Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс


ЖОСПАР
1. Саяси дискурсты зерттеудің теориялық-методологиялық негізі
1. 1. Дискурс: этимология және ұғымды анықтаудың негізгі жолдары.
1. 2. Саяси дискурстың функциясы, ерекшелігі және құрылымы
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық санаға әсері
2. 1. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси қызметі
2. 2. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рольі
3. Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс
3. 1. Қазақ басылымдарындағы PR саяси дискурстың көрінісі
3. 2. Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс жайлы тақырыптардың жазылу деңгейі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
- Магистрлік диссертацияның өзектілігі.
Саясат теориясында мәдениет ұғымы бар. Қандай да азаматтық қоғамға ұмтылған демократиялық мемлекет үшін саяси мәдениет басты мәселе болып табылады. Сондай-ақ әлемдік қауымдастықтағы көптеген беделді ұйымдарға мүше, әлемдегі бірден-бір беделді ұйым Еуропалық Қауымдастық және Ынтымақтастық Ұйымына төраға болып келе жатқан Қазақстан мемлекеті үшін де оның маңызы ерекше болып табылары анық. Саяси мәдениетті бірден бір қалыптастырудың құралы ол БАҚ саяси дискурс мәлеселесі деп атасақ қателеспейміз. Өйткені саяси дискурс қоғамдық пікірдің жиынтығы ғана емес, қоғамдағы саяси мәселелерге байланысты пікірталастың жиынтығы. Сондай-ақ саяси дискурс тақырыбы еліміздің ғылым саласында әлі толық зерттелмеген тың тақырып.
Бүгінгі таңда яғни 21 ғасыр ақпараттық қоғамда БАҚ орны ерекше. БАҚ бүгінде саясаттың ажырамас бір бөлігіне айналды. Себебі саясат - мемлекетті басқаруға байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы болса, ал БАҚ сол іс-әрекеттерді жариялауға, түсіндіруге, қарсы шығуға арналған ақпарат ағымын қамтамасыз етеді.
Саяси дискурс БАҚ арқылы көрініп, қоғамдық санаға әсер ететін құбылыс. БАҚ саяси дискурстың қоғамдық сананы манипуляциялаудағы рөлін анықтау және еліміздің БАҚ құралдарының қызметін, оның қоғамдық санаға ықпалын ашықтау бүгінде өзекті болары анық. БАҚ тың бірнеше құрылымдық бөліктерін атасақ яғни, телекөрсетілім, радио, интернет және басылымдар. Біздің зерттеу тақырыбымыз сол БАҚ құрылымындағы қазақ басылымдарына арналады. Бүгінде еліміздегі қазақ басылымдарындағы саяси дискурс мәселесімен әлі күнге дерлік ешкім айналыспаған. Яғни еліміздегі басылымдарындағы саяси әңгімелердің жазылу деңгейі оның қоғамдық санаға ықпалы мен еліміздің саяси мәдениет деңгейіне қосар үлесі қандай деген басты сұрақтар аясында болмақ. Сонымен бірге саяси дискурс мәселесін зерттеудің өзектілігі жалпы әлемдік және еліміздің қоғамдық өміріндегі саяси жағдайлардан терең мағлұмат алуға, билік пен халық арасындағы айырмашылықты бақылау, қоғамдық өмірге қажетті концепциялар мен концептуалды баламалы пікірлерді бөліп, ұлттық-спецификалық ерекшеліктер мен әмбебап белгілерді анықтау жұмыстың өзектілігі болмақ.
- Ғылыми жаңалығы:
- Қазіргі таңда әлемдік қауымдастықта көптеген дамыған мемлекеттер демократиялық жүйеде өмір сүріп келеді. Қандай да экономикасы жақсы дамыған, азаматтық құндылықтары қалыпты мемлекетті демократиялық жүйесіз елестету мүмкін емес. Кез-келген саяси мәдениеті жоғары дамыған мемлекетте демократиялық принциптердің жоғары болары анық. Кешегі тоталитарлық жүйеден демократиялық басқару жүйесіне ауысқан Қазақстан мемлекетінде халықтың саяси мәдениетті түсіну деңгейі қаншалықты деген басты сұрақтың туындауы анық. Саяси мәдениетті бірден-бір қалыптастырушы фактор ол Бұқаралық ақпарат құраладры десек, сондай-ақ ондағы саяси дискурс мәслесінің орны еркеше болмақ. «Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс саяси мәдениеттің көрсеткіші» - атты тақырыпта бүгінгі таңда еліміздің басылымдарындағы саяси дискурста саяси терминдердің қаншалықты деңгейде қолданылуы сол еңбектер қоғамның мақсатын яғни саяси мәдениетті қалыптастыру мақсатында жазылып жатыр.
- Зерттеудің мақсаты:
Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс мәселесін ашықтап, оның елеміздегі халық санасына ықпал етуін
- Зерттеудің міндеті:
- «саяси дискурс» теориялық әдістемелік құрылымын анықтау
- әлеуметтік-ақпараттық парадигмалар аясындағы саяси дискурс түсінігін ашықтау
- мемлекет пен халық арасындағы қатнастардағы саяси дискурс қызметі, құрылымы және ерекшелігін көрсету
- саяси дискурстың БАҚ - құраладарындағы қызметін белгілеу
- БАҚ - тағы саяси дискурстың қоғамдық сананы монипуляциялаудағы рольін көрсету
- Қазақстандық БАҚ саяси дискурс қызметіне таладу
- Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс тақырыбына қатысты еңбектерге талдау жасау сонымен қатар, қазақ басылымдарындағы еңбектердің қоғам санасына қаншалықты әсер етіп, халықтың саяси сауатын оятуда маңыздылығына сараптама жүргізу
- Зерттеу нысаны:
Қазақ басылымдарындағы саяси дискурстың қоғамдық санаға әсері мен оның жазылу деңгейін саралу
- Зерттеу пәні:
Саяси дискурстың БАҚ және қазақ басылымдарындағы қызметін, сонымен қатар саяси дискурстың ұйымдастырушылық принциптерін көрсету
- Алынатын нәтижелер:
- Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс саяси мәдениеттің көрсеткіші атты тақырыптағы магистірлік диссертациялық ғылыми жұмыс негізінен елімізде саясаттанулық тұрғыдан алғанда тың тақырып болғандықтан алынатын нәтижелер қомақты болмақ:
- Бірінші тарауда саяси дискурстың түсінігі, қызметі және еркешелігі жіті баяндалады, сонымен қатар дискурсты ұйымдастыру тәсілдері яғни тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық тәсілдер
- Екіншіден БАҚ - қоғам санасына ықпалын саралай отырып, еліміздегі БАҚ - тың қызметіне сараптама жүргізу, халықтың санасына ықпалын бақылау
- Үшіншіден БАҚ - тың негізгі тармағы ретінде яғни еліміздегі қазақ тілді басылымдардағы саяси дискурс оның жазылу деңгейі, журналистік этика және сол еңбектердің халық санасына, халықтың саяси мәдениетіне қосатын функциясына сараптама жасау енді егемендігін алған еліміз Қазақстан мемлекеті бүгінде біз БАҚ жоғарғы басшыларымыз, халық жанашырлары айтып жүрген тіл, ұлттық саясат тақырыптарына да өз септігін тігізетіні анық
Жұмыстың 3. 3 тармағы қазақ баспасөзіндегі саяси дискурс мәселесіне арналды . Кез келген ресми басылымда мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, білім беру, спорт, өнер тақырыбымен салыстырғанда саяси мәселелер кеңінен қамтылады. Өйткені қоғам өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі осы саяси ахуалға тікелей байланысты болғандықтан ондағы барлық әлеуметтік т. б. қатынастар саясат арқылы реттеліп отырады. Осымен байланысты күнделікті жаңалық жаршысы газет бетінде де негізгі орын саяси дискурсқа беріледі. Сондықтан да газетте айшықталатын барлық тақырыптардың ішінен саяси дискурсқа кеңірек тоқталдық.
Қазақ баспасөзіне шолу жасағанда да саяси дискурсты құрайтын негізгі ұғымдар - РR-мәтін мен манипуляцияға негізделген материалдар айрықша көптігімен ерекшеленеді.
Ғылыми айналымға алғаш Зеллиг Харрис енгізген (1952) дискурстық талдау термині бастапқыда жарнамаға қатысты қолданылған болатын. Кейіннен ХХ ғасырдың 70-жылдары дискурстік талдауды дәстүрлі лингвистикамен байланысты қараған американдық және еуропа ғалымдарының еңбектерінде кеңінен жұмсала бастады. Ал 80-90-жылдары аталмыш мәселеге арналған алғашқы іргелі еңбектер жарық көрді. Дискурс ұғымы тіл біліміндегі антропоцентристік бағытты ұстанған көптеген арнаулы салалардың (психолингвистика, социолингвистика, паралингвистика, нейролингвистика, когнитивті лингвистика, прагмалингвистика т. б. ) дербестенуіне байланысты айрықша маңызға ие болды. Аталмыш салалардың іштей жіктелуімен бірге интерграциясы осы дискурс ұғымының төңірегінде шоғырланды деуге болады. Осымен байланысты әлі күнге дискурсқа берілген анықтамаларды аяқталған, толыққанды, дәл деп санауға болмайды. Біздіңше, дискурсты прагматикалық тұрғыдан талдағанда коммуникативтік ситуацияға және оған қатысушыларға байланысты экстралингвистикалық, этномәдени факторлар сондай-ақ коммуниканттардың мақсат-ниеттері басшылыққа алынуы тиіс. Қандай да бір ақпаратты алғанда оқырман автордың сол мәтінді дайындаған сәттегі қиял-дүниесін елестетуге тырысады. Басқаша айтқанда, дискурсты түсіну бөгде адамның ойлау дүниесіне еріксіз және ерікті түрде ену деуге болады. Ал өз кезегінде адресант сол дүниені керекті нұсқада жасау үшін тілдегі семантиканың барлық мүмкіндіктерін пайдаланады.
Л. А. Кочетова дискурстың өзіндік ерекшеліктерін мынадай прагматикалық белгілер көрсететінін айтады: мақсатты бағыттылығы айқын әлеуметтік әрекет; ситуация шарттары (дискурсқа қатысушылар, ондағы рөлдер, коммуникативтік өзара әрекеттестік сипаты т. б. ) ; құндылықтар, стратегиялар, жанрлар. Сондай-ақ мәтін және дискурс мәселесіне Н. Уәли, Э. Д. Сүлейменова, Г. Бүркітбаева, З. Ерназарова, Ж. Кеншінбаева, Д. Әлкебаева, Г. Матжанова т. б. зерттеушілер әр түрлі қырынан тоқталған.
Газет мәтініне қатысты алғанда дискурсты адресант - мәтін - адресат үштағаны төңірегінде қарастырған жөн. Осы үштіктің қайсыбірі іске қосылмаған жағдайда дискурс толық жүзеге асады дей алмаймыз. Бірінші және екінші компоненттердің дискурсқа қатысуы міндетті, сөзсіз болатын нәрсе. Ал үшінші компонент әрбір нақты дискурсқа түрліше деңгейде қатысады. Басшылыққа алған осы қағидамызға сәйкес біз әрбір баспасөз материалын дискурстық деңгейде қарауға тырыстық. Яғни кез келген материалға арқау болған тақырыпты қағаз бетіне түсіргенге дейін автордың ой елегінен өткізуі барысындағы нюанстарды болжап, кейін адресанттың прагматикалық ұстанымы ұғымы аясына кіретін сәттерді ескере отырып, сол ойдың қандай тілдік және бейтілдік құралдар арқылы өрнектелетініне, қалайша безендірілетініне дейін мән берілді. Ал аталмыш үштағанның айрықша маңызды компоненті - адресатқа қатысты зерттеуді мүмкіндігінше оқырмандар арасында жүргізген сауалнама, диспуттар нәтижелеріне негіздеуге тырыстық. Аталмыш тәсілдерді қолдана отырып қазіргі қазақ баспасөзінің қоғамдағы саяси дискурсты қалайша және қандай дәрежеде айшықтайтынын анықтауға тырыстық.
I-тарау. Саяси дискурстың теориялық-методологиялық негізі.
1. 1. Дискурс: этимология және ұғымды анықтаудың негізгі жолдары.
«Саяси дискурс» категориясын зерттеу екі дербес әлеуметтік сала, тіл мен саясаттың онтологиялық өзара байланысын дәлелдеуді талап етеді. Аталаған феноменді зеттеу саласы қанадай сараптамалық жоспарларды құрайды, пән аралық терминге айналаған ұғымның теориялық қолданыс шекарасының кеңдігі қаншалықты және оны практика жүзінде қаншалық қысқартуға болады? Бұл сұрақтарға аталған категориялық комплексті құрайтын интерпретацияларды салыстырмалы түрде сараптау нәтижесінде ғана жауап беруге мүмкіндік болады. Сондықтан да, ең алдымен, «дискурс» терминінің жалпы нақты анықтамасы болмағандықтан зерттеу терминнің түп-тамырын іздеуден бастағанымыз жөн болады.
Белгілі голландиялық зерттеуші-лингвист Т. А. ван Дейктің айтуы бойынша, «дискурс» ұғымы тіл, қоғам, идеология ұғымдары сияқты бұлыңғыр тиянақсыз болып табылады. Біздің білуімізше, көбінесе түсініксіздеу, анықталуы қиын ұғымдар кең таралып кетеді. Дискурс солардың бірі». Қазіргі таңда аталған термин «кең» көлемде түсініктік қажеттіліктерге қызмет етеді. Дегенмен де, бұл сөздің этимологиясын қарау ұғымның мәніне үңілуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар аталған категорияның интерпретациясы мен қолдану аясына байланысты толықтырып, оған саяси терминнің тұрақты дәрежесін береді.
Үлкен кеңістік энциклопедия және шетел сөздерінің қазіргі сөздігі этимологиялық түрде «дискурс» терминінің мағынасын латын тіліндегі зат есім «discursus» (пікір, ой, дәлел) сөзімен байланыстырады. Өз кезегінде, «постмодернизм» энциклопедиясындағы «Дискурс» мақаласының авторлары М. А. Можейко және О. С. Лепин оны ешқандай баламасыз латын тілінде етістік «discere» - адасу сөзінен шығатынын айтады.
Аталған терминнің шығу тегі жайында әржақтылық Н. Белозерованың «Дискурс парадокстары» атты мақаласында толық зерттелген. Ол мақалада латынның «discursus» сөзінің алғашқы мағынасы іс-қимылдың кейбір түрлерімен шектелетін: жай ғана «жүгіруден» басталып, әскердің қарсыласты жою мақсатындағы арнайы екі жақты шабулдарын білдіретін. Н. Белозерова пікірі бойынша, соңғы мағынасында жиі қолданылуы және оны салыстырмалы түрде аз адамдардың айтуы бұл сөздің сол кезде әскери салаға жататын терминге айналуына себепші болды. Бұдан әрі мақала авторының пайымдауынша, атаған сөздің шығу тарихы тіл қызыметінің кейінгі кезеңдерінде, бірақ этностардың қалыптасып үлгермеген шағында пайда болған, өйткені ол басым түрде ағылшын және француз мақалаларында кездеседі. Оларда «дискурс» сөзі сөйлеу, ойлау, тіпті шіркеулік уағыздар мағынасында қолданылады. Тек Эдмунд Спенсердің (XVI ғасыр) поэмаларындағы жек қолданыста ғана ол өзінің әсери іс-қимыл мағынасын сақтап, онда ұрыс процессін білдіреді. Бұндай семантикалық «кеңеюді» зерттеу авторы сол кездері диологтың ерекше ережесімен құралатын дискуссиялардың, сөз жарыстарының дамуымен байланыстырады.
Жүргізілген этимологиялық зерттеулер Н. Белозероваға сөздің қалыптасу кезеңінің ерте сатысында әскери сайыс мағынасын сөз сайы мағынасы басып кеткен, бірақ сөздің сайыс, ұрыс процессі, қарсыласты құрту мағынасындағы ішкі формасы сақталып қалды деген тұжырымға келуге мүмкіндік берді.
Аталмыш терминнің шығу тегі жайлы сан алуан пікірлердің болуына әсер еткен В. В. Мароши. Оның зерттеулері бойынша латынның «discursus» сөзі ары-бері жүгіру, жан-жаққа жүгіру, жүгіру, қозғалыс, дөңгелек қозғалыс жасау, үздіксіз тыным таппау, пәтуасыз жүгіру; кеңею, айырылысу; әңгіме, - сөйлесу деген сияқты мағыналарды береді.
Біздің байқағанымыз, этимология симантикалық әртүрлілікті қамтамасыз етті, яғни ұғым мағыналы «көпқабатты» болды деген сөз. Осыған байланысты XX ғасырдың ортасында басталған оның терминалогизация процессі бірден бірнеше бағытқа жол тартты. Осы диссертациялық зерттеулер шеңберінде «дискурс» лингвистикалық терминінің қоғамдық ғылым саласына «ену» процесін бақылау мүмкін болады. О. Толпыгынаның «Дискурс түсінігі және қоғамдық ғылымдардағы дискурсивті сараптама» атты мақаласы осы процестің динамикасына арналған.
Дискурстық сараптаманың негізгі түп-тамырын мақала авторы құрылымдық лингвистика шеңберінде және «фармальды» әдебиеттануда деп қарастырады.
Құрылымдық лингвистиканың шығу принциптері Ф. де Соссюрдің «Жалпы лингвистка курсы» (1916 жылғы) еңбегінде қалыптасқан болатын. Ф де Соссюрдің новациялық табысы сол, ол тілді өзінше жеке субцтанция ретінде емес, құдайдың берген сийы ретінде емес, оны тек формальды қарам-қатынас жүйесі ретінде қарастырады. Мағына мен мағына беруші арасындағы қарым-қатынас әрқашанда бөлінбейтін, бір-біріне сүйенген деп қарастырылатын. Ф де Соссюр басқаша жол ұсынды, ол кезде мағына мен мағына беруші арасындағы өзара іс-әрекет мақсатсыз, шартты болып қана қалды (бұл құбылысты ол «белгінің туындысы» деп атады) . Мағына беруші мағынаның айтылымы болуы тума байланысынан емес, тек тіл жүйесінің бөлшегі болғаннан ғана, ал бұл өз кезегінде аталған құбылыстың кең тілді контексте жазуға мүмкіндік береді.
Дискурсты сараптаманың екінші (немесе параллельді) негізгі орыс «формалистерінің» зерттеуі болды. Олардың зерттеуінің сфецификасы, дәстүрлі әдебиетанушыларға қарағанда, акцентті шығарманың мәніне (оның идеялық мағынасына) емес, текстің маңызды компоненттерін бөліп қарастыруға (олардың табиғатына сараптама жасамай-ақ), бұлардың арасындағы байланысты анықтау мен комбинациялық жолдарын ашуға қояды. «Формалистер» сюжеттің теориясын зерттеді, математикалық әдістерді қолданып өлең жазудың заңдылықтарын, ритиммен синтаксисті сараптады, дыбыстық қайталауларды Пушкин мен Лермантов және тағы басқаларының өлең шығармаларының көлеміне анықтама жасады.
Лингвистикада «дискурс» котегориясы термин ретінде алғашқы рет амарикандық ғалымның А. Харистің жарнама тіліне арналаған мақаласында 1952 жылы қолданылған болатын. Бірақ та 50-жылдардың ортасында - ақ термин интенсивті түрде философия, әлеуметтану, одан кейін саясаттану ғылымдарында қолданыла бастайды. Оның белсенді түрде пәнаралық таралуы, О. Толпыгинаның пікірі бойынша, қоғамдық, сонымен бірге саяси өмірде тіл саласының маңызының жоғарылауымен негізделген. Өткен ғасырдың ортасы әлемдегі көптеген елдер үшін әлеуметтік қозғалыстар кезеңі болды, ал оларға тіл проблематикасын ой елегінен өткізу тән болатын. Тіл бұндай кезеңдерде «әлеуметтік күштердің қолданыс саласына, күрес нысанына, басып алу, ие болу, басқару, құрту құралына айналады». Ал бұқаралық коммуникация құралының дамуымен ол әсер ету мен манипуляцияның көптеген жаңа технологиялары негізделген шынайы қоғамдық күшке айналады.
Саясат өмірдің барлық негізгі салаларын басқаратын жалпы әлеуметтік құбылыс ретінде әрқашанда мемлекеттік-азаматтық қатынастардың тұрақты конструкциясын жасауға ұмтылады. Аталған құрылым, сонымен бірге, саяси биліктің қолында бар ең жарамды құрал, тілдік қатынастар арқылы да іске асырылады. А. А. Леонтьев: « . . . тілдік қатынастар арқылы араласу сананы өзгертудің ең қарапайым және ең нәтижелі жолы болып табылады. Сөз мағынасы арқылы (және басқа да тілдік белгілер арқылы) біз сөздің пәндік мәніне әсер ете аламыз, яғни адамның затты немесе құбылысты қалай қабылдайтындығына әсер ете аламыз», - деген болатын. Жеке адамдардың санасын өзгерту, жалпы қоғамның санасын өзгерту терең концептуалды құрылымдарды өзгерту арқылы, немесе «әлемдік модель», сананы манипуляциялау ұтқыр саясаттың кепілі болып табылады. Тіл идеологиялық концепцияның жол бастаушысы, ал ол өз кезегінде мемлекетке қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде өзінің қажеттігін негіздеу және түсіндіру үшін қажет болады. М. Блокар «Тіл әлеуметтік биліктің құралы ретінде» атты мақаласында былай деген болатын: «Әрбір тілдік элемент өте қиын және өте сезімтал құрал, онда тілді қолданған адам ойнайды. Сондыктан да қабылдаушы жақта пайда болған түсінік сол құралды колданған жіберуші жаққа байланнысты. Шынымен де осы тілдік компоненттерді дұрыс қолдану ойыны және осыған байланысты процестер әрқашанда риторикада, саяси демалогияда, сонымен бірге поэзияда пайдаланылады.
Жаңа эмпирикалық табыстардың көбеюінің нәтижесінде қоғамдық және гуманитарлық ғылымда да тілге деген қатынаста өзгеріс жүреді. Дәстүрлі тұрғыда тіл олар үшін шындықты игеру жолында пайда болған мәдениеттің нәтижесі болды, іс-әрекеттің координаторы, ата-бабадан қалған білім мен тәжірибенің трансляторы, яғни мәдениеттің нысаны, сонымен бірге саяси мәдениеттің нысаны. Ал кейініректе басқаша көзқарас пайда бола бастады, енді тіл мәдени жеміс қана емес, саяси мәдениеттің шарты, оның құралы, ендігіде оған ғана әсер етіп қоймай, керісінше іс-әрекеттер, ол әсер етіп, қоршаған ортаны құратын болды, яғни саяси мәдениеттің субъектісіне айналды.
Осы көзқарастың қалыптасуына, нығаюына көбінде өткен ғасырдың ортасында пайда болған структурализм мен философиялық бағыт әсер етті. Структуралисттердің көзқарасы бойынша ғылыми сараптамадан кез-келген бір жүйенің қызметі емес, оның ішкі қатыныстары мен заңдылықтары емес, құрылымдық элементтер жиынтығы өту керек. Адамның тілі мен психикасы, мәдениет пен социум әрқалай бірігіп, құралған бір ғана элементтер жиынтығынан тұрады. Бұл әмбебап элементтер неше түрлі символдар болып табылады. Аталған жүйелердің барлығы әрқашан өзара іс-қимылда болады, олар бір-біріне әсер етеді, бірін-бірі қалыптастырады. Осындай жағдайда зерттеудің мақсаты бір дәрежедегі құрылымдық элементтерді анықтау және жан-жақты сараптау, содан кейін қолдағы мәліметтермен келесі дәрежедегі жүйелерді түсіндіруде қолдану.
Тілдің құрылымдық функциялары идеясы даму жолына түсіп, постмодернисттер шығармашылығының негізіне айналды (М. Фуко, Ю. Хабермас, Ж. Деррида, Ж. Бодрийар және т. б. ) . Егер құрылымдық негізде тіл бір уақытта жүйе аралық іс-әрекеттің объектісі мен субъектісі болса, постмодернистік философияда тіл қоршаған әлем туралы түсінік қалыптастыратын тек субъект ретінде қарастырылады.
Постмодернистік көзқарас өкілдері шындыкты зерттеп, түсіндіріп бере салатын барлығына бір және жалпы образдың жоқтығын дәлелдеуде. Постмодернисттердің пікірі бойынша, шындық - ол әлеуметтік конструкт. Қоршаған әлем адамдардың сенімі мен мінез-құлықтарына байланысты жасалады. Идеяның таралуына қарай адамдар оған сеніп, сәйкестене бастайды. Әлеуметтік бақылаудың тәртіптеріне, нормаларына, институттарына, механизмдеріне мықты бекітілген идеялар осылайша шындықты айқындайды.
Жеке түсініктерді құрауда және оларды тәржімалауда тіл негізгі механизм, сондықтан тілді зерттеу постмодернисттер үшін ғылымның басты мақсаты болды. Постмодернисттердің тағы бір жетістіктерінің бірі - соңғы онжылдықтарда интелектуалды кеңістіктің қасиетін өзгерту болды. «Постмодернисттік философия мен ғылымды бір-біріне қатар салыстырып қана қоймайды, олардың трансшекаралық пен трансдисциплинарлығын қамтамасыз етеді».
Осы зерттеу контекстінде соңғы кезде әлемдік интелектуалдық кеңістікте кең таралған және осыған байланысты «таза» лингвистикадан шығып кеткен кейбір бағыттарға үлкен мән берілу керек. Маңызды авторлық мектептерде белгілі спецификасы бар, бірақ жалпы әлеуметтік-каммуникативтік парадигмада біріккен әлеуметтік қабат пен мәдениеттің тілдік қабаты арасындағы қатынас проблематикасы кең аудиторияның үлкен қызығушылығын тудыруда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz