Алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік есептіліктің жағдайлары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ОРНЫ, ҰЙЫМНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1. 1 Орталықтандырылмаған басқару жүйесі және оның ұйымның өндірісінің тиімділігін арттырудағы орны, бағыттары және пайдалану мүмкіндіктері . . . 6
1. 2 Ұйымның есеп саясаты . . . 11
1. 3 Ұйымның технико-экономикалық көрсеткіштері . . . 22
2 ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ
2. 1 «Іле Алатау МҰТБ» мемлекеттік мекемесінің жауапкершілік орталықтарын ұйымдастырып басқару мүмкіндіктері . . . 28
2. 2 Жауапкершілік орталықтардың есебін жүргізу . . . 33
2. 3 Жауапкершілік орталықтардың қаржылық ақпаратын орталыққа жіберу мен бағалау . . . 43
3 ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІН БАҒАЛАУ
3. 1 Жауапкершілік орталықтары есебін дамыту бағыттары . . . 50
3. 2 Мемлекеттік мекенің бюджеттің атқарылуын бақылау . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ГЛОССАРИЙ . . . 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66
ҚОСЫМША БЕТТЕР
КІРІСПЕ
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үрдістерді алдымен бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды қаржы - қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің басты міндеті болып табылады. Есеп қисап жұмысының мақсаты үкіметіміздің экономикалық саясатымен анықталады. Әрбір қоғамның экономикалық теориясында анықталған негізгі заңына сәйкес шешіледі. Яғни, қоғамның бір қалыпты жоспармен дамуы, есеп - қисап көрсеткіші болмаса іске асуы мүмкін емес. Себебі мемлекеттік даму бағыты есеп-қисап мәліметінің көрсеткіштерін негізге ала отырып жасалады. Онымен қатар мүмкіншілігін немесе орындалмау себебін экономикалық талдау арқылы анықтап отыратын да бухгалтерлік есеп.
Осы орайда, бухгалтерлік есептің алдына мынадай нақты міндеттер қойылады. Бухгалтерлік есептің басты міндеті - кәсіпорынның шаруашылық жоспарының орындалуын бақылау. Бұл мақсаттың орындалуы есеп - қисап жұмысының көрсеткіштерімен дәлелденеді. Себебі, барлық кәсіпорын шаруашылығының нәтижесін есеп-қисап алады. Яғни, ол көрсеткіштер жоспардың орындалуы барысын көрсетеді.
Осы орайда, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің, жоспарлау көрсеткіштерімен салыстырып, оның орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл мәліметтер кәсіпорын жұмысына басшылық ету үшін өте қажет.
Бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншіктің мүддесін қорғау. Есеп-қисап жұмысында, мемлекет меншігі - ол халқымыздың қазынасы, оның молшылығы - еліміздің экономикалық қуатының деңгейін, әрбір кәсіпорын шаруашылықтарын игеру мүмкіншіліктерінің шамасын көрсетеді.
Мемлекет меншігінің ішінде белгілі орын алатындары - өндіріс қоры, өндіріс құрал-жабдықтары, ақша қаражаттары, тұтыну тауарлары. Осы көрсетілген мемлекет меншіктерінің түгелдігін қорғауда бухгалтерлік есептің орны өте жоғары. Осы орайда, айта кететін бір жағдай материалдық жауапкершілік есебін тиянақты бір жүйеде жүргізу ерекше орын алады. Себебі материалдық жауапты адаммен (мекемемен) есеп-қисап уақытылы жүргізілмесе ол жағдай есеп-қисап жұмысының барлық нәтижесін жоққа шығарады.
Бухгалтерлік есептің тағы бір міндеті - кәсіпорындар экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесін көрсету.
Түбегейлі қайта құру кезінде барлық кәсіпорындар толық шаруашылық есеппен өзін - өзі қаржыландыруға көшуге тиісті. Шаруашылық есеп жоспарлы шаруашылықты жүргізу әдісі ретінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасайтын принциптерге негізделген:
1) қажетті ресурстарды кәсіпорынға немесе бірлестіктерге жарғы арқылы анықтау;
2) шаруашылық дербестік;
3) өндіріске жұмсалған шығындарды оның нәтижелерімен ақшалай түрінде жалғастыру;
4) өз шығынын өзі өтеу және рентабельділік;
5) өндірістің дамуына жұмысшылар ұжымын материалдық жағынан мүдделі ету, экономикалық ынталандыру;
6) шаруашылық қызметіне ақшалай өлшем арқылы бағалау жасау.
Осы айтылған шаруашылық есеп принциптерін негізге ала отырып, әрбір кәсіпорын мақсаты мен міндеттері жарғы арқылы белгіленген дербес шаруашылық орны бола алады. Оның өз жоспары, тиянақты балансы және мемлекеттік банктерде өзінің есеп айырысу шоттары болады.
Қорыта келген де бухгалтерлік есептің шаруашылық есепті нығайту нәтижесін көтерудегі кәсіпорындарда негізгі қорды пайдалану, айнамалы қорлардың тиімділігі, өндіріс өнімін уақытылы, тиімді бөлініп сатылуын тиянақты есепке алу арқылы орындалады.
Бухгалтерлік есепті заңнамалық актілерге, есеп және аудит стандарттарының талабына қарай үйлестіру қажет. Еліміздегі бухгалтерлік есептің міндеттері келесідей түрде анықталған.
1) кәсіпорындарды, заң тұлғаларын, барлық субьектілерді тағы басқа жеке субьект шаруашылығы туралы анық, толық мәліметтер мен қамтамасыз ету;
2) мемлекетіміздің тексеруші, бақылаушы мекемелерінің субьекті шаруашылығында кәсіпкерлігінің заңдылығын бақылау үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Ұйымның бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды жинақтап, тіркеп, өңдеу мүмкіндігі болатын ең маңызды әдістемелік құрал жауапкершілік орталықтары бойынша есеп жүргізуді ұйымдастыру. Бұл ұйым қызметінің тиімділігін арттырудың басты бір жолы, шаруашылық орперацияларының түгел, уақыттылы есепке алынуының, жалпы бақылауды жүзеге асырудың жетілдірілген жолы деп қарауымызға болады.
Жоғарыда аталған мәселелер зерттеу тақырыбының маңыздылығын, өзектілігін айқындайды. Ұйымды басқарудағы жауапкершілік орталықтары деңгейінде есеп жүргізу және есепті бір орталыққа жинақтау жүйесін қалыптастырудың маңызы зор.
Диплом жұмысының мақсаты ұйымда жауапкершілік орталықтары бойынша есеп жүргізуді ұйымдастыру мен орталықтардың қызметінің тиімділігі сұрақытарын нақты ұйым мысалында қарастыру болып табылады. Осы орайда келесідей міндеттер шешілуге тиісті:
- Нарықтық қатынастар жағдайындағы жауапкершілік орталықтарының орнын қарастыру;
- Жауапкершілік орталықтарының ұйымдастыру мен оларда есеп жүргізу тәртібін қарастру;
- Жауапркешілік орталықтарының қызметінің тиімділігін бағалау;
- Жауапкершілік орталықтарындағы есеп пен қаржылық есептің өзара байланысын қарастыру.
Жұмысты орындау барысында заңнамалық актілер, нормативтік құжаттар, оқулықтар мен оқу құралдары және «Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағы» мемлекеттік мекемесінің материалдары қолданылды.
Диплом жұмысы көлеміне қарай 65 бетте орындалды, оның ішінде 5 кесте, 8 сурет бар және 2 бетте қосымшалар тіркелді.
1 НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ОРНЫ, ҰЙЫМНЫҢ ЕСЕП САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1. 1 Орталықтандырылмаған басқару жүйесі және оның ұйымның өндірісінің тиімділігін арттырудағы орны, бағыттары және пайдалану мүмкіндіктері
Ұйым негізгі жүйе ретінде екі саладан - басқару саласынан (басқару субъектісі) және басқарылатын саладан (басқару объектісі) тұрады. Басқарылатын салаларға: техника мен технология; өндірісті ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру; ұйымның жұмыскерлерінің арасындағы өндірістік қатынастар экономикасы; ұйымның халықаралық байланыстары; коллективтің әлеуметтік еңбек қатынастарының жағдайы; табиғатты пайдалану жатады. Қаржылық механизмнің элементтерінің құрамына: - қаржылық қатынастар (еңбек қатынастары мен еңбек ақыны төлеу, қаржыландыру (инвестициялау), кредиттеу, салық салу, табыс, сақтандыру, т. б. ), қаржылық иіндер (пайда, табыс, қаржылық санкциялар, баға, дивиденттер, пайыздар, салық, еңбек ақы т. б. ) және қаржылық тәсілдер (қаржылық және басқару есебі, қаржылық және басқару талдауы, қаржылық жоспарлау, қаржылық реттеу, қаржылық бақылау) енеді.
Басқару - негізгі жүйеге арнайы бағытта ұдайы әсер ету процессі. Мұндағы негізгі мақсат тиімді басқару шешімдерін қабылдау. Бұл жердегі басты негіз - ақпараттық жүйе болып табылады.
Басқару процессі адамдармен де «заттармен» де тығыз байланыста. Мұндай басқаруды ресурстардың мақсатты қолданылуы мен адамдардың қызметін атқаруын бақылайтындар жүзеге асырады. «Заттарды» басқаруды арнайы қызметкерлер де іске асырады, олар жаңа техника мен технологияны енгізу, еңбекті тиімді ұйымдастыру, материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау, өткізу-сатуды жоспарлау, экономикалық және техникалық сипаттағы жұмысшыларды басқаруды орындайды.
Егер басқаруды өнеркәсіптік ұйымның басқару жүйесі ретінде қарастырсақ, онда оның ырғақтылығын, күрделілігін, ықтималдығы сияқты сипаттамаларын байқаймыз. Басқару жүйесінде екі бөлімше бөлініп шығады, олар өндіріс және басқару аппараты. Басқару процессі объекті, ал аппарат басқару субъектісі болып табылады. Алдымен басқару субъектісін қарастырамыз (сызба 1) .
Басқару объектісінде барлық процесстер материалдық-заттық нәтижеге ұмтылады, ал процесстегі ақпарат бағынышты сипатта болады. Басқару субъектісі көбінесе ақпараттық процесспен байланыста болады, материалдық жағы бағынышты сипатта болады. Басқару жүйесінде орын алатын процесстер ұйымның негізгі мақсатына да осы процесстер арқылы әсер етеді. Ұйым қызметін басқару ұйым мақсаты аясында жүзеге асырылатын өндіріс процесстерін реттеуге бағытталған қызмет болып табылады.
Сурет 1. Басқару деңгейлері
Шетелдік зерттеуші ғалымдар ұйымды басқару тиімділігін арттыратын, яғни, ұйым құрылымын, шешім қабылдау жүйелері мен процедураларын, басқару стилін, жұмысшылар құрамын жақсартатын, ұйымның даму стратегиясы мен басқару іс-тәжірибесін жетілдіретін бірнеше элементтерді жеке атап көрсетуде. Бұл элементтердің жиынтығы басқарудың мәдени құндылығын сипаттайды.
Кей әдебиеттерде басқару объектіге әсер ету жүйесі ретінде қарастырылып, оның негізгі 5 процесстері ажыратылып көрсетіледі:
- жоспарлау, өндірістік тапсырмалардың, нормалар мен нормативтердің, өндірістік шығындар сметасының бар болуы;
- ұйымдастыру, өндіріс процессіндегі материалдық, еңбек, қаражат, ақпарат ресурстарының тиімді пайдаланылуына бағытталған қызмет;
- ынталандыру, ерекше еңбегі үшін, жетістіктері үшін ынталадыру жүйесін қалыптастыру;
- координациялау, барлық жұмысшылардың мақсатқа қол жеткізу үшін жұмылдыра еңбек етуі;
- есеп және бақылау, басқару аппаратын басқару объектісі жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету құралы.
Басқару жөнінде айтқанда басқару циклі өте маңызды мәселе. Басқару циклі деп ақпарат алынған кезден шешім қабылданғанға дейінгі кезең аталады. Циклдің сақталуы басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Басқарушы және басқарылатын жүйелердің өзара байланысын №2 суреттен көре аламыз.
Басқарушы жүйе басқарылатын жүйеге басқарудың функционалдық бөлімдері мен қызметтері арқылы әсер етеді. Басқарылатын жүйемен кері байланыс бухгалтерлік ақпарат арқылы жүзеге асырылады, себебі бұл ақпарат коммуникациялық каналдар арқылы басқару аппаратына жеткізіледі. Алынған ақпарат негізінде басқарылатын жүйеге тікелей әсер ететін басқару шешімдері қабылданады.
Қазіргі таңда кәсіпорынның қызметінің тиімділігіне байланысты көптеген қызығушылықтар туындауда. Ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз етудің ең маңызды аспектісі кәсіпорын қызметінің залалсыздығы болып табылады, ол бухгалтерлік, содан кейін экономикалық табыстарды алудың бірінші қадамы болып келеді. Сол себепті біз диплом жұмысында ұйым қызметінің залалсыздығын қамтамасыз ету мақсатында басқаруға мүмкіндік беретін «шығын-көлем-пайда» арақатынасын зерттеу мен ұйымның негізгі шығын түрлеріне қатысты ауытқуларды басқару мәселелерін зерттеуді жөн көрдік.
Басқару нысандары, әдістері, процесстері, құралдары
Басқару функциялары
Басқаруды ұйымдастыру
Коммуникациялар
Ақпарат (Бухгалтерлік, статистикалық, оперативті есеп мәліметтері)
Басқарылатын жүйе
Процесстер: жабдықтау, өндіріс, сату;
Ресурстар: материалдық, еңбек, қаражат;
Көрсеткіштер: өндіріс көлемі, өнім ассортименті, өзіндік құн, материал сыйымдылығы, т. б.
Сурет 2. Басқарушы және басқарылатын жүйелердің өзара байланысы
Ұйымды басқаруда басшылықтың алдында келесідей екі мәселе шешілуге тиісті:
- Жауапкершілікті қалай бөлу?
- Орындаушыларды қалай бақылау?
Орталықтандырылмаудың басты ерекшелігі - шешім қабылдау еркіндігі. [9]
Орталықтандырылмаудың әртүрлі дәрежелері бар:
1. Толық орталықтандырылмаған - ықпал ету дәрежесі өте төмен, шешім қабылдаудағы ең жоғарғы дәрежедегі еркіндік, бостандық.
2. Толық орталықтандырылған - керісінше, ықпал ету дәрежесі өте жоғары және шешім қабылдау еркі шектеулі.
Орталықтандырылу дәрежесі оның тиімділігіне қарай таңдап алынады. Тиімділігі шығындар мен кірістерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Орталықтандырылмаған жүйенің келесідей ерекшеліктері бар:
1. Бөлімше менеджері ақпаратпен толық қамтамасыз етілген, ол нақты жағдайды біледі. Әдетте орын алған жағдайлар мен оқиғалар жөнінде ұйым басшылығына ақпарат жіберумен байланысты шығындар өте жоғары. Және ақпараттың жіберу барысында ол жартылай немесе толығымен жоғалып кетуі мүмкін.
2. Бөлімше менеджерінің уақыттылы шешім қабылдау мүмкіндігі жоғары. Жоғары жақты хабарландырумен айналыспайтын болғандықтан менеджер оқиға пайда бола салған кезде сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне ие болады.
3. Менеджер өз ынтасымен шешім қабылдау қызығушылығы болады, себебі өз бетімен шешім қабылдауы табыс алудың басты шарты болуы мүмкін.
4. Жауапкершілікті жүктеу менеджердің барлық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік береді.
5. Бөлімшелердің де ұсақтап бөлшектенуі жұмыс істеу қабілеті жоғары еңбек ұжымын қалыптастырады.
6. Күнделікті басшылыққа ақпарат беруден босатылған бас менеджерлер өз уақытын бүкіл ұйым қызметінің стратегиялық жоспарлануына бөле алады.
Есепті орталықтандыруда ұйым басқарушысына лимитті бөлу құқығы қалдырылады, яғни тауарды түсіру және қызмет көрсетуге келісім шарт жасау, жұмысты орындауға еңбек келісімдері, шаруашылық және басқада жетіспеушілікке байланысты аванстарды белгіленген уақытында алу және өз жұмысшыларына авансты беруді шешу, лимит арқылы шығындарды төлеуді шешу, ұйымның жетіспеушілігі тағам өнімдері және басқада материалдық бағалылықтар, түгендеу құжаттары және басқалары.
Орталықтандырылған бухгалтерияда басқарылатын ұйымдардағы басқарушыларына сметалық шығындардың уақытында төленуі, осы ұйымдардағы басшылардың келісімімен орталық бухгалтерияда бас бухгалтерді бекітіледі.
Орталықтандырылмаған жүйенің кемшіліктері де жоқ емес. Мұндай кемшіліктер ретінде келесілерді атауға болады.
1. Бөлімше үшін тиімді шешім қабылдау мүмкіндігі болғанымен, жалпы ұйым үшін тиімсіз болуы мүмкін. Оған жалпы ұйымның, құрылымдық бөлімшелердің, жеке менеджерлердің бірлесе, өзара келісе отырып мақсатты айқындамағандығы және менеджердің қабылдаған шешімінің өзге бөлімшелер қызметіне қалай әсер ететіндігі жөнінде ақпарат беретін кері байланыстың болмауы себеп болады. Бөлімшелер арасында жабдықтаушыларға немесе сатып алушыларға деген таластан туындайтын бәсекелестік, сонымен қатар барлық бөлімшелер бір технологиялық процеспен өзара байланысты болса, онда бөлімше менеджерінің өз бетімен шешім қабылдауы жалпы ұйым үшін қауіпті болуы мүмкін.
2. Қызметтердің қайталануы. Мысалға, есеп және заң қызметтері қайталанып кетуі мүмкін.
3. Ұйымға қызмет ету дәрежесінің төмендеуі. Менеджерлер ішкі байланыстыруға қарағанда сыртқы байланыстарға көбірек көңіл бөлуі және өзге бөлімшелердің жағдайына деген немқұрайдылығы мен оларға көмек бермеуі орын алуы мүмкін.
Осы орталықтандырылмаған жүйе артықшылықтары мен кемшіліктерін жоғарыда жазылған жағдайлары бойынша жинақтап келесі кесте түрінде көрсетуге болады. (кесте 1)
Кесте 1. Орталықтандырылмаған жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктері*
*Дерек көзі: Хорнгрен Ч. Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет:управленческий аспект. М. :Финансы и статистика, 2003. -416с.
Көптеген ұйымдарда бөлімшелердің өз бетімен жұмыс істеуіне, оның ішінде ұйымның өз ішінде бар болса да сырттан құрастырушы бөлшектерді сатып алуына шектеулер қойылады. Мұндай саясат жүргізудің келесідей артықшылықтары бар:
- Ұзақ мерзімді байланыстарды орнату, оның ішінде бөлімшелердің болашаққа деген үлкен сеніммен бюджеттеуді жүзеге асыруына және жедел шешім қабылдауына жағдай жасауға тырысу;
- Жеткізушілермен ұзақ мерзімге байланыс орнату немесе қорлардың орташа мөлшерін азайту;
- Бөлімшелерді жаңадан құру және оларға жағдай жасау;
- Ішкі өнім сапасына деген сенімділіктің қалыптасуы.
1. 2 Ұйымның есеп саясатын талдау
Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылық операцияларының түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады. Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыған байланысты әр бір ұйым өзінің алға қойған мақсат мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу және тағы басқа да ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшелігіне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.
Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.
Сонымен, есеп саясаты деп - ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қортынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады. [10]
Немесе, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңында берілген анықтамаға сәйкес, есеп саясаты дегеніміз ол - жеке кәсіпкердің немесе мекемелердің атқаратын қызметтеріне байланысты қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» заңнамасына немесе ұлттық стандарттарға, сонымен қатар бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына сәйкес жүргізілген нақты принциптер, нақты негіздер, нақты ережелер және практиканың жиынтығын құрайды. [3]
Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда:
Біріншісі - ұйымдардың ішкі есеп саясаты.
Екіншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгіленген есеп саясаты болып ажыратылады;
Ендігі жерде біз зерттеліп отырған мемлекеттік ұйымның белгіленген есеп саясатын қарастырамыз. Біз зерттеп отырған мекеме: «Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағы» мемлекеттік мекемесі ерекше қорғаудағы аумақтарды құру және мемлекет байлықтарының сақталуын, қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Мекеме өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің, әкімдіктің, облыс әкімінің актілеріне, басқада нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде мекеменің атауы көрсетілген мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің қазынашылық мекемесінде есеп шоты бар. Мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Мекеме мемлекет атынан, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы. Мекеменің ережесі, құрылымы, штат санының лимиті әкімдік қаулысымен бекітіледі. Мекеменің заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамалы ауылы, Жандосов көшесі, 1 үй.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz