Адам құқықтары, әйел құқықтары және жынысқа негізделген зорлық-зомбылық терминдерінің сөздігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыстың мәтінінде кездесетін терминдер сөздігі

1. АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ДЕГЕНІМІЗ - кез келген адам өзінің жынысына, ұлтына, жасына, әлеуметтік не экономикалық мәртебесіне, діни не саяси тиістілігіне қарамастан, дербес құқықтар спектрін иеленді. Адамның құқықтар жүйесі жеке тұлғаның артықшылығын және әрбір адам дербес құқық иесі екендігіне байланысты, басқа адамның құқығын сыйлау тиістілігін мойындауғанегізделген.

2. АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ:

-ӘМБЕБАПТЫҚ-адамның құқығы әмбебап болып саналады, Әрбір адам өзінің әлеуметтік мәртебесіне және туған жеріне қарамастан, оларға, ие болады.

-ДЕРБЕСТІК-адамның құқығы өзінен тартылып алынбайды. Оларды жоғалту мүмкін емес, өйткені ол адам болуды тоқтату мен бірдей.

-ТЕҢДІК-ер адамдар, әйелдер мен балалар бірдей дәрежеде адам құқықтарына иеленеді.

-КЕМСІТПЕУ-кез келген адамның жеке бостандығы және азаматтық артықшылығы бар, сондықтан мемлекеттердің адамды оның

жынысына, жасына, мугедектігіне, жыныстық ерекшелігіне, географиялық

орнына және т. б жағдайларға байланыстыкемсітуге құқығы жоқ. - БӨЛІНБЕУШІЛІК-адамның құқықтары жүйесінде иерархия мүлдем жоқ. Бұл барлық құқықтары біркелкі мағыналы, біріктірілген және өзара байланысты жүйе.

-ӨЗАРА БАЙЛАНЫС-адамның құқықтары өзара байланысты және тәуелді. Бір топ құқықтардың дамуы басқа топтардың дамуын ынталандырады.

3. ӘЙЕЛДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бұл әйелдердің адам екндігіне куәландыратын, соған лайықты барлық

адамдармен қатарлас, біркелкі дәрежеде құқықтарға ие болатындығын мойындайтын тұжырымдама. Көбінесе әйелдер өзінің мәртебесі үшін ғана заң бұзушылықтың құрбаны болады. Бұл адам құқығына қол сұғу болып саналады.

Сонда әйелге зорлық жасау мен адамның құқықтарына қауіп төндірудің арасында қандай байланыс бар?Бүгінгі күні әйелге күш көрсету теңдік, толық дәрежеде даму және бейбітшілік жолындағы үлкен кедергі. Егер бұны тоқтатпаса, әйелдің мәртебесін көтерудегі ұмтылыстардың барлығы босқа қалады. Зорлық әйелдерді азаматтық дербестігінен айрылтып, олардың адамдық қасиеттері мен құқықтарын жоққа шығарады. Бұл жағдайда көптегенжылдар бойы қалыптасып келген әйел мен ер адамның арасындағы теңсіздік, тайға таңба басқандай, анық көрінеді. Бұл міндетті турде әйелдің қысылуына және қатаң кемсітушілік құрбаны болуға әкеліп соғады. Неғұрлым күш көрсету кеңінен таралса, соғұрлым әйелдер бірінен соң бірі сөйлеу, өрбитін құқық пен еңбек ету құқығынан айрылады.

Дәстүрлі көзқарастардың салдарынан бүгінгі күнге дейін әйелді бағындыру мен оларға күш көрсету қоғамда кең орын алады.

4. ЖЫНЫСТЫҚ НЕГІЗДЕ КҮШ КӨРСЕТУ - бұл жеке тұлғамен, ұйыммен немесе кәсіпорынмен әйел адамның нақты өзіне, оның әйелдігіне жасалған зорлық.

Әйелдерді кемсітудің барлық сардарларын жоққа шығару жөніндегі Конвенцияның 5 бабы, а) торабы қатысушы мемлекеттерді кемсітушілікке әкеліп соғатын әлеуметтік және мәдени салдарға назар салуды міндет етеді. Ол әйелдер мен ер адамдардың тең дәрежелі қарым қатнасын-қолдап, бір-біріне қарағандағы кемсітушілікті жоюға бағытталған.

5. ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ - қоғамдық немесе жеке өмірде жынысы негізінде жасалған, әйелге тәни, жыныстық немесе

психологиялық залал немесе азап келтіретін немесе келтіруі мүмкін кез келген зорлық-зомбылық әрекеті сондай-ақ осындай әрекеттің жасалу қатері, бас бостандығынан мәжбүрлеп немесе ерікті түрде айыру.

6. ОТБАСЫНДАҒЫ НӘПСІЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ - бұл отбасының басқа бір мүшесінің жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық еркіндігіне қол сұғатын әрекет, сондай-ақ жасы кәмелетке толмаған адамға қатысты нәпсілік сипаттағы іс-әрекет.

7. ҮЙДЕГІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ (отбасындағы зорлық-зомбылық) -егер бұл іс-әрекет отбасы мүшесінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсету, оның тәнін немесе жан дүниесін қинап, моральдық зиян келтіру немесе отбасы мүшесінің дене жағынан немесе жеке басының дамуына қатер келтіретін болса, отбасының бір мүшесінің екінші мүшесіне қатысты кез келген қасақана іс-әрекеті.

8. ЖЫНЫСЫ БОЙЫНША КЕМСІТУ - жынысы бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе қысым көрсету, сондай-ақ оның қадір-қасиетін түсіру. Кемсітудің ең кең таралған

турі жынысы нышаны бойынша кемсіту болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси, кәсіптік және іскерлік этика: зорлық-зомбылық, төзімділік және адам құқықтары
Отбасымен және жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс: әлеуметтену, балалар құқықтары және отбасылық зорлық-зомбылық
Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге әлеуметтік көмек көрсету технологиясы
Ислам дініндегі адам мәселелері: жаратылуы, құқықтары және еркек пен әйел теңдігі
Зорлық-зомбылық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық тұжырымдамасы және жіктелуі
Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы
Тұрмыстық зорлық-зомбылық: құқықтық талдау, түрлері және күресу шаралары
Исламдағы әйел құқықтары: теологиялық негіздер мен мұсылман қоғамдарындағы реалиялар
Зорлық-зомбылық қылмыстарының криминологиялық мәні және қылмыстық-құқықтық негіздері
Зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық: Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz