Мәдени-тынығу жұмысының әдістемелік қамту жүйесі мен қызметінің мазмұны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Мәдени-тынығу жұмысын әдістемелік қамту жүйесі мен қызметінің мазмұны

Орындаған:Енербай Шаттық

Группа:Мс-18-15-3К5

Қабылдаған:Байсымақова А

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Әдістемелік қамтудың ұғымы
  2. Әдістемелік қамтудың мәні, мақсаты және өзіндік ерекшелігі

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қандай да бір құбылыс түсінігіне анықтама беру оның мәнін, пәнін, мақсаты мен өзгешелігін айқындаумен тұтастай байланысты. Осыған байланысты «мәдени - тынығу жұмысын әдістемелік басқару» түсінігін қажетті мазмұнмен толықтыру дегеніміз - аталған басшылық түрінің шығармашылық табиғатын және өзіндік сипатын анықтау, оның әлуметтік мәнін айқындау, барлық деңгейде олардың іс-әрекетінің өзара байланысы мен ықпалын орнату. Басқаша айтқанда, әдістемелік қамту бұл -«реттеуші құжаттар мен әдістемелік құралдардың жиынтығы». Мәдени - тынығу жұмысын әдістемелік қамтудың интерпретациясынтолық және жан - жақты түсіну үшін оның маңызды тұстарын қарастыру және осы құбылыстың басым сипаттағы параметрлерін нақтылау қажет.

Енді мәдени - тынығу жұмысын (МТЖ) әдістемелік қамту жүйесі жайлы түсінікті қарастыралық.

МТЖ-н әдістемелік қамту жүйе ретінде бірнеше құрылымдық компоненттерді қамтиды:

1. МТЖ-н әдістемелік қамтудың басым сипаттағы бағыттарын анықтайтын мақсаттар және одан шығатын міндеттер.

2. МТЖ-н әдістемелік қамтудың субъектісі. Оған кіретіндер:

- барлық деңгейде (ауыл, аудан, қала, облыс және республика) МТЖ-н әдістемелік қамтуға жауапты әдістемелік кабинеттер мен орталықтар және басқару органдары;

- МТЖ-н әдістемелік қамтуды жүзеге асыратын штаттық және штаттан тыс қызметкерлер;

- МТЖ-ның ғылыми әдістемесі мен арнайы білімдер,

3. МТЖ-н әдістемелік қамтудың объектісі. Оған жататындар:

- мәдени -тынығу мекемелері қызметкерлері;

- мәдени-тынығу қызметінің қоғамдық ұйымдастырушы-лары, яғни, белсенділер;

- жүйенің төменгі сатысындағы әдістемелік кабинеттер мен орталықтар, яғни, әдістемелік тұрғыдан тәуелді әдістемелік кабинеттер мен орталықтар қызметкерлері.

4. МТЖ-н әдістемелік қамтудың түрлері, әдістері, құралдары, қағидалары (принциптері) мен механизмі.

5. МТЖ тәжірибесіндегі үдемелі әдістеме жетістіктерін зерттеу, модельдеу, ендіруге бағытталған ұйымдастыру -әдістемелік жұмыстар мазмұны.

6. МТЖ-н әдістемелік қамту шарттары:

- әдістемелік жұмыс жүйесін ақпаратты-анықтамалық қамтамасыз ету;

- мәдени - тынығу мекемелерінің әдістемелік қызмет жүйесін қаржылық қамтамасыз ету;

- МТЖ-н әдістемелік қамту жүйесін материалдық-техникалық жабдықтау;

- МТЖ-н әдістемелік қамтуды жүзуге асыру үшін қажетті әлеуметтік-мәдени, санитарлық - гигиеналық, психо-физиологиялық, эстетикалық және т. б. алғышарттар.

7. Барлық деңгейдегі мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату.

8. Репертуарлық - баспа іс-әрекеттері.

9. Әдістемелік сервис: идеялар аукционы, әдістемелік технологиялар рыногы, инновациялық орталық (коммерциялық, шаруашылық есеп), мәдени - тынығу мекемелері (МТМ) менеджменті, кардинеджер (бас менеджер) биржасы.

МТЖ-н әдістемелік қамтудың жекелеген компоненттерін жіктеу осы байланыстарды ұйымдастырушы элементтер, түрлер мен құралдар арасындағы сандық және сапалық құрамды көрсететін осы жүйе құрылымының тұтастығын анықтауға мүмкіндік береді.

Әңгіме болып отырған жүйенің мәнін ашып, маңызын жете ұғыну үшін аталған мәселенің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жүгіртіп, оның заңдылықтарын, өзіне тән ішкі қайшылықтары мен даму тенденцияларын анықтау қажет. МТЖ-н әдістемелік қамту жүйе ретінде мәдени - тынығу қызметінің әдістемелік технологиясын жетілдіру, модельдеу, болжау және реттеуді жолға қою мақсатында пайда болды.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары МТЖ-н әдістемелік қамту жүйесі «бірыңғай әдістемелік иерархияны анықтау», «іс-әрекет әдістемесін анықтау» бағыттары бойынша қалыптасып, дамыды. Бұл МТЖ-ның әдістемесін бір ізге салу дегенді білдірмейді, керісінше қажетті ғылыми ақпаратты шоғырландыратын, оны мәдени-тынығу жұмысы қызметкерлерінің қызығушылықтары мен сұранысына орай әдістеме саласына алмастыратын өзіндік байланыстырушы буын қызметін атқаруға жол салады.

МТЖ-н әдістемелік қамтудың әкімшілік басқарудан ерекшелігі ─ жүйедегі субъект пен объектінің өзара қарым-қатынас принциптеріне байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени-тынығу жұмысының әдістемелік қамту субъектілері мен объектілері
Мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері: дәрістер жинағы
Мәдени-тынығу жұмысындағы режиссура қызметінің теориясы мен тарихы
Мәдени тынығу жұмысының тұжырымдамасы, тарихи негіздері және қазақ ұлттық өнерінің рөлі
Мәдени тынығу: ұғымы, тарихнамасы және ұйымдастырушылық-тәрбие жұмысы
Жасөспірімдер шоу бағдарламалары: мәдени-тынығу қызметі және іске асыру әдістемесі
Мектеп психологының қызметінің мазмұны мен ұйымдастырылуы
Сынып жетекшісінің оқу-тәрбиелік жұмысының мазмұны мен ұйымдастырылуы
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының әдістемесі мен тәрбиелік жүйесі
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: экономикалық мазмұны, қалыптасу кезеңдері және салық қызметінің міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz