Жер кадастры жайлы жалпы мәліметтер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жер кадастрының пайда болуы мен дамуы. Жер кадастры жайлы жалпы мәліметтер

Жер кадастрын ААЖ жүргізуді жер учаскелері бойынша келесі міндетті ақпараттар кіреді:

жер учаскесінің кадастрлік нөмірі;

әкімшілік аудан;

учаскесінің орны және оның жүйелік баяндамасы;

нысаналы арналуы;

бөлінуі;

пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;

учаске ауданы.

Жер кадастрыньщ компьютерге түсуі еліміз бойынша Астанада бірінші рет қолға алынып, жүзеге асқан шара болатын.

2002 жылы тамыз айында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттіктің қолдауы мен 2 жүйе бойынша жоба жасалды. Олар МЖКААЖ және жер балансы. Бұл бағдарламалар Қазақстанның Солтүстік-батысында Ақтөбе облысының екі ауданында құрылған. Бұнда жер кадастрының тематикалық сандық карталарын құру үшін мынадай мәліметтер жиналған:

1. жер кадастрлық;

2. топографиялық;

3. топырақтық;

4. геоботаникалық.

Сонымен қатар жер учаскелерінің атрибутивті мәліметтері жинақталган, жер учаскесінің интенсификациялық мәлімет меншік иесі жэне олар арасындагы құқықтык катынастар. Бұдан басқа сонымен мәліметтерді облыстық және республикалық жіберу механизмін дайындап шығару қажет болатын. Бұл кезде штабта 8 маман болса жылдың соңында 35 маманға көбейген. БМЖР мәлімет базасында мынадай талаптар қойылған: мәліметтерді сақтау мәліметті толық камтамасыз ету, мәлімет алу үшін ешқандай шектеулердің болмауы. Ақпарагтарды қоргау және т. б. мәліметтер базасы 102 кестеден, 4 процедурадан, 24 мінездемеден құрылған. Мәліметтер базасы жер кадастрының төмендегідей обьектілері бойынша мәлімет сақталады:

жер учаскелері (интенсификациялық, аудандық, экономикалық, құқықтық сипатталады) ;

кадастрлық кварталдар (аудандық және құкықтық сипаттамасы) ;

аудандық сипаттамалар;

облыстық сипаттамалар.

Мәліметтер базасында сақталган жермен өзара қатысты субъектілер бойынша мәліметтер бірнеше категорияға бөлінеді:

1) заңды немесе жеке тұлғалар;

2) мемлекеттік немесе мемлекеттік емес тұлғалар.

Азаматтық, ұйымдастырушылық және құқықтық формалары, мекен жайы, куәлан-дыратын құжаттар, жалпы қабылданған кодтар, жетекшілер жайындағы ақпараттар.

Мынадай обьектілерді графикалық түрде корсету үшін мәліметтер сақталады: ғимараттар мен құрылыстар, топографиялық, сызықтық, полигондық және нүктелік жер учаскелері бойынша есептік кварталдардың аудандық елдімекендердің пункттерінің шекаралары. Алқаптар (сызықтық, полигондық, көлемдік), топырақтардың әр түрлілігі (ботаника, азықтық алқаптар) . Бұл жобаның (жер балансының) соңғы модулінде жер кадастры бойынша әр жылдық есеп беру көрсетіледі. Оның негізгі мақсаты аудандық, облыстық жер комитетінің және ҚР жер ресурстарын басқару агентствосының жұмыстарын автоматтандыру. Бұл модуль құрылған жалпы жер мемлекеттік статистикалық есеп берудің бекітілген формаларын беруді көрсетеді.

Соның ішінде жерлердің санаттар бойынша бөлінуі, меншік иесінің жер учаскесіне жеке меншік иелері және жер пайдаланушылар туралы есеп. Жерлерді лимандык суару туралы ауылшаруашылық мақсатындағы жер алқаптары көлемінің өзгеруі бойынша анықтамасы. ҚР азамат және занды тұлғаларға ауылшаруашылық емес және т. б. мақсатгарда тұрақты пайдалануға берілген жерлердің есебі: а/ш мақсатындағы жерлердің егістікті пайдалануы жайындағы анықтамасы, а/ш мақсатындағы жер учаскесінің шабындық және жайылымды түбегейлі жақсарту жайлы анықтама, әкімшілік аудан, облыстық және республикалық әкімшілік шекараларынан тыс пайдаланылып жатқан, ауданның, облыстың, республиканың жер пайдалану экспликациясы. ҚР азаматтарының және заңды тұлғаларының жер экспликациясы. 2003 жылы Астана қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің және «Астана қала ҒӨО жер» еншілес мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастырылуымен осы қала бойынша жер кадастрының автоматтандырылған ақпаратгық жүйесінің құрылымы Шымкент қаласындада ашылган.

МЖК ААЖ «элекрондық үкімет» шегінде екі негізгі мәселені шешуге міндетті:

Басқа да мемлекеттік ақпаратгық жуйелерді жер ресурстары жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету.

Тұрғын халық пен басқа да заңды тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету.

МЖК ЛАЖ мен электрондық үкімет интеграциясы саласында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:

- электрондық үкімет веб сайтының жер кадастрлық мазмұнды ақпаратпен жинақталуы;

- «Пайдаланушымен жұмыс» жүйешесінің көмегімен МЖК ААЖ мәліметтер базасындағы акпараттарға қол жеткізу мен пайдаланылу механизмі өңделіп, сынақтан өткізілді. МЖК ААЖ бұл ақпараттармен «Адресті регистр», «Тұрғындарға қызмет көрсету орталыгы», мемлекеттік мәліметтер базасы «Жылжымайтын мүлік регистрін» қамтамасыз етеді;

Жер ресурстары - бұл кез келген елдің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік-экономикалық қолайлылығының негізі. Оның өзі Қазақстан халқының игілігіне, болашақ ұрпақтарына пайдаланылуы тиіс. Осы қағиданың негізінде, елдің бүкіл жер қорын тиімді, әрі қолайлы пайдалануды және де қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқарудағы мемлекеттің алатын орны мен рөлі туындайды. Бұл ретте еліміздің негізгі заңының 6-бабының 3-тармақшасында«Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» деп аталып кеткен [1] . Нарықтық экономика жағдайында жер тек жылжымайтын мүлік объектісі ғана емес, табиғи ресурсы, өндіріс құралы, кеңістік базисі. Осы орайда жер учаскелерін есепке алып, оларға санақ, яғни жер кадастрын жүргізу жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдаланудың негізі болатындығы сөзсіз. Қазіргі таңда жер кадастрының тиімді және заманауи жүргізілуіне үлкен мән берілуде. Себебі ол - Жер кодексінің негізгі ережелерін жүзеге асырудың, жер пайдаланушылардың құқығын қорғау мен жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдаланудың негізі болып табылады. Міне, осы ретте еліміздегі жер кадастрының негізгі құқықтық реттелу және қорғалу мәселелері осы дипломдық жұмыстың негізгі тақырыбы болмақ.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ҚР ның жер кадастрлық қатынастарын құқықтық реттеу бүгінгі жер құқығы теориясында кешенді және толық түрде зерттелмегендігімен түсіндіріледі. Ішкі мемлекеттік заңдылықтың ақтаңдақтары, қарастырған мәселе бойынша кешенді ғылыми зерттеудің жоқтығы зерттеу тақырыбын таңдауды негіздеді және жұмыстың мазмұнын, құрылымын, мақсаттарын, міндеттерін анықтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастры жайлы мәліметтер
Жер мониторингі мәліметтерін қолдану
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖЕР КАДАСТРЫ Департаментінің КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ
Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің ашықтығыы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастры
Жер кадастры туралы
Жер мониторингі жайлы жалпы мәлімет
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz