Ойын - сауық мәдениетінің тарихи сипаты, міндеттері және жіктелуі
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...3
І ТАРАУ. ОЙЫН-САУЫҚ ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘДЕНИ
КӨРІНІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Ойын-сауық категориясына мәдениет танымдық талдау ... ... ... ... ...7
1.2 Ойын-сауық мәдениетінің тарихи сипаты, міндеттері және
жіктелуі ... .22
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ОЙЫН-САУЫҒЫНЫҢ
ӨЛТУМАЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.1 Ойын-сауықтағы жалпы адамзаттық және ұлттық
ерекшеліктер ... ... ... 30
2.2 Дәстүрлі ойын-сауықтағы негізгі үлгілер және
тұлғалар ... ... ... ... ... ... .42
2.3 Қазақтың дәстүрлі ойын-сауығының тәрбиелік
мәнісі ... ... ... ... ... ... ... . ..57
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .73
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 76
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі және оның мемлекет бағдарламаларымен
байланысы. Ойын-сауық құрмаған ел, сауығымен серпілмеген ұрпақ, ойнамайтын
бала жоқ; көңіл көтермейтін адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Қашанда
болмасын ойын-сауыққа үлкен-кішінің бәрі де әуес. Here? Сұрақ біреу, ал
жауап ше?
Көненің көзі - қажеттілікте. Ойын-сауық - адам тіршілігі мен тынысының
қажеттілігі. Ойын арқылы адам тіршіліктің қуатын, ырғағы мен үндесушілігін,
айбыны мен игілігін өз болмысына аударады. Ойын - өнер, еңбекпен келетін
өнеге. Есін жиған тұйықтыққа көне ме? Иә, ойын арқылы кім болмасын ересек
өмірге дайындалды, өзін салтанатты өмірге сайлады. Ойын - түрлі
қасиеттердің тоғысуы, қабілеттің озуы. Соның ішінде тәндік, жандық,
парасаттылық, моральдық, рухани құндылықтардың жарысуы, қабысуы, жеңіске
жетуі айқын білініп жатады. Ол қандай ортаға тән құбылыс еді? Әрине, бір
басына жетерлік дәулеті, ынтымағы басым әулеті, ажарлар сәулеті бар ортада
ойын-сауық өмірдің берекесі мен қызығын келтірді. Ойын-сауық мол жайылған
дастарқаннан, шаттықтағы отбасынан оттық алды.
Мұндай іштей жаңғыру көшпелі қазақтың жан дүниесіне жақын. Ауызша
шығармашылық - қазақ жан дүниесінің айнасы, ойын-күлкісінің байламы, көңіл
көтеретін және өзін биік мұратта ұстаудың айналымы. Қазақ үшін мереке-
мейрам, той-думан - әлеуметтік-көркемдік құбылыс қана емес, есте қаларлық
үлкен этномәдени оқиғаны мамандар ойын-сауықтардың түбір-түйінін талдай
отырып, біреулері олардың тәрбиелік, рәсімдік, әскери-жорықтық, жарыстық
және т.б. әлеуметтік қызметтерін, енді біреулері -тәрбиелік, сауықтық,
кәсіптік, белсенділік, рәсімдік, әдет-ғұрыптық, дене шынықтырушылық,
әлеуметтік жаттығу сияқты қызметтерін атқарғанын жіктеп жатады [5, 451-
453 бб.].
Қазіргі мәдениеттануда ұлтсыздандырылған және тұлғасыздандырылған
рәсiмдерден гөрі, этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын формалар
модельдерімізді жасау қажет. Бүгін Қазақстан Республикасында көпұлттық
әлеумет жағдайында бақылаусыз, талғамсыз жүріп жатқан ойын формалары жеңіл
үрдісті, ұлт пен ұлыстың сана-сезімін уландыратын бөтен үлгілерге әкелуі
мүмкін. Сол себепті әлемді ұлттық ойындарды теория тұрғысынан талдау
актуальды мәселеге жатады. Ұлттық ойындардың құндылықтарын жаңа заман
тұғырнамасы бойынша қайтадан зерделеу рухани мәдениеттi шыңдай түседi және
осында ұлттық философия ерекше рөл атқарады. Ұлттық философия дамымаған
жағдайда жетiлген және толыққанды мәдениет туралы пайымдау негiзсiз.
Бiршама ойшылдардың тұжырымдамалары мен концепцияларында ойын адамның
бастапқы субстанциясымен байланысқан iс-әрекет, құбылыс, жағдай, қалып
ретiнде көрiнедi. Адам ойын масштабын нөлден шексiздiкке дейiн жүзеге
асырып анықтай алатын жалғыз тiршiлiк иесi. Сол себептi ол ойнамай тұра
алмайды. Ойын арқылы оның жетiстiгi мен кемшiлiгiн, басқалармен қарым-
қатынасын бiлуге мүмкiндiк туады. Бiрақ бұл философтардың назарынан тыс
қалды. Басқаша айтқанда, ойын феноменi философиялық талдаудың объектiсiне
айналуы үшiн адамның болмыстағы жаңа стратегиясы қажет болды және осы ХХ
ғасыр философиясы мен мәдениет теорияларында жүзеге асты. Й. Хейзинга
бойынша, “ойын мәдениеттен бұрын пайда болған, себебi мәдениеттiң өзi
ертеде ойын сипатында болды, кейiннен ойын дами келе, күрделенiп бiздiң
түсiнiгiмiздегi мәдениет құбылысына айналды [1, 21 б.].
Ойынға, бәсекелестiкке, белгiсiздiкке, тұрақсыздыққа талдау жасау – ХХ
ғасырдың ортасындағы философиялық iзденiстерге тән нәрсе. З. Н.
Исмағамбетованың ойы бойынша, қалыптасу ретiндегi болмыс жорамалының өзiн-
өзi ақтауы болмыстың жаңа стратегиясы мен ол жүзеге аса бастаған ойынның
жаңа формаларын зерттеу жолындағы алғашқы қадамы болды. Бiрақ болмыстың
мұндай стратегиясын негiздеу үшiн жаңа терминология, ұғымдық формалар
дайындап алу қажет болды. Егер болмысты қалыптасу ретiнде түсiнсек, онда
бұрынғы логика мен оның категориялық аппаратының жарамайтыны анық, өйткенi
ол логика болмыстың тұрақты және өзгермейтiн деп түсiндiрiлетiн
бағдарламасына орай жасалынған едi. Жаңа категориалық тiл мен
интеллектуалдық әрекеттiң жаңа ережесiн дайындау болмыстың жаңа
стратегиясын қалыптастырудағы негiзгi мiндеттер саналады және бұл мiндеттi
постмодернизм философиясы, мәдени антропология, мәдениет философиясы (ең
алдымен – Й. Хейзинганың ойыншы адам iлiмi) шешуге ұмтылады.
“Әлемге деген постмодернистiк көзқарас белгiлi бiр “орталықтандырулардың
(антропо-, еуропо-, логоорталықтандыруларды) орнату мен бекiту емес,
өйткенi еуропалық әлемнiң болмыстың стратегиясының мұндай құрылымдарының
жарамсыздығына көзi жеттi. Постмодерн әзiлдiлiк, өзгермелiлiк, ойын,
еркiндiлiк мойындалатын әлем үлгiлерiн көбiрек насихаттайды. Тұрақсыз
процестердi сипаттауға көшу – постмодерн ғылымына тән қасиет, ал әлемдi
хаос ретiнде, мәтiн ретiнде философиялық пайымдау – постмодерн жағдайындағы
философиялық дүниетанымның жаңа бағдары
Мәселенiң қазiргi деңгейi және зерттеу қажеттiлiгi. Ойынды мәдени
феномен ретiнде зерттеу батыстық өркениеттiң ақпараттық толқыны әсерiнен
басталды. Жаңа ғасыр, жаңа уақыт, жаңа кезең жаңа түсiнiктер мен ұғымдарды
талап еттi. Ендi ғылым шынайы түрде өз назарын адамға аудара бастады.
Философия гнесеологиялық проблемалардан онтологиялық проблемаларды
қарастыруға көштi. Сол орын алған үлкен сапалық өзгерiстердiң нәтижесiнде
ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында голландиялық ғалым Йохан Хейзинганың
концепциясы дүниеге келдi. Нидерландалық ғалым Й. Хейзинга ХХ ғасырдың 30
жылдарында мәдениеттi түсiндiруде ойын концепсиясын ұсынды. Ол өз
концепциясын 1938 жылы жарық көрген “Homо ludens (ойын адамы) атты
еңбегiнде жан-жақты негiздедi. Й. Хейзинга алғаш рет ғылымда толыққанды
ойын концепциясын жасаған болатын. Оған дейiн нидерландық философтан басқа
ойын проблемасын А. Адлер, К. Болер, Ф. Бойтендейк, Г. Спенсер, К.
Ушинский, В. Штейн, З. Фрейд өз еңбектерiнде әртүрлi аспектiлерде
қарастырылды. Этнология ғылымы да ойын проблемасын қарастырады, онда
ойынның әр түрлi этностарға тән түрлерiн қарастырып, ойындардағы ортақ
белгiлерiн iздейдi. Сондай-ақ ойын проблемасын қарастырған Батыс
зерттеушiлерiнiң қатарына Р. Каллос, Х. Кокс, Е. Финк, Р. Линтендердi, ал
бұрынғы кеңестiк зерттеушiлердiң қатарына В. Устиненко, М. Эпштейн, В.
Селюнас, А. Френкиндердi қосуға болады. Бұларға дейiн ойын хақында И. Кант,
Ф. Шиллер, Г. Спенсер, т.т. пiкiрлерiн бiлдiрген болатын. ХVIII ғасырда И.
Кант заманында Ағартушылық дәстүр үлкен беделге ие болды. Еркiндiк, Теңдiк
және Ағайындық принциптерi сол кездегi оқымыстылардың санасын жаулап алған
болатын. Немiс философы И. Кант та мұндай заман ерекшелiгiнен сырт қалған
жоқ. И. Кант еркiндiк iс-әрекет ретiнде ойында жүзеге асады деп есептеген.
Сондықтан да И. Кантты ойын мәселесi қызықтырды. Ол ойынды еркiндiктiң
толық көрiнiсi ретiнде бағалады. Немiс философы поэзияны ойынмен
салыстырады. Поэзия, оның пiкiрiнше, идеядан жасалған ойын болып табылады.
Роман мен театрды, И. Кант сезiм ойынымен салыстырады. Бұл арқылы И. Кант
өнер мен ойын арасындағы терең байланысты ашып көрсеткен болатын. Немiс
ақыны Ф. Шиллер ойын жайлы өзiнiң “Эстетикалық тәрбие жайлы хаттар деген
еңбегiнде қарастырып өтедi. Ол ойынды күштiң артық болуынан пайда болады
деп түсiндiредi. Мұндай пiкiрдi ағылшын философ-позитивисi Г. Спенсер
қолдайды. Сондай-ақ ХIХ ғасырда К. Гросс ойын теориясын көпшiлiкке ұсынды.
Оның пiкiрiнше, ойын тек қана күштiң көп болуынан пайда болмайды, сонымен
бiрге жас организмдi болашақ өмiрге бейiмделуге, баулуға үйретедi. К.
Гростың есептеуiнше, ойын бұл қабiлеттердi жетiлдiрушi, оларды бекiтушi
болып табылады. Ойын құбылысын осылайша алуан түрлi жолмен түсiндiру оның
адам өмiрiнде қаншалықты үлкен орын алатындығын бiзге аңғартады, көрсетедi.
Адам мәдениетiн түсiндiру, ұғындыру жолында мәдениеттануда әр түрлi
ыңғайлар қолданылады. Осы ғылымдағы көптеген iзденiстердiң нәтижесiнде
мәдениеттiң ойын концепциясы дүниеге келдi. Осының арқасында ойын
мәдениеттiң қозғаушы күшi болып табылатындығы анықталды. Ойын феноменiн
зерттеудiң нәтижесiнде ғылымда мәдениеттi толыққанды түсiнуге жол ашылды.
Сондықтанда ойын құбылысын зерттеу адам болмысының бiр қырын түсiнуге
септiгiн тигiзетiнi сөзсiз. Ойынды зерттейтiн ғылымдардың арасында
мәдениеттанудың алатын орны ерекше. Ойын феноменiн аталмыш ғылымның аясында
зерттеу бiз үшiн құнды, себебi мәдениеттану ғылымы ойын құбылысының
мәдениеттегi орны мен рөлiн, оның қазiргi заман мәдениетiне жасайтын
ықпалын анықтап бередi, ойын құбылысының мәнiн философиялық жағынан
түсiнуге мүмкiндiк бередi. Қазiргi кездегi мәдениеттанудағы алуан түрлi
концепциялар мен теориялардың қатарына ойын концепциясы да кiредi. Бұл
концепцияға көпшiлiк тарапынан қызығушылық артуда. Оның себебiн ХХ ғасырда
адамзат өмiрiнде орын алған үлкен сапалық өзгерiстермен түсiндiруге болады.
Қазiргi заманда ойын элементi зерттеушiлердiң пайымдауы бойынша, саясатта,
өнерде, спортта, халықаралық iстерде, сот процесiнде, педагогикада т.б.
көрiнiс бередi. Сондықтан да мәдениеттегi ойын элементiн жан-жақты зерттеу
мәдениеттiң негiзiне, тереңiне үңiлу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен негізгі міндеттері. Этномәдениеттiң тарих
формаларында қазақтың ұлттық ойындарын мәдениеттанулық тұрғыдан талдау
арқылы халқымыздың қоршаған табиғи және әлеуметтiк ортаны игеру барысында
қалыптасқан ойындық мәдениетiн айқындау, ойын құбылысының табиғатын анықтау
зерттеудiң басты мақсаты болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру жолында мынадай мiндеттер туындайды:
– ойын мен мәдениет арасындағы тереңде жатқан байланыстарды ашып
көрсету; ойын құбылысының мәдениетке жасайтын ықпалын анықтау; ойын мен
өнер арасындағы байланысты көрсету; ойын мен философия арасындағы
байланысты iздеп табу.
– батыстық философиялық және этнографиялық зерттеулердегi өзiндiк
“философемалардың көркем-бейнелiк суреттемелерден ажыратып, оларға мәндiк,
салыстырмалық және қисындық талдау беру;
– қазақ дәстүрлi мәдениетiне тән рухани-әдептiк-көркемдiк тұстастықты
бойына толық сiңiрген ұлттық ойын типтерiндегi мәдени құндылықтарды
айқындау;
– қазақ философиясындағы ұлттық ойын өрiсiнiң ерекшелiктерiн зерттеу
арқылы бұл формаларға тән дидактикалық-этикалық ұғымдарды пайдалану;
– ұлттық ойындарды мәдени құндылық деп түсiнген ақын-жыраулар,
саяхатшылар мен ғалымдар шығармашылығына мәтiндiк талдау беру және оның
мәдениеттанулық мәнiсiн ашу;
– қазақ мәдениетiндегi ұлттық ойындарды бүгiнгi күннiң шешiлмеген
мәдениеттiлiк мәселелерiне қатысты зерделеу.
І ТАРАУ. ОЙЫН-САУЫҚ ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘДЕНИ КӨРІНІСТЕРІ
1.1 Ойын-сауық категориясына мәдениет танымдық талдау
Ұлттық ойындар жөнiнде сөз қозғамас бұрын алдымен жалпы Ойын дегенiмiз
не? деген сұраққа жауап iздеп және оны зерттеп, ол жайында пiкiр айтып,
тұжырым жасаған ғалымдар мен ойшылдардың еңбектерiне тоқталғанды жөн көрiп
отырмыз. Өйткенi, кез келген нәрсенiң шығу тегi мен қалыптасу жолдары
болатыны тарихтан белгiлi. Сол сияқты ойын тарихының да өзiндiк құпиялары
жетерлiк. Ойлап қарасақ, ойын деген сөз айтуға оңай болғанымен оның түп
мағынасы өте күрделi, әрi сан қырлы ұғым. Ойын – бұл тек көңiл көтеру де,
ләззаттану да, ересек өмiрге жаттығу да, бәс тiгудегi құмарлану да, тылсым
шабыт та емес. Ол – адамның болмыстық стратегиясы, яғни әмбебап құбылысқа
жатады және адамдық қарым-қатынастарды мүмкiн етедi [6, 473 б.]. Сондықтан
оны нақты ережемен түсiндiру мүмкiн емес. Бұны ұғу үшiн философия,
әлеуметтану, мәдениеттану, жантану, педагогика, математика, информатика
ғылымдарына жүгiнуге тура келедi. Егер, мысалы, психология мен физиология
жануарлар, балалар, ересектер ойындар салыстыра отырып, оларға
феноменологиялық түсiндiрме берсе [7, 3 б.], онда математикалық ойын
теориясы конфликтер теориясы негiзiнде таңдау стратегиясына үлкен көңiл
бөледi [8, 12 б.]. Ойын жайындағы еңбектердi қарастыру барысында бұған
деген ойшылдар көзқарасының өзi сан алуан болғанын, ойынның әрi түрлi
аспектiлерде қарастырылғанын байқаймыз [9, 205 б.]. Соның
нәтижесiнде ойын мәселесiнiң теориялық сипатта шешiмiнiң көптүрлiлiгiн
аңғарамыз. Бұл түсiнiктi де, өйткенi жалғыз рационалдық парадигма мен
тәндiк бастауларды елемеуге сүйенген классикалық философияда ойын феноменi
ғылыми талдаудың объектісi бола алмады. Ең бастысы — ойын онтологиясына
классикалық ғылым мен философия назар аудармады. Бұл тек классикалық емес
философияда жүзеге асты. Осы жөнiнде елiмiзде жарияланған мәдени-
философиялық сөздiкте мынадай түсiндiрме берiледi:
Ойын, ойын теориясы – дәлел-дәйегi нәтижесiнде емес, процестiң өзiнде
болатын, қимыл-әрекет түрi. Оның мәдениет пен оның жекелеген формаларының
пайда болуы және жұмыс iстеуiнiң негiзi ретiндегi теориясы ХХ ғ. Х. Ортега-
и-Гассет, Й. Хейзинга, Е. Финк, Г. Гадамер және басқа мәдениеттанушылардың
әртүрлi концепцияларынан пайда болды. Голланд ғалымы Й. Хейзинга ежелгiден
қазiргi кезеңге дейiнгi мәдени шығарм.-ты ойын деп қарастырады. Ол Канттан
басталып, Шиллер т.б. жалғастырған өнер генезисiн спонтанды, ешқандай да
мақсаттан тәуелсiз, мүддесi жоқ қызмет ретiнде О-нан тарата пайымдау
дәстүрiне сүйенедi. Мәдени даму барысында қоғам пайда ұғымын меңгерген
мәдениеттiң еркiн рухы жоғалып, ойын элементi екiншi қатарға жылжиды.
Ортега-и-Гассет көпшiлiк мәдениетiне негiзi — О-ға элитарлық мәдениеттi
қарсы қояды. Шығарм.-тың еркiн рухы, қиял ұшқырлығы, сырттай бақылаушылық
шын өнердiң О. өлшемдерiне үндес сипаттады. Финк мәдениеттiң пайда болуын О-
мен байланыстырылады, себебi О. болмаса адам баласы өсiмдiк тектес болар
едi. Адам үшiн О. бәрiн де қамтитындықтан О. адамды табиғаттан жоғары
дәрежеге көтередi де, мәдениет феноменi пайда болады. Гадамер тарих пен
мәдениеттi тiл стихиясындағы ерекше О. ретiнде талдады: бұл ретте адам өзi
қиялынан тудыратын рөлден гөрi басқаша рөлде болады [10, 320 б.].
Ойын тақырыбына бет бұру болмыс стратегиясының өзiн басқаша өзгертедi.
Егер классикалық философия бiлiмiнiң негiзiн мәндiлiк, абсолют, құдай және
т.б. ретiнде түсiндiрiлетiн нәрселерден iздесе, ал жаңа стратегия бұл
мәселелердi коммуникацияға, осындағы және қазiргi сұхбатқа, агонға,
ойынға қарай көшiредi. Постмодернистер өзiнiң күнделiктi тiршiлiгiне сай,
еркiн ойлы, өзiмен және өзгелермен сұхбаттасатын индивид ретiндегi
маргиналдық құрылымға үлкен мән бередi. Оның болмысы еркiн анықталатын
коммуникация болып табылады, онда жалғыздық жағдайында менге қатысты
өзiндiк әрекет, ал өзгеге қатысты осында және қазiр iске асырылады.
Бұл коммуникация, ойша iске асырылатын iшкi өзiндiк әрекет өз iшiндегi
таусылмас сұхбат, өзiңнен тыс өзгелермен сұхбат [11, 356 б.]. Сұхбатта,
коммуникацияда қатаң ғылыми, легитимдi бекiтiлген гиосеологиялық тұрғыда
Ақиқаттың ашылуы маңызды емес, ал Мен және өзгенiң қатар болмысындағы
әртүрлi жорамалдарды тыңдау маңызды.
ХХ ғасырда ғылымда ашылған ядроның ыдырауы, салыстырмалы теорияның пайда
болуы және психоанализдiң дамуы мәдениетке зор ықпал еттi. Адамның
шығармашылық ойы осы жаңалықтардың арқасында ойлау мен қиялдың жаңа
деңгейiне көтерiле алды. ХХ ғасырдың мәдениетiндегi адамның бейсаналық
жағына деген қызығушылық адам болмысында ұмыт болған формаларды қайтадан
ойнатуға алып келдi. ХХ мәдениетiнiң ұраны күмәндану, күмәндану және
күмәндану деп айтсақ қателеспейтiн шығармыз. Бұл жүзжылдықта мәдениет ойын
сияқты алдын болжауға болмайтындай жағдайда түстi. ХХ ғасыр адамы нақтылы
шындықтан қашып, тiптi одан безiп кеткiсi келдi. Бұл жағдайда нақтылы
шындықтан қашу жолын мәдениет ойыннан iздедi. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың басындағы халық санының күрт өсуi, қалалардың рөлiнiң артуы
“бұқаралық мәдениет деген феномендi тудырды. Аталмыш өзгерiстер
мәдениеттiң бұқаралық түрiне деген сұранысты өсiрiп жiбердi. Қала
жағдайында мәдениет ойын-сауыққа, көңiл көтеруге негiзделе бастады.
Бұқаралық деген ұғым айналымға элитарлы деген ұғымға қарама-қарсылық
ретiнде ХVIII ғасырдың аяғында енгiзiлген болатын. Бұл ұғымды енгiзудегi
басты мақсат аристократтық мәдениет пен халық мәдениетi арасындағы
айырмашылықты көрсету, олардың орнын анықтау едi. ХХ ғасырда орын алған
дүниежүзiлiк тарихтағы өзгерiстердi адам және бұқара аясында түсiндiруге
деген талпынысты бiрқатар ойшылдар өз еңбектерiнде жүзеге асырды. Олардың
қатарына Х. Ортега-и-Гассеттiң Тобырлар көтерiлiсi (1930), К. Ясперстiң
Дәуiрдiң рухани жағдайы (1931), Р. Гвардинидiң Жаңа заманның ақыры
(1950) және тағы басқа еңбектердi қосуға болады. Бұқаралық мәдениеттегi
жеке адамның рөлi мен орны хақында испандық философ Х. Ортега-и-Гассет өз
пiкiрiн бiлдiрген. Оның пiкiрiнше, бұндай мәдениет жағдайында адамның өмiрi
шынайылығынан айырылып, үстiрт көрiнiске айналатындығын, сөйтiп оның өмiрi
ойынға ұқсап, ал сол ойының өзi оныкi емес, өзгенiкi болатындығын айтты
[12, 639 б.]. Бұқаралық мәдениеттiң пайда болуына, қалыптасуына негiзiнен
коммуникациялық құралдар әсер еттi. Коммуникациялық құралдардың дүниеге
келуi бұқаралық мәдениеттiң дамуына үлкен үлес қосты. Кинематографтың,
радионың, теледидардың пайда болуы көпшiлiк адамның өнерге, әдебиетке
қатысты болуына мүмкiндiк туғызды. Бұл орайда, ғылымға экрандық мәдениет
деген ұғым енгiзiлдi. Бұқаралық мәдениеттi зерттеушi ғалым Э. Шилздiң
пiкiрiнше, мұндай мәдениет түрiнде адам өзiнiң өмiрiнен, ондағы
сәтсiздiктерден, уайым мен қайғысынан бiр сәт демалуға, оны ұмытуға
мүмкiндiк алады [13, 399 б.]. Бұқаралық мәдениет мұнда ойын сияқты адамға
шынайы өмiрде жоқ шаттық пен бақытқа, арман мен қиялға қол жеткiзгендей
елес бередi. Бұқаралық мәдениет адамның стереотиптерiне, оның қойнауында
жатқан архаикалық белгiлерiне негiзделедi.
Бұқаралық мәдениеттiң құбылысы болып табылатын кинематографта махаббат
пен детективтiк тақырыптар белсендi түрде пайдаланды. Мұндай
кинотуындылардың құрылымы мен құрылысы адамға қанша таныс болғанымен, бiрақ
адам ондағы сюжеттен, композициядан ылғи да ләззат алып, қуаныш табады.
Оның себебi, Б.Ұ. Нұржанов атап өткендей, бұл кинолардың адамды өз өмiрiн
ұмыттыруға, өзге өмiрдi ойнауға шақыруында жатыр [14, 128 б. ].
Көрермендер, әсiресе жас көрермендер, бұл киноларды көргеннен кейiн санасыз
түрде фильмдегi кейiпкерлердiң рөлiн өз өмiрлерiнде ойнауға тырысады.
Бұқаралық мәдениет адам арманындағы бояуы қанық, жарқын өмiрге деген
қажеттiлiктен туғанының белгiсi. Коммуникациялық құралдардың дамуы адам
өмiрiнде ойындық факторды күшейтпесе, азайтқан жоқ. Бұл ғасырда өзге
мәдениеттi түсiну ойынның көмегiмен жүрдi.
Сондай-ақ ХХ ғасыр мәдениетi, өнерi, философиясы модернизм мен
постмодернизм шеңберiнде дамыды. Бұл екi бағытты бiр-бiрiмен үйлесiмдi
қатынаста болды деп айту қателiк болар. Модернизм деп жалпылап айтсақ, ХХ
ғасырдың басынан екiншi дүниежүзiлiк соғысқа дейiн созылған ағымдардың
жиынтығын айтамыз. Ал постмодернизм бағыты екiншi дүниежүзiлiк соғыстан
кейiн пайда болды [10, 320 б.]. Модернизм мен постмодернизмнiң iшкi мәндерi
бөлек. Зерттеулерде ол екеуiн бiр-бiрiне қарама-қарсы қою орын алды.
Постмодернизм бағыты модернизм бағытымен салыстырғанда ойындық сипатқа толы
деп айтсақ қателеспеймiз, сондықтанда постмодернизм бағытына толығырақ
тоқтала кетейiк. Постмодернизм философиясының негiзгi өкiлдерi Ж. Делез, Ж.
Деррида, Р. Барт және тағы басқалары болды. Бiрақ олар өздерiн
постструктуралистер, постфрейдистер деп атағанды жөн көредi [10, 320 б.].
Постмодернизм жаңа әлемдi құруға ұмтылмайды, керiсiнше, сол әлемдегi
неврозды, ауру күйлердi қайталай беруге ден қойды. Постмодернизмнiң жеткiзу
формалары үзiк, бөлек, бөлшек, ойындық сипатта. Постмодернизм бұл ойынға,
өз-өзiн терiстеуге толы құбылыс, ол өлi маскалардың ойыны. Постмодернизм
шығармаларындағы кейiпкерлердiң бәрi оңай басқарылады, бейне бiр олардың
жаны жоқ сияқты. Постмодернизмнiң (постструктурализмнiң) еркiн ойынға
қарай жасаған мұндай эволюциясы ең алдымен талдауларды ашық, серпiндi
қылуды көздейдi, соның арқасында интуицияның, бейсананың, қиялдың мәнiн
ашуға мүмкiн болды. Постмодернизмде бәрi дәйексөзге көшкен, бұл өз мазмұны
жоқ дәуiрдiң белгiсi. Мазмұны жоқ дәуiр дәйексөздi бiрден-бiр амал, құрал
деп түсiнедi. Постмодернизмде болашақ жайында арман жоқ, ол болашаққа деген
сенiммен қош айтысқан постмодернистердiң пiкiрiнше, болашақ жоқ, ол
ақпараттық және постиндустриальдық қоғамда жүзеге асты, олай болса, болашақ
жайлы ендiгi ойлар өз негiзiнен, өз мәнiнен айырылып қалды дейдi.
Постмодернизм элитарлы мәдениет пен бұқаралық мәдениет арасындағы
айырмашылықтың жоғалуын өзiнiң басты жетiстiгi ретiнде есептейдi. Мысалы,
постмодернизм Бетховен мен Битлз музыкаларын тең жағдайға қояды.
Постмодернизмде сын, басқаны сынау деген жоқ, ал оның орнына мысқылды
қолданады. Мысқыл бұл басқа нәрсенi сынау емес, оның табиғаты өзгеше.
Сынаушы адам әрдайым сыналушы жақтың әсерiнде қалып қою мүмкiн. Ал мысқыл
бұл екеуiнiң арамында алшақтықты сақтауға мүмкiндiк бередi. Мысқыл өз
мәнiнде шынайы ойын болып табылады [15, 465 б.].
Күнделiктi ойын аурасына, тiршiлiк аурасына бет беру болмыстың
постмодернистiк стратегиясына тән сипат болып табылады. Тiршiлiктiң нағыз
аурасы, Ж. Дерриданың пiкiрiнше, сұхбат, ал философияның нағыз болу саласы
абсолюттiк ақиқат туралы бiлiмнiң легитимдiлiгi емес, мәтiндердiң,
жорамалдардың түсiндiрулерi (интерпретация). Әрбiр мәтiн (соның iшiнде –
ойын ережелерi) әртүрлi түсiндiрiлуi мүмкiн, мәтiндi түсiндiрудiң мiндетi
оның мәнiн ашу емес, кеңейтуде. Мұндай жағдайда түсiндiру процедурасының
өзi таусылмас шексiз болуы мүмкiн, ал өзге баламалардың барлығын терiске
шығарып, бiр ғана концептпен шектелуге ұмтылудың мән-мағынасы жоқ. Демек,
болмыстың классикалық стратегиясының категориясында жұмыс iстеудiң
қажеттiлiгi жоқ. Постмодернистiк стратегияның мiндетi презентивтiлiк
белгiсi бар күнделiктi тiршiлiк тақырыбымен жұмыс iстеу болып табылады. Бұл
тақырыпты сипаттау үшiн мәндiлiк, негiздiлiк, себеп, объективтiлiк,
логицизм және объективизм принциптерiн қолданудың қажеттiлiгi жоқ. Бұл
онтология үшiн гетеорогендiлiк, плюорализм, көрiнiстiң әртүрлi ракурстары,
белгiсiздiк, ойын, оқиғалар мен процестердi линиялық емес түрде сипаттау
пайдаланылады, ал жеткiзудiң негiзгi тәсiлi рационалды емес сөз ағымы болып
табылады [2, 172-174 бб.]. Болмыстың постмодернистiк стратегиясында
түсiндiрушi концепт ретiнде ешқандай центризм болмағандықтан
коммуникацияның, сұхбаттың, мәтiннiң қайнар көзiн белгiлеудiң де
қажеттiлiгi жоқ. Мұндай бастауды орнату мүмкiн емес, өйткенi ол белгiсiз
өткен уақыттың, белгiсiз оқиғаның арасына сiңiп кетедi.
Постмодерндiк ғылымда релятивистiк көзқарастар өркен жайған қазiргi
жағдайда болмыстың мүмкiн болатын стратегиясы абсолюттiк үмiтсiздiктен
модернистер ұсынған центризмнiң жаңа жорамалын негiздеу жолы арқылы емес,
Ж. Делез бен Ф. Гваттари айтқандай, әлемдi хаос ретiнде мойындауға
негiзделген идея арқылы жүзеге асады. “Хаос түрiндегi ойындық әлемдi айғақ
ретiнде қабылдау – мiне, осы болмыстың жаңа стратегиясының принципi. Ж.
Делез бен Ф. Гваттаридiң пiкiрiнше, болмыстың бұрынғы барлық логоцентристiк
жорамалдары болмыстың тұрақтылығы, берiктiлiгi туралы көзқарастан
туындаған. Классикалық философияда болмыс туралы мұндай көзқарасты
бекiтудiң тәсiлi ретiнде ұғымдар қолданылды. Болмыстың классикалық
жорамалындағы барлық ұғымдар хаосты терiске шығару позициясын ұстанады, ал
ой сөздiк-дыбыстық қалыпқа ене отырып, үнемi ұғымдармен өлшенуi тиiс.
Мұндай позиция нәтижесiнде алдын-ала таңдалған түп негiздi негiздеу жолымен
болмыстың тұрақтылығы туралы көзқарасты бекiттi. Ж. Делез бен Ф.
Гваттаридiң ойынша, болмыс стратегиясындағы ең басты нәрсе ойдың үнемi
қозғалысын мойындау, оның територияландырылуы мен орталақтандырылуына жол
бермеу [16, 94-97 бб.].
Ойын туралы алғашқы философиялық концепциялар Ежелгi Грекияда қалыптаса
бастады. Онда ойын адамның материалдық қажеттiлiктерiн өтеуге бағытталған
утилитарлық әрекетке жатпайды, оның нысанасы көңiл күй көтерiңкiлiгi болып
табылады делiндi. Платон ойыннан көңiл көтерушiлiкпен бiрге оқыту тәсiлiн
де байқап, оны екi бағытқа бөлiп көрсетедi: бiрi —гимнастикалық шеберлiк,
яғни, дененi толық жетiлдiру болса, екiншiсi —мусикалық шеберлiк, жанның
дамуы. Гимнастикалық шеберлiктiң өзiн ол билеу және күрес деп екiге бөледi.
Философтың айтуынша, билеу — айбындылық пен игiлiктi сақтап денеге
денсаулық, жылдамдық және сұлулық бередi. Ал күрестi талқылау барысында ол
бәсекелестiк көңiл көтерушiлiкке айналмауы тиiс. Себебi онда қорқыныштың
бейнесi бар дей отырып, рухтың кiмде бар, кiмде жоқ екендiгi осы жағдайда
көрiнедi дейдi. Осы айтқандарымен қатар ол бүкiл ел азаматтарының бiр-
бiрiмен сайысқа түсуi керектiгiн яғни, тас лақтыру мен садақ ату, ән-күй,
жаяу және ат жарыстарын ұйымдастыруды ұсынады.
Платон ойынның жарыс аспектiсiн ғана емес, мемлекеттiк заңдарға да әсер
ететiнiн көредi. Оның ойынша егер де адамдар қалыптасқан ойындарды ойнап,
қалыптасқан ережелермен жүрсе, олардан рахат алса онда мемлекеттiң заңдары
да мүлтiксiз орындалады. Ал егер жастар бұған көнбей, ойын қалпын
өзгерткiсi келiп жаңа қызықтар iздесе — мемлекетке одан қатерлi нәрсе жоқ.
Ғұлама пiкiрлерiнiң түйiнi бойынша өзiн-өзi жетiлдiрудiң мусикалық
тәрбиеден басқа жақсы жолы жоқ. Ән-күй жолы құдайлар көрсеткен ең жақсы
ойын жолы деген ойшыл ойынға: “бүкiл әлем, жаратылыс ойын тәрiздi
ұйымдастырылып басқарыладың -деп жалпы ұғым бередi [17, 282-283 бб.].
Антикалық ойшылдар ойынды адам мен космос арасындағы гармониялық
үндестiк идеясы ретiнде қарастырса, Платон: өмiрдiң жалғыз дұрыс жолы —
ойынды, би билеудi құдайдың берген сыйы деп бағалайды. Осыдан барып адамға
мейрам не үшiн қажет деген сұрақ туындайды. Платон мейрамның адамның
қоғамдық өмiрiндегi әлеуметтiк маңызын көрсетедi. Расында да Апполонға,
Дионис пен Музаға бағынышты ойындардың табиғи мусикалық формасы осы
мерекелердiң негiзiнде жатыр. Ойындар мейрамды қызықты көрiнiс пен рухани
энергияның туындауына, адам көңiл-күйiнiң көтерiлуiне бағыттайды.
Ал Аристотель болса өзiнiң Никомах этикасы атты еңбегiнде ойын
аспектiсiн: Бақыт дегенiмiз, ойын-сауықпен көңiл көтеру емес. Мақсат көңiл
көтеру болса да, адам өмiр бақи жұмыс iстеп бүкiл қиыншылықтарды көңiл
көтеруге жету үшiн жеңу керек[18, 280 б.]. деп түсiндiредi. Ойын ол үшiн
психофизиологиялық катарсис, рухани және физиологиялық күштiң қалыптасу
құралы болып табылады. Немiстiң ұлы ғалымы И. Кант рухтың физикалық
мәдениетiн қарастыра отырып, ойын элементiндегi жан мәдениетiнiң
қалыптасуына айрықша көңiл бөледi. Ойшыл оны рухтың физикалық мәдениетi,
яғни, еркiн ойын және жұмыс деп екi формаға бөлiп көрсетедi. И. Кант
еркiн ойын түсiнiгiн эстетикаға алғаш кiргiзгендердiң бiрi [19, 564 б.].
Ойын мәселесi әр кезеңде әртүрлi қарастырылумен қатар оның
ерекшелiктерiне аса мән берiлiп қарама-қайшы пiкiрлер де айтылған. Мысалы,
американ психологi Г.С. Холл: “Ойынды адамзаттың қажетсiз iскерлiгi,
қажетсiз дүние, адам денесiндегi қажетсiз мүше секiлдiң деуiмен бiрге оны
детерминация жағынан қарастырып мынадай тұжырым жасаған: Жас сәби өскенге
дейiнгi стадиясымен (стадия жануар) жабайы, көшпендi, аңшылық, жер өңдеушi,
яғни, адамзат дамуының негiзгi дәуiрлерiн қайталайды. Бүгiнгi өркениеттi
баланың өзiнде де бүкiл адамзаттың өткен сатысы ойын элементтерi арқылы
көрсетiледi. Олардың ойындарынан кейбiр үндi тайпаларының тұрмыс-
тiршiлiгiнiң кейбiр кезеңдерiн көруге болады деген [20, 144 б.].
Г. Холлдың пiкiрiне сүйенсек, ойынның бүтiндей түп негiзi өткенге
көз тастау болып шығады. Қазiргi кездегi саналы адамдардың өзiнде алғашқы
кезеңдегi инстинктер бар. Бұлар өркениет өмiрiне қарама-қайшы және бүгiнгi
адам өмiрiне кедергi келтiредi. Ежелгi әдет-ғұрыптар мен алғашқы инстинктер
еркiн көрсетiлсе, онда олар бiртiндеп әлсiреп, қазiргi мәдениет пен қоғамға
зиян келтiрмейдi. Егер био-инстинк бөлiгi алып тасталған жағдайда бүгiнгi
мәдени даму кезеңiне көңiл аударылады. Одан ойынның тарихи тамырын көруге
болады дегенге кеп тiреледi [20, 88 б.].
Ойын жайлы бұлармен қатар Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, Хосе Ортега-и-
Гассет, Э.Т. Эриксон, А.А. Ивин, т.б. көптеген ғұламалар қарастырған. Ол
туралы ережелер мен сценарийлер ондаған, жүздеген жылдар бойы қалыптасып
қолданылған. Оны қалыптастыруға, бiрiне-бiрi ауыстыруға бiрнеше ұрпақ
қатысқан.
Осындай еңбектердiң iшiндегi бiздi ерекше қызықтырып, көңiлiмiздi
аударғаны — нидерланд ғалымы, тарихшы-философ Йохан Хейзинганың
концепциялары. Оның Орта ғасырдың күзi, Ойын ойнайтын адам
тақырыбындағы шығармалары мәдениет тарихына үңiлдiредi. ХХ ғасырдың 30-
жылдарында ол мәдениеттi түсiндiруде ойын концепциясын тұңғыш ұсынды.
Мәдениеттiң архаизмдiк қоғамнан бүгiнгi батыстық қоғамға дейiнгi әртүрлi
формасының ойындық жағын өңдей отырып Й. Хейзинга ойынның адамзат дамуында
мәдениет факторы болғанын анықтайды. Сонымен бiрге ол адам қоғамы пайда
болуы кезеңiндегi ойын формаларын талдап, оларға тән қуаныш пен әдемiлiктi
белгiлейдi дей отырып: Адам денесiндегi сұлулық қозғалысы ойында көрiнедi.
Жоғары дамыған ойын формаларында ритм мен үндесушiлiк бар дейдi [14, 18
б.].
Ойын - мағынаға толы функция. Ойын өмiрге өзiндiк бiр рең, сипат берiп
тұрады, өмiрдегi әрекеттерге мән-мағына бередi. Әрбiр ойын бiр нәрсенi бiр
мағынаны бiлдiредi. Ойынды рух деп атау дұрыс емес болар, ал оны белгiлi
бiр мақсатқа (жеңiске, табысқа) бағындырылғанын, соған бағытталған деп
түсiну қажет шығар. Ол даналық пен ақымақтық дизъюнкциясынан тыс дейдi Й.
Хейзинга, Өткен күндер көлеңкесiнде деген еңбегiнде. [24, 173 б.] Ойынды
нақтылы бiр рационалды әдiс, тәсiлдермен түсiндiруге болмайды, себебi ондай
әдiс, тәсiлдер ойын құбылысын тек қана ақыл-парасаттың шеңберiнде ғана
қарастыра алады. Ал шындығында ойын табиғатын рационалды жолмен түсiндiру
мүмкiн емес, өйткенi ойын адам мәнiнiң тереңiнде, тұңғиығында жатыр. Ойын
ақыл-парасаттық сипатта болмайды, ол адам болмысының иррационалды қабатымен
де байланысты. Ойын элементiн мәдениеттен iздесек, онда мәдениет
құбылысының ойындық сипаттарға толы екенiне бiздiң көзiмiз жетедi.
Мәдениеттегi ойын элементi алдын ала белгiленген мөлшерде көрiнедi. “Ойын
мәдениеттен бұрын қалыптасқанымен, бiрақ та ойын мәдениеттiң даму
кезеңдерiнiң барлығында дерлiк кездеседi, оларға нәр берiп тұрады. Адам
күнделiктi тұрмысында, тiршiлiгiде ойынмен кездеседi. Ойын нақтылы өмiрден,
күйбең тiршiлiктен дараланып, өзгешеленiп тұрады, ойын олардан асқақ,
биiкте тұрады. Ойын iс-әрекеттiк форма ретiнде көрiнiс бередi, сол iс-
әрекет формасы нақтылы бiр мағынаға ие болып, әлеуметтiк функция ретiнде
белгiнедi, - дейдi Й. Хейзинга [1, 27 б.]
Ойынды күлкiге ұқсату, онымен салыстыру дұрыс емес болар. Күлкi ол
шаттық, қуанышпен байланысты. Ойын күлкi де, шаттық та емес, оның табиғаты
өзгеше. Ойын ең алдымен еркiндiкке, бостандыққа негiзделедi. Ойын шын
мәнiндегi еркiндiктiң өзi болып табылады. Ойын күнделiктi өмiрмен салыстыру
қате болар, ойын одан басқаша, одан бөлек. Ойын шектiлiк, тұйық сипатқа ие.
Ойын кеңiстiктiң белгiлi бiр нүктесiнде және алдын ала нақтыланған уақыттың
аясында ғана жүзеге аса алады. Ойынның ағымы мен мағынасы оның өзiнiң iшкi
табиғатында. Ойынның басты сипаты оның ойналатындығында, яғни белгiлi бiр
уақытта басталып, келiсiлген уақыттан соң тәмәмдалады. Ойын ойналғаннан
кейiн сол бойда мәдени форма ретiнде бекiтiледi. Ойын бiр рет ойналып,
рухани құндылық ретiнде есте қалып, кез-келген уақытта қайта ойнала алады
[24, 283 б.]. Қайталанушылық ойынның маңызды қасиеттерiнiң бiрi. Ойынды
әзiл-қалжыңмен де салыстыру негiзсiз болар, себебi әзiл-қалжың ылғи да
аңғалдықпен, ақымақтықпен байланысты. Сонымен бiрге, ойынды даналықпен,
парасатпен салыстыру, олардың ойынмен ұқсас белгiлерiн iздеудiң еш нәтиже
бермейтiндiгi ешкiмдi таңғалдыра қоймас. Ойын күнделiктi өмiрден орны мен
ұзақтығынын арқасында дараланады, өзгешеленiп тұрады.
Й. Хейзинга бойынша, ойынның ойналатын белгiлi бiр орны бар. Әрбiр
ойын күнi бұрын белгiленген кеңiстiктегi нүктеде өтедi. Сол кеңiстiктегi
орын алдын ала дайындалуы немесе ойдан шығарылуы мүмкiн. Арена, ойын
үстелi, сиқырлы шеңбер, сахна, ғибадатхана, киноэкран, сот залы осылардың
бәрi форма мен функциясы бойынша ойынның кеңiстiкте ойналатын орны болып
табылады. Аталмыш орындар таңдалған, бөлiнiп алынған, дараланған,
шектелген, аластатылған территориялар ретiнде есептеледi [1, 28 б.]. Бұл
бiздiң дүниемiздiң iшiндегi ерекше ережесi, тәртiбi бар уақытша әлем
ретiнде сипатталады. Ойын кеңiстiгiнiң iшiнде тек қана ойынға ғана тән
тәртiп бар. Ойын тәртiптi орнатып қана қоймайды, ал сол тәртiпке ойынның
өзi негiзделедi. Осы аласапыранға толы, жетiлмеген адамдар дүниесiнде ойын
уақытша тәртiптi орнатады. Ойын тәртiбi қасиеттi. Ойын тәртiбiнен болмашы
ғана ауытқу оған кедергi келтiрiп, ойынның өзiндiк құндылығына қол
сұққандай болады [1, 29 б.]. Ойынның iшкi табиғаты тәртiп идеясымен терең
байланысқан, олар бiр-бiрiмен үндесiп жатыр. Мұндай байланыс бiзге ойынды
эстетиканың аумағында қарастыруға мүмкiндiк бередi. Ойын элементтерiн
белгiлеудегi ұғымдарды бiз эстетикадан аламыз. Ойын адамды бiр мезетте
тұтқынында ұстап, оны еркiндiкке жiбередi. Ойын адамды өзiне баурап алады.
Ойынның басты екi қасиетi бар, ол ырғақ пен үйлесiм. Осындай пiкiрдi Ортега-
и-Гассет те қолдайды: Ойынның бiр ерекше белгiсi адамды ынта-жiгерде
ұстайды. Ойынның мұндай белгiсi адам бойында сенiмсiздiк пен үмiттi
тудырады. Бұл белгi жалғыз немесе дара ойналатын ойындарға тән. Ал спорттық
жарыстарда ол шырқау шегiне жетедi [25, 230-263 бб.].
Әрбiр ойынның өз ережелерi бар. Сол ережелер уақытша сипаттағы ойын
әлемiнде тәртiптi анықтайды. Ойын ережелерiне күмәнданудың өзi сырт көзге
оғаш көрiнедi. Егер де ойыншылар ойын ережесiн ұстанудан бас тартса, сол
бойда ойын әлемi күйрейдi. Ойын ережесiн ойыншылардың бiреуi бұзып, басым
түсуге тырысса, онда оны жеңiс деп есептемейдi. Төрешiнiң ысқырығы бiздi
ойын әлемiнен жұлып алғандай әсер қалдырады. Төрешiнiң бiр ғана ысқырығы
ойын әлемiнiң тағдырын шешiп бередi, - дейдi Й. Хейзинга [1, 30 б.]. Ойын
функция ретiндегi өзiнiң жоғарғы мәнiнде екi аспектiде көрiнедi. Ойын - бұл
бiр нәрсе үшiн күрес және сол күрескен нәрсеңдi басқаларға көрсете алу. Бұл
екi аспектi көп жағдайда бiрiгiп кетедi. Ойын үшiн кеңiстiктiң маңызын
алдында атап өттiк. Мұндай талап магияда, табынуда, сот iсiн жүргiзуде де
қойылады. Мұнда кеңiстiк пен уақыт мағынасынан да терең мән жатыр. Әрбiр
салт, рәсiм, құпия ордендерге қабылдау, сиқырлау ең алдымен кеңiстiктегi
орынды анықтаудан басталады. Ал ондай болса, сол қасиеттi орындардың
стадионнан, тенис кортынан, ипподромнан қандай айырмашылығы бар. Мұнан бiз
ойынның салт-жоралғылармен ұқсастығын байқаймыз. Бiз осындай ұқсастықты
қабылдай отырып, салт-жоралғылардың негiзiнде ойын кеңiстiгi жатқанымен
келiсемiз.
Ар-ұждандағы дақты бiр заманда тек қана дуэльмен ғана жуып-шаюға болатын
едi. Дуэль - өз мәнiнде ритуальды ойын формасы. Дуэльде ойындағыдай белгiлi
бiр ережелер бекiтiлген, онда қарудың түрi, уақыт, қашықтық алдын ала
көрсетiлiп, дуэль соған сай жүргiзiледi. Орыс әдебиетiнiң көрнектi өкiлдерi
А. Пушкин мен М. Лермонтов өз өмiрлерiн дуэль жекпе-жегiнде аяқтаған
болатын дейдi. А. Пушкин, М. Лермонтовтан бұрын қайтыс болғаны белгiлi.
Сондай-ақ бiзге М. Лермонтовтың А. Пушкиндi пiр тұтқаны да белгiлi. Сонда
М. Лермонтвтың А. Пушкин сияқты дуэльден қайтыс болуын сол замандағы серi
жiгiттердiң өзара қатынастарды реттеудiң бiр көрiнiсi ретiнде түсiндiруге
де болады. Бiрақ, менiңше, мұнда бiр ескерер жайт бар, ол М. Лермонтовтың
А. Пушкинге көзсiз елiктеуi, оны пiр тұтуы. Осы көзсiз елiктеу, оны пiр
тұту, оған ұқсас болу М. Лермонтовтың өз өмiрiнде А. Пушкиннiң тағдырын
санасыз түрде қайта ойнауға алып келдi. Пiр тұтқан ұлы тұлғаның өмiрiн адам
өз өмiрiнде қайталау, яғни оның өмiрiн қайта ойнау еш нәтиже бермейтiнi
анық.
Саясат та ойынмен тығыз байланысты. Саясатта ойын элементiнiң айқын
көрiнетiн кезi сайлау науқаны десек қателеспеймiз. Үмiткерлер сайлаушылар
алдында өз қабiлеттерiн көрсетедi. Үмiткерлердiң алдында бiр мақсат қана
бар, ол жеңiске жету. Жеңiстiң сыйлығы ретiнде бұл жағдайда қызмет, шен-
шекпен ұсынылады. Мысалы, ол әр түрлi деңгейдегi депутаттық қызмет,
мемлекет президентiнiң тағы болуы мүмкiн. Сайлау саяси өмiрдiң құбылысы
ретiнде ойын сияқты белгiлi бiр ережелерге бағынады. Үмiткерлердiң
өмiрбаянында кiнәраттың болмауы, үмiткерлердiң бiр-бiрiне сыйластығы,
сайлау науқанының заң аясында жүргiзiлуi т.б. Алайда сайлау кезiнде
ережелердiң бұзылуы орын алады, ол жала жабу, компрамат жинау т.б. түрде
кездеседi. Қос партиялы саяси жүйесi бар мемлекеттерде сайлау кезiнде
ойындық элемент айқын көрiнедi. Мысалы, ол АҚШ-тағы президент сайлауы. АҚШ-
тағы саяси өмiрде республикалық және демократиялық партиялар белсендi рөл
атқарады. Бұл партиялардың сайлау кезiндегi iс-әрекетi ойындық сипаттарға
толы. Президенттiк таққа үмiткерлердiң екеуi де осы партияның мүшелерi.
Олар сөз сайысынан жарысып, iшкi және сыртқы саясат бойынша пiкiр алмасады.
үмiткерлер әр түрлi шоу-думандарға қатысып, өздерiн жақсы жақтан көрсетуге
тырысады. Бүкiл ел сайлау марафонына қатысады. Әдетте саяси жағынан енжар
американ халқы өздерiнiң саяси белсендiлiгiн көрсетедi. Мемлекет саяси
ойынның құшағына енiп кетедi. Бұл ойынның жеңiмпазы сайлау күнiнде
анықталып, төрелiктi дауыс беру арқылы сайлаушылар айтады. Сайлаудан кейiн
ел өмiрi қалыпқа түсiп, әдеттегi ырғағына енедi. Саясат ойын элементерiне
толы. Саясаттағы ойындық элемент маусымдық науқандарда айқын көрiнiс
бередi.
Ойын - адам өмiрiнiң құралы. Ойнаушы Адам нақтылы заттық дүниеден
рәмiздiк әлемге ауысып кетедi. Бұл сипатта бүкiл таңбаларды ойын деп
қарастыруға болады. Бала ойнағанда үлкендер әлемiнiң моделiн қайталап оны
таңбалар арқылы меңгергiсi келедi. Ойында дүние реальды және шартты болып
екiге бөлiнедi. Тән мен рух жарысында ұту адамда жоғары ләззат сезiмдерiн
туғызады. Ойын мәдениетi адамның өз тәнi мен рухының жетiлгендiгiнен ләззат
алуымен шектелмейдi. Қазiргi мәдениеттануда ойын спорт пен өнердi ғана
қамтымайтын әмбебапты адамдық болмыс ретiнде қарастырылады.
Немiс жазушысы Герман Гессе ойын тақырыбына арнап Бисерде ойнау деген
роман жазды оның шығармасын тек әдебиет тұрғысынан қарастыру қателiк болар,
себебi жазушының романында үлкен философиялық мән жатыр. Ол өз романында
руханилық пен артистизмнiң, ғылым мен өнердiң бiрлiгiн көрсетуге тырысады.
Романдағы басты кейiпкер Иозеф Кнехт бисерде ойнауда шебер атанып, ойын
магистры деген атаққа ие болады. Кейiннен кейiпкердiң осы ойынның қоғамда
атқаратын рөлiне күмәнi пайда болады, себебi бұл ойын рухани өмiрдiң шыңы
деп есептелген болатын. Аздаған керi шегiнiс жасап Г. Гессенiң бұл романды
жазуға түрткi болған нәрселерге тоқтала кетейiк. Жазушы Бисерде ойнау
атты романын 1930-1942 жылдар аралығында жазды. бұл шығармада екi негiзгi
мақсат бар. Бiрiншiсi, фашистiк режимге қарсылық бiлдiру болса, екiншiсi,
оқырманға жоғарғы рухани құндылықтардың ойынға айналып бара жатқандығын
көрсету болып табылады. Роман сюжетi алыс болашақты суреттейдi. Сол болашақ
замандағы адамдар қантөгiстен, соғыстан шаршап Касталия деп аталатын
педагогикалық провинцияны құрады. Касталия провинциясы ерекше Орденнiң
билiгiне бағындырылды. Педагогикалық провинцияның мақсаты адамзаттық даму
тарихында қалыптасқан рухани құндылықтарды сақтау, сол құндылықтарды
уағыздайтын әлемнiң тiкпiр-түкпiрiне баратын ұстаздарды дайындау болып
табылады. Касталия деген руханилыққа негiзделетiн мемлекетте бисерде ойнау
жоғарғы рухани iс-қрекет ретiнде бағаланады. Бисер бұл музыкалық аспапқа
өте ұқсас, ол жақтаудан (рама) тұрады. Оның iшiне сым тартылып, сымдарға әр
түрлi көлемдегi бисериндер кигiзiлдi. Бұл аспапта, бiр ерекшелiгi, рухани
құндылықтармен музыкалық шығарма сияқты ойнауға мүмкiн болды. Ендiгқрi
рухани құндылық ойнала бастады. Шындығында жазушы бұл идеясымен адам
өмiрiнiң, мәдениетiнiң, өнерiнiң және ғылымының ХХ ғасырда ойынға тым ұқсап
кеткенi жөнiнде айтып отыр. Г. Гессенiң романы алыс болашақ жайлы емес, ол
қазiргi замандағы адамдық ситуацияны талдайды. Жазушы ХХ ғасыр
мәдениетiндегi ойындық фактордың шектен тыс өсiп кетуiн атап өттi. Оның
пiкiрiнше, өнердiң ойынға тым ұқсап кетуi өнердiң өз мәнiнен айрылып
қалуына әкеп соқты [26, 137 б.].
Й. Хейзинга көзқарастарына қайтып келейiк. Ойынның нәтижесi объективтi
дерек ретiнде ешқандай маңызы жоқ, себебi ойынға қатысушы тараптардың
бiреуiнiң жеңуi ешкiмдi таңғалдырмайды. Ойынның нәтижесi тек қана ойыншылар
мен көрермендер үшiн маңызды. Ойындағы доптың нысанаға дәл тиюi материалды
нәтиже болмағанымен идеалды мәнге, қасиетке ие, яғни ойында жол жүрiп, не
қол жүрiп, бiр сөзбен айтқанда сәттiлiк болды деп есептеледi [1, 63 б.].
Ойын ұғымы ұту, ұтыс ұғымдарымен тығыз байланысты. Ұту бұл ойын
нәтижесiнен жоғары көрсеткiштерге жету. Ал бұл жоғарылық адамға асқақтық
елесiн бередi. Сонымен бiрге ойында ұтып алудың арқасында ойыншы атақ,
даңқ, құрметке ие болады. Бұл атақ пен құрмет жеңген топ үшiн өте маңызды.
Ойындағы ең басты мақсат пен мүдде жеңiске жету. Сол жеңiс арқылы
басқалармен салыстырғанда бiрiншi болу, олардың алдында мықтылығынды
көрсету. Триумф – бұл көпшiлiктiң алдында толық жеңiске жету, сол арқылы өз
биiктiгiндi басқаларға дәлелдеу. Адамдар ойынға ең алдымен жеңу үшiн
қатысады. Ал жеңiс адамға ләззат пен қанағат беретiнi белгiлi. Ал сол
жеңiске жетуге ынталандыру үшiн бәс тiгiледi. Бәс материалды жағынан құнды
немесе рәмiздiк болуы, тiптi ол идеалды қасиеттерге ие болуы мүмкiн. Бәс
алтын кубок, ханның қызы, ойыншының өмiрi т.б. сипатта кездеседi. Ал сыйлық
бұл рәмiздiк зат. Оны ойын кеңiстiгiнде нақтылы бiр жерге қояды. Сыйлық
материалды жағынан құнды нәрсе немесе белгiлi бiр көлемдегi ақша ұсынылады.
Ойыншылар сыйлық үшiн ойнайды және ол үшiн маңдай терiн төгiп еңбектенедi.
Ойындағы сәттiлiк, құштарлық, тәуекел элементтерi бiр қызығы экономикаға
да тән болады. Атап айтқанда бизнестегi тәуекел, кездейсоқ жағдай,
сенiмсiздiк оны ойындық әрекетке ұқсаттырады. Адамдар рулеткада және
биржада ойнайды. Бiрiншi жағдайда адамдар оның ойын екенiн бiледi, жеңiлген
жағдайда ол жеңiлiс онша ауыр сезiлмейдi, ал екiншi жағдайда адамдар оның
ойын екенiне келiспейдi, жеңiлiс мұнда өте ауыр қабылданатыны белгiлi.
Сатып алу мен сату iскерлiк өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Биржадағы ұтысты көпшiлiк кездейсоқтық деп есептейдi. Шынында да биржада
кездейсоқтық жағдайлар көптеп кездеседi [1, 66 б.].
Бақытты қазiргi шақтағы өмiрден таппаған соң оны болашақтан үмiттенiп
күтедi. Адам шындығында қазiргi шақта өмiр сүре алмайды, оның әрбiр күнi
болашақты ойлаумен өтедi. Адам қазiргi шақтағы жақсылығын болашақтағы
белгiсiздiкке құрбан етедi. Ал ойын болса, мұның бәрiнен асқақ, жоғары тұр.
Ойын болашақтағы тұманды бақытқа жетуге ұмтылмайды. Ойын қазiргi шақтағы
бақыт, оның өзi бақыт. Адам өмiр бойы бақытқа жете алмайды, ал ойында адам
бақыт құшағына енiп кетедi. Ойын мақсатсыз болған сайын адам өзiн бақытты
сезiне түседi. Ойында бiр үлкен мақсат жоқ, нағыз ойыншыға ондағы мақсаттың
бар-жоғының ешқандай да маңызы жоқ [20, 264 б.]. Педагогикада күрделi
тақырыптарды түсiндiрудiң алдында ойынды қолданатыны белгiлi. Бұл жағдайда
ойын көпiр ретiндегi қызмет атқарады.
Ойынды әрбiр адам бiледi, ойын тек адамның балалық шағында, не болмаса
оның өмiрiнiң шекаралық ситуацияларында ғана пайда болмайды. Ойын адам
өмiрiнiң басынан аяғына дейiн көрiнiс беретiн құбылыс. Адам болмысын
зерттегенде ойын таза және тұмшаланған күйде кездесiп отырады. Ойын тұрпайы
халықтар деген атауға ие болған этностармен қатар қазiргi заманның
постиндустриалды халықтарында да кездеседi. Өмiрдiң әрбiр кезеңiнде адам
ойынға бой алдырады. Мейлi ол құмда ойнап отырған бала болсын, қоғамда
әртүрлi рөлдi ойнаушы үлкен адам болсын, жалғыздықта шахмат ойнап отырған
қарт кiсi болсын олардың бәрi түрлi сипатта ойын әлемiмен жанасады. Ойын
адам жасына қарамайды. Ойынсыз адам болмаса бос, қуыс күйде болып, сүр
реңде болушы едi. Ойын өмiрлiк салаларға мағыналық мотивтердi бередi. Ойын
мүмкiндiктердi сынау ретiнде әлеуметтiк, экономикалық салаларда үлкен рөл
атқарады.
Ойын әлемi бұл ойын әрекет ететiн кеңiстiк. Бұл әлем адамдардың
қауымының iшiнде емес, ол одан бөлек және де адамдардың көңiл күйiне
тәуелдi емес. Ойын әлемiнiң кеңiстiк шекарасын тек қана ойыншылар бiледi.
Ойынға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz