Қой тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: № 2 Қойға ен салу. Асылдандыру жұмысында есептеу техникасын қолдану. Әртүрлі категориялы шаруашылықтарда асылдандыру жұмысының ерекшеліктері. Аймақта, шаруашылықтарда мал тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау. Асылдандыру жұмыс жоспарының негізгі жағдайлары.

Орындаған: Даниярқызы Балнұр
Тексерген: Жумадилова А.С.
Топ:МӨӨТ-401

Павлодар 2020
Жоспары
I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Қой селекциясының популяциялық генетикалық негіздері
2.Қойды ұрпақ сапасы бойынша бағалау
3.Селекциялық-асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
4.Асыл тұқымды мал есебін жүргізу
5.Бонтировкадан өткен қойларға ен салу және бонтировкалық кілттер
6.Қой тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау
III.ҚОРЫТЫНДЫ
VI.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті ғылым мен озат тәжірибенің берік бірлігінде. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарына қой жөніндегі ғылым сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылды.
Қойдың халық шаруашылығындағы маңызы. Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы өте зор. Ол адамға аса қажетті көптеген азық-түліктер атап айтқанда ет, май, сүт, жүн, былғарылық, тондық терілер мен елтірі сияқты өнеркәсіптік заттарды береді. Қой сойғанда қалдық ретінде жиналатын ішек, мүйіз, сүйек сияқты заттар да өңдеген соң өз орнын табатын байлықтар. Олардан желім, түйме, малға берілетін қан-сүйек ұны, минералдық азықтар және дәрі құрамына кіретін заттар жасалады. Қойдың қи-тезегіне дейін береке; өзіне қыста-төсеніш, жыртынды жер мен жайылымда тыңайтқыш, малшы-шопан, барлық ауыл адамдары үшін қысқы-жазғы отын.
Қой малы адамға осындай аса қажетті көп түрлі өнім өңдіретіндігі мен қандай да табиғат құбылысына және биологиялық қасиетіне байланысты дүние жүзінің барлық континенттерінде және елдерінде өсіріледі. Қазіргі кезде де қой малы ғаламшарымызда ең көп тараған, көп өсірілетін үй малдарының қатарына жатады. Дүние жүзінің елдерінде үшінші мың жылдықтың басында 620-дан астам қой тұқымдары, 1.300 қой малы өсіріледі. Мысалы сапалы, өнімділігі жоғары қой шаруашылығы Австралияда (169 млн.), Жаңа Зеландияда (62 млн.), Ұлыбританияда (30 млн.) қалыптасқан, дегенмен соңғы он-он бес жылдың басынан ең алдыңғы қатарға Қытай (200 млн.), Үндістан (165 млн.), Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия (50 млн.) шығып келеді.
Қой шаруашылығының аса маңызды басты өнімінің бірі - жүн. Қойдан басқа да жүн беретін малдар, аңдар және жануарлар бар. Мысалы, түйе, ешкі, сиыр, жылқы, қоян т.б. Бірақ барлық өндірілетін жүннің 85-90 қойдан өндіріледі. Сондықтан шұға - мата жеңіл өнеркәсібі үшін қой жүнінің маңызы зор.
Тоқыма өнеркәсібінде кездеме - мата тоқу үшін, қой жүнінен басқа шикізаттар да пайдаланылады: мысалы кендір, зығыр, жібек, мақта т.б. Соңғы жылдары химия өндірісінің дамуына байланысты жасанды және синтетикалық талшықтар көптеп өндіріліп, олардан тоқылатын кездеме - маталарда көбейді. Бұл талшықтарды өндіру әрі арзан, әрі олардың кейбір қажеттері табиғи талшықтан артық та жағдайлары бар.
1.Қой селекциясының популяциялық генетикалық негіздері

Ауыл шаруашылығы малдарын өсіруде оны селекциялауда ғалым-селекционерлер жеке бір малмен емес малдың бір түрінің, немесе бір мал тұқымының нақты өлкеде өсірілетін үлкен тобымен жұмыс жасайды. Ол үлкен мал тобын зоотехнияда қалыптасқан атау бойынша популяция дейді. Сондықтан мал түрінің нақты тобымен жүргізілетін тұқым асылдандыру ғылымын популяциялық генетика деп атайды. Бұл ғылым Дарвиннің эволюциялық іліміне, Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдарына, Гальтон мен Пирсонның биометриялық есептеулеріне сүйене отырып 1908 жылы ағылшын математигі Харди, неміс дәрігері Вайнберг жеке жеке дербес популяция генотиптері мен аллель тығыздықтарының арасындағы математикалық тәуелділігін ашқан заңға негізделген. Харди-Вайнберг тепе-теңдік заңын былай деп анықтама беруге болады: доминантты және рецессивті алелльдер нақты популцияда белгілі жағдайлар өзгермесе ұрпақтан ұрпаққа тұрақты болып қала береді. Ол жағдайлар мыналар:
1. Популяциядағы мал басы өте көп;
2. Шағылыстыру кездейсоқ жүргізіледі;
3. Жаңа мутациялар болмайды;
4. Барлық генотиптер төл береді, іріктеу жүргізілмейді;
ұрпақтар будандастырылмайды;
5. Басқа популяциямен ген алмастырылмайды.
Жоғарыдағы жағдайлар өзгерсе (біреуі немесе бірнешеуі) популяцияда эволюциялық өзгерістер болады. Ол өзгерістерді Харди-Ваинберг заңына сәйкес зерттеу қажет.
Харди - Ваинберг тепетеңдігіне қажетті жағдайлар басқа себептермен де бұзылып соның салдарынан генотип өзгеріп жатады. Ондай себептер кездейсоқ емес будандасуда, популцияның азайған кезінде, гендердің орын ауыстыруында, гетерозиготалық генотипте алелльдердің қозғалысында болып жатады.
Бұл жағдайлар әр уақытта да нақты көрсеткіштердің өзгергіштігіне әкеледі. Солай эволюциялық өзгерістер болып жатады.
Жаңа тұқымдарды шығару және өнімділігі жоғарыларды жетілдіру, жануар ағзасында болып жатқан барлық процесстерді басқаратын, генетикалық жүйелердің қайта түрленуіне байланысты. Селекционер селекция үшін өте маңызды шаруашылық - құнды белгілерін анықтауды және олардың өзгеру сипатын және тұқым қуалаушылығын, олардың қалыптасу деңгейіне сыртқы ортаның әсерін бөліп қарастыра білуі қажет.
Жануарлардың шаруашылыққа тиімді белгілерінің негізгі бөлігі (тірі салмағы, союдағы көрсеткіштері, жүннің қырқылуы, сүттің сауылуы және майлылығы, жүнінің ұзындығы және қалыңдығы, жұмыртқа басуы және т.с.с.) сандық категориялар қатарына жатады. Жануарлардың сандық белгілерді мұра қылуы, көптеген ғалымдардың пікірінше (З.С. Никоро, Г.А. Стакан және т.б. 1986; Ф.М. Мухамедгалиев, 1970, 1981; О.А. Иванов, 1974; Е.Т. Васин-Попов, 1976; Е.К. Меркурьева, Г.Н. Шангин-Березовский, 1993 және т.б.), аддитивті әсер етуші гендердің көп болуына байланысты. Олар сандық белгілердің реакцияның кең нормасы бар деп есептейді, яғни белгілердің белгілі бір деңгейде дамуы жануарлардың өмірінің жағдайына байланысты. Осыған байланысты сандық белгілер генетикасында популяциялық генетика әдісі қолданылады. Мұның өзіңде жекелеген дарақтар, орташа популяциямен салыстыру арқылы сәйкесінше сипаттама алады.
Мәселенің осылайша қойылуы селекцияда математика әдістерін қолдану қажеттілігін тудырды.
Генетика-математикалық әдістер жануарлардың табынында және тұқымдарында асыл тұқымдылық қызметке талдама жасауға, генотиптің және қоршаған ортаның белгілердің дамуына әсер етуін бағалауға мүмкіндік береді. Осыған жататындар: тұқым қуалаушылық, қайталану, белгілердің корреляциясы, регрессия, селекциялық дифференциал, селекцияның әсері және т.б. белгілердің тұқым қуалаушылығы. Селекцияның нәтижесінің тиімділігі және болжамы бойынша ғылыми мәселелерді дайындау Райт, Фишер, Лаш негіздеген тұқым қуалаушылық коэффициентіне (һ) байланысты, ол осы белгі бойынша генетикалық вариацияның фенотипті өзгеруіндегі тұқым қуалаушылыққа байланысты осы белгінің өзгеруін білдіреді. Осы көрсеткіштің көлемі практикалық селекция үшін өте маңызды.
2.Қойды ұрпақ сапасы бойынша бағалау

Малды ұрпақ сапасына қарай бағалап таңдау. Бұл жерде аталықты және аналықты бағалап таңдау бір деп емес екенін айту керек.
Аналықтардың ішінде басқа жақсы қасиеттерімен бірге екі рет қатарынан екі-үш қозыдан берген аналық аса жоғары бағалданып, аналық ұялық басы жасайды.
Тұқымдық қошқарлардың сұрыптау және ұрпағының сапасына қарай баға беру. Қой отарлары үшін тұқымдық қошқарлар құнды биологиялық қасиеттері мен өнімділігін арттыру тұрғысынан алғанда табыстың қайнар көзі болып табылады. Себебі қошқар жылына жүзден бірнеше мыңға дейін саулықты ұрқтандырады. Осының нәтижесінде табын-отардың өнімділігін тездетіп арттыруға тікелей әсер етеді. Сондықтан да тұқымдық қошқарларды таңдап өсіруге баса назар аударылады.
Асыл тұқымды қой шаруашылықтары отарларында болашақ аталық малды еркек қозылардан іріктеп-сұрыптап өсірудің бірнеше сатысын өткізеді. Алғашқыда оларды туған кезінде қарап, таңдап алады. Бұл кезде таңдаулы еркек қозылардың саны қажетті аталық малдың санынан 6-8 есе көп болуы тиіс.
Екінші рет қозыны енесінен айырған соң 4-5 айлық кезінде қарап іріктейді. Мұнда ең таңдаулылары ғана (қажетті санынан 3-4 есе көп) іріктеп алынады. Бұл қозылардың сапасы жоғары, енесі элита болуы тиіс.
Үшінші рет қозы бір жасқа толғанда өткізіледі. Мұнда әр тоқты қошқарға жеке-жеке жүргізілген бонтировка деректері, шыққан тегі ескеріледі. Басы артық қошқарлар басқа шаруашылыққа ауыстыру үшін бөлініп әзірленеді. Ал асыл тұқымды шаруашылықтың өзіне қажетті қошқарлар ұрпағының сапасына қарай бағаланады. Ол үшін әр бір тексерілетін қошқарға бір текті бірінші класты 100 саулық бекітіледі. Егер шаруашылықта бірінші класты саулықтар аз болса, онда жақсарту үшін қалдырылған саулықтар мен шағылыстыру арқылы бағалайды.
Қошқарларды ұрпағының сапасына қарай былайша бағалайды:
а) әр түрлі қошқарлардан тараған элита және 1 класс қозылардың саны өзара салыстырылады;
ә) тексерілетін әртүрлі қошқардың ұрпағы мен сол жастағы басқа қошқарлар ұрпағының өнімділігі өзара, сондай-ақ шаруашылық бойынша алғандағы орташа көрсеткішпен салыстырылады;
б) қошқар мен оның ұрпағының ең басты қасиеттері жағынан бір-біріне ұқсастық дәрежесі анықталады;
в) өнімділігі, класы және басқа қасиеттері бойынша алғанда ұрғашы қозының сапасы мен оның енесінің сапасы өзара салыстырылады.
Қошқараларға қозыларды енесінен айырған кезде алдын ала, ұрпағы бір жасқа толғанда нақты баға беріледі. Егер қошқар ұрпағына өзінің ерекше қасиеттерін (тірідей салмағының жоғарылығы, жүнінің молдығы, ұзындығы, тығыздығы т.т.с.) бере алса ол жақсы.

3.Селекциялық-асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау

Мал шаруашылығының дамуын ұйымдастыру мен жоспарлау мемлекеттердің және әлемдік нарықтың керекті сападағы ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалануынан туындайды. Селекциялық-асылдандыру жұмыстардың қаулыларын ұйымдастыру мен жоспарлау сұрақтары бойынша жалпы басшылықты ауылшаруашылық Министрлігі, облыстардың ауыл шаруашылық басқармалары, оның мал шаруашылығындағы тұқымдық жұмыстарды бақылау және қадағалау бөлімі, Казагроинновация АҚ басқаруымен мамандалған ғылыми-зерттеу институттары, тәжірибелі станциялар, аграрлық бағыттағы жоғарғы оқу орындары.
Мал шаруашылығындағы асылдандыру жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлау жануарлардың тұқымдары туралы сұрақтарымен байланысты. Онда кіретіндер: тұқымдардың шаруашылық бағалылықтарының, әр түрлі зоналарға биологиялық бейімділіктерінің объективтік анықтамаларына негізделген мемлекет аумағына тұқымдарды жоспарлы түрде орналастыру; әрбір тұқым алу үшін асылтұқымды аталық жеткілікті мал саны бар мамандалған тұқымдық шаруашылықтар жүйесін құру; әрбір тұқым немесе ауыл шаруашылық бірлестікте селекциялық жұмыстардың жоспарлы түрде жүргізілуі; ең жақсы зауыттық аталық із, тұқым аталықтарын және аналық ұяларын рационалды қолдану.
Зоналар, аудандар және облыстар бойынша әр түрлі тұқымдарды орналастыру - тұқымдық жұмыстар бойынша маңызды мемлекеттік шара жоспарлы түрде жүргізіледі. Белгілі бір аудандарға жоспарға сәйкес жоғарылататын тұқымдарды таңдау кезінде осы көрсеткіштерді ескеру қажет: жобаланатын тұқымдар жануарларының өнімділігін, олардың тез жетілуін, аудандарға бейімділігін. Тұқымдық аудандастыруды жергілікті аз өнімді жануарларды жоғары өнімді тұқымның өкілдерімен шағылыстыру арқылы сапалы жақсарту құралы ретінде де қарастыру керек.
Жоғары бағалы тұқым өкілдерінің аз болуы кезінде ауыл шаруашылық жануарларының сапалы жақсартылуы белгілі бір жүйелілікті және қолмен ұрықтандыруды қолдана отырып, тұқымдық аталықтарды рационалды пайдалануды талап етеді.
Асылтұқымды мал шаруашылығын жоспарлауда мемлекетке қажет әрбір түрдегі жануарлар тұқымдарының саны туралы мәселе туындайды. Ол, мемлекет аумағының өлшемдерімен және оның табиғи-климаттық және шаруашылық жағдайларының әр түрлілігімен; берілген түрдің жануарынан әр түрлі өнім алудың керектілігімен (қойлардан - биязы, жартылай биязы, жартылай қылшық және қылшық жүн, ет, тері; ірі қара малдан - сүт және ет, т.б.); мал шаруашылығында қарапайым өндірістік және ауыспалы шағылыстыруды қолдану көлемімен анықталады. Біздің түрлі климаттық және экономикалық жағдайларымен, кең байтақ жеріміздің территориясына өндірістік және ауыспалы шағылыстыруды кең қолдану кезінде берілген түрдің тұқымдары көбірек қажет; ал қарама-қарсы жағдайда - азырақ.
Тұқымды сынау. Тұқымды сынаудың басты мақсаты - өзінің өнімдік-биологиялық ерекшеліктері бойынша, табиғи-экономикалық жағдайларға, өсірудің өндірістік технологияларына бейімділігі бойынша қандай тұқым екенін анықтау. Әрбір зонаның өзіндік климаттық, азықтық және басқа да жағдайларын ескере отырып, тұқым сынауды, ақыры қандай шаруашылықта қалатынын ұйғарып, сол аймақта өткізу керек.
Сынауға, зоналардың барлық немесе көптеген шаруашылықтарына сәйкес болатын, жануарларды азықтандыру мен бағу жағдайлары жасалынған, зоотехникалық есебі жақсы реттелген үлкен аймақ таңдалу керек. Мұндай шаруашылықтарға таңдалған жануарларды жас кезінде әкеліп, барлық сыналатын топтарға оптималды және бірдей өсіру жағдайын жасау керек. Әр тұқымның төлі (70-100 бас) мұқият таңдалынып, барлық тұқым малдары үшін типтік болу қажет.
Тұқымды сынау үшін жануарлар топтарын қалыптастыру ең жақсы тұқымдық шаруашылықтардың төлдерін бағалау мен іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан жағдайында қойлардың тұқымдарын бағалаудағы аса маңызды паратиптік фактор олардың жайылым жағдайларына ағза реакциясының шамасы болып табылады. Қойлардың тұқымдарын сынау жұмыстары оңтүстік-шығыс Қазақстанның таулы зонасында (1946-1949 жж.) және Орталық Қазақстанның шөлді зонасында (148-1952 жж.) белгілі ғалым профессор М.А. Ермеков басшылық еткен үлкен ғылыми қызметкерлердің тобымен жүлгізілді.
Алматы облысының таулы зоналар жағдайында өткізілген өндірістік зерттеуде қойлардың келесі тұқымдары қатысты: биязы жүнді - қазақи арқармеринос, қазақи биязы жүнді, прекос; биязылау жүнді - қазақи етті-жүнді, дегерес; қылшық жүнді - еділбай, қаракөл және оның будандары. Барлық зерттелетін тұқымдардың қойлары, маусым жайылымдарын қолданумен, жыл бойы жайылымда бағылу кезінде бірдей жағдайда болды. Ерте көктемде, күзде және қыста шөл жайылымдары, ал жазғы кезеңде таулы аймақтардың жайылымдары қолданылды.
Жазда, таулы жағдайларда барлық тұқымдардың қойлары 4-17% салмақ қосты, қылшық жүнді қазақи қойлар мен қаракөл қойлары тек 1-3% ғана. Ал басқа жағдайларда бағылған биязы жүнді қойлардың жағдайы өзгермейді немесе төмендейді.
Жазғы кезеңде ойлы аймақтарда еділбай (21,2%), қарқаралы (16,4%), қаракөл қойлары (10,3%) салмақ қосты. Биязылау жүнді дегерес құйрықты қойлары да салмағын жоғарылатты (5,7%).
Көрсетілген мәліметтер жалпы еділбай және қаракөл тұқымдарының қойлары жазғы-күзгі кезеңде шөпті шөлейт жайылымдарын қолдана алу қасиетіне ие екенін көрсетеді. Бұл олардың тарихи қалыптасқан биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қаракөл және құйрықты тұқымдардың қойларын аудандастыру олардың биологиялық ерекшеліктерімен анықталу керек: қысқы жағдайлары қолайлы, оңтүстік типті шөл жағдайларында қаракөл қойларының тиімділігі жоғарырақ болады, құйрықты қойларға - қысы қатты, барлық шөлейт және шөл аудандар.
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктердің тұқым сынамасы. Біздің елімізде соңғы 50 жылда әр түрлі жануар түрлерінің жоғары өнімді зауыттық тұқымдары көптеп шығарылды. Тұқым шығару үрдісі тоқтаған жоқ. Жаңа тұқымдарды, тұқым топтарын, тұқымішілік (зоналық) және зауыттық түрлерін шығару нарықтық экономика жағдайындағы мал шаруашылығының интенсификациясы үшін өте маңызды. Пайда болған жануарлардың жаңа тұқымдары тұқымаралық шағылыстырудың түрлі нұсқаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тұқымаралық шағылыстырулар және шағылыстырудың түрлі нұсқалары бар тұқымдарды жетілдіру үшін және жаңа тұқымдар мен жануар түрлерін шығару үшін маңызды түрткі ретінде қызмет етеді. Тұқымдағы мамандалған типтерді жануарларды тұқым ішілік іріктеу мен таңдау арқылы да, еңгізілген шағылыстырулар арқылы да шығарады.
Селекциялық жетістіктерді қорытындылау үшін негіз болу мүмкін:
а) ұрпағына тұрақты беріліп отыратын экстерьері және конституциясы, өнімділігінің сипаты мен деңгейі және басқа да көрсеткіштері бойынша ұқсас, көп бас жануарлардың болуы;
б) сыналатын тұқымдардың, тұқымдық топтардың, аталық іздердің және т.б. ауыл шаруашылық жануарларын өсіру бойынша меншікті түріне қарамастан асылтұқымдық шаруашылықтардың және фермалардан жеткілікті мал санының болуы;
в) дәл тұқым сынау сәтіне оған ұсынылатын селекциялық жетістіктердегі құрылымды бірліктердің жеткілікті болуы;
г) сыналатын тұқымның немесе оның құрылымды бірлігінің малдарда, сол зонада өсірілетін тұқымдарынан, тұқымдық топтарынан, типтерінен, аталық іздерінен асатын өнімдік, экстерьерлік, биологиялық, шаруашылық және т.б. қасиеттерінің болуы және оның зоотехникалық құжаттар бойынша расталуы;
д) жануарлардың тегін, өнімділік деңгейін және тұқымдық сапасын, тұқымның жаңа түрін шығару немесе оны жақсартатын әдістерді дәлелдейтін, және де тұқымдық жұмыстардың және тұқымдармен жұмыс істеу әдістемелігінің жоспарының белгіленген ретімен бекітілген зоотехникалық құжаттарының болуы;
ж) қайта құрылған немесе өнімділігі жетілдірілген тұқымдардың жоғары экономикалық тиімділігі.
М е м л е к е т т і к т ұ қ ы м д ы қ к і т а п т а р (МТК). Ауыл шаруашылық жануарларының тұқымдық кітаптарының үнемі басылып шығуы үлкен маңызды шара болып табылады. Қазіргі кезде Республикада басылатын тұқымдық кітаптар мемлекеттік болып саналады. Олар бізде өсірілетін барлық малдардың тұқымдары бойынша шығарылады. Олардың мақсаты - жоғары өнімді малдарды шығару және тіркеу; олардың тегі туралы, өнімділігі және тұқымдық қасиеттері туралы мәлімет басып шығару. МТК-ның материалдары бойынша асылдандыру жұмыстардың бағыттары және жалпы тұқымды жетілдіру туралы, тұқымда шығарылған аталық іздер мен аналық ұя құндылығы туралы пікірлер айтуға болады.
МТК-ға енгізу үшін жануарларды іріктеу жұмысы арнайы жеке карточкаларды толтырумен бірге бонитировканың берілгендері бойынша жүргізіледі. Ондай жазбалардың жиналуына байланысты оларды хаттап, МТК-ның келесі томын шығарады. Тұқымдық кітаптарға жануар туралы келесі қысқаша мәліметтерді жазады: лақап аты немесе нөмірі, жынысы, жануардың туған күні мен туған жері, қандай шаруашылыққа жатады, 2-3 қатар ата тегі, жануар жасымен бірге өнімділік қасиеттерінің деңгейі (тірі салмағы, сүттілігі, жүн қырқымы және жүнінің ұзындығы, сүтінің майлылығы және т.б.), бонитировка класы, экстерьердің бағасы және негізгі өлшемдер. МТК-да жазылған нөмірі мәңгіге сақталады.
МТК мамандарға тұқымның ерекшеліктерінде дұрыс хабардар болуға, оның тұқымдық ресурстарын жақсырақ білуге, келесі жануарларды іріктеу тәжірибесін шығаруға және дұрыс қолдануға көмектеседі. Осы кітаптардың материалдарын тұқымдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, болашақ жоспарларды құрғанда және тұқымды жетілдіру бойынша басқа шараларды жасағанда кең түрде пайдаланады.
Көрмелер мен байқаулар. Мал шаруашылығының жемісті дамуына және тұқымдық істердің жақсаруына себеп болатын ұйымдастыру шараларына шығарулар мен көрмелер кіреді. Олар маңызды жарнамалық фактор қызметін атқарады және жеке шаруашылықтардың, аудандардың, облыстардың, ғылыми мекемелердің, тұқымдық қызмет мүшелерінің жетістіктерін түсінікті түрде көрсетеді.
Көрмелер мен байқаулар арнайы ауыл шаруашылық мүшелерімен құрылған комиссия ұйымдастырып, өткізеді.
Көрмелерді мынадай мақсатта ұйымдастырады: ең жақсы малдарды көрсету; көрсетілетін нәтижелерге қандай жолмен жеткенін айту; аудандарда, облыстарда, республикада селекциялық жұмыстардың жүргізілуінің дұрыстығын жүйелі тексеру және бағалау; мал шаруашылық мәселелеріне көптің назарын аударту және т.б. Көрмелердің жұмыстары кезінде сұхбаттар, консультациялар өткізіледі, басшылардың және ең жақсы шаруашылықтардың мамандарының жұмыс тәжірибелері туралы есептері, ғалымдардың дәрістері оқылады, ғылыми және документальды фильмдер көрсетіледі.
Көрмелер өзінің сипаты мен мазмұны бойынша, ауыл шаруашылығының барлық салалары көрсетілген, малдардың бірнеше түрлері қатысатын немесе малдың бір түрі бойынша болуы мүмкін. Өзінің көлемі мен территорияны қамтуына байланысты көрмелер республикалық, облыстық, зоналық, ауданаралық, аудандық болу мүмкін.
Байқаулар - бұл қысқа мерзімді тар мамандалған көрмелер. Оларды аудандар көлемінде, ірі тұқымдық шаруашылықтар зоналарында өткізеді. Байқаулар жануардың бір түрдің және белгілі бір категорияның (төл, аталықтар, ұрғашылар) жануарын көрсетеді. Мұнда әр түрлі шаралардың өткізілу эффектісін және асылдандыру жұмыстардың түрлі әдістерін қолдануын бағалап, салыстыруға болады.
Байқаулар бір күн бойы өткізіледі.
Т ұ қ ы м д а р к е ң е с і. Бір тұқымның малдарын өсіретін шаруашылықтардың жұмыстарын үйлестіріп, бірлестіру үшін біздің елімізде жеке тұқымдармен жұмыстар бойынша кеңестер құрылды. Олар келісімді түрде ғылыми қызметкерлерден, асылтұқымды шаруашылықтар басшылары және станциялар малдарынан қалыптасады. Кеңестер жалпы және жеке үйірлер, зауыттық аталық із бойынша тұқымның жағдайын зерттейді; тұқымды әрі қарай жақсартуға шаралар жасайды; тұқыммен жұмыстардың болашақ жоспарларын құрайды (10-15 жылға). Олар тұқымдық жұмыстармен әдістемелік басшылығын жүзеге асырады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң жəне қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау жəне қаракөл қозыларын бонитировкалау. Қой асылдандыру есебін жүргізу
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Мал тұқымын жіктеу
Малдардың тұқымын асылдандыру
Қойды қолдан ұрықтандыру
Таза тұқымды мал өсіру жолдары
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Пәндер