Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негіздерін айқын анықтау


Ж О С П А Р Ы:
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРУ МАҚСАТТАРЫ . . . 6
2. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙ . . . 23
2. 1 Мемлекеттік табиғи қорықтардың құқықтық жағдайы . . . 16
2. 2 Мемлекеттік ұлттық және табиғи парктердің құқықтық жағдайы . . . 23
2. 3 Мемлекеттік табиғи заказниктердің құқықтық жағдайы . . . 31
2. 4 Мемлекеттік табиғи ескерткіштердің құқықтық жағдайы . . . 34
2. 5 Мемлекеттік ботаникалық бақтардың құқықтық жағдайы . . . 36
3. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ЗАҢДАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЗАҢДЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ ТҮРЛЕРІ . . . 40
3. 1 Экология - құқықтық жауаптылығының жалпы сипаттамасы . . . 38
3. 2 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңды бұзғаны үшін заңды жауаптылықтар түрлері . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51
КІРІСПЕ
Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Адамдардың өмір сүруін, қоғамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи ортаны пайдалануды күшейту, басқа сөзбен айтқанда, адамның табиғатқа, «шаруашылық кіруі», табиғаттың көптеген процесстерімен құбылыстарының бұзылуын тудырады.
«Жалпы елде қолайсыз, ал кейбір аумақтарда тіпті кризистік экологиялық жағдай туып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан Республикасында биологиялық алуан түрлілікті сақтап қалу үшін ең алдымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлемдерін көбейту қажет. Егер белгілі бір мемлекет шегінде халықаралық стандарт бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекет аумағының кем дегенде 10 пайызын алып жатуы міндетті болса, қазақстан Республикасы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар не бары 4, 5 пайызын алып жатыр. Сол себептен қазіргі таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумақтық көлемін кеңейту, оның сапалы түрде қызмет жасауын қамтамасыз ету, сонымен бірге, осы аталған мақсаттарға жету үшін республикалық деңгейде бюджеттен қаражат бөлу сияқты шаралар жүзеге асырылуда.
Экологиялық кризистің аса қауіпті көріністері ол - аумақтың техногендік шөлге айналу, жердің үстіңгі қабатының бұзылуы және атмосфераның ластануы, ормандардың жойылуы, тірі табиғаттың генетикалық қорының жойылуы, биологиялық алуан түрлерінің қысқаруы, өмір сүруге қауіп төндіретін табиғи құбылыстардың және өндірістік дағдарыстардың жиі болуы, қауіпті және улы шығындардың жиналуы».
«Бүгінгі таңда жаман экологиялық жағдай, өлімнің 20%-нің себебі
болып отыр, ал кейбір аумақтарда жағдай одан да күрделі». [1]
Бұның барлығы қалыптасқан жағдайдың жақсару жолына қарай өзгерту қажет ететінін айтып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден-бір жолы ол бұзылған және тіпті қазіргі кезде де бұзылып жатқан экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұру және мүмкіндігінше оны қалпына келтіру болып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін бізге белгілі бірнеше паралелльді, бір бірімен байланысты және бірдей тең орындалуға жататын жолдар бар. Ол, біріншіден, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, адамның өзінің өмір сүру ортасын жақсарту; екіншіден, табиғи ортаны тиімді пайдалануды және қалпына келтіруді ұйымдастыру.
Экоқорғау тізбектің үшінші буыны және жолы болып, экологиялық жүйенің тепе-теңдігін анықтайтын элементінің бірі табиғи алуан түрлілікті сақтау табылады. Табиғи алуан түрлілікті сақтау ол: табиғаттың алғашқы қалыптастырған және аз өзгерген учаскелерді, өсімдіктер және жануарлар әлемінің алуан түрлілігін және байлығын, болашақ ұрпақтарға табиғаттың уникалды және табиғи ескерткіш объектілерді жөне комплекстерді қорғауды білдіреді.
Бұл жұмыстың негізі - осы жолдағы туындаған мәселелерді қарастыру
және оны шешу жолдарын ұсыну.
Табиғи алуан түрлілікті сақтау ол: табиғаттың алғашқы қалыптастырған және аз өзгерген учаскелерді, өсімдіктер және жануарлар әлемінің алуан түрлілігін және байлығын, болашақ ұрпақтарға табиғаттың уникалды және табиғи ескерткіш объектілерді жөне комплекстерді қорғауды білдіреді.
Зерттеу тақырыбының объектісі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні болып Қазақстан Республикасыда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу механизмі табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін төмендегі мәселелер қаралған:
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негіздерін айқын анықтау;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық режимінің ерекшеліктерін анықтау;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында туындаған мәселелерді нақты анықтау;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында қатынасқа түсетін субъектілердің құқықтары мен міндеттерін және құзіретін анықтау;
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік мәселелерін толық анықтау.
Диплом жұмысы алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы диалектикалық танымдық, логикалық, салыстыру, жүйелік және басқа да әдістер қолданылды.
Зерттеудің теориялық негіздерін заңгер ғалымдардың жер құқық қатынастары және жерге меншік құқығы туралы ғылыми тұжырымдары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативтік құқықтық деректер еңбектері құрайды.
Зерттеу жұмысының нормативтік базасын Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының ұлттық заңдары, жер туралы заңдар, азаматтық заң актілері, Президент Жарлықтары, Қазақстан Үкіметінің Қаулылары құрайды.
Зерттеу нәтижесінде жасалған қорытынды тұжырымдар жер қатынасын құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді кешенді зерттеумен сипатталады және Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарын жетілдіру мәселелеріне қолданылуы мүмкін.
Бұл жұмыс құрамы кіріспеден, үш тараудан қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілердің тізімінен тұрады.
Ғылыми жұмыстардың мұндай түрлерінің көлемдерінің шектелгендігіне байланысты осы бітіру жұмысқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық құқықтық аспектілері және сонымен қатар, осындай аумақтардың барлық түрлері енгізілмеген және қарастырылмаған.
1. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРУ МАҚСАТТАРЫ
Мұндай табиғи объектілер және олар жұмыс істеуінің құқықтық ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған экология кодексінде, жер кодексінде және табиғи байлықтық заңдарында көрініс тапқан. Атап айтқанда 1996 жылы 7 шілдеде қабылданған “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңында көрініс тапқан. Бұл заңда қорғалуға және күзеттенуге жататын, бірнеше объектілерден тұратын объектілер мен комплекстер “мемлекеттік табиғи-қорықтық қор” деген түсінікпен қамтылған. Осы заңда бұл түсінікке, сонымен қатар, анықтама берілген: “Мемлекеттік табиғи-қорықтық қор ол табиғи эталондар, уникумдар және реликттер, генетикалық резервтер, ғылыми зерттеулердің, ағартудың және рекреацияның заты ретінде ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылықтары бар, мемлекеттің ерекше қорғалуына алынған қоршаған орта объектілерінің жиынтығы”. [2]
Мемлекеттік табиғи-қорықтық қор келесі объектілерді қамтиды:
- зоологиялық-ерекше кездесетін, жойылып бара жатқан, құнды
жануарлардың және олардың қоғамдастығының түрлері;
- ботаникалық ерекше кездесетін, жойылып бара жатқан, құнды
жануарлардың және олардың қоғамдастығының түрлері;
- ерекше қорғалатын табиғи орта аумақтардың орманды-ормандары,
орманды-мәдени өндірістің және алқапқорғаушылық (полезащитного) орманды өсірудің шынайы нұсқалары;
- ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар дендрологиялық-бөлек
ағаштар және оларды топтары, бақтық-парктік өсімдіктердің шынайы нұсқалары;
- “ерекше мемлекеттік маңызы бар және ерекше ғылыми құндылығы
бар гидрологиялық-су қоймалары”;
- ерекше экологиялық, мәдени және басқа да құндылығы бар жер
астыңғы қабатының геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық учаскелері;
- топырақтық-түрлік, уникалды және ерекше кездесетін топырақтар;
- ландшафттік-түрлік, уникалды және жиі кездеспейтін ландшафтар;
- тиілмеген табиғаттың эталондық учаскелері, ерекше рекреациялық
маңызы бар ландшафтар.
Барлық осы объектілерге үш қасиет тән: біріншіден, олар мемлекеттік болып табылады; екіншіден, олар табиғи; үшіншіден, олар-қорықтық.
“Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңның 53-бабы, барлық ерекше қорғалатын аумақтар, яғни онда орналасқан объектілер де, мемлекеттің меншігі болып табылатынын ескертеді. Ал жалпы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, жер, оның қойнауы, су орман, сонымен бірге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттің меншігі болып танылады деп тікелей анықтаған болатын.
“Табиғи” деген белгі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды оларға құқықтық режим бойынша жақын тарихи-мәдени, сәулет қорықтарынан, бақтық-парктік культуралардың ескерткіштерінен және т. б. ерекшелендіреді.
“Қорықтық” деген үшінші белгінің болуы, табиғи-қорықтық қордың өзге болуын анықтайды[3] .
Қорықтық - яғни, қол сұғылмайтын, тыйым салынатын, өсиетке қалдырылатын. “Қорықтық” деген заңды термин келесідей түсінікті береді, біріншіден, шаруашылық пайдалануды толық немесе жартылай тыйым салуды қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың және құралдардың кешені, екіншіден, қорғау режимінің тұрақты болуы. Яғни “қорықтық” дегеніміз уақытша немесе тұрақты “шаруашылық айналымынан алынып тасталып қорықтық деп жарияланған” табиғи комплекстер мен объектілерді қорғаудың тәртібін және жағдайын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы[4] .
Мемлекеттік табиғи-қорықтық қорды сақтау, тек жеке табиғи учаскелерде заңды бекітілген тыйым салулар мен шектеулер арқылы адамның бұл учаскелердегі шаруашылық әрекеттерін шектеу арқылы жүзеге асырылады. Осындай учаскелер жоғарыда айтылған заңдарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар деп көрсетілген.
Бұл түсінікті ерекше сипаттайтын элементтерді қарастырып көрейік. Біріншіден, жалпы мақсат - табиғатты сақтау, зерттеу, экологиялық тепе - теңдікті сақтау және т. б. Екіншіден, жалпы мақсаттылыққа қарамастан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың функциялары мен мақсаттарындағы айырмашылықтардың болуы. Үшіншіден, пайдаланудан босату немесе оны шектеу. Кейде шаруашылық іс-әрекеттерге жол беріледі, бірақ қатал орнатылған жағдайда және тәртіпте. Бұл табиғатқа зиян келтіретін және оған қауіп төндіретін әртүрлі іс - әрекеттерге жол берілмейтіндігін білдіреді. Төртіншіден, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды анықтауда маңызды элемент ол, олардың құқықтық жағдайы: құқықтық режим және оның ерекшелігі[5] .
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әр түрі үшін құқықтық режим олардың бағыттары мен мақсаттарына қарағанда әр түрлі. Құқықтық мәртебесіне байланысты нақты табиғи аумақтарды басқару сипатында да, қорғау режимінде де айырмашылықтар бар.
Сонымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың элементтерінің әр түрлілігі, бұл аумақтардың жалпы анықтамаларында белгілі бір қиындықтарды туғызады. Бұл жерде екі кезең маңызды болып табылады: жалпы мақсаттық бағытталу және шаруашылық пайдаланудан алып тастау фактісі.
Заңда бұл түсінікке мынадай анықтама берілген: “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - мемлекеттік табиғи - қорықтық қорды қалпына келтіруді және сақтауды қамтамасыз ететін ерекше қорғалудың құқықтық режимі және шаруашылық іс әрекеттің реттелетін режимі бар жер, су, орман және жердің ішкі қабатының учаскелері”.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың “мақсатына, қорғау режиміне және пайдалану ерекшелігіне” байланысты келесі түрлері бекітілген:
- биосфералықты қоса, мемлекеттік табиғи қорықтар;
- мемлекеттік ұлттық және табиғи парктер;
- мемлекеттік табиғи қорықтық аймақ;
- мемлекеттік табиғи заказниктер;
- мемлекеттік зоологиялық парктер;
- мемлекеттік ботаникалық бақтар және дендрологиялық парктер;
- мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары;
- ерекше мемлекеттік маңызы бар және ерекше ғылыми құндылығы
бар, су қоймалары;
- халықаралық маңызы бар (сазды балшықты жерлер) ;
- ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және т. б. құндылығы бар жер
астыңғы қабатының учаскелері.
Сонымен қатар, заңмен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа да түрлері көзделуі мүмкін.
Түрге бөлінуден басқа, бұл аумақтар, “мемлекеттік табиғи - қорықтық қордың объектілерінің құндылығына байланысты” санаттарға: жергілікті және республикалық маңызы бар аумақтарға бөлінеді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Үкіметтің шешімімен құрылады, егер бұл аумақтың республикалық маңызы болса, егер ол аумақтың жергілікті маңызы болса, онда ол тиісінше жергілікті атқару органының шешімімен құрылады. Бұл органдар осындай шешімді қоршаған ортаны қорғау туралы орталық атқару органының ұсынуымен қабылдайды. Бірақ оның алдында, қоршаған ортаны қорғау орталық атқару органы бұл аумақтарға байланысты табиғи - ғылыми және техника - экономикалық негізделуге қолдау қорытындысын алуға тиіс.
2) Табиғи - ғылыми негізделудің құрамына ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлемін, шекарасын және аймағын бекіту, оның аумағында мемлекеттік табиғи - қорықтық қорлары және олардың жәй - күйін анықтау, оларды қалпына келтіру шараларын қолдану, бұл аумақтарда қорғау режимдерін және басқа да қорғау шараларын орнату кіреді.
3) Техника - экономикалық негізделудің құрамына: жер учаскесін алу (сатып алу) ұсыныстары, жер учаскесін алуға байланысты, жер пайдаланушыға және жер иесіне келтірілетін зиянды өтеуге кететін шығындарды анықтау, ерекше табиғи аумақты ұстау, дамыту және ұйымдастыру үшін қажетті шаралар және шығындар кіреді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру туралы мәселесі, табиғи ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы орган немесе оның жергілікті органдарымен қарастырылады. Мұндай орган ретінде, 28 қазан 2004ж Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау Министрлігі анықталған.
Бұл аумақтардың орналасу және даму схемаларын, негіздемелерін, мемлекеттік сараптамадан өткізу және ұйымдастыру, бұл Министрліктің органдарымен жүзеге асырылады. Бұл мәселелер жөнінде ұсыныстарды қоғамдық бірлестіктер және азаматтар енгізуге құқылы.
Сонымен қатар, Министрліктің органдары басқа, Үкіметтің құрамына кірмейтін атқару органдары бұл жұмысқа қатыстыруға құқылы. Бұл органдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жөнінде негіздемелерді әзірлеуді ұйымдастырады және мемлекеттік сараптамалардың өткізілуін қамтамасыз етеді”.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды орнату және дамыту схемаларын әзірлеу және бекіту тәртібін, табиғи объектілерді ерекше қорғалатындарға жатқызу тәртібін, Үкімет анықтайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру туралы және оны ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізіміне, дамудың облыстық және республикалық схемаларына енгізу туралы Үкіметтің шешімі шықаннан кейін, Үкімет бұл аумақтарды резервке алады. Резервке алу тәртібін Үкімет өзі белгілейді. “Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жер резервке алынғаннан кейін бұл аумақта, мемлекеттік табиғи - қорықтық қордың объектілердің сақталуын қамтамасыз ететін, пайдалану шектеулері көзделеді”.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар берілген атқару органдар белгіленген тәртіпке бұл аумақтарға паспорттар дайындап, оларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Орталық атқару органында тіркеуі керек.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында көрсетілген мәселелер:
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жалпы көлемі, оның орналасуы
туралы карта - схемасымен бірге, шекаралары көрсетіледі және бұл аумақтың қорғалатын аймақтары көрсетіледі;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттік табиғи -
қорықтық қордың объектілері және олардың сандық көрсеткіші;
- ерекше шығарылған аймақтар және қорғау режимдері, ерекше
қорғалатын табиғи аумақта бұл режимдерді сақтаудың міндеттілігі;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың түрлері;
- осы ерекше қорғалатын табиғи аумақ иелігінде болатын табиғатты
қорғау мекемесінің және атқару органының атауы және адресі.
Паспортта осы аумақ иелігінде болатын табиғатты қорғау мекемесінде
атқару органында және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқару органында сақталады.
Табиғатты қорғау мекеменің мәртебесі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (қорықтар, ұлттық және табиғи парктер, ботаникалық бақтар және дендропарктер), “өзінде бұл аумақтың толық немесе қысқартылған ресми атауын көрсететін, өзінің рәміздерін (жалаулар, вымпелдер, эмблемалар және т. б. ) орнатуға құқылы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмысын қаржыландыру келесі көздерден жүзеге асырылады:
- республикалық бюджеттің қаражатынан;
- жергілікті бюджеттің қаражаттарынан;
- қоршаған ортаны қорғау қорлардың қаражаттарынан;
- табиғатты қорғау мекемесінің мәртебесі бар ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың арнайы қаражаттарынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорларынан;
- жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрде жасаған салымдарынан;
- заңмен шек қойылмаған басқа да қайнар көздерінен.
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды заңды және жеке тұлғалардың ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануы ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мәдени-ағарту және оқу iс-шаралары, туристiк, рекреациялық, шектеулi және дәстүрлi шаруашылық қызметтерi заңнамаға сәйкес оларды күзету мен пайдалану режимдерiнiң ерекшелiктерi ескерiлiп, арнайы белгiленген учаскелерде жүзеге асырылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн төлемдер осы аумақтардың сапасы мен қол жеткiзiмдiлiгі ескеріле отырып белгiленедi.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Олар көрсететін қызметтердiң бағаларын заңнамада белгіленген тәртіппен олар қарамағына енетін орталық атқарушы органдар белгілейді.
Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын жергiлікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергілікті өкiлдi органдар белгілейді. Олар көрсететiн қызметтердiң бағаларын заңнамада белгiленген тәртіппен олар қарамағына енетiн уәкілетті органдар белгілейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны және олар көрсететiн қызметтер үшiн төлем төлеу белгiленген ставкалар мен бағаларға сәйкес аудару жолымен де, қолма-қол есеп айырысу жолымен де жүзеге асырылуы мүмкiн.
Аудару жолымен төлем төлеу заңнамада белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Қолма-қол есеп айырысу жолымен төлем төлеу бақылау-өткiзу пункттерiнде, қызметтер көрсету пункттерiнде, не өзге де арнайы жабдықталған орындарда орнатылған кассалық аппараттар арқылы ақшаны кiрiске алу арқылы жүзеге асырылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды заңды және жеке тұлғалардың пайдалануына және оларға қызметтер көрсетуге тек төлем төлегендерi туралы растайтын құжаттары болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар мен мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердi қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны және олар көрсететiн қызметтер үшiн төленген қаражат үш банк күнiнен кешiктiрiлмей белгiленген тәртiпте бюджетке аударылады.
Қорықтар мен ұлттық парктердiң аумақтарын пайдаланғаны және олар көрсеткен қызметтер үшiн түскен қаражат үш банк күнiнен кешiктiрiлмей, белгiленген тәртiпте олардың ағымдағы шоттарына аударылады.
Қорықтар мен ұлттық парктердiң аумақтарын пайдаланудан және олар көрсететiн қызметтерден түскен қаражатты жұмсау, қарамағына олар енетiн орталық атқарушы органдардың ұсынысы бойынша, әрбiр қорық пен ұлттық парк үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі бекiтетiн сметалардың шығыс бөлiгi шегiнде жүзеге асырылады.
Қорықтар мен ұлттық парктердiң аумақтарын пайдаланудан және олар көрсететiн қызметтерден түскен қаражатты осы аумақтарды сақтау мен дамыту мақсаттарында мынадай iс-шараларға жұмсауға рұқсат етiледi:
табиғи кешендердi сақтау және дамыту;
жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн қорғау;
санитарлық кесу мен күтiм кесулерiн қоса алғанда, ормандарда қалпына келтiру және қорғау iс-шараларын жүргізу;
аумақты тазалау және көркейту;
табиғи-қорықтық қор объектiлерiн қорғаумен, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық қызметтермен байланысты инфрақұрылымды дамыту;
байланыс құралдарын, көлiк пен жабдықтарды, өртке қарсы, орман қорғау және орман екпе мақсаттарындағы механизмдер мен материалдарды, қалпына келтiру жұмыстары үшiн тұқымдар мен көшет материалдарын сатып алу;
табиғат қорғау қызметiне байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де объектiлердi салу, қайта жаңарту және жөндеу;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргiзу;
табиғат музейлерi мен көрмелерiн ұйымдастыру және ұстау;
рекреациялық аймақтарды дамыту және көркейту;
жарнама және баспа қызметiн жетiлдiру;
экологиялық насихат;
келеңсiз экологиялық зардаптардың алдын алу және жою.
Қорықтар мен ұлттық парктердiң аумақтарын пайдаланудан және олар көрсететiн қызметтерден алынатын қаражатты өзге мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
Қорықтар мен ұлттық парктердiң аумақтарын пайдаланудан және олар көрсететiн қызметтерден түскен қаражатты алу мен жұмсау жөнiндегi есеп берудi жүргізу заңнамада белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
Қорықтар мен ұлттық парктердiң аумақтарын пайдаланғаны және олардың көрсететiн қызметтерi үшiн төлем алуға, алынған табыстардың толық әрi дұрыс есептелуiне, сондай-ақ қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және бухгалтерлiк есептiң жүргiзiлуiне бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі белгілеген тәртiппен, олар қарауына енетiн орталық атқарушы органдармен бiрлесiп жүзеге асырады. [6]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz