Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды бағалау әдістері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Абдраимова А.М.

Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды талдау мен жақсарту

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050506- мамандығы – Экономика

Алматы, 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Қорғауға жіберілді
Экономика және бизнес
кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д.,
профессор
Ә.Н.Дәуренбекова
______________________

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды талдау мен жақсарту

050506- мамандығы бойынша – Экономика

Орындаған Абдраимова А.М.

Ғылыми жетекшісі
э.ғ.д., профессор Дәуренбекова Ә.Н.

Алматы, 2010

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың теориялық
аспектілері ... ... ... ... ...6
1. Негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың экономикалық мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды бағалау
әдістері ... ... ..11
3. Негізгі қорлардың тозуы және
амортизациясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .14

2. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарына экономикалық баға
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
1. Связьмонтаж холдингЖШС-ң өндірістік шаруашылық қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2. Связьмонтаж холдингЖШС-ң негізгі қорларын жаңарту мен
пайдалануына экономикалық баға
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін талдау...33

3. Связьмонтаж холдинг ЖШС-нің негізгі қорларын пайдалану тиімділігін
жақсартудың резервтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
1. Негізгі қорларды модернизациялау мен оларды тиімді пайдалану
тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2. Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын
жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
3. Связьмонтаж холдинг ЖШС-нің негізгі қорлардын пайдалану
тиімділігін арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
6

Кіріспе

Қазіргі таңда біздің мемлекеттің өз алдына қойып отырған мақсаттары
мен міндеттері бар. Олар келесідей көріністе: бәсекеге қабілетті
экономиканы құру; аймақтық көшбасшы тұғырын қалыптастыру; отандық
өндірістердің қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруын қамтамасыз ету; ішкі
нарықтағы отандық өнімдердің үлесін арттыру және т.б.
Бірақ осы мақсаттарға жетуге көптеген бөгеттер бар. Солардың ішіндегі
ең негізгі проблемалары ол: экономиканың бір жақты дамуы; жемқорлық;
экономика салаларын дамытуға инвесторлардың құлықсыз болуы; әлемдік ірі
державалардың астырын саясаты және т.б.
Біз экономикамыздың бір жақты дамуынан бас тарта алатын болсақ, ол
біз үшін өте тиімді нәтижелерді әкелетін еді. Себебі ірі державалар біздің
мемлекетті тек шикізат көзі ретінде ғана қабылдайды. Ал біз бұл бағыттан
тайюымыз керек. Ол үшін біз отандық өнеркәсіпті барынша жетілдіріп,
дамытуымыз қажет және осы мәселе Қазақстан Республикасының 2003
– 2015 жылдарына арналған индустриалды – инновациялық бағдарламасында
көрініс тапқан.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған
мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын
әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң
тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер
өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы
болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың
экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша
айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес
келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Стратегияның мiндеті:
- өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде
қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн
кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
- кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды
ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық
институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты
өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
- ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген
өндiрiстер құруды ынталандыру;
- елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң
мүддесiне қарай әртараптандыру;
- сапаның әлемдiк стандарттарына кө шу;
- дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу
арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды
үдету болып табылады.
Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін
құрайды.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы ( бір жылдан астам) қызмет етеді.
Негізгі қор дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық – заттақ
құндылықтар ( ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар, жабдықтар, көлік
құралдары, құрал – саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа
пайдаланылатын және өнім беретін мал, және тағы басқалар).
Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар
бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс
табады. Негізгі қорлар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында
пайдаланылады, олар бірте – бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін
сақтай отырып, өз құнын бірте – бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады
(мысалы, станок немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы
пайдаланылады). [1]
Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің
өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады.
Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске
жұмысалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына әкеліп соғады.
Мақсаты - жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі қорларды
пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы уақытта жоғарылату.
Зерттеу объектісі – Связьмонтаж холдинг ЖШС-нің мысалында
тиімділігін жоғарылату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық
нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген шаралар анықталады.
Ал негізгі міндеттеріне келесілер жатады:
- негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың экономикалық мәні мен мазмұнын
ашу;
- кәсіпорынның негізгі қорларын пайдаланудың бағалау әдістерін белгілеу;
- негізгі қорлардың тозуы және амартизациясын анықтау;
- Связьмонтаж холдингЖШС-ң өндірістік шаруашылық қызыметін талдау;
- Связьмонтаж холдингЖШС-ң негізгі қорларын жаңарту мен пайдалануына
экономикалық баға беру;
- кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін талдау.
- өнім құрылымын өзгертіп, тауарлы өнім көлемін көбейту арқылы қор
қайтарымдылығын жоғарылату жолдарын белгілеу;
- кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жоғарылату жолдарын
ұсыну.

1. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың теориялық аспектілері

1.1 Негізгі қорларды пайдалануды жақсартудың экономикалық мәні мен
мазмұны.

Негізгі қорлар – бұл материалдық құндылықтардың ұзақ кезеңдегі жұмыс
істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың бағалануы. Осыған байланысты қорлар
– өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай айналдырады,яғни негізгі
қорлардың ең маңызды анықтаушы белгісі ретінде құндылықты өнімге айналдыру
әдісі:өндіріс циклдер кезінде сатылай айналдырады:ал тозу дәрежесіне қарап
бөлшектеніп айналдырады.Негізгі қорлардың тозуы амартизацияның
белгіленгеннормалары бойынша есептелінеді.Амартизацияның сомасы өнімнің
өзіндік құнына тең болады. Өнімді өткізгеннен кейін,есептелген тозу жаңа
капиталдық салымдар үшін арналған ерекше амартизация қорында есептеледі.
Сонымен бірге жарғылық қорға берешекке беріліп,тұрақты айналым жасайды. Бұл
негізгі қорлардың экономикалық мәні болып табылады. [2]
Еңбек құралдары (машина,құрал-жабдық,ғимарат,транпо рттық
құралдар)еңбек бұйымдарымен (шикізат материалдар,жартылай өнім,отын)бірге
өндіріс құралдарын құрайды.Құндылық формада көрсетілген өндірістік қорлар-
кәсіпорынның өндірістік қорлары болып табылады.Өндіріс процесінде,олардың
құндарын дайын өнімге апару және еңбек құралдарын қайта өндіру сипатына
байланысты негізгі және айналмалы құралдар болып бөлінеді.
Қолданып жүрген топтастыруға сай нгегізгі қорлардың құрамына
өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.Біріншіге жататындар
өндірістің,құрылыстың,ауыл шаруашылығының,автомобиль көлігінің,
байланыстың,ауданың және баска да материалдардың өндіріс түрлерінің негізгі
қорлары.Өндірістік емес негізгі қорлар тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,
денсаулық, білім беру, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Өнеркәіптің негізгі өндірістік қорлары бұл өзінің біркелкілігіне
қарамастан мақсаты және қызмет ету мерзімімен ерекшеленетін еңбек құралдары
болып табылады.Осыдан, негізгі қорларды;
өндірістік мақсаты бойынша топтарға бөлу қажеттілігі туындайды.
Табиғи заттық құрамына байланысты негізгі қорлар мыналардан тұрады:ғимарат,
құрылыстар, қондырғылар, жұмыс және күш машиналары, жабдықтпр, өндірістік
шаруашылық құрал саймандар, жұмыс істейтін және өнім беретін мал, көп
жылдық егістер, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері. Негізгі қорлардың
ерекшелік топтардың жалпы жиынтығы негізгі қорлардың өндірістік құрылымын
көрсетеді. Қоғам өзінің қаражаттарын негізгі қорлардың қай тобына салу
мәселесі өте маңызды болады.Ол, яғни, негізгі қорлардың активті бөлігін
оптималды арттыруынада қызығушылық көрсетеді. Өндіріс процесіне қатысу
дәрежесінде негізгі қорлар актив және пассив болып бөлінеді.Актив
бөллігі(машина, жабдықтар)тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына
(қызметіне)ықпал етеді.Пассив элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірітік
процестер үшін қажетті жағдай жасайды.
Негізгі өндірістік қорлардың құнында жабдықтар үлесі жоғары болған
сайын өнім шығарылымы да, қор қайтарымдылығы да жоғары болады. Сондықтан да
негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуы өндіріс және қор
қайтарымдылық көрсеткішін жақсартуына, өзіндік құнның төмендеуіне,
кәсіпорынның ақшалай жинақтарының ұлғаюына әкеледі.Негізгі өндірістік
қорлардың құрылымы өндірістің әркелкі салаларында бірдей емес.Мысалы,
негізгі қорларда ғимараттар үлесі жеңіл және азық-түлік өнеркәсібінде
жоғары болып келеді 44% отын энергетика кешенінде құрылғылар үлесі
17%,машина құру кешенінде жабдықтар және машиналар үлесі 45% артық болып
келеді.
Негізгі қорлар құрылымының динамикасы өте инерционды болып
табылады.Тұрақты экономика жағдайында ол жиі өзгереді.Солай соңғы 50 жыл
бұрынғы Кеңес Одағының өндірісінде ол түрақты болды.Актив және пассив
бөліктерінің жиынтығы аз өзгеріске ұшырады,өйткені ең бастысы өндіріске
салынған инвестициялардың маңызды ағымы іс әрекеттегі құрылым және
технологиялық процестерін көшірме сияқты жаңа кәсіпорындардың құрылысына
жұмсалған.
Қазіргі Қазақстан өндірісіндегі негізгі қорлардың құрылымы
Кеңес одағында қалыптасқан ерекше топтардың жиынтығынан өзгешелеу болып
табылады.Бұл, біріншіден жабдықтар және машиналар үлесінің
кемуінде,сәйкесінше транспорттық құралдар және басқа да негізгі қорлар
үлесінің артуында көрінеді. Қорлардың пассивті бөлігінің шамалы өсімі
байқалады. Әрине, бұл жылдары өнеркәсіптің бірнеше салаларында өндірістік
қуаттылықтың нақты төмендеу, станоктарды экономиканың басқа секторларына
өткізілу процестері орын алады. Сонымен қатар, құрылымның өзгеруіне негізгі
қорларды қайта бағалау және қолданылған әр түрлі бағытталған индекстер
жүйесі әсер етті. [2]
Негізгі өндірістік қорлар құрылымына әсер ететін ең маңызды келесі
факторлар болып табылады: шығарылған өнім сипаттамасы, шығарылым көлемі,
автоматизация және механизация деңгейі, кәсіпорынның географиялық және
климаттық жағдайы.
Бірінші фактор әсері ғимарат құнынада және көлемінде, транспорттық
құралдарында көрініс табады. Өнім шығарылымы жоғары болған сайын
жабдықтардың және арнайы прогрессивті жұмыс машиналарының үлестік мөлшері
артық болады.Географиялық және климаттық жағдайларына байланысты
ғимараттардың үлестік құны тәуелді болып келеді.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылым элементтерінің жұмыс атқару
сапалығын арттыру үшін төмендегі іс-әрекеттер мүмкіндік береді:
-құрал- жабдықтардың сапалығын арттыру және модернизациялау;
-машина және станоктардың үлестік құнын жоғарлату ;
-бос алаңдарда қоымша құралдар орнату;
-құрылыс проектердің дұрыс құрылуы;
-артық және бос құралдарды ликвидациялау.

Негізгі қор-бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңіндегі жұмыс
істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы.Осыған байланысты
қорлар өзінің құндылығын қндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып
жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және
өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар- өндірістің,
құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль,көлігінің, байланыстың ,
сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары.
Өндірістік емес негізгі қорлар- тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,
денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.[4]
Натуралды – заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан
тұрады- ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш
машиналары мен жабдықтар, өндірістік-шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және
өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты
кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері. Өндіріс
процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып
бөлінеді. Актив болігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің
мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимараттар,
құрылыс ) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы
айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады; негізгі қорлардың тозуы,
амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың
қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық
және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін,
үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз
бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды. Табиғи тозу жөніндеу, қайта
құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді.
Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік,
үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын
білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе , олардың активтік бөлігін
дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты
қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы-
сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны-
ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескеріп қалмауына жол бермеу
әсіресе, активтік бөлігі , себебі, олардың жеке және сапалық тозуының
деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
Негізгі қорлардың заттық мазмұны-еңбек құралдары. Олар кәсіпорында
ұзақ мерзім қызмет істеп өндірістік процеске әлденеше рет қатысады, соның
өзінде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы
бұрынғы бағасын кемітеді.
-негізгі қорлар өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады.
Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен
қаруландыру деңгейіне байланысты болады.
-өндірістік үрдіске қатысу дәрежесіне қарай негізгі қорлар екі түрге-
өндірістік және өндірістік емес бағыттағы қор болып бөлінеді.
-өндірістік бағыттағы негізгі қорларға жататындар-ғимараттар, құрылыстар,
машиналар, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары. Олар өндіріс процесіне
ұзақ уақыт қатысады.
-өндірістік емес негізгі қорлар өндіріске тікелей қатыспайды, бірақ олар
жұмысшы күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне
жанама әсер етеді. Бұган тұрғын үй, мектеп, кітапхана, аурухана, т.б.
жатады.[4]
Пайдалану үрдісіне негізгі өндірістік қорлар табиғи және сапалық
жағынан тозады, сөйтіп, кәсіпорынды едәуір ысырапқа ұшыратады.
-негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылай пайдалану жолымен,
негізгі көрсеткіштердің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық
коэффициенті,жабдықтау жүктемесінің коэффициентін арттыру мүмкін.
-бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың
құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос түрып қалуын қысқарту,
өндірістік және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын
дамыту есебінен мүмкін болады.
Негізгі құралдардың сапалық жағдайын талдау үшін оның құрылымын білу
керек. Негізгі құралдардың келесідей түрлері қарастырылады:
- өндірістік құрылымы
- технологиялық құрылымы
- тұтыну уақытына байланысты құрылымы
Өндірістік құрылым деп - әртүрлі топтағы өндірістік негізгі
құралдардың заттай – натуралды құрылымы бойынша олардың орташа жылдық
құнының қатынасын белгілейді.
Өндірістік негізгі құралдардың өндірістік құрылымның негізгі
көрсеткіштері болып – олардың жалпы құнының активті бөлігінің үлесі
табылады. Бұл кәсіпорынның өнім шығаруының, кәсіпорынның өндірістік
қуаттылығының және басқа экономикалық көрсеткіштерінің жұмысының өндірістік
негізгі құралдардың активті бөлігінің көлеміне тәуелді болғанына
байланысты. Сондықтан оның үлесін тиімді деңгейге дейін көтерілуі -
өндірістік негізгі құрадардың өндірістік құрылымының бсым бағыттарының бірі
болып табылады.
Өндірістік негізгі құралдардың өндірістік құрылымы келесі факторларға
байланысты болып келеді: кәсіпорынның өзіндік ерекшеліктері; ҒТП-ң
жеделдетілуі; шоғырлану деңгейі; мамандандырылуы; өндірісті кооперациялау;
құрамдастыру мен диверсификациялау; географиялық орналасуы және т.б.
Өндірістік негізгі құралдардың технологиялық құрылымы оның
кәсіпорындағы құрылымдық бөлімшелерге бөлінуін олардың жалпы құнындағы
пайыздық үлесінде бейнеленуін сипаттайды.
Тар ауқымда технологиялық құрылым келесідей түрде берілуі мүмкін:
мысалы, станоктар паркінің жалпы көлеміндегі белгілі бір түрлі станоктардың
үлесі ретінде немесе жалпы көлік санындағы автосамосвалдың үлесі ретінде
болуы мүмкін.[5]
Өндірістік негізгі құралдардың мерзімдік құрылымы олардың мерзімдік
топтарына бөлінуін сипаттайды ( 5жылға дейін, 5 жылдан 10 жылға дейін, 10
жылдан 15 жылғы дейін, 15 жылдан 20 жылға дейін, және 20 жылдан жоғары).
Негізгі құралдардың орташа мерзімі орта өсімнің көлемі секілді есептеледі.
Мұндай есеп кәсіпорын бойынша толық түрде, сонымен қатар, машиналар мен
құралдардың жекелеген топтары бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты болып - өндірістік негізгі құралдардың
шектен тыс ескіруін болдырмау (әсіресе активті бөлігін), себебі, физикалық
және моральды тозу деңгейі осыған байланысты болып келеді, яғни, жалпы
айтқанда кәсіпорынның жұмысының нәтижесі де осыған тәуелді болып келеді.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды
бағалауда қабалданған біртұтас принципі болып табылады. Негізгі құралдарды
ақшаға шағып бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын, қайта қалпына
келтіруін және өндіруін жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал –
жабдықтардың бастапқы құны, ағымды құны, қалдық құны және кейбір
жағдайларда жойылу құны қарастырылады.
Бастапқы құн – негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап
шығаруға кеткен нақты шығындардан және сатып алу барысында төленген салық
сомаларынан, сондай – ақ пайдалануға беру, тағы сол сияқты кез келген
негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан
тұрады.
Нарықтық жағдайда негізгі құралдардың кәсіпорынға келіп түсу
мүмкіндігі арта түседі. Сондықтан, активті негізгі құралдардың кәсіпорынға
келіп түсу тәсіліне байланысты олардың бастапқы құны келесі түрде
анықталады:
жақтардың келісімімен құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына
салған салымдары бойынша;
- кәсіпорынның өзінде дайындалған, сонымен қатар басқа тұлғалар мен
кәсіпорындардан сатып алынған – осы объекттерді орнату
( құрастыру ) немесе сатып алумен байланысты нақты өндірістік шығындар,
жеткізу, түзету және орналастырумен байланысты шығындарды қоса алғанда;
- басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан қайтарымсыз түрде алынған, сонымен
қатар мемлекеттік органдардың субсидиялары ретінде – сарапшылық жолмен
немесе қабалдау – табыстау құжатардың мәліметтері бойынша;
- жақтардың келісімі бойынша ұзақ мерзімге жалға алынғандар.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл негізгі құралдардың белгілі
бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны. Негізгі құралдардың
ағымдағы құнның оның бастапқы құнынан ауытқу көлемі – ҒТП-ң жеделдетілу
деңгейіне, инфляция деңгейіне және т.б. байланысты болады. Негізгі
құралдарды уақытылы, әрі дәйекті қайта бағалануы бірінші кезекте оның жай
және ұлғаймалы өндірісі үшін үлкен маңызға ие.
Инфляция жағдайында негізгі құралдарды қай бағалау кәсіпорынға:
- негізгі құралдардың нақты құнын анықтауға;
- өнімнің өндірісі мен оның өткізілуіне қажетті шығындарды нақты, әрі
дәйекті анықтауға;
-негізгі құралдардың өндірісіне жеткілікті болатын амортизациялық
аударымдардың көлемін нақты, әрі дәл анықтауға;
- өткізілетін негізгі құралдардың сатылу мен жалға беру бағасын объективті
түрде орнатуға мүмкіндік береді.
Негізгі құралдардың қалдық құны – бұл өндірілген өнімге, орындалған
жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды
анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу
уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып
тастайды.
Негізгі құралдарды олардың қалдық құны бойынша есептеу олардың
сапалық жағдайын анықтау үшін қажет.
Жойылу құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды
құны.
Негізгі құралдарды бағалау оларды есепке алу үшін, талдау үшін және
жоспарлау үшін, сонымен қатар салынатын капиталдың көлемі мен құрылымын
анықтау үшін.

2. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдаланудың бағалау әдістері.

Негізгі қорларды есептеу және жоспарлау табиғи және ақшалай формада
жүргізіледі.
Табиғи бағалау кезінде машиналар саны, олардың өнімділігі,
қуаттылығы, өндірістік алаңдар көлемі және тағы басқа сандық көрсеткіштер
есептелінеді. Бұл мақсатпен жабдықтардың инвентаризациясы және
паспортизациясы, келу және шығу есебі жүргізіледі.
Ал ақшалай есебі кезінде негізгі қорлар бағасы өндіріс көлемін
арттыруын жобалау, тозу деңгейін және амартизация аударымдарын, жекешендіру
көлемін есептеу үшін қолданылады.
Өндіріс процесіне ұзақ қатысуымен және сатылы тозуымен байланысты
негізгі қорларды бағалаудың бірнеше түрі бар: бастапқы, қайта құру және
қалдық құндары бойынша бағалау.
Негізгі қорларды толық бастапқы құн бойынша бағалау еңбек құралдарын
қалыптастыру немесе иемденумен байланысты пайда болған нақты шығындарды
есептеу болып табылады, яғни сатып алу, орнықтыру және монтаж т.б. іс-
әрекеттер.Бастапқы құн бойынша негізгі қорлар кәсіпорынның балансында орын
алады, және де ол еңбек құралдарының қызмет ету мерзімінің барлық кезеңінде
өзгеріссіз болады және тек қайта бағалау кезінде қайтадан қарастырылады.
Негізгі қорлардың амартизациясы да толық бастапқы құн бойынша есептеледі.
Негізгі қорлардың ағымдық бағасы және тарифтері сұраныс және ұсыныс,
инфляция т.б. факторлар әсерінен өзгеріске ұшырайды. Уақыт өткен сайын
бастапқы құнды қарама –қайшылықтар жинақтала бастайды. Сол бір машинаның
немесе станоктың өзі әр түрлі жылдарда иемденсе әр түрлі құн бойынша
есептелінеді. Негізгі капиталдың бастапқы құны ағымдық шаруашылық іс
әрекет жағдайында оның нақты құнын көрсете алмайды. Негізгі қорларды қайта
өндіру процесін басқару қиынға соғып, кәсіпорынның коммерциялық
шаруашылығын қалыпты іс жүзеге асыруына бөгет жасайды. Қорлардың бастапқы
құнымен есептелген көрсеткіштер (капитал қайтарымдылығы, рентабельділік ,
төлем қабілеттілік, ликвидтілік т.б.) нақты деңгейді көрсетуді тоқтатады.
Амартизацияны, өзіндік құнды басқаруында қиыншылықтар пайда болады,
сәйкесінше табыс пен салықтарға кері әсерін тигізеді. Сонымен, бірдей
құндылық көрсеткішке әкелу үшін негізгі қорларды қайта бағалау қажеттілігі
туындайды.[6]
Қайта құру құны негізгі қорлардың ағымдағы қайта бағалау
нәтижесіндегі бағасын көрсетеді. Бұл баға қайта бағалау объектілердің
сатып алуына немесе құруына кеткен нақты шығындарын көрсетеді.
Негізгі қорлардың қалдық құны бастапқы немесе толық қалпына
келтірілген құнымен аударылған тозу арасындағы айырмашылықты көрсетеді,
яғни белгілі мерзімге дайындалатын өнімге апарылмаған еңбек құралдарының
ақшалай көрінісі. Қалдық құны арқылы қорлардың тозу дәрежесі туралы мәлімет
береді. Қорларды қайта бағалау кезінде еңбек құралдарыдың әрбір
бірлігіне есептелген тозу көлемі анықталады. Сонымен қатар тозу есебімен
қайта құру күні белгіленеді. Ол бухгалтерлік есеп негізіндегі құрылған
мәліметтерге сүйене отырып толық қайта құру құнына пайыздық түрде
есептелген.
Баланстық құн бойынша бухгалтерлік мәліметтерге қозғалысы негізделген
негізгі қорлар кәсіпорынның балансында есептеледі. Кәсіпорын балансында
негізгі қорлардың құны аралас бағада есептеледі: қайта бағаланған
объектілер белгіленген мерзімге қалпына келтіру құны бойынша есепке
алынады, ал қайта бағалаудан кейін сатып алынған еңбек құралдары бастапқы
құн бойынша есепке алынады. Әдетте, кәсіпорынның практикалық жұмысында және
әдістемелік материалдарда баланстық құн бастапқы сияқты қаралады, өйткені
қалпына келтіру құны соңғы қайта бағалау мезетінде бұл күнге белгіленген
бастапқы құнға сәйкес келеді.
Негізгі қорларды қайта бағалау әдістері. Негізгі қорларды қайта
бағалау екі әдіс арқылы іс жүзеге асуы мүмкін:экспертті және бағалардың
индекстік жүйесі арқылы. Эксперттік әдіс кезінде салалар мен кәсіпорындарда
тәжірибелі және маманданған инженерлер мен экономистерден тұратын арнайы
коммиссия топтары құралады. Бұрынғы Кеңес Үкіметінде негізгі қорларды қайта
бағалауы эксперттік түрде өткізілген. Әдістемелік құжаттар және басқару
материалдары ортақтандырылған сипатта құрылған.
Негізгі қорларды қайта бағалау құнын еңбек құралдардың әр
объектісі бойынша инвентаризация арқылы жүргізілетін экперттік әдіс анықтау
еңбек сыйымды және қымбат шара болып табылады.
Индекстік әдіс кезінде қайта бағалау объекттің баланстық құны негізгі
қорлардың берілген тобы үшін тағайындалған баға индексіне көбейтіндісі
болып табылады.
Мүліктік бағалаудың өткізетін ұйымдар. Экономиканың нарықтық
кезеңінде, яғни әрбір игілік, соның ішінде еңбек құралдар бағасы сұраныс
және ұсыныс әсері арқылы белгіленген кезде негізгі қорларды қайта бағалауда
директивті басқару, реформалардың жалпы бағыттарына қайшы келеді. Еркін
бағалар жағдайында кәсіпорынның меншігінің бағалауын орталықтандырылған
түрде басқару логикаға сай келмейді. Сонымен қатар қайта бағалаудың
белгіленген индексі әрбір кәсіпорынның мүліктік және әрбір объекттің
құнының ерекшелігін көрсете алмайды. Кәсіпорындар өз бетінше қайта бағалау
әдісін таңдауға құқығы бар: белгіленген баға индекстері арқылы немесе әрбір
объекттің тікелей құны бойынша. Кәсіпорындар негізгі қорларды қайта
бағалауды өз күшімен немесе тәуелсіз эксперт бағалаушылар көмегімен жүргізе
алады. Қайта бағалау нәтижелері сәйкес құжаттармен және қайта бағаланған
объекттердің нарықтық құны туралы эксперттік нәтижелерімен дәлелденуі
керек.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде арнайы эксперт бағалаушылар
қызметі хх ғасырдың орталарында қалыптасқан. АҚШ-та елдегі бағалау іс-
әрекетін қадағалайтын арнайы өкіметтік ұйым құрылған. Маманданған бағаларға
және тәжірибелі бағалаушыларға қойылатын талаптардың біркелкі стандарттарын
дайындайтын баға қоры орналған. Ал Англияда бағалау іс-әрекеттің
стандартта Корольдік бағалау институтымен тағайындалған. 1981 жылы
Мүліктік Бағалау Стандарттары бойынша Халықаралық комитеті халықаралық
стандарттарды құру мақсатында қалыптасқан. Бұл комитет сегіз стандарт
жобалаған, соның ішінде төртеуі іс жүзінде асырылуда: а) баға базасы
ретіндегі нарықтық құн ;б) нарықтық құннан басқа баға базасы; в) қаржылық
есеп және сметалық құжаттар мақсатындағы баға; г) ссудалық қамтамасыз ету,
қарыз берешектер бағасы.
Халықаралық стандарттары бойынша объекттердің нарықтық құны
әрқайсысы басқа нарықтық мүмкіндіктерді және альтернативтік нұсқауларды
зерттеуге қажетті уақытқа ие бола отырып, сатып алушы мен сатушы арасындағы
келісім жасаған уақыт мезетіне сәйкес келетін баға ретінде анықталады.
Нарықтық құн түсінігі жетілген бәсеке нарығындағы келіссөздер арқылы
белгіленген баға ретінде қарастырылады. Сонымен қатар стандарттарда
есептеудің нарықтық емес әдітерге негізделген бағалар қолданылады.
Ұсынылған бағалар жүйесін қолдану тәртібі және мазмұны анықталады :
инвестициондық, сақтандырылатын, салық салынатын, ликвидтік,
амартизациондық, арнайы, эффективті, әділетті.

3. Негізгі қорлардың тозуы және амортизацияы

Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға
ұшырайды, яғни адам күшімен техникалық және экономикалық факторлардың
ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды,
жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға
мүмкіндіктері болмайды.
Табиғи тозу түсінігінің астында негізгі қорлардың тек қана қызмет ету
ғана емес, сонымен қатар әрекетсіздік (сыртқы әсерлер, атмосфера қысымы,
коррозияға ұшырау мүмкіндіктері ) нәтижесінде өзінің бастапқы құнының
сатылай жойылуы түсіндіріледі. Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың
сапасына, техникалық жетілдіруіне (конструкциялар, материалдардың түрі және
сапалығы, ғимараттардың құрылыс сапасы және станоктардың монтаждығы );
қызмет ету уақытына ( жылдық жұмыс күн саны, тәуліктегі сменалар саны,
сменадағы жұмыс сағаттары ); негізгі қорларды сыртқы жағдайлардан қорғау
деңгейіне ( ыстық, суық, ылғалдылық, жауын шашын );
Жұмыскерлердің мамандануына байланысты болып келеді.
Табиғи тозу негізгі қорлардың бірдей элементтерінде де бірқалыпты
жүрмейді. Негізгі қорлардың толық және жартылай тозуын қарасырады. Толық
тозу кезінде іс-әрекеттегі қорлар жойылады немесе жаңа қорлармен орын
ауыстырады. Ал жартылай тозу кезінде негізгі қорларды жөндеу арқылы қалпына
келтіру болып табылады.
Негізгі қорлардың табиғи тозуы нақты қызмет ету мерзімінің
нормативтік мерзіміне қатынасы ретінде есептелу мүмкін. Ең дұрыс әдісі бұл
заттың толық тексерілуі.[6]
Сапалық тозуы бұл машиналар мен жабдықтардың құнының олардың қайта
өндіруіне кететін қоғамдық қажетті шығындардың кемуі (бірінші түрдегі
сапалық тозу); олардың құнының жаңа және экономикалық тиімді машиналар және
жабдықтардың енгізуі арқылы кеміту (екінші түрдегі сапалық тозу ). Бұл
сапалық тозу формаларының әсерінен негізгі қорлар өзінің техникалық
сапалылығы және экономикалық тиімділігі бойынша артта қалып кетеді.
Конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен
жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді.
Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен
дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты
қазіргі экономикалық айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы
сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны
ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескеріп қалмауына жол бермеу
(әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олар жеке және сапалық тозуының деңгейі
және кәіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде негізгі қорларды жаңарту
шығындарының қайнар көзі болып кәсіпорынның өзіндік қаражаттары болып
табылады. Олар амортизациондық аударымдар ретінде негізгі қорлардың қызмет
ету мерзім ішінде жинақталады. Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозу
олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түріндегі
өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады.
Сонымен, амортизация бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор
құнының бірте-бірте ауысуы ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында негізгі
қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.
Амортизациондық аударымдар сомасы негізгі қорлардың құнына, олардың
эксплуатация кезеңіне, модернизация шығындарына байланыстырып келеді.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері
кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан,
амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін
көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын
пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық
дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.[7]
Екінші жағынан , амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі
қорды сатып алуға құрылған қаржының айналым мерзімі ұзартады. Ал бұл
олардың ескеріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге
жарамдылығы төмендеп , өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтілім мөлшеріне және өзінің балансында
тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай
сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың
құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық
сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтімділік мөлшері бұл жылдық
амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент
есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке
алғанда бастапқы негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен
анықталады.
Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен
есептеледі:
MA=Kбк-Kж Kбк*Мк*100% (1)

MA -негізгі қорлардың жыл ішіндегі амартизация мөлшері, (%)
Kбк- Негізгі қорлардың бастапқы құны;
Kж -Жойылу құны;
Мк - Негізгі қорлардың қызмет мерзімі.

Негізгі қорлардың толық құны қалпына келтіретін қажетті
амортизациондық аударымдар сомасын келесі форула арқылы есептеуге болады:
Аа=Ма*К
(2)

Мұндағы:

Аа -Амортизационды аударымдар;
Ма- Амортизация мөлшері;
К - Негізгі қорлардың орташа жылдық құны.

Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті
болып есептеледі. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз
уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес
негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс
анықтау өте қажет:
- негізгі қорлардың төзімділігі;
- сапалық тозу;
- техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;
- жабдықтау балансы;
- жаңғырту және күрделі мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын,
жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін
тездетілген төлемді қолдануы мүмкін, ал ескірген техникаларды кеңейту.
Амортизациялық аударымдар практикада екі әдіспен есептеледі:
пропорционалды және регрессивті.
Пропорционалды әдіс өзінің қызмет ету мерзімі ішіндегі жыл сайын
амортизациондық аударымдардың негізгі қорлардың бастапқы құны бойынша бір
нормамен есептелетінін сипаттайды.Амортизациялық аударымдардың
пропоционалды әдісіне түзу сызықты бірқалыпты; еңбек құралдарының
белгіленген қызмет ету мерзіміне байланысты тозуды есептеу; өндірілген
жұмыс көлеміне байланысты амортизацианы есептеу. Амортизациондық аударудың
бірқалыпты әдісі көптеген елдерде негізгісі болып саналады. Сонымен қатар
амортизациондық аударымдар сомасын есептеу келесі сатылар бойынша іс жүзіне
асырылады: [8]
-негізгі қорларды амортизацияның бірдей нормасына ие топтарға бөлу
-негізгі қорлардың топ бойынша орташа жылдық құны
-амортизация сомасын норманың қорлардың орташа балансталған құнына
көбейтіндісі арқылы табу.
Негізгі қорлардың орташа жылдық құны келесі формула арқылы есептеледі:

Қорт=Қ+Қжос*Қ-Қшығ*(12-Е ай) (3)

Мұндағы:

Қ -негізгі қорлардың период басындағы құны;
Қжос - негізгі қорлардың жоспары немесе есеп беру уақытындағы орташа жылдық
құны
Қе - есеп беру уақытындағы негізгі қорлардың енгізу құндары
Қшығ - есеп беру уақытындағы негізгі қорлардың шығу құны
Еай - есеп беру уақытындағы еңбек құралдардың қызмет ету айлары.

Бұл әдістің артықшылықтары: амортизациялық қорға түсетін аударымдардың
бірқалыптылығы, тұрақтылығы және нақтылығы.
Басқа пропорционалдық әдістер еңбек құралдардың бөлек түрлерінің
қызмет ету шарттарының ерекшелігін есепке ала отырып, бірқалыпты әдіс
болып табылады. Өндірілген жұмыс көлеміне байланысты тозу есебі, ең бастысы
жылжымалы автомобильдер және қалалық транспорт құрылымы бойынша
жүргізіледі. Тау-кен өнеркәсіп салаларында амортизация есебі нақты алынған
пайдалы қазбалар және нормалардан шыға отырып есептелінеді.
Пропорционалдық әдістердің кемшіліктері: олар әрқашанда негізгі
қорлардың толық құнын өндірілген өнім құнына өткізуді қамтамасыз ете
алмайды. Сондықтан да еңбек құралдарының толық амортизациясы жүрмейді де,
тікелей шығын әкелу мүмкін. Белсенді сапалық тозу әсерінен ұшыраған еңбек
құралдардың тездеттірілген ауыстыруына қажетті реурстардың концентрациясын
қамтамасыз ете алмайды.[8]
Негізгі қорлардың тездетілген әдістердің қолдануына сәйкес
амортизацияның ынталандыру рөлі жоғарлайды. Әлемдік тәжірибеде регрессивті
және прогрессивті әдістердің көптеген түрлері қолданылады. Соның ішінде
негізгілері үшеуі болып табылмайды; еңбек құралдардың қызмет ету мерзімінің
қатаң белгілену әдісі; тұрақты пайыз әдісі; кумулятивтік әдіс.
Бірінші әдіс кезінде негізгі капиталдың амортизациондық қорға аудару
мерзімі белгіленеді. Егер де 5жыл мерзім белгіленсе, онда жыл сайын
өнімнің өзіндік құнына капиталдың 20% аударылады. Алғашқы рет бұл әдіс
1940-1945 жылдары әскери өндіріске жеке капитал салымдарын ынталандыру үшін
қолданылады. Қазіргі кезде бұл әдіс таза күйінде кем қолданылады.
Тұрақты пайыз әдісінің мәні амортизация мөлшері негізгі қорлардың
қалдық құнының қосарланған норма бойынша ( бірқалыпты әдіспен
салыстырғанда) есептеледі.
Мысалы: Тұрақты пайыз әдісі бойынша есептелетін құралдар құны 24 млн
тг- ні құрайды. Амортизация нормасы түзу сызық әдісі кезінде - 7%. Тозуды
есептеу 1жылы -24 миллионның 14% (қосарланған құн бойынша ) =3.36 млн тг.
2- ші жылы -20.64 (24-3.36) миллионның 14%=2.89 млн тг. 3-ші жылы
-775(20.64-2.89) миллионның 14%=2.49 млн теңгені құрайды.
Іс-әрекеттегі еңбек құралдарың құны бастапқы жылдарнда аударылады,
бұл аударымдар амортизацияның маңызды бөлігін жаңа капитал салымдарына және
құралдарды жаңартуға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл әдіс көп жылдарға
созылып келеді.
Кумулятивті әдіс немесе сандар соммасы құрамында бастапқы екі әдіс
біріктіріледі. Еңбек құралдарың қызмет ету мерзімі нормаланады және
экспулатацияға енген бастапқы жылдарында тозу нормасы көбейеді.Кумулятивті
әдіс- латын тілінен аударғанда өсу, жинау деген мағынаны білдіреді, яғни
сандарды қосу арқылы тозу сомассы есептелінеді және қызмет ету мерзіміндегі
жылдар санын қосу арқылы анықталады. Қалдық құнын азайту әдісі- мұнда 2-есе
алынған амортизация нормасы көбейеді негізгі қорлардың баланстық құнына.
Кесте 1.

Қызмет ету жылдары, Кері тәртіпте жазылған Амортизация нормасы,
жыл жылдар,бөліктер %
1 6 621
2 5 521
3 4 421
4 3 321
5 2 221
6 1 121
6 21 2121

Кумулятивті әдіс амортизациондық еңбек құралдар құндарының олардың
нормативтік қызмет ету соңғы мерзіміне толық өтелуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар амортизациондық аударымдардың маңызды үлесі бірінші, екінші
жылдарында аударылады. Амортизацияның ынталандыру рөлі артады.
- амортизация-жылжымайтын мүліктің тікелей шығысы.
- амортизация ( термин бойынша а -теріс, мор-өлім)- негізгі капиталды
бірдей деңгейде сақтауға мүмкіндік беретін тәсіл.
Кейіннен амортизация деген ұғым өндірісте емес, капиталды қалпына
келтіру деп қолданыла бастады.
Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлттық
бухгалтерлік есеп стандартына көшті (ҰБЕС). ҰБЕС 6Негізгі құрал жабдықтар
есебі амортизацияның барлық нормативтерін жойды.( Қазір амортизацияның
шекті мөлшері тек салық есебінде қолданылады). Әр кәсіпорынға еңбек
талаптары мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, шекті салық мөлшерінен
аспай, өз бетінше амортизация нормаларын белгілеу құқы берілген. ҰБЕС 6,
МСФО 16 амортизациялық жүйенің құралдары ғана ескерілген:
а) амортизация нормалары- пайдалы қолдану мерзіміне байланысты
б) амортизацияны есептеу- әдісі:
- бірқалыпты (тікелей);
-өндірістік- өнім көлеміне пропорционал;
- жедел.
Бірінші әдіс бізге белгілі. Соңғы екі әдіс жаңа және беймәлім болды.
Салық комитетінің 110-бабы 1-тармағымен белгіленген амортизация
нормалары негізгі құрал жабдықтың пайдалы қызмет мерзімін белгілеу
барысында есепке алынбайды.
Негізгі қорлар пайдалану процесінде тозуға үшырайды, олар табиғат
күшінің әсер етуі мен пайдалану кезеңінде біртіндеп тозады, яғни өзінің
бастапқы сапасын жоғалтады, бір уақыт өткеннен кейін жарамай қалады және
бұл қорлардың орнына жаңа негізгі қорлар сатып алуға тура келеді.

Кесте 2.
Негізгі қорларды пайдалану мерзіміне байланысты
Тобы Мүліктің қызмет мерзімі
1 1жылдан 2 жылға дейін есептегенде
2 2 жылдан 3 жылға дейін есептегенде
3 3 жылдан 5 жылға дейін есептегенде
4 5 жылдан 7 жылға дейін есептегенде
5 7 жылдан 10 жылға дейін есептегенде
6 10 жылдан 15 жылға дейін есептегенде
7 15жылдан 20 жылға дейін есептегенде
8 20жылдан 25 жылға дейін есептегенде
9 25жылдан 30 жылға дейін есептегенде
10 30 жылдан астам

Кәсіпорын міндетті түрде амортизациялық саясатын есептеу және талдау
жұмысымен айналысуына тура келеді.
Негізгі құрал жабдық объектілері қай топқа жататынына 10
амортизациялық топқа енгізілетін негізгі құрал жабдық классификациясы
бойынша анықтауға болады. Классификация бойынша қажетті топты анықтаған
соң, кәсіпорын топтың қызмет мерзімі шегінде негізгі құрал жабдықты
пайдалы қолдану мерзімін белгілейді.Мысалы, ғимараттар тоғызыншы топқа
жатады. Топтың қызмет мерзімі жылдан жылға дейн. Кәсіпорын құқығы осы
интервалда кез келген пайдалы қолдану мерзімін белгілеу.[9]
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде көптеген кәсіпорындың
балансында тозған, пайдаланбайтын қажетсіз құрал жабдықтар есепте тұр.
Жекелеген активтер бойынша пайдалы қолдану мерзімімен ұзарту немесе
қысқарту(қолданыстағылармен салыстырғанда )қажет.
Амортизацияланатын активтерді сатып алудың екі қаржыландыру көзі бар:
пайда (жетіспейтін) және амортизация (реттеуге болатын).Кәсіпорынның
амортизациялық саясаты кәсіпорынның қызметін оңтайландыру және
инвестициялық әлеуетін қалыптастыру құралы.
Амортизациялық саясат жүргізу бойынша комиссия құру туралы
кәсіпорында бұйрық шығарылады. Комиссияны кәсіпорынның бас инженері
басқарады. Комиссия мүшелері-техникалық, жопарлау- экономикалық қызметтрдің
менеджерлер, бухгалтерлер.Амортизациялық саясат бірнеше жылға әзірленіп,
қобылданады.
Қазір мемлекет еме, рынок баға береді және амортизациялық
аударымдардың көбеюі бағаның өсуіне әсер етеді.Егер қолданыстағы баға
амортизациялық аударымдарды көбейтуге мүмкіндік бермесе, біз қандай шығын
элементтерін азайту есебінен ұлғайту жүргізе алатынымызды есептейміз.
Материалдық шығындарға және жүк құжат шығыстарына қатаң нормалар мен
шектеулер енгізуге тура келуі ықтимал.
Негізгі қорларды амортизациялау жеке емес, экономикалық салдардан
пайда болған процесс. Амортизациялық саясат есебінен негізгі қорларды қайта
жаңарту көздерін есептейді.Экономикалық тиімділігін айқындайды.
Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозу олардың құнының
экономикалық орнын толықтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге
кеткен шығындарға қосылады.Сонымен, амортизация-бұл шығарлатын өнімге
негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы.Ол ақшалай қаражаттың
қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру
үшін іске асырылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері
кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан,
амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейін өндіріс шығындарының мөлшерін
көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын
пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық
дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.[10]
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемілілген үлесі негізгі
қорды сатып алуға құралған қоржынның айналым мерзімін ұзартады, ал бұл
олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан бәсекеге
жарамдылығын төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында
тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай
сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілінген негізгі қорлардың
құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық
сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері-бұл жылдық
амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент
есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке
алғанда бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның
мөлшерімен анықталады.
Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына формуламен есептеледі:

МА=Қбқ-ҚжҚбқ*Мқ*100%, (4)
Мұнда:
МА - негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері,(%),
Қбқ- негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,
Қж- жойылу құны,
Мқ- негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық
проценті болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі
қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет.Оларды есептегенде
мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі
факторларға сай дұрыс анықтау өте қажет:
-негізгі қорлардың төзімділігі;
-сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
-техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;
-жабдықтау балансы;
-жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын,
жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды үлғайту үшін
тездетілген төлемді қолдануы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама
өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.
Амортзациялық аударымдар қатардан шыққан құралдарды қайта қалпына
келтіру үшін жұмысалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл кезеңіндегі
амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді алып
тастағанда, олардың бастапқы құнына тең болуы керек.
Тиімді пайдалану мерзімі – бұл негізгі құралдарды пайдалану,
шаруашылық етуші субъектіге пайда әкелуге немесе оның мақсатына жетуге
бағытталған кезеңі болып табылады. Жекелеген негізгі құралдардың түріне ол
өнімнің көлеміне немесе атқарылған қызметтердің көлемінің натуралды
көрсеткіштері арқылы анықталады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жүзеге
асырылады. Амортизация нормасы – амортизациялық аударымдардың жылдық
сомасының негізгі құралдардың орташа жылдық құнына процентпен көрсетілген
қатынасы. Нормалар еңбек құралдарының өтелуінің нормативтік мерзімін
көрсететін экономикалық тиімді қызмт мерзіміне қарай белгіленеді. Олардың
деңгейі техникалық – құрылымдық және материалдық – заттық ерекшеліктеріне
қарай бағаланатын негізгі құралдардың қанша мерзімге арналғанына және
табиғи тозуына; негізгі құралдардың, әсіресе пайдаланудағы машиналар мен
жабдықтардыың, нақты жасына; қолданылып жүрген еңбек құралдарының моральдық
жағынан тозуына тікелей қатысты.[11]
Қызмет ету мерзімі пайдалы қазбалар қорларын өңдеу мерзіміне қатысты
және қорларды өңдегеннен кейін күрделі қайта жабдықтаусыз басқа мақсаттарға
қолданыла алмайтын тау – кен өндірісі ( көмір, сланец, тау кендері, сирек
кездесетін асыл метелдры, алмастар мен кен емес қазбаларды өндіру)
салаларының негізгі өндріс қорлары бойынша амортизациялық аударымдар
нормасы өтелетін қорлардың ( қазып алу мен пайдалануға кеткен шығындар) бір
тоннасына теңгемен және тиынмен белгіленеді.
Мынадай негізгі құралдар бойынша амортизация есептелмейді: өнім
беретін малдарға, буйволдарға, өгізге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі қорлардың амортизациясы
КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау
Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының негіздері
Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау
Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіпорынның негізгі қорлары
Кәсіпорынның негізгі қоры
Пәндер