Табылған бағалы қағаздар


Мазмұны
Кіріспе . . .
І-тарау. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің негіздері . . .
- Инвестицияның экономикалық мәні және оның түрлері . . .
- Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару әдістері . . .
- Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі . . .
ІІ-тарау. Екінші деңгейлі банктерде инвестициялық портфельді басқаруды талдау («БТА» АҚ мысалында) . . .
2. 1 Қазақстан Республикасы ЕДБ- дің инвестициялық портфелін талдау және бағалау . .
2. 2 Инвестициялық портфельдің табыстылығы және оның депозиттік сыйақымен байланысы . . .
2. 3 Коммерциялық банктерде инвестициялық портфельді қалыптастырудың тәртібі . . .
ІІІ-тарау . Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін жетілдіру жолдары . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Дипломдық жұмыс коммерциялық банктерде депозиттік портфельді басқару тақырыбына арналған.
Қазақстан Республикасы алдынғады міндеттер, алға қойған мақсат әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру әлемдік кеңестікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жету, арлас экономиканы қалыптастыру, түрлі меншік иелеріне жол ашу, рынок орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізу.
Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа да банктердің қаражаттарын салым ( депозит) түрінде тартады. Банктер тартатын қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі болып табылады. Олардың негізгі түрлері - банктердің клиенттермен жұмыс істеу барысындағы тартқан қаражаттары (депозиттер) және банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерін шығару жолымен жинақтаған қаражаттары (депозит және жинақ сертификаттары ) болып табылады. Банктің пассивтік операцияларды жүзеге асыру барысындағы ресурстық базасын қалыптастыруы оның активтік операцияларына қатысты маңызды рөл атқарады. Банктік ресурстың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларын жүргізунен қалыптасатыны белгілі. Оның қызметінің тұрақтылығы депозиттік операцияларын тиімді жүргізуіне байланысты. Осыған байланыстыресурстық потенциалды өсіру және пассивтерді тиімді басқару арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері өзекті мәселеге айналды.
Осыдан, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып Қазақстанның қаржылық нарық жағдайымен байланысты салымды объективті түрде талап етеді және нарық табысқа бағытталады. Осының барлығы дипломдық жұмыстың тақырыбын талдауға әсер етті.
Осы жұмыстың зерттеу объектісі болып - Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердегі депозиттік портфельдің қазіргі жағдайы және жүзеге асырылу механизмі болып табылады, сондай -ақ «КазИнвестБанк» АҚ - ның депозиттік портфельді басқару мәліметтері бойынша есептік көрсеткіштері мен практикалық тәжірибелері алынды.
Зерттеу пәні - коммерциялық банктердің депозиттік операцияларды жүргізу процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.
Жұмысты жазу барысындағы зерттеудің жаңалығы - Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің жүзеге асырып жатқан депозиттік операцияларының кейбір шарттары толықтыруды қажет ететіндігі анықталады. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделгенде депозиттік портфель сапасын әрі қарай жетілдіру арқылы депозиттік базаны көбейтуге болатындығы айқындалды.
Банктің ең негізгі мақсаты - максималды табыс табу болып табылады, ол банктің мобилизацияланған ақша ресурстарын неғұрлым тиімді орналастырып, пайдалану арқылы жүзеге асады. Депозиттік портфельді басқару банктің сырттан тартылған қаражаттарды орналастырудың тиімді жолдарын тиімді пайдаланумен байланысты. Қазіргі уақытта коммерциялық банктер сырттан тартылған қаражаттарды орналастырған кезде тек нарықтық критерийлерге, яғни өтімділікке, табыстылыққа және тәуекелділікке негізделеді. Бұл өз кезегінде банктің депозиттік портфеліне әсер етеді.
Осы жұмыстың мақсаты банктің депозиттік портфелінің теориясы мен практикасына талдау жүргізу, депозиттік портфельді басқару түрлерін, әдістерін анықтау және бағалау және олардың ішінен ең тиімдісін таңдау болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылады:
- банктің депозиттік портфелінің мәні және түрлері мен ерекшеліктері;
- коммерциялық банктер инвестиция жасайтын қаржы инструменттері;
- инвестициялық портфельдің табыстылығына талдау және оның депозиттік сыйақымен байланысы;
- депозиттік саясаттың банктердегі қолданылуын талдау;
- коммерциялық банктерде депозиттік портфельді басқаруды жетілдіру жолдары;
- ҚР -ның депозит нарығын жетілдіру жолдарын ұсыну.
Осы жұмыстың методологиялық негізі - депозиттік портфельге талдау жасаған шетел және отандық экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми еңбектері, Д. Т. Бохаев, У. М. Искаков, және Э. А. Рузиеваның «Финансовые рынки и посредники» оқулығын, С. Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» кітабын, Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілірі, Ұлттық Банктің ережелері мен нұсқаулары алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, онда дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысын жазу барысында статистикалық, аналитикалық зерттеу әдісі қолданылды.
1. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің негіздері
1. 1 Инвестицияның экономикалық мәні және оның түрлері
"Инвестиция" сөзі латынша "invectire" қазақ тіліне аударғанда қаражат салу, жұмсау дегенді білдіреді. "Инвестиция" сөзі отандық экономикамыз үшін біршама жаңа термин. Олай болып келу себебі, кешегі бір орталықтан жоспарлау жүйесінде, 1991 жылға дейін оның орнына "капитал жұмсалымы" деген сөзі жиі қолданылды. Енді осы екі сөздің арысында қандай айырмашылық болуы мүмкін, соған мән берейік.
Инвестиция ұғымы капитал жұмсауға қарағанда кең мағыналы. Жоспарлы экономика тұсында "капитал жұмсалымы" деп негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалынатын, соның ішінде оларды жөндеу шығындарын қамтитын барлық шығындарды түсінген. Ал инвестиция ұғымына келсек, қазіргі экономикалық әдебиеттерде, соның ішінде сөздіктерде оған әртүрлі ұғымдар берілген. Осы ұғымдарға тоқталайық.
Б. А. Райзберг, Л. Ш. Лозовский және Е. Б. Стародубцеваның жазған экономикалық сөздігінде: "Инвестиция - пайда табу мақсатында өз елінде немесе шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына, кәсіпкерлік жобаларға, экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді " - делінгсн.
Лапусты М. Г. және П. С. Никольскийдің жалпы редакцияны басқарумен дайындалған сөздікте: "Инвестиция - табыс алу және әлеуметтік тенділікке қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік объектісіне және басқада құндылықтар түрлеріне жұмсалынған ақшалай қаражаттар, мақсатты банк салымдар, пайлар, акциялар және өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар, және интелектуалдық құндылықтар" - деп түсіндірілeді.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік берілген: "Инвестициялау - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрлері, соның ішінде :
- жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық, ұстау құқығы, өңдеусіз ұстауға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде нысандары;
- облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
- инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті қызметтер, тауарлар, ақшалай сомаларды талап етулер;
- интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп үлгісі, технологиялық процестер, ноу-хау3, нормативтік-техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық құжаттар;
- лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез келген құқықтар ".
Б. А. Колтынюктің еңбегінде: «Инвестициялау - бұл көптеген экономикалық игіліктерді өндіру үшін капитал (ресурс) қорын жасау немесе толықтыру. Қаржы және экономика тұрғысынан қарағанда инвестициялау - бастапқы жұмсалынатын капиталдан асатын мөлшерде алдағы уақыттарда таза пайда алу мақсатында экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімде жұмсау» -деп сипаттама береді.
И. В. Сергеев, И. И. Веретникованың еңбегінде инвестиция деп - пайда немесе басқа да тиімділікке қол жеткізу мақсатында жаңа
кәсіпорындар құру, жұмыс істеп отырған кәсіпорындарды кеңейту, кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар мен активтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары, мүліктік және интелектуалдық құндылықтарды түсіндіреді
3
.
Инвестицияның мазмұнын сызба түрінде беруге болады:
Ресурстар (құндылықтар)
Жұмсалымдар (шығындар)
Пайда табу және әлеуметтік тиімділікке жету
Іс-жүзінде инвестицияларды мынадай түрлері белгілі:
Мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік бюджет есебінен және басқа да мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық және әлеуметтік дамуға бағытталған инвестициялар;
Жеке инвестициялар, корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті және тартылған қаражаттары, сондай-ақ азаматтардың жинақтары есебінен жүзеге асатын инвестициялар;
Шет елдік инвестициялар пайда табу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шет елдік инвесторлардың (мемлекеттің, банктердің компаниялардың, кәсіпкерлердің) барлық мүліктік және интелектуалдық құндылықтары;
Инвестиция туралы заңға сәйкес "шет ел инвестициясы -Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық қорына қатынасу нысанында, сондай-ақ оларға займдар (несиелер) беру және Қазақстан Республикасының "Лизинг туралы" заңымен көзделген шартпенен лизинг заттарын беру жолымен жүзеге асырылатын инвестицияларды білдіреді. Қазақстан Республикасы аумағында шет ел инвесторлары заңмен тиым салынбаған кез келген объектіге жұмсалынады. Инвестициялау объектілеріне мыналар жатады:
- халық шарушылығының барлық салаларындағы жаңаданқұрылатын және жаңартылатын негізгі қорлар мен айналымқұралдары;
- мақсатты ақшалай салымдар;
- ғылыми-техникалық өнімдер;
- интелектуалдық құндылықтарға қатысты құқықтар;
- мүліктік құқықтар.
Шет ел инвестициясы мынадай жолдармен жүзеге асады:
- занды және жеке тұлғалармен бірігіп үлес қосу;
- шет ел инвесторларына толық тиеслі кәсіпорындар, сондай-ақшет елдік заңды тұлғалардың филиалдарын құру;
- кәсіпорындар, ғимараттар, құрылғылар, кәсіпорындарға қатысуүлесін, пай, акциялар, облигациялар жөне өзге де бағалықағаздарды сатып алу;
- жерді және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқығынсатып алу;
- займдар мен несиелер беру;
- мүліктер мен мүліктік құқықтар беру".
Өндірістік инвестициялар , жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта құруға және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа құрлысқа капитал жұсмаумен байланысты инвестицялар.
Интелектуалдық инвестициялар интелектуалдық және рухани өнімдерді жасауға жұмсалатын инвестициялар.
Бақыланатын инвестициялар басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.
Бақыланбайтын инвестициялар басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан томен белігін иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар. Инвестицияның төмендегідей типтері болады:
1) Портфелъдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына және басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары.
Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады жөне өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельдік иневстицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер, инвестициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында портфельдік иневстициялардың құрылымында корпоративтік бағалы қағаздарға қарағанда мемлекеттің бағалы қағаздарына жұмсалымдардың үлесі біршама жоғары. Оның себебін мемлекеттің бағалы қағаздарына салынған қаражаттың сенімділігін, яғни тәуекелге ұшырамайтынан көруге болады. Ал корпоративтік бағалы қағаздар қаншалықты табысы жоғары болса, соншалықты олардың тәуекелі де жоғары болып келеді.
- Нақты капитал (капитал жасайтын) өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.
- Материалдық емес активтерге салынган , жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылыми-техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар. Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызмет атқарады. Инвестицияның қызметінсіз кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметтерін екі деңгейде бөліп қарауға болады:
I. Макродеңгейде атқаратын қызметтері, оған мыналар жатады:
- ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;
- ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету;
- отандық өнімдердің сапасын жақсартып, олардың бәсекелестікқабілетін арттыру;
- экономиканың барлық салаларының бірдей дамуын қамтамасызету;
- әлеуметтік аяны, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, білім саласын дамыту;
- жұмыссыздық мәселесін шешу;
- инфляция қарқынын тежеу;
- қоршаған ортаны қорғау;
- әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялау;
- мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету.
II. Макродеңгейдегі атқаратын қызметтері мыналар:
- өндірісті кеңейту және дамыту;
- негізгі қорлардың шамадан тыс моральдық және заттай
тозуын болдырмау;
- өндіріс деңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;
- нақты кәсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру және бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
- табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;
- бағалы қағаздар сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражат жұмсау.
Барлық инвестицияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады:
1) Инвестицияны жұмсау объектісіне қарай:
- нақты (капитал жасаушы) инвестициялар;
- портфельдік инвестициялар;
- қаржылық емес инвестициялар.
2) Инвестициялау мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін) инвестициялар;
- орта мерзімді (1-ден 3-5 жылға дейін) инвестициялар;
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) .
3) Инвестицияға қатысу нысанына қарай:
- тікелей инвестициялар;
- жанама инвестициялар.
4) меншік нысанына қарай:
- аралас (бірлескен) инвестициялар;
- шет елдік инвестициялар;
- мемлекеттік инвестициялар;
- жеке меншік инвестициялар.
5) аумақтық белгісіне қарай:
- шет елде инвестициялау;
- елдің ішінде инвестициялау;
6) пайдалану бағытына қарай:
- өндірістік бағыттағы иневстициялар;
- өндірістік емес бағыттағы инвестициялар.
Сонымен қатар инвестицияларды ішінара жіктеуге болады. Нақты инвестициялардың екі топқа бөледі:
1-топ. Өндірісті дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:
- өндірісті қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға;
- өндірісті кеңейтуге;
- жаңа өнім шығаруға;
- өнімді жаңғыртуға және жаңа ресурстарды игеруге.
2-топ. Өндірістік емес саланы дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:
- тұрғын үй құрылысына;
- спорт және сауықтыру объектілеріннің құрылғыларына;
- еңбек жағдайын жақсартуға;
- техникалық қауіпсіздік деңгейін артыруға. Портфельдік инвестицияларда екі топқа бөлінеді.
1-топ. Бағалы қағаздар сатып алуға бағытталған инвестициялар, соның ішінде:
- кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға;
- облигациялар сатып алуға;
- басқа да бағалы қағаздар сатып алуға.
2-топ. Басқа кәсіпорындардың активтеріне жұмсалған инвестициялар, соның ішінде:
- өндіруші-кәсіпорын активтеріне қаражат салу;
- қаржы-несие мекемелерінің активтеріне салу;
- басқа да коммерциялық ұйымдардың активтсріне салу.
ҚР заңына сәйкес инвестициялық қызмет - инвестициялауды жүзеге асыру процессімен байланысты кәсіпкерлік қызметті сипаттайды.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде инвестициялық қызмет - пайда табу немесе қандай да бір тиімділікке қол жеткізу мақсатында инвестиция жұмсау және іс-тәжірибелік әрекеттер ретінде түсіндіріледі.
Жалпы инвестициялық қызметті екі жақты түсінуге болады. Кең магынада инвестициялық қызмет - инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға қаражат немесе капитал жұмсау, сондай-ақ инвестициялық бағадарламалар мен жобаларды іске асыруға байланысты іс-тәжірибелік әрекеттердің жиынтығын, ал тар мағынада инвестициялық қызмет - инвестициялық процессті білдіреді.
1. 2. Инвестициялық тәуекелдер және оларды басқару әдістері
Инвестициялық портфельді басқару кезінде туындайтын тәуекелдің проблемалары ең негізгі орынды алады. Ауыспалы экономика кезіндегі тәуекелдер тұрақты экономика кезіндегі тәуекелдерге қарағанда көп мөлшерде жоғары.
Қазіргі кезде Қазақстанда жеке эмитенттердің сенімділік проблемалары өте көп. Сондай - ақ клиенттердің және мемлекеттің сенімділігі болуы керек. Инвестициялық портфельді басқару классикасының жалпы танымал деп Марковиц теориясы болып саналады. Ол тәуекелді жақсы диверсификацияланған статистикалық өлшемнің көмегімен анықталады.
Практикада және де теорияда бастапқы тапсырма - капиталды салған уақытта тәуекелге ұшырайтын және тәуекелге ұшырамайтын салымды бөліп ажыратып алу қажет.
Инвестициялық портфельде ғалымдардың айтуы бойынша үш турлі тәуекелдің типтерін бөліп көрсетуге болады:
- бірлік тәуекелі - бұл жерде бағалы қағаздар тәуекелі басқа портфельдегі бағалы қағаздармен байланыссыз болғандағы тәуекел.
- корпорациялық тәуекел - бұл жерде бағалы қағаздардың тәуекелі портфельдегі бағалы қағаздармен байланысқанда туындайтын тәуекел.
- нарықтық тәуекел - бұл жерде диверсификация жағдайында туындайтын тәуекел.
Егерде портфельдің типтерін тәуекел деңгейіне байланыстырып қарасақ, олардың классификациясын қарастыру керек. Оларды консервативті, орташа - селективті, селективті және рационалды емес деп бөлеміз. Әрбір инвестордың типіне сәйкес өздерінің бағалы қағаздар портфелінде типтері бар:
- сенімділігі жоғары, бірақта табысы төмен.
- диверсификацияланған.
- тәуекелділікке барғанымен де жоғары табыс әкеледі.
- жүйесіз.
Селективті инвестор - тәуекелдің жоғары деңгейіне көп келеді.
Консервативті инвестор - ол тәуекелділігітөмен деңгейдегі амалдарды іздейді. Ол көбінесе облигациялармен және қысқа мерзімдегі бағалы қағаздармен жұмыс істейді.
Орташа селективті - ұзақ мерзімді капитал салымы және оның өсімі. Осы айтылғандар төмендегі кестеде көрсетілген.
Инвестициялық портфельдің тәуекелділік бағасы тәуекел коэффицентін есептегенде және сәйкес инвестицияның түріне салымдардың мөлшеріне байланысты. Бастапқыда әрбір инвестицияның түріне байланысты тәуекелдің көрсеткіштері есептеледі.
9-кесте. Банктің инвестициялық портфелінің типтерін анықтайтын қаржы
инструменттері.
Ескерту -www. Bta. kz мәліметтер жинағынан алынған
Жалпы инвестицияның соммасы мына формула бойынша есептеледі:
Σ Ii Ri
R =
Σ I
R - жиынтық тәуекелі
Ii - инвестициялық салымдар
Ri - тәуекелдің көрсеткіші
I - жалпы инвестиция көлемі.
Берілген формула әртүрлі инвестицияның табысының динамикасы мекемелерде инвестициялық портфельді бағалау кезінде өтімділік және проценттік тәуекел тұрғысынан тәуекел деңгейінің көрсеткіштерін қолдануға болады. Инвестициялық активтердің арасындағы және мерзімі есептеледі.
S = Σ t Ia t - Σ t Ip t
S - тәуекел деңгейінің көрсеткіші
Ia t - инвестициялық салымдар мерзімі бойынша өлшенген
Ip t - инвестициялық салымдардың қаржыландыру көздері мерзімі бойынша өлшенген.
Б. Айдосовтың айтуы бойынша тәуекелдерді басқару процесін келесі сатыларға бөлуге болады:
- талданған объектілерді таңдау және дәрежесінің деталін қарастыру;
- баға тәуекелінің әдісін таңдау
- баға тәуекелі
- тәуекелді сату қорытындысын таңдау
- тәуекелдің төмендеу шараларын таңдау
- таңдалған шараларды сату және таңдау
- жеткілікті тәуекелдің бағасы.
Автордың айтуы бойынша Қазақстандық инвесторларды тәуекелден қорғау үшін қор нарығында маманданған қызметкерлердің нәтижесінде орындалады. Тәуекелді минималдау мақсатында маманданған қатысушыларда бағдарламаларды талдау қажеттілігі пайда болады. Сондай - ақ маманданған қорды кәсіби қатысушылар компенсация алу мақсатында құрды.
Портфельді басқару тәуекелінің жүйесі өте маңызды болып есептеледі. Сондай - ақ инвестициялық портфельдің тәуекелінің бағасына талдау жүргізіп, оларды басқара алу керек.
Портфельді инвестициялау теориясына байланысты қор нарығында тәуекел екі түрде болады:
-спецификалық тәуекел немесе жүйесіз тәуекел, олар микроэкономикалық болып анықталады, әрбір компанияның факторы жан - жақты болып табылады.
- жалпы нарықтық немесе жүйелі тәуекел, ол макроэкономикалық және саяси жағдайлармен байланысты, әрбір компанияның акциялары айналымды болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz