Фараби және оның шәкірттері ғылым мен мәдениетті дамудағы орнын анықтау, ғылым мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс


Жоспар
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім . . . 5
1. 1 А. Көбесовтің Әбу -Насыр Әл-Фараби жайлы зерттеулері
1. 2 Әл-Фараби және география ғылым
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарып отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу - кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жаауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі - қазақ топырағынан шыққан данышпан Абу Насыр Әл-Фараби. Фараби және оның шәкірттері ғылым мен мәдениетті дамудағы орнын анықтау, ғылым мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайда білім паздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар. Әл-Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді. Әдебиеттен ауызша шығармалардан басқа Қазақстанда ғылыми білімінің дамуы да кең тараған. Астрономия, география және басқа да жаратылыстану ғылымдары туралы көшпенділердің білімі орта ғасырларда ғылыми трактаттар түрінде кең тараған. Өкінішке орай соның көп бөлігі бізге дейін жеткен жоқ. Бізге Қазақстаннан шыққан көптеген есімдер белгілі, бірақ Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыстасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қала да сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған. Әл-Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астраономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, позия риторика, философия болып келеді. Қазақстан ғалымдары да бұл салада біраз жұмыстар істеді. Орыс және қазақ тілдерінде Фарабидің философиялық және әлеуметтік-этикалық трактаттарының жинақтары, орыс тілінде математикалық, тарихи философиялық, логикалық, жаратылыстану ғылыми еңбектері, Птолемейдің «Алмагестіне» түсініктемелері жарық көрді. Ғұламаның филоофиялық, ғылыми еңбектерін зерттеуді, түсіндіруді, насихаттауды нысана еткен көптеген ғылыми зерттеу, кітаптар, мақалалар көркем әдеби туындылар басылып шықты. Бұлардың ішінде осы еңбек авторының «Әл-Фараби», «Фарабидің математикалық мұрасы» (орыс тілінде), «Сөнбес жұлдыздар», «Фараби еңбектерінде астрономия мәселелері» (орыс тілінде) , «Фарабидің педагогикалық мұрасы» (орыс тілінде) монография, кітаптары, «Фараби Бағдат шахарында» атты повесі көптеген мақалалары бар. Фарабидің философиялық және қоғамдық саяси еңбектерін, көзқарастарын талдауға біршама уақыт кетті. Фарабидің төл еңбектерінің халық арасында көп белгісіз болып отырғанын ескеріп, біз оның ғылым мен өнер туралы мұраларына арналған тарауларда, көбінесе, ғалымды ана тілімізде сөйлетуге көп көңіл бөлдік. Бұл ұлы ғалымның өзінің ой-парасатын, ойлау, пайымдау, баяндау жүйесін ғана емес, сол замандағы рухани мәдениеттің жәй-жапсарын, ерекшеліктерін дұрыс аңғаруға, түсінуге қолайлы болар деп ойлаймыз. Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның пәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызыға оқыған. Әл-Фараби логика, музыка, астрономия, география және басқа ғалымдар бойынша еңбектер жазған. Әл-Фараби жихан кезіп жүргенді ұнатқан. Орта ғасырда тарихшылар оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұғылданған. Сондай-ақ өзі де «Кемеңгерлік шығуы», «Бақытқа жету» сияқты т. б көптеген трактаттар жазған.
Негізгі бөлім
1. 1 А. Көбесовтің Әбу -Насыр Әл-Фараби жайлы зерттеулері Әл-Фараби ғылым тарихында негізінен философ және музыка теориясын жасаушы ретінде белгілі болса, А. Көбесовтің зерттеулері ұлы жерлесіміздің математик, жаратылыстану, география ғылымдарының зерттеушісі ретіндегі шынайы бейнесін қалпына келтіруге шешуші үлес қосты.
Әл-Фарабидің бай ғылыми мұраларын зерттеуде ғалым А. Көбесов 200-ден астам ғылыми, ғылыми-танымдық еңбектер жариялады және араб тілінен көптеген аударма жасады. Олардың ішінде кеңінен танымал «Әл-Фараби», «Әл-Фарабидің математикалық мұраcы», «Әл-Фараби еңбектеріндегі астрономия» сияқты еңбектері, араб тіліндегі математикалық трактаттарының аудармалары, «Алмагестке» түсініктемесі» және көптеген монографиясы мен кітабы бар.
А. Көбесовтің «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы» атты монографиясы ғұлама бабамыздың ойшыл-математик ретіндегі тұлғасын жан-жақты ашып берді. Бұл еңбекте әл-Фарабидің геометрия, тригонометрия, арифметика, алгебра және олардың астрономия мен музыкада қолданылуы, сондай-ақ ықтималдықтар туралы ілім, т. с. с. мәселелер қарастырылған. А. Көбесов әл-Фарабидің бұл еңбектерін өзге ғалымдардың жетістіктерімен тығыз байланыста қарастырған.
Жұртшылыққа, әсіресе математиктер қауымына осы «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы» монографиясы кеңінен мәлім. Бұл еңбек шетел әл-Фараби зерттеушілерінің жоғары бағасын алған және ол әл-Фарабидің математикалық еңбектері жан-жақты, жүйелі түрде терең зерттелген бірден бір еңбек ретінде аса зор маңызға ие.
Оның маңыздылығы бүгінгі күнде одан әрі артпаса, кеміген жоқ. А. Көбесовтің осы «әл-Фарабидің математикалық мұрасы» атты еңбегі, оның ғылыми редакторлығымен шыққан әл-Фарабидің «Математикалық трактаттар» кітабының шетелде, яғни Американың Мичиган университетінің кітапханасында цифрланған көшірмесі жасалынып, осы университеттің электронды қорында сақталуы, бұған қоса, «Птоломейдің «Алмагесіне» түсініктеме» еңбегінің Калифорния университетінің кітапханасында тұруы көп нәрсені аңғартса керек.
Атап айтар болсақ, Жаңа Зеландиядағы Окленд университетінің профессоры Гарри Дж. Ти «Араб ғылымының тарихы» журналында жариялаған мақаласында былай деп жазған: «А. Көбесовтің монографиясы әл-Фарабидің математикалық еңбектеріне шолу жасалынған алғашқы кітап және әл-Фарабидің математикасына қызығушылық танытқандар үшін өте маңызды . . . Көбесовтің кітабы әл-Фараби математикалық еңбектерінің керемет дәйектілігі мен тереңдігін және оның көптеген кейінгі авторларға күшті әсерін көрсетуімен құнды. Ол әл-Фарабидің шығармаларын зерттейтіндердің барлығына да пайдалы».
Белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Б. А. Розенфельд өзінің бұл кітапқа кезінде берген пікірінде: «А. Көбесовтің бұл монографиясы әл-Фарабидің ғылыми шығармашылығының осыған дейін белгісіз тағы бір қырын ашып көрсетті және әлемдік ауқымда аталып отырған ұлы ойшылдың 1100-жылдығына лайықты ескерткіш болып табылады», деп атап айтқан еді.
А. Көбесовтің фарабитануға қосқан маңызды үлестерінің бірі, ғылым тарихында алғаш рет әл-Фарабиді ортағасырлық Шығыстың көрнекті астрономы ретінде көрсеткен «Әл-Фараби еңбектеріндегі астрономия» монографиясы болып табылады. Аталған кітап авторы «Птоломейдің «Алмагесіне» түсініктеме» кітабын араб тілінен аударды, әл-Фарабидің бұл ірі шығармасының мазмұнын және басқа да еңбектерін зерттей отыра, әл-Фарабиді астрономияның теориясы мен тәжірибесіне қосқан үлесін көрсетіп жаңа қырынан танытты.
А. Көбесов өзінің тарихи-астрономиялық зерттеулерінде Шығыстың екі ғұламасының әл-Фараби мен Ұлықбек арасында өзара сабақтастық байланыстың бар екенін ашты.
Әл-Фарабидің физика-философиялық көзқарастарын зерттей отырып, А. Көбесов онда табиғатты зерттеудің эксперименталды-теориялық әдісінің бар екенін айқындады.
А. Көбесовтің айтуынша, әл-Фарабидің медицина, биология ғылымдарымен шұғылданғаны мәлім болып отыр. Ол, әсіресе бұл ғылымдардың теориялық мәселелеріне көп мән берген, бұл жөнінде «Адам ағзалары жайлы», «Жануарлар ағзалары жайлы», «Темпераменттер туралы», т. б. еңбектер жазған. Олардың басым көпшілігі әлі аударылмай, зерттелмей жатыр.
Фарабидің кейінгі кезге дейін белгісіз болып келген осындай бір медициналық трактатының толық аты «Адам ағзалары жөнінде Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактат» деп аталады. Гален атақты Гиппократтан кейінгі ерте дүние медицинасындағы үлкен ғалым, дәрігер және орта ғасырлар заманында өте үлкен, талассыз беделге ие болған тұлға.
Ал Аристотель болса, жалпы ғылымның, соның ішінде медицина мен жаратылыстану ғылымдарының да алыбы болғаны мәлім. Фараби ескі дүние медицинасының екі өкілі жайлы трактат жазып, олардың ұстаған ғылыми қағидаттары мен әдістерін саралап, араларын ашып берген, төрелік айтқан. Бұл Фарабидің медицина, биологиядағы еңбектерінің бағалылығын көрсетеді. Атақты ғалым, дәрігер ибн Сина өзінің әйгілі медициналық жүйесін жасағанда Фарабидің теориялық кағидаттары мен нұсқауларына сүйенген.
Ұлы ұстаздың география ғылымына жетік болғанын көрсетететін деректер де баршылық деп жазады А. Көбесов. Оның кезінде география мәселелері астрономиялық мағлұматтармен тығыз байланыста қарастырылған.
Фарабидің алхимия, химия туралы дұрыс көзқарасы, қағидасы кейінгі ғасырлардың Ибн Сина, Омар Хайям, Леанордо да Винчи және тағы басқа алдыңғы қатарлы оқымыстылары тарапынан қолдау тапқан деп тұжырымдайды А. Көбесов өз зерттеулерінде.
А. Көбесовтің білім беруде жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарының өзара сабақтастығына көңіл аударуы Фарабидің «Ғылымдар энциклопедиясындағы» ойларынан туғанын түсінуге болады.
2. 2 Әл-Фараби және география ғылымы
Ол бала кезінен сол дәуірдегі өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұхара, Самарқан, Мерв, Бағдат, Харран, Рей, Каир, Алеппо, Шам қалаларында болып, білімін үнемі жетілдіріп отырған. Жетілдіре жүріп көп сала мен ғылымдарды қатар ала жүріп зерттеп, тереңіне үңіле білген. Сондықтан болар Әл-Фарабидің «екінші ұстаз» атанғаны.
Фарабидің кейінгі кезге дейін белгісіз осындай медициналық трактаты мәлім болып отыр. Медицина (тәуіптік) мәселелеріне арналған бұл еңбектің толық аты «Адам ағзалары жөнінде Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактат». Гален Клавдий- біздің заманымыздың 130-200 жылдары шамасында өмір сүрген Рим дәрігері және табиғат зерттеушісі. Одан бізге жеткен азын-аулақ еңбектердің өзі Галеннің атақты Гиппократтан кейінгі ерте дүние медицинасындағы ең үлкен ғалым дәрігер болғанын көрсетеді. Гален орта ғасырлар заманында өте үлкен, талассыз беделге ие болған, медицина, биология ғылымынгың кемеңгері болған.
Ал, Аристотель болса, жалпы ғылымның, оның ішінде, медицина мен жаратылыстану ғылымдарының да «пайғамбары» болғаны мәлім. Фәрәби ескі дүние медицинасының екі алыбы жайлы трактат жазып олардың ұстаған ғылыми принциптерін, әдістерің саралап араларын ашып беруді көздеген, төрелік айтқан. Бұдан Фәрәбидің медицина, биология жөніндегі өзінің көзқарасын айқындау мүмкіндігі туып отырғандықтан, осы аталмыш ғылым салаларын зерттеуші ретінде төрелікті ол өзінің ғылымды жасау әдісіне сүйене отырып айтқан. Атақты дәрігер ибн Сина Фарабидің осы еңбекте және басқа медициналық трактаттарында баяндалған теориялық принциптері мен нұсқауларына сүйене отырып өзінің әйгілі медициналық жүйесін жасаған.
Ұлы ұстаздың география (жағрафия) ғылымына жетік болғанын көрсетететін деректерде баршылық деп жазады А. Көбесов. Оның кезінде география мәселелері астрономиялық мағлұматтармен тығыз байланыста қарастырылатын. «Математикалық астрономияның бір тарауында, - Фараби бұл туралы «Ғылымдар энциклопедиясында» былай дейді, - Жер мекенделген және мекенделмеген тұрғысынан зерттеледі, мекенделген бөлігінің шамасы анықталады, үлкен бөліктер - климаттардың (территория) саны көрсетіледі, сол климаттарға сәйкес мекенді пункттар тізімі келтіріледі, олардың орны мен реті сипатталады, әлемнің (аспанның) айналуы салдарынан әрбір климатта және мекенді пунктте болмай қоймайтын құбылыстар баяндалады, бұлар: күн мен түннің ауысуы, шығу және бату құбылыстары, күн мен түннің ұзақтығы жіне олардың өзгеруі».
... жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz