Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . 3
1 КӘСІПКЕРЛІК ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАЛАРЫ
1. 1 Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты және ұйымдық-құқықтық құрылымы . 5
1. 2 Нарықтық экономикадағы әлеуметтік кәсiпкерлiктiң маңызы және оны
мемлекеттiк реттеу шаралары11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК
ІС-ӘРЕКЕТ
2. 1 Әлеуметтік кәсіпкерлікті қаржыландыру және несие беру механизмі 18
2. 2 Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік іс-әрекеттің қызмет ету
механизмі ……. . 28
2. 3 Әлеуметтік бағыттағы кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
мазмұны және шетелдік тәжірибесі. 36
2. 4 Қазақстанда әлеуметтік бағдарланған кіші кәсіпкерлікті қаржы-несиелік қолдауды жетілдіру жолдары . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . 54
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі . «Дағдарыстан - дамуға» деген 2009 жылдың 6 наурызында болған Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Жыл сайынғы Халыққа Жолдауында «Қазақстанда қанша дағдарыс болса да басты басымдықтар өзгерген жоқ. Сол басымдықтардың бірі - кәсіпкерлікті дамыту». Мемлекет басшысы бұл мәселеге еліміз өз тәуелсіздігіне ие болған кезден-ақ ерекше көңіл бөле бастаған. Себебі, кәсіпкерлік дегеніміз - бүкіл тіршіліктің тұтқасы. Сан түрлі кәсіпті меңгермей, сол кәсіптерді жылдан жылға жетілдіріп отырмай ешбір ел алға баса алмайды. «Кәсібі бардың - нәсібі бар» деп біздің қазақ халқы де тегін айтпаса керек. Осы әлемді шарлаған дағдарыс тұсында да Үкімет оның салдарларын еңсеру жөнінде басты басымдықтарды айқындағанда сол басты басымдықтың бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау ісіне ерекше мән берді және оның сан түрлі амалдарын жасады.
Ең бірінші айтарымыз, кәсіпкерліктің алдынан туындайтын әкімшілік кедергілерді азайтты. Оның үстіне 2008 жылдан бері әрекет етіп келе жатқан кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге жариялнған мораторийдің мерзімін ұзартты. Бұған барлық кәсіпкерлердің қуаныш білдіргендері айқын.
Екіншіден, жаңадан қабылданған Салық кодексі арқылы орта және шағын кәсіпкерлікке түсетін салық жүктемесін жеңілдетті. Тек осы жағдайдың өзі ғана ресми деректер бойынша кәсіпкерлерге 1 жылдың ішінде 300 млрд. теңгенің жеңілдігін береді екен.
Үшіншіден, «Самұрық-Қазына», «Даму» қорлары, «КазАгро» холдингі мен екінші деңгейдегі банктер арқылы орта және шағын кәсіпкерлікке берілетін несиелердің ставкалары жеңілдетуде. Ол 12, 5 пайыз көлемінде белгіленіп отыр. Ең жоғарғы деңгейінің өзі 14 пайыздан аспауы тиіс. Мұның өзі мемлекет тарапынан жасалынып отырған жақсы жеңілдік екендігі белгілі.
Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қоры шағын және орта кәсіпкерлікке 2009 жылы бұрынғыға қарағанда қосымша тағы да 120 млрд. теңгенің қаржысын бөлді. Бұл қаржының 70 пайызы қазіргі жүзеге асу үстіндегі жобаларды қаржыландыруға, 30 пайызы жаңа жобаларды іске асыруға жұмсалмақ.
Нарықтық экономика негiзiнде ұлттық экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз ету үшiн бәсекеқабiлетi жоғары өнiмдер шығаруға мүмкiншiлiк туғызатын, елiмiздi дамыған елдер қатарына бiр қадам болса да жақындататын басты құралдың бiрi - кәсiпкерлiк қызметтi дамытуымыз және оның маңызды салаларын мемлекеттiк реттеу мен қолдау бүгiнгi экономикамыздың басым саясаттарының бiрi болып отыр. Әсiресе бұл саяаттың негiзгi мақсаты кәсiпкерлiктi инновациялық тұрғыдан қолдау келешекте елiмiзге өз жемiсiн берерi анық. Себебi өмiр өзi көрсеткенiндей, шикiзат сатуға бейiмделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылым жетiстiктерiне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартуға қабiлеттi.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы нарықтық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау мен реттеу күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті қаржы-несиелік қолдау мәселелерін негіздеу болып табылады. Диплом жұмысында кәсіпкерліктің экономикалық мәні, Қазақстандағы даму тенденциясы, кіші бизнесті қолдаудағы мемлекеттің рөлі, кредит беру тәртібі, ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері, қаржыландыру көздері, қаржы институттарының қолдауы сияқты сұрақтар зерттелген.
Диплом жұмысының мақсаты мен мiндеттерi келесiдей болып табылады:
- Кәсiпкерлiктi - ерекше экономикалық құбылыс ретiнде қарастыру;
- Әлеуметтік кәсiпкерлiк қызметтiң нарықтық экономикадағы мәнін ашу;
- Кәсiпкерлiк жалпы маңыздылығын, оның түрлерiн және жiктелуiн қарастыру;
- Кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу шараларының ерекшелiктерiне тоқталу;
- Елiмiздегi әлеуметтік кәсiпкерлiк қызмет қалыптасуының ерекшелiктерiн және iске асу нәтижесiн қарастыру;
- Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудағы мәселелердiң шешу жолдарын айқындау;
- Қазақстандағы әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлік іс-әрекетті талдау;
- Әлеуметтік кәсiпкерлiк іс-әрекетті дамытуды қолдаудағы мемлекеттік «Самұрық-Қазына» қорының мәнін және рөлін көрсету;
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның кәсіпкерлік іс-әрекеті және де жаңа бет алыс әлеуметтік кәсіпкерлік нарығы алынды.
Зерттеу пәні Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтерді, әлеуметтік кәсіпкерлік іс-әрекетті экономикалық-құқықтық зерттеу мақсатында бәсекелестік орта жағдайында оны тиімді басқару болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі отандық және шетелдік авторлардың, заңнамалық және нормативтік құжаттар актілерінің, статистикалық мәліметтерден тұрады. Жұмыста 1 кесте, 5 сурет көрсетілген. Жұмыс көлемі 55 бет.
1 КӘСІПКЕРЛІК ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ФОРМАЛАРЫ
1. 1 Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты және ұйымдық-құқықтық құрылымы
Кәсіпкерлік түсінігі ХІІ ғасырларда пайда болды деген пікір бар. Французша «En+epzendze» - бірдеңені жасау дегенді білдірсе, ХІІІ ғасырда өмір сүрген арабтың ғұлама ғалымы Ибн Халдун аль-Хадрами «КАСБ», яғни қазақша «кәсіп» ұғымын енгізді және кәсіпкердің дербестігі, пайда табуға ұмтылысы сияқты мағыналарына мән берді. XV ғасырда ағылшындар кәсіпкерлік түсінігіне жақын «mezckan+-саудагер, advenguze - адам» яғни тәуекелге оңтайлы, undeztakez - өзіне міндеттеме алатын адам деген сөздерді қолданды.
Дегенмен кәсіпкерлік концепциясы барынша айқын 1725-1730 жылдары ағылшын экономисі Ричард Контиллионның жұмыстарында көрініс тапты. Содан кейінгі кезеңдерде кәсіпкерлік теориясы әртүрлі ғалымдардың еңбектерінде дамытылды. Олар кәсіпкерлік жәй ғана тәуекелге және жаңашылдыққа ыңғайлылық емес, түптеп келгенде, жаңа кәсіпорын құру қабілеті дегенді алға тартты.
Нарықтық экономиканың белсендi өкiлдерiнiң бiрi - кәсiпкерлер. “Кәсiпкер” ұғымын алғаш рет XVIII-ғасырдың басында ағылшын экономикасi Ричард Кантильон енгiздi. Ғылыми әдебиеттерде кәсiпкерлiктi үш аспектiде қарастырады: экономикалық категория ретiнде, экономикалық ойлай типi ретiнде, шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде.
Экономикалық ғылымда негiзiнен өндiрiстiң төрт факторы қарастырылған: еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк. Бұл жерде кәсiпкерлiк өндiрiстiң төртiншi факторы ретiнде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрiздi үш негiзгi өндiрiс факторларын бiрiктiрiп жүзеге асырудың үздiк әдiстерiн iздестiрiп, жұмылдыру процесi ретiнде де қарастырылады.
Енді кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты неде деген сұраққа жауап беріп көрейік. Біздің пікірімізше, кәсіпкерлік адамдардың ерікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Себебі, ол, тұлғаның жеке мүддесіне, оның жігерінің еркіндігіне, таңдаған мақсатына, оған қол жеткізу мүмкіндігіне, нәтижесіне және жүзеге асыру процесіне негізделген. Осы тұрғыдан алғанда кәсіпкерліктң еріктілігі және соның негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыру - экономиканы дамытудың барынша тиімді жолы. Кәсіпкерлік кәсіпкер деп аталатын іскер адамдардан тыс болуы мүмкін емес. Кәсіпкерлер - бұлар коммерциялық мүмкіндіктерді көре білетін, қажетті капиталды алу қабілеті бар, қандай операцияларды жүзеге асыруды білетін және жетістік үшінде, сәтсіздік үшінде жауапкершілікті өзіне ала отырып тәуекелге бара алатын іскерлік әлеміндегі адамдар.
Буржуазиялық саяси эканомикада “кәсiпкерлiк” түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк - инициативалы шаруашылық қызмет
тәуекелмен жасалатын жекеменшiк, қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi. [3]
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде кәсiпкерлiкке келесiдей анықтама бередi: “ Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. [4]
Кәсiпкерлiк бұл ерекше экономикалық құбылыс болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау оның жалпы экономикалық құрылымы сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетедi. Орта ғасырларда “кәсiперлiк” деген термин, одан да бұрын “антрепренер” француз тiлiнен аударғанда “делдалдық” дегендi бiлдiредi. Кәсiпкерлiк батыстың экономикалық теориясында кең түрде XVIII ғасырдан бастап қарала бастады. Оны атақты ғалымдар Р. Кантилонаның, А. Тюргоның, Ф. Кэненiң, А. Смиттiң, Ж. Сэйдiң есiмдерiмен байланыстырады. “Кәсiпкер” терминiнiң атасы белгiлi ағылшын экономисi Ричард Кантилон. Ол “кәсiпкер” деп рынок жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң экономикалық жағдайларына байланысты. Қазіргі әлеуметтік қарқын мен деңгей тұрғысынан мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарын анықтай отырып, қоғамды экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени-экологиялық тұрғыдан дамыту, адамның болмысы мен санасын қатар жаңарту болып табылады. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау. [5]
Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, адамдар жатады. Мұндай кәсiпкердiң қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi қолдануға негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк қызметтi бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы - мiндеттi шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi - ұжымдық, коллективтiк деп аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi - әртүрлi ассосациялар: акционерлiк қоғамдар, кооперативтер және т. б. жеке-дара кәсiпкерлерге қарағанда кооперативтер немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi мәселелердi шеше отырып, олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi.
Кәсiпкерлiк объектiсi - адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы нәтижесi - өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барыншаминималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс.
Сонымен кәсiпкерлiк - рыноктағы бәсекеге төтеп беру үшiн жаңа мүмкiндiктердi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тың салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу болып табылады. Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi - новаторлық, жаңашылдық, ерекше мағынадағы новаторлық өндiрiс, айырбас және бөлудiң түрлi факторларын комбинациялау. Кәсiпкерлiк әр кезде де белгiлi бағытта ұйымдастырылады, нақты формалары бар. Кәсiпкерлiктiң шаруашылық жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi - шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Кәсiпкерлердiң еркiн қызмет етуi рынок механизмiнiң әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiп қалыптастырады.
Жалпы кәсiпкерлiктiң жiктелуiн келесi суреттен көре аламыз (1-сурет) .
Кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыру және оларды рынокта кәсiпкердi қанағаттандыратындай өткiзу болып табылады. Барынша көп табыс табу кәсiпкерлiк жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана iс ұйымдастырылып, одан әрi кеңейтiледi. Кәсiпкерлiкке тән тағы бiр сипат шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы. Iске кiрiскендн алғашында алда не болатыны белгiсiз, анықталмағандық болады, оны болжап, дәл айту қиын. Осындай елеулi белгiлерi бола отырып кәсiпкерлiк келесi салалар бойынша бөлiнедi:
- кәсiпкерлiк қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
- кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай: өндiрiспен басқару, қаржыландыру және делдалдық қызмет:
- шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты кәсiпкерлiк: бiр профильдi, көп профильдi;
- шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық, құрылыста және басқада халық шаруашылық салаларында.
Өндiрiстiк бизнес: өндiрiстiк бизнеске негiзiнен материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Өндiрiстiк бизнес - бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес - бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi шығару. Өндiрiстiк бизнесмен - бұл кейiннен сатып алушыларға, тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани игiлiктердi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiру және дайындаумен өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi - екiлi жағдай ғана.
Көпшiлiк жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз бизнесiне отбасы мүшелерiн, туған туыстарын тартады, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.
Коммерциялық бизнес: коммерциялық немесе саудалық бизнес - бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау, тауар - ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi.
Қаржылық кәсiпкерлiк: саудалық бизнеске әлдеқайда жақын тұрған қаржылық iскерлiк болып табылады. Өйткенi оның негiзiнде сатып алу сату жатады, бiрақ мұнда ақша, валюта бағалы қағаздар сияқты ерекше тауарлар айналымға түседi.
Өндiрiстiк, коммерциялық және iскерлiк қызметтiң басқа түрлерiн жүзеге асыру ақшаның көздердi керек етедi. Шикiзатпен материалдарды сатып алу, ғимараттарды жалға алу, жалдамалы жұмысшылардың жалақысын төлеу және басқа iскерлiк жұмыстар ақша көздерiн тұрақты жұмсауды қажет етедi. Әрине, әр бiр бизнесмен өз iсiн жүргiзу үшiн жеткiлiктi мөлшерде ақша көздерiн иеленген деп ойлаймыз. Алайда, тәжiрибе көрсетiп отырғандай, белгiлi бiр бизнес операциясының басталуынан оның аяқталуына дейiн жеткiлiктi дәрежеде ұзақ уақыт кетедi, содықтан да операция аяқталғаннан кейiн ақшаны алғанға дейiн бизнесменге қолда бар қаржы ресурстары жетiспеуi мүмкiн, осыған орай ол заемдық көздердi iздестiрудi бастайды. Дәл осындай жағдай, iскер өз қолында отардың валютадағы жеткiлiктi мөлшерде қаржы көздерiн ұстап отырса да, шетелдiк шикiзат пен материалдарға есеп айырысу үшiн шетелдiк валютаны сатып алғанда да ұшырымды. Одан әрi бизнесмен белгiлi бiр табыс табу үшiн өзiнiң қолындағы бос жатқан ақшаны процент алу аясында банкiге салады немесе акция, басқа да бағалы қағаздарды сатып алады.
Делдалдық бизнес: жоғарыда қарастырылған бизнестiң өндiрiстiк коммерциялық жағы бiр түрлi делдалдық бизнестi дүниеге әкелдi. Бұл бизнес өндiрiстiк, сауда - коммерциялық қаржы несиелiк сияқты әр трлi салаларда жүзеге асырылады. Оның негiзгi ерекшклiгi - мұнда бизнестiң материалдық заттай элементi болмайды. Делдал өзi өнiм өндiрмейдi, тауар, валюта немесе бағалы қағаздармен сауда жасамайды, несие берумен айналыспайды. Оның ролi мен мiндетi - осы операциялардың жүргiзiлуiне және бiтiм жасауға мұрындық болу.
Бұл жерде бизнестiң дәнiн себушi - делдал әкелетiн ақпарат. Бiр жағынан сатып алушы, тұтынушының жағында, екiншi жағынан өндiрушi, тауар сатушының жағында тұратын делдал оларды iскерлiк бiтiмдiк қолына iкелiп қосады.
Сақтандыру бизнесi: сақтандыру эканомикалық қарым-қатынастың бiр түрi ретiнде бiздiң тарихымыздың кеңестiк кезеңiнде орын алды және оны еңбек табысын табуға мүмкiндiгi жоқ немесе көмекке зәру адамдарға жәрдем көрсету мақсатында белгiлi бiр қаржы қорын құру үшiн кәсiп орындармен азаматтардың тапқан табысының белгiлi бiр бөлiгiн ерiксiз тәртiппен алу арқылы мемлекет жүзеге асырып отырды.
Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.
Меншiктiк формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн атап өтуге болады:
- Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
- Серiктестiк немесе партнерлiк;
- Корпорация (акционерлiк қоғам) .
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi - капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi, өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән болады.
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады. Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле түсiнбеуi.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi - акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады.
Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк болып бөлiнедi. Осы заманда экономикасы дамыған елдерде шағын кәсiпкерлiк ұлттық шаруашылықтың ең iрi секторын құрайды. Шағын бизнесте барлық жұмысбастылардың жартысынан көбi қызмет етедi.
Қазақстанда кәсіпкерлік туралы, қайта құру идеясына сәйкес 90 жылдардан бастап айта бастады. Сол кездерде «комсомолдық кәсіпкерлік» етек жая бастады. Негізінен бұрынға комсомол жетекшілері жастардың ғылыми-техникалық творчества орталықтарының базасында кооперативтер аша бастады. Инфляцияның жоғары қарқынмен өсу барысында, кәсіпкерлердің алдыңғы жас толқындары қажетті алғашқы капиталды жинай алды. Себебі кредит «қымбатқа» берілді, ал «арзан» ақшалармен қайтарылды.
Кәсіпкерлікті ашық түрде жүргізуге рұқсат беретін бірінші заң бұрынғы Совет Одағы кезінде, 1987 жылы «КСРО азаматтарының» дербес еңбек ету ісі туралы» заңы болды. 1988 жылы «Копперация туралы Заң» қабылданды. Жаппай кооперативтер, серіктестіктер құру басталды. Бірақ нарықтық инфрақұрылымның қалыптасып үлгірмеуі салдарынан, олардың едәуір бөлігі дами алмады. Кейіннен 1988-1991 жылдары қабылданған жалға беру, бірлескен кәсіпорындар, банктік іс туралы Заңдар экономикалық жағдайды біршама нарықтық механизм талабына сәйкестендірді. Дегенмен шаруашылық объектілерінің басым көпшілігі мемлекеттің үлесінде қалды, ал қалыптасып жатқан басқа шаруашылық типтері белгілібір мардымсыз деңгейде ғана кәсіпкерлікті ынталандырады. [6]
1991 жылдан бастап тәуелсіздік алуымызға байланысты Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділікке қолдау көрсететін бірнеше Заңдар қабылданды. Оған «Шаруашылық іс-әрекеттің еркіндігі жәнен Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заңдарды жатқызуға болады. 1994 жылдың басына қарай Қазақстанда 15, 7 мың жеке меншік кәсіпорындар болды, оларда 164 мың адам жұмыс істеді. [7]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz