Саяси белсенділіктің рухани негізі - саяси мәдениет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 119 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҮНЫ

КІРІСПЕ

І.САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..

1.1Саяси әлеуметтік белсенділікті зерттеудің
методологиялық негіздері

1.2Саяси әлеуметтену: мәні мен қалыптасу тәсілдері

1.3Әлеуметтену процесіндегі тұлғаның белсенділігін зерттеу стратегиялары

2. САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ПРОЦЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

1. Саяси - әлеуметтік белсенділікке отбасы мен орта мектепте
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
2. Жоғары оқу орнында саяси-әлеуметтік белсенділікті дамыту
3. Қалыптасқан жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік белсенділігі..
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің
егемендігін алуына байланысты республика өмірінің барлық саласында
түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Елімізде кең ауқымды терең экономикалық
жөне саяси реформалар жүргізілуде, қоғамымыз демократияланып, жаңа түрпатты
қатынастар орнауда.
Мемлекетіміз аяғына жаңа түрып келе жатқан кезде жас үрпақты нарықтық
экономика талаптарына сай бейімдеп, жаңа қоғамдық қатынастар жүйесіне
қосылуға бағыттап, демократиялық үрдіске сай тәрбиелеудің маңызы өте зор.
Бүл салада ең алдымен жалпы білім беретін орта мектеп пен жоғары оқу
орындарының алар орны ерекше.
Еліміздің егемендігін баянды ететін, оның нық нарықтық жолға түсіп,
демократиялылығын дамытатын негізгі қозғаушы күш -жастар. Бүл жөнінде
жастардың 1996 жылғы форумында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Әр буынның
өзіндік тағдыры бар. Сіздерде де ол өздеріңіздікі. Сіздерге осындай уақытта
өмір сүру үлесі тиді жөне сіздер елді көтере аласыздар... Қуатты күш
болғандықтан Қазақстан Республикасы кері бағытта жүргісі келмейтіндігін нық
жариялай отырып, жастар жүргізіп жатқан реформалар бағдарын қолдай алады"
-деп, республикамыздың жастарына үлкен сенім білдірді1.
Жаңа саяси жағдайда өмір талабын кешегі күні өткен тоталитарлық жүйенің
сүраныстары шеңберінде шешуге болмайтындығы белгілі. Ол үшін еліміздің
азаматтары жаңа саяси жүйе түжырымдаған қоғам мақсатын жүзеге асыратындай
бағдар үстап, бойына жаңа саяси құндылықтар игілігін сіңіріп, адамгершілік
сапаға ие болуы керек. Мүндай ардақты борышты біздің жастарымыз сапалы
білім алып, берік саяси сана қалыптастырып, отансүйгіш, үлтжанды болып,
отанының мызғымастығын, түтастығын қорғауға, сол жолда жоғары саяси-
өлеуметтік белсенділік танытса ғана ақтай алады. Сондықган елімізде жаңа
саяси-әлеуметтік жағдайға байланысты ғылыми негізделген жастар саясатын
жүзеге асыру талабы туындап отыр.
Өтпелі кезевде үлттық және жалпыадамзаттық сапалы қүндылықтарды бойына
сіңірген, жоғары саяси-өлеуметтік белсенділік танытатын түлғаны төрбиелеу,
әсіресе, жас егеменді еліміз үшін өте қажет. Еліміздің егемендігі оның
өркендеуі мен гүлденуі үшін ерінбей еңбек етіп, қажымас қайсарлық
көрсететін саяси белсенді түлға қалыптастырғанда ғана баянды болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Саяси өлеуметтену және саяси белсенділік
мәселесі қоғамдағы күрделі әлеүметтік-саяси
саяси жүйені, саяси институттарды, саяси процестер мен
партиялық жүйенің қалыптасуын зерттеп жүрген белгілі
саясаттанушылар Т.Т.Мустафиннің, И.Н.Тасмағамбетовтың,
Ә.Н.Нысанбаевтьщ, К.Н.Бурхановтың, Б.Г. Аяғанның, Л.С.
Ахметованың, Л.А. Байдельдиновтың, А.С.Балғымбаевтың,
Н.Ж.Байтенованың, К.У.Биекеновтың, А.Х.Бижановтың,
Л.М.Иватованың, Ғ.Ж.Ибраеваның, А.В. Соловьевтің, К. Л. Сыроежкиннің, М. С.
Машанның зерттеул ерінде бұл мәселелерге де көңіл бөлінген болатын2.
Саяси өлеуметтену жөне саяси белсенділік кеңестік кезеңде де біршама
зерттелген тақырыптардың бірі болатын. Бірақ бүл мәселеге тек бір жақты
көзқарас тұрғысынан қарап, яғни коммунистік идеологияны жүзеге асыру
ерекшеліктері мен коммунизм қүрылысшысының бейнесін жасаумен ғана шектеліп
отырды. Сондықтан мұндай жағдайда саяси-әлеуметтік белсенділіктің шынайы
бет-бейнесін көрсетіп, сырын ашу мүмкін емес болатын. Алайда жеке адамды
қалыптастыру, жас үрпақгы саяси әлеуметтендіру, болашаққа бағыт-бағдар
сілтеу жөне басқа идеялық тәрбие беру мөселелері кеңес өкіметі кезінде
В.А.Ануфриев, И.В.Бестужев-Лада, И.С.Кон, ААКоробейников, М.Н.Руткевич,
М.Х.Титма, Э.А. Саар, Ф.Р.Филиппов, Е.Б.Шестопалдың және басқа ғалымдардың
еңбектерінде орын алады3. Бүларда негізінен бүрынғы таптық идеологияның
ыңғайына қарай социалистік саяси сана, оның қүрылымы, өлшемдері,
объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлардың ара қатынасы,
социалистік қүндылықтар жөне басқа мөселелер қарастырылғанымен, бүл
тақырыпты зерттеуге өзіндік үлес қосқан еңбектер болғанын айта кеткен жөн.
Бүл кезде республикамыз шеңберінде Р.Б.Абсаттаров пен Б.К.Байлярованың,
В,В- Трошихиннің, О.Н.Белоустың, Қ.Ахметов-тың, О. Нүсқабаевтың
еңбектерінде біз кдрастырып отырған мөселенің кейбір қырлары зерттелді4.
Бір куанарлық жай - еліміз егемендігін алғаннан бері, біз
қарастырып отырған мәселеге өр түрлі жағынан қатысы бар тың
еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына Р.Қ.Қадыржанов пен
С.Н.Нүрмүратовтың, Ә.Қ. Ахметовтың, А.Е.Әбілқасымованың,
Қ.Е.Көшербаевтың, М.Х.Рахымбектің, Е.Е.Бурованың,
Г.Т.Уранхаеваның, Р.С.Салыкжановтың, Г.ОАбдикерованың, Р.Ш.Сабированың,
Т.Ж.Қалдыбаеваның, Л.Н.Қасымованың, Б.Туреханованың, Е.Ертісбаевтың
жүмыстарын қосуға болады5. Аталған авторлардың еңбектерінде
республикамызда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жан-жақты талдау
жасалады, саяси әлеуметтенү, саяси белсенділік, жоғаоы білімнін жағлайы мен
ламу
тенденциясы, оның ролі мен мазмүны, даму стратегиясы
қарастырылады, социологиялық зерттеу материалдары беріледі.
Саяси әлеуметтену мөселесі саяси ғылымдарда да арнайы зерттеле бастады.
Олардың қатарында МАСейтасқаровтың "Кдзақстанда саяси жүйенің жаңғыруы
жағдайындағы саяси әлеуметтену ерекшеліктері", Е.Әбдірайымовтың "Оку-тәрбие
процесіндегі студенттердің саяси бағдарларының қалыптасу ерекшеліктері",
С.А.Қасабековтың "Политическое становление человека (теоретико-
политологический аспект)", Ш.Омаровтың "Политические процессы в молодежной
среде", Т.К.Биғожановтың "Политические аспекты формирования у молодежи
культуры межнационального общения в Республике Казахстан" деген ғылыми
зерттеулерін атауға болады6.
Тұлганың саяси өлеуметтену жөне саяси белсенділік мөселелері
постсоциалистік кезеңдегі Ресей зерттеушілері А.Андреевтің, Е.А.
Ануфриевтің, Г.В.Шешукованың, Иванов В.Н. және В.Г.
Смолянскийдің, М.Р. Холмскаяның, А.И.Щербининнің, Е.Я.
Сергееваның, Н.В.Астраханцеваның, Э.В.Черняктың,
Г.Г.Дилигенскийдің, М.В.Ильиннің еңбектерінде де жан-жақты
қарастырылған7.
Жалпы саяси өлеуметтену және саяси белсенділіктің зерттелуіне шет елдік
ғалымдар көп үлес қосты. Г.Алмонд, Н.Смелзер, Ежи Вятрдың, Д.Истон,
П.Сорокиннің еңбектері саяси социологияның негізін қалады десе де
болады8.
Тоталитарлық жүйеден шыққан Қазақстан қоғамындағы саяси әлеуметтену
мәселелерін зерттеудің енді негізі кдлануына байланысты және саяси
белсенділік мәселесін жаңа тарихи жағдайда зерттеуге арналған еңбектердің
болмауы бұл процесті түтас, кешенді түрде қарастыруды қажет етті. Сондықган
осы зерттеуде жас мемлекетіміз аяғына нық тұрып кетуі үшін оның берік
материалдық және рухани негізін қалайтын саяси белсенді тұлғаны
қалыптастыру мәселелері алғаш қарастырылып отыр.
Зерттеу жүмысының мақсаты мен міндеттері. Бір қоғамдық қүрылыстан
екіншісіне өткен өтпелі кезеңде бүрынғы саяси-әлеуметтік принциптер,
ережелер, үстанымдар өзгеріп, жаңа сүраныстар пайда болады. Соған сәйкес
еліміз егемендігін алғаннан кейін өскелең үрпақты, жастарды, ересек
адамдарды жаңа қоғамдық қатынастар жүйесіне қосу, жаңа өркениетті өмір
қүру, сол жолда аянбай еңбек етіп, белсенділік таныту талабы туады. Осыған
орай зерттеу жүмысының негізгі мақсаты- республикамыздың өркениетті дамуы
үшін жоғары саяси-әлеуметтік белсенділік таныта білетін жаңа түлғаны
қалыптастыру жолдарын зерттеу және осы мәселеге байланысты әптүолі
түжыпътмламалап мен көлкапястапггы
талдау. Бұл мақсат зерттеу жүмысына мынадай нақты міндеттер қояды:
* Қазақстандағы саяси әлеуметтену процесінің мазмұны мен
кезеңдерін, мақсатын нақгылау;
* саяси өлеуметтену нәтижесінде қалыптасатын саяси-өлеуметтік
белсенділікке түсініктеме беріп, бүл мөселенің қашан және неге
байланысты өткір қойылған себептерін ашу, оның қүрамына
кіретін компоненттерді жөне негізгі бағыттарын көрсету, саяси
процеске араласу деңгейін білдіретін әлеуметтік көрсеткіштерді
анықгау;
* жас үрпақгы отбасында саяси-әлеуметтік белсенділікке
тәрбиелеуге байланысты іс-әрекеттер мен қызметтердің негізгі
бағыттарын, сонымен қатар мүндағы үлттық мөдениет пен
халықтық педагогиканың рөлін ашып көрсету;
* жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларды саяси
өлеуметтендіруге, қоғамымыздың демократияланып, нарықтық
экономикаға өту жағдайында олардың бойларында қажетті саяси
қүндылықтарды қалыптастыру, сол жолда әлеуметтік-
гуманитарлық пәндердің қызметі мен алатын орнын анықтау,
оның тиімді әдіс- тәсілдерін пайымдау;
* студент жастардың саяси қалыптасу ерекшеліктерін, оған қажетті
саяси қасиеттер мен сапаларды меңгертудің түрлері мен
жолдарын республикадағы сауалнамалардың қорытындылары
бойынша саралау, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін
арттырудың әдістерін қарастыру;
* орта және жоғары білімнің жай-күйі мен даму үрдістері,
Қазақстандағы білім реформаларының жолдары, орта және
жоғары білімнің жаңа үлгісінің басты мақсаттарын анықтау,
оларды ізгілендіру, гуманизациялау және гуманитарландыру,
идеологиясыздандырудың мөнін пайымдау;
* ересек адамдардың саяси билікке араласу, ықпал ету жолдарын,
саяси-әлеуметтік белсенділігінің ерекшеліктерін, оны арггыру
жолдарын зерделеу, болашақтағы Қазақстан қоғамының саяси
және экономикалық түрақтылығын қамтамасыз етіп, өркениетті
дамытатын жаңа түрпатты түлғаны қалыптастырудың ғылыми
негізделген тиімді әдіс-тәсілдерін саралау;
* түлғаның саяси қалыптасып, саяси-әлеуметтік белсенділігін
арттыруда отбасында, жалпы білім беретін мектепте, арнаулы
орта мектепте, жоғары оку орнында және ересек кезде
жүргізілетін жүмыстардың сабақгастығын сақтай отырып,
жоғары саяси сананы калыптастыруда адамның өзін-өзі
тәрбиелей, жетілдіре білуінің негізгі түрлерін анықтау;
* 7

• өтпелі кезевде саяси-әлеуметтік белсенділік танытуға кедергі
болатын негізгі қиыншылықтар мен кдйшылықгар жөне оларды
жою жолдарын айқындау.
Бітіру жұмысының құрылымы және көлемі. Диссертациялық еңбек кіріспеден,
екі тараудан, қорытындыдан жөне пайдаланылған әдебиеттер тізімінен түрады.
Диссертациялық жұмыстың жалпы көлемі 60 бет.
САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Саяси - әлеуметтік белсенділікті зерттеудің методологиялық
негіздері
Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы- ғалымдарды өте ертеден толғандырып
келе жатқан мәселе. Ол туралы ғылыми әдебиетте неше түрлі пікірлер мен
көзқарастар бар. Мәселен, ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель
адамның дамуын маңдайға алдын-ала жазылған тағдырмен байланыстырып, оны
тұқым қуалаушылық табиғатынан деп түсіндіреді. Аристотель кұл болушылықты,
қоғамда бағынушы мен бағындырушы болуын заңды құбылыс деп санады. Сондықтан
қүлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Тұқым қуалаушылық теориясын негіздеп, уағыздаушы ілімнің бірі -
преформизм. Оны жақтаушылар жыныс клеткаларында ұрықтың дамуы мен одан
пайда болатын организмнің белгілерін алдын-ала анықтайтын материалдық
қүрылымдар бар деп санайды. Сондықтан жеке адамның дамуы соған байланысты
деп пайымдайды.
Америка ғалымдары Эдуард Торндайк (1874-1949), Джон Дьюи (1859-1952)
және басқалар да жеке адамның дамуын оның генімен тікелей байланыстырады.
Сондықтан баланың дене бітісі, ақыл-ой ерекшеліктері адамға туа бітеді деп
қарайды.
Бұл аталған бағыттар мен ғалымдар жеке адамның дамуын негізінен
биологиялық себептермен тусіндірсе, басқа ғалымдар бірінші кезекке қоғамның
рөлін қояды. Мәселен, оған утопиялық социализм негізін салушылар- ағылшының
гуманист — ойшылы Томас Мор 1478-1535 және италиян ойшылы Томмазо
Кампанелла 1568-1639 жатады. Олар жеке адамды дамытуда оны оқытып, білім
беру шешуші рөл атқарады деп дәлелдейді. Бұл процессті утопиялық
социалистер еңбекпен ұштастырады
Олардың бүл саладағы идеяларын XIX ғасырда А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн
сияқты утопист- социалистер қостады. Олар балалардың жан-жақты дамуы,
жарасымды жетілу тәрбиеге байланысты деп тұжырымдады. Еңбек пен тұрмыстың
адамгершілік нормалары адамның кәміл сеніміне, дағдысына, өмірлік қажетіне
айналуын қалады.
Кеңес өкіметі кезінде де тәрбие мәселесіне баса назар аударылып, шешуші
маңыз берілді.
Сөйтіп, жеке адамның дамуы мен қалыптасуына байланысты әртүрлі
көзқарастар бар. Әрине, бүл процесте түкым қуалаушылықтың рөлі барлығын
ғылыми жетістіктер дәлелдеді. Тіпті сыртқы пішініне қарап кейбір балалардьщ
ата-анасының кім екенін айтуға болады.Алайда оларға қабілеттің дамуына
қажетті табиғи мүмкіншілік ретінде қарап, одан әрі дамыту қажет. Оған
табиғи және әлеуметтік орта, тәрбие және адамның өзін-өзі тәрбиелеу жатады.
Сонымен, жеке адамның дамуы — күрделі процесс. Бала дүниеге келгеннен
оның басында белгілі бір идеялар мен көзқарастар, бойында адамгершілік,
белсенділік және басқа қасиеттер қалыптасып тумайды. Олар өсіп жетілу
барысында қалыптасады. Бұған саяси белсенділік процесі де жатады.
Батыс елдерінде саяси - әлеуметтік белсенділік мәселесі XX ғасырдың 50-
ші жылдарының аяғынан бастап, әсіресе Америка Құрама Штаттарында, жылдам
зерттеле бастады. Оған түрткі болған батыс елдерінің саяси жүйе
институттарының дағдарысы себеп болды. Өйткені олар жариядаған
демократиялық қүндылықтарды жас үрпақ өз еркімен қабылдап, бойларына
сіңіріп, басшылыққа ала қойғылары келмеді. Оның үстіне билік басындағылар
үйымдасқан жемқорлыққа ұрынды, постиндустриялдық қоғамда пайда болған жаңа
мақсат — мүдделерді қанағаттандыра алмады. Жеке тұлғалардың саяси жүйеден
шеттелуінің нәтижесінде билік институттарына сенімсіздік күшейді, сайлау
кезінде сайлаушылар арасында дауыс беруге қатыспаушылық өрістеді, ресми
билік етушілерге жаппай қарсы тұрушылық дамыды. XX ғасырдың 60-шы жылдары
батыс елдерінде саяси жүйенің іс-әрекетіне наразылық, оны қабылдамаушылық
күшейді. Үрпақтар арасындағы қақтығыс басталды. 70-ші жылдары негрлердің
және басқа нәсілдер өкілдерінің бас көтеруі, одан кейін соғысқа, ядролық
қаруды сынауға жаппай қарсы шығушылық, экологиялық, 80-ші жылдары
феминистік қозғалыстар дүниені дүр сілкіндірді.
XX ғасырдың 60-шы жылдары батыс елдері жоғары индустрияландырылған
немесе постиндустрияланған қоғамға аяқ басты. Елдегі жүргізілген жоғары
технологияның нәтижесінде білімде, мәдениетте, өмір салтында халықтың
құндылық жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды. Өндірісі дамыған елдерде
халықтың көпшілігі материалдық қажеттіліктерін толық дерлік өтеді. Бұл
процесс жаңа құндылықтарға әкелді, атап айтқанда жеке тұлғалар өзін-өзі
еркін көрсете алуға мүмкіндік туды, жағдайға қолайлы өмір сүретін орта
пайда болды, адам мен табиғаттың арасында үйлесімділік молайды, адамдар
арасында пікірлестік, тілектестік, ынтымақтастық күшейді. Бұрын жеке
тұлғаның табысы, оның жақсы түрмысы мен ауқаттылықты өмір құндылықтарының
алдыңғы қатарында түрып, адамдар байлыққа, молшылыққа жетуге тырысатын.
Енді бүл құндылықтар бұрынғы мәнін жойып, оның орнына жаңа субмәдениет
дүниеге келді. Соның нәтижесінде көптеген жаңа қоғамдық ұйымдар пайда
болды. Олар еңсесін көтеріп, дауысын шығарып, өздерін әлемге жария етті.
XX ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ-та пайда болған қозғалыстың бірі —
хиппи. Оған кірушілер негізінен билік басына жақын саясаткерлердің,
бизнесмендердің, адвокаттар сияқты ауқатты отбасынан шыккан жастар болатын.
Олар жеке тұлғаның өзін-өзі еркін көрсете алмауын, ол үшін үстемдік етіп
отырған саяси жүйенің жағдай жасамай отырғандығын, нәсілшілдік жағынан неше
түрлі алалаушылықтың және теңсіздіктің күшейгенін әшкерелеп, мүндай
көріністерге қарсы шықты. Олар өмірді өздерінше түсінді. Нақтылап айтқанда,
олардың ойынша, өмірде толық еркіндік болуы керек. Олар қоғамда қалыптасқан
қүндылықтарға, адамның өз-өзінің іоәрекетін, жүріс-түрысын үйымдастыруына,
реттеуіне, олардың молшылыкқа үмтылуына қарсы шықты. Өмірде үстемдік етіп
отырған адамгершілік, моральдық ережелер мен қүндылықтарды қабылдағылары,
оларға бағынғылары келмеді. Бүларға қарсы өздерінің жүріс-түрысының, өмір
түсінігінің үлгілерін ұсынды. Яғни олар шаштарын алдырмай, жалбыратып
өсіріп жіберуді жөн көрді, жыртық-тесік, жамап-жақсаған киімдерді киіп,
тілге өздерінше ерекшеліктер кіргізіп сөйлесті, нашақорлықпен айналысты.
Мүның бәрі Америка жүртшылығын, билік басындағы адамдарды алаңдатпай
қоймады. Қоғам, мемлекет өсіп келе жатқан жастарды саяси -әлеуметтік
жағынан тәрбиелеп, оларға белсенді бағыт-бағдар беруге қызу кірісті 19,
241-242. Содан бері ғалымдар бүл мәселеге ерекше мән беріп, оның мәнісін,
мазмұнын зерттеуге тырысуда.
Бүрынғы Кеңес өкіметі кезінде саяси әлеуметтік белсенділікке коммунистік
идеологияны басшылыққа алып, марксистік- лениндік революциялық идеяларға
алаңсыз берілгендік, қоғамдық өмір құбылыстарына таптық көзқараспен қарау,
Коммунистік партия ісіне адал болу, социалистік өмір салтьш қалыптастыру,
комунистік қоғам құру үшін аянбай еңбек ету, ұжымдық, мемлекеттік меншікті
дамыту, үлттар арасындағы айырмашылықтарды жойып, біртұгас совет халқын
қалыптастыру, осыған орай мәдениет орнату және т.с.с. жолында белсенді өмір
салтын күрып, өмір позициясын қалыптастыру деп түсіндірілді.
Адамның адам болып қалыптасуы, өзі сияқты адамдармен бірігіп өмір сүруі,
адамзаттың сан ғасырлар бойы тудырған ізгі қасиеттерін қабылдап, бойына
сіңіруі, оларды қорғап, қолдап, дамытып, жетілдіріп отыруы, жер бетінен
тіршіліктің жойылып кетерлік үшінші дүние жүзілік жойқын соғысты болдырмай,
жүздеген халықтарды ынтымақтастыққа келтіріп, экологиялық және басқа
аппаттарға жол бермей, оларға тосқауыл қоюға тырысып, жер бетіне өркениетті
даму жолын орнату өте күрделі де маңызды
процесс.
Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлығы, көмегі, тәрбиесінің нәтижесінде
ғана жас бала адам қалпына келіп, ақыл-ойын толықтырып, түлғаға айналады.
Өмірде әр түрлі себептермен кішкентай сәби балалар жыртқыш аңдардың
ортасына түсіп, солардың ортасында тіршілік еткендіктері тарихтан белгілі.
Солардың барлығында балалар адамдық қасиеттерінен айырылып, толығынан
жануарлар қатарына қосылып кеткен. Төрт аяқтап еңбектей жүгіріп, суды жұтып
ішуге үйренген, айналасындағы жануарлардың іоқимыл, әрекеттерін қайталап,
соларға еліктеген. Ал кезінде олардың да дені сау, еңбекке бейім, сөйлеу,
екі аяғымен тік жүріп кету мүмкіндігі оларда да болған ғой. Демек,
биологиялық факторлар мен себептер өз күшімен адамға адамдық қасиет, тағдыр
тудыра алмайды екен. Бір ғажабы олардың бірталайын адамдар ұстап, арнайы
күтіп, тәрбиелеп- бағып, үйретіп, адам қалпына келтірмек болған ғалымдардың
талпынысынан жөнді нәтиже шықпаған. Олар адам қоғамында өскен тұлғалардай
бола алмаған. Бұдан ғалымдар биологиялық тұқым куалаушылық тек таза
табиғатқа- генге байланысты екендігін, ал әлеуметтік тұқым қуалаушылық
ұрпақтан- үрпаққа, халықтан- халыққа, ғасырдан- ғасырға ұласып отыратынын
және ол өмір сүру, күнделікті іс- әрекет, тәжірибенің арқасында
ауысатындығын дәлелдеді. Демек, адам әзінің адамдық қасиеттерін өзі сияқты
адамдар арасында, қоғамдық ортада ғана қалыптастырып, дамытады, яғни "кісі
дегеніміз- бүл жаңа сападағы индивидтің, өзімен бірге іштей тумаған,
белгілі тарихи- мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-
психологиялық және моральдық қасиеттері қосындыларының иесі, ақиқат
болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі" 10,
180 6.1. Адам өзінен-өзі қоғамдық өмірге бейімделіп, араласып, сіңісіп кете
қоймайды. Бұл туралы кезінде мектептерде қызмет етіп, педагогикалық
еңбектер жазып қалдырған қазақтың майталман ақыны М.Жұмабаев: "Жер
жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз,
зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны
жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы туғанда іңгәлаған
айқайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Мінекей, адам баласы осылай өте
әлсіз боп туып, аса баяу өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп,
өсуіне көмек көрсетпей, яғни оған тәрбие қылмай болмайды, 11,13-14 б. -
деген.Ол үшін балны даярлау керек. Бұл процесті ғылыми тілде жас ұрпақты
әлеуметтендіру деп атайды. Мәскеудің шығарған "Қысқаша әлеуметтік
сөздігінде" оған мынадай анықтама берілген: "Әлеуметтендіру дегеніміз —
белгілі бір қоғамға, әлеуметтік қауымдастыққа, топқа тән мінез — құлық
үлгілерін, құндылықтарды, қалыптарды, нұсқаларды, іс-әрекет жасау үлгілерін
оқу, игеру арқылы тұлғаның қалыптасу процесі 22, 318 б.. "Әлеуметтену"
үғымына берілген мүндай анықтаманы басқа сөздіктерде де кездестіруге
болады13.
Алайда бұл анықтамамен профессор Г.М.Андреева келіспейді. Ол
"әлеуметтену" ұғымын кең ауқымда қарап, екі жақты процесс ретінде
сипаттайды. Бір жағынан бұл ұғым жеке адамның белгілі бір әлеуметтік ортаға
еніп, онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін білдірсе, екінші
жағынан ол өзінің белсенді іс-әрекетінің арқасында әлеуметтік қарым-
қатынастар жүйесін ұдайы толықтырып, жетіліп отырылуын қамтамасыз ете алуы,
әлеуметтік ортаға белсенді түрде қосылуы деп пайымдайды.
"Егер, - дейді автор, - әлеуметтену процесінің бірінші жағы -әлеуметтік
тәжірибені меңгеру — бұл ортаның адамға тигізетін ықпалын сипаттаса, онда
оның екінші жағы әлеуметтенген адамның өзінің ортаны өзгертуге бағытталған
белсенділігін танытады. Адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана
қоймайды, оны өзінің саналы өмірінде жаңа мазмүнмен толықтырады, қажетіне
пайдаланады'714, 334 6.1. Біздіңше, Г.М.Андрееваның дәлелі дүрыс сияқты.
Сонымен, әлеуметтену адамнан қоғамда қалыптасқан адамгершілік, салт-
дәстүр, әдет- ғұрып, мінез- кұлқын, қағидаларын, адамзат жасаған өмірлік
құндылықтар мен талғамдарды, рухани байлықтарды бойына сіңіріп, меңгеруін
талап етеді. Адам соған орай өзінің іс- әрекетін, жүріс- тұрысын, мінез-
құлқын бейімдеп, қоғам талабына сәйкес әрекет жасайды.Соның нәтижесінде
адам бойында өзінің мінез- қүлқын, істеген іс- әрекетін басқа адамдардың
сондай жасаған қылықтарымен салыстыру, соған байланысты баға беру, сөйте
келе өзінің кім, қандай екенін түсіну, яғни адамның өзін- өзі танып-білу
қабілеті жетіледі. Соған байланысты ол қоғамнан өз орнын табуға, оған
пайда келтіруге тырысады.
Жасөспірімнің қоғамдық қатынастар жүйесін танып- білуі, оның
әлеуметтеніп, тұлға ретінде қалыптасуы, Г.М.Андрееваның айтуынша,
біріншіден, іс-әрекет жасап, қызмет ету аясында, екіншіден, басқа
адамдармен ой алмасу, қарым-қатынастарда болу жағдайында, сондай-ақ,
үшіншіден, адамдардың сана-сезімінің пісіп-жетіліп өзіндік сана қалыптасу
жағдайында өтеді14, 335 6.1.
Өсіп келе жатқан жас баланы, өскелең үрпақ адамдар қатарына қосып,
сол қауымдастыққа кейін өзін еркін үстарлық дәрежеге жүзеге
асыруға тырысады, оның неше түрлі амалын, жолдарын, тәсілдерін іздестіреді,
соның ішінде тиімдісін таңдап алып, іске жаратады. Демек, адам іс- әрекет,
еңбек арқасында өзін- өзі дамытып, жетілдіреді, өмірде өз орынын табуға
мүмкіндік алады.
Жас ұрпақты әлеуметтендіруге үлкен әсер ететін екінші сала-тілдік
қатынас. Ол адамдардың бір- бірімен түсінісу қүралы. Тіл арқылы адамдар
пікір алмасып, пікір таластырады, қоғамда қалыптасқан адамгершілік
принциптерін игереді, адамзат жасаған құндылықтар мен тағылымдарды
бойларына сіңіреді, өзін- өзі ұстауды, қоғамдық өмірге саяси белсенді
араласуды үйренеді. Тілдің арқасында жас балалар оқып, білім алады, дүниеде
не болып, не қойып жатқанын естіп біледі, ой өрісін кеңейтіп, санасын
толықтырады, айналада болып жатқан қоғамдық- саяси оқиғаларға баға береді.
Тіл тек қатынас құралы емес, сонымен бірге, ол әр халықтың тарихы, оның
өмірін, тіршілігін, шаруашылығы мен мәдениетін білдіреді.
Жоғарыда көрсетілгендей, жас ұрпақты әлеументтендіруде айтарлықтай орын
алатын үшінші сала- адамдардың сана-сезімінің жетілуі, олардың өзін-өзі
тануы, өзіндік санасының қалыптасуы. Сананың негізінде білім жатыр. Білімді
тудырып, дамытқан танымдық ізденіс, бір нәрсені білуге, ұғынуға деген
талпыныс, қүштарлық. Адам өзін объективтік дүниеден бөле қарап, өмірге
өзінің қатынасын, іс- әрекетін, ойлары мен сезімдерін, мақсат- мүдделерін
түсініп және оларға баға бергенде, өзін тұлға ретінде үғынғанда, өзін- өзі
түсініп біледі 15, 418 б.. Өзіндік сана арқылы адам өзін- өзі танып кана
қоймайды, өзінің істеген іс-әрекетін ой елегінен өткізіп, оған баға береді,
өзін басқа адамдармен салыстырады. Адам өзін- өзі сезініп, білгеннен кейін
өмірдегі алатын орнын іздейді, ұжымның, әлеуметтік тобының, ұлтының мақсат-
мүдделерін сезінеді.. Солардың негізінде оның қоғамдық сана- сезімі оянады.
Өзіндік сананың дамуы арқасында адам өзін көрсеткісі келеді,
жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінеді, соларды сақтап, одан әрі дамытып,
белсенді өмір позициясын білдіріп, саяси- әлеуметтік белсенділік танытады.
Сайып келгенде, көптеген қоғамдық қатынастардың ішінде
жоғарыда көрсетілген үш сала адамның адам болуына, қоғамдық
өмірге енуіне, рухани жан- дүниесінің дамуына, саяси тұлға ретінде
қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар жас жеткіншек
белгілі бір жерде, тарихи дәуірде, әлеуметтік және этникалық
ортада өседі, оқу оқып, тәрбие алады. Соның бәрі жинақтала келе
адамның болмысын байытып, өзіне тән мінез- құлқын,
адамгершілік қасиеттерін, қайталанбас жан – дүниесін қалыптастырады.
Саяси-өлеуметтік белсенділік саяси өлеуметтенудің нөтижесі болып
есептеледі. Сондықтан да автор саяси әлеуметтену ұғымының мазмұнын ашуға
үлкен көңіл бөлген. "Саяси өлеуметтену" үғымы 50-жылдары Г. Хайманның
зерттеулерінің арқасында ғылыми айналымға енді 16, 714 б..
Осы кезге дейін Батыс ғалымдары өлеуметтенуді зерттеуге арналған
социология мен психологиядағы зерттеу стратегиялары қүрылып, мынадай
үлгілер жасалған болатын:
І.Әлеуметтену инкультурация ретінде
2.Әлеуметтену жеке бақылаудың дамуы ретінде
З.Әлеуметтену түлғааралық қатынастың нәтижесі ретінде
4.Әлеуметтену рольдік жаттығу ретінде
5.Әлеуметтену әлеуметтік үйрету ретінде
б.Әлеуметтенудің когнитивтік моделі 17, 28-37 б..
Саяси өлеуметтенуді зерттеу осы үлгілердің өр түрлі қосылыстары
негізінде дамыды.
Түлғаның саясат әлеміне енуі туралы саяси зерттеулер қазіргі кезеңде екі
бағытта дамып отыр. Біріншісі дөстүрлі саяси теориядан бастау алатын
институционалды талдау бағыты. Бүл бағытта сипаттамалық өдістер мен
мәселенің философиялық және тарихи жағына басым. Ал екінші бағытқа іс-
өрекет немесе бихевориалдық бағытты жатқызуға болады.
Ал енді саяси әлеуметтену үғымы туралы анықтамалар да оның әр түрлі
қырын ашуға бағытталған. Г.Алмонд саяси өлеуметтенуді "индивидтің саяси
мөдениетке кіріспесі" деп есептейді18.
Ресей ғалымы Г.Б.Шешукова саяси өлеуметтену мазмүны жағынан үрпақтан
үрпаққа қүндылықтар, нормалар, іс-әрекет үлгісін беру процесі деп
есептейді. Сонымен бірге саяси әлеуметтенуді өлеуметтік бақылаудың бір түрі
ретінде қарастырады19.
Америкалық саясаттанушы Ф. Гринштейн саяси әлеуметтену үғымын мына
жағдайларда қолдануға болады деп есептейді:
І.балалардың саяси бағдарын зерттеу барысында;
2.қоғамдағы басым нормалар мен ережелерді зерттегенде;
З.әр түрлі саяси теориялардың азаматтардың өмірінің өр түрлі
кезендеріне әсерін зерттегенде;
4.әлеуметтендіру институттарының қызметіне бақылау жасаған кезде19.
Сонымен саяси өлеуметтену саяси қүндылықгарды қабылдау, саясаттағы
"ойын ережесімен" танысу және соған сай іс-өрекет ету немесе оны өзгертуге
үмтылу. Саяси өлеуметтенудің нөтижесінде түлға қоғамдағы басты идеяны
жүзеге асырушыға

бастайды. Қоғамды дамытудың прогрессивті идеясын жүзеге
асырушыны біз саяси-әлеуметтік белсенді тұлға деп атай аламыз.
Сонда саяси- әлеуметтік белсенділік дегеніміз не деген сүрақ туады.
Кеңестік кезеңдегі зерттеулерде саяси-әлеуметік белсенділікті қоғамдық
жүмыстармен тығыз байланыста зерттеді, бірақ саяси еркіндік, демократиялық
жүйедегі белсенділіктің мақсаты мен нәтижелері қарастырылмады20, 5-19 б..
Ал нарықтық қатынастар мен демократиялық қайта қүрулар кезеңіндегі саяси-
әлеуметтік белсенділіктің мазмұны толық ашыла қойған жоқ.
"Саясаттанудың энциклопедиялық сөздігінде" көрсетілгендей, "саяси-
әлеуметтік белсенділік деп әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың саяси,
әлеуметтік- экономикалық тәртіпті немесе институттарды жетілдіруге,
өзгертуге байланысты атқарған іс-әрекетін айтады" 21, 259 б.. Алайда
адамдар өзі өмір сүріп отырған қоғамдық құрлысты жетілдіру, өзгерту үшін
ғана емес, оны сақтап қалу үшін де саяси- әлеуметтік белсенділік көрсетуі
мүмкін. Бұл пікір аталған энциклопедияда көрсетілмесе, келесі сөздік оны
толықтырған. Онда оған мынадай анықтама беріліпті: "Саяси- әлеуметтік
белсенділік- адамдардың немесе саяси- әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің
өмір сүріп отырған қоғамдық өмірдің әлеуметтік және саяси құрлымын сақтауға
немесе өзгертуге бағытталған саналы, мақсатты тіршілік әрекетінің көрінісі"
22,15 б.. Алайда, біздіңше, профессор В.Ф.Халиповтың редакциясымен шыққан
"Саясаттану сөздігінде" берілген анықтама дұрысырақ сияқты. Онда: "Саяси
белсенділік- тұлғаның, топтың, әртүрлі саяси күштердің белгілі бір
әлеуметтік- экономикалық және саяси мақсаттарға жетуге бағытталған табанды
іс- әрекеті", 23, 9 б.-делінген. Мұнда саяси- әлеуметтік белсенділіктің
мәні ашылып берілген.
Саяси белсенділік ұғымы кең және тар мағынасында қолданылуы мүмкін. Кең
мағынасында саяси билікке қоғамды революциялық өзгерістерге, оны
реформалауға бағытталған іс-әрекеттер жатады. Оған заң қызметін өзгерту,
нәсілдік және әлеуметтік ескі үғымдарға қарсы күресу, саяси және діни өз
еркін білдіру және т.б. кіреді.
Жеке деңгейде саяси белсенділік деп жеке адамның саяси процестерге
белсенді қатысуға тырысуы, өзінің саяси қүқықтары мен мүдделерін қорғауға
және оны кеңейтуге бағытталған тіршілік әрекетінің жиынтығын айтады.
Саяси- әлеуметтік белсенділік қоғамдық белсенділіктің бір түрі. Ол
адамдардың білімінің, қабілетінің, әдеті, мақсаты, мүддесінің
мүмкіндіктерінің жүзеге асу деңгейін бейнелейді. Саяси- әлеуметтік

жатады. Саяси белсенділік- адамның өмірлік позициясы. Ол оның іс-
әрекетінің табандылығында, өз көзқарасын дәйекті түрде қорғауында
байқалады.
Саяси- әлеуметтік белсенділік білдіргенде азаматтар, партиялар, лидерлер
қоғамның мүддесіне сай келетін, оны одан әрі нығайтатын және
тұрақтандыратын конструктивті іс- әрекеттер жасауы мүмкін. Сонымен қатар
саяси- әлеуметтік белсенділік қоғамдық- саяси өмірдің шырқын бүзар
антидемократиялық, үлтшылдық, шовинистік, сепаратистік, экстремистік және
тағы басқалар сияқты кертартпа идеялар мен әрекеттерді дамытуға да
бағытталуы мүмкін. Сондықтан қоғам мен мемлекет жеке түлғаның саяси-
әлеуметтік белсенділік таныту мәселесінде бей- жай қалуы тиіс емес. Олардың
мақсаты- конструктивті, игілікті саяси-әлеуметтік белсенділікті қолдау және
дамыту болып табылады. Өйткені, ол- қоғамдық дамуды жылдамдататын шешуші
күш. Ал жоғарыда көрсетілгендей, кертартпа идеялар мен іс- әрекеттерге дер
кезінде тойтарыс берілуі керек.
Саяси белсенділік жеке адамдардьщ мемлекеттік және қоғамдық үйымдардың
жұмысына қатысу дәрежесімен де айқындалады. Оның сипаты қоғамның саяси
жүйесімен және саяси режимдермен тікелей байланысты. Тоталитарлық және
авторитарлық жүйелер мен режимдерде бүқараның саяси белсенділігі төмен
болады, билік жүргізушілердің ырқына бағынышты болғандықтан саясатқа
немқүрайды қарап, саяси енжарлыққа душар болады. Тек демократиялық саяси
жүйе мен режимде ғана адамдардың шынайы саяси белсенділігі жүзеге асады.
Саяси белсенділіктің екі түрлі мәні бар: біріншісі- жасампаздық саяси
белсенділік. Ол саяси жүйені өркениетті дамуына бағытталған: екіншісі-
қиратушы, теріс саяси белсенділік. Оған қазіргі кезде ғаламдық деңгейде
қалыптасып отырған терроризм, экстремизм жатады. Бүгінде терроризм адамзат
тағдырына қауіп төндіруде. Әртүрлі діни сенімдер мен топтық мүдделерді
бүркеніп саяси жүйенің дамуына, демократиялық құндылықтардың қалыптасуына
тосқауыл жасауда.
Саяси белсенділіктің түбегейлі мақсаты-азаматтық қоғамды қалыптастыру.
Саяси белсенділіксіз азаматтық қоғамды орнату мүмкін емес. Мүның өзі біздің
ізгі мүратымыз. Бүл жөнінде тәуелсіздігіміздің қүқықтың негізі болып
табылатын, саяси жүйенің негізгі мақсаттары түжырымдалған Ата заңымызда
"Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып, өзімізді
еркіндік, теңдік және татулық мүраттарына берілген бейбітшілік азаматтық
коғам деп үғына отырып ... қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жауапкершілікті сезіне отырып, осы
20

және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған тең дәрежеде
танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және
азамат құқықтарының кең ауқымды және бір тұгас кешенін, отбасын, ата-ананы
және баланы мемлекеттің қорғауын, идеологиялық және саяси әр алуандылықты
және тағы басқа да Конституцияда бектілген қазақстандық азаматтық қоғамды
ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады (Конституцияның тиісті
бөлімдері мен баптарында атап көрсетілген).
Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары" (I бөлім, Ібап) тұжырымдалған. Осыған жетер жолда саяси
белсенділіктің алатын орны мен маңызы зор.
Саяси белсенділіктің рухани негізі — саяси мәдениет. Саяси мәдениетті
қалыптастырмайынша қоғамның алуан түрлі топтарының, әлеуметтік жіктерінің,
ұлттық қауымдастықтардың саяси белсенділігін жүзеге асыруға болмайды. Бұлар
бір — бірімен тығыз диалектикалық байланыстағы құбылыстар. Ал, саяси
мәдениет отбасынан бастап, балалар бақшасы, мектеп, орта және жоғарғы оқу
орындарында, еңбек ұжымдарында қалыптасады.
Сонымен біз саяси- әлеуметтік белсенділіктің мәнін аштық. Сонда сол
белсенділіктің қозғаушы күші неде? Адамдар бір жағдайда өзінің саяси-
әлеуметтік белсенділігін танытса, басқа жағдайда енжарлығын білдіреді.
Мұның мәнісі неде?
Мұның мәнісін түсіну үшін "ерік", "жігер" ұғымына жүгініуіміз керек.
Әдетте "ерік" туралы сөз болғанда оны өзіңді бағындыру, мінез- құлқыңды
меңгеру деп түсіндіреді. Олай айтуға негіз де бар. Бірақ ерік, бір жағынан,
құштарлықты қажеттілікке көндіріп, соған бағындырса, екінші жағынан, ол
тұлғаның белсенділігін арттыруға қызмет етеді. Мәселен, шаршап тұрсаң да
бір нәрсені істеу қажет болса, өзіңді- өзің соны істеуге мәжбүр етесің.
Немесе таңертең ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабақ немесе
жұмысқа кешікпеу үшін тұру керек. Соны түсінген адам өзін- өзі көндіреді.
"Ерікті" ("воля") қазақта "жігер", "қайрат" деп те айта береді. "Қайрат"
сөзін Абай жиі қолданады. Сол сияқты Ж.Аймауытовта "қайрат" сөзін ерік
ұғымында пайдаланып, былай дейді: "Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін
екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей аман етуге үмтылу"
25, 4316.. Яғни ерік, жігер, қайрат-белсенділіктің қозғаушы күші.
И.П.Павлов ерікті "еркіндіктің инстинкті" деп қараған. Өйткені жігерлі
тұлғаның белсенділігі үшін аштық пен қауіп инстинкті кем түспейтін
стимул. "Ол болмаса,-
21

"Еркіндік инстинкті" жолда кездескен қиындықтар мен бөгеттерді жеңуге
себепші болады. Сондықтан белсенділіктің мазмұнын "еркіндік инстинктінің"
көрінісі деп қарауға болады. Белсенді тұлғаның бірқатар қасиеттері ерік,
жігермен тығыз байланысты. Мысалы, шешім кабылдағанда дербестік пен
жауапкершілік болуы керек. Ол шешімді орындауға батылдық, табандылық,
қажырлылық көрсету керек.
Табиғат пен қоғам заңдылықтарын құр сезім арқылы ашуға болмайды. Оған
ақыл арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан жігерді ақылға жеңдіру керек.
Тұлғаның еркін дамуы үшін табиғат пен қоғамның заңдылықтарын танып білу
және өзінің ойы мен сезімін соларға сәйкестеу жеткілікті емес. Сонымен
қатар ол алдына, ұлттық мүддені ескере отырып, жоғары жалпыадамзаттық
қазына, құндылықтарға сай келерлік мақсат, мүдде қойып, сол жолда
табандылықпен күресіп, саяси- әлеуметтік белсенділік танытуы керек.
Саяси- әлеуметтік белсенділік әрқилы деңгейде көрініс беруі мүмкін. Оны
жоғары, орташа, төмен дәрежедегі белсенділік деп бөлуге болады. Жоғарғы
деңгейдегі белсенділікке өзіне де, өзгеге де жоғары талаптар қойып,
қоғамдық, жалпыадамзаттық мүдделерді биік санап, саяси- әлеуметтік жұмысқа
шығармашылық тұрғысынан қарап, іс- әрекет жасау жатады.
Орта дәрежедегі белсенділік өз ісін өзі білетін, өзінің үйреншікті
әдетін күнделікті кайталап, орындайтын, тапсырған істі ұқыптылықпен
орындайтын жеке тұлғаларға тән. Бұлардың өмірде өз белсенділігі болғанымен,
шығармашылар, ізденімпаздар, жасампаздар емес, катардағы орындаушылар.
Жалпы алғанда қоғам мүшелерінің негізгі бөлігі өмірге, іске осылай қарап,
тапсырманы, қызметін адал орындап, орта дәрежелі белсенділік білдіреді.
Төменгі дәрежедегі саяси- әлеуметтік белсенділік білдіретін адамдардың
да өз көзқарастары, позициялары бар. Оларды өз кезегінде бірнеше топқа
бөлуге болады. Біреулері белсенді болуға мүмкіндіктері бар, белсенді
болғылары да келетін, бірақ сол мүмкіндігін іске асыра алмайтын керенау,
еріншектер кездеседі. Олар кейде белсенділіктің жолын таппайды, іздене де
қоймайды, оған жетуге жігері жетпейді, мойны жар бермейді. Екіншілеріне
қоғамдық, ұжымдық мүддені теріс түсінетін, олардың алдына қойған
стратегиялық мақсатына, сол жолда атқарып жатқан іс-әрекетіне сенбейтін,
өзімшіл, демагог, мансапқорлар жатады. Үшіншілері қоғамда жасалып жатқан
реформаларға, өзгерістерге қарсы шығып, қолынан келгенше кедергі жасағылары
келетіндері де кездеседі.
22

оның саяси іс-өрекетінің мақсатын анықтайды. Мақсат анықталған соң оған
жетудің жолдары қарастырылады. Міне осы кезден бастап тұлға мақсатына жету
үшін белсенділік танытады немесе өз мақсатына жете алмайтындығы туралы
пікір кдлыптасқан жағдайда бей-жайлық таныта бастайды. Саяси сана бір-
бірімен тығыз байланысты екі бөліктен тұрады: теориялық жөне әдеттегі.
Теориялық деңгейдегі саяси сана идеологиядан жөне саяси ғылымнан тұрады
жөне ол саяси процестердің заңдылықгарын ашуға және саяси идеологиялардың
қалыптасуына әсер етеді. Әдеттегі немесе күнделікті саяси сана эмпирикалық,
саяси білім, саяси салт-дәстүрден жөне саяси психологиядан тұрады 27, 113-
115 6..
Гердер саяси сана мен саяси белсенділік саяси мөдениеттің күрамдас
бөлігі деп есептейді 28, 12 б.. Өз кезегінде қоғамдағы өр түрлі
әлеуметтік топтардың саяси мөдениеті саяси белсенділіктің шекарасын
анықтайды. Ф.Бурлацкий мен А.Галкин "саяси мөдениет- бүл қоғамдағы әр түрлі
топтар мен индивидтердің билік пен саясат туралы білім деңгейі мен
көзқарастары жөне осылармен анықталатын саяси белсенділігінің дөрежесі"
-деп есептейді29, 174-197 б..
Қазақстандық зерттеуші Г.Уранхаева белсенділіктің дөстүрлі жөне дәстүрлі
емес ресурстарына көңіл бөлген. Белсенділіктің дәстүрлі түрі табыс
көлеміне, біліміне, өлеуметтік дәрежесіне байланысты болса, ал дәстүрлі
емес ресурстарға жас мөлшеріне байланысты белсенділікті жатқызады30, 67
б..
Әдетте саяси- әлеуметтік белсенділікті зерделегенде зерттеушілер оның
жоғарыда көрсетілгендей, ең алдымен еркіндікпен байланыстырады. Адам үшін
еркіндік- мақсат. Сондықтан ол алдына әрқашан мақсат қойып, соған жетуге
тырысады. Өмірдегі түрлі оқиғаларды осы басты өлшемге бейімдейді,
жұмылдырады. Соған жету жолында әрекет жасайды, бар жігерін жұмылдырып,
қайрат қылады. Ол үшін, Абай айтқандай, адамға мінез керек. Бұл жөнінде
данышпан Ақын; "Қылам дегенін қыларлық, түрам дегенде түрарлық, мінезде
азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайратты болсын! Бүл бір
ақыл үшін, ар үшін болсын!" 31,70 67-деген.
Алға мақсат қою өмірде болуға тиіс бірнеше мүмкіндіктердің ішінен
біреуін таңдауды және оны саналы турде шешуді, іске асыруды талап етеді.
Сондықтан мақсат қою еркіндікпен, белсенділікпен, шығармашылықпен тығыз
байланысты.
Алға қойған мақсатқа әртүрлі жолмен жетуге болады. Жолда кездескен
адамдарды басып -жаншып, немесе оларды қойған мақсатқа жетудің құралы
ретінде пайдаланып та жетуге болады. Алайда бүл
23

өлшемі қандай деген сауал туады. Ол үшін адамның жасаған іс-әрекетінің
адамгершілік, жалпы адамзаттық мәні болуы керек. Оның түпкі негізі адамда
туа біткен ұяттық сезімде болса керек. Бұл туралы Абай: "...ұят қылық
қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз нысабың өзіңді сөккен
соң, іштен ұят келіп, өзіңе жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі
бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар
ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін-өзі өлтіретұғын кісілер де
болады. ¥ят деген адамның өз бойындағы адамшылығы'731, 77 67 .
¥ят сезімінен өзін-өзі бағалау ретінде ар-ұждан, өзіңнің күнәңді түсіну
туындайды. Ар- ұждан өкініш пен біреудің қайғысына ортақтасу қажеттілігіне
әкеледі. Бұдан келіп адамның адамгершілік тұрғысынан өзін- өзі жетілдіру
және басқа адамдармен тілектестік, ынтымақтастықта болуға тырысушылық
сезімдері оянып, қалыптасады.
Адамның дамуы үшін ең қолайлы жағдайды жасайтын-сүйіспеншілік.
Күнделікті қажырлы еңбек арқасында біте қайнасып, басқа адамдармен қоян-
қолтық өмір сүрудің нәтижесінде адам адамды сүюге үйренеді. Өзіңнен басқа
адамдарсыз өмірді көңілге қондырып, көзге елестету де қиын. Сондықтан да
болар казақ "адамның өмірі адаммен " деген.
Біз жоғарыда адамның саяси әлеуметтік белсенділігі еркіндікпен
байланысты дедік. Еркіндік адамды өзіне- өзін аштырады, өзінің "МЕН"-ін де
көрсетеді. "МЕН" басқа адамдармен қатынассыз, өзімен өзі, жападан жалғыз
еркін бола алмайды. Өйткені онда ол басқа адамдардан, қоғамнан шеттелуі
мүмкін. Ал жеке тұлға адамзаттың рухани тәжірибесін елемей, ескермей,
онымен қатынасқа түспей тұра алмайды. Оған қоғамда қалыптасқан дәстүр,
оқыған кітаптары, өнер жетістіктері және т.б. әсер етеді. Сондықтан өзіңнің
даралығыңды қалыптастырып, бекіту басқа адамдардың да өздерін жеке тұлға
ретінде бағалауын, санауын, мойындауды, сыйлауды білдіреді.
Саяси- әлеуметтік белсенділік жөнінде сөз болғанда қоғамдық және жеке
деңгейге тоқталмауға болмайды. Себебі белсенділіктің дамуының өзі жеке
тұлға мен қоғам арасындағы қайшылықты шешуге байланысты. Сондықтан әрқашан
осы екі құрылымды үйлестіру, қандай қоғамдық жүйе тұлғаның саяси-әлеуметтік
белсенділігін ашып, арттыруға мүмкіндік бере алу мәселелері ғалымдарды
бағзы заманнан толғандырып келеді. Үжымдастырудың қай түрі болмасын қоғамды
тұтас, түгелімен ұйымдастыруға, оның каржысын ортақ мақсатқа бағындыруға
тырысады. Ол өзін-өзі билеудің ешқандай түріне жол бергісі келмейді.
Қоғамдық өмірде адамдар шын мәнінде кұндылықтың бір түрін таңдап
отырады. Ол адамның іс-әрекетіне белсенділік береді. Қайсы
24

мүлкі болып саналатын жерде шешімдер қабылданғанда "қоғамдық ықпал"
басымдық етері анық. Өндіріс қатаң ортақтандырылған елде өзінің жеке
мақсатына жету құралдарын таңдағанда адам мемлекетке бағынышты болып
қалады. Өйткені мемлекет өзінің басым бағыттарына сәйкес нені, қаншалықты
мөлшерде өндіру, кімге қанша игілік беру керектігін анықтайды. Мұндай
жағдайда түтыну заттарын, мамандық, жұмыс, тұратын мекен таңдау аясы да
тарылады. Бүл өз үғымына сай өмір сүретін заңмен қорғалған адамньщ жеке
өмірінің өрісі шайылып, жойылуын білдіреді. Жеке адам қалыптасқан жағдайға
икемделуге мәжбүр болады. Адамның бойын, ойын енжарлық, керенаулық билейді.
Мемлекеттік құрылымдардың осылай жеке түлғаны "жұтып қою" процесі
тоқталмай, өрістей берсе, ақырьшда тоталитарлык қоғамның қүрылуына әкеледі.
Онда түлғаның дербестігіне орын болмайды .
Егер қоғам немесе мемлекет жеке адамнан жоғары қойылса, олардың мақсаты
түлғаны дамытуға қайшы келсе, онда олардың қоғамдық мүддемен сәйкес келетін
мақсаттары ғана шындық ретінде саналады. Яғни жеке тұлға бір топқа жатып,
өзін сол топтың мақсат-мүддесіне бағындырғанда ғана көзге ілінеді.
Сондықтан ұжымдық философияда қандай болсын өркениеттіліктің жемісі болып
саналатын гуманистік кұндылықтар өгей баланың күнін кешеді.
Әлбетте адамзат қоғамы дамуының алғашқы сатыларында ұжымдық өмірдің
маңызы зор болды. Себебі жыртқыш аңдар мен дұшпан тайпалар қоршаған ортада
жалғыз адам тірлік ете алмас еді. Алайда ол кез өте алыста қалды. Қазіргі
заман мүлде басқа. Керісінше, енді адамдар дараланып, өзінің тұлғалық
ерекшелігін, белсенділігін көрсеткісі келеді. Әрине, бүгін де жеке тұлға
көпшіліктен бүтіндей қол үзіп, жападан жалғыз күн кеше алмайды. Ол үшін
үжымдық мақсат пен жеке адамның мүддесі ұштасқанда ғана тұлғаның саяси-
әлеуметтік белсенділігіне толық жол ашылады, мүмкіндік туады. Демек, жеке
тұлғаның еркіндігі қоғамның барлық өмірін бағындыратын қандай бір мақсаттың
басымдылығымен сәйкес келмейді. Қоғамдағы моральдық принциптер жеке тұлға
еркін болғанда, олар өз беттерімен шешімдер қабылдауға мүмкіншіліктері
болып, сол принциптерді сақтау үшін өз еріктерімен жеке пайдасын
күрбандыққа шалғанда ғана қызмет ете алады.
Ал мүның бәріне адам бірден жете қоймайды. Ол үшін жоғарыда
айтылғандай, саяси әлеуметтенуі керек.
Адамдардың саяси әлеуметтенуі туралы кең тараған болжам — пікір
жасағандар америкалық саясаттанушылар Д.Истон мен Дж.Деннис. Олар "саяси
қолдау" атты теорияны ойлап шығарды. Олардың ойынша, саяси жүйе адамға оның
әр түрлі өмір кезеңдерінде (жастығында, бозбала кезінде, ересек
шағында) саяси өзін-өзі
25

еркімен қабылдайды. Саяси жүйенің мұндағы мақсаты - тұлғаның үстемдік
етіп тұрған жүйеге оң бағдар ұстауын қамтамасыз ету.
Д.Истон мен Дж.Деннис " Балалар және саяси жүйе" деген еңбегінде ұнамды
бағдар қалыптастыруда адамның бала кезінде бойына сіңірген саяси әлеуметтік
үстанымдары үлкен рөл атқаратындығын атап көрсетеді. З.Фрейд сияқты олар да
жас кезінде бойды билеп, санаға сіңген сезімдер кейін пайда болғандарға
қарағанда қиынырақ ығыстырылады және өзгереді деп санайды. Баланың (үш
жастан бастап) саяси әлеуметтенуін олар саяси дамудың жүйелі алмасатын
кезеңі, сатысы ретінде қарайды. Соның нәтижесінде саяси жүйеге үнамды, оң
бағдар қалыптасады. Американың саяси жүйесінде баланың санасында билікке
деген сенім ұялауына президент пен полиция қызметкерлері ерекше рөл
атқарады. Өйткені оларды жас балалар теледидардан жиі көреді және тез
таниды.
Д.Истон мен Дж. Деннис саяси жүйенің көзге көрінетін атрибуттарының,
атап айтқанда президентке, полиция қызметкерлеріне, мемлекеттік жалау мен
елұранға қатынастарын анықтау үшін 12 мың американдық балаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси-әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру процесі
Оңтүстік Қазақстан облысындағы саяси қатыныстар жүйесіндегі саяси мәдениетке тән сипаттар
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Құқықтық мәдениеттің түсінігі және түрлері
Танымдық - қүқықтық мәдениет теориясын дамыту
Құқықты түсіну
Сабақ беруде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Қазіргі заман жастарының рухани-адамгершілік құндылық мәселесінің өзектілігі
Халықтың құқықтық санасы
Пәндер