Қытай және Жапония арасындағы сауда - экономикалық қатынастары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ЖАПОНИЯ МЕН ҚЫТАЙ ШЫҒЫС АЗИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ ОЙЫНШЫЛАР

1. 1 Шығыс Азиядағы саяси жағдай

1. 2 Жапон - қытай қатынастарының қалыптасу тарихынан

2. ЖАПОН-ҚЫТАЙ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ

2. 1 Екі жақты экономикалық ынтымақтастық.

2. 2 Жапония мен Қытай арасындағы инвестиция саясаты

2. 3 Қытай мен Жапония арасындағы ортақ кәсіпорындар

2. 4 Шығыс Азиядағы экономикалық бәсекелестік

3. ЕКІ ЖАҚТЫ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

3. 1 Қауіпсіздік мәселесі

3. 2 Қытай - Жапония қатынастарындағы Сенкаку мәселесі

3. 3Тарих интерпритациясының негізінде Қытай мен Жапония арасындағы келіспеушіліктер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономика мен саясатта болған ірі көлемді өзгерістер, идеологиялық нұсқауларға негізделген жүйенің күйреуі және әлі де анық сипаты берілмеген «Жана әлемдік тәртіпке» өту Жапония мен Қытай арасындағы қарым - қатынас тақырыбының өзектілігін арттырады. Елдер арасындағы өзара тәуелділік пен әлемдік экономикадағы жаһанданудың өсуінің жалпы тенденциясын көрсететін интеграциялық қозғалыс 90-жылдарда жаңа сапаға: идеологиялық кедергілерден тазарып, әлемнің әртүрлі аймақтарда өсу қарқынына ие болды.

Жапонияда «ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» концепциясы жасалынды. Әлемде және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату бұл концепцияның негізгі бөлімінің бірі болды. Осыған орай жапон саясаттанушылары ҚХР-мен байланыстарын орнатып, жан - жақты дамытуға көп көңіл аударды. Өйткені ҚХР әлемдегі әскері жағынан алдыңғы қатарда тұратын, сонымен қатар ядролық қаруы бар ел болып саналады. Қытай мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауы, екіжақты байланыстар дамуының алғашқы қадамы болды.

Соңғы жылдары ҚХР-н зерттеуші әлем елдері мамандары арасында ХХІ ғасырда Азия аймағындағы көшбасшылыққа қол жеткізу жолындағы қытай-жапон қатынастарындағы стратегиялық бәсекелестікке қатысты қызу талқылаулыр жан - жақты жүруде.

Шынымен де, Қытай мен Жапония қатынастарын әр қырынан сипаттауға болады. Саяси - әскери күші жағынан Токио Пекиннен артта қалады. Қытай ядролық держава, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып, әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуде толықтай өзіндік сыртқы саясат бағытын ұстанады. Бірақ, экономикасының дамуы жағынан Жапония Қытайдан әлдеқайда көш ілгері. ҚХР және Жапония арасындағы тығыз сауда - экономикалық қатынастар өз кезегінде екі елдің экономикалық тұрғыда бір - біріне тәуелді екенін көрсетеді. Екі мемлекет те бұл жағдайдан әрқайсысы өзіне тиесілі пайдасын алуға, сонымен қатар экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысуда. Алайда, бұл формула тек экономикалық қатынастары тұрақты болған жағдайда ғана іске асады. Егер қатынастары тұрақтандырылмаса, өзара келіспеушіліктердің пайда болуына әкеледі. Қазіргі таңда, Жапония мен Қытай байланыстарында дәл осындай жағдай орын алуда. Жапон - қытай байланыстарының жақсаруы екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың дамуына алып келді. Қазіргі таңда екі Шығыс азиялық гиганттардың экономикасы қарама - қайшы сипатта: Жапонияға экономика стагнациясы мен тұрақты дамыған экономикадағы тежеулер тән, ал Қытай керісінше, экономикалық даму үстінде.

Жапония мен Қытай арасындағы сыртқы қатынастар 90-жылдардан бастап маңызды қоғам салаларында: саудада, экономикада, саясатта жоғарғы көрсеткіштерге жетіп отыр. Қытайдың жаһандану үрдісіне тартылуы жапон өндіріс жүйесінде Қытайды бәсекелес елге айналдырды. Екі ел арасындағы сауда және инвестициялық қарым - қатынастың дамуы Қытайдағы жапон бизнесінің стратегиясы мен мақсатының сипатын өзгертті.

ХХ-ХХІ ғасырларда жапон - қытай экономикалық қарым қатынастарында елеулі өзгерістер байқалды. Елдер арасындағы одақтастық жай сауда қатынасынан асып түсті. Қазіргі уақытта Қытайда шарушылықтың дамуына үлес қосатын жапон өндірістік базасы құрылды және елді «әлемдік фабрикаға» айналдырды.

Қытайдың экономикалық және әскери потенциалының өсуі, Қытай -Жапон қатынастарындағы қайшылықтарды туындатуы мүмкін. Мысалы, екі ел арасындағы тарихи тәжірибе мен екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапонияның рөлі, Тайвань мәселесі, территориялық келіспеушіліктер, Қытай қарулы күштерінің модернизациясы, Қытайдағы ядролық сынақтардың өткізілуі және т. б. мәселелер бірден - бір әсерін тигізбей қоймайды. Алайда, бұл қайшылықтарға қарамастан Пекин және Токио бір - біріне сыртқы экономикалық саясаттың маңызды факторы, сонымен қатар аймақтағы саяси және экономикалық жағдайға маңызды әсер етуші күштер болып қалады.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамсыз етудің құралдары да өзгерді. Оған әсер еткен факторлар: Қытай экономикасының дамуы мен оның бәсекеге қабілеттілігінің артуы; шетелдегі Қытай капиталының экспансиясы; ішкі шикізаттың жетіспеуі, ең алдымен энергетика саласында; Қытайдың нарықтық-демократиялық қауымдастықта «өзіндік», ал саяси мағынада «жат» яғни, коммунистік ел ретінде қабылдануы; территориялық мәселеге қатысты жаңа тәсілдердің қажеттігі; Қытайдың ақпараттық жағынан ашық болу жағдайындағы ұлттық қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлер. Осы факторларға байланысты Қытай ғылым мен жоғары технологиялар, біліктілігі жоғары кадрлар дайындау, әскерлердің жаттығу деңгейін қазіргі жоғары технологиялық шарттарға сәйкестендіру негізінде әскери модернизацияны қолға алды. Қазіргі таңда Қытайдың әскери саясатына сәйкес БҰҰның бітімгершілік операцияларынан тыс әскери одақтарға кірмеу, ядролық қаруды бірінші болып қолданбау, шетел аумақтарында өз қарулы күштерін орналастырмау, т. б. қағидаларды ұстанады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен сонымен бірге, АТА-дағы өзінің ықпалын арттыру мақсатымен Қытай ОША елдерімен АСЕАН+3 және АСЕАН+1 форматтарында екіжақты әскери және экономикалық байланыстарын нығайтуда.

Мақсаты Жапония мен Қытай арасындағы маңызды қоғам салаларындағы қарым - қатынастарды зерттеу.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:

  • Жапония мен Қытай арасындағы экономикалық қатынастар құрылымын жан - жақты қарастыру;
  • Екі ел арасында жерге байланысты аса өткір мәселелерді анықтау және оны шешу жолдарын табу;
  • Жапон -қытай саяси қатынастарына баға беру;
  • Саудадағы бәсекелестік сипатын анықтау;
  • Әр елдегі қауіпсіздік мәселелеріне сипаттама беру;

Бітіру жұмысының деректік негіздері. Тақырыпты қарастыру барысында заңнамалық және дипломатиялық құжаттар, саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері, статистикалық мәліметтер, шетелдік, ресейлік және отандық зерттеушілердің еңбектері мен зерттеу жұмыстары пайдаланылды. Бұл, өз кезегінде, тақырыпқа жан-жақты зерттеу жасауға мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысындағы міндеттерді орындау үшін келесі топтарға біріктіруге болатын кең ауқымды дерек көздері пайдаланылды.

Деректердің бірінші тобын дипломатиялық және заңнамалық құжаттар құрайды [1. 1-1. 5] . Оның ішінде Қытай мен Жапония елдерінің ұлттық қауіпсіздік туралы концепциясы қарастырылды. Аталған дипломатиялық құжаттарды зерттеу ресми құжаттар деңгейінде Қытай және Жапонияның Шығыс Азия елдеріне деген сыртқы саяси ұстанымын анықтауға үлкен мүмкіндіктер туғызды.

Деректердің екінші тобын белгілі саяси қайраткерлердің жасаған мәлімдемелері, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әр түрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді [1. 1-1. 6] . Олар алға қойылған мақсатты талқылауда мемлекет басшыларының өзекті мәселелерге қатысты жеке көзқарасын, сондай-ақ сол сәттегі мемлекеттіердің саяси ұстанымын айқындауға өзіндік зор үлесін қосты.

Деректердің үшінші тобын статистикалық мәліметтер құрайды [3. 1-3. 4] . Статистикалық мәліметтерді пайдалану Қытай мен Жапонияның экономикалық, өндіріс көлемі көрсеткіштері арқылы әлемде алатын орнын анықтауға зор септігін тигізді.

Деректердің төртінші тобын зерттеу жұмысының тақырыбына тікелей байланысты мәселелерді қамтушы бұқаралық ақпарат құралдарының, мерзімдік басылымдардың және ақпарат агенттіктерінің материалдары құрайды [4. 1-4. 13] .

Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Қазіргі кездегі Қытай мен Жапония арасындағы қатынастардың сыртқы саяси, экономикалық бағдары мәселелеріне арналған әдебиеттерді үш топқа бөліп қарастыруға болады.

Бірінші топқа шетелдік авторлар еңбектерін жатқызуға болады. АТМ аймағындағы екі держава Қытай мен Жапония төңірегінде зерттеулер жүргізіп жүрген қытай сарапшылары қатарынан Ма Чженгань, Дян Сяопин, Лю Цинцай, Чэнь Сянь Син, Чжан Чэн Э сынды зерттеушілерді атауға болады. Мәселен, қытай зерттеушісі Лю Цинцай Қытайдың Азия Тынық мұхит аймағындағы алатын орнын маңызды деп атап, осы саясатының арқасында Қытай шығысазиялық мәселелерде жетістікке жете алды деген ой білдірді1. Зерттеуші Чэнь Сянь Синнің пікірі бойынша, қытай дипломатиясы Қытай мен Жапония арасындағы бейбіт келіссөздерді жандандыруға ат салыса алады2. Дян Сяопин өз еңбегінде Қытайдың Шығыс Азияға қатысты саясатына баға беруге талпыныс жасады3.

Жапон зерттеушісі Матсумота қауіпсіздік мәселесі жөнінде сөз қозғайды4. Ф. Набукатсу, К. Сакамото, И. Атсумаса, Т. Иногучи сынды жапон зерттеушілері өз еңбектерінде Жапонияның сыртқы саясатына қатысты мәселелерді айқындайды. 5

Екінші топқа кеңестік-ресейлік авторлар еңбектері жатады. Жұмысты жазуда, Г. Ф. Кунадзенің «Японо - китайские отношения в современном этапе 1972-1982 гг. » атты еңбегі жапон - қытай қатынастарының қалыптасу және даму тарихын тереңірек түсінуде көмегі зор болды. Бұл еңбекте Жапония мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық байланыстар, Тайвань мәселесінің туындауы және оның шешілу жолдары зерттелген. Атап көрсететін нәрсе, автор Г. Ф. Кунадзе жапонтанушы ғалым болғандықтан, өз еңбегінде аталған мәселелерді талдауды көбінше жапондықтардың мүдделеріне басымырақ тоқталып, бір жақты пікірлер айтады. 6

В. М. Мазуровтың «США-Китай-Япония перестройка межгосударственных отношений 1969 - 1979 гг. » атты еңбегінің де көмегі зор. Бұл монографияда үш мемлекет арасындағы саяси-экономикалық, сауда байланыстары мен олардың ерекшеліктеріне аса назар аударған. Әсіресе қытай-жапон қатынастары нақты фактілерге сүйеніп жазылған. Автор еңбекте державалардың арасындағы байланыстарында «Тынық мұхит доктринасының» маңыздылығын ашып көрсетеді. 7

Дипломдық жұмысында екі жақты қатынастарды толық зерттеген ғалым А. В. Семиннің еңбектері кең түрде пайдаланылды. Автордың «Что мешает достижению согласия между Токио и Пекином» атты мақаласы екі ел қатынастарындағы даулы мәселе Сэнкаку аралы және Тайвань мәселесіне арналған. Автор екі ел арасындағы байланыстар жан - жақты дамып тұрса, қайшылықтардың жойылмай жалғаса беретінін айтады. Өйткені олардың қарым - қатынастары бәсекелістік пен қарсылық негізінде орнаған. 38

А. В. Семинның «Японо - Китайские отношения в многополярном мире» мақаласы екі ел қатынастарының реттеліп, қалпына келтірілгеніне 25 жыл толғанына арналады. Бұл мақалада байланыстарындағы «кейінге қалдырылған» мәселелер болса да, қатынастардың алға қарай жылжығанын көреміз.

О. Л. Остроуховтың «Китайско-Японские отношения: проблемы и преспективы» мақаласында Қытайдың 70-жылдарындағы «Ашық есік саясаты» мен 1974 жылғы қытай - жапон сауда келісімінің алғы шарттары мен нәтижелерін айқындап көрсетеді. 9

Атап өтер болсақ, бұл жұмысты жазуда батыс ғалымдары Гэри Гоэрц пен Пол Ф. Дильдің «Территориялық өзгеріс және қарулы қақтығыс», Ресейлік ғалымдар А. Анцуповтың «Қақтығыстану» және Р. А. Сетовтың «Қақтығыс және дағдарыс: халықаралық қатынастар теориясының категориялық жиынтығы» атты енбектерінің мәліметтері аса қажет әрі құнды болды.

Осы курс жұмысын жазу барысында жоғарыда айтылған авторлар еңбектерінен басқа да еңбектер қолданылды. Атап айтқанда: Амиров А., Мосяков Д. , Степанова Е, Тэйлор Р., Крупянко М., Есида К., Богатуров А. т. б. еңбектері пайдаланылды.

Үшінші топқа отандық авторлар еңбектері жатқызылады. Бітіру жұмысының тақырыбына қатысты мәселелерді ашуға тырысқан Ш. А. Алиев, А. С. Моставая, А. Ж. Сәуірбаев, Қ. Қ. Тоқаев, Р. О. Садықова сынды қазақстандық зерттеушілерді атауға болады.

Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Берілген ғылыми жұмыста жүйелік, құрылымдық, салыстырмалы анализ, математикалық статистика (даму динамикасы, сауда-экономикалық көрсеткіштер), Бұқаралық Ақпарат Құралдары, мониторингтік сипаттамлар қолданылды. Алға қойылған міндеттер тарихи-салыстырмалық және сараптамалық тұрғы негізінде орындалды. Зерттеу жұмысында тарихи және саяси оқиғаларға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Бұл әдістер мәселені жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде қоғамдық ғылым саласында зерттеудің стандартты сараптамасы - контент-сараптама қолдану өз септігін тигізді. Яғни, оның көмегімен БАҚ хабарламасы, саяси тұлғалардың мәлімдемелері, т. б. секілді мәтіндердің әр түрлі типтеріне сараптама жасалды.

Бітіру жұмысының құрылымы. . Берілген ғылыми жұмыс тақырыптан, кіріспеден, әр қайсысы бөлімшелерге бөлінген үш тараудан тұратын негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған.

1. ЖАПОНИЯ МЕН ҚЫТАЙ ШЫҒЫС АЗИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ ОЙЫНШЫЛАР

1. 1 Шығыс Азиядағы саяси жағдай

Аймақтық интеграция процестерінің күшеюі жағдайында қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде жекелеген мемлекеттерден гөрі, аймақтардың рөлі артып келеді. Бұған қазіргі күні күш жинап келе жатқан аймақтардың бой көтеруі айқын дәлел бола алады. Аймақ халықаралық қатынастардың ажырамас бөлігі есептеледі. Аймақтардың экономикалық сипаттамасы жекелеген аймақтарда экономикалық интеграциялық процестердің жүруімен анықталады. Еуропадағы, Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтарындағы экономикалық бірлестік қадамдары жалпы әлемдік дамудың қозғаушы тетігіне айналды. Геосаяси тұрғыдан аймақтардың анықталуы соңғы уақытта саяси істерде біртұтас саяси күш ретінде аймақтың әрекет етуінде көрініс тапқан. Аймақтың геосаяси маңыздылығы неғұрлым артқан сайын, оған деген қызығушылық соғұрлым артады. Қазіргі кезде аймақтардың бөлінуінде өркениеттік сипаттамаларды байқауға болады.

Аймақтар өркениеттік принцип бойынша қалыптасқанын ұғынбауы мүмкін. Алайда көптеген аймақтар еріксіз осы фактордың әсерінен айқын өркениеттік сипатқа ие болып отыр.

Аймақ негізінен - бірге қосылып жер бетінің белгілі бір бөлігін құрайтын, бір-бірімен ерекше қатынастарда қарастырыла алатын, жерден, ауадан, флорадан, фаунадан, құралған комплекс; Аймақ - жетекші физикалық жағдайлардың елеулі біртектілігіне ие зоналар; Аймақ - географиялық элементтері бір-бірімен белгілі және тұрақты қатынастармен байланысқан, қоршаған ортаны сипаттауға арналған географиялық термин;

Аймақ - жеке экономикалық, географиялық және ұлттық құрамы мен мәдениеті жағынан жақын немесе әлеуметтік-саяси құрылымы жағынан біртипті аудан болып табылатын, жақын орналасқан елдер тобы; Аймақ - басқа облыстардан табиғи және тарихи қалыптасқан, салыстырмалы түрде тұрақты экономикалық, географиялық ерекшеліктердің жиынтығымен өзгешеленетін облыс, аудан, елдің бір бөлігі; Аймақ дегеніміз - жер шарында кездесетін құбылыстардың күрделі комплекстерінің кеңістіктік үйлесімдерін зерттеу және сұрыптау құралы.

Аймақтандырылу да елдердің өзара әрекеттестігі мен шаруашылық субъектісі мүдделерінің ұлттық шекара шеңберінен шығуын білдіреді, алайда мұндай тенденциялардың аясы аймақтық шеңбермен ғана шектеледі. Белгілі бір аймақтың Экономикалық дамуы мен елдер интеграциясын әлемдік экономиканың дамуы контекстінде қарастыратын ашық аймақтандырылу әлемдік жаһандану процесінің алғышарты, оның бір кезеңі саналады. ЕО, НАФТА осындай аймақтандырылудың мысалы. Керісінше, жабық аймақтандырылу жаһандануға кедергі болады. Ол сол аймақты жаһанданудың теріс салдарларынан қорғауға бағытталған. Жабық аймақтандырылуға мысал ретінде бұрынғы Экономикалық өзара көмек кеңесін (СЭВ) атауға болады.

Оңтүстік Шығыс Азиялық аймақтандырылуға келсек, бұл жерде еуропалық ашық аймақтандырылумен салыстырғанда ЕО секілді мемлекетаралық құрылым жоқ. Азиялық аймақтандырылудың алға қарай жылжуына 1998 ж. Куала-Лумпурдегі АТЭС саммиті ерекше серпін берді. Онда мүше мемлекеттер «ынтымақтасу арқылы дамудың» қажеттілігін мойындады. Мұндай ынтымақтастықтың мақсаттары жаһандық экономикалық дағдарысқа қарсы тұру, екінші Азиялық қаржы дағдарысын болдырмау саналады. 90 жж. соңындағы Азиялық қаржы дағдарысының әсерімен бұл мәселеде үш тәсіл қарастырылады. Біріншісі Азиялық нарықтарда Еуропалық және америкалық басымдықтың баламасы ретінде жалпы азиялық экономикалықұ және қаржы интеграциясын қарастырады. ЕО елдерінің ортақ валюта жүйесіне өтуі мен Азия елдерінің долларға тәуелділігі әсерімен ОША елдері ортақ Азиялық валюта, ортақ Азиялық нарық құрудың әр түрлі концепцияларын жасауда. Екінші тәсіл, азиялық аймақтандырылудың нәтижесінде келешекте ЕО пен НАФТА баламасы бола алатын Азия Тынық мұхиттық экономикалық кеңістік құру. Бұл үшін Жапония Халықаралық Валюта Қорының аймақтық аналогы Азия Валюта Қорын құруды ұсынып отыр. Үшінші тәсіл, субаймақтық деңгейде Азиялық экономикалық интеграцияны кезең бойынша дамыту. АСЕАН басшылары Азиялық қаржы дағдарысына дейін бұл ұйымды азиялық аймақтандырылудың ортасы ретінде көрді. Алайда, Азиялық дағдарыс АСЕАН елдерінің мұндай сенімділігін жоғалтты. Қазір бұл аймақта АСЕАН+1 (АСЕАН және Қытай) АСЕАН +3 (АСЕАН және Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея ) форматындағы интеграциялық бірлестіктер кең дамуда. Соның негізінде Шығыс Азиядағы мемлекеттер бәсекелестер және әріптестер ретінде дамып отыр.

Соңғы үш онжылдық шеңберінде әлемдік деңгейдегі Қытайдың экономикалық өсуі мен саяси әсерінің ұлғаюы Шығыс Азия аймағындағы Жапония үшін нақты бәсекелесінің пайда болуын корсетеді. Қазіргі таңда, Шығыс Азия кеңістігінде Қытай да, Жапонияда да басты назарды аудартатын мықты ойыншылар болып табылады. Өзара бір - бірімен байланыстарында әрі серіктес, әрі бәсекелестер болып табылады. Аймақтағы экономикалық интеграцияның мәні осы екі ел қарым - қатынастарынан бастау алады.

ҚХР және Жапония арасындағы тығыз сауда - экономикалық қатынастар өз кезегінде екі елдің экономикалық тұрғыда бір - біріне тәуелді екенін көрсетеді. Екі мемлекет те бұл жағдайдан әрқайсысы өзіне тиесілі пайдасын алуға, сонымен қатар экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысуда. Алайда, бұл формула тек экономикалық қатынастары тұрақты болған жағдайда ғана іске асады. Егер қатынастары тұрақтандырылмаса, өзара келіспеушіліктердің пайда болуына әкеледі. Қазіргі таңда, Жапония мен Қытай байланыстарында дәл осындай жағдай орын алуда.

1. 2 Жапония - Қытай қалыптасу тарихынан

«Экономикада - ыстық, саясатта - суық» принципіне негізделген жапон - қытай саяси қатынастары 1991 - 2009 жылдар аралығында шарықтау шегіне жетті. Екі ел арасындағы экономикалық байланыстары даму жолында болса да, Қытай мен Жапония қақтығыстары территориялық дауласулар мен табиғи ресурстар үшін күрестен қарулануға дейін көрініс табуда.

Қытайдың сыртқы саяси мүдделері «Қырғи қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін қажеттіліктер айналасында қалыптасты, біріншіден, аймақтан Кеңес Одағы кеткеннен кейін қалыптасқан стратегиялық бос-кеңестікті толтыру және осы жердегі экономикалық, саяси және әскери аймақтарда өзінің көшбасшылығын бекіту, екіншіден Тайванді, оның тәуелсіздігін жариялаудың мүмкіндігіне толықтай жол бермей, қосып алу және соңғысы, үшіншіден, Жапонияның әскери мүмкіншілігінің ұлғаюы есебінен аймақтағы тепе-теңдіктің күрт өзгеруіне және оның өзінің стартегиялық бақталасына, ядролық державаға айналуына жол бермеу.

Пекин көршілеріне оның өзіне көшбасшының жауапты рөлін алуға мүмкіншілігі бар екенін дәлелдеу мәселесінің шешілуі маңызды орын береді, яғни Шығыс Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті кепілдендіру. Мәселе, «Қырғи қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін бірден батыс, әсіресе американдық саясаткерлер арасында Қытайдың аймақтағы тұрақтылықты ұстап тұру жауапкершілігінің мүмкіндігін ұстанымды түрде теріске шығарған скептиктер де аз болған жоқ. Дей тұрғанмен ХХІ ғасырдың басында-ақ Қытайдың ағымдағы жүзжылдықта аймақтық мықты держава мәртебесіне үміттенуге мүмкіндігі бар екендігіне күмән келтіретіндер аз, бірақ осы уақыттың өзінде Қытайдың Шығыс Азиядағы жаңа рөлін қалай қолданатындығын сенімділікпен анық айта алатындар кемде-кем.

Аймақтағы көшбасшы орындарды қамтамасыз ету Пекиннің өзінің Құрама Штаттар мен Жапония келбетіндегі стратегиялық бәсекелестерін анықтау мәселесін шешумен де байланысты. Басқаша айтқанда, Қытай, егер де халықаралық қатынастардағы аймақтық жүйедегі көшбасшылықты өзіне алмаса, онда оның орынын ұзатпай-ақ Вашингтон мен Токио алып алады дегеннен шығып отыр.

Осылайша, Пекин үшін халықаралық - құқықтық салада Тайванның ҚХР аумағының бір бөлігін ретіндегі мәртебесінің сақталуы үшін күрес ұстанымдық сипатиқа ие. Осы уақытта Қытай Гонгконг үлгісіндей аралдың елдің құрлықтық бөлігімен бейбіт қосылуын қамтамасыз етуге тырысады. Бірақ Тайбэй «Қырғи қабақ соғыстың» аяқталғаннан кейінгі уақыт аралығында өзінің ҚХР-нан аралдың ресми тәуелсіздік алуына жетуіне табан тіреп және тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық мойындалған мәртебеге қолжеткізу ұстанымын әжептәуір қатайтты. Нәтижесінде Тайбэй мен Пекиннің қарама қақтығысы күшеюде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы
Қытай және жаһандану проблемалары
Оңтүстік Кореяның қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесі
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Қытай сыртқы саясатының идеологиясы мен механизмі
Қазіргі кездегі Жапонияның ішкі және сыртқы саяси жағдайы
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Қытай – Америка қатынастарының дамуы
Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
Жапон - кеңес келісімі және оның халықаралық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz