибеде айқын көрінуде.
Ваучер, купон, бон, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz