Ауыр металдардың топыраққа әсері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Ботаника және экология кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ АГРОЦЕНОЗЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ
Орындаған
4 курс студенті Құлназарова Г.
Ғылыми жетекші:
б. ғ. к. Алыбаева Р. А.
Норма бақылаушы: Билялова Г. Ж.
Қорғауға жіберілді
Каф. меңгерушісі
б. ғ. д., профессор Айдосова С. С.
Алматы, 2010
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Әдебиеттерге шолу 4
1. 1 Өнеркәсіп және оның қоршаған
ортаға әсері 4
1. 1. 1 Химиялық әсері 8
1. 1. 2 Металдардың әсері 10
1. 2 Ауыр металдар 11 1. 2. 1 Ауыр металдар жайлы түсініктеме 12
1. 2. 2 Ауыр металдардың агроценоздарға әсері 15
1. 2. 3 Ауыр металдардың топыраққа әсері 18
2 Зерттеу нысандары мен әдістері 20
2. 1 Зерттеу нысандары 20
2. 2 Зерттеу әдістері
2. 2. 1 Топырақтағы ауыр металдарды
спектроскопиялық әдіспен анықтау 23
2. 2. 2 Көкініс құрамындағы ауыр металдарды
спектрометриялық анықтау 24
3 Өскемен қаласының топырағының және
агроценозының ластануы 26
3. 1 Топырақтағы ауыр металдардың
қосылысын зерттеу 27
3. 2 Агроценоздағы ауыр металдардың
қосылысын зерттеу 33
Қорытынды 35
Қолданылған әдебиеттер 36
КІРІСПЕ
Шығыс Қазақстан облысының мол байлығын игерумен байланысты, мұнда көптеген өндіріс салалары дамып жаңа қалалар мен елді-мекендер пайда болды. Солардың ішінде Өскемен қаласы өзінің сәулеттік көркемділік, орман-су жағынан бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналып отыр. Өскемен қаласының аймақтық орналасуы мен табиғи-климаттық жағдайы, қаланың қоршаған ортаны белсенді ластайтын өндірістік орталардың көптеп шоғырлануы, тірі массивтердің өндірістік зоналарға өте жақын орналасуы, көлік санының өсуі - қоршаған орта ерекшелігін қалыптастырады. Жылу энергетикалық кешендік кәсіпорындары, әсіресе Өскемен аймағының орталық интенсивтік ластануына, ауыр металдармен ластануына әкеледі. Сондықтан Өскемен қаласы аумағының топырағының ластануы зерттелді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Жалпы Шығыс Қазақстан аймағы, оның ішінде Өскемен қаласының экологиялық табиғи, атмосфералық жағдайы, жері өте ластанған, топырағы ауыр металдармен залалданған, Қазақстан бойынша ең ластанған қала болып табылады. Өскемен қаласының топырағы мен агроценозын бағалау қажеттілігі туындады. Себебі адам денсаулығына тигізер ластанған ауыр металдар тұрғылықты халықтың денсаулығына зиянын тигізуі. Топырақтың экологиялық күйін жақсарту үшін оның агрохимиялық, механикалық күйін жақсартуға баса көңіл аудару қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті Өскемен қаласының топырағы мен агроценозының ластануын бағалау үшін қала аумағын экологиялық талдау.
Зерттеу нысаны. Өскемен қаласының топырағы мен агроценозінің ластануын бағалау және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілген іс-тәжірибелер алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Бітіру жұмысында тақырыпқа орай жинақталған мәліметтер мен ғылыми әдебиеттер қорындағы деректерді талдауы негіз болды. Бітіру жұмысын орындау барысында Шығыс Қазақстан облысының аумақтық табиғи ресурстарды қорғау комитетінің статистикалық мәліметтері, фото-түсірулер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Аймақ тарихында Өскемен қаласының топырағы мен агроценозін бағалау жұмысы мемлекеттік тілде алғаш рет жүргізілуде. Өскемен қаласының топырағына экологиялық тұрғыдан талдау берілді.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Қазіргі кезенде экологиялық мәселелердің маңыздылығы өсуде. Халық санының артуы, ғылыми-техникалық дамудың өсуі, шаруашылық айналымға айналатын заттардың санының өсуі, осының бәрі адам қоғамының қоршаған ортаға әсерін ұлғайтуда. Биосфералық өмірді қамтамасыз ететін негізгі жүйелерінің бұзылуы ең алдымен антропогендік әсерлерге байланысты. Адам мен табиғи экожүйелерге қауіпті заттар қоршаған ортаға түсіп, оның әртүрлі элементтерінде жинақталуда. Қазіргі уақытта адамзаттың өндірістік қызметі биосферадағы жердің беткі қабатындағы элементтердің жаңаша таралуына әсер ететін қуатты геохимиялық күшке айналады. Өнеркәсіп көлемінің артуы ұзаққа баратын зардап-салдарға әкеп соғады.
1. 1 Өнеркәсіп және оның қоршаған ортаға әсері
Қазақстандағы экологиялық жағдайда тұрақтандырып, одан әрі жақсарту шараларының ішінде маңызды орын экологиялық мониторинг жүйесін қалыптастыруға жұмсалған, негізгі мақсаты экологиялық қауіпсіздігі мен табиғатты қорғауда шешімдерді қабылдау шараларын қолдап, ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қоршаған орта мониторингі - адамдардың қоршаған табиғи орта күйін бақылап, адам денсаулығы мен басқа да тірі организмдердің денсаулығына зиянды және қауіпті - шектік жағдайлардың пайда болуын ескертеді. [1]
Осылайша мониторингтік зерттеулер қазіргі уақытта ғылыми және іс жүзінде де өте маңызды орын алады. Мониторинг бағытындағы зерттеулер қазіргі кезде қоршаған ортада болып жатқан процестердің себебі мен сипатын түсінуде бірқатар нәтижелер береді. Осылайша қара және түсті металургия қоршаған ортаны ең күшті ластайтын сала екендігі анықталды. Қара металургия зауыттарының орташа есеппен 1 млн т. жылдық өндірісі шаң - 380, күкірт ангидриді - 200, көміртек оксиді - 400, азот оксиді - 42 т/тәулігіне құрайды. [2]
Өскемен қаласы Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталығының бірі болып табылады және өзінің әртүрлі техногендік бағыттағы өнеркәсіп кәсіпорындарымен аса қаныққан бірегей урбанизацияланған жүйесін көрсетеді. Бұл жерде салыстырмалы үлкен емес аумақта түсті металургияның, атом өндірісінің және сирек металды кешендердің, жылу энергетикасының, көліктің, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің, коммуналдық шаруашылықтың ірі нысандары орналасқан. Өскемен қаласындағы қоршаған ортаның ахуалы көпжылдық антропогендік факторлардың ықпал етуіндегі қорытындысында айтарлықтай өзгерді. [3]
Өскемен қаласының экологиялық жағдайына ықпал ететін факторлар:
а) қаланың экологиялық жағдайына ықпал ететін көздер:
-техногендік, соның ішінде тарихи
-табиғи
-сәулеттік-жоспарлау шешімдерінің әсері
ә) Себепкер шарттар:
-химиялық
-физикалық
-биологиялық
Қаладағы қоршаған ортаның ластануындағы негізігі рөлді техногендік көздер құрайды. Бірақ, әлеуметтік-экономикалық, психологиялық және басқа себепкер жағдайлар тұрғындардың денсаулығына кешенді түрде бірталай теріс әсерлер тудырады.
Өскемен техногендік ластандырулардың санының көп болуымен сипатталады, оларды өнеркәсіп өндірістері, көлік, жанар-жағармай құю бекеттері, тамақ өндірісі саласы, жер тұрғын үй секторы деп бөлуге болады. Өскемен қаласының ауа бассейніне «Қазмырыш» МК ААҚ және «Өскемен ЖЭО АЭС-і» ААҚ, Өскемен ТМК ААҚ, ҮМЗ АҚ қалдықтары негізі әсерлерін тигізеді. Жер асты суларына - «Қазмырыш» МК ААҚ, ҮМЗ АҚ, Өскемен ТМК ААҚ өнеркәсіп алаңқайларынан шыққан ағындылар әсер етеді.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының арасында ең көп ластандырушылар болып: Өскемен МҚ «Қазмырыш»ААҚ, «Өскемен ЖЭО АЭС-і» ААҚ, ҮМЗ АҚ, Өкемен ТМК ААҚ табылады. Олардың экологиялық рөлі бірдей емес, сондай-ақ әр түрлі табиғи ортаға әсер етуінің мөлшері де бірдей емес. Экологиялық ахуал қалада әр түрлі өндірістердің техногендік факторларының жиынтығының әсерімен және соңғы кездегі авто көліктердің көбеюімен де тереңделіп барады. Қала атмосферасы кәсіпорындардан шығатын химиялық ластанудың кең спекторының әсеріне ұшырайды (күкірт диоксиді, азот диоксиді, қорғасын, мырыш, хлор, кадмий, фтор сутегі, фенол, формальдегид, күшәла, бериллий, бенз(а) пирен және т. б. ) . Сонымен қатар Өскемен қ. 20 компонет үшін мемлекеттік мониторингпен химталдау жүргізеді. [7]
Қаланы қоршаған ортаға ықпал ететін тарихи факторларына, ҮМЗ істен шыққан сақтау орны, Согра және Өскемен ЖЭО күл қалдықтары, металургия өндірісінің терриконды қоқыстары, қалдықтарды көмуге арналған полигондар, соның ішінде құрамында трихлордифенил (ТХД) бар заттар жатады. Бұл 1 класты қауіпті зат, тұрақты органикалық ластандырушыға жатады, Өскемен конденсатор зауытында конденсатор өндіруде диэлектрика ретінде қолданылған. Қала аумағында радиоактивті ластаушы көздердің болуы да тарихи факторларға жатады. 1992-2009 жж. зерттеулер нәтижесінде 400-ге жуық радиоактивті тосын құбылыстардың әр түрлі оқшаулап шектелген және экспозициялық мөлшерінің күші 25-тен 7000-ға дейін мкр/с заттар анықталды. Тосын құбылыс табиғаты негізінен уран-торийлі немесе торий-уранды. 163 тосын құбылыстарды толық зерттеу қажет (нақтылау, сынамасын саралау, тереңдікке зерттеу) . Қолайсыз экологиялық әсерлердің физикалық факторлары тұрғындардың денсаулығына шуыл және электромагниттік сәуле шығару көздерімен көрсетілген.
Қоршаған ортаны ластаушыларға қоймалар мен үйінділер жатады. Мысалы, ҮМЗ қоймасы, Согра және Өскемен жылу электр орталықтарының үйінділері, металургиялық өндірістің шлактар террикондары, қалдықтарды көмуге арналған полигондар. Өскемен қаласы Қазақстан Республикасының «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ нәтижесінде жапа шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 7 бабына сәйкес көтеріңкі радиациялық қауіп-қатер аймағына жатады. Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайды қалыптастыруда ландшафты-экологиялық жағдай маңызды әсер етеді: рельефтің биіктігі және бөлшектенгендігі, микроклиматтық ерекшеліктер, ауа бассейні мен қала топырағының ластануы және басқа да факторлар.
Тұрғындардың денсаулығы мен қала территориясындағы экологиялық жағдайдың бөлшектік ғылыми зерттеулерінің негізінде Өскемен қаласының экологиялық төлқұжаты өңделді. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызмет пен мекемелерді өзара ықпалдастыру мақсатымен Өскемен қаласының әкімінің қатысуымен экология бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. «Өскемен қаласындағы экологиялық жағдайдың жақсаруының 2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» өңделді. Өскемен қаласындағы сәтсіз экологиялық жағдайлардың тууымен байланысты штаттан тыс оқиғаларды хабарландыру сызбасы бекітілді. Қоршаған ортаны қорғау қазіргі қоғамның маңызды міндеті болып тұр.
Экологиялық даму қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына ешқандай да залал әкелмеуі керек, бірақ «Казцинк» АҚ-дағы мыс қорытатын зауыттың құрылысы жалпы мазасыздық туғызып отыр. «Казцинк» АҚ ақпараты бойынша жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаның ластануына әкелмеуі керек. Барлық кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау жоспарында ИСО сериясының халықаралық стандарттарына сәйкес келетін қазіргі қауіпсіз технологияларға көшуіне қол жеткізеді.
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасының ережелерін іске асыру кезіндегі басым бағыттардың бірі - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсатқа лайықты мемлекеттік саясат болып табылады. Тұрғындардың салауаттылығы мен денсаулығы «Шығыс Қазақстан облысының 2009-2010 жылдарға арналған қоршаған ортасын қорғау» өңірлік бағдарламасының тиімді және сапалы орындалуына байланысты. [5]
ШҚГМО мәліметі бойынша 2009 жылы Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаның ластану индексі (АЛИ) 6, 5 құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 6, 5-ке тең болған еді. Өскемен Қазақстан Республикасы қалаларының ішінде ластану индексі бойынша 8-ші орынды алады. [6]
Келтірілген сандар экологиялық сұрақтарды шешіп тұр деп айтуға келмейді, облыс орталығындағы атмосфералық ауа жағдайы қосымша шараларды қолдануды қажет етеді. Өскемен қаласы үшін ҚМЖ (қолайсыз метеожағдай) кезеңіндегі шығарындыларды есептеу және өндіріс көлемінің азаю әдістемесі ауаны ластау заттектерінде шектеулі жол берілген концентрация санитарлық нормаға сай емес.
Энергетика саласы да қоршаған ортаны ластаушылардың негізгі көзі болып табылады. Ең күштісі жылу мен химиялық ластану. Егерде жанармай жануы толық болмаса, ал қатты ТЕС пен ТЭЦ пештерін жағудан үлкен көлемде күл, күкірт диоксиді, канцерогенддер бөлінеді. Олар қоршаған ортаны ластап табиғаттың барлық компоненттеріне әсер етеді. [8]
Тау-кен өндіру кәсіпорындарының үйінділері, күл үйінділері, тұрмыстық қатты қалдықтардың полигондары жер беті және жер асты суларды, топырақты ластайтын ошақтар болып табылады. Барлық қалдықтар өткен ғасырдың 40-60 жылдарында салынған және өздерінің жобалық күштері сарқылған жинақтайтын орындарда сақталады. Өндірістік қалдықтардан қайта өңделген шикізат алу кәсіпорындарда жүргізілмейді. Тек «Қазмырыш» ЖШС ғана өзінің металургиялық қоқыстары мен басқа қалдықтарын бірталай мөлшерде қайта өңдейді. Өскемен қаласының металургиялық кешенінде 1997-2003 жылдар аралығында жиналған 1, 55 млн тонна өндірістің қатты қалдықтарынан 1, 18 млн тонна қайта өндірілген (75%) . 9 түрлі қалдықтардың ішінен толық көлемде клинкер, катализатор, Рашига сақиналары, органикадан жасалған істен шыққан өнімдер, сүзгіш кенептер және суды тазалау құрылғыларының қалдықтары екінші қайта пайдаланылады. Жарым-жартылай қорғасын өндірісінің қоқыстары (1997 жылдан бергі көлемінің 69%), ескі ғимараттардың кірпіш сынықтары (28%) кәдеге асырылуда. Тек бір әктасты-күшәлалы қалдық қана қайта өңдеусіз 2000 жылы салынған арнайы қоймада сақталады, оның атмосфералық ауа мен су қорларына келтіретін зиянды әсері жоқ. Риддердің мырыш зауытында ағымды клинкерді қайта өңдеу басталды. Өткен кезеңдерде жинақталған жатып қалған клинкерді қайта өңдеуде экологиялық және технико-экономикалық бағалау бойынша шаралар бағдарламасы іске асырылуда.
«AES Өскемен ЖЭО»: 2009 жылдың 4 тоқсанында Опытное поле кентінің аумағында күл төгетін №3-ші орнын іске қосты. Ең жоғарғы талаптарды ескере отырып, күл үйінді орналасқан жерге сүзуге қарсы экран құрылғысы орнатылды, ол судың жер астына түсуін болдырмайды. Қазанның пайдалы көлемі 2, 6 миллион кубометр оны он бес жыл пайдалануға болады және күл-қоқыс қалдықтарын сақтауда жоғары қауіпсіздікке кепіл береді.
2000 жылдан бері «ҮМЗ» ААҚ «Экология» табиғат қорғау шараларының инвестициялық бағдарламасы іске асуда. Инвестициялық бағдарламаның маңызды тақырыбының бірі сүйық өндірістік қалдықтарды жинау үшін тоған құрлысын салу. Бұл нысанды пайдалануға енгізу техникалық ластанған суқоймаларынан шыққан ластанған жер асты суларын өткізбейтін болады. Құрылысқа кететін жоспарланған шығын - 2, 5 млрд теңге.
Келесі магистралды бағыт - өндірістің санитарлық қорғау аймақтарындағы радиактивті ластану ошағын жою болып табылады. Сонымен қатар, істен шыққан техникалық ластанған су қоймаларын көму бойынша жұмыстар жүргізілуде. Радиоактивті қатты қалдықтар үшін бірінші кезектегі құрылысты салуға 23 мил. 250 мың теңге бөлінді. Бұл жұмыстар аяқталған. Келесі кезекте - қауіптілігі бірінші және екінші класты қатты қалдықтар үшін көметін орын салу. Ірі қалалардағыдай облыстың барлық аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату сұрақтары баяу да болса шешілуде. Өскемен және Семей қалаларында қолданыстағы тұрмыстық қоқыс орындарын пайдаланудың мерзімі өтіп кеткен, жаңа полигондардың жобалары жасалмаған, қауіптілігі жағынан 1-3 класқа жататын улы қалдықтарды көму полигоны жоқ.
- Химиялық әсері
Жер бетіндегі топырақ экологиясының жағдайы химиялық ластанудан болады. Әлемдік статистикаға сүйенсек, топырақ атмосфералық тұнбалармен, улы химикаттармен, ауыр металдармен және т. б. заттармен ластанған. Химиялық ластаушы заттар жердің үстіңгі қабатына зиянын көбірек тигізеді. Топырақ бетіне түсетін химиялық заттар әртүрлі болады. Биоклиматтық және топырақ-геохимиялық жағдайында азқозғалатын түрге (аккумуляция процесі) өтеді. Басқа жағдайда топырақтың органикалық және минералдық қосылыстарымен химиялық реакция түсіп, оның қасиетін өзгертеді. Олар топырақтың қозғалысты қосылысына (трансформация процесі) өтеді. Химиялық қосылыстың ең қозғалыстысы - шынайы немесе коллоидты ерітінділерді құрайды.
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпалын, әсерін тигізіп келеді. Егер жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд тоннна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыштар енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 1990-1992 жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік. Анторпогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км 2 - ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды.
Қаладағы экологиялық жағдай әр түрлі өндірістердің техногендік факторларының әсерінен және автокөліктердің көбеюі салдарынан нашарлап кетті. Қала атмосферасына кәсіпорындар шығаратын химиялық ластанудың кең спектрі әсер етуде (күкірт диоксиді, азот диоксиді, қорғасын, мырыш, хлор, кадмий, фторлы сутегі, фенол, формальдегид, мышьяк, берилий, бенз(а) пирен және басқалар) . [4]
Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық.
Физикалық ластану - радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады.
Биологиялық ластану - ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса, ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары, көлік, ауыл-шаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар әскери өндірістік кешендері жатады.
Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т. б. ) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады. Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т. б. құрамына кіреті, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1мг/лден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі.
Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді. Сөйтіп біртіндеп көптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Егерде су қоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтермен және т. б. ластағыштармен ластана берсе, басқа да суда сүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туады. Мемлекеттік қайта құрылым және жаңа нарықтық экономикалық қатынастар ХХ ғасырда Шығыс Қазақстанның экологиялық проблемаларын өзгерте алмады. Өскемен қаласы әлемдегі лас қалалардың қатарында. Өскемен қаласының атмосферасында шаң түрінде, газ және аэрозольді фракциялардың 80 химиялық қосылыстары, соның ішінде 1-ші класс қауіптілігі бар металдар.
Біздің заманымыздың осы кездегі уақытында өндіріс көздерінің транспорттың, ауыл шаруашылығын химиялау, сонымен қатар урбанизациялау процесінің қарқындылығына байланысты планетамыздың тіршілік ортасы биосфераның ластануы өте күрделі мәселеге айналып отыр. Адамзат өзіне қажетті материалдарды өңдеуге байланысты алуан түрлі өндіріс күштері өте қуатты геохимиялық күшке айналды. Осы жағдайдың салдарынан биосфераға элементтердің қайта бөлініп таралуына әсерін тигізуде, бұл мәселе жиі түрде тірі организмдердің қатты улануына әкеліп соғып отыр. [13]
Өскемендегі ҚМЖ күндері фотохимиялық у түзілімі байқалады. Бүгінде, облыс орталығында 61 мың бірлік маңайында көлік бар деп есептелініп отыр. Бұл проблеманы шешу үшін көлік жолдарының жүру ағынын қайта қарауды және автокөліктердің түтін шығаратын түтігіне өршіткілер (катализатор) қойып және пайдаланып жүрген бензин сапасына да қатаң қарау керек екендігін ұсынамыз. Қазіргі күні қолданып жүрген атмосфералық ауаның ластану индексін есептеу әдісі Өскемен қаласындағы ластаушы заттектер шығарындыларының ерекшелілігін толық көлемде ескермейді.
Химиялық мұнай химиясымен - картон өндірістері ауа бассейінін (көмір-қышқыл газы, көміртегі оксиді, күкірт газ, азот қосындылары, хлор, мышьяк, сынап және басқалар), су және топырақты (мұнай мен мұнай химия өнімдері, фенол мен басқа да ұлы заттар, қағаз - картон өндірісінің сульфатты ағынды сулары жәе басқалар) негізгі ластаушылары. [7]
- Металдардың әсері
Химиялық элементтердің ішіндегі ең токсикалық болып ауыр металдар саналады. [9]
Әртүрлі орталарды қарастырғанда, ауыр металдардың, әсіресе өндірістік орталықтар ластанған. Мысалы, қорғасын, кадмий, мырыш, сынаппен ластанған негізгі орталықтарға қара және түсті металургия зауыттары орналасқан аймақпен көмір шахталары мен басқа да өндірістік кәсіпорындар аймақтары ластанғаны көрсетілген. [10]
Қоршаған ортаға техногенді жинақталудан жоғары қарқындылығына байланысты, сегіз элемент, яғни - Hg, Zn, Co, Pb, Cu, Ni, Ag қоршаған ортаны әлемдік мониторинг бағдарламасы бойынша басым токсикалық элементтері жатқызады. [11]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz