Инвестиция экономиканы жетілдіруші фактор



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы негізгі капиталды қайта
құру процессінің төменгі деңгейімен сипатталады. Негізгі капиталдың істен
шығуы инвестициялық ресурстар ағымымен толықтырылмай, ал өндірістік
аппараттардың жаңаруы техникалық-технологиялық және құрылымдық өзгерістерді
қамтамассыз етпеуде.
Ал отандық коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі
экономиканы несиелеуге бағытталған несиелерінің шамамен 20-30%-ы орта және
ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80%-ы қысқа
мерзімді несиелерді құрайды. Бұл жерде банктердің несиелік ресурстарының
жұмсалуы тек қысқа мерзімділік сипатқа ие болады. Мұнда әлі де болса өз
шешімін таппаған мәселелер аз емес. Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп
көңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталған ресурстардың басым бөлігінің
қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, ұзақ мерзімді несиелеудегі орын алар
несиелік тәуекелдің болуы және т.б. байланысты. Банктердің ұзақ мерзімді
несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің өндіріспен байланысының жоқтығын
дәлелдейді. Себебі өндіріс үшін қай кезде болсын, ұзақ мерзімде берілген
несиенің маңызы жоғары. Бұл айтылғандар да бүгінгі күні өз шешімін таба
алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.
Қазіргі таңда экономикалық өсуге қол жеткізу үшін шикізатты
пайдалану мен бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арасындағы бой алған терең
техникалық-технологиялық алшақтықты жоюға ықпал ететін жобаларды іске
асыруға бағытталған инвестициялар көлемін ұлғайту қажет.
Экономикаға шетел инвестицияларын тарту өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы
және өзге де салалардағы инвестициялық жобаларды несиелеудің маңызды
көздерінің бірі болып табылады. Шетел инвестициялары өндірістік аппаратты
жаңа ғылыми технологиялық негізде қайта құрып, тауар және қызмет
өндірісінің дамуын жеделдетеді. Мұндай жетістіктерге инвестицияны
экономикаға ұтымды тарта білгенде және тартылған инвестицияны тиімді
таратып, үлестіре білгенде ғана қол жеткізуге болады. ҚР-ның Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына шетел инвестицияларын
тарту стратегиясы ұзақ мерзімді мақсат ретінде танылып назардан тыс
қалмаған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты экономикалық өсудің инвестициялық
тәуелдділігін зерттеу арқылы инвестициялық жобаларды несиелеуге сыртқы
қарызды пайдалану механизімінің тиімділігіне негіздеме беру, жобаларды
бағалаудың халықаралық әдістемесін Қазақстан жағдайына сәйкестендіру,
жобаларды халықаралық несиелік желілер ашу арқылы қаржыландырудың
артықшылықтарын көрсету болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
• әлемдік экономикалық ғылымда орын алған экономикалық өсу
қарқынының инвестициялық қызмет белсенділігіне тәуелділігі
теориясына баға беру;
• пайыз деңгйі және инвестициялық сұраныс пен табыс көлемі
арасындағы байланысты ашып көрсету;
• тікелей шетел инвестициялары ағымының негізгі бағыттарын және
олардың көлемі мен экономикалық мәнін ашып көрсету;
• экономикалық өсуге мультипликативтік және экономикалық
белсенділік пен өндіріс көлемі деңгейінің өзгерісінің әсер
етуін анықтау;
• инвестициялық жобаларды бағалауда халықаралық әдістемесін және
оны Қазақстан жағдайына сәйкестендіруді интерпретациялау;
• Ақшабұлақ мұнай кенорнына технико-экономикалық анализ жасау;
• Шетел инвестициясын тартудағы кедергілерді және оны
пайдаланудағы тиімді жолдарды қарастыру;
Жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Жалпылама бағыттары мен зерттеу логикасы жұмыстың ішкі бір тұтастығы
мен құрылымын анықтайды. Осы дипломдық жұмыс 83 бет көлемде баяндалған және
ол кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен ұсыныстардан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен
міндеттері, зерттеу объектісі мен жұмыстың тәжірибелік маңызы берілген.
1-тарауда, инвестицияның нарықтық экономикада қызмет етуінің
теориялық-әдістемелік негіздері зерттеліп, соның ішінде шетел капиталын
тартудың мәні, нысандары, ерекшеліктері қарастырылды. Сондай-ақ, сыртқы
қарыздар арқылы несиеленетін инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
әдістері Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына сәйкестендірілді.
2-тарауда, Ақшабұлақ кенорнын тәжірибе-өндірістік эксплуатация
негізде орналастыру жобасына технико-экономикалық анализ жасалды.
3-тарауда, инвестициялық ахуалды жетілдіру, инвестицияны тартқандағы
ел экономикасына кері және жағымды тиетін әсерлері қарастырылған.
Қорытынды және ұсыныстар бөлімінде негізгі нәтижелері мен ұсыныстары
түйінді түрде көрініс тапты.

І. Инвестицияның теориялық методологиялық негіздері
1. Инвестиция экономиканы жетілдіруші фактор
Ивестицияға анықтама берген кезде оның тек мағыналық сипатына ғана
көңіл бөлмей, мақсатты түрде бағытталуын да көрсетуін маңызды. Осы тұрғыдан
қарағанда, инвестициялар жалпы ұлттық өнім өндірісіне жұмсалатын
табыстардың маңызды бөлігін құрайтын жаңа технологияны, материалдарды және
басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірісті кеңейту және жұмыс
жағдайын жақсарту мақсатында жұмсалатын қаражаттардың активтерге салынуы
болып табылады.
Бірақ осы кезге дейін экономикалық тақырыптағы әдебиеттерде
инвестиция деген ұғымға алуан-түрлі түсініктер беру орын алып келді.
Көптеген авторлар күрделі қаржы мен инвестициялардың бір-бірінен
айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбіреулері инвестицияны мақсатты
бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымының кез-келген түрі деп
есептейді.
Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П.Журавлев, И.Ю.Малышева инвестицияны
жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да құрал- жабдықтарды
өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын
шығындар деп есептейді. Бұл жерде негізгі және айналым қорлары аралығында
айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары т.б
факторлар есепке алынбады.
Инвестициялық қызметтің негізгі объектісі айналым қаражаты деп
түсінетін кейбір қазақстандық экономистер де осыған ұқсас пікірді
қабылдайды. Бұл экономистер инвестицияның күрделі қаржыдан басты
айырмашылығы инвестицияларды қамту негізгі капиталға салынған қаражат
салымдарымен қатар, айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталғандығында да
деп есептейді. Егер ағымдағы өндірістің белгілі-бір бөлігі негізгі капитал
көлемін көбейту ісінде пайдаланылатын болса, инвестициялар кеңінен орын
алады. Біздің пікірімізше, жеткілікті түрде толық әрі айқын болмағанымен
де, мына келесі анықтаманы негізге алуға болады. Инвестиция дегеніміз –
капиталды толассыз түрде, ұдайы жаңартып, оны қолдап – сүйемелдеп, көлемін
ұлғайтып отыруға жұмсалатын ақша қаражатының шығындары деген мәнге ие.
Инвестициялық қызметтің объектілерін және инвестициялаудың келесі
беттегі 1-сызба арқылы көруге болады.
ҚР-ның шетел инвестициялары туралы Заңында инвестиция деген
ұғымға жаңа әрі кең мағыналы түсініктеме беру арқылы инвестиция және
күрделі қаржы деген ұғымдардың арасына шектеу қоюға деген талпыныс
әрекеттері қолданылған. Бұл Заңда Инвестиция дегеніміз – табыс табу
мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне жұмсалатын барлық мүліктік,
интелектуалдық құндылықтар және оны иемдену құқы деп жазылған. Алайда, бұл
анықтама өте нақты болмағандықтан, оның мазмұны бір мағыналы түрде ашылуы
мүмкін.
Оның үстіне, анықтама пайда табуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік
объектілерге бағытталған салымдарды ғана қамтиды. Шетелдерде теория және
тәжірибе жүзінде кеңінен танымал болғанындай, инвестиция тиімділігіне баға
беру кезінде оның тек қаржылық тиімділігіне ғана емес, материалдық емес
сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға жұмсалатын қаражат шығындары
(мәселен, денсаулық сақтау, білім беру, мамандық деңгейін жоғарлату,
экологиялық жағдайды жақсарту, халықтың әл-ауқатын көтеру және басқалар),
сондай-ақ, қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат мүделерін көздеп, ескеріп
отыратын экономикалық тиімділік сияқты маңызды көрсеткіштері де анықталады.
Осыған орай, ҚР-ның Шетел инвестициялары туралы Заңында инвестициялардың
барлық түрлері бірдей қамтып көрсетілмегендіктен, анықтама толық емес.
Біздің ойымызша, ағымдағы шығындардың инвестицияға қатысы жоқ және
өндіріске қатыстырылатын инвестицияларды қарастырғанда, біз негізгі
өндірістік және өндірістік емес қорларға салынатын бір жолғы салымдар мен
материалдық запастарды ғана ескеретін боламыз. Cонымен қатар, инвестиция
ұғымының күрделі қаржы ұғымына қарағанда анағұрылым терең екендігін атап
өткен жөн. Сызба-1
Инвестициялық қызмет объектілері және инвестициялау нысандары
Өйткені күрделі қаржы – негізгі капиталды қайта құру мақсатында
жұмсалатын шығындар, ал инвестициялар болса, материалдық активтерге
салынған қаражат салымдары. Бұл салымдар, біріншіден, жанама түрде қаржылық
аспаптар арқылы материалдық байлықты ұлғайтады, екіншіден, материалдық емес
сипаттағы қоғамдық құндылықтардың мейлінше өсе түсуіне ықпал етеді.
Инвестицияның ақшалай капиталдан ерекшелігі – инвестиция капиталдың
құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы физикалық капиталдың ұлғаюымен
байланысты .
Материалдық байлық құрып және оны молайта түсу, қоғамымыздың тұрмыс
халін жақсарту – инвестициялаудың негізгі мақсаты болғандықтан, күрделі
қаржыларды негізгі қорға айналдыру процесі инвестицияның классикалық
анықтамасына сай келгендіктен, инвестиция ұғымын қолдану кезінде оған жан-
жақты түсініктеме беріп отырған орынды. Инвестициялау процесі инвестициялық
ресурстардың материалдық байлықтарға және материалдық емес құндылықтарға
айналу процесі. Инвестициялау процесі келесі беттегі бірінші сызба түрінде
бейнеленген.
Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тек
күрделі қаржы ұғымын санатында құнды қағаздарды және басқа да қаржылық
активтері бар инвестиция ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ,
өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуі жалпы мәдениеттің
алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриалық жүйелерінің
қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерінің ролі мен
мағынасының күшеюі ғылыми-техникалық және әлеуметтік салаларды
қаржыландырудың еліміздің материалдық байлықтары мен қоғамдық
құндылықтарына салынатын салым екендігін танытып мойындауға ықпалды әсерін
тигізеді.
Сонымен, біз инвестиция деген ұғымды қаржылық аспаптар,
инновациялық салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздың
материалдық емес құндылықтарына тікелей немесе жанама түрде салынатын
инвестициялық ресурстарды түсінеміз. Негізгі капиталға салынатын
инвестициялық ресурстардың белгілі-бір бөлігі күрделі қаржы көлемімен
бірдей. Осыған орай, біз ол көрсеткішті бұдан былайға уақытта негізгі
капиталға салынған инвестиция немесе күрделі қаржы деп атайтын боламыз.
Инвестициялардың қандай түрлері болмасын әлемде әрқайсысының атқарар ролі
әрқилы болғанымен де, олардың еліміздің экономикасын өркендетуге маңызы
зор.

Сызба-2.
Инвестициялау процесінің сызбасы
ИнвестициМатериалды активке Қаржылық Материалды емес активтерге
я түрлеріжұмсалған инвестициялар активтерге жұмсалған инвесьтициялар
жұмсалғн
инвестиция
Инвести- Негізгі өндірістік және Акциялар, Патент Білім беру,
циялау өндірістік емес қорлар мемлекет- тік тер, денсаулық
объектіле және лицензия- сақтау,
рі корпоратив-тік лар, сауда мәдениет
облигация белгілері, шаралары және
лар, т.б бағалы ғылыми-техникт.б.
қағаздар алық өнімдер
Инвести- Экономиканың нақты Қаржылық банктікИнновациялық әлеуметтік
цияны секторлары орта ота орта
қолдану
аясы
Инвести- Жаңа материалдық активтерді ұлғайту
цияны
қолдану
мақсаты

Негізгі капиталды қайта жаңарту ісінде алатын орны тұрғысынан
қарағанда, инвестицияның атқарар ролдері мына төмендегідей қалыппен
сараланып бөлінеді: жалпы және бүтінде инвестициялар; негізгі капиталды
көбейтуге бағытталған таза инвестиция; істен шыққанның орнын толтыруға
бағытталған инвестиция. Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың
қалыптасуына әсер ететін факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы,
автономды деп бөледі.
Туынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүенің ішкі
(эндогенді) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы
өзгерістерге байланысты болады. Автономды инвестицияларының өсуіне
экзогенді факторлар – ғылыми-техникалық прогресс, халық санының өсуі,
мемелекеттің саясаты және тағы басқалары себепкер болады. Халықаралық және
отандық тәжірибеде инвестицияларды мақсатты бағыталуына байланысты келесі
түрлерге бөліп қарайды:
Заттай активтерге жұмсалған инестициялар өндіріс ғимараттарын,
құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерзімі бір жылдан жоғары болып келетін
активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайды.
Материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар – бұл қандай да
бір кәсіпкерлікпен айналысатын шаруашылық субъектілердің қызмет етуіне,
сонда-ақ сауда белгілерін даярлауға, лицензия алуға және тағы басқаларға
жұмсалған қаражаттарды білдіреді.
Заттай активтрге жұмсалған инвестициялар өзінің пайдалану аясы
бойынша келесідей жіктеледі:
• өндіріс тиімділігін арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни,
өндірістегі құрал-жабдықтарды, құрылғыларды және т.б. ауыстыру
нәтижесінде өндіріс шығындарының төмендігін қамтамассыз етуді
сипаттайды;
• өндірісті кеңейтуге жұмсалған инвестициялар. Оның басты міндеті
– тауарлар шығару, мүліктерді кеңейту болып табылады;
• жаңа өндріс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа
тауарлар өндіруге немесе жаңа қызмет түрлерін көрсетуге
бағытталған кәсіпорындарды салуды қамтамасыз етуді сипаттайды.
Экономикалық түрлендіруді жүзеге асыруда, сондай-ақ жаңа кәсіпкерлік
қызмет түрлерін дамытуға пайдаланылатын инвестицияларды олардың
экономикалық мазмұнына қарай әртүрлі нысанда бөліп қарастырады. Оның ішінде
бізге танымалылары мыналар:
Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар – инвестицияның ссудалық
қарыз немесе әртүрлі несие нысанында пайдалануын сипаттайды.
Кәсіпкерлік нысандағы инвестициялар –кәсіпкерлік капиталдың тікелей
және жанама нысанда пайдалануын білдіреді.
Кәсіпкерлік капиталдың тікелей нысанда пайдалануы тікелей
инвестицияларды білдірсе, ал жанама нысандарында пайдалануы портфельдік
инвестицияны сипаттайды. Тікелей инвестициялар өндірістік кәсіпорындарға
тікелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын
білдірсе, ал портфельдік инвестициялар – бұл инвестициялық процеске
қатысушы банктердің, әртүрлі қорлардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың немесе
мекемелердің бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын
сатып алу негізінде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар
жиынтығын білдіреді.
Қазақстанның экономикалық дамуына жұмсалған инвестициялар
нысандарына байланысты үлес салмағы талдау нәтижесі портфельдік
инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткішке ие болуын сипаттайды.
Әрине, бұл жағдай еліміздегі бағалы қағаздар нарығының аса дамуымен
байланысты.
Сонымен қатар, инвестицияларды меншік нысанына байланысты келесідей
түрде бөліп қарайды:
• мемлекеттік меншік нысанындағы инвестициялар мемлекеттік бюджет
есебінен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты
әлеуметтік сала болып табылады;
• жекеменшік капитал нысанындағы инвестициялар кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектілердің өз
қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.
Мұндай мемлекеттік және жекеменшік нысанындағы инвестицияларды
бір сөзбен отандық инвестициялар деп те атайды;
• шетелдік капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекетерден,
оның ішінде халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылатын қаражаттар
болып табылады.
Қарастырылған инвестициялардың барлық түрлерін төмендегі 3-сызба
бойынша жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады.
Сызба-3
Инвестицияларды негізгі белгілері бойынша жіктеу

Осылай топтау біздің пікірімізше, шартты түрдегі көзқарас
болғандықтан, ол статистикалық тұрғыда бағаланбайды. Сондықтан да осындай
сараптаулар әртүрлі салымдардың қозғалыс дәрежелерін, олардың сұраныстың
төлем қабілеттілігіне тәуелділік деңгейін, сондай-ақ, өсу шегі мен
динамикасының өздеріне тән ерешеліктерін атап көрсету мақсатында
инвестициялық қызметтің теориялық үлгілерінде кеңінен қолданылады.
Инвестициялық процестерді талдау инвестициялардың өсуі жалпы ұлттық
өнімнің мультипликативті түрде өсуіне ықпал ететіндігін көрсетді. Басқаша
айтқанда, инвестицияға жұмсалған қаражат – жоғары қуатты ақша.
Мемлекеттік инвестициялардың көбеюі осындай нәтижелерге қол жеткізеді.
Экономикалық теорияда мұндай құбылысты инвестицияның және мемлекеттік
шығындардың жалпы ұлттық өнімге мультипликативті әсері деп атайды.
Инвестицияның қозғалыс қарқынын пайда, кіріс және экономикалық
дамудың қозғалыс қарқынымен байланыстырып отырған осы тәуелділік ең алғаш
рет Дж.М.Кейнстің концепцияларында мазмұндалып, тұжырымдалған болатын.
Кейнсиандықтардың пайымдаулары бойынша, осы тәуелділік ақша қаражатын құру
тұрғысында қаралады. Бұл теорияның басты мазмұны сол, алғашқы
инвестицияланған ақша соммасы бастапқы кірістерге айналды. Бұдан соң сол
қаражаттың белгілі бөлігі жеке және инвестциялық тұтыну қажеттіліктеріне
жұмсалады да, екінші тараптағы кірістерге айналып отырады, яғни, тұтыну
көлемін ұлғайту арқылы кіріс көлемін ұлғайтуға инвестициялардың өсуі ықпал
етеді. Мультипликаторлардың шамасына сәйкес, мультипликативтік процестердің
ұзақтығы мен жалпы тиімділігі неғұрылым жоғары болса, соғұрылым кірістің
басым көп бөлігі тұтынуға жаратылатын болады.
Мультипликатор теориясы бойынша инвестициялар жинақ салымы деңгейіне
және басқа да көптеген факторларға тәуелді екенін көреміз. Мультипликатор
дегенді барлық жинақтық кіріс ( В) көлемінің өзгеруі, инвестицияның ( И)
өзгеруі аралығында тәуелділікті анықтайтын коэффицент (К) деп түсінеміз.
Бұл коэффицент инвестиция көлемінің өзгеруі салдарынан туындаған барлық
жиынтық кіріс көлемі өзгерісінің инвестиция көлемі өзгерісіне қатынас
арқылы анықталады. Мультипликатор математикалық тұрғыда мына төмендегі
формула арқылы көрсетіледі:
В
Кк = ------------
И
Мұндағы: В жиынтық кіріс көлеменің өзгерісі
И инвстиция көлемінің өзгерісі
Бұл формуланы И = В – C деп, оны В –ға бөлу арқылы
өзгертуге болады
В
-----------

В В В
1
Кк = ------------ = -------------- = ---------------------
= --------------- =
И В – С В - С
С
-----------
1 - -------
В
В

1 1
= ------------------ = -----------
1- МРС МРS

Мұндағы С – тұтынудың өзгерісі

С
МРС --------- - тұтынуға шектеулі бейімділік немесе қосымша
бірлік
В табысқа сәйкес келетін тұтыну үлесі

S –жинақ салымының өзгерісі

S
МРS = -------- - жинақ салымына шектеулі бейімділік немесе
В жинақ салымына жұмсалатын қолда бар
кірістін
қосымша бөлігі

Мультипликативті тиімділіктің мәні инвестициялық шығындрдың өндіріс
көлеміне тигізер әсерлі ықпалынан тұрады. Қосымша инвестициялар өндіріс пен
кірістің өсуіне қозғау бола отырып, өз кезегінде жинақ салымы мөлшерін
көбейтуге мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, мультипликатор концепциясы
инвестициялық қозғалыс пен өндріс көлемінің арасында тәуелділіктің бар
екендігін анықтап, атап көрсетіп қана қоймайды, қайта нақтылы әрі қатаң
түрде түсініктмелер береді. Бұдан экономикалық жүйенің ең көңіл аударатын
жері инвестциямен байланысты деген қорытынды жасауға болады. Инвестициялар
шын мәнінде, экономикалық белсенділік деңгейін арттырып, сәйкесінше, жалпы
ішкі өнім деңгейін өсіретін фактор болып табылады.
Инвестициялар теориясында мультипликатор әрекеті акселерация
(шапшандатқыш) қағидасымен толықтырылып отырады. Бұл қағида өндіріс
көлемінің ұлғаюының (В) жаңа инвестиция көлемінің өсуіне (И) ықпал етуін
сипаттайды, осының нәтижесінде процесс тұйықталған сипатқа ие болады.
Акселерация коэффицентінің (А) өзі өндіріс көлемінің және
инвестициялар көлемінің ұлғаюы немесе таза инвестициялардың жалпы ішкі өнім
көлемінен қанша есе артқанын көрсетеді. Бұл математикалық тұрғыда мынадай
формула бойынша есептеледі:
Иt
А = -------------
Вt+1
Мұндағы Иt – t жылындағы инвестиция;
Вt+1 – жалпы ішкі өнімнің t+1 жылындағы өсімі.
Осыған орай, егер мультипликатор инвестицияның экономикалық өсуге
ықпал етуінің ақырғы нәтижесін анықтап, сипаттайтын болса, онда акселиратор
кері байланысты сипаттайды және осы кезеңдегі инвестициялау масштабын уақыт
аралығы үйлесімсіз болып келетін, өткен мерзім аралығындағы экономикалық
белсенділік пен өндіріс деңгейінің өзгеруімен байланыстырады. Осы ретте
экономиканың өсу қарқынының төмендеуі немесе баяулауы инвестицияның
қарқынын төмендетіп, тіпті, олардың жойылып кетуіне әкеліп соқтыратынын
аңғаруға болады.
Бұл туралы Самуэльсон өзінің еңбектерінде: Акселирация экономикада
тұрақсыздықтан тудыратын қуатты фактор болып табылады. Экономикалық өсу
байқалғанда, ол таза инвестицияларға қозғаушы болса, ал экономика қарқыны
бәсеңдеген кезде, сол бастапқы тегеурінімен инвестицияның жоюлуына қозғаушы
болады деп жазған.
Сондай-ақ өндірістік секторларда тепе-теңдікті қалыптастыруда
тұтынушылық және инвестициялық қызметтер шешуші роль атқарады. Тұтыну тек
ағымдағы кірістің деңгейіне ғана байланысты деп есептеледі:
С= С(В), оның үстіне 0 C(B) 1
(4)

Мұндағы В – жалпы ішкі өнімнің көлемі;
С – жеке тұтыну шығындарының көлемі.
Бұл теңсіздік жеке тұтыну шығындарының көлемі әрдайым кіріс көлемі
ұлғайған сайын өсіп отыратындығын білдіреді.
Инвестициялық қызмет ссудалық пайыз деңгейі мен инвестиция көлемі
арасындағы кері байланысты тұжырымдап көрсетуге мүмкіндік береді (күтілген
пайда нормасы бойынша):
И= И (r), И (r) 0
Мұндағы r – ссудалық пайыз деңгейі;
И – инвестиция көлемі.
Бұл теңсіздік ссудалық пайыз мөлшерінің өсуі немесе төмендеуі жеке
инвестициялар көлемінің азаюына немесе керісінше көбеюіне әкеледі.
Сонымен, баланстың арақатынастарына сай В = С+И+МШ+(Х-М)
болатындығына көңіл аударайық, (Х-М) мөлшерін ескермей-ақ, тұтынылмайтын
және салық төленбейтін жалпы ішкі өнімнің бір бөлігі жинақталуы керек:

S = B – C – T
Мұндағы S – жинақ салымының көлемі;
Х-М – шетелдерге аударылатын таза трансферттер;
Т – таза салықтық түсімдер;
МШ – мемлекеттік шығындар;
С – жинақ салымы жалпы ішкі өнімге тәуелді болғандықтан (4 –
формулаға қараңыз), S – та жалпы ішкі өнімге тәуелді болады:

S = B – C(B) – T
Мұндағы Т – көбуюдің шектелген мөлшері болғандықтан;
S – S(B), оның үстіне

О S1 (B) 1, C1 (B) = 1 (6)
Яғни, салық ставкасы өзгермей, тұрақты түрде болғанда, кірістің
барлық өсімі тұтынуға жіберіледі немесе жинақ салымына салынады. Сөйтіп,
біз екі функцияға, яғни, кіріс мөлшеріне тәуелді жинақ салымдарына және
ссудалық пайыз деңгейіне тәуелді инвестицияға қол жеткіздік. Тепе-теңдік
шарты мына төмендегі түрде белгіленеді:

S(B) = И (r) (7)
Осы тепе-теңдікті қамтамассыз етуде өзімізге белгілі механизм –
мультипликатор шешуші роль атқарады. Оның басты мағынасы мынаған келіп
саяды: инвестиция көлемінің ұлғаюы тұтыну шығындары мен жалпы ішкі өнімнің
өсуіне әкеліп соғады.
Инвестициялық сұраныстың өсуіне байланысты кіріс көлемінің алғашқы
рет көбеюі осы кіріс иелерінің тұтыну шығындарын өсіре түседі, ал бұл өз
кезегінде, тағы да біреулердің табыстарын көбейтуге жол ашады.
Мультипликатордың мөлшері осындай шексіз тізбектер соммасының
математикалық шегі іспеттес (геометриялық прогрессиялар қатары) көрініс
берді. Бұл, сондай-ақ, банктік мультипликатордың үлгісі сияқты көрінеді.
Сөйтіп, инвестициялардың белгілі бір көлемін іске қосуға
жұмылдыратын белгіленген әр-бір пайыз деңгейіне тиісінше кірістің белгілі
бір деңгейі сәйкес келеді. Осы функциялық тәуелділіктің басты нысаны –
мультипликатор болып табылады.
Пайыз ставкасы неғұрылым төмен болған сайын, инвестициялардың және
тиісінше кірістің де көлемі (мультипликаторды қатыстыру арқылы) соғұрылым
жоғары болады. Ал пайыздың мейлінше ең төменгі деңгейінде, тиісінше,
кірісте өте мол болмақ немесе керісінше болады. Инвестициялық саясат елдің
экономикалық стратегиясының мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын ең
маңызды элемент болып табылады. Экономикалық реформаларға сәйкес
халықаралық капитал мен инвестицияларды тартудың мемлекеттік саясаты
дағдарыс пен инфляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық
белсенділігін арттыруға және өндірістің құрылымдық өзгерісіне барынша
септігін тигізуі керек.
Инвестициялық сферада аталған өзара байланыстар мен әсерлер кез-
келген мемлекеттің экономикалық өсуін анықтайтын негіз. Сондықтан
инвестициялық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
қарастырылады.
Егер АҚШ, ГФР, Жапония, Франция, Ұлыбритания және басқа да
өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық өрлеуінің кезеңдерін талдасақ,
барлық жағдайларда да соңғы он жылдықта осы елдерде инвестициялық
белсенділік мерзіміне экономиканың жоғары қарқынмен өсу кезеңдері тұспа-тұс
келеді. Инвестициялық белсенділіктің жалпы ұлттық өнім сияқты экономикалық
дамудың маңызды көрсеткішіне ықпалы осы елдерде алпысыншы жылдары ерекше
байқалды. Мысалы, Жапонияда 1966-1970 жылдары инвестициялар көлемі алдағы
бесжылдықпен салыстырғанда екі есеге өссе, жалпы ұлттық өнім 70%-ға өскен.
Сондай-ақ, осы жылдары АҚШ, Франция, ГФР елдерінде жалпы ұлттық өнімнің
өсуі 25-30%-ға жеткен.
Осындай инвестициялық белсенділіктің жоғары қарқыны көптеген дамыған
елдерге постиндустриалды экономика құруға, сонымен бірге, экономикалық
өсудің жаңа кезеңіне өту үшін және алдағы мерзімдегі тұрақты экономикалық,
әлеуметтік даму үшін материалды-техникалық негізді қамтамасыз ететін
өндірістік потенциал құруға мүмкіндік берді. Негізінен, дәл осы кезеңде тек
өндірістік қорлануды тұрақтандыруға ғана емес, үздіксіз дамитын техника
негізінде табиғи және моральды ескерген құралдарды алмастыруды қамтамасыз
ете алатын қорлану дәрежесін төмендетпеуге де жағдай жасалды.
Инвестициялық белсенділіктің өсуімен соңғы кезеңдегі Азиядағы жаңа
индустриалды елдердің - Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконгтың дүние жүзілік
аренаға шығуы да байланысты. Бұл елдерде қысқа мерзімді инвестициялар
арқасында әлемдік нарықтың өзгермелі коньектурасына тез бейімделуге
қабілетті ірі экспорттық потенциалы бар тұрақты эконмикалық құрылымдар
пайда болып, эконмиканың ғылыми сыйымды жаңа салаларын кең ауқымды дамыту
жүзеге асырылған.
Экономикаға инвестициялардың әсері КСРО кезеңдерде де байқалған.
Осылайша 1966-1970 жылдары күрделі салымдардың 1,4 есеге өсуі кезеңінде
орташа жылдық жалпы ұлттық өнім 7,6%-ға көтерілді.

2. Қазақстанға шетелдік капиталды тартудың критерилері мен
принциптері.
Экономиканы тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы
тарту жатады. өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі – шетел
инвесторларын тарту мен пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.
Әрине кез-келген стратегияның құндылығы түпкі ойында емес, сәтті жүзеге
асырылуында. Біздің жағдайымызда сәттілік көбінде шетел инвестицияларын
белсенді тарту мен инвесторларға саяси кепілдер беруді болжайды.
Шетел капиталы ақша қаражатының жай массасы ретінде ғана емес, жаңа
әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды арна
ретінде қажет. Ол капиталдың негізгі мақсаттарына жеткенде келесі маңызды
экономиалық және әлеуметтік міндеттерді шешеді:
• Нарықтық қатынастардың дамуы мен экономиканың құрылымдық қайта
құрылуы;
• өндірістің бәсекелестік ортасын дамыту;
• экспорттық потенциалдың дамуы, оның шикі затқа бағытталғанын
әлсірету, экспорттық экспансияны күшейту және оның сыртқы
жағдайын күшейту;
• өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін күшейту және жаңа техника
мен технология, басқару мен өткізу әдістерін пайдалану
негізінде бәсеке қабілеттілігі бар өнім үлесін жоғарлату;
• жоғары деңгейдегі өндірістік және өндірістік емес тұтынуға
арналған толық қалыптасқан және аяқталған технологиялық цикл
арқылы жоғары деңгейдегі өнім шығару;
• қолайлы емес аймақтарға жеңілдік пен жәрдем беру;
• жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру.
Инвесторлар үшін инвестициялық климаттың қолайлығына жол беру және
ең жақсы болашағы бар инвестордың капиталын приоритетті сала өндірісі мен
қызмет түріне бағыттау қажет. Бұл үшін шетелдік инвесторлар үшін
инвестициялық тәуекелділіктің төмендеуін қамтамасыз ету, олардың
меншіктерін сақтау және олардың құқықтарын сақтау, портфельді және тікелей
инвестициялардың ағымын ынталандыру үшін, оларды қолдану үшін құқықтық
негіздерін жасау қажет.
Осы міндеттерді шешуде инвестициялық қызметті жандандыру мен
тартымды инвестициялық климаттың қалыптасуына әкеледі, бірақ мұндай
мүмкіндіктер тек макроэкономикалық тұрақтылыққа жетуде, инфляцияны
төмендеуде, банктік пайыз мөлшерлемесін төмен деңгейде болғанда жетеді.
Шетелдік капиталды тартуда келесі принциптерге жүгіну қажет.
Шетелдік инвесторлардың қатысуы мен несиелер мен қарыздарды алуда
инвестициялық жобалардың экономикалық мақсаттық принципі. Экономикалық
мақсаттылықты сапалық жағынан анықтайды олар болып, несие бойынша процент
төлеу, инвестиция төлеу, ішкі резервтердің шектеулігі және әлеуметтік-
экономикалық проблемаларды шешуге қажет. Келесі принцип әртүрлі нысандағы
тартылған шетелдік инвестицияның міндетті шарты болып - оның әлеуметтік-
экономикалық тиімділігі болып табылады. Бұл принцип шетелдік компаниялардың
қатысуы мен инвестициялық жобалардың пайдалылығы және жоғары табыстылығы,
әртүрлі формадағы инвестицияның несие мен қарыздарын ұсыну шарттарының
тиімділігін жатқызуға болады.
Экономикалық және экологиялық қорғаныс принципі, елдің тәуелсіздігін
және ұлттық мемелекеттік мүдделерін қамтамассыз етуде республиканың табиғи
ресурстарын рационалды пайдаланбағанда, қоршаған ортаны ластауда, елдің
шетіне заңды емес капитал шығарғанды, отандық тауар өндірушілерді қысуға
жол бермеу де қолданылады.
Шетелдік инвестицияны тартудың маңызды принципі болып жобаның,
келісімнің өзара тиімділігі болып саналады. Бұл принцип елдің инвестициялық
саясатына сәйкес экономиканың артықшылықты нысандарына шетелдік
инвестицияның бағытталуы.
Артықшылықты донор елдерін таңдау принципі, бұл әлемдік экономика
жүйесінде орны бар, белгілі елдердің компаниялары мен фирмаларының
инвестицияларын таңдау. Тағы бір біздің еліміз үшін коммерциялық
тәуекелділікті төмендету принципі, мұнда ол біздің кәсіпорындардың, басқару
органдарын, әлемдік экономикадағы және өз елдеріндегі экономикасындағы
қаржы жағдайлары мен олардың серіктестерінің тұрақтылығын талдауда
ақпараттардың болуы.
Біздің елімізде шетелдік инвесторлардың несиелері мен қарыздарды
қолдану мемлекеттік кепілдеме арқылы беріледі.
Қазақстанның 7-10 жыл ішінде қағидасына сәйкес шетелдік
инвестицияның негізгі тартылуы келесі сала мен сфераға жатады:
• энергетика, мұнай және газ өнеркәсібі;
• қара және түсті металлургия;
• мұнай химиялық өнеркәсібінің және химиялық өнім түрлерін
өндіру;
• ғылыми сыйымды өнім шығаратын машина салу секторын дамыту;
• ғылым мен білімге;
• тұрғын үйге;
• халықаралық экономикалық қатынастар дамуы үшін маңызды мәні бар
байланыс пен көлікті дамыту.
Қазақстандағы шетелдік капиталдың тартылуын үш әртүрлі бөлікке
бөлуге болады:
А - бұл топқа экспорттық несиелерді құрайтын бір немесе
топтастырылған жобалармен байланысқан, тек экспортерлі елдердің тауарлары
мен қызметтерін сатып алуға берілген несиелер табылады. Олар екі негізгі
формада болады: 3 жылдан жоғары, технология мен құрал-жабдықтарды жеткізу
мақсатымен берілетін инвестиция және дайын тұтыну тауарларын жеткізу
түрінде берілетін тауарлы болып бөлінеді. Бұндай экспорттық несиелер
әлемдік тәжірибеде ірі сенімді банктердің кепілдемесімен беріледі. Ал
Қазақстан мемлекеті үшін экономикасының өтпелі кезеңде болуына сәйкес,
ондай экспорттық несиелер үкіметтің кепілдемесі арқылы ұсынылады.
Б – тобын мемлекетке берілетін өкіметаралық деңгейдегі ресми даму
кепілдемесін құрайды, сонымен қатар екі формаға бөлінеді: техникалық және
қаржылық көмек болып. Техникалық көмек әртүрлі саладағы көмек болып
табылады. Қажылық болып критикалық импорт тауарларын және әлеуметтік
экономикалық міндеттерді шешу үшін қажетті инвестициялық жобаларды, төлем
балансын ынталандыруға бағытталған көмек.
В – тобына елдердің экономикасына шетелдік инвестицияның тартылу
ағымын жатқызамыз. Олар екіге бөлінеді: кәсіпкерлердің өзіндік
тәуекелділігін ала отырып елдің экономикасына шетелдік капитал ретінде
салынатын тікелей инвестициялар және жалған капитал ретінде қаржы қаражатын
салу – портфельдік инвестиция саналады.
Шетелдік инвестиция тартуда келесі формаларды қолдануға болады.
Бұлар лизинг түрінде шетелдік құрал-жабдықтар алу, компенсациялық негізде
несие алу, біріккен кәсіпорындар негізінде кәсіпкерлік қызметті құрып
шетелдік инвесторды тарту, толық шетелдік капиталға тәуелді кәсіпорын құру,
өнімді бөлу бойынша келісім мен концессия негізде шетелдік капиталды тарту,
еркін экономикалық аймақ құру формалары жатады.
Бұл айтылған шетелдік инвестицияларды тартудың формаларының барлығы
ұзақ мерзімді болып табылады. Қазақстан Республикасының экономикалық
өсуінің қажетті шарты болып инвестициялардың көлемінің көбеюі мен оның
қарқынының жоғарлауы болып табылады. Мәселен, Қазақстан Республикасының
Президентінің Қазақстан – 2030 стратегиясында ең басты артықшылықтардың
бірі болып жоғары деңгейдегі шетел инвестициялары орын алатын ашық нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсу саналады. Тек қана шетелдік
капитал көздері арқылы еліміз стратегиялық және ағымдағы проблемаларды шеше
алады. Шетелдік инвестицияларды экономикаға ынталандыру – уақыт талабы және
қажетті құбылыс. Оны ынталандыру және тиімді пайдалану механизімі
еліміздегі инвестициялық климатты сараптау арқылы жүзеге асырылады.
Көптеген батыс әріптестеріміз үшін Қазақстан тиімді нарық болып табылады.
өйткені елімізде арзан жұмыс күші, жоғары сападағы кадрлар, бай табиғи
ресурстар бар. Бірақ Қазақстан әлі өзінің экономикасын тұрақтандыру және
дамыту үшін өзі керек қаржыны ала алмай отыр. Қазақстан Республикасының
Үкіметі өтініші бойынша лондондық салық және инвестициялау жөніндегі
Халықаралық Орталық Республиканың инвестициялық климатын анықтау үшін
әлеуметтік сауалнама жүргізген болатын. Сауалнамаға Қазақстандағы ірі
инвесторлар және халықаралық қоғамдық ой қатысты. Негізінен, Қазақстандағы
инвестициялық климат өте жақсы болып табылады, яғни инвестициядан көптеген
пайда табуға болады деп қарастырған. Инвестициялау бағыты болып экспорттық
мұнай өндірісі болып табылады.
Мұнай және газ саласына тартылатын инвестицияларға талдау
жүргізейік.
Республиканың қазіргі жағдайында табиғи ресурстар қорының байлығы
және олардың дұрыс пайдалануы экономиканың көтерілуінің бірден бір жолы
болып табылады. Егемендікті алғаннан кейін нарықтық қатынастарға
өткендіктен, әлемдік экономикаға шығу қажеттілігі туғандықтан өзінің
менералды шикі зат базасын қайта жаңадан бағалау қажеттілігі туды. Қазіргі
Қазақстанның болашағы мұнаймен байланысты. Ең алғаш тарихта мұнай бұрғылау
кені 1859 жылы Пенсильвания елінде пайда болды. Қазақстан жерінде алғаш
мұнай кенін өндіру ХІХ – ғасырдың аяғында батыс өңірінде өндіріле басталды.
Ең алғаш рет шетел инвестициялары ағылшын компанияларының Қазақстанның
батыс өңірінде мұнай өндіруін бағдарлауда тартыла басталды. Қазіргі әлемдік
экономиканың өндіріс көзі энергиясының бірден бірі болып басқа энергия
көздерінің 40%-ын мұнай құрайды. Мұнай және газ саласынан түскен пайда
Қазақстан бюджетінің 40%-ын құрайды. 2003 жылғы жалпы ұлттық өнімнің 15%
құрайды және 2002 жылмен салыстырғанда 3-4%-ке ұлттық өндірістің өсуі
қарқыны пайда болды. Оның ішінде мұнай және газ саласының өндірісі 85%-ті
құрады. Статистикалық мәлмет бойынша табиғи газ өндіру 2004 жылы
3990628куб.м құрады, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 139%-ға өсті. Қазіргі
кезде табиғи газ қорының әлемдегі 15-ші орынды алса, ТМД елдерінің арасында
4-ші орынды алып отыр[1].

[1] Нефтегазовая Вертикаль №14 2003ж 139-145 бет.
Бұл экономикалық өсім әлемдік экономикадағы мұнай бағасының
жоғарлауына байланысты. Қазақстан мұнай және газ саласының саудасы шетелдік
фирмаларға тәуелді. Ең алғаш батыс инвесторларын тартудың қажеттілігі 1990
жылы жанданды. Осы жылдың желтоқсан айында республиканың Жоғарғы Кеңесі
экономикалық заңдарды қабылдады, олардың өздері республика экономикасын
ашық деп тануы және әлемдік экономиканың шаруашылық принциптеріне көшу
болып табылады. Бұл дегеніміз Қазақ ССР-нің шетелдік инвестициялар туралы
заңы. Тек 1994 жылы ҚР-ның Шетелдік инвестициялар туралы Заңы қабылданды.
Ал 1997 жылы 28 ақпанда Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау Заңы
қабылданды. Шетелдік капитал үшін жақын шығыстағы тартымды болып Қазақстан
табылады. Қазақстанды сараптамашылар бағалауы бойынша шетелдік инвестиция
соммасы ТМД елдеріндегі ең ірі шетел капталын тарту саласы болып саналады.
Қазіргі таңда республикада 70-елдің 2000 біріккен кәсіпорын, 430
фирма (100 %) шетел капиталын экономикаға салуда. ТМД құрамына кірмейтін
біріккен кәсіпорын мен штелдік компаниялардың үлесі жалпы санынан 83%-ын
құрайды және 1393 кәсіпорны бар. Егер 1991 жылы Қазақстанда шетелдік мұнай-
газ компанияларының тек бірнешеуі Батыс Европадан (Франция, Кипр), ал соңғы
он жылдық ішінде шетелдік компаниялар Батыс және Шығыс Европа, Азия,
Америка, Россия елдерінен тартылуда. Бұл Қазақстанның мұнай-газ саласына
тартылатын тікелей шетелдік инвестициялардың елдер арасындағы айырмашылық
динамикасы келесі 1.1 кестесінен көруге болады. Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінің мәлметтері бойынша елге келетін капитал түсімі тіке
шетелдік инвестициялар болып табылады. Несиелердің қайтаруын есепке
алмағанда мұнай-газ саласына шетелдік инвестициялар көлемі 25 млрд
доллардан асып отыр. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестицияның доннорлары
болып АҚШ (59,9%), Ұлыбритания (8,3%), Канада(8,1%), Италия (6,7%),
Индонезия (3,9%), Нидерланды (3,3%), Германия (1,2%) және жақын шетел
мемлекеттері (3,2%). Ал Кипр, Жапония, Туркия (0,4%), Британдық Виргиндік
құрлықтар (0,3%), Норвегия және Швейцария (0,2%) әр бір елдердің шетелдік
тікелей инвестицияның тартылуы. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан
қоғамдық экономикалық қауымдастықпен ықпалдасып қана қоймай, елеулі орынға
да ие болды. Біздің еліміз 20 млрд.доллардан асатын шетелдерден тартылған
инвестициялардың жан басына шаққанда орташа көрсеткіші бойынша ТМД елдер
арасында алдыңғы орында келеді. Қазақстанға әкелінген инвестиция өндіруші
өнеркәсіпке, металлургияға, қазақстандық мұнайды тасымалдауға және оны
сыртқа шығару мақсаттарына бағытталады. Жалпы мұнай-газ саласын
инвестициялау 2003-2015 жыл аралығында 150 млрд.долларға жетуі мүмкін[2].
Сонымен статагенттіктің мәлметтері бойынша 2003 жылғы күрделі құрылыс
инвестицияның қаржы көздері болып шетелдік инвестициялар (30%), шаруашылық
тұлғалардың өзіндік қаражаттары (58%), бюджет қаражаттары (12%) құрайды.
Қазақстан Республикасында мұнай-газ компанияларының өсуі, оның
ішінде АҚШ мемлекетінің инвестициясының өсуі өздерінің ұлттық экономикасы
үшін шикі зат ретінде қарастырып, басқа мемлекеттің мұнай экспортын
бақылауға жол беруін көздейді. Ірі мемлекеттік емес трансұлттық мұнай-газ
компаниялар – Ameriko, ARKO, British Petroleum, Chevron, Elf Aguitaine,
Exxon, Mobil, Royal Dutch Shell, Texaco Total әлемдік мұнай кенін
өндірудің әр бір жылғы үлесінің 15%-ін немесе 800 млн.т. мұнай эквивалентін
өндіреді.
2001 жылы осы компаниялар ашық кенорындарынан 250 млн.т. мұнай газ
конденгатын шығарды. Осы саладағы шетелдік компаниялардың қалыптасуының
өзіндік стратегиясы келесі принциптерге негізделеді:
• глобальді және географиялық әр түрлілігі;
• базалық активтердің қайта құрылуы және қатаң бақылау;

[2] Oil and Gas of Kazahstan №2, 2004ж 40-60 бет.

(млн.доллар АҚШ)
Елдің атауы 1993-2000ж 2002ж 2003ж
Көлемі млн.дол. АҚШ Жалпы көлемінде
үлес мөлшері (%)
млн.тг өңірдегі
республикалық
көлемдегі үлесі
Барлығы 1530628 100,0 110,6
Ақмола 16507 1,1 100,7
Ақтөбе 138533 9,1 114,7
Алматы 55831 3,7 109,8
Атырау 425786 27,8 122,4
Шығыс Қазақстан 48649 3,2 104,6
Батыс Қазақстан 78020 5,1 60,4
Қарағанды 84524 5,5 120,3
Қызылорда 37761 2,5 69,0
Маңғыстау 80213 5,2 101,2
Солтүстік 13811 0,9 108,7
Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан38405 2,5 119,3
Астана қаласы 200937 13,1 135,7
Алматы қаласы 217624 14,2 123,3

2.3 Негізгі капиталға инвестициялар қаржыландыру көздері бойынша

облыстар 2004ж Соның ішінде
млн.тг.
РеспубликалЖергілікті КәсіпорындаШетелдік
ық бюджет бюджет р мен инвестициял
ұйымдардың ар
меншікті
қаржысы
Қазақстан 1530628 141144 45215 998439 345830
Республикасы
Ақмола 16507 4290 269 11719 229
Ақтөбе 138533 12719 1747 98930 25137
Алматы 55831 6738 3855 41551 3687
Атырау 425786 6342 3855 224116 191473
Шығыс Қазақстан48649 4209 1777 42141 522
Жамбыл 17437 4056 1603 11778 -
Батыс Қазақстан78020 6076 1239 19087 51618
Қарағанды 84524 3113 2747 52612 26052
Қостанай 39438 9116 2231 28091 -
Қызылорда 37761 5197 1953 20520 10091
Маңғыстау 80213 1336 1931 66950 9996
Павлодар 37102 3265 664 32180 993
Солтүстік 13811 2224 756 10796 35
Қазақстан
Оңтүстік 38405 5868 3734 26040 2763
Қазақстан
Астана қаласы 200937 54033 12451 114656 19797
Алматы қаласы 217674 12562 4403 197272 3437

Статежегодник 2004, 368-372бет

Батыс сараптамашыларының бағалауы бойынша Қазақстан шетелдік
инвесторларға қолайлы жағдай жасауда. Қазақстан 40 жыл ішінде жүзеге асатын
38 млрд.долларға шетелдік инвестиция тартты. Оның ішінде перспективасы
жоғары деңгейдегі омандық компания Omani Oil (ООС) 200 млн.доллар
инвестиция салды. 1993 жылдың сәуір айынан бастап Шеврон (АҚШ) Қазақстан
теңіз мұнай кенорнын өндіруіне 40 жылдық жобаға келісім жасап, тікелей
инвестиция көлемі 700 млн.долларды құрайды. Теңіз мұнай кенорнында
Теңізшевройл жылына 6 млн.т немесе күніне 130000 баррель мұнай өндіруде.
Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған, Каспий теңізі шельфінде, ірі мұнай
кенорындарында барлау жұмыстарын жасау үшін миллиардтаған доллар қажет.
2000 жылы 13 желтоқсанда телекөрермендердің сұрақтарына ел басшысы Н.Ә.
Назарбаев келесі мысалдарды келтірді: Теңіз кенорнынан 4млн.т мұнайды
көтеру үшін американдықтар 4млн.доллар салды, ал осы мұнайды алу үшін олар
20 млрд.доллар инвестиция көлемінде салуы қажет деп айтты. Оған әр түрлі
мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасалған. Мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың
Қазақстан мұнай өнеркәсібінің дамуында мамандарды оқыту және өндірісті
қаржыландыруда 2001 жылы Қазақстан зауыттарынан 300 млн.долларға техника
жасауға тапсырыс берген. 2000 жылдың қазанында Шеврон , ЭксонМобил,
ЛукАрко және ҰМҚ Қазақойл компаниялардың қатысуымен жылына 2,5 млн.т
мұнай өндіретін жаңа технологиялық тізбек құрылысын іске қосты. Ал осындай
жаңа технологиялар арқылы 2004-2005 жылы 52 млн.т мұнай өндіріліп жатыр
және оған 1 млрд.доллардан астам инвестиция салынды. Шеврон келісімі
мемлекеттік бюджетке 1009,95 млн.долларды құрады. Ал 2010 жылы мұнайдың
өндірілетін көлемі 100 млн.т жетсе, 2015 жылы ол 150 млн.т жетеді деп
болжануда. Қазіргі таңда тікелей инвестиция көлемі 25 млрд. долларды құрап
отыр. Казіргі таңда Total француз компаниясы Қашаған жобасына 20-25
млрд.доллар көлемінде инвестицияны өсіруге жобалауда. 2001 жылы инвестиция
ағымы 4418,5 млн.долларға жетті, бұл барлық жылдармен салыстырғандағы ең
үлкен көрсеткіш болып отыр.
Қазақстанның экономикалық зерттеу институты мен Ресей Ғылым
Акадамиясы тәуелсіз сараптамашылар жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша
Республика экономикасына келетін ТШО - ның капитал салымының экономикалық
тиімділігінің келесі көрсеткішін анықтаған: Теңізшевройлдың әрбір доллар
тіке инвестициясы жалпы ішкі өнімге өнеркәсіп саласының өндіріс көлемінің
ұлғаюы есебінен 0,52 доллар келеді. Теңізшевройл біріккен кәсіпорында
4000 мыңға жуық тұрақты қызметкерлері бар. Кадрлық саясатында Атырау және
Қазақстанның басқа облыстарынан қызметке шақырылады, оның ішінде қазіргі
уақытта 80% ұлттық мамандарын құрайды.
Атырау облысының инвестициялық саясатында негізгі капиталға
инвестиция өсті. Егер он жыл ішіндегі қолайлы инвестициялық климатты 1994-
1996 жылы орташа инвестиция көлемі 20 млрд.теңге болса, 2002жылы 86,1млрд.
теңгені құрады. Қазіргі таңда Теңіз жобасына 4 млрд.доллар инвестиция
құйылды. Қазақстан бойынша инвестициялық қаражаттарды игерудің 2004 жылы
15%-ін құрайды және ең маңызды орын алады. Болашақта Теңіз – Новосибирск
мұнай құбырында және Каспий шельфінде бұрғылау жұмыстарын бастаумен
байланысты қосымша инвестиция келуі күтілуде. Тек 2003 жылды 2002 жылмен
салыстырғанда 42,8%-ға өсті. Атырау облысы қазіргі таңда шетелдік
инвестициялар үшін қолайлы болып табылады. Moodys Investors Service Ltd
рейтингтік агентілік Атырау облысына халықаралық ұзақ мерзімді несие
рейтингі берілді. Қазіргі уақытта Атырау аймағы жақын және алыс шетелдердің
(Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония, Түркия, Қытай және
т.б.) 55-мен серіктестік қызметті жүзеге асырады, облыста 232 біріккен
кәсіпорын мен шетелдік компаниялары қызмет жасайды.
Шетелдік компаниялар мен біріккен кәсіпорындар облыстың әлеуметтік
дамуына маңызды салым салуда. 1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін
аймақтық әлеуметтік саласына 95,0 млн.доллардан астам қаржы салынған.
2001-2005 жылдар аралығында инвестициялық саясаттың негізгі
бағыттарының бірі болып шетелдік инвесторлардың тікелей инвестицияларын
тарту болып табылады. ЖАҚ ҚазМұнайГаз және Аджип ККО арасындағы Қашаған
кенорнын бюджеттік жобасын бекітті. Бұл жоба 2007-2008 жылдар аралығында
жүзеге асады деп жоспарлануда және бұл жобаға 29 млрд.доллар тікелей
инвесатиция салынуда. Ал Құрманғазыға салынатын инветиция көлемі Примерь-
Министр Даниял Ахметовтың айтуынша 50-70 млн.долларды құрап отыр. Аджип
Қарашығанақ жобасындағы құбырларды салуға 10 млрд.доллар капитал салымын
салды. Ал жалпы Солтүстік Каспий жобасына 2004 жылы жұмсалған
эксплуатациялық шығындар мен инвестициялар көлемі 50-60 млрд.долларды құрап
отыр. Атырау Мұнай Өңдеу Заводына жапондық компания Marubeni 6,3 млрд.теңге
қаржыны жалпы заводтық шаруашылықты жөндеу құрылысына аударды. 1996-2002
жылдар аралығындағы инвестициялар 18 млрд.долларды құрап отыр. 2004 жылы
PetroKazaкhstan-ның Қызылқия мен Арысқұм кенорындарын зерттеуіне 176
млн.доллар қаржы бөлді. 2002 жылдың ақпан айында Қазақойл мен
Қазтрансойл компаниялары бірігіп ҰМҚ ҚазМұнайГаз компаниясы құрылды.
Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеуден өткізгенде әлемдік нарықта
бәсекелес қабілеті бар мұнай өнімін өндіруге қол жеткізді. 2005 жылы зауыт
мұнай өнімін өңдегенде 2001 жылмен салыстырғанда 50%-ке жоғарлады. БК
Теңізшевройл күніне 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасының кәсіпкерліктің дамуына ықпалын Қазақстан аймақтарының нақты деректері негізінде талдау
Бизнес – жоспарлаудың мәні мен мазмұны лекция
Еліміздің банктерімен тартырлған қаржы ресурстарын талдау
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстанның инновациялық дамуының теориялық моделін
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Депозит – банкке қаржы тартудың ерекше көзі ретінде
ҚР-ның инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Мемлекеттік инновациялық саясат аймақтың инновациялық даму деңгейін арттыру механизмі ретінде
Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
Пәндер