Шешімдер варианттарын тұжырымдау


КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар.
Қазақстанда банк ісін тиімді дамытудың маңызды элементі несиетік ұйымдардың ішкі және сыртқы бақылау жүйесін құру тәсілдемелерін жетілдіру болып табылады.
Жүргізілген зерттеулер нарық жағдайында бақылаудың мәні де өзгеретінін көрсетті, ендігі уақытта ол:
- басқарушылық қызметтің ажырамас бөлігі;
- басқарушылық шешім қабылдау процесінде ақпараттық қамтамасыз етудің көзі; басқарушылық шешімдердің орындалуы туралы қажетті ақпарат алуға болатын кері байланыс механизм ретінде болады.
Банк тәуекелдері экономикалық тәуекелдер санатына кіретіні белгілі, сонымен бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелді оқиғаның салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне көлеңке түсуі мүмкін, ал осы залалды бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана бағалау мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау қажет екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме пайда болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән тәуекелді болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі ішінара ғана белгілі.
Қазақстан Республикасының банктік сферасының әлемдік қаржылық дағдарыс салдарынан макроэкономикалық өзгерістерге ұшырауы, соның ішінде импорттық либерализациялау, бағалар реформасы, фискальдық тәртіптің үдетілуі, девальвация және тағы да басқа нарықтық экономикаға тән өзгерістер орын алды, яғни ғаламдық өзгерістер банктік жүйеде осындай сипаттар көрсетуде. Осы тұрғыда еліміздің банк жүйесінің функцияларының нәтижелілігі қабылданатын шешімдерге байланысты екендігін ескерсек, тақырыптың өзектілігінде күмән жоқ.
Дипломдық жұмыстың мақсаты басқарушылық шешімдерді теориялық және тәжірибелік материалдарды зерделеу нәтижесінде тәуекелділік пен анықталмағандық жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы орайда келесі міндеттер алға қойылды :
- басқарушылық шешімдердің теориялық негіздерін зерделеу;
- банктегі басқарушылық шешім қабылдау технологиясындағы ерекшеліктерді талдау ;
- басқарушылық шешім қабылдауда тәуекелділіктерді бағалау
- банктегі басқарушылық проблемалар және оларды шешу жолдарын анықтау;
- мониторинг басқару процессінің тиімділігін арттыру құралы ретінде қарастыру.
Кіріспеде тақырып өзектілігі, дипломдық жұмыс мақсаты мен міндеттері көрсетілген.
Бірінші бөлімде басқарушылық шешімдердің теориялық негіздері зерделенген . Атай айтқанда басқарушылық шешімдердің мәні, қабылдау реті мен дайындалуы, шешім түрлері қарастырылған.
Екінші бөлімде зерттеу объектісі болып табылатын « Еуразиялық банкі» акционерлік қоғамындағы басқару жүйесіне, соның ішінде басқарушылық шешімдерге талдау жұмыстары жүргізілді.
Үшінші бөлімде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттелген материалдар негізінде « Еуразиялық банкі» акционерлік қоғамындағы шешім қабылдау жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар келтірілген.
Қорытынды бөлімде жалпы дипломдық жұмыстың мақсатына қатысты орындалған барлық міндеттер мен мәселелер бойынша нәтижелер мен қорытынды ұсыныстар көрсетілген.
Осы проблемаларға байланысты әр банкте тәуекелдерді басқарумен тікелей айналысатын функционалдық құрылым қалыптастыру қажеттілігі туындады. Аталмыш құрылым қазіргі заманғы талаптарға сәйкес тәуекел-менеджменті деп аталады және банкке қаржы нарығының барлық секторында тиімді жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуді, сонымен бірге пайыздық ставкалардың өзгеруі, валюта бағамдарының төмендеуі, қарыз берушілердің банкроттығы және т. б. сияқты қиындықтарды.
БӨЛІМ 1 МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Басқару шешімінің мәні, қасиеті және шешімдердің түрлері
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді меселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез-келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады. Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірбиесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, техналогияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірбиесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басшы сонымен қоса жете ойластыруы, жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез-келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Басқару шешімі ұйым мен оның мүшелеренің алдында тұрған мақсатына жетуіне тура немесе жанама байланыс әрекеттерді іске асыру қажеттілігі және олардан тартылу жөніндегі ойластырылған қорытынды. Шешім қабылдау қажеттілігі соған байланысты мәселелердің баршылығымен анықталады, яғни ненің бар және ненің болуы керек тәжірбиелік сұрақтарымен сипатталады. Мысалы, мұндай ашықтық ұйымның өз мүшелері, іскерлік серіктестері және жалпы қоғамның тұтастай сол ұйымынан күткен мүмкіндіктері мен оның күткен ойларда қанағаттандыру қабілеттілігінің арасында болуы мүмкін.
Мәселе әрдайым белгілі бір мағынада нақты бір жермен байланыстылығында пайда болуы және шешілу уақытымен, қайталану жылдамдығымен; мөлшерлік параметрлерімен соған қатысты адамдардың аясымен болады. Бұл адамдар мәселенің тууына себепкер, сақталуында қызығушылығы бар оның шешілуіне жол табушылар болуы мүмкін әдетте. Мәселенің туу себебі не оны шешудің жолдары немесе екеуі де анық болмайды.
Сондықтан, шешім табу мәселелердің өзіндік құрылымын түсіну мен оның жеке элементтерінің ішкі өзара байланысына жол ашатын арнайы зерттеулерді қажет етеді.
Нәтижелі шешім - коммерциялық кәсіпорынның тіршілік етуінің кепілі. Бұлар басқарудың әрекеттегідей өз бөлімшелерінің жемісті еңбегіне қажет шешімдер шығаруды, ал жаңа бастаған басқарушы шешімнің маңызын тез түсініп, дұрыс шешім қабылдаудың қиын екендігін сезінеді. Шешім қабылдау - басқарушының күнделікті жұмысының бөлігі. Профессор Ф. Харисонның айтуы бойынша шешім қабылдау бұл - әр түрлі ұйымның басқаруындағв интегралды бөліп, берілген аумақтағы жауаптылық менеджерді менеджер еместен және, ең бастысы, нәтижелі дұрыс атқаратын менеджерді өзінен белсендігі төмен қызметтесінен ерекшелейді.
Профессор Минсбергтің нұсқауы бойынша, әрбір басқарушының төрт түрін ашып көрсетті: кәсіпкер, жұмыстағы кемшіліктерді қалпына келтіруші маман, қорларды таратушы және келісімге келтіруші маман. Менеджердің жұмыс сипаты өзі тұрған басқару деңгейіне байланысты болғандықтан, түрлі деңгейде қабылданатын шешімдер түрінің өзгешелігі болады.
Шешім қабылдау процесі - альтернативаларды таңдауында. Бұл негізінде бірнеше сұраулардың жауабы. Бүгінгі күрделі әрі шапшаң өзгеретін ұйымдардың өмірінде көптеген альтернативалар менеджерлердің қоластында, сондықтан, адамдар тобының алдына мақсат қойып және оған жету үшін көптеген сұрауларға жауап беру қажет. Әрбір басқарушылық қызмет өмірде іске асырылуы тиіс бірнеше жалпы маңызы бар шешімдермен байланысты.
Ұйымдық шешім дегеніміз - әрбір басқарушының өзіндік қызметіне сәйкес міндеттерді орындауындағы таңдау. Ұйымдық шешімнің мақсаты - ұйым алдына қойылған міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ету. Сондықтан да, нәтижелі ұйымдық шешім шынымен іске асырылған және соңғы мақсаттарға жетуге үлкен үлесін қосқан таңдау болып табылады. Ұйымдық шешімді бағдарланған және бағдарланбаған деп қарастыруға болады.
Шешім қабылдаудың шарты мен шектеуін тұжырымдау шешім қабылдау мақсатында, менеджер мәселені анықтағанда онымен не істеуге болатыны жайында өзіне есеп бере білуі керек. Мекеменің көптеген мүмкін мәселелерін шешу реалисті болмайды, себебі шешім қабылдау үшін не басшы, не мекеме қоры жеткіліксіз. Одан басқа, менеджер өзгерте алмайтын мекеме сыртындағы күштер - заңдар мәселе себебі болуы мүмкін. Іс-әрекетке шектеу қою шешім қабылдаудың мүмкіндіктерін тарылтады. Процестің тек содан кейін ғана баламасын анықтау босқа кетеді. Шектеу басшылар мен жағдайға байланысты түрленеді. Кейбір ортақ шектеулер қаржының адекваттығы емес, қажетті мамандығы мен тәжірбиесі мол, жұмысшы санының аздығы, тиімді бағамен ресурс сатып алуға жағдайдың жоқтығы, өте қымбат немесе жетілдірілмеген технологияға қажеттілік үлкен бақталастық; заңдар немесе этикалық пікірлер.
Көбінесе көп қиындықты жеңген немесе кіші мекемеге қарағанда ірі мекеме үшін шектеу аздау қойылады. Шектеуді теңестіруге қосымша менеджер таңдаудың альтернативті нұсқасын бағалайтын үлгі қалыбын анықтау қажет. Бұл үлгі қалыптарды шешім қабылдаудың межесі деп атау қажет. Олар шешімнің бағасы бойынша кепілдеме ретінде жүреді. Мысалы: автомобиль сатып алу туралы шешім қабылдай отырып, сіз оның құны 10 мың доллардан қымбат емес, үнемділігі 1 литр бензинге 10 шақырымнан кем емес, кеңдігі - 5 үлкен адамдық әдемілігі мен күтімі жағынан жақсы мінездемесі бар көлікті болжамдай аласыз. Бұл жағдайда межені салмақтау жүреді.
- Альтернативаны анықтау. Мақсатта шыққан мәселенің себебін табу үшін барлық іс-әрекетті жасап мекеменің мақсатына жетуіне жағдай жасау қажет. Тәжірбиеде басшы әр альтернативаны бағалап және қорытындылап шығуға уақыты да білімі де жетпеуі мүмкін. Өте көп альтернативаны қарастыру реалисті болса да шатысуға әкеледі. Сондықтан басшы қалаулы дейтін бірнеше альтернативаны қарастыруға қалдырып таңдаудың нұсқаларына шектеу қояды. Осыған байланысты ықтимал шешімдердің кең спектірі ескерілгені жөн. Бірнеше ерекшеленген альтернативаны жетілдіру үшін қиын мәселелерді терең сараптау қажет. Не болатынын басшылық болжай алмаған жағдайда, ешқандай әрекет қолданбаса, шұғыл әрекет жасайтын кезде талаптарға жауап бере алмайтын қаупі бар. Әрекет жасау үшін іс-әрекет жасау мәселенің басты себебіне емес, сыртқы белгілерін сезіну мүмкіндігін жоғарлатады.
- Альтернативаны бағалау. Ықтимал альтернативаны тапқан жағдайда алдын-ала бағалау қажет. Зерттеу тұжырымды ойдың бағасынан алғашқы ойдың генерациясы бөлінген жағдайда альтернативалық ойдың саны да, сапасы да өсетінін көрсетті.
Бұл барлық идеяны тізімге алғаннан кейін ғана әр альтернативаны бағалауға көшу керектігін көрсетеді. Басшы шешімді бағалағанда әрқайсысының жақсы және жаман жағын анық ортақ салдарын қарастырады. Әр альтернатива жарамсыз аспектілермен байланысты екені түсінікті, сондықтан барлық басшылық шешімдер келісімдікті қажет етеді.
Ықтимал шешімді бағалауда менеджер алдында не болатынын болжауға тырысады. Болашақ әрқашанда белгісіз шешімді іске асыруға мүмкіндіктің жоқтығы және сыртқы ортаның өзгеруімен қоса көп факторлар ойлағанды іске асыруға кедергісін тигізуі мүмкін. Сондықтан, мақсаттарға сәйкес әр ықтимал шешімді іске асыру болып саналады. Егер қандай да бір шешімнің салдары қолайлы болып, бірақ іске асыру мүмкіндігі аз болса, ол көп қаланбайтын нұсқасы болуы да мүмкін. Басшы тәуекелділік пен белгісіздік дәрежесін ескере отырып мүмкіндікті бағалауға қосады.
4. Альтернативаны таңдау. Егер мәселе дұрыс анықталса, ал альтернативалық шешімдер түпкілікті таразыға салынып, бағаланса, талғам альтернативаны таңдайды. Бірақ егер мәселе қиын және көп мәселені ескеруге тура келсе, егер ақпарат пен қорытынды субъективті болса, бірде-бір альтернатива дұрыс талғамды болмауы мүмкін. Бұл жағдайда басты рөл тәжірбие мен пікірге беріледі.
Менеджер үшін тиімді шешімге жету әр түрлі альтернативтік нұсқауларды қарастыру көп жақты процесс сияқты. Зерттеуші Т. Саймон: мәселені шеше отырып басшы «максимизациялық» емес «қанағаттанарлық» мінез-құлыққа мойын ұсынатынын көрсетеді. Негізінде тиімді шешім барлық жөнді альтернативалар мен ақпаратты ескеруге мүмкіндіктің жоқтығы мен уақыттың жетіспеушілігінен табыла бермейді. Осындай шектеулерге байланысты басшы іс-әрекеттің қолайлы бағытын таңдайды.
- Тарату. Осыны іске асырғаннан кейін ғана шешімнің нағыз құндылығы белгілі болады. Альтернативаны таңдаумен мәселелерді шешу процесі аяқталмайды. Іс-әрекеттің бағытына қарапайым таңдау жасау мекеме үшін құндылығы аз болып саналады. Қолда бар мүмкіндіктен пайда табу немесе мәселені шешу үшін шешім таратылуы қажет. Іске қатыстылармен шешім мойындалса, шешімді іске асырудың тиімді деңгейі өседі. Кейбір жағдайда менеджер атқарушы адамға шешімді қабылдауды жүктейді. Жиірек менеджер мекемеге және оның әр мүшесіне оның таңдауы пайда әкелетінін, мекемедегі басқа адамдарға өзінің көзқарасы дұрыс екендігін дәлелдеуге тура келеді. Кейбір менеджерлер өз көзқарасын дәлелдеу бос уақыт өткізумен бірдей деп есептейді, бірақ «дұрыс болса да, бұрыс болса да мен бастықпын» деген көзқарас білімді адамдар әлемінде жүрмейді.
Осыған қатысты адамдар өз үлесін қосып не істеп жатқандарына қатты сенгенде ғана тиімді тарату мүмкіндігі әлдеқайда өседі. Сондықтан процесті қабылдауға басқа адамдарды тартып, шешімді мойындату жақсы әдіс болып табылады. Менеджердің ісі кем шешімді тарататынын таңдау. Бірақ, қолдау жасау шешімі қабылдаудың кепілдемесі бола алмайды. Шешімді толық іске асыру бүкіл басқару процесін, әсіресе мотивациялық және ұйымдастыру функцияларын іске қосуды талап етеді.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т. б, екінші жағдайда - проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі обьекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз- жүйенің қажетті және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т. б. ) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудын, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өндірістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп атап көрсетеді: «Тектен тек қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген болса да, шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады».
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі- мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез-келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.
Кез-келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі тиіс. Сонымен қоса кез-келген шаруашылық шешімі дәйекті болғаны жөн. Практикалық тәжірбие ғылым жетістіктеріне сүйенсін, яғни кез-келген шаруашылық шешімі ғылыми негізделсін. Басқару шешімі жан-жақты болуы, яғни шаруашылық мәселелерімен қоса әлеуметтік сипаттағы мәселелер де шешілсін.
Кез-келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы толық қамтылуы, әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.
Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың алуан түрлілігін жүйелеу, реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді.
Басқару субьектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:
1. Әкімшілік шешімі.
2. Қоғамдық ұйымдар шешімі т. б.
Басқару обьектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.
Ықпал ету обьектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы шешім ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындармен қарым-қатынасын қарастырады. Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.
Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті, және жедел деп бөледі.
Перспективалық шешімнің орындалуына ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан да астам) керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін салу, кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени-жоспарлы т. б. перспективалық шешімге жатады. Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан, перспективалық жоспарларда көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір-екі жыл аралығында жүзеге асырылады.
Жедел шешім. әдетте, қысқа уақыт ішінде (бірнеше апта, күн, ай) жүзеге асырылады.
Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.
Жекелей шешімдер- бұл басшының ұжыммен, немесе жекелеген адамдармен келісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі.
Алқалы шешім- бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім.
Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып сонда қабылданады.
Осы келтірілген жіктеулер басқару шешімдерінің барлық жағын қамтымайды алайда едәір мәні бар. Оның өзі алуан түрлі шешімдерді түсінуді оңайлатады, әрі барлық түрін қарастыруға көмектеседі. Сонымен қоса бұлайша жіктеудің практикалық пайдасы да бар. Соның арқасында басқарудың әр түрлі буынындағы қызметкерлер жағдайды мұқият талдап, неғұрлым тиімді, әрі заңды шешімдерді таңдап алады, сондай-ақ басқарудың әр түрлі деңгейінде шығарылатын шешімдерді өзара келісуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, нақты басқару шешімдері өзінің мазмұндық ерекшеліктері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Алайда, көптеген шешімдерді өзара салыстырғанда, олардың арасында елеулі ұқсастық, заңды белгілер бар екендігін аңғаруға болады.
Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы проблема қалай шешілуі керек деген сауалға жауап береді. Бұл-шешімнің маңызды бөлігі.
- Шешімдерді әзірлеу және қабылдау технологиясы
Менеджмент технологиясы келесі құрамнан тұрады:
- шешім қабылдаудың жалпы басшылығы;
- шешім қабылдау ережесі;
- шешім қабылдаудағы жоспарлар;
- жекеше қарым-қатынас негізінде бір деңгейдегі басшылармен екі жақты шешім қабылдау;
- бағытты топтар және шешім қабылдаудағы олардың мәні ;
- қарым-қатынастың матрицалық түрі.
Алғашқы үш құрам басқару деңгейінің арасындағы тік қарым-қатынасты, ал соңғы үшеуі - қабылданатын шешімнің координациясында көлбеу қатынасты қамтамасыз етеді.
Фирма шешімді тарату мүмкіндігі мен қабылданатын шешімнің қиындығына байланысты менеджментте қарапайым немесе қиын қарым-қатынас механизмін қолдана алады.
Шешім қабылдаумен ортақ басшылық шешім қабылдау процесі жоғарыда отырған басшыға бағынатын бір басшының қолына деп болжамдайды. Бұл жерде лауазым бойынша шешім қабылдауда иерархия орнайды. Әр басшы өз мәселесін жоғарыда отырған басшымен емес өзінің тікелей басшысымен шешеді. Мұндай механизм америкалық менеджмнетке тән.
Америка фирмаларында тікелей басшылар жоспарлаған нәтижесіне жету үшін қажетті еңбек және материалдық ресурстарын қолдануға құқықты бола отырып, өз ісіне жауапты болып есептеледі. Бұл жерде құқық пен жауапкершілік теңдей.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz