Қой цитогенетикасының маңызды саласы - асыл тұқымды қойлардың хромосомаларын зерттеу
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

... ... ... ... ...
1.1 Қойдың әр түрлі тұқымдары мен популяцияларының
цитогенетикасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... . 3
1.2 Қазақстанның әр түрлі табиғи-экологиялық аймақтарында өсірілетін
қой тұқымдары мен популяцияларының салыстырмалы цитогенетикалық
сипаттамалары

... ... ... ... ... ... .. 8
1.3 Қойлардың ұрықтарының даму сатысының соңғы айларындағы іштегі
қозыларының цитогенетикасы

. 10
1.4 Тұқымдық және өсімталдық қасиеттері бұзылған және әр түрлі аурулары
бар қойлардың цитогенетикалық сипаттамалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.5 Қазақстандағы сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан қой
тұқымдарының иммуногенетикалық және цитогенетикалық ерекшеліктерін
зерттеу

1.6 Хромомосома препараттарын бояу және тұрақты препараттар дайындау
жолдары

... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Зерттеу обьектісі

... ... ... .. 16
2.2 Зерттеу әдістері

... ... ... ... 16
2.2.1 Лаборатория мен құрал - жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар ...
16
2.2.2 Жұмысқа қажетті лабораториялық құрал - жабдықтар
... ... ... ... ... ... .. 19
2.2.3 Ыдыстарды, шынылар мен т.б материалдарды жуу мен стерильдеу ... .
17
2.2.4 Клеткаларды дақылдауға және хромосомалық препараттар
дайындауға арналған қоректік орталар мен ерітінділер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2.5 Қан лимфоциттері клеткаларын дақылдау және оны хромосома
препараттарын алу үшін өңдеу

. 17
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1 Қойдың 4 тұқымының: еділбай, сарыарқа, шыңғыс, шу қойларының
зоотехникалық зерттеулері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . 19
3.2 Қойдың 4 тұқымының: еділбай, сарыарқа, шыңғыс, шу қойларының
цитогенетикалық зерттеулері

. 20
4. ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... ..
5. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Жануарлардың жоғалып бара жатқан және сирек кездесетін түрлері мен
тұқымдарының бағалы генофондын рациональды пайдалану мен сақтап қалу өте
маңызды тапсырма болып табылады. Қазіргі заманға сай жоғары өнімді,
әсіресе жүн өнімін арттыру мақсатында қой тұқымдарын алу үшін аборигенді
тұқымдар мен шетелдік тұқымдарды будандастыру негізінде жаппай жүргізілген
жұмыстар бағалы аборигенді генотиптерді жоғалтып алу қаупін тудырды.
Жергілікті аймақтың қолайсыз жағдайларына төзімді бағалы тұқымдарды сақтап
қалудың маңызы зор. Себебі олардың генофондтарын өнімділігі жоғары жаңа
бағытындағы түрді жасау және жетілдіру үшін сақтап, зерттеп және келешекте
пайдалану қазіргі басты мақсаттардың бірі. Мұндай бағалы аборигенді
тұқымдарға біз цитогенетикалық зерттеуге алған еділбай, шу, шыңғыс,
сарыарқа қой тұқымдары жатады. Бұл құйрықты тұқымдар нашар жайылымдарды
пайдалануға мүмкіндік береді, жыл бойына батыстың (еділбай), шығыстың
(шыңғыс), оңтүстіктің (шу) және орталық Қазақстанның (сарыарқа) қатаң
жағдайларында өсіруге болады. Молекулалық генетика әдістері тұқымдарды
сипаттау үшін жаңа қажеттіліктерді жасауда тұқымдарды нақты
идентификациялай алатын болса, ал белгілі бір шарттағы популяциялардың
жағдайын анықтауда папуляциядағы цитогенетикалық тұрақтылық дәрежелі
пайдаланылды. Зерттеліп жатқан жануарларда элементарлы зоотехникалық
өлшемдерін анықтауда тұқымдар сипаттамалары да біршама жеткілікті болады.
Бұл жұмыстың мақсаты 4 тұқым жануарларының цитогенетикалық тұрақтылық
деңгейін бағалау.
Мақсаты: еділбай, шыңғыс, сарыарқа, шу қой тұқымдарын
цитогенетикалық әдістің көмегімен зерттеу және олардың клеткаларындағы
хромосомалардың жалпы санын анықтау, жеке хромосоманың құрылысын –
морфологиясын сипаттау, хромосомалық аберрациялар жиілігін анықтау.
Міндеттері:
― 4 тұқымның зоотехникалық сипаттамаларын алу;
― перифериялық қан лейкоциттерін дақылдау жолымен қойдың 4
тұқымының цитогенетикалық сипаттамасын жасау;
― цитогенетикалық тұрақтылық параметрлерін, көбінесе
хромосомалық аберрациялардың және
полиплоидия мен анеуплоидия дәрежелерін бағалау.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Қойдың әр түрлі тұқымдары мен популяцияларының цитогенетикасы
Малдың клеткаларының хромосомаларын зерттеуге арналған алғашқы
жұмыстар 20 ғасырдың алғашқы кезеңінде басталды. Бұл зерттеулердің
дамуына осыған дейін жүргізілген клеткалардың бөліну сатыларын айқындауға
арналған А.Шнайдердің, Э.Страсбургердің және П.М.Перемежконың жұмыстары
көп септігін тигізді. Сонымен қатар В.Флемингоның, Э.Страсбургердің,
К.Рабльдің және басқа зерттеушілердің клеткалардың бөлінуінің заңдылығын
және хромосомалардың жалпы құрылымын сипаттауға арналған жұмыстары да
пайдалы болды. 1903 жылы В.Сэттон хромосомаларда тұқымдық факторлардың
(гендердің) болатындығы туралы болжам айтты. Бұдан кейінгі зерттеулер
организмнің тұқымдық және өзгергіштік қасиеттері хромосомалармен
байланысты болатынын көрсетті [1].
1940 - жылдарға дейін қойлардың хромосомаларының негізгі саны
анықталмаған. Кейіннен I.Ahmed (1940), R.Berry (1941), S.Makino (1943)
қойлардың аталық сперматогониальдық ұрық клеткаларында, ал J.Melander
(1959) эмбриондық ұлпаларда хромосомалардың диплоидты саны 54 екенін
анықтады. Қой хромосомаларының саны мен құрылымын терең зерттеу
кейінірек, 20 ғасырдың 60 - жылдарында ғана жүргізіле бастады [2].
Адам хромосомаларын зерттеуде қолданылатын цитологиялық негізгі
әдістер (клеткаларды жасанды жағдайда өсіру, клеткаларға колхицинмен және
гипотоникалық ерітінділермен әсер ету) жануарлар цитогенетикасының жылдам
дамуына мүмкіндік жасады. Осы әдістердің көмегімен ауыл шаруашылығы
малының, оның ішінде қойлардың хромосомаларының құрылымы және саны жайлы
толық мәлімет алуға мүмкіндік туды. Хромосомаларды көбінесе өздігінен жиі
бөлінетін сүйек майының клеткалары мен қанның лейкоциттерін жасанды
жағдайда өсіру арқылы зерттейді. Хромосома препараттарын дайындау үшін
организмнің пролиферация процесстері қарқынды жүретін басқа мүшелер мен
ұлпаларының клеткаларын, мысалы қой эмбрионының бүйректерінің клеткаларын
жасанды жағдайда өсірегенде алынатын клеткаларды пайдалануға болады [3,
2].
Бірнеше ғалымдардың жүргізген цитогенетикалық зерттеулерінің
нәтижесінде қойдың әр түрлі тұқымдарының хромосома саны анықталды.
Қойлардың цитогенетикасы туралы толық ғылыми әдебиеттер 1970 жылдары
жинақталды [4, 9]. Меринос, саутдаун, бордер-лейстер, ромни-марш,
ройленд, дорзет-хорн, шевиот (Borland, 1976), лейстерлік (Ahmed, 1940),
рамбулье (Berri, 1941), қаракөл (Makino, 1943), суффольк (McFee e.a.,
1965; Bruere, McLaren, 1967), клан-форест (Dain, 1970), шотландық қара
және сұр тұмсықты, таулы уэльстік, соуэй (Вruere, McLaren, 1967),
болгарлық және меринос қойының будандары (Добрианов, Константинов, 1972),
драйсдел, перендейл (Bruere, Mills, 1971), иранның құйрықты (Воронцев
және т.б., 1972), азербайжанның таулы мериносы, бозах, балбас (Кулиев,
Мамедов, 1975), монғолдық майлы құйрықты (Орлов және т.б., 1975; 1980),
финдік ландрас (Розикова, 1984), имерети, тушин, андий, лезгин, алван
(Рчеулишивили, Джохадзе, 1985; 1988), абиссин және ұзын құйрықты (Орлов,
Булатова, 1985), поляктық таулық, ұзын құйрықты және қара басты
(Slota e.a., 1985), альтамуран (Gallo e.a., 1988), испандық меринос
(Moreno-Millan, Rodero-Frandanillo, 1990), сұр және қара қаракөл
(Арипов, Бадалбаева, 1991) және қалмақтың еділбай тұқымды қойлары
цитогенетикалық әдіспен зерттеліп, олардың хромосомаларының сандық және
құрылымдық сипаттамалары толық көрсетілді [2].
Архар мен үй қойларынан түр аралық шағылыстыру арқылы алынған
архармеринос тұқымды қойдың кариотипі анықталды. Еділбай қойы мен
қазақтың биязы жүнді қойларының саулықтарын ағылшынның линкольн, рони-
марш қошқарларымен шағылыстырғанда алынған кроссберд тектес қазақтың
биязылау жүнді қойларының хромосомалары бірінші рет зерттеліп, олардың
кариотиптері құрастырылды және хромосомалардың аберрациялары мен геномдық
мутациялардың әр түрлі топтағы және әр жастағы малда кездесу жиілігі
анықталды [5, 4].
Сонымен қатар дегерестік, қарғалылық, қазақтың етті-жүнді қойларының
тұқымдық топтарының және қазақтың оңтүстік және солтүстік меринос қой
тұқымдарының, қаракөл қойларының кейбір популяцияларының хромосомалары да
зерттелінді [6, 2].
Цитогенетикалық зерттеулер нәтижелерін үй қойларының шығу тарихын
айқындау үшін пайдалануға болады [2]. Бұл туралы ғылыми әдебиеттерді
топтастырып, сұрыптау нәтижесінде үй қойларының шығу тегі мен олардың
эволюциялық өзгеруінің екі түрлі жорамалы бар екені анықталды [4, 2].
Бірінші – монофилетикалық жорамал бойынша барлық қой тұқымдары тек қана
жалғыз тектен, олардың акроцентрлі хромосомаларында болған Робертсондық
транслокацияның салдарынан хромосомалар сандарының бірте-бірте азаюынан
немесе – 2n=58 →2n=56→ 2n=54 болуынан шыққан деп есептеледі. Ал, екінші –
полифилетикалық жорамал бойынша осындай хромосомалардың транслокациясынан
болған сандық өзгерістер бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ әр түрлі
популяцияларда да болуы мүмкін деген пікір айтылады [2]. Соңғы жылдардағы
зерттеулер нәтижесінді барлық үй қойларының тұқымдары жалпы тектен –
жабайы муфлоннан шыққаны, осы монофилетикалық жорамалдың дұрыс екенін
дәлелдеді [11, 12].
Қойлардың әр түрлі тұқымдарының клеткаларындағы метацентрлі
хромосомалардың салыстырмалы ұзындықтарында айырмашылықтар бар.
Хромосомалардағы осындай жалпылама жауап жоқ [4]. Дегенмен кейбір
зерттеулерде өлшеуге алынған хромосомалардың шиыршықтану деңгейлері
ескерілмегендігін айтып өту керек. Хромосомалардың абсалюттік және
салыстырмалы ұзындықтарын дұрыс өлшеу үшін шиыршықтану деңгейлері бірдей
метафазалық пластинкаларды алады [4, 8, 13, 14].
Бірдей әдістемелік ұсыныстар болмағандықтан, зерттеушілердің әр түрлі
қой тұқымдарынан алынған цитогенетикалық статистикалық мағлұматтарын бір
- бірімен салыстыруға болмайды. Соңғы жылдары бұл кемшіліктер жойылып,
қой цитогенетикасында препараттарды дайындау, оларды әр түрлі бояулармен
бояу, жеке хромосомаларға сипаттама беру жұмыстары бір жүйеге
келтірілді. Тек осыдан кейін ғана қойлардың әр түрлі популяцияларының
клеткаларынан алынған метафазалық хромосомалардың марфометриялық
өлшемдерін салыстыруға және сол нәтижелерді тумыстан болған кемістіктерді
– аномалиялары бар дарабастардың хромосомаларымен салыстыруға мүмкіндік
туды [2]. Қойдың хромосома жиынтығын үш топқа бөлуге болады. Бірінші
топқа морфологиялық құрылымдарына байланысты нақтылы анықталатын,
центромерлері хромосоманың ортасында орналасқан үш жұп метацентрлі
хромосомалар жатады.Бұл жұптарды бір-бірінен жекелеп ажыратуға болады
[4]. Екінші топқа 23 жұп акоцентрлі хромосомалар біріктірілді. Бұлардан
нақты анықталатыны ең ұзын 4 - жұп пен ең қысқа 23 - жұптағы
хромосомалар. Ал, қатар жатқан жұптың хромосомаларының бір-бірінен
айырмашылығы шамалы болғандықтан, акоцентрлі хромосомаларды жұптап бөлуде
олардың морфологиялық өлшемдерін салыстырып зерттеу керек. Жабайы және үй
қойлары кариотиптеріндегі өзгешеліктер олардың клеткаларында кездесетін
метацентрлі және акоцентрлі хромосомалардың санына байланысты. Ал,
бұлардың барлығының кариотиптеріндегі аутосомалардың иық саны 58 - ге тең
екенін ерекше атап өтуге болады. Жыныстық Х – және У – хромосомалар
қойдың кариотипінің үшінші тобын құрады. Жабайы және үй қой тұқымдарының
барлығында жыныс хромосомаларының морфологиялық құрылымдары бірдей. У -
хромосоманың морфологиясы субметацентрлі және оның марфометриялық
өлшемдері де кішкентай болғандықтан, ол еркек малдың метафазалық
клеткаларында нақтылы, бірден анықталады (1-сурет). Сонымен қатар
цитогенетикалық әдіспен зерттелген қошқарлар клеткаларының 64,92 % - да
У - хромосома метафазалық пластинкалардың шеткі аймақтарында
орналасады [4]. У - хромосоманың клетка ядросының архитектоникасында
осындай орналасуы адамның және кейбір малдың метафазалық пластинкаларын
зерттегенде де анықталды [6].
Сурет - 1. Қошқардың метафазалық клеткасының хромосомалары:
1 - метацентрлі, 2 - акоцентрлі хромосомалар
Қойдың Х - хромосомасын нақтылы анықтау қиын, себебі бұл хромосоманың
ең үлкен акоцентрлі аутосомадан морфологиялық өзгешелігі жоқ. Тек қана Х-
хромосоманың ұзындығы келесі жұптағы аутосомадан артық. Сонымен қоса
кейбір метафазалық пластинкаларда Х - хромосоманың екінші қысқа иығы
ұзынырақ болады да, 4 - жұптағы аутосомадан өзгеше болып көрінеді (2 -
сурет).
Сурет - 2. Қойлардың метафазалық клеткаларынан көріністер [9]
Әр түрлі қой тұқымдарының хромосомаларын салыстырмалы зерттегенде
және олардың кариотипі мен идиограммасын құрастырғанда бірқалыпты бояу
әдістерімен қатар арнайы бояулар мен бояу әдістері қолданылады [9, 4].
Хромосомаларды арнайы G - әдісімен бояғанда пайда болатын жіктелген
аудандарды қойдың әр түрлі тұқымдарында зерттеуге өте үлкен үміт артылған
болатын. Бұл әдісті қолданудың арқасында қойдың хромосомаларына жеке
сипаттама беруге болады. Бірақ бұл бояу әдісі қойлардың хромосомаларында
болуы мүмкін тұқымаралық айырмашылықтарды көрсете алмайды. Хромосомаларды
дифференциалды бояудың нәтижелілігін қосымша әдістің көмегімен арттыруға
болады. Мысалы, клеткалардан хромосома препаратын дайынау кезінде белгілі
бір уақытта оларға этидиум бромид қосса, препараттарда прометафаза
сатысындағы хромосомалары бар көптеген метафазалық пластинкалар табылады.
Прометафазадағы хромосомалар метафазалық хромосомалардан ұзынырақ
болатындықтан олардың ұзына бойынан жіктелген көп аймақтар анықталып,
хромосомаларды жұптау жұмыстарының сапасы артады [4, 2].
Қой хромосомаларының гетерохроматиндік аудандарын айқындауға арналған
С - әдісімен бояудың көмегімен метацентрлі және жыныстық
хромосомаларды нақтылы айқындауға болады, ал басқа акроцентрлі
хромосомаларға бұл әдіспен жеке сипаттама беруге болмайды [10].
Хромосомалардың С – гетерохроматиндік сегменттерінің саны мен мөлшері
көптеген жан-жануарларда тұрақты көрсеткіштер есебінде қабылданады және
белгілі бір фенотиптің қалыпты жағдайындағы генотипінің бір варианты
ретінде белгілі [11].
Хромосомаларды арнайы әдіспен бояудың үшінші түрі – азот қышқылды
күміспен бояу әдісі ғылыми әдебиетте Ag – бояуы деген атпен белгілі. Бұл
әдіспен бояғаннан кейін күмістің ұсақ түйіршіктері хромосомалардың
ядрошықтарды ұйымдастырушы арнайы аудандарында шоғырланады. Күміс
түйіршіктерінің қойдың жеке хромосомаларының бойында шоғырлану сипатын
зерттегенде олар 1 - жұп хромосомаларының қысқа иығында, 2- мен 3-
метацентрлі хромосомалардың ұзын иықтарында және де 4- мен 25 -
акроцентрлі хромосомалардың белгілі бір аймақтарында жиналатыны анықталды
[10]. Осындай зерттеулердің нәтижесін пайдаланғанда қойлардың жоғарыда
көрсетілген 5 жұп хромосомалары дәлме-дәл анықталады және осы алынған
цитогенетикалық деректерге сүйене отырып, осы хромосомаларды Мендельдің
заңына байланысты тұқым қуалайтын қойдың таңбалы (маркерлі)
хромосомалары ретінде арнайы генетикалық жұмыстарда да пайдалануға болады
[2].
Хромосомаларды арнайы бояу әдістері цитогенетикаға біраз жетістіктер
әкелді. Бірақ қойлардың көптеген тұқымдары мен популяцияларына
цитогенетикалық зерттеулер жүргізгенде және шаруашылық жағдайында дені
сау қойлар мен тумыстан болған кемістіктері мен аномалиялары бар
төлдерден жасалған хромосома препараттарын бір - бірімен салыстырғанда
хромосомаларды бояудың бірқалыпты – рутинді әдістерін пайдалану тиімді.
Егер хромосома препараттарын жылдамдатылған экспресс - әдіспен дайындап,
орсеинмен немесе Гимзамен бірқалыпты бояса, онда жүргізілген жұмыстың
нәтижесін қысқа уақытта алып, қой популяциясына цитогенетикалық
сипаттаманы 1 - 2 күн аралығында беруге болады. Сондықтан асыл тұқымды
мал шаруашылығында мал клеткаларының хромосомаларын жан - жақты
зерттейтін арнайы цитогенетикалық зертханалар ұйымдастыру қажет [2].
Ауылшаруашылығы малын, соның ішінде қойларды генетикалық үлгі ретінде
пайдаланудың маңызы өте зор. Біріншіден, күнде шөп жеп, су ішетіндіктен
қоршаған ортада болған экологиялық бұзылыстар қойдың фенотипі мен
генотипіне әсерін тигізеді. Екіншіден, қойды генетикалық үлгі ретінде
пайдаланудың нәтижелерін осындай эксперименттерді зертханалық жануарларға
(тышқандарға) жүргізгенде алынатын мағлұматтармен салыстырып, қойдың
салмағы мен түрлеріне байланысты арнайы қайта есептеулер жүргізбей-ақ
бірден тәжірибеде қолдану уақыты қысқарады. Сондықтан қойдың құнының
қымбаттығына қарамай оларды цитогенетикалық зерттеулерде генетикалық үлгі
ретінде пайдалану тиімді.
Қой цитогенетикасының маңызды саласы – асыл тұқымды қойлардың
хромосомаларын зерттеу. А.Ф: Яковлевтің (1985) айтуынша, қазіргі биология
және ауыл шаруашылығы ғылымының негізгі міндеті генетикалық жасырын
кемістіктері бар тұқымдық малды басқа малдан сұрыптап алу болып табылады.
Себебі қолдан ұрықтандыруды пайдаланғанда жағымсыз рецессивтік гені бар
бір қошқардың көптеген саулық ұрықтандырылады да, генетикалық кемістік
бүкіл популяцияға тез арада тарап кету қаупі туады. Сонымен қатар қошқар
мен саулықта болатын хромосомалардың кейбір аномалиялары олардың
төлдеріне де беріледі [2].
Соңғы жылдары қой шаруашылығында асыл тұқымды, жоғары өнім беретін
мал тұқымдарын жаңа биотехнологиялық әдіс – эмбриондарды трансплантация
жасау жиі қолданылуда [12, 16]. Қой организмдеріне басқа гендерді көшіріп
орналастыру салаларында да көптеген ғылыми-тәжірибелік жұмыстар
жүргізіліп жатыр [13]. Гендік инженерия әдісімен трансгенді қой да
алынды. Осы жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін қолданылатын әдістерді
жетілдіріп, тәжірибеде пайдаланылатын аналық – донор, аталық – донор,
аналық – реципиенттердің генетикалық құндылығын анықтау қажет. Эмбрион
алынатын донор саулықтар мен сиырларда осындай цитогенетикалық бағалау
жүргізіле бастады [14, 15, 7].
Сонымен қойлардың цитогенетикасын зерттеу негізінде алынған
мағлұматтардан әр түрлі табиғи - экологиялық аймақтарда өсетін қой
тұқымдарының хромосомаларының жиынтығын, олардың клеткаларындағы
цитогенетикалық тұрақсыздық мөлшерін жан - жақты зерттеудің маңыздылығы
мен тиімділігі айқындалады.
1.2 Қазақстанның әр түрлі табиғи-экологиялық аймақтарында
өсірілетін қой тұқымдары мен популяцияларының салыстырмалы
цитогенетикалық сипаттамалары
Қойлардың әр түрлі тұқымдары хромосомаларының саны мен морфологиялық
құрылымдары бірдей. Сондықтан олардың кариотипін зерттеу қаншалықты
маңызды деген сұрақ туатыны белгілі. Әдебиеттердегі ғылыми - практикалық
цитогенетикалық мағлұматтарға қарағанда, әр түрлі табиғи-экологиялық
жағдайларда өсіп-өнетін жан-жануарлардың популяцияларының
хромосомаларындағы тұрақсыздық деңгейін салыстырмалы зерттеудің өте
маңызды екені анықталды.
Қазіргі уақытта өндірістің улы қалдықтарының қоршаған ортаға
таралуының, егістік жерлерді химиялық тыңайтқыштар және пестицидтермен
өңдеудің, медицина мен ветеринарияда дәрі - дәрмектерді шамадан тыс
мөлшерде қолданудың салдарынан қоршаған ортада мутагендік және
тератогендік заттар жиналып, көбеюде. Бұлардың адам мен жан-жануарлардың
тұқымдық қасиеттеріне зиянды әсер ететіні белгілі [16, 2].
Сондықтан Қазақстанның әр түрлі табиғи аймақтарында өсірілетін қой
тұқымдары мен олардың популяцияларындағы хромосомалық аберрациялар мен
геномдық мутация мөлшерін зерттеу арқылы сол қоршаған ортада болуы мүмкін
мутагендік және тератогендік факторлардың деңгейіне сипаттама беруге
болады. Себебі қоршаған ортадағы мутагеннің деңгейі мен оның тератогендік
зияндылығы сол аймақта мекндейтін сүтқоректілердің хромосомаларының
аберрация мөлшері мен тумыстан болған кемістіктері бар дарабастардың
кездесу жиілігімен генетикалық байланыста болады деп есептеледі.
Ауыл шаруашылығы малы, оның ішінде қойлар, генетикалық зерттеулер
жүргізу үшін тиімді үлгі. Өзіндік құнының қымбаттығына қарамай қойларды
осындай зерттеулерде пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді. Себебі
қойларды зерттеу арқылы мал шаруашылығында бірден қолданылатын нәтижелер
алуға болады және зертханалық жануарлар пайдаланылатын көптеген қосымша
зерттеулер жүргізу қажет емес [18, 19а,б].
Цитогенетикалық мағлұматтар Қазақстанның екі оңтүстік облысында және
бір батыс облысында өсірілетін қойлардан жиналды. Архармеринос, кроссбред
тектес және қазақтың биязы жүнді қойлары Алматы облысының Нарынқол және
Іле аудандарынан, еділбай қойлары Балқаш ауданынан, қаракөл қойлары
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Созақ аудандарынан және Атырау
облысының Қызылту аудандарынан зерттелді.
Бірнеше тұқымға жататын 190 қойдың 25658 метафазалық клеткаларын
зерттегенде алынған нәтижелерге талдау жасағанда қой тұқымдарының әр
түрлі популяцияларында хромосомалардың аберрациялары мен геномдық
мутациялар мөлшері болмайтындығы анықталды. Архармеринос, түсті қаракөл
(Атырау және Қызылту популяциялары) қойларында жалпы (А) және негізгі (Б)
цитогенетикалық өзгергіштік мөлшері басқа қойларға қарағанда жоғары
болды. Қара қаракөл қойларындағы (Сырдария популяциясы) осы
цитогенетикалық көрсеткіштердің жоғары деңгейін зерттелген барлық малдың
6-7 жастағы кәрі қойлар болғандығымен түсіндіруге болады.
Әр түрлі табиғи-экологияылқ жағдайда өсірілетін бір қой тұқымының
популяцияларындағы хромосомалардың өзгергіштік деңгейі де әр түрлі
нәтиже көрсетеді. Мысалы, қаракөл қойларының сырдариялық, созақтық,
атыраулық пен қызылтулық популяцияларының цитогенетикалық көрсеткіштеріне
салыстырмалы талдау жасағанда оларда хромосомалардың аберрация,
гипердиплоидия және полиплоидия деңгейлері 9,85 % - ға дейін көбейетіні
анықталды (Атырау популяциясында).
Осындай жоғарғы мөлшердегі цитогенетикалық өзгергіштіктің себебін
анықтау үшін осы аймақтарда өсірілетін басқа мал тұқымдарының да
хромосомаларын зерттеп, қоршаған ортаға цитогенетикалық және
тератологиялық мониторинг жасап, аймақтың экологиялық сипатын анықтау
керек [7]. Бұған мысал ретінде мал организміне аз мөлшердегі радиацияның
үнемі және ұзақ уақытқа созылған әсерін зерттегенде алынған мағлұматтарды
келтіруге болады. Бұрынғы Семей атом сынақ полигонында өсірілетін ауыл
шаруашылығы малының (қой, сиыр, жылқы) клеткаларындағы хромосомаларды
зерттеу нәтижесінде полигонның жайылымдарында өсетін малдың
цитогенетикалық көрсеткіштері басқа аймақтарда өсетін мал
көрсеткіштерінен сенімді түрде жоғары болатындығы анықталды [20]. Сонымен
қатар 5-8 жастағы қойлардың қан мен қан жасағыш ұлпаларындағы қан
клеткаларының гематологиялық көрсеткіштері басқа аймақта өсетін осындай
жастағы қойлардан өзгеше болды. Чернобыль атом электр станциясына жақын
маңда өсетін ауылд шаруашылығы малдарының қан жүйелерінде де осындай
морфологиялық - физиологиялық өзгерістер анықталды [21, 22, 23].
Семей полигонының қазіргі радиациялық экологиясы туралы мәліметтер
бойынша әр түрді радионуклидтер топырақтың жоғары қабаттарында болады
[24]. Сондықтан полигоннан зерттелген малдардағы хромосомалардың
тұрақсыздық деңгейінің екі есеге дейін жоғарылауы осы мал түрлері мен
олардың организмінде цезий – 137 және стронций – 90 радионуклидтерінің
жиналу жылдамдығына байланысты [22, 25]. Сонымен, аз мөлшердегі радиация
организмге ұзақ уақыт және үнемі әсер еткенде әр түрлі мал тұқымдары
организмнің реакцияға сезімталдығы сол организмнің физиологиялық
жағдайына, заталмасу процесцінің жылдамдығына, әр түрлі мүшелер мен
ұлпалардың атқаратын қызметіне байланысты әр деңгейде болады [20].

Ғылыми әдебиеттердегі ауыл шаруашылығы малының хромосомаларын
зерттегенде алынған нәтижелерге талдау жасағанда олардың ұрықтарының өлуі
көбінесе хромосомалардағы сандық және құрылымдық ауытқуларға байланысты
болатыны анықталды. Мысалы, шошқалардың ерте ұрықтарын зерттегенде
олардың 10 % бластоцистерінде хромосомалардың аберрациясы болды. Олардың
қатарына жыныстық хромосоманың триплоидия (ХХХ, ХУУ, ХХУ), тетроплоидия
(ХХУУ) түрлері жатады [26, 27].
Хромосомалардың әр түрлі аберрациялары (хромосомалардың бір - бірінен
ажырамауы, акроцентрлі хромосомалардың Рабертсондық транслокациясы)
саулықтардың оциттерін зерттегенде жиі кездеседі [28].
Дені сау және клеткаларында аутосомалардың Робертсондық
транслокациясы бар саулықтар мейоздарының ағымын зерттегенде олардың
жыныстық клеткаларында хромосомалардың сандық және құрылымдық
өзгергіштігінің деңгейлері жоғары болды. Себебі хромосомаларында
транслокациясы бар гетерозиготалы қойларда мейоздың ағымы бұзылады да,
жыныс клеткаларында хромосомалардың абаррациялары көбейеді.
Клеткаларында хромосомалардың аберрациясы мен геномдық мутациялары
бар ұрықтар өледі де, жойылып кетеді. Егер олардың дамып - өсуі
тоқталмаса, онда жаңа туған төлдерде әр түрлі кемістіктер болуы мүмкін.
Мал шаруашылығында аналықтардың іш тастауының және төлдердің өлі туу
себептерін бірден айқындау қиын. Көбіне бұлардың себебі саулықтардың
жұқпалы ауруларына немесе оларды бағуға байланысты болмайтыны арнайы
зерттеулер нәтижесінде дәлелденді. Мысалы, саулықтардың іш тастауының 58
% - ның себебі белгісіз болды [28].
Кейде қой отарларында 15,5 % - ға дейінгі қозылар өлі туады. Өлі
туған қозылардың 10 % - ның себебі тұқымдағы аномалиялардың, летальдық
және жартылай летальдық гендердің әсерінен болады деген жорамал бар.
Осындай жағдайларда цитогенетикалық әдіс арқылы спонтандық іш тастау мен
қозылардың өлі тууына байланысты көптеген сұрақтарға жауап беруге болады.
Қойлардың спонтандық іш тастауы мен қозылардың өлі тууы және туғаннан
кейін бірнеше күн ішінде белгісіз себептерден өлуінің цитогенетикалық
аспектілері жете зерттелмеген. Ал, ғылыми әдебиеттердегі кейбір
жүргізілген жұмыстардың нәтижелері осындай зерттеулердің мал
шаруашылығында пайдасы бар екенін айқын көрсетеді. Осындай зерттеулерді
эмбриогенездің бастапқы сатысындағы ұрықтарды, оның ішінде бластоцистердің
хромосомаларын зерттеу керек. Себебі хромосомаларында сандық және
құрылымдық өзгерістері бар эмбриондар даму сатысының бастапқы
кезеңдерінде көбінесе өліп, жойылып кетеді [28].
1.4 Тұқымдық және өсімталдық қасиеттері бұзылған және әр түрлі
аурулары бар қойлардың цитогенетикалық сипаттамалары
Жоғарыда шолу жасалынып, талданған қалыпты жағдайдағы зерттеулерден
басқа бірқатар ақаулары бар қойларға да цитогенетикалық зерттеулер жасалған
еңбектер бар. Мысалы, Р. Жапбасовтың ғылыми жұмыстарында әртүрлі аурулары,
кемістіктері бар қойларға осындай зерттеулер жүргізілген. Күзде
ұрықтанғанымен, көктемде қоздамай қысыр қалған 12 (№ 1–12) кроссбред тектес
саулықтар мен жыныс бездері қалыпты деңгейге дейін дамымаған 2 қошқардың
хромосомаларын зерттегенде кейбір саулықтар (№ 1, 2, 7, 8 ,10) мен осы екі
(№13, 14) қошқардың цитогенетикалық көрсеткіштері басқа қойлардан жоғары
болады. Мысалы, № 1 саулықтың 23,13 % клеткасы гиподиплоидты, 2,31 % –
гипердиплоидты, 5,09 % – хромосомалардың аберрациясы болса, №3
саулықтың ұқсас цитогенетикалық көрсеткіштері тиісінше 13,36 %; 1,60 %;
1,06 % болды. Ал полиплоидты клеткалардың деңгейі кейбір қошқарларда 5,06
% - ға дейін көбейеді. Жеке клеткаларда қойдың кариотипінде болмайтын,
бірнеше аберрацияның салдарынан морфологиясы өзгерген хромосома анықталды
[2].
Цитогенетикалық әдістің көмегімен тексерілген екі қошқардың
хромосомаларының өзгергіштік деңгейі 2 - 3 жастағы басқа қошқарлардың ұқсас
көрсеткіштерінен 1,5 - 2 есе жоғары болды [2].
Сондықтан қозы тумаған саулықтар мен жыныс бездерінің кемістіктері бар
қошқарлардың тұқымдық, өсімталдық қасиеттерінің бұзылуына генетикалық негіз
болуы мүмкін. Малдың кейбір аурулары кезінде клеткалардағы хромосомалардың
сандық және құрылымдық өзгергіштік деңгейін зерттегенде олардың
цитогенетикалық көрсеткіштері негізінен дені сау малмен шамалас болатыны
анықталды. Бірақ кейбір қойлардың (№ 5,14,19) жеке цитогенетикалық
көрсеткіштері басқа қойлардан 2-3 есе жоғары. Мысалы, ценуроз диагнозы
анықталған № 5 саулықтың гипердиплоидия мөлшері 3,98 % болды және оның 292
клеткасының 5,82 % - да полиплоидты хромосомалар жиынтығы табылды.
Хромосомалардың аберрацияларының жоғары мөлшері (5,07 %) өкпе ауруы бар
№ 14 қошқарда анықталды. Осындай цитогенетикалық тұрақсыздық мөлшерінің
жоғарылауы ас қорыту мүшелерінің аурулары мен эхинококкоз диагнозы
қойылған кейбір қойларда (№ 8, 22, 23) байқалды. Дегенмен ауру малдың
хромосомаларының сандық және құрылымдық өзгергіштігі осы аурулардың
салдарынан деп нақты көрсету үшін осындай ауру малдан көптеген
цитогенетикалық мағлұматтар жинау керек [2].

тұқымдарының иммуногенетикалық және цитогенетикалық ерекшеліктерін зерттеу
Иммунологиялық, электрофорездік және цитологиялық анализдердің жаңа
әдістерінің ашылуы жануарлар генофонды жағдайын кешенді бағалау үшін
молекула-генетикалық және цитологиялық маркерлерді қолдану аясын кеңейтті.
Хромосомалық аберрациялар мен гендік мутациялар метафаза клеткаларында
жоғары дәрежелі жиілікте болады [33].
Қазақстандағы қой түрлері мен популяцияларын иммуногенетикалық және
цитогенетикалық бағалау мен олардың қандарының молекула - генетикалық
маркерлері негізінде республикалық банктер деректерін құрастыруға деген
қажеттіліктер ертеде - ақ туындаған болатын.
Қойдың жеке даралары мен популяцияларының ерекше генетикалық
құрылымдарының мамандануы белгілі мөлшерде оларға жүргізілген селекциялық
процесстердің жинақталуынан болған генетикалық өзгерістерге байланысты
болады.
Жеке даралардағы қан белоктары полиморфизмін, хромосомалық бұзылыстар
мен гендік мутацияларын қазіргі белгілі иммундық және цитогенетика әдісін
пайдаланып анықтау негізінде бұл генетикалық өзгерістер дәрежесін
айқындауға болады.
Аудандастырылған қойлардың жеке түрлері мен популяцияларының, мысалы,
архармеринос, қаракөл және қазақтың етті - жүнді қойларының (шу
экотобы) генетикалық құрылымдары, сонымен қатар аборигенділердегі (еділбай,
шыңғыс) қанның генетикалық жүйесі әлі күнге зерттелмеген.
Сүтқоректілер хромосомаларына анализ жасау әдістері. Цитогенетикалық
әдістер көптеген генетикалық зерттеулерде кеңінен қолданылады.
Хромосомалардың салыстырмалы анализі біршама ауруларды, гендердің
хромосомалық және субхромосомалық локализациясын анықтауға, әртүрлі
экологиялық залалданған аудандарда қоршаған орта мутагенділігінің дәрежесін
бағалауға мүмкіндік береді.
Цитогенетикалық зерттеулер үшін алынған ұлпаның көзіне қарамастан
митотикалық хромосомалар препараттарын дайындау техникасы келесі кезең
бойынша жүргізіледі:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz