Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі


Жоспары
Кіріспе 3
Тарау 1. Коммерциялық банктердің меншікті капиталыныың экономикалық мазмұны. 5
1. 1. Коммерциялық банктің ресурстары : мәні мен құрылымы. 5
1. 2. Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері . 14
1. 3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі . . . 21
Тарау 2 . Коммерциялық банктің пассивтік операциялдарындағы
меншікті капиталын талдау . . . 37
- АҚ "БанкЦентрКредит" банкінің тартылған қаражаттарын талдау . . . 37
- Банктің меншікті қаражатын бағалау… . . . 51
Тарау 3. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің меншікті капиталымен байланысты пассивтік операцияларын
жетілдіру . . . 56
Қорытынды . . . 64
Қолданылған әдебиеттер . . . 66
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Коммерциялық банктің қызметі ақшалай қаражаттарды тарата отырып, оларды ссудаға беру немесе жоғарғы процент мөлшерінде инвестициялаумен сипатталады. Бұл банкті пайдамен қамтамасыз ету үшін маңызды болып келеді. Демек, банк қызметнің ең басты табыс көзі несиелеу деген тұжырым жасайтын болсақ, банктік ресурстардың құрылу ерекшеліктеріне келсек, оның қоғамның әр даму кезеңіне, ондағы жүргізілетін саясатқа, талапқа тікелей байланысты болып табылады.
Айталық, бұрынғы орталықтандырылған эконмика тұсында банктердің ресурстарының қалыптасуында ешқандай қиындықтар немесе проблемалар болған жоқ. Себебі, үкімет әкімшілік әдіспен басқарудың негізінде бір орталықтан қор жинай отырып, сол қорды банктерге жоспарланған түрде таратып үлестіріп отырды. Ол уақыттардың банктің сырттан тартылған және меншікті қаражаты болсын, ешқандайда маңызы болмады. Банк өзіне бөлінген немесе әкімшілік тәртіпте тіркелген клиенттердің қаражаттарын ғана пайдалана алды, оның меншікті қаражатын ұлғайту туралы ойы да болмады. Ол заманда несиенің де экономикалық категория ретінде танылмағанын, яғни берілген несиенің толық кайтарылмай, жоспарланған көрсеткіштердің орпындалуына байланысты сызылып тасталып отырғанында білеміз.
Бүгінгі талап өзгеше, кешегі уақыт банктері үшін келмеске кеткені аян, бүгінгі нарықтық қатынастарға сай ұйымдастырылған банк ресурс үшін өз клиентін хан есбінде таниды. Өйткені, кешегідей, банктің ресурсын орталық банк тарапынан бөлу жоқ, бүгінгі банк бәсекелестік ортада өмір сүру үшін нарықтағы клиенттердің қаражатын қалайда өз банкіне тарту жолдарын іздестіруде. Бұл жолда банктер отандық банктік тәжірибеде мыңдаған жылдар бойы қаланған тәжірибелерін қайта жаңартуда. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің ресурстарды жинақтауға байланысты озық тәжірибелерін оқып үйрену үстінде.
Банктер экономикамызды тұрақтандырудың маңызды факторы болып саналады. Ендеше бүгінгі нарықтық қатынастарға сай банктің инфрақұрылымын қаплыптастыру өз кезегінде банктің жаңа мехеанизмін құруды қажет етеді.
Бүгінгі таңда банктер өз ресурстарын жинақтау барысында клиенттер үшін көрсетілген қызметердің санын арттыра отырып сапасын одан әрі жақсарта түсуде. Себебі бүгінгі клиент, дербес түрден өз қалауы бойынша банкті таңдауға толық құқылы.
Міне осындай ізденістер тұсында, банктер ресурстарын тартуда бірқатар проблемаларды кездестіруде. Ол проблемаларды реттеуде немесе шешіуде банктердің пассивтік операцияларынының маңызы зор. Осыған байланысты, таңдалып отырған диплом жұмыстың тақырыбының бүгінгі таңда, өзекті тақырыптардың біріне жататындығын білеміз.
Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі таңдағы коммерциялық банктердің банктік ресурстарды, оның ішнде несиелік ресурстарды қалыптастыруға әрекет ететін тәжірибелерін оқып үйрену, сол сияқты банктердің ресурстарды тартуға байланысты клиенттермен арадағы қатынасты жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа жетуде, диплом жұмысының алдында келесідей міндеттерді шешу тұрады:
- Пасивтік операциялардың экономикалық мазмұнына терең мән беру;
- Банктік ресурстардың түрлері мен тарату көздерін қарастыру;
- Банктік ресурстардың базасын қалыптастырудағы меншікті қаражаттардың рөлін анықтау;
- Нақты бір банкті мысалға келтіріп, оның ресурстарының құрылу барысында тереңдей талдау жасау;
- Ресурстарды таратуда банктік проблемаларын және оның перспективаларын қарастыру.
Диплом жұмысының зерттеу объектісіне ААҚ "Банк Центр Кредит" банкісінің пассивтік операциялары жатады.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне: отандық және ғалым-экономистердің ғылыми еңбектерін және ғылыми практикалық конференция материалдары, сондай-ақ ААҚ "Банк Центр Кредит" банктік пассивтік операцияларына қатысты практикалық материалдар пайдаланылады.
Құқықтық негізде Қазақстан Республикасындағы бантік заңдылықтар, Ұлттық банктің нормативтік актілері мен инструкциялары жатады.
1 Тарау. Коммерциялық банктердің меншікті капиталыныың экономикалық мазмұны
1. 1. Коммерциялық банктің ресурстары : мәні мен құрылымы
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялық негізде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін банктік ресурстар жинақталады. Банктік ресурс - бұл несиелеу ресурсына қарағанда кең үғымды білдіреді. Банктік ресурстар тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқадай активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін де пайдаланылады.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен қзгертті десе де болады. Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозиттік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартылатын қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиенттің атынан тартылмайды, екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Депозитті операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғары бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
- басқалары.
Салым иелерінің категорияларына қарай депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік органдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетел азаматтарының шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма қол ақшаларын алатын әртүрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай ақ әртүрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әртүрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады. Ал кемшілігі бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғары мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді депозит бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін депозиттер.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдына ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банк тарапынан реттеліп отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражаттарды алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіншілігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттардағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Ал шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдаға және іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаты бұл салым иесіне белгілі бір мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
- атаулы сертификаттар;
- мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады.
Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
- аударылатын;
- аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу сату арқылы өтеді. Міне банктің тартылған және меншікті ресурстарына біршама тоқталдық. Енді банк ресурсы ұғымына экономикалық әдебиеттердегі анықтамаларға сүйене отырып анықтама беріп өтейік.
"Қаржы- несие сөздігінде" банктік ресурсқа келесідей түсінік береді: банктік ресурс - бұл банктік несиелік және басқадай операциялары үшін пайдаланылатын банктің иелігіндегі қаражат жиынтығы болып табылады.
Осы тұста коммерциялық банктердің жіктелуіне қысқаша тоқталып өтелік. Аталмыш субъектіні мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- меншік сипатына қарай:
- мемлекеттік;
- акционерлік (ашық және жабық типтегі) ;
- жеке;
- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;
- аралас;
- кооперативтік.
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- ұлттық;
- аймақтық.
4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауылшаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа да банктер.
5. Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды.
Қазақстан Республикасындағы банктер бастапқыда мәлімдеуші акцияны шығарып сатуға құқықсыз, яғни жабық акционерлік қоғам формасында құрылатын болған, бірақ қазір жаңа заңға сәйкес ашық акционерлік қоғам түрінде құрылатын болды.
Ашық типтегі акционерлік қоғамға банктердің (жабық типтегі акционерлік қоғам формасынан) өтуі үшін, Ұлттық банктен банктік операцияларды жүзеге асыруға рұқсат қағазын алғаннан кейін бір жыл бойына Ұлттық банк тарапынан бекітілген пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндеттемелерді орындауы қажет. Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары оның міндеттемелеріне өздеріне тиісті үлес шегінде ғана жауап береді.
Егер банк акционерлік қоғам формасында құрылатын болса, онда оның жарғылық капиталы акциялардың номиналдық құнының сомасында ашық түрде жазылып таратылады (егер банк ашық типтегі акционерлік қоғам түрінде болса) және құрылтайшылардың арасында жарғылық капиталдағы олардың үлесінебайланысты акциялар үлестіріліп беріледі.
Мемлекеттік банктер мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылады. Нарық шаруашылығындағы банктер мынадай қызметтер атқарады:
- несие беру барысында делдалдық қызмет;
- Төлемдегі делдалдық қызмет;
- Ақшалай табыстар мен жинақтарды жұмылдыра отырып, оларды капиталға айналдыру қызметі.
Несиеге делдал болу қызметінде банктер әр түрлі мөлшерде және әр мерзімде салымдар тарта отырып, оларды қаржы ресурстарына мұқтаж клиенттерге береді. Несиелік операцияларды жүргізумен қатар банктердің өз қарыз алушыларының несиелік қабілеттерін бағалау мүмкіндігі де болады.
Банктің несие беруде делдал болуымен тығыз байланысты келесі бір қызметі - төлемдегі делдалдық. Төлемде делдал бола отырып банктер өз клиенттері үшін есеп айырысу операцияларын орындау барысында өздеріне белгілі бір жауапкершілік алады.
Банктердің айрықша бір қызметі - ақшалай табыстар мен жинақтарды жұмылдыра отырып, оларды капиталға айналдыру. Қоғамның әртүрлі таптары ақшалай табыстардың тұтынудан қалған бөлігін алдағы уақыттағы шығыстар үшін жинақтайды. Бұл ақшалай табыстар мен жинақтар өздігінен капиталға айналмайды, егер банктер немесе басқа да несиелік мекемелер болмаса, олардың жансыз капиталға айналары да сөзсіз. Банктердің немесе басқа да несиелік мекемелердің осы ақшалай табыстарды салым түрінде жұмылдыруы нәтижесінде ғана олар ссудалық капиталға айналады. Содан соң ссудалық капиталды банктер сауда және өнеркәсіптік фирмаларға беріп, осының нәтижесінде ақшалай табыстар мен жинақтар банктер көмегімен капиталға айналады.
Банктердің қызметінің біріне айналыста металл ақшалардың орнын алмастыратын несиелік құралдарды (банкнот, чек, вексельжәне несиелік карточка) жасау жатады.
Жоғарыда аталған қызметтерді атқара отырып, банктер ұлғаймалы ұдайы өндіріске мынадай жолдар арқылы ықпал етеді:
- кәсіпорындарды кеңейту үшін кәсіпкерлерге ссудалар беру;
- қолмақолсыз ақшалар мен несиелік құралдарды пайдалану арқылы айналыс шығындарын қысқарту;
- ақшалай жинақтар мен тұтынылған табыстардың бір бөлігін жұмылдыра отырып, оларды қосымша капиталға айналдыру.
Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банктік ресурстар жинақталады.
Коммерциялық банктердің ресурстары - бұл пассивтік операциялары арқылы қалыптасқан және активтік операциялар үшін пайдаланылатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығын білдіреді.
Қандай артықшылығы болмасын мұнда банктік ресурстардың құрылу көздері жайлы айтылмайды.
Экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында, елдегі банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия болды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелкр заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өзінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз алынды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде теленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік ссудалық қор деген экономикалық түсінік пайда болыды. Жалпы мемлекеттік қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекетпен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек банктердің ресурсы болып саналады.
Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Банк ресурстары меншікті және сырттан тартылған қаражаттар болып бөлінді. Меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк - ісін дамыту қорлары кіреді.
Тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда, несиелік ресурстар нарығы қалыптасып, мемлекеттік қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.
Бүгінгі таңда несиелік ресурстар нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар десем болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, несиелік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арсындағы тепе-тендікті уақыты және мерзімі бойынша сақталуын талап етеді.
Коммерциялық банктердің қызметінің ауқымдылығы оның
алатын пайдасына, яғни банктің қарыз нарығында алған
ресурстарының мөлшеріне тікелей байланысты, міне, осы жерден
келіп, банктер арсында ресурстарды сырттан тартуда бәсекелестік күрес туындайды.
Неиселік ресурстар нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар
нарығы қалыптасады. Ендеше банктер жаңа қызмет түрлеріне бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқадай операцияларымен тікелей жұмыс жасайды. Бұл, яғни банктік ресурстық құрамына, тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалды құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Қаншалықты Ұлттық (орталық) банкіміз "банктердің банкі" болып табылатындақтан коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz