Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың генезисі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
- ЖОҒАРЫ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың генезисі 8
1. 2 Жоғары оқу жүйесінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру педагогикалық үдеріс ретінде 24
2 ЖОҒАРЫ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС
2. 1 Жоғары оқу жұйесінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары 40
2. 2 Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың үлгі жобасы 55
2. 3 Жоғары оқу жүйесінде ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудағы тәжірибелік-экспериментік жұмыстың нәтижелері 64
ҚОРЫТЫНДЫ 83
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 85
КІРІСПЕ
Қазақстан қоғамының барлық салаларында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер, ұлтаралық қысымның көріністерімен сипатталатын қазіргі кездегі елдегі жағдай жас ұрпақта ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру міндетін алдыға қойып отыр. Қазіргі Қазақстан этноұлттық салада болып жатқан жағдайлардың әсерінен жастарға ұлттық қайта өрлеу үрдісін түсінуді талап етіп отыр. Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру еліміздің бүгінгісі мен болашағын анықтайтын қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі.
Аталған мәселені шешуде жоғары мектеп айтарлықтай рөл атқарады, себебі кәсіби даярлау үдерісінде ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін меңгерген және оларды өз шәкірттерінде тәрбиелей алатын мұғалім тұрғасы қалыптасады. Ұлтаралық және этносаралық қатынас саласында гуманды тұлға тәрбиелеу қажеттілігі студенттік ұжымдардың көпұлттық құрамымен және ұлтаралық және этносаралық қатынастың олардың барлық өмірлік іс-әрекеттеріне әсер етуімен байланысты.
Осының нәтижесінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру ЖОО-ның басты міндеттері болды. Кәсіби даярлық кезеңі тұлғаның маңызды интеллектуалды-эмоционалдық психологиялық қызметтерін, индивидуалды іс-әрекет стилін қалыптастыру үшін қолайлы болып табылады. ЖОО-да оқу студенттерде рухани жалпыадамзаттық құндылықтардың белсенді дамуымен, сенімдер мен дүниетанымдық позициялардың қалыптасуымен байланысты.
Қоғамдық қатынастар мәселелерін шешуде, этникалық топтардың қызығушылықтары мен құқықтарын қорғау саясатының қалыптасуындағы Президент институтының мәні мен мағынасын ғылыми зерттеу Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерін, жолдауларын талдау барысында жүзеге асыруға болады. Олардың ішінде ел басының саяси позициясы, этносаралық қатынастар саласында пайда болатын сұрақтар мен мәселелерді шешудің мемлекеттік саясатының мақсаттары мен міндеттері көрініс табады.
Қазақстан Президенті Ә. Н. Назарбаев әлем және азаматтардың әріптестігі мен үйлесімділігін сақтау маңыздылығын әрдайым атап көрсетеді. Өз еңбектері мен жұмыстарында Президент осы тақырыпты атап көрсетеді. Этникалық мәселелерді қамтитын мәселелердің маңызды аспектілерін бөліп қарастыруға болады. Тәуелсіз қазақстанның басты приоритеттерінің бірі ұлтаралық келісім сақтау саясаты болып табылады. Оның ойынша, «Біз барлығымыз - жай тұрғындар емеспіз, біз Қазақстан Республикасының азаматтырымыз! Бейбітшілікті тағдап отырғын өз мемлекетімді мақтан тұтуымыз керек . . . республика басшылығы ұлттық келісім саясатын нақты және соңына дейін ұстанады».
Қазақстан Президентнің саяси және идеологиялық шешімдерінің бірі Қазақстан халқына жолдауы болып табылады. «Қазақстан-2030» стратегисяндағы Президенттің жыл сайынғы жолдауы жаңа статус мен мағынаға ие болды. Әлемдік және толерантты этносаралық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру сұрағын алдыға қойды. Мемлекет басшылары мен қоғам алдына нақты міндеттер қойылды, уақыты мен себептері анықталды, ол бойынша, ұлтаралық қатынастар ішкі саясаттың бір бөлігіне айналуы керек.
«Қазақстан -2030» даму стратегиясында мемлекеттің көмегімен бірге дәстүр, тіл, мәдениетті сақтау бойынша этникалық топтар бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру, құқықтарды, қызығушылықтарды қорғау жөнінде мемлекеттік органдардың жауапкершіліктерін арттырудың себептері мен факторлары көрсетілген.
Аталған даму стратегияында Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік билік және қоғам үшін актуалды компоненттерді бөліп қарастырады:
- «біздің еліміздің барлық азаматтарының мүмкіндіктерінің теңдігіне негізделген азаматтылықты қамтамасыз ету;
- этникалық келіспеушіліктің себептері жойылуын, ал барлық этникалық топтар ортақ құқыққа ие болуын қамтамасыз ету;
- өтпелі кезеңдерде болатын әлеуметтік мәселелерді шешіп отыру;
- адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстарды дамыту;
- әр түрлі конфессиялар арасында сенімді қатынасты, шыдамдықты, өзара сыйластықты нығайту» [1] .
Ресейлік философияда, психологияда, педагогикада қатынасқа байланысты мәселелер өзекті болды. Оларды шешуде әдіснамалық және теориялық амалдар В. М. Межуев, Л. П. Буева, Б. Ф. Ломов, Г. М. Андреева, А. А. Леонтьев, М. А. Чернышева, А. Б. Добрович, М. Н. Ночевник, Б. С. Алякринский және т. б. еңбектерінде көрініс тапты. Тұлғаның, іс-әрекеттің және қарым-қатынас теориясының негізгі пастулаттары Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, К. К. Платонов, С. Л. Рубинштейн және т. б. еңбектерінде негізделген.
Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу пәні болды. Ұлттық және ұлтаралық қатынастың жалпы теориялық негіздері Р. Г. Абдулатипов, Ю. А. Ахроров, Л. Н. Боголюбов, Т. Ю. Бурмистрова, З. Т. Гасанов, О. А. Дмитриев, Л. М. Дробижева, Л. Р. Заурбекова, Л. Н. Коган, A. M. Магомедов, И. И. Серова, Е. И. Чариков, В. П. Комаров және т. б. еңбектерінде көрсетілген. ЖОО-дағы студенттерді көпұлттық оқу орындары жағдайында жұмысқа дайындау ерекшеліктері Г. Н. Волков, Т. Г. Исламшина, P. P. Имамкулова, В. В. Соколова т. б. ашып көрсеткен.
Отандық ғалымдардан аталған мәселенің қыр-сырлары, мәселен Ж. М. Әбділдиннің, Б. Әбдіңалиевтің, Р. Б Әбсаттаровтың, Г. Г. Ақмәмбетовтың, Ю. Бролмлейдің, Э. А. Баграмовтың, А. Н. Жанділдиннің, А. Ш. Ишмұхамедовтың, Б. Р. Қазыхановтың, М. Қ. Қозыбековтың, Ф. Т. Константиновтың, С. Т. Калтахчяның, Д. Кішібековтың, Қ. Е. Көшербаевтың, А. С. Қалмырзаевтың, А. Х. Қасымжановтың, С. Кенжебековтың, Қ. М. Мардановтың, Т. Т. Мұстафиннің, Г. В. Майлинннің, А. Н. Нысанбаевтің, М. М. Сужикотың, М. Б. Тәтімбетовтың, А. Б. Тұрсынбаевтың, М. М. Тадевасянның, А. Табылдиевтың, С. Хонтингтонның, Э. Юсуповтың және басқалардың бірқатар еңбектерінде зерттелді.
Бірақ, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау жоғарғы оқу орындарында студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін тиімді жүргізу дәне қалыптастыру мәселесінің жеткілікті зерттелмегенін көрсетті.
Қазіргі кезде бар зерттеулерді талдау және қарастыру, елдегі жағдайды талдау негізінде зерттеу мәселесі жасалынды. Ол жоғары оқу жүйесінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық және практикалық жеткіліксіз қарастырылуы арасында қарама-қайшылықтың болуымен анықталады.
Пайда болған қарама-қайшылықтар келесілер арасындағы сай келмеушілікке негізделген:
- Қазіргі қоғамның оқушылар арасында ұлтаралық және этносаралық қатынасты ғылыми негіздеп ұйымдастыруға, жүзеге асыруға, оларда ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға қабілетті мұғалімді қажетсінуі мен жоғары оқу жүйесінде студенттердің кәсіби дайындық жүйесінің стериотиптілігі;
- Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениеті сұрағы бойынша теориялар санының жеткілікті болуы мен жоғарғы оқу жүйесінің кәсіби дайындық үрдісінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру үрдісін ғылыми-әдістемелік жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
- Кәсіби дайындықтың мазмұнында бар студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері және оның қазіргі кездегі жоғарғы оқу жүйесінің білім беру үрдісінде жүзеге асырылуы.
Мәселенің өзектілігі, студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктерін жеткіліксіз теориялық және практикалық жетілдіру қажеттілігі зерттеу тақырыбын таңдауымызды негіздейді: «Жоғары оқу жүйесінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері».
Зерттеу мақсаты: жоғары оқу жүйесінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін тиімді қалыптастырудың теориясын жүйелеу және тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: жоғары оқу орны студенттерінің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу негізіне алынған болжам бойынша жоғары оқу жүйесінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру тиімділігі көтеріледі, егер:
- жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер блогы, жалпы кәсіби пәндер блогы интеграциясы негізінде білім беру үрдісінің студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталуын қамтамасыз етілсе;
- интегративті-іс-әрекеттік тұрғы негізінде жоғары оқу жүйесінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру үрдісінің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып, жүзеге асырылса;
- жоғары оқу жүйесінің оқу жоспарына «Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениеті» арнайы курсы енгізілсе.
Зерттеу мақсаты мен болжамына сүйене отырып, біз келесідей міндеттерді бөлдік:
- Жоғары оқу жүйесінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетінің қалыптасу мәселелерінің жағдайын зерттеу.
- Философиялық психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді толдау негізінде жоғары оқу жүйесінде студенттердің «ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениеті» ұғымының мазмұнын ашу.
- Жоғары оқу жүйесінің білім беру үрдісінде ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру тиімділігін жоғарылатудың мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеудің әдістемелік негізін философия, мәдениеттану, психология, педагогика саласындағы фундаменталды қағидалар мен тұрғылар құрайды:
мәдениет құрылымының иерархиялылығын, оның элементтері арасында функционалды тәуелділіктің түрлерін бейнелейтін жүйелілік тұрғы (В. Г. Афанасьев, Э. В. Ильенков, Л. Н. Коган, Э. С. Маркарьян және т. б. ) ;
іс-әрекеттік тұрғы, тұлғаның даму шарттары және мәдени құндылықтарды құру негізі ретіндегі іс-әрекетті анықтайды (Л. С. Выготский, Л. Н. Коган, Л. Н. Леонтьев, B. C. Мерлин, С. Л. Рубинштейн және т. б. ) ;
аксиологиялық тұрғы, мәдениетті құндылықтар жүйесі ретінде қарастырады (А. Б. Невелев, А. В. Кирьякова, А. И. Ракитов, В. Н. Сагатовский, А. И. Титаренко және т. б. ) ;
тұлғалық-бағдарланған (Л. Г. Вяткин, Г. И. Железовская, И. С. Якиманская және т. б. ) ;
мәдени және педагогикалық үрдістерге интегративті тұрғы, олардың біріккен тенденция негізінде дамуын бейнелейді (А. С. Бароненко, Б. С. Гершунский, В. М. Рагозин және т. б. ) ;
тұлғаның дамуы мен рухани құндылықтардың қалыптасуы мен меңгеру жолдары ретінде мәдениет диалогы туралы негізгі қағидалар (Л. С. Выготский, М. М. Бахтин, B. C. Библер, М. С. Каган және т. б. ), тұлға туралы қоршаған өмірдің әр түрлі жақтарына қатынастың көрсеткіші ретінде (В. Н. Мясищев, С. Л. Рубинштейн және т. б. . ) ;
педагогикалық іс-әрекет теориясы (О. А. Абдуллина, СИ. Архангельский, Ю. К. Бабанский, Н. В. Кузьмина, В. Г. Максимов, А. Н. Новиков, В. А. Сластенин және т. б. ) ;
білім беру үрдісін гуманизациялаудың қазіргі тұжырымдамалары (О. С. Газман, И. Ф. Исаев, Л. И. Новикова, Е. Н. Шиянов және т. б. ) ; педагогикалық жүйелерді моделдеу теориялары (В. И. Загвязинский, М. В. Кларин, Н. Ф. Талызина, Л. М. Фридман және т. б. ) ;
ұлтаралық қатынас мәдениетін және азаматтық және патриоттық тәрбиенің қазіргі тұжырымдамалары (Т. Ю. Бурмистрова, З. Т. Гасанов, А. С. Гаязов, Н. В. Ипполитова, СЕ. Матушкин, И. И. Серова және т. б. ) . Біздің зерттеуіміз үшін маңызды болып білім беру саласындағы нормативті құжаттар (Жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру стандарты, ҚР Білім беру туралы заңы), сонымен қатар жоғарғы білім берудің нормативті базасын анықтайтын құжаттар.
Міндеттерді жүзеге асыру және болжамдарды тексеру үшін келесідей зерттеудің теориялық әдістері қолданылды: ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу; философиялық, әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді классификациялау; классификация, жүйелендіру, модельдеу, синтез, сонымен бірге эмпирикалық әдістер: тікелей және жанама бақылау, оқу жоспарларын және жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартын талдау, іс-әрекет нәтижелерін зерттеу, сұрау, әңгімелесу, сауалнама, эксперттік бағалау, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін математикалық талдау.
Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс жеті ай көлемінде жүргізілді. Зерттеуге барлығы 85 адам қатысты. Олардың ішінде 36 қазақ, орыстар саны 26, ұйғырлар саны 5, түріктер саны 4, тарарлар саны 8, әзірбайжан саны 1, өзбектер саны 2, кәрістер саны 3.
Зерттеудің теориялық маңызы:
- «жоғары білім беру жүйесінде студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениеті» ұғымын нақтылау;
- ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетінің жалпы және арнайы қызметтерін анықтау;
- студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетінің құрылымын анықтау;
Диплом құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан тұрады; 3-кестеден, 2-суреттен, 5-гистограммалардан құралған. Әбебиеттер тізімі 89 еңбекті құрайды.
- ЖОҒАРЫ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың генезисі
Бүгінгі таңда ұлттар арасындағы қатынас мәдениеті қазіргі жағдайды, сонымен қатар еліміздің болашағын анықтайтын маңызды мәселе. Қазіргі деңгейде қоғамның дамуы мамандардың дайындық сапасын айтарлықтай жоғарылатуды талап етеді. Аталған мәселені шешудің басты жолдарының бірі ЖОО-дағы студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Студенттердің ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі бір жағынан, студенттік ұжымның көпұлтты құрамымен, екінші жағынан, ұлтаралық қатынастың әсерімен түсіндірілуі мүмкін.
Жоғары оқу орындарының студенттерінің ұлтаралық және этносаралық қарама-қайшылықтарға енуі ерекше қорқыныш тудырады. Сондықттан болашақ мұғалімдерді әлемдік мәдениет құндылықтары мен өз ұлтының мәдениетіне жақындату, оларды өзара сыйластық және өзара көмек рухында, ана тілі мен халқының ұлттық артықшылықтарын қорғаушылық қатынаста, барлық ұлттар мен этностардың теңдігі мен тең құқылығы негізінде тәрбиелеу қажет [2] .
Гуманитарлық білімде «мәдениет» термині өте жиі қолданылады және көпмағыналы. «Мәдениет» термині ежелделден шыққан және екі сөзден құралған: «культ» (лат) - бас ию, құрметтеу, мадақтау; және «ур» - жарық. Алғашында латын тілінде ол жерді өңдеуді, өсімдіктер мен жануарларды, т. б. өсіруді білдірді [3] . Кейінірек Цицерон еңбектерінде (б. з. д. 45ж. ) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдіреді. Уақыт өткен сайын мәдениет «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағынаға ие болды. Ежелгі Грекияда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге сүйінушілікті, әрі жер өңдеуді білдірген. Тәрбиелеу, оқыту, білім алу мәдениет «пайдейя» (тәрбиелеу) ұғымы арқылы берілген. Мәдениеттің мақсаты адам бойындағы ойлау, пікір айту, пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политейзмге - монотейзмді, натурализмге - руханилықты, гедонизмге - астектік мұратты қарсы қойды. Мәдениет тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуы негізінде сипатталады. Жаңа заманда мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан ойшыл-ғалымдар: Дж. Толанд (1690-1722), Ф. Вольтер (1694-1778), Ш. Л. Монтескье (1689-1755), Г. Э. Лессинг (1729-1781), И. Ф. Гете (1749-11832), Ф. Шиллер (1959-1805) т. б. Ағартушылық дәуір философиясы мәдениет туралы ілімді дамытуға мүмкіндік категорияларға (табиғат, адам, қоғам, таным, ақыл-ой) сүйенді. Бұл кезеңнің ойшылдары мәдениетпен байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, жаңа мәдени үлгілерді (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философиясы, т. б. ) жасауға тырысты және өткен заман және жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша көзқараста қарастырды. Мәдениеттің мән-мағынасы табиғаттағы әлемдік күштердің батыл іс-әрекетінің нәтижесімен байланыстырып, мәдениет - адамзат баласы қызметінің жемісі деп есептелді. Бірақ сол кезеңнің өзінде-ақ «табиғат» пен мәдениеттің үйлесімді бірлігіне шүбә келтіру, оларды бір-біріне қарсы қою сарыны байқала бастады. Ж. Ж. Руссо (1712-1778) ғылым мен өнердің жандануы қоғамның алға басуына нұқсан келтіргендігін дәлелдеуге тырысты. Оның ойынша, ғылым мен өнердің дамуына байланысты адамдардың «табиғи» жағдайы бұзылады, адамгершілік төмендейді, қоғамдық меңсіздік орын алып, адамның бостандық сезімі аяққа басылады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) мәдениет ұғымын моральдық тұрғыдан қарастыруға әрекет жасады. Ол мәдениетті адамды хайуандардан айыруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырып, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерге ерекше орын берді. Оның ойынша, «мәдениет - табиғаттан бостандық патшалығына барар жол», сондықтан Кант ілімінің маңыздылығы - оның мәдениетті гуманисті тұрғыдан қарастыруында.
XIX-шы ғасырда мәдениет мәселелерімен біршама айналысқан ғалымдардың бірі - ағылшын ойшылы Э. Б. Тейлор (1832-1917) болды. Ол «мәдениет жөніндегі ғылым - реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып, мәдениет үздіксіз даму үстінде болады деді. Тейлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі, яки материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады.
Ф. В. Шеллинг (1775-1845) мәдениетті эстетикалық тұрғыдан меңгеруді алға тартып, мәдениеттің басты мазмұны - адамдардың көркемдік қызметі деп жариялады.
Мәдениет тарихы бойынша жұмыстарды талдау термин анықтамаларының көп мағыналылығын, оны қарастыру теорияларының, амалдардың көптігін көрсетті. Антикалық санада «мәдениет» термині пайдейя, яғни білімділікпен; ортағасыр заманында - культпен, яғни адамның құдайға деген махаббатының өзіндік потенциалын ашу қабілетімен; Қайта өрлеу кезеңінде - жоғарғы үйлесімді дамуға алып келетін адам бойындағы белсенді бастаумен сәйкестендіріледі. XIX ғасырдың ортасында ағартушылықтың ортақ идеяларынан мәдениетке екі тікелей қарама-қарсы көзқарастар бөлініп шықты: біріншісі - (Ж. Ж. Руссо, Ф. Ницше, М. Хайдеггер, Ж. П. Сартр, 3. Фрейд, Э. Фромм, Франкфурттік мектеп және т. б. ) - мәдениетті тұлғаның дамуына негативті әсер ететін фактор ретінде қарастырды, екіншісі - (Ф. М. Достоевский, Л. Н. Толстой, А. Швейцер, Р. Роллан) - адамды қадірлендіру, нағыз адамға айналдыру құралы ретінде қарастырды [4] . XIX-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басында мәдениет туралы қалыптасқан эволюциялық түсініктердің әмбебептылығы неокантшылдықтың идеалистік көзқарасы тұрғысынан (Г. Риккерт, М. Вебер) сынға ұшырады. Мәдениет, ең алдымен, қоғамдық өмір мен ұйымдастыруда ерекше орын алатын құндылықтар мен идеялардың өзіндік жүйесі деп түсіндірілді. Мәдениеттің сызықтық эволюциясының бірлігі теориясы өмір философиясының иррационаластік ұстанымы бойынша сынға алынып, оған «жергілікті өркениеттер» тұжырымдамасы қарсы қойылды. Бұл тұжырымдамаға қоғам дамуының ақырғы кезеңі ретінде қарастырылатын өркениет пен мәдениетті бір-біріне қарсы қою тән болды. Осыған ұқсас түсініктерді Ресейде Н. Данилевский (1822-1885), кейін П. Сорокин (1889-1968), Ұлыбританияда - А. Тойнби (1889-1975) дамытты.
Американдық антропологтар А. Кребер и К. Клакхон мәдениеттің 150-ден астам анықтамасын талдап, жаңа интерпритациялар қосу арқылы мәдениет анықтамасының тізімін көбейтті, оларды келесідей топтастырды: бейнелеуіш, тарихи, нормативті, құндылықтық, психологиялық, оқыту теориясы базасындағы анықтамалар, құрылымдық, идеологиялық, символикалық [5] . Әдемдік көркем мәдениет бойынша сөздікте «мәдениет» термині анықтамаларының үлкен көлемін табуға болады: «1) адамның барлық өмір саласындағы жетістіктерінің жиынтығы; 2) адамның іс-әрекетінің кез келген түрінің жоғары даму деңгейі; 3) қандай да бір қоғамның тарихи дамуындағы білім беру мен ағартушылықтың қазіргі кездегі даму деңгейі; 4) ұрпақтан ұрпаққа берілетін белгілер, идеялар, құндылықтар, дәстүрлер, салттар, мінез-құлық нормалары мен ережелердің белгілі жиынтығы» [6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz