ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ МАЗАСЫЗДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Философия және саясаттану факультеті

Жалпы және этнопсихология кафедрасы

Бітіру жұмысы

Орындаған 4 курс студенті--------------------------- ---------Аты-жөні

Ғылыми жетекшісі-------------------------- --------------------Аты-жөні
(қолы, күні)

Норма бақылаушы ----------------------------------- ---------Аты-жөні
(қолы, күні)
--2010ж

Кафедра меңгерушісінің -------------------------------Аты-
жөні
рұқсатымен қорғауға жіберілді
(қолы, күні)

Алматы
2010

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мектеп-интернатта тәрбиеленуші оқушылардың (жасөспірім)
тұлғалық мазасыздану ерекшеліктері.
Мақсаты: Жас отбасының әлеуметтік ортаға бейімделуінің психологиялық
ерекшеліктерін теориялық зерттеу.

Тақырыбы:

Мақсаты: Жас отбасының әлеуметтік ортаға бейімделуінің психологиялық
ерекшеліктерін теориялық зерттеу.
Болжамы:

Зерттеу объектісі: Жас отбасының әлеуметтік ортаға бейімделуінің
ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Жас отбасының бейімделу көрінісі.
Зерттеу әдістемелрі:

Зерттеу міндеттері:
1. Жас отбасының психологиялық ерекшеліктерін қарастыру.
2. Жас отбасының әлеуметтік ортаға бейімделуін анықтау.
3. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделуін қарастыру.
4 .Жас отбасының дамуына материалды жағдайлардың әсер етуін анықтау.
Кестелер саны;
Пайдаланылған әдебиеттер саны:
Зерттеудің мақсат-міндеттерін жүзеге асыру барысында іріктелініп
алынған әдістемелер бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде болам
толығымен расталып, бітіру жұмысы өз мақсатына жетті.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Теориялық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5
1.1 Шетел және отандық зерттеушілердегі отбасы
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Жас отбасының психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
1.3 Жас отбасының әлеуметтік ортаға бейімделуінің психологиялық
зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. Эксперименттік зерттеу
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
2.1
2.2
2.3

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.

Қазіргі кезде эмоциялық тұрақсыздықпен, сенбеушілікпен, жоғары
алаңдаушылықпен ерекшеленетін мазасыз балалар саны едәуір көп ұлғайған.
Мазасызданудың пайда болуы және орнығуы баланың жас кезеңіндегі
қажеттіліктерінің қанағаттанбауымен байланысты. Мазасызданудың тұрақты
бейнесі, көбіне жеткіншек жас кезеңінде көрініс табады. Ал, оған дейін,
бұзылыстардың кең шеңберін өндіруші болып табылады.
Мектептегі оқыту (жаңаны тану, алынған дағдылар мен үйренулерді
тексеру) әрдайым балалардың мазасыздануының жоғарылауымен байланысты
екенін психологтар байқады және де кейбір мазасыздану деңгейінің
жоғары шегіне жетуі оқытуды белсендіріп, оны тиімді етеді. Мұндағы
мазасыздану зейін , ес, интеллектуалдық қабілетті жасаушы фактор.
Бірақ егер де мазасыздану деңгейі осы шегінен асып кетсе, адамды
байбалам (паника) жаулайды. Сәтсіздікке ұрынбауға тырысып, ол
қызметіне көңіл аудармай кетеді. Немесе нақты жағдайдағы жеттістікке
жетуге түгелімен беріліп кеткендігі соншалық, басқа ситуацияларды
ол жеңіліс табады. Осының барлығы сәтсіздік қуаныш күшейтеді,
мазасыздану жоғарылап, күнделікті кедергіге айналады.
Мазасыз балалар үшін оқу жылдарының қаншалықты ауыр өтетінін,
ата - аналар да, мұғалім де жақсы біледі. Ал мектептік кезең
негізгі және балалық шақтың негізін қалаушы: бұл тұлғалық қалыптасу
уақыты, өмірлік жолды таңдау, әлеуметтік нормалар мен ережелерді
иемдену, бойға сіңіру. Егер де оқушы уайымының себебі өз - өзіне
сенімсіздік болса, онда жеке тұлға да күмәншіл болып қалыптасады.

Зерттеудің мақсаты – мектеп-интернаттағы оқушылардың
мазасыздану ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері –

Интернаттағы жасөспірімдердің тұлғалық мазасыздану ерекшеліктері.

Әдістемелік базасы -
Зерттеудің обьектісі - жасөспірім оқушылардың
мазасыздануларының көрінісі.
Зерттеудің пәні – жасөспірім оқушылардың мазасыздануларының
көрінісі.
Зерттеудің негізгі жорамалы - жасөспірім кезеңіндегі
балалардың жоғары мазасыздануының белгілі бір себептерін анықтау –
жасөспірімдік жастағы балалардың қылығындағы мазасыздануларының
төмендеуіне әкелетін, бағытталған коррекциялық - дамытуышылық
бағдарламаны жүргізуге септігін тигізеді.
Практикалық маңызы –
Жұмыстың құрылымы -

1 тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ МАЗАСЫЗДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ.

1. Шетел және отандық зерттеушілердегі мазасыздану мәселесі.
Эмоция және сезім уайымдау формасында шынайы шындықты көрсетеді. К.
Изардтың ұсынған классификациясы бойынша, оның, дефференциалды эмоция
теориясында эмоцияны фундаменталды және өндірістік деп бөледі.
Фундаменталдыға жататындар:
➢ қызығушылық-қобалжу;
➢ қуаныш;
➢ қайғы-уайымдау;
➢ таңқалу;
➢ ыза, ашу;
➢ жиіркену;
➢ қорқыныш;
➢ ұялу;
➢ кінәләу;
Қалғандары өндірістік. Фундаменталды эмоцияның байланысуынан, өзіне
қорқыныш, ашу, кінә және тітіркену сезімдерін комплексті, эмоционалды,
күйлер туындайды. Сонымен мазасыздану –дегеніміз не? Бұл эмоционалды күйге
әртүрлі авторлар, әртүрлі анықтама береді. Практикалық психологтың сөздігі
мазасыздануды, мазасыздану реакциясының туындауының төмен табалдырығын
мінездейтін: индивидуалды реакцияның маңызды параметрлерінің бірі,
индивидтің қауіпті уайымдауға бейімділігі деп тұжырымдайды.
В.В. Суворов өзінің стресстің психофизиологиясы атты кітабында,
мазасыздануды, ішкі тынышсыздықтың, қалыпсыздықтың психологиялық күйі, ол
қорқынышқа қарағанда белгісіз болуы мүмкін және таза субьективті
факторларға тәуелді деп анықтайды.
А.М. Прихожан, мазасыздануды – күй және тұлға қасиеті деп бөледі. Ч.Д.
Спилбергердің концепциясы психоанализдің әсер етуінде жатыр, ол әлеуметтік
фактордың рөлін бағалай алмауда, ата-аналардың балалық шақта,
мазасызданудың туындауына әсерін бағалау. Адамдарда әртүрлі практикалық
жағдайларда, әртүрлі мазасызданумен, бағадағы айырмашылық, ең алдымен ата-
ананың балаға қатынасы және тәжірибенің, балалықтың әсер етуі бейнеленеді.

К. Гальдштейннің айтуынша, индивидтің сау бостандығы, ол
альтернативтер арасындағы таңдау жасай алып, жаңа қоршаған ортада
қиындықтарды жеңу үшін мүмкіндіктерге жету дәлелі.
Мазасыздану күйін зерттеудегі сәйкес көзқарасты функционалды бағыт
көрсетеді. В.М. Астаповтың айтуынша, күй және тұлғалық қасиет ретінде
өтетін мазасызданудың жалпы теориясы дамыту үшін, мазасызданудың қызметін
анализдеп, айрықшалап алу керек.
Функционалды бағыт мазасыздану күйін, реакция қатары деп қана емес, іс-
әрекет ағымының динамикасына әсер ететін, субьективті фактор ретінде
қарастыруға да болады деп тұжырымдаған.
Психологиялық қызмет туралы сұрақ, мынандай дәстүрлік мәселелерге
түрткі болады; мазасызданудың генетикалық түбірі, оның туындауының шарты
және жағдайы, масазасызданудың іс-әрекетке әсері және тағы басқалары.
Мазасызданудың қызметтік мінездемесі бұл, күйдің нәтижесіне бағытталуды
ажыратады. В.М. Астаповтың ойынша, мазасызданудың күйі қауіптің сол немесе
басқа түрін көрсетіп, индивидке белгі беретін қандайда бір жағымсыз,
қауіпті көрсетіп тұрады. Сондықтан, мазасыздануды кейде, қауіптен емес,
оның аяқасты бола қалғандағы, одан қаша алу мүмкіндігінің болмауымен
шақырылатын, нақты емес, мәнсіз қорқыныш деп анықтама беруге болады.
Зейіннің қауіп-қатерге назар аударуы іс-әрекеттің меніз-құлқына әсер етуі
мүмкін.
В.А. Астапов айтқандай, мазасызданудың дәл белсенді-іздеу
бағыттылығы, мазмұнды жағынан мінезделеді, стрестік бөлшектеріне зейіннің
аударылуы, динамикалық-ұзақ және тұрақтылығымен: мазасызданудың іс-әрекетке
дезорганизацияланған зейіні ретсіз жүріс-тұрыс негізінде икемделуі мүмкін
мазасызданудың үнемі қауіпті іздеу үстінде болуы, паталогиялық бұзылыстарға
жанама қатынаста түрткі болу мүмкін, себебі мұнда үнемі қауіптілік және
басқа адамдардан қауіпті бату бақыланады, өзінің денесінде (ипохондрия), ал
өзінің іс-әрекетінің нәтижесінде (психастения) және тағы басқа да
бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Іс-әрекеттің қауіптендіруші обьектіге қарсы
жол іздеуінде белсенділік пайда болады және ол қауіпті анықтау шартындағы
мазасыздануды төмендетудщің жолын тудырады.
В.М. Астапов тағы бір қызметті көрсетеді, ол туындаған жағдайдың
бағасының қызметі. Сонымен бірінші мән, ол оның қандай мағына беруіне
байланысты болады. Н.М. Наенканың тұжырымдауынша: ...қысым күйінің
психофизиологиялық спецификасы...сыртқы әсерлерге тәуелді емес, бірақ іс-
әрекеттің мақсатының тұлғалық мәнінен, жағдайдың бағасы табылады. Қауіпті
жағдайларға жүріс-тұрыстық реакцияның дәстүрлі формасы ажыратылады: қашу,
агрессия, оцепенение. Солардың әрқайсысы өздігінен субьект жүріс-тұрысының
бағыттылығын модификациялайды: қашу-қауіптенуші обьектпен соқтығысқанда өз
мүмкіндігін аса шеттету; агрессия-қауіптіліктің қайнар көзін жоғалту
арқылы; оцепенение-қандайда бір белсенділіктің толық аударылуы арқылы.
Мазасызданудың қарама-қайшы уайымдау, индивидтің жағдайды қауіпті деп
бағалап, оны шешу тәсілдерін дайын және нақты сенімді деп орналастырмауында
пайда болады. Сондықтан, мазасыздануды зерттеудегі функционалды бағыттың
негізіне, тұлғалық құндылық деңгейіне сандық, аффективті және жүріс-
тұрыстық реакцияларды қосатын бұл күйді қиын процесстің нәтижесі ретінде
анықтауға болады.
Мазасызданудың қайнар көздерінде, мазмұн, көріну формасында,
компенсация және қорғаныста ашық көрінетін спецификасы бар. Әрбір жас
кезеңінде нақты бір аудан бар, ол шынайы қауіптің әсерінен немесе тұрақты
мазасызданудан тәуелсіз, көп балаларда жоғары мазасыздануды шақыратын іс-
әрекет обьектісі. Бұл мазасызданудың жасерекшелік шыңдары әлекметтік
қажеттіліктердің әсері болып табылады.
В.Р. Кисловская, проективті тесттердің көмегімен мазасызданудың
жасерекшелік динамикасын зерттеуде, мектепке дейінгі балаларда бала
бақшадағы тәрбиелеушілермен және ата-аналарымен қарым-қатынаста
мазасызданудың жоғары болатындығын байқады. Кіші мектеп жасындағы
оқушылардың мазасыздануы, ересек адамдармен және өзімен жасты құрбыларымен
қарым-қатынаста жоғары болатындығын көрсетті.
Жасөспірімдерде мазасыздану өзінің сыныптастарымен, ата-
аналарымен және бөтен ересектер, мұғалімдермен қарым-қатынаста жоғары
айқындалады. Жоғары сынып оқушыларында мазасыздану жан-жақты қарым-
қатынаста көрінеді, әсіресе олардың мазасызданулары ата-аналарымен қарым-
қатынаста және олар тәуелді болып отырған басқа да ересектермен қарым-
қатынаста айқындалады.
И.В. Дубровина ландштюдтті зерттеу бойынша, мынандай тұжырымға
келді, 9 сынып оқушыларының мазасыздану деңгейі 7-8 сынып оқушыларына
қарағанда тез төмендейді, бірақ 10 сыныпта қайта жоғарылайды, оның себебі:
өзінбағалаудағы мазасызданудың жоғарылауы.
Бозбалалардың мазасыздану деңгейінде жеткіншектерге қарағанда
жыныстық және индивидуалды айырмашылықтар және мінез-құлқында кейбір
факторлар байқалады (үлгерім, өз қатарының ортасындағы деңгейі, өзінбағалау
ерекшелігі, ВНД түрімен байланысты мазасыздану).
Мазасызданудың қарастырылған теориясы және мазасыздану және
үрей түсінігі, мынандай қорытынды шығарады. Бұл күйлер қоғам өмірінің
тарихи кезеңімен байланысты, қорқыныш мазмұнында, үрейдің жасерекшелік
шыңының мінезінде, үрейді уайымдаудың интенсивтілігі мен орналасуында,
біздің мемлекетіміздің соңғы 10 жылдығында жасөспірімдермен бала
мазалануларының саны аса өсуде екендігі көрініс береді.
Қысқаша барлық шетелдік теорияларды бөлуге болады (З. Фрейд, К.
Хорни, к. Изард, Ч.Д. Спилбергер), олар мазасыздануды динамикалық бағыт
көзқарасында қарастырады, ал отандықтар (В.В. Суворов, В.Н. Астапов, И.В.
Дубровин, Л.И. Божович, И.В. Имадзе, Н.Д. Левитов, В.Р. Кисловская және
тағы басқалары) мазасыздануды, мазасызданудың екі түрін шығаруда, оның
қызметінің көзқарасында қарастырды: реактивті және тұлғалық, ол үреймен
мазасыздануды тұлға қасиеті ретінде ажырататын Ч. Д. Спилбергердің
теориясына сәйкестенеді. Мазасыздану функционалды бағытта, тұлға іс-
әрекетін толықтай ұйымдастыратын, субьективті фактор ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, К.Изардтың теориясы бойынша мазасыздану- бұл фундаменталды
эмоцияның комплекстік байланысуы. Мазасыздану күйін эксперименталды,
эмпирикалық және теориялық зерттеулердің көп болуына қарамастан, бұл
түсініктің концептуалды өңдеуі қазіргі әдебиеттерде әлі күнге дейін
жеткілікті өңделмеген.
Бихевиористтік бағыт мазасыздануды анықталған жүріс тұрыстық
реакция ретінде қарастырған. Бұл бағыттың өкілдері Д. Уотсон, Т. Торндайк,
К. Лешли және тағы басқалары мазасыздануды нақты бір стимулдан пайда
болатын негативті процесс ретінде қарастырған. Табиғаттың жаратылысына
қарсы келе, бихевиористтер ғылыми зерттеудің негізгі зерттелуі деп жүріс
тұрыстың жаңа қалыптасу формасын ажыратты. Олар балаларда мазасызданудың
және қорқыныштың қалыптасу мүмкіндігі бар екендігін көрсетті (Д. Уотсон, П.
Миллер).
Бихевиористтік бағытқа реакция ретінде 20 ғасырдың, 50шы
жылдарының аяғы 60шы жылдарының басында психологияның когнитивті мектебі
пайда болды.Оның өкілдері С. Шехтер, Дж. Келли, Л. Фестингер эмоционалды
күйді және соның ішінде мазасыздануды келесі түрде қарастырды ...субьект
бір аспектіде екі әртүрлі психологиялық білімдермен орналастырғанда,
эмоционалды күйлер жағдайларда туындайды. Мазасыздану кері эмоция,
ыңғайсыздық күйі ретінде түсіндірілді,ол жағдайдың оңға айналуын күту
немесе өткен қиындықтарға байланысты жаңа ақпарат алумен қалпына келеді.
Бұл бағыт психологтарының көріністерін анализдей келе, мынаны айтуға
болады, субьектіге белсенді позиция және шешім қабылдау мүмкіндігі
қайтарылды.
Д. Гамбург және Дж. Адамс физиологиялық бағыттың принпінде
тұрған психологтар ретінде, мазасыздануды табиғаттың соматикалық
ауруларымен сәйкестендірді. Олар мазасыздану деңгейін ағзаның вегетативті
құрылымын тіркеу әдісімен өлшеуді ұсынды. Сонымен К. Кеннон мазасыздану
кезінде адам қанындағы адреналин деңгейі жоғарылайды деген. Фанкейштейн
және Кинг былай деп айтқан. Мазасыздану кезінде қанға мехалилді салуда, қан
қысымы бірден түсіп кетеді, мазасыздану және мазалану күйі таламустың
тітіркенуінде бақыланады. Келесі айта кететін жайт, мазасыздану деңгейін
қанға гормондар және химиялық дәрумендер салу жолымен өлшеу тәсілі немесе
бас миының бөлек ауданын тітіркендіру, бұл күйдің алғашқы фиксация жасау
мүмкіндігінің бірі болды. Бірақ мазасыздануды бұндай жолмен анықтауда ішкі
механизмдер сонымен қатар қалыптастырудағы адамның саналы іс-әрекеті және
жағымсыз эмоционалды жағдайдағы өзгерулер есепке алынбады.
Мазасыздану туралы көп пікірлер З. Фрейд концепциясының анализісіз
өтпеді. Дәл осы З. Фрейд мазасыздануды теоретикалық зерттеуді алғаш
бастаған психолог болып табылады. З. Фрейдпен келісе келе қауіптің және
мазасызданудың кез келген жағдайы махаббат обьектісінің жойылуымен болады.
Ол былай деп есептеген. Туылу қауіптің прототипі болып табылады және
мазасыздану сезімін шақырушы жағдайлар болып, анасын жоғалту немесе басқа
махаббаттың қайнар көздері, эмоционалды байланған объектіні жоғалту, супер
эгоға деген махаббатты жоғалту есептеледі.
З. Фрейдтің көрсеткен мазасызданудың дабылды және моралды
көріністері туралы түсінігі қорқыныш ретінде, өзіне аффекті және когнитивті
процессті алады. Ол біздің мазасыздану күйі кезіндегі гнесеологиялық және
онтологиялық механизмдеріміз туралы көріністі растайды. Адам қажеттілікті
сезінгенде алғашқы қысымды азайту үшін іздеуші іс-әрекет жасайды. Көптеген
ойлар және жүріс-тұрыс формалары қысымды тек қана азайтып қоймайды, ол оны
туындата да алады, стрессті және мазасыздануды шақырады. Бұндай көрініс
қажеттіліктің тура көрінісі жоқ екендігін байқатады. Дамушы тұлғаның және
жанның негізгі мәселесі мазасыздануды тудыратын прототипикалық жағдайлар
мынандай:
1) қалаушы обьектіні жоғалту. Мысалы:бала, ажырасқан ата-ана,
жақын құрбысын жоғалту және тағы басқа.
2) махаббатты жоғалту.Мысалы: махаббатын жоғалту және оған қымбат
болып саналатын, махаббатты қайта қалпына келтіре алмау.
3) тұлғалығын (өзін) жоғалту. Мысалы: кастрация қорқынышы, түрін
жоғалту, ортаға мазақ болу.
4) өзіне деген мазаббатты жою. Мысалы: суперЭго іс-әрекетке немесе
мінез-құлық белгілеріне әсер еткенде, ол өзіне деген өшпенділікпен
аяқталады.
Осындай немесе басқада жағдайлар мазасыздануды тудырады.
Мазасыздануды азайтудың 2 негізгі тәсілі бар:
1)Жағдайға жанама түрде қарау. Біз мәселелерді шешеміз,
қарсылықтарға қарсы тұрамыз, қауіпті жеңеміз немесе олардан қашамыз. Біз
сөзбен айтқанда, жаман күйден айрылу үшін, мәселелермен өзара байланыс
жасауға ұмтыламыз. Осындай жолмен, қиындықтарды жеңеміз және олардың
қайтадан пайда болу мүмкіндігін азайтамыз. Гамлеттің сөзімен айтсақ, біз
тынбайтын мұхитқа қарсы қаруланамыз және қарсылық көрсетуден таймай оны
соңына дейін апарамыз.
2)Жағдайда мазасыздануға қарсы қорғаныс тежелуден немесе сол
жағдайдың өзін жоққа шығарудан сақтайды. З. Фрейд тежелу тәсілін қорғаныс
механизмдері деп атаған. Егер Эго өзінің әлсіздігін мойындаса, онда ол
сыртқы әлем түріне шынайы мазасыздану күйімен танылады.
З. Фрейд негізгі қорғаныс механизмдерін және мазасыздануды түсіруді
ұсынды.Олар:
1) Сублимация – қысымды, репрессияны шынайы түрде шешеді және
жоғалтады. 2) Жоққа шығару. 3) Рационализация. 4) Реактивті білім.
5) Изоляция. 6) Проекция. 7) Регрессия.
Берілудің шынайылығы санадан бір нәрсені жоюдан және санадан алшақ
ұстаудан тұрады.
2) Жоққа шығару- бұл Эгоны мазалаушы шынайы жағдайларды
қабылдамау. Шынайы форманы қабылдаушы қиялға қашу.
3) Рационализация- бұл жарамды себептерді табу немесе жарамсыз
ойлар мен іс-әрекеттер үшін негізделу, реактивті білімдер жүріс-тұрысты
немесе сезімдерді, диаметриалды қарама-қарсы армандарға ауыстырады: бұл
арманның анық және бейсаналы инверсиясы.
4) Реактивті білім- басқа қорғаныс механизмдері сияқты алғашында
бала кезде қалыптасады. Өкінішке орай, реактивті білімдердің әсерлері
әлеуметтік қарым-қатынасты бұзады. Реактивті білімді бөлудегі негізгі
мінездемелер мынандай- ригидтілік және экстраваганттылық. Кері қажеттілік
қайта-қайта ауысуы керек.
5) Изоляция- бұл жанның басқа сферасынан жағдай бөлігінің
мазасыздануын шақыратын бөлім болып табылады. Бұндай бөлімде жағдай
эмоционалды реакция шақырмайды. Нәтижесінде бұл адам басқа адамдардан
бөлектенген мәселелерді шешеді. Осындай жолда жағдай ешқандай сезіммен
байланыспайды, ол басқа адамдарда болған сияқты болып қала береді. Адам
арықарай идеяға кете береді және өзінің сезімдеріне аз-аздан жақындайды.
6) Проекция- басқа адамға жануарға немесе сапа обьектісіне қосып
жазу сезімі немесе пиғылы, бұл сол қосып жазудан шығады. Бұл қорғаныс
механизімі, бұнда тұлға аспектісі сыртқы ортаға индивидумның іштей
араласуын көрсетеді және қауіп сыртқы қауіпті күш ретінде қарастырады.
7) Регрессия- бұл дамудың ертедегі деңгейіне қайта оралу немесе
қарапайым тәсілге көшу болып келеді. Бұл жағдайды шешудің оңай түрі.
Қысымды азайта келе, ол мазасызданудың шешілмеген қайнар көздері болып
қалады.
Осы барлық қорғаныс мезанизмдерінің арқасында жан өзін ішкі және
сыртқы мазасызданудан және қысымнан сақтайды. Қорғаныс шындықтан қашады
(регрессия);шындықты шеттетеді (жоққа шығару);шындықтың алдын анықтайды
(рационализация); шындықты ауыстырады (реактивті білім); қорғаныс ішкі
сезімді-сыртқы әлемге орналастырады (проекция); шындықты бөледі (изоляция);
немесе шындықтан қашады (регрессия). Кез келген жағдайда либидозды энергия,
қорғанысты қолдану үшін керек, Эгоның күшін шеттетеді. Олар (қорғаныстар).
Эго іс-әрекетіне пайдалы болатын психологиялық энергиямен байланыстырады.
Қорғаныс өте әсерлі болған кезде, ол Эгоға кіре бастайды және оның
бейімделуге қабілеттілігін және пысықтығын азайтады. Егер қорғаныс Эгодан
ұстана алмаса, онда ол тірегі жоқ, мазасыздануға берілген болып қалады.
К. Хорни қарым-қатынас бұзылған кезде мазасыздануды төмендету
үшін 9 қажеттілікті ұсынады.Ол бұл қажеттіліктерді невротикалық деп
атаған. Ол мына көрсеткіштер:
1. Махаббатқа және қолдауға невротикалық қажеттілік (басқаларды
қанағаттандыруға деген тілек және жоғары сезімталдылық.
2. Бағытталушы жұпқа деген невротикалық қажеттілік (адам
махаббатты бағалайды, жалғыз қалудан және жетім болудан қорқады)
3. Өмірдің шеттетілуіне невротикалық қажеттілік.
4. Күшке деген невротикалық қажеттілік.
5. Басқаларды пайдалануға деген невротикалық қажеттілік
6. Маңыздылыққа деген невротикалық қажеттілік (өзін бағалау
бұқараның қабылдау деңгейінде анықталады.)
7. Тұлғалық жетістіктерге деген невротикалық қажеттілік.
8. Тәуелсізділікке деген невротикалық қежеттілік.
9. Шынайылыққа және тазалыққа деген невротикалық қажеттілік.
Бұл 9 қажеттіліктер жанжалдың ішкі қайнар көздері болып табылады.
Бірақ бұл барлық жанжалдар шешілетін және қашып құтыла алатын болмайды,
себебі жанжал бұл әлеуметтік шарттардан пайда болатын құбылыс.
Мағжан Жұмабаев эмоция, ішкі сезімдер түрлері және олардың
жағымды, жағымсыздығы туралы дербес тоқталып айта келіп, осы сезімдерді
тәрбиелеу қажеттілігіне тоқталады. Бала мазасыздану туралы қорқу сезімінде
баса айтады. Қорқу сезімі-адам жанында бір бақытсыздық күткенде болады,-
деп оның терең талдай отырып, Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі-баланың
қиялы тыс тірі һәм денесі әлсіз-деген тұшымды ой айтады. Алдымен, баланың
қорықпауына мән теру керектігі, жасында қорқақ болған баланың ерлік істерге
бара алмайтындығымен түйіндейді.
Эмоциялық күй-қалып жөнінде Қазақстанда жазылған еңбектер де бар.
Мысалы, айтып кететін болсақ, М.В. Кузубованың Жасөспірімдік шақтағы
мазасыздану жайлы және А.Л. Ескендірованың Агрессияға байланысты, З.Б.
Мадалиеваның мазасыздануға қатысты кандидаттық диссертация жұмыстары осы
тақырыптар жөнінде ізденушілерге бағыт-бағдар болады.
Э. Фромм, К. Хорни, Г.С. Салливандардың тұжырымдамаларына сәйкес,
мазасыздану –әлеуметтік құбылыс. Адамдар тумасынан мазасыз болмайды, оларды
мазасыз болуға өмірлік жағдайлар себепші болады. Г. Салливан теориясы
бойынша, мазасыздану екі түрлі болады: невротикалық және экзистенциалды.
Мазасыз (қорқақ) адамдар: бастауыш мектеп немесе жалпы бала кезеңде
қорқыныш сезімі ақырғы шегіне жетеді, яғни олар адамдардан өзге балалардан,
ит, найзағайдан, тағы басқалардан қорқады.
Сонымен, мазасыздану дегеніміз қиындық жағдайындағы әлеуметтік
қажеттіліктер фрустрациясын бастан кешіру. Ал, бастан кешулер денегіміз
Л.И. Божович айтқандай-ақ, ерекше эмоционалды формада қажеттіліктерді
қанағаттандыру дәрежесін бейнелейді. Мазасыздану мен тынышсыздық таламусты
тітіркендірген кезде байқалған (Делгадо). З. Фрейд ұғымынша, мазасызданулар
қорқыныштан бөлек аффектілер мен когнитивті процестерді қосып алады.
Қажеттіліктерді түйсінген адам ізденістік әрекетін әрі қарай жалғастырады.
Дамып келе жатқан жеке адамның негізгі проблемасы мазасыздануды жоюға
болады. Мазасыздану күтетін немесе алдын ала болжаған шиеленістің күшеюі
немесе қанағаттанбаудан туады және кез келген жағдайда (ол шындық, немесе
қиялдағы болсын) қауіп төнгенде дамуы әбден мүмкін. З. Фрейдің
психоаналитикалық теориясы 19 ғасырда физика мен биология дамытқан
позитивизм климатында өсті. Индивид ең алдымен сыртқы әлеммен өзара
әрекеттестік арқылы ұстап тұрған күрделі энергетикалық жүйе деп
қарастырылды. 19 ғасырдың аяғында социологиямен антропология ғылымдары
дербес пәндер ретінде дамып қалыптаса бастады. Осы жаңа ғылымдар
түсінігінше, адам-көп дәрежеде қоғам жемісі. Психоанализге сазасыздану
проблемасы жайлы көптеген еңбектер жазған ғалымдар Э. Фромм, К. Хорни мен
Г.С. Салливандар болды. Э. Фромм Сүйе білу өнері және Бостандықтан көшу
деген ірі еңбектерінде мазасыздануды тек қорғаныстық механизмдер деп атады.
К.Хорни Фрейдистік жүйені тереңдетуді жалғастыра түседі. Ол негізгі
мазасыздықты- оқшаулану сезімі немесе баланың зұлым әлемде көмектен тыс
қалуы,- дейді. Жалпы алғанда, баланың ата-аналарымен қарым-қатынасында
қауіпсіздікті жоятынның барлығы мазасыздануды тудырады. Қауіпсіздікті
сезбей тұрған, мазасыз бала бойында оқшаулану және дәрменсіздік сезімін
игеруге арналған түрліше стратегиялар дамиды. Ол бала зұлым немесе,
керісінше, өте ақылды, яғни өзі жоғалтқан махаббатты қайтаруға дайын
болатындай қалыптасуы мүмкін. Балада шындыққа сай емес, өзінің бейнесі
қалыптасуы да мүмкін.
Г.С. Салливан-психиатрияның тұлғааралық теориясы деп аталатын
жаңа тұжырымдаманы жасаушы ірі ғалым. Оның негізгі, маңызды қағидасы жеке
адам қайсыбір болжамды мазмұн, мағына. Оның негізі-тұлғааралық қарым-
қатынастар-деп түсіндіреді. Яғни, жеке адамды нақты әлеуметтік ситуациядан
тыс зерттеу мүмкін емес дейді. Салливан да Хорни сияқты, мазасыздануды
тұлғааралық қарым-қатынас жемісі деп санайды және алғашқыда анасынан
баласына беріледі дейді. Осы мазасыздықтан қашудың жолы: адамдар өз мінез-
құлқын бақылау мен қорғаудың түрліше тәсілдерін қолданады. Нақ осы қорғаныс
шаралары мен жүйені қалыптастырады. Мен адамды мазасызданудан қорғайды,
әрі жоғары деңгейлі өзін-өзі арқылы бекиді, өзін сыннан да қорғайды.
Мазасыздану қарқыны қауіптің қаншалықты екендігіне және қорғану
тәсілдерінің тиімділігі қаншалықты болуына байланысты болады. Жалпы
алғанда, Салливан мазасыздану өмірде бірінші болып ақыл-білім беруші әсер
береді,-деп есептейді.
Э. Фромм, К. Хорни, Г.С. Салливан тұжырымдамалары бойынша
айтатын болсақ, олардағы жалпы болатын ұғым: мазасыздану әлеуметтік құбылыс
деп есептеледі. Адамдар табиғатынан мазасыз бола қоямайды, оларды өмір
жағдай-шарттары мазасыз етеді. Фрейд пікіріне қарама-қарсы адамдар
табиғатынан деструктивті емес. Олар деструктивті бола алады, ол үшін өзін-
өзі жүзеге асыру жолына түсулері тиіс. Кейбір тұжырымдама авторлары
мазасыздануды мінез акцентуациясы деп санайды да, мазасыз жеке тұлғалар деп
типтерге бөледі. Мысалы, ол автордың бірі К. Леонгард ол былай дейді:
Бала өскен сайын мазасыздануы азаяды.
Гуманистік бағыттағы психолог-ғалым В. Франкл мазасызданудан
құтылудың тәсілі ретінде логотерапияны қолдануды ұсынады. Психикалық күй-
қалып проблемасы және оның ішінде эмоционалды күйлер проблемасын өте ертеде
зерттеген. Ертедегі философтар еңбектері негізінде психикалық қалып ұғымы
категориялық сипатқа ие болады. Мысалы, Аристотель бойынша, психикалық
қалыптар- адам жанының ерекше күйі. Аристотель ой-пікірлері арқылы,
психикалық феномендер бірлігі, жиынтығы аффективті сипаттағы және сана, әрі
еріктік күй сияқты психикалық қалыптарға бөлінетіндігі анықталды. Ал,
Авиценнаның пікірінше, эмоциялар жануарлар күшінің белгілі бір формасы.
Ол медицинаны психологиямен біріктіру керек, яғни тығыз ғылымдар деп
санаған ғалым И.М. Сеченов эмоционалды күйлерді зерттеуде жаңа бір кезеңді
ашты. Психикалық күй-қалып, оның ішінде мазасыздану, қорқыныш тағы басқа
жайлы 20 ғасырдың 1-ші жартысында орыс зерттеушілері В.М. Техтерев, Д.Н.
Левитовтар терең зерттеді. Олардың айтуынша, психикалық күй-қалып-яғни адам
психикасының байқалуында үнемі адам әрекетін бояп тұратын және оның
танымдық іс-әрекетімен еріктік аумағы және тұтас жеке тұлғасына байланысты
сыртқы сипаттармен қатар жүретін күй. В.Н. Мясищев былай дейді: психикалық
қалыптар адамның психикалық әрекетінің жалпы функционалды деңгейі ретінде
болады.

1.2. Мектеп - интернаттағы оқушылардың мазасыздану ерекшеліктерін
психологиялық зерттеу.

Ата-ана ыстығынан айырылған балалардың мазасыздану
ерекшеліктерінің жолын іздеу, қоғамдық тәрбиелеу жүйесіне бағытталған,
маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Осымен байланысты жаңа
педагогикалық технология құру бойынша ұсыныс жасау, мектеп-интернаттарда
тәрбиелік процесстің эффективтілігін жоғарылатады, сонымен қатар
психологиялық көмек көрсетудің жүйелік тәсілдері, мектептегі психологиялық
қызмет жүйесінде практикалық психология тапсырмалары қатарында жүргізіледі.
Көрсетілген жағдайлар ішкі отбасылық (бала - ата-аналық) депривация
шартында мазасыздану ерекшеліктерін анықтау бағытындағы зерттеудің
міндеттілігін анықтайды.
Интернат оқушыларының мазасыздануына шетел авторлары бірнеше
жұмыстар арнаған. Л.И. Божович 1960жылы,И. Лангмейер, З. Матейчек 1984,
А.М. Прихожан, Н.Н. Толстых, Т.И. Юферева 1982,1990 зерттеушілердің
зерттеулерінде байқалады. Тәрбиешілер тәрбиесінде өскен оқушылардың
мазасыздануы, практика жүзінде ғылыми қызығушылықтардың сферасынан тыс
болып қала береді.
Интернат оқушыларының мазасыздану ерекшеліктері әртүрлі
әлеуметтену тәсілдерінің әсерінен пайда болады (отбасында және интернат
ордаларының шартында) және ерекше ғылыми статусқа ие болып, қоғамдық
тәрбиелеудің қазіргі жүйесіндегі қолданбалы тапсырмаларды шешудің шынайы
перспективасын ашады.
Мектеп-интернаттағы әлеуметтену шартының анализін Л.И.
Божович әлеуметтік байланыс жүйесіндегі баланың обьективті күйінің
ерекшеліктерін қарастырудан бастайды, спецификалық жақын даму зонасында,
оның жетекші қажеттілігінің қанағаттану мүмкіндігі туралы көзқарас 1-ші
ретте тұлғааралық өзара іс-әрекеттің қанықтығының азаюымен мінезделеді.
Ерекшеліктердің біріне мынаны жатқызуға болады ... мектеп-интернатының
шартында оқушылар үнемі құрбыластарымен, бір қалыпты әсерлермен, бір
педагогикалық әсердің болуымен анықталуы. Осының әсерінен басқалармен және
ересектермен қарым-қатынас жасау шеттетіледі ...балаларда үнемі
тәжірибенің және білімнің жиналуынан маңызды қайнар көздердің бірі
шеттетіліп қалады, жан-жақтылығын сіңіре алмайды.
В.П. Шуменко айтып кеткендей, бұндай шартта оқушылар бір
қалыпты және әлеуметтік ортаға тәуелді болып қалады. Осының әсерінен оларда
мазасызданудың ерекшеліктері байқалады.
Л.И. Божович, Л.С. Славинаның 1957 жылғы жұмыстарында мынаны
байқаймыз, оқушылар мінез-құлқының регламентациясы интернат шартында және
қатып қалған ереженің болуында оқушылардың белсенділігін төмендетіп,
мазасыздану күйін жоғарылатады.
М.И. Лисина 1976 жылы қоғамдық тәрбиедегі оқушылардың
ерекшеліктеріне жататын мынандай анализді ұсынады:
1) Сәйкес ересек-бала қатынасының аз мөлшерлігі.
2) Ересектердің бір-бірімен жүріс-тұрыс программасының сәйкестенбеуі.
3) Интимділіктің төмендігі және ересектермен оқушылар арасындағы
сенімділік байланысының жоқтығы.
4) Олардың эмоционалды уплощенностьтары.
5) Әрбір оқушыға деген ересектердің әсері жекеден қарағанда көбіне
топтық болып келеді.
6) Бала жүріс-тұрысына деген қатаң тәртіптің болуы.
7) Бала-басқа балалар қарым-қатынасының аздығы.
8) Топтағы оқушылардың бірдей жастарының наличиесі.
Осы ересектердің қатарына оқушы положениясының эмоционалды
қалыпсыздығын жатқызуға да болады.
Отбасы әсерінен тыс болатын баланың психикалық және тұлғалық
дамуының ерекшелік анализі психологиялық зерттеулерде мынандай көзқараста
жүреді, оның белсенді даму деңгейінен, сол немесе басқа қажеттіліктердің
басымдылығынан тәуелділігі. Күнделікті бір сыртқы шарт қабылданады және
уайымдалады. И. Лангмейер, З. Матейчек айтқандай жас тұлға баланың
қажеттілігі, сонымен қатар жетіспейтін қанағаттануға әсері өзгереді. Бұл
кездері көбіне ана махаббатының жетіспеушілігі байқалады және ол
қанағаттануға үлкен әсерін тигізеді.
Ұйымшылдықтың болмауы жүріс-тұрыс қалыптасуының ауытқуына
әкеледі, дамудағы тұлғалық қиындықтарға ұиын тәрбиелегу, эмоционалды
қысымға және фрустрацияға әкеліп соғады, өтірік айтудың дамуы, қызғаныш,
агрессия, өз-өзіне деген сенімсіздік, пассивтілік, конформдылыққа әсер етуі
мүмкін.
Көрсетілген адекватты емес аффективті реакциялар (ұрысу,
ызалану, агрессия, дөрекілік) Л.С. Славиннің ойынша өмірлік маңызды
қажеттіліктің қанағаттанбауына байланысты өзінің бағасын мүмкіндіктерін
түсірмеуіне қорғаныс реакциясы болып табылады. Сонымен қатар К.А.
Абульханова-Славская былай айтқан, депривацияның дәлелі-анасымен қарым-
қатынас жасаудың аздығы,-инфантилизмге жетекшілік, ерте жастағы агрессия
немесе ақыл-ойдың артта қалуы тұлға белсенділігінде аккумуляцияланады.
Мектеп - интернаттағы оқушылардың мазасыздану ерекшеліктеріне
Б.Н. Боденко мынаны жатқызады:
Шындыққа деген отрицательное қарым-қатынас, ол туралы нақты
көзқарастың болмауы.
Қарым-қатынас стилінің дұрыс қалыптаспауы.
Мектеп программасын меңгеруге қиындықтағы интеллектуалдық сферадағы
спецификалық бұзылыстар.
Жақсы отбасылық әсердің болмауын түйсіну, уязвимых зон ішінде
былай ажыратылады: Нақты сезімтал тәжірибе, көрнекі-бейнелік, ойлау және
қабылдау, сонымен қатар керісінше іс-әрекет жоспарын талап ететін мінез-
құлық мектеп-интернаттағы 8-9 сынып оқушыларының интеллектуалдық және
тұлғалық даму ерекшеліктері Д.Р. Кадырбаеваның жұмыстарында көрініс тапқан.

Эмоционалды-интеллектуалдық сфераларда бұзылысты анықтаушы
мектеп-интернат шартындағы ата-аналық қарым-қатынас депривациясы, тұлғалық
даму процесінеде әсерін тигізеді. Соңғы психология ерекшеліктеріне жатады,
біржақтылық, балалардың мативация сферасының кедейлігі (бірқалыпты өмірге
байланысты), жағдайдың шетіне шыға алмаушылық, басқалармен қарым-қатынасқа
түскенде мазасыздану, тағы басқа.
Тұлға дамуындағы жасөспірімдік деңгейге өтуде, жетекші
қажеттілікті автономды рөлге ие болу эмансипация және қоғамдық өзіндік
реализация алады. В.П. Шуменконың ойынша, индивидке деген педагогикалық
мүмкіншіліктің коллективті назар аударуы, жылудың жоқтығы, сенімсіздіктің
болмауы жеткіншек үшін ересек адам рөліне өту қажеттілігінің айырады.
Ересектермен қарым-қатынастың жоқтығынан, алдарына жас үшін эталондарды
(кімге ұқсағысы келеді, неге және нені істеу керек?) қою мүмкіндіктері
болмайды.
Интернат ордаларында тәрбиеленушілердің әлеуметтік эталондарының
шеттетілуі, жасөспірімдердің жақын даму зонасын адекватты
қамтамассыздандырумен индентификациялау автономды әлеуметтік рөлдер моделін
меңгеру және бақылау мүмкіндіктерінің төмен тәтижесі сияқты жүйе болып
табылады. Осыған байланысты, Й. Лангмейер, З. Матейчектің
айтуынша,депривацияланған бала бұған қиындықпен жетеді және ереже бойынша
толық емес. Ересек рөліне деген қажеттіліктің өтелмеуі, оқушыны үлкен
мазасыздануға әкеліп соқтырады.
Интернаттағы педагогикалық коллективті ортаның қысымы, баланы
үлкен мазасыздыққа ұшыратып, дау- дамай мәселелерге әкелуі мүмкін. Н.Н.
Толстыхтың жұмыстарында жасөспірімдердің болашаққа деген қатынасын дамыту
нәтижесі отбасындағы тәрбие және интернаттағы тәрбие сәйкестілігімен
ажыратылады. Жасөспірімнің ата-анасынан шеттетілуі психогенді инфантелизм
факторы ретінде қарастырылады.
Т.И. Юферева отбасында және интернатта тәрбиеленуші оқушыларда,
психологиялық жыныстық қалыптасу ерекшелігін анализдейді және айырмашылық
реттерін байқайды.
Мектеп-интернаттарда тәрбиеленген жасөспірімдердің психикалық
даму мәселесіне арналған көптеген жұмыстарға, Г.И. Якушевтың құрбыластар
тобындағы жүріс-тұрыс ерекшеліктерін, мазасыздануын зерттеу жұмысын
жатқызуға болады. Мектеп-интернаттағы оқушылардың қарым-қатынасының бөлек
аспектілері және тұлғаның нравственның дамуы туралы жұмысты Н.М. Неупокоев
жазған.
Мектеп-интернатындағы оқушылардың мазасыздану ерекшеліктері
туралы Л.И. Божович былай айтқан: мазасыздану ұжымда өз орнын таба білуге
тырысумен және қоршаған ортаға өзінің ересек екенін дәлелдеумен, сонымен
қатар жасөспірім өзін-өзіне қымбат деп санайтын тұлғалық ерекшеліктермен,
сапалармен көрсетуге деген талпыныстың болуы көрініс береді. Бұл белгілер
параметрикалық мінездемелерді анықтау үшін принципиалды мәндерді береді, ол
2 компонентті көрсетеді:
1.жасөспірімнің өзі туралы көрініс
2.өзінің менін көрсетуге, шындыққа шығаруға талпыныс.
Б.В. Барцалкиннің айтуынша, интернаттағы оқушы өзін анықтауда
қиындықтардың себебінен меннен мен емес позициясына тез көше алады және
осының себебінен мазасыздану пайда болады.
Баланың қоғамдық норма мен мінез-құлық ережелеріне бейімделуі
отбасы, білім, мәдениет және дін сияқты әлеуметтік институттар арқылы
өтеді. И.С. Кон жастық шақтағы жетекші әлеуметтік институт деп ата-анасын,
отбасын атайды. Егер бала отбасынан тыс тәрбиеленіп жатса, онда баланы
үлкендер қоғамына енгізу, оларды жалпы заң негізінде өмір сүруге үйрету
қажетті жағдай, әрі бұл мектеп-интернатта әлеуметтік жұмыстың психологиялық
іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуын қажет етеді. Әсіресе олардың физикалық,
адамгершілік, патриоттық және интернационалдық, еңбек, эстетикалық,
жыныстық, ақыл-ой тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажет.
Семья тәрбиесін жоққа шығарғандарға қарсы шығып, Н.К. Крупская
кезінде былай жазған еді: Біз болашақтың адамын өз бойындағы барлық табиғи
сезімдерін тұншықтырған әлдебір сезімсіз машина деп түсінбейміз... Ата -
аналық сезім... балаларды да, ата - аналарды да асқан қуанышқа бөлейтін
болады. Балаларды ата - аналардан үзбейтінлей, балаларды ата - аналардан
аластатпайтындай қоғамдық тәрбие түрлерін жасауға ұмтылуымыз керек....
Ата - аналар ықпалы мүлде жоқ балалар мекемелерінің жетекшісі
бола отырып, А.С. Макаренко балалардың мінез құлқынан осы ықпалдың жоқтығын
ұдайы аңғарған, өзімен бірге жұмыс істеген педагогтармен бірге ол ата
аналар сүйіспеншілігінің орнын толтыруға, қамқорлық жасап, балаларға ұдайы
назар аударуға тырысқан. Мемлекеттің, жаңа семьяның және балалар
коллективінің өзінің күш жігерлері ұштасқан тәрбиені ғана ол нағыз
социалисттік тәрбиеге санаған.
Ата-аналық қарым-қатынастың депривациялық шартында баланың
психикалық дамуының бөлек ерекшеліктері онтогенездің ерте этаптарында Г.Х.
Мазитов, Л.А. Холева, Э.Л. Фрухт, С.Ю. Мещеряков, Т.М. Землянухин, М.И.
Лисина, А.Г. Рузский, Т.А. Финашина, Н.А. Залысина, А.М. Прихожан, Н.Н.
Толстых, С.С. Харина, Л.Н. Галигузова, тағы басқаларының жұмыстарында айқын
көрінген. Онда баланың ересектермен аффективті-тұлғалық қарым-қатынас,
қарым-қатынастағы мінез-құлықтары және сөйлеудің дамуы, уайымдаудағы
қажеттіліктер, үйренудегі сұрақтар, тағы басқа ерекшеліктер анализделеді.
Балалар үйінің жасөспірімдерінде өзіндік сананың қалыптасуында да өз
ерекшеліктері бар. А.М. Прихожан мен Н.Н. Толстых [11] отбасында және
отбасынан тыс өсіп келе жатқан жасөспірімдердегі Мен бейнесінің
сипаттамасы бірқатар мәнді параметрлер бойынша ерекшеленеді деп есептейді:
1) өзінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне бейімделу
(бұқаралық
мектеп) – сыртқы ортаға бейімделу (мектеп-интернат); 2) Мен
бейнесінің есейгендік, онымен байланысты өзіндік құндылықтар жүйесі
бағытында қарқынды қалыптасуы (бұқаралық мектеп) – Мен бейнесінің бұл
жақтарының көрсетілген кезеңдерінің тұрақтылығы (мектеп-интернат); 3)
жасөспірімдік сипаттамалардың айқын көрінуі (бұқаралық мектеп) – Мен
бейнесінің кейбір
жақтары дамуының жас сипаттамаларымен сәйкес келмеуі (мектеп-
интернат).

1.3. Мектеп - интернаттағы жасөспірімдердің тұлғалық мазасыздану
мәселесін қарастыру.

Мектеп - интернаттар өмір сүріп келе жатқан елу жыл ішінде
оларда сан ұрпақ тәрбиеленіп, мәдениеттің түрақты дағдыларын алды,жатақхана
ережелерін меңгеріп, шынайы коллектившілдерге айналды. Өз отаны мен туған
өлкесіне деген сүйіспеншілікті бойларына сіңірді.
Мыңдаған ата - аналар балаларының мектеп бітірісімен жоғарғы
оқу орнына түсуге немесе халық шаруашылығындағы өнімді еңбекке араласуға
мүмкіндік беретін тәрбие мен білім алатынына көзі жеткендіктен, оларды
мектеп интернаттарға орналастыруда.
Педагогика - психология ғылымы ата - аналардың жекелеген
ересек адамдармен құрбы құрдастардың, бұқаралық коммуникация мен өзін- өзі
тәрбиелеу құралдарының ықпалы іспетті маңызды факторлар мен қатар баланың
жеке басын тәрбиелеуде балалар коллективінде де шешуші роль атқаратынын
дәлелдеді.
Ортақ мақсат бір жерге жұмылдырылған балалар коллективінің
құрамында бала өзінің айналасындағы шындықты тебірене сезінеді, ал
коллективтік пайдалы қоғамдық қызмет оны қуанышқа бөлеп, дән риза етеді.
Оның үстіне коллектив болып араласу нәтижесінде балалар бірін бірі рухани
байытады, қоғамның әдет - ғұрыптық қағидаларын толығырақ та тереңірек те
игеріп, тәжірибе жинақтайды. Балалардың азаматтық сезімін қалыптастыруға,
азаматтық мінез - құлық тәжірибесін иемденуге коллективте жағдай молырақ.
Үйлерінде тұратын әдеттегі класс балаларына қарағанда, интернат
тәрбиеленушілері бірге болып, бір - бірімен көбірек араласатындықтан, өзін-
өзі қызмет ету ыңғайында коллективте және коллектив үшін әр қилы
жұмыстарды тыңғылықты орындайды, әрдайым педагогикалық бақылау мен басшылық
ықпалында болады.Дұрыс педагогикалық ықпал болса, осының бәрі біршама қысқа
мерзім ішінде топтасқан, достасқан, ұйымшыл балалар коллективін құруға
мүмкіндік береді.
Мақсат және өзара тығыз қимыл әрекеттің бірлігі туралы әңгіме
болғанда мектептің, семьяның және жұртшылықтың қоғам алдындағы
жауапкершілік өлшемі, педагогикалық мүмкіндіктері мен міндеттерінің тәрбие
процесінде әркелкі екендігін айта кеткен жөн. Бір - бірінен шалғайлығы және
семьяның бұрыннан қалыптасқан тұйықтығы салдарынан, балалар арасында
белсенді жұмыс жүргізу үшін ата - аналар мектеп тарапынан педагогикалық
басшылықты қажетсінеді.
Әлбетте, мектеп балаларымен жұмыс істеуге ұйымдасып та әзірленіп
те, бекініп те келеді. Мемлекет ұйымдастырған арнайы мекеме болғандықтан,
өскелең ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге, тәрбие жұмысына қатысуға ата - аналар
мен жұршылық күштерін біріктіруге мектеп жауапты. Ата - аналар мен
жұртшылықтың шашыраңқы күштерін біріктіріп, оларды бірыңғай тәрбие жоспары
мен педагогикалық басшылыққа бағындыруы керек. Балаларды оқытудың да,
тәрбиелеудің де табысы көбіне көп осыған байланысты. Бұны түсінген А.С.
Макаренко былай деген: Жақсы семьялар да болады, жаман семьялар да болады.
Семья жақсы тәрбиелейді дегенге көнуге болмайды. Семья өзі ойлағанындай
тәрбиелей алады деп, тағы айта алмаймыз.. Біз семья тәрбиесін
ұйымдастыруымыз керек. Мемлекеттік тәрбиенің өкілі ретінде бәрін де мектеп
ұйымдастырып, бастап отыруы керек.
Мектеп - интернатта тәрбие жұмысын ұйымдастырып, семьяларға
педагогикалық басшылық жасап, ата - аналардың балаларға үйлесімді, нысаналы
ықпалын тигізіп, әр семьяның жақсы және әлсіз жақтарын, баланың дүниеге
келгеннен бергі ата - аналар мен балалар арасында табиғи жолмен қалыптасқан
қарым қатынастарының ерекшеліктерін тәрбиешілер барынша толық ескеруге
ұмтылады. Ата - аналардың балаларына сүйіспеншілігі, оларды дендері сау,
инабатты, бақытты етіп, өз елінің лайықты азаматы, нағыз патриот етіп
тәрбиелеуге ұмтылуы барлық қалыпты семьяларға ортақ сипат болып табылады.
Әсіресе, кішкене және жасөспірімдік жастағы балалардың көпшілігі өз ата -
аналарын ағынан жарыла сүйеді, олардың ақылына, мейірімділігіне,
адамгершілік мерейіне қалтқысыз иланады. Оның үстіне олар ата - ананың
сүйіспеншілігін қажетсінеді және оны өздерінше талап етеді де. Ата -
аналарының назары сәл босаңсыса ақ болды, балалардың өміріндегі қуанышы да
ортая қалады.
Интернат тәрбиешілері, мұғалімдер, балалардың осы
контингентімен жұмыс істейтіндердің бәрі педагогикалық мақсатта,
коммунистік тәрбие мүддесінде балаларға ата - ана ықпалының күшін ара
арасында сәтті пайдаланады. Бұған педагогтар мен семьялар арасында тығыз
достық қарым-қатынастар орнатудың арқасында ғана қол жетеді.
Семья тәрбиесін жоққа шығарғандарға қарсы шығып, Н.К. Крупская
кезінде былай жазған еді: Біз болашақтың адамын өз бойындағы барлық табиғи
сезімдерін тұншықтырған әлдебір сезімсіз машина деп түсінбейміз... Ата -
аналық сезім... балаларды да, ата - аналарды да асқан қуанышқа бөлейтін
болады. Балаларды ата - аналардан үзбейтінлей, балаларды ата - аналардан
аластатпайтындай қоғамдық тәрбие түрлерін жасауға ұмтылуымыз керек....
Ата - аналар ықпалы мүлде жоқ балалар мекемелерінің жетекшісі
бола отырып, А.С. Макаренко балалардың мінез құлқынан осы ықпалдың жоқтығын
ұдайы аңғарған, өзімен бірге жұмыс істеген педагогтармен бірге ол ата
аналар сүйіспеншілігінің орнын толтыруға, қамқорлық жасап, балаларға ұдайы
назар аударуға тырысқан. Мемлекеттің, жаңа семьяның және балалар
коллективінің өзінің күш жігерлері ұштасқан тәрбиені ғана ол нағыз
социалисттік тәрбиеге санаған.
Тәрбие өз алдына жіберіліп, балаларға жеткілікті назар
аудармайтын да семьялар баршылық. Семьяның міндеті балаларды киіндіріп,
тамақтандыруға ғана, ал оқытып, тәрбиелеуге мектеп, оның мұғалімдері мен
тәрбиешілері міндетті деп, қате түсінетін ата - аналар да аз емес. Бұл
іспетті семьяларда ата аналардың тәрбиешілік белсенділігі көріне қалса, ол
ең әуелі баланың әлдебір ұнамсыз қылығына байланысты болғаны. Көбіне бұл
күшпен тыйым салу болып келеді. Әдетте, семьяларда балаларды тәрбиелеумен
аналар шұғылданады. Көптеген әкелер шеттеп, балаларға көңіл қоя бермейді.
Ұнамды ықпал тигізудің орнына аңғармастан өзінің өнегесімен олардың бойына
зиян дағдылар мен әдеттер, еңбекке социалистік меншікке, айналадағы
адамдарға теріс көзқарас дарытатын семьялар да баршылық. Ата - аналармен
жұмыс жүргізуді жоспарлағанда, тәрбиешілер осының бәрін ескерулері керек.
Әсіресе қиын семьяларды анықтап, олардың өмірімен танысып, кикілжіңнің
себебін түсініп, бұл секілді семьялармен жұмыс істеудің айқын программасын
белгілеу керек.
Оқу жылының басталуы тәрбиешілер мен барша балалар коллективі
үшін ең қиын кезең.
Бастауыш және онбір жылдық мектептер түлектері интернатқа
келісімен бұрын өздері көріп белмеген жаңа жағдайға тап болып, алғашқы
сәттерде семьяны аңсап, қатты тарығады. Мұның бәрі таңданарлығы жоқ табиғи
нәрсе. Балалар ең алғаш рет туған босағадан ұзап шығып, ата - аналар мен
семьядағы басқа адамдардың аялы алақанынан алыстайды. Адам өміріндегі ең
мықты байланыстар мен қарым - қатынастар ― семья коллективімен байланыстар
бұзылады. Тәрбиешілердің бақылаулары және оқушылардың өздерімен ауызба -
ауыз әңгімелесуден алынған зерттеу деректері бұл қасіреттің қаншалық үлкен
екенін көрсетеді. Тіпті көптеген үлкен балалардың өздері алғашқы кезде
интернатта қысылып қымтырылып жүреді, ал кішкене және ортаңғы жастағы
балалар кей кейде қамығып жүреді.
№17 мектеп - интернатының сегізінші сыныбының бір оқушысы,
өзін интернаттағы әуелгі кезде жан баспаған аралда жүргендей
сезінгенін бізбен әңгімеде ашық мойындады. Интернаттағы алғашқы күндерін
еске алғанда, үйлері мен ата - аналарын сағынғаннан түні бойы солқылдап
жылайтынын сегізінші сыныптың қыздары жасырмастан айтады. Осы кезеңде
кейбір балалар қатаң тыйым салулар мен ережелерді бұзуға дейін барады:
аптаның ортасында тәрбиешілердің рұқсатынсыз үйлеріне кетеді, ал жақынырақ
тұратындары үйлеріне күн сайын барып келіп тұрады. Әлі үйреншікті бола
қоймаған режимді сақтау, оңайға түспейтін көптеген жаңа ережелерді,
талаптарды, міндеттерді орындау алғашқы апталардың жүгін ауырлатады.
Балалардың интернаттағы тіршілігінің осы бір алғашқы кезеңінде
тәрбиешілер ата - аналардың көмегін қатты қажетсінеді. Бұл көмекті алу үшін
семьялармен алдын ала танысып, оларды зерттеп, олармен байланыс жасап,
келісімге келу керек. Дәл осы қиын жағдайда ата - ананың қатынасы
пайдалырақ болатынын жаза бастырмай білген жөн.
Кішкене жастағы жаңа келген балалар арасында әдетте өмірдегі
өзгерістерге басқалардан гөрі де қаттырақ жабығатын балалар болады. Бұл
тұста оларға ата - аналар көмекке келеді. Алғаш кезде олар тәрбиешілер
өтінуімен апта ортасында интернатқа келеді, өздерінің балаларымен
сөйлеседі, олардың мауқын басып көңілдерін сергітеді және де кеңеске әке
мен аналар ғана емес, семьяның басқа да мүшелері (ата, әже, ағалар мен
апалар) келе алады, бұның тиімділігі шамалас. Біздің бақылауымызша
балалардың жаңа байланыстары мен қарым қатынастары оқу жылының екінші
жартысында ғана беки түседі. Олар мұны қадірлейді, онан әрі демалыс кезінде
үйде болғанда интернаттағы достары мен құрбыларын сағына бастайды.
Мектеп - интернатқа ауысқан соң балалардың ата - аналарымен
қатынасуы едәуір азаяды. Балалар аптаның алты күні интернатта болып, тек
жексенбіге қарай семьяға оралады. Балалардың ата - аналармен байланысының
босаңсуы бір жағынан ұнамды, екінші жағынан ұнамсыз істің басы сияқты.
Ұнамдысы - қиюы қашқан семьяның ықпалынан баланы сақтауға үйдегіден гөрі
бұнда жағдай жақсырақ. Бұл қиын және қолдан шығыңқырап кеткен балаларды
қайтадан тәрбиелеуге қолайлы жағдайлар жасайды. Ұнамсызы - қалыптағы
семьялар көпшілігінің ықпалының босаңсуы аңсайтын іс емес және бұл
педагогикалық тұрғыдан алғанда, мектепке және тәрбиешілерге қолайсыз.
Қиын балалар мен және олардың ата - аналарымен алғашқы күннен
бастап қиын да, жан жақты жұмыс жүргізіледі. Әкенің не ананың жүгенсіз
кетуі, маскүнемдік, ұрыс керіс қыры қашқан семьяның келеңсіз жайттары
осылар. Бұның бәрі балаларға, олардың мінез құлқына жаман әсер етеді.
Бұндай балалар педагогтар мен балалар коллективінің айрықша бақылауына
алынады, дәл сол мезгілде тәрбиешілер мен жұртшылық тұрған орындары бойынша
ата аналарды есепке алады. Алайда бұл үшін жұртшылық күштері арнаулы түрде
ұйымдастырылуы керек.
Ата - аналар балаларымен шұғылданбайды. Маскүнемдіктен,
дөрекіліктен, ұдайы ұрыс керістен олар балаларының алдында беделдерін
жоғалтады. Біздің қолымыз тимейді, біз жұмыс істейміз. Тамақ, киім тауып
береміз. Ал тәрбиелеу – сендердің істерің, - деп жауап беретін ата -
аналарда аз емес.
Тәрбие жұмыстарының нәтижелі болуы тәрбиешілердің жалпы және
педагогикалық мәдениеттің, даярлығының жеткіліктілігіне байланысты. Мектеп
- интернаттарда бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін оқушылар
тәрбиеленетіндіктен, тәрбиешілер өз жұмыстарын оқушылардың
жасерекшеліктеріне қарай құрады. Мысалы, тәрбиеші бастауыш сынып
шәкірттерін мәдени мінез - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернат оқушыларының тұлғалық мазасыздану ерекшеліктерін қарастыру
Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау
Жеткіншектердің эмоционалдық жағдайына байланысты мінез үйлеспеушіліктерін коррекциялау
Эмоционалды - ерік сферасы бұзылған балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Мектеп-интернаттағы оқушылардың мазасыздану ерекшеліктерін анықтау
Балалардың мазасыздану себептерінің негіздері
МАЗМҰНЫ МАЗАСЫЗДАНУДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚАЛПЫНА
Жеткіншек жастағы мазасызданудың психологиялық ерекшеліктері
Мектептегі психолог қызметінің қажеттілігі мен ерекшелігі
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру
Пәндер