Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ТАРИХИ ЭТНОНИМДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

... ... ... ... ... ... ... .. 11
1.1 Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 1.2
Түрік этнонимдерінің тарих сахнасына шығу себептері және құрылымы

... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2. ҚАЗАҚ РУТАЙПАЛАРЫНЫҢ ЭТНОНИМДЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТҮРКІМОҢҒОЛ
ДӘУІРІНДЕГІ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ

... ... ... ... ... ... .. 20
2.1 Қазақ рутайпаларының этнонимдерінің қалыптасу себептері ... ... ..20
2.2 Қазақ рутайпаларының этнонимдерінің түркі және моңғол
дәуіріндегі бастаулары

... ... ... . 25
3. КЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУ–ТАЙПАЛАРЫ АТАУЛАРЫН ДАҒЫ ТАРИХИ
САБАҚТАСТЫҚТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
31
3.1 Қаңлы

... ... ... ... ... ... ... ... .. 31 3.2 Қыпшақ

... ... ... ... ... ... ... ... 34 3.3 Дулат

... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36 3.4 Найман

... ... ... ... ... ... ... ... .. 38 3.5 Керейт

... ... ... ... ... ... ... ... . 42 3.6 Уақ

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 44 3.7 Қоңырат

... ... ... ... ... ... ... ... 46 3.8
Меркіт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47 3.9 Жалайыр

... ... ... ... ... ... ... .. 48
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 55
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқының қалыптасуында рутайпалар
үлкен рөл ойнайды. Тайпалар тарихын зерттеуде маңызды мәселелердің бірі
этнонимдерді зерттеу болып табылады. Қазақ рутайпаларының этнонимдері
негізінен ІХХІІІ ғғ. қалаптаса бастағандығы, яғни олардың түркі дәуірінен
бастау алатындығы жұмыс барысында қарастырылады.
Диплом жұмысының зерттеу тақырыбының
өзектілігі. Дүние–үлкен көл, заман–соққан жел. Алдыңғы толқын ағалар,
кейінгі толқын інілер. Кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер, деген
тебірентер ой қалдырған ХІХғасыр перзенті Ұлы Абай Құнанбайұлы [1].
Зымыраған уақыт бізді ХХІғасыр толқынына да әкеліп үлгерді. Ал осы дәуір
үстінде біз не көріп отырмыз? Адамзат тарихында алтын әріптермен Тәуелсіз
Қазақстан тағдырының 17ші жылы жазылып жатқанын тамашалаудамыз. Иә,
тәуелсіз республика тарихымызға не бәрі 17 жыл. Дегенмен, республика
тарихы ол орналасқан жердің, халықтың, этностың тарихы емес. Бұл
мәселелердің әрқайсысының өзінің басынан кешкен ғұмыры бар. Себебі он
жеті жыл бұрын мемлекет өзінен өзі пайда болған емес, мемлекетті құрайтын
ел бар, халық бар. Аллаһ Тағала Адам атаны жаратқаннан бері адамзат тарихы
басталады. Демек адамдардан құралған біздің халымыздың да тарихы өз
бастауын сол кезден алады. Біздің қарастырғалы отырған мәселеміз де
осыған қатысты болмақ. Рулық қауымдастықтар, тайпалық одақтар
республикамыздың территориясында тас ғасырынан бері өмір сүргені мәлім.
Мемлекеттік құрылымды бірлестіктер сақ, үйсін, ғұндардан бастау алады,
тіпті түріктердің кезеңінде алып территориялы мемлекеттердің де болғаны
баршаға аян. Біздің нақты қарастырғалы отырған проблемамыз да өз бастауын
осы кезеңнен алады. Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылғанымен, оны
құраған рутайпалар түрік кезеңінен бастап тарих сахнасынан өз орнын
бекіткен. Қазақ хандығының қалыптасуында өзіндік орны бар үш жүздің
құрамындағы рулардың этнонимдерінің қалыптасу кезеңі осы түрік дәуірінен
бастау алатындығын дәлелдеуге, еңбегіміздің барысында, барлық үлесімізді
қосамыз. Сонымен, қарастырғалы отырған тематика тақырыбы ІХХІІІ ғғ.
қазақ рутайпаларының этнонимдерінің қалыптасуы болып табылады.
Жоғарыда атап өткен қазақ халқын құрайтын үш жүз, яғни Ұлы жүз, Орта жүз,
Кіші жүз, көптеген рулардан құралған. Атап өтетін болсақ:
• Ұлы жүз құрамында: дулат, қаңлы, жалайыр, шақшақ, сіргелі, шанышқылы,
сары үйсін, шапырашты, ошақты, ысты, албан, суан. Барлығы 12 тайпа.
• Орта жүздің құрамында: арғын, найман, қыпшақ, керей, қоңырат, уақ.
Барлығы 6 тапа.
• Кіші жүздің құрамында 3 тайпаға топталған 25 тайпа бар:
1) Әлімұлы: шекті, төртқара, қаракесек, қарасақал, кете, шөмекей;
2) Байұлы: адай, таз, беріш, байбақты, есентемір, қызылқұрт,
тана, жаппас, шеркеш, ысық, масқар, алаша.
3) Жетіру: тама, табын, телеу, керейіт, рамадан, жағалбайлы, кердері.
Міне, осы тайпалардың ІХХІІІ ғғ. пайда болғандарының этнонимдерінің
қалыптасуын еңбегіміздің барысында қарастырамыз. Енді, тематикамыздың
ғылыми маңыздылығына тоқталайық.
Белгілі бір мемлекеттің тарихы жазылғанда зерттеуші көптеген мәселелерге
назар аударуы керек. Себебі мемлекет тарихы тек саяси оқиғалардан тұрмайды,
оның ғасырлар қойнауында жатқан мәдени, шаруашылық, экономикалық, этникалық
тарихы да бар. Тәуелсіздігіміздің көкжиегі көрінгеннен бері заманауи қазақ
тарихшылары мемлекетіміздің тарихын жазумен әлек. Айтарлықтай жұмыстар
атқарылды да. Дегенмен 17 жыл ішінде барлық жұмысты аяқтап тастау да
мүмкін емес. 17 жыл деп отырған себебіміз, қазақ тарихын обьективті
түрде, ешнәрсеге жалтақтамай, еш кімнен қорықпай, біреулерге тәуелді
болмай жазылған тарихтың жасы болып табылады. Белгілі бір деңгейде бұған
дейін де қазақ тарихы жазылды. Дегенмен, назар аударылмай келген тұстар
өте көп. Жазылған күннің өзінде ол мәселелерге сын көзбен қараған жөн.
Асыра сілтемейік, кеңес одағы шырқап тұрған кезде де шынайы тарих
жазушылар болды, бірақ олардың саны қолмен санарлықтай.
Жоғарыда атап өткеніміздей мемлекет тарихының
бір тұсы, бұл этникалық тарих. Еңбегіміздің тақырыбына сай біз қазақты
құраған тайпалардың этнонимдерінің қалыптасуын қарастырамыз. Тек қана
қалыптасуын емес, олардың ІХХІІІ ғғ. қалыптасқандығын зерттейміз. Қазақты
құраған тайпалардың этнонимдерінің бұл кезде қалыптасуы көптеген
мәселелерді шешеді. Солардың ең маңыздысы, Ақ Орда қазақ мемлекеттілігінің
бастауы болса, яғни ХІІІ ғғ., ал қазақ халқының бастауы ІХ ғ. екенін
дәлелдеу болып табылады.
Қазақ халқының этникалық тарихы, оның ішінде тайпалардың этнонимдері
мәселесі зерттелмеген тақырыптардың қатарына жатады. Сондықтан да
еңбегіміздің нәтижелі жазылуы ғылымға өзінің салмақты үлесін қосады деген
үміттеміз. Этникалық тарих бұл
рутайпалардың тарихы. Оған белгілі бір деңгейде шежірелер жатады. Қазақ
халқы болса жеті атасын жатқа біліп шежірелерді жатқа айтысып, жарысып
жататын халық. Ғасырлар бойы ауызша жеткен шежірелер соңғы кезде қағаз
беттеріне түсіп томтом кітап болып жазылуда. Зейнетке шыққан аталарымыз
артынан із қалдыру, ұрпаққа мұра ету мақсатында өз тектерінің шежірелерін
жазуда. Ол еңбектердің де белгілі бір деңгейде маңыздылығы бар. Олар жеке
әулиеттердің тарихы болып табылады. Ал өз атабабасының тарихын ұрпағы
жақсы білмегенде кім біледі? Сол себептен олар жеке рулардың тарихын
зерттеуде таптырмас дерек көзі қызметін атқаруы мүмкін. Бірақ зерттеу
ретінде тарихи құндылығы туралы бір нәрсе түйіп айту қиын. Себебі ол
шежірелер атау, есім көрсеткіштерінің тізбегі ретінде беріледі. Егер сол
еңбектер тарих жазу шарттарына сай болса, тарихшылардың жұмысы біраз
жеңілдер еді. Автордың шежіре жазылу
тақырыбын қозғап отырған себебі алдымыздағы еңбектің белгілі бір деңгейде
сол шежірелерге қатыстылығында. Зерттеу аясында қарастырылатын тайпалар
туралы да сол шежірелер жазылған жоқ емес. Сондықтан алдағы беттерде
қарастырылатын тайпалар этнонимдері, шежіре жазушылардың да белгілі бір
дәрежеде жұмысын жеңілдетпек, яғни қарастырылған этнонимдер сол еңбектердің
жазылу барысында қолданылу мүмкіндігі туады.
Соңғы кезде қазақ халқының этникалық тарихына
аздыкөпті көңіл бөлінуде. Қазақстан тарихына байланысты еңбектерде
зерттеушілер этникалық тарих аясынан айналып кетпейді, ал тайпалар тарихын
жазу барысында этноним мәселесі де қарастырылады. Сонымен бірге жекелеген
тайпалардың этномдерінің шығу төркініне арналған мақалалар да жазылуда.
Дегенмен белгілі бір кезеңде пайда болған этнонимдер туралы немесе бүтін
тайпалардың этнонимдері туралы ауқымды зерттеулер жүргізілмегендігін айта
кеткен жөн. Иншалла, қолдарыңыздағы еңбек сол жұмыстың бастамасы болады
деген үмітіміз бар.
Сан ғасырлардан бері жүздерге, тайпаларға, руларға бөлініп келген қазақ
халқының тарихы жазылуда этникалық мәселелердің алар орны зор. Сол себептен
ІХХІІІ ғғ. қазақ рутайпаларының этнонимдерінің қалыптасуы тақырыбының
таңдап алынуы қажеттіліктен туындаған. Жұмыстың зерттеу
нысаны қазақ рутайпаларының этнонимдерінің ІХХІІІ ғасырларда қалыптасуы.
Жұмыстың зерттеу пәні қазақ
рутайпаларының этнонимдерінің ІХХІІІ ғасырларда, түркі дәуірінде бастау
алуы болып табылады. Зерттеудің хронологиялық шеңбері ІХХІІІ
ғасырларды қамтиды, яғни моңғол жаулауымен шектеледі.
ІХХІІІ ғғ. қазақ рутайпаларының этнонимдерінің
қалыптасуы тақырыбындағы диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты тақырыпты
жан жақты аша білу. Ол үшін алдымызға белгілі бір міндеттер қойдық.
Оларға тоқталар болсақ, ең алдымен тарихи этнонимдердің пайда болуының
алғы шарттарын айқындау. Оның ішіне тарихи этнонимдердің түрдерін анықтау
да кіреді. Осы міндетті орындағаннан кейін барып қазақ рутайпаларының
шығу тарихын және оның түркі дәуіріндегі тарихи бастауларының қырсырларын
ашамыз. Соңғы сатыда кейінгі қазақ халқының құрамындағы рутайпалар
атауларының ежелгі түркі дәуірі мен тарихи сабақтастығын анықтау
проблемасы тұр.
Зерттеудің деректік негізі. Тарыхшы қандай да болсын зерттеу жүргізгенде
оның еңбегігі тарихи деректерге сүйенуі керек, яғни зерттеу діңгегі дерек
болып табылады. Сол себептен біз өз еңбегімізге дерекнамалық шолу жасағалы
отырмыз. Тақырыбымыз ІХХІІІ ғғ. қазақ рутайпаларының этнонимдерінің
қалыптасуы болғандықтан, зерттеуіміздің негізінде ІХ ғасырдан бастап
жазылған деректер болуға тиіс көрінеді. Деректерге бірден көшпес бұрын біз
сол ғасырларға сипаттама беріп өтейік. Қарастырылып отырған ғасырларда
қазіргі Қазақстан территориясында Қарлұқ қағанаты, Оғыз мемлекеті, Қимақ
мемлекеті, Қарахан мемлекеті, Қыпшақ хандығы, керейлер, наймандар және т.б.
өмір сүріп жатты. Және бұл кезең Қазақстан территориясына арабтардың ислам
дінін насихаттап, халық арасында, тарих көрсетіп отырғандай, қолдау тауып,
мұсылман дінінің кең түрде таралып жатқан уақыт болып ерекшеленеді. Соған
байланысты қазақ жерінде ислам ғұламаларының, саяхатшыларының көптеп келуі
көрініс табады. Дәл осы ғалымдар мен саяхатшылар көрген білгенін,
естігенін, қағаз бетіне түсіріп, күнделіктер жүргізген. Міне, сол
жазбалар бүгінгі таңда қазақ тарихы үшін таптырмас құнды деректер болып
отыр. Араб және парсы тарихшы, саяхатшыларының туындыларын қазірде
ортағасырлар мәселелерімен айналысатын әрбір зерттеуші қолдануда. Біз де өз
кезегімізде солай жасауды жөн көрдік. Араб және парсы деректерінен басқа
қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты мағлұматтарды қытай жылнамаларынан
кездестіруге болады. Осыған байланысты біз бұл деректерді екі топқа
топтастырдық. Бірінші топқа, ІХХ ғғ., жататын деректерде мағлұматтар тым
аз келеді. Дегенмен жоқ емес. Оларға: АбулКасим Убейдаллах ибн Абдаллах
ибн Хордадбектің Китаб алмесалик валмемалик деген еңбегі [2], Ахмед
ибн АбуЯкуб ибн Джафар ибн Вахб ибн Вадих алЯкубидің Китаб
алБулдан[3], АбулХасан Али ибн алХусейн алМасудидің Китаб Мурудж
аззахаб ва маадин алджавахир[4] деген еңбектерінде негізінен оғыз,
қарлұқ, кимақ, түркеш, қыпшақ, қырғыз, азгиш, печенег, джигир, тоғызоғыздар
сияқты тайпа атаулары кездеседі. ІХ ғасырға жататын қытай жылнамаларында
ғұнның тегі деп көрсетілетін телелер туралы және оның құрамындағы тайпалар
туралы, басмыл, қарлұқ, қимақ тайпалары туралы айтылады. Бұлар қытайлардың
қарымқатынас жасаған тайпалар болса керек. Тайпа атаулары келесі
жылнамаларда кездеседі: Көне таңнама 194 бума (2) 144 баян (2) Түрік (2)
[5.140147]; Көне таңнама 199 бума (2) 149 баян (2) [5.148152]; Жаңа
таңнама 217 бума (1) [6.197208]; Таң жарғылары 96 бума[7.247249].
Екінші топ деректері ХІХІІІ ғғ. жазылған, олар алдыңғыларға
қарағанда әлдеқайда берер мағлұматы жағынан байырақ. ХІ ғасырдың түріктерге
қатысты бірденбір құнды дерек Махмұд Кашқаридың Диуани Лұғат итТүрік
[8] шығармасы болып табылады. Еңбек сөздік түрінде жазылғандықтан онда
келтірілген түрік халықтары мен тайпаларының атауларымен қоса оларға
түсініктемелер келтіріледі. ХІІІ ғасырың көрнекті қайраткері Алааддин
АтаМелик Джувейнидің Тарихиджехангуша атты еңбегі де біз үшін
құндылығымен ерекшеленеді [9]. Үш томнан тұратын бұл еңбектің екіншісінде
Шыңғысхан жаулаушылығына дейінгі кейбір мемлекеттердің тарихы баяндалады,
соның ішінде тайпалар баяны да бар. Шыңғысхан заманына дейінгі тайпалар
баяны АбулХейр Рашидаддиннің Джами аттаварих деген үш томдық
еңбегінің бірінші томының бірінші кітабында қарастырылады [10]. Тайпалар
баяны бірнеше бөлімдерге бөлінген: Оғыз және оның ұрпақтары мен
ағаінілерінен тараған 24 тайпа баяны; Қазіргі кезде моңғол атанған түрік
тайпаларының баяны; Өздерінің жеке билеушілері болған түрік тайпалары;
Моңғол аталған түрік тайпаларының баяны.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Тақырыбымыз бойынша зерттеу еңбектері
негізінен үш кезеңде жүргізілген: төңкеріске дейін, кеңестік дәуірде және
тәуелсіз Қазақстан кезеңінде, яғни бүгінгі күнге дейін. Тарихи
этнонимдердің пайда болуының алғы шарттары атты бөлімнің зерттелу деңгейі
айтарлықтай жоғары деңгейде емес, дегенмен мүлдем жоқ деуге де болмайды.
Олар негізінен кеңестік кезеңде жүргізілген. Бұл тақырып бойынша жазылған
монография немесе диссертация сияқты көлемді зерттеуді кездестірмейміз.
Жазылған зерттеулер шағын мақалалар я болмаса ономастика, топонимикаға
қосымша тараушалар болып келеді. Олардың ішінде Т. Жанұзақовтың Очерк
казахской ономастики деген 1982 жылы Алматыда жарық көрген еңбегінің бір
тарауы этнонимдер деп аталады [11]. Онда автор қазақ рутайпаларының
атауларының пайда болу тарихын, кейбір этнонимдер мен этнотерминдердің
тарихиэтимологиялық мағыналары мен этнонимдердің лексикосемантикалық
классификациясы деген мәселелерге ден қояды. Келесі еңбек белгілі
түркітанушы Н.А. Баскаковтікі. Орыс зерттеушісі өз назарын түрік
этнонимдерінің моделдері мен олардың типологиялық классификациясына
аударған [12]. Р.А. Агееваның Страны и народы: происхождение названии
атты зерттеуінде этнонимдердің типтерін ажыратады [13]. 1970 жылы Мәскеуден
Этнонимы деген жинақ шыққан, онда этнонимдерге қатысты тақырыптарда
жазылған мақалалар жарық көрген. Біздің тематикаға В. И. Никоновтың
Этнонимия [14] атты мақаласы сай келеді. Онда автор этнонимдердің
түрлеріне және олардың құрылу заңдылықтарына баса назар аударады. Дәл осы
жинақ ішінде Я. В. Чесновтың О социальной мотивированности древних
этнонимов деген еңбегінде этнонимдердің өздігінен пайда болуынан бөлек
этнонимнің пайда болуындағы мотивацияға көбірек көңіл бөліну керектігін
ескертеді [15]. К. Утельбаева Этноним самоназвание этноса деген
мақаласында этнонимдердің пайда болуына әсер ететін факторларды
қарастырады [16]. Ал Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУдың аға оқытушысы М.
Карамендина өзінің Қазақтың ұрантайпа атаулары атты мақаласында қазақ
рутайпаларының атаулары тотемдік жолмен пайда болғанын дәлелдеуге тырысады
[17]. Келесі бөлім, яғни Қазақ
рутайпаларының этнонимдерінің шығу тарихы және түркі дәуіріндегі тарихи
бастаулары бойынша жазылған зерттеулерге келетін болсақ, бұл мәселеге
тікелей қатысты дәлірек айтқанда тақырыбымен парапар зерттеу кездесе
қоймайды. Дегенмен, қазақ рутайпаларының жекежеке этнонимдеріне
байланысты, олардың шығу тарихына байланысты жекелеген зерттеу жұмыстары
аздыкөпті кездеседі. Оларға нақтырақ тоқталып өтейік.
Қазақ рутайпаларының этникалық тарихы тақырыбында,
төңкеріске дейінгі кезеңде, жазылған сүбелі еңбектердің алдыңғы қатарында
Н.А. Аристовтың Этногенез и этническая история
казахского народа атты кітабы тұрады [18]. Бұл еңбекте негізінен қазақ
жүздерінің этникалық құрамы мен түрік тайпаларының этникалық құрамы туралы
мағлұматтар берілген. Оның ішінде түрік тайпаларының этнонимдерінің
мағыналары ауқымды түрде қарастырылған. Еңбектің тағы бір ерекшелігі ол өз
тақырыбы бойынша алғашқы зерттеулердің бірі болып табылады. Кез келген
қазақтардың этникалық тарихын жазуға бел буған зерттеуші өз жұмысын осы
еңбектен бастайды десек асыра айтпайтын болармыз. Сонымен бірге осы жерде
біз Г. Е. ГрумГржимайлоның Западная Монголия и Урянхайский край атты
еңбегін атап кетпей тұра алмаймыз. Автор онда түрік халықтарының тарихын
қарастырады, онда біздің зерттеуімізге де қажетті мағлұматтар баршылық.
Қазақ халқының рутайпалық тарихын ХХ ғасырдың басында зерттеген мемлекет
қайраткері, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі М.Тынышпаев болды. Ол өзінің
История казахского народа атты еңбегінің Материалы к истории
киргизказахского народа деген бөлімінде қазақтың үш жүзін құраған
тайпалар баянын қарастырады [20]. Оның ішінде ол жекелеген тайпалардың
тарихымен қоса сол тайпалардың атауының мағынасына назар аударып, өз
тұжырымдарын білдіреді. Қазақ халқының этникалық тарихын, шежіресін жазып,
ұрпаққа өшпес мұра қалдырған қазақ зиялысы Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның
Түрік, қырғызқазақ һәм хандар шежіресі атты кітабында қазақ тайпаларының
этнонимдеріне байланысты өзіндік маңызды пікірлер қалдырылған [21].
Кеңестік кезеңдегі зерттеулер
ауқымдылығымен ерекшеленбегенімен ондағы мағлұматтар біз үшін маңызды болып
табылады. Ондай еңбекке Т. Жанұзақовтың Очерк
казахской ономастики кітабында қазақ руларының біршамасының
этнонимдерінің тарихиэтималогиялық мағынасын ашуға тырысады [11.5875].
Осы іспеттес еңбек авторы А.Әбдірахмановтың өзінің Қазақ
этнотопонимикасында осы мәселеге қатысты терминдерге анықтама беріп,
этноним мәселесін зерттеген ғалымдардың тарихнамасын жасап, он бірге тарта
тайпаның этнонимдеріне талдау жасайды [22]. 1964 жылы А.А. Валитованың
еңбегі жарыққа шықты. Еңбектің атауы Этнонимы в тюркоязычном памятнике
ХІ века Кутадгу билик [23]. Ол өзінің зерттеуін екі бағыт бойынша
жүргізеді, олар: 1) деректегі сол кездің өзінде этноним болған атаулар;
олардың ішінде Орта Азиядағы және Орта Азиядан тысқары жерлердегі тайпа
атаулары бөлек қарастырылады. 2) Сол заманда әлі де болса тайпа атауы болып
үлгермеген, бірақ кейіннен этнонимге айналған атау терминдер болып
табылады14. Осы кезеңде жарық көрген тағы бір сүбелі еңбек бұл С.
Аманжоловтың Вопросы истории и диалектологии казахского языка болып
табылады [24]. Автор онда қазақ рутайпаларының этнонимдеріне де тоқталады.
Сонымен бірге осы кеңестік кезеңде бірнеше сөздіктер де жарық көрді.
Олардың ішінде С. Атаниязовтың Словарь тюркменских этнонимов [25]
атты сөздігін айтуға болады. Бұл сөздік өзге халықтікі болғанымен онда
тегі түрік, түріктерге ортақ тайпаларға қатысты этнонимдерді кездестіре
аламыз. Қазақ халқының этникалық тарихын, жекелеген тайпаларға зерттеу
жүргізгендердің қатарына В. Востров пен М. Мұқановты жатқыза аламыз.
Олардың еншісінде Этническая территория казахов в ХVІІІ начале ХХ в.
[26], Родоплеменной состав и расселение казахов (ХІХХХ вв.) [27],
Этнический состав и расселение казахов Среднего Жуза [28], Қазақ
шежіресі хақында [29] атты еңбектер бар. Олардан біз жекелеген тайпаларға
қатысты көптеген құнды мағлұматтар ала аламыз.
Тәуелсіз Қазақстан кезеңіне жататын
зерттеулерге К. Аманжоловтың Түрік халықтарының тарихы атты кітабын
жатқызуға болады [30]. Үш томнан тұратын бұл туындының бірінші кітабында
түркілердің этникалық тарихына арналған тақырыбы бар. Моңғол үстіртін
мекен еткен соңғы түрік тайпалары атты еңбектің авторы З. Қинаятұлы [31]
осы еңбегінде кереит, найман, меркіт, жалайыр, қоңырат, уақ тайпаларының
Шыңғысхан жаулап алуларына дейінгі тарихын жазады. Сонымен бірге бұл
тайпалардың этнонимдерінің мағынасына да көз қырын салып өткен.
Қазақ тарихында этноним, этникалық тарих тақырыбымен айналысатын тағы
бір ғалым бұл Б.Б. Ирмуханов. Оның негізгі зерттеу обьектісі ежелгі
дәуірден басталады. Біздің тематикаға қатысты оның Усунь и этногенез
казахского народа [32] атты еңбегінде үйсіндер этнониміне түсіндірме
беріледі және этногенез мәселесі бойынша этнонимдердің пайда болу
заңдылықтары қарастырылады.
Келесі зерттеулерде авторлар белгілі бір дерек бойынша өз жұмыстарын жүзеге
асырады, яғни таңдалған деректегі этнонимдерге талдау жасайды. Л.Н. Гумилев
атындағы ЕНУ доценті ф.ғ.д. М. Ескеева ОрхонЕнисей жазба ескерткіштері
бойынша өз зерттеулерін жүргізіп ОрхонЕнисей жазба мұралары тіліндегі
этнонимдер деген мақаласын шығарады [33]. Жекежеке рутайпа
этнонимдері туралы баян ететін зерттеулер баршылық. Оларға тоқталып өтейік.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті
т.ғ.к. М. Ақановтың Найман этнониміне жаңаша көзқарас атты көлемді
мақаласы жарық көрген [34]. Еңбекте найман этнонимінің мәні туралы
болжамдар синтезделіп, кейіннен автор өз болжамын ұсынған. Келесі тұста
көбірек қаралған этноним қатарына Оғыз этнонимі жатады. Олар М.Е.
Мәсімғазиеваның Оғыз сөзінің шығу тегі тарихнамасы [35] және А.Ж.
Әбудің Оғыз этнонимі зерттелуінің кейбір мәселелері [36] деген мақалалары
жатады. Жекелеген тайпалар тарихына арналған зерттеулер де жетерлік.
Мысалға Ә. Қайдардың Қаңлы [37], Р. Толқымбекұлының Жалайыр [38],
Халидуллиннің Қоңырат [39] атты кітаптары жарық көрген.
Қазіргі таңда Алаш тарихизерттеу
орталығының қазақ рутайпаларының тарихын зерттеуде алар орны жоғары.
Орталық тарапынан Қазақ рутайпаларының тарихы сериясы бойынша
халқымыздың үш жүзінің құрамындағы тайпалардың тарихы жазылуда. Бүгінгі
күні 25 тайпа баяны жарық көрді. Осы еңбектердің алғашқы тарауларында әрбір
тайпаның этнонимінің шығу тарихы мен оның мағынасы туралы жазылады.
Қандайда бір жұмыс басталарда оның алдына қойған мақсаттары мен
міндеттері болады. Оларды біз жоғарыда атап өткен болғанбыз. Алда біз енді
сол міндеттерді, яғни тарихи этнонимдердің пайда болуының алғы шарттарын,
қазақ рутайпаларының этнонимдерінің шығу тарихы және түркі дәуіріндегі
тарихи бастауларын, кейінгі қазақ халқының құрамындағы рутайпалар
атауларының ежелгі түркі дәуірімен тарихи сабақтастығын анықтауға бар
үлесімізді қосатын боламыз.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Бұл мәселені талдау
барысында автор ресейлік және отандық ғалымдардың теориялық тұжырымдарын
қолданды. Бітіру жұмысында жалпы ғылыми (талдау, синтездеу, жалпылау және
т.б.) және жеке ғылыми (тарихи салыстыру және деректерді талдау) зерттеу
әдістері қолданылды. Диплом жұмысының ғылыми
жаңалығы зерттеуде қойылған мақсаты мен міндеттерімен, осы күнге дейін
айтарлықтай зерттелмеген жаңа материалдармен, сонымен қатар отандық тарихи
ғылымда арнайы зерттеу пәні болмаған тақырыпты қоюмен тікелей байланысты.
Тарихи этнонимдердің пайда болуының қазақ халқына тән жлодарын анықтау
жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады. Сонымен бірге алғаш рет қазақ
рутайпаларының шығу тарихы зерттеліп, ІХХІІІ ғасырларда өмір сүрген
қазіргі қазақ халқының негізін құрайтын тайпалар анықталды.
Диплом жұмысының құрылымы негізінен кіріспеден, үш
тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру
жұмысының көлемі 60 бетті құрайды.

1. Тарихи этнонимдердің пайда болу ерекшеліктері
ІХХІІІ ғғ. қазақ рутайпаларының этнонимдерінің қалыптасуы тақырыбы
бойынша алынған алғашқы бөлім Тарихи этнонимдердің пайда болуының алғы
шарттары деп аталады. Мәселенің мән жайына кіріспес бұрын біз
тақырыбымыздың түйіні болып тұрған этноним деген сөздің этималогиясына
тоқталуды жөн көрдік. Сонымен,
этноним гректің ethnosхалық, onymaесім, атау деген сөзінен шыққан,
яғни ру, тайпа, ел, халық, ұлт атаулары болып табылады. Этнонимдердің
шығуын, таралуын, қолданылуын және құрылымын этнонимика зерттейді
[40.104]. Олай болса біз алда этнонимикалық зерттеулермен айналысатын
боламыз. Тарихи этнонимдерінің пайда
болуының алғышарттарын зерттеген ғалымдардың жұмысына жоғарыда шолу
жасаған болатынбыз. Енді біз алда олардың жасаған тұжырымдарына тоқталатын
боламыз. Оның ішінде біз алдымен жалпылама тұжырым жасаған
зерттеушілерге, кейін нақты түрік этнонимдеріне қатысты зерттеулерге
тоқталатын боламыз. Жалпы этноним атаулының барлығына бірдей
қатысты зерттеулер жүргізген Р.А. Агееваның еңбегіне алдымен тоқталуды
жөн көрдік. Ол өзінің еңбегінде этнонимдердің пайда болу түрлерін
көрсетуге тырысады. Оның топшалауынша этнонимдер ең алдымен ландшафтты
мағынада кездеседі, яғни белгілі бір тайпа атауларының мағынасы орман,
дала, жайылым, тау, теңіз және т.б. болады. Мысалға Амур маңындағы
бирарлар өзен маңы тұрғыны деген мағына береді. Сонымен бірге тайпа
атаулары нақты географиялық атаулармен сәйкес келеді. Олардың атаулары
белгі бір өзен, көл, елді мекен және т.с.с. беріледі. Мұндай этнонимдерге
қаңлы атауы жатқызылады, яғни ол Алтайдағы Кан өзенінің құрметіне орай
аталған деседі. Келесі кезекте мағыналары еркек, адам, адамдар дегенге
сай келетін тайпа атаулары тұр[13.72].
Автор келесі тұста этнонимдердің тарихы мен қызметін
(функционирование) көрсетеді:
Біріншіден, белгілі бір этноним бір этностың ішінде немесе өзге этникалық
қауымдастықтарда қайталануы мүмкін. Бұл жағдайлар ежелгі миграциялардың,
этностардың генетикалық байланыстарының, тарихи жаулаулардың нәтижесінде
болуы ықтимал. Екіншіден, этноним жаулап
алушы халықтан жеңілген немесе ассимиляцияланған халыққа көшуі мүмкін
немесе бұл құбылыс керісінше де жүреді.
Үшіншіден, кейбір этнонимдер бүкіл халықтық болып
өзгереді. Төртіншіден, кей тайпалар мен олардың елді мекені
бір терминмен аталуы мүмкін. Бұл мысалдар негізінен автоэтнонимдерге,
яғни халықтың өзіндік атауы болып табылады (самоназвание).
Ал белгілі бір халыққа өзгелердің атау таңуы аллоэтноним
деп аталады. Көп жағдайда бұл атаулар өте ертеректе берілуінің
нәтижесінде сол халық оны өз атауындай қабылдап кетеді. Жат елдіктер өзге
елдерге қандай атаулар таңады деген сұраққа келетін болсақ, негізінен
олардың географиялық орналасуына байланысты, өзіндік сыртқы
ерекшеліктеріне, әдеттеріне байланысты және т.б. сипаттарына байланысты
атау таңулары мүмкін. Аллоэтнонимдердің кездесуі әртүрлі нәтиже береді.
Зерттеушілер олардан кей жағдайда қиындықтарға тап болса, кей жағдайларда
олар өз көмегін де тигізіп жатады [13.7779].
Автор өз еңбегін қорытындылай келе тайпалар
атауларының, ол автоэтноним болсын, аллоэтноним болсын, пайда болуы мен
қызметінің өзіндік заңдылықтары болады деп тұжырымдайды. Және
этнонимикалық зерттеу барысында әдістер дұрыс таңдалуы керек, яғни
этнонимнің этималогиясымен қатар оның функциялары дұрыс анықталса игі
болады. В.А. Никонов өзінің Этнонимия атты мақаласында этнонимдерді
олардың семантикасына қарай топтастырады да олардың келесі түрлерін
көрсетеді:
1) Оның айтуы бойынша
этнонимияның семантикалық типтерінің ежелгілерінің бірі өзіндік атау
(самоназвание). Бұл жердегі атаулардың маңынасы адам, адамдар дегенге
саяды. Мысалға, комилардың бұрынғы атауы мурт, яғни адам деген мағына
береді. 2) Кей жағдайда тайпа
атауы олардың тотемінің атауына сәйкес келеді. Бұл жерде тотем тайпаның
тығыз қатынастағы табиғи құбылыс, көп жағдайда ол жануар, өсімдік, табиғи
күш ( жел, найзағай т.б.). Мысалға, башқұрт этнонимінің мағынасы қасқырдың
басы болып табылады. 3) Рулық қатынаста тайпа атауы
рубасындағы атабаба есімімен де аталған. Мысалға, Әлімұлы тайпасының
тауы Әлімнен тараған ұрпақты білдіреді.
4) Сонымен бірге тайпа атауы ру басшысы,
әскербасы, ел билеушісі атымен де аталған. Автордың пікірі бойынша мұндай
этнонимдер ұзақ уақыт өмір сүрмейді. Мысалға, ашина этнонимі тайпаны
билеушінің атымен аталған.
5) Елдің белгілі бір қожайынға қатыстылығы бойынша
да этноним атаулары пайда болған.
6) Көп жағдайда ел атауы оның қоныстанған мекеніне байланысты
аталады. Мұндай атаулар топографиялық деп аталады. Тайпалардың рулық
атауларының орнына көбінесе территориялық атаулар қолданылады.
Территориялық атаулардың екі түрі кездеседі: А) этноним түбіріне түстің
қосарлануы (сары, қара т.б.). Бұған ұлы жүздің сарыүйсін этнонимін
мысалға келтіруге болады; Б) этнонимдармен аталатын этнонимдар. Мысалға
итальяндықтар кезінде витал деген Апеннин түбегінің тұрғындары есімімен
аталған екен.
7) Келесі этноним атаулары тайпаның өзіндік ерекшелігіне, қасиеттеріне
байланысты қойылады. Оларға: А) сыртқы ерекшеліктері (келбетіне
байланысты), мәселен тиграхауда сақтары келбетіне қатысты, ш о ш а қ
бөрік кигендіктен, аталған; Ә) шаруашылығы, дәстүріне байланысты, мысалға
қазақ халқы е р к і н көшіпқонып жүргендіктен солай аталған(қазақ сөзінің
мағынасы еркін); Б) құрамы мен құрылымына байланысты, мысалға арабиядағы
мунтефиктер қосылғандар деген мағына береді; В) мінезқұлқына байланысты,
мысалға хун деген атау жабайы деген мағына береді екен; Г) идеологиялық
ерекшеліктеріне, яғни діни,саяси ұстанымдарына байланысты этноним
атаулары пайда болады деп тұжырымдайды [14.2732]. Автор
этноним сөз болғандықтан, ол тіл ережелеріне бағынады. Және де
этнонимдердің пайда болуында сөз тудырушы жұрнақтар да елеулі рөл
атқарады дейді. Этнонимика міндеттеріне этнонимнің бастапқы формасын,
пайда болу себептерін, тарихын, қызметін анықтау жатады деп тұжырымдайды.
Я.В. Чеснов та өз
тарапынан этнонимдерге семантикалық талдау жасайды. Оның топшалауынан
біз этнонимдердің пайда болуының келесі түрлерін біле аламыз, олар:
тайпалардың шаруашылығына, мекендеген территориясына, табынған тотеміне,
мәдениетіне байланысты. Еңбегінің ақырында автор оқырмандарға
этнонимдердің пайда болу мотивациясына көңіл бөлуге шақырады және бұл
мақсатта шаруашылықмәдени түрлер теориясын қолдануға кеңес береді
[15.4749]. Жоғарыда қарастырылған
еңбектердің авторлары этнонимнің өзіндік атауы туралы сөз қозғаған
болатын. Біздің келесі зерттеушіміз этноним этностың өзіндік атауы, яғни
сол этнос өзің атауын мойындауы, екенін дәлелдеуге тырысады. Этнос атауы
өзіндік атау болу үшін сол этнос атауы ретінде қолданылып отырған
этнонимді өзінің атауы ретінде мойындауы керек. Белгілі бір этноним
иелері этносты құрайды. Ал бүтін этнос болудың шарттары бар, олар:
этномәдени ерекшеліктер, яғни салтдәстүрлер; территорияның бірлігі,
мекендейтін ареал; шығу тегінің бір болуы; мақсаттардың дәл келуі;
тіл бірлігі. Осының нәтижесінде этнос этникалық өзін
өзі сезінуімен байланысқан адамдар бірлестігі болып табылады дейді К.
Утелбаева өзінің Этноним–самоназвание этноса деген мақаласында
[16.97100].
Жоғарыда келтірілген мысалдардан біз этнонимдерді зерттеген кезде оның
этимологиясын ғана анықтау маңызды емес, сонымен қатар ол этнонимдерге
нақты тарихи дәуірде әрекет ететін этнос белгісін білдіретін тірі есім
тұрғысынан қарау керек екенін түйюе аламыз. Бұл тұрғыдан әрбір
этнонимияның дәлелі өте маңызды зерттеу материялы болып келеді. Ежелгі
тайпалар мен олардың атаулары туралы мәселені қорытындылай келе олардың
пайда болуында белгілі бір заңдылықтың бар екенін байқауға болады. Ол
заңдылықтар этнонимдердің өзне тікелей де қатысты, олардың мағынасына да
қатысты, және олар этнос атауының белгілі бір принциптеріне тәуелді.
Этнонимдердің пайда болуы мен олардың өзгерістерінің жолдары бізге
қаншалықты шытырман көрінгенімен этностардың атауларының жасалу жолдарын
сипаттап, топтастыруға болады. Бұл жағдайда этнонимика үшін ең тиімді әрі
перспективті әдістер этнонимді бір тұйықтықтың ішінде емес, нақты тілдік
территория шеңберінде кең тұрғыдан қарастыру болып табылады. Этнонимикалық
фактілер бір бүтін ретінде қарастырылып, олардың элементтері
өзгелердікімен байланыстырылатын немесе анықталатын болса олардың өзге
территориядағы этнонимдермен құрылымдық байланысын анықтауға болады,
дегенмен ол этнонимдердің генетикалық немесе типологиялық айырмашылықтарын
жасау деген сөз емес. Бұл мәселе күрделірек болып келеді.
Этнонимдерді зерттеуде жүйелілік ұстанымдар да
маңызды рөл ойнайды. Көптеген зерттеушілер өздерінің қызықты
зерттеулерінде сөзтудырушы аспектілерге де көп мән береді. Ол шынайы
лингвистикалық этимология жасауға көп септігін тигізеді. Дегенмен
этнонимдерге әртүрлі ұстанымдар жасалуы әбден мүмкін, дегенмен ондағы
басты мәселе этнонлингвистикалық анализ болуға тиіс. Мысалға этнонимдерге
мәдениет семиотикасы тұрғысынан келуге де болады. Ол тайпаның атауларының
тайпаның дүниетанымы мен ойлау үрдістерімен байланыстарын анықтауға
көмектеседі. Сонымен бірге тайпа атаулары мифтік халықтардың
фантазияларына да байланысты. Бір халықтың, ұлттың,
тайпаның, рудың атауының ш ы ғ у тегі, мәнмағынасы мен сөз төркіні
тұманды мәселе, қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар
көтеретін, сан алуан жорамалжоруларды жарыққа шығаратын және бір ауыздан
шешімге келе қою қ и ы н, күрделі мәселе. Бейне сол сияқты, қазақ
рутайпаларының атауларының ш ы ғ у тегі, оның мәнмағынасы туралы
мәселе де талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамалжорулар мен
дәлелдеректер, келелі пікірлер айтылып келе жатқан кәделі мәселелердің
бірі. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселеге ғылымда дәл, тоқ етер жауап
жоқ. Бұл мәселені талқылауда, қазақ рутайпаларының құралу қалыптасу
тарихы мен уақытын, олардың атауларының деректемелерде жарыққа шығуынан
ажырата білу керек. Өйткені халықтардың, тайпалардың, рулардың қалыптасуы
мен олардың атауларының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір
уақытта бола бермейді, ілгеріндікейінді болып отырады. Алайда,
бір ұлттың, тайпаның, рудың атының шығу тегін, мәнмағынасын
анықтау, олардың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі
көп, маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан да біз
сіздерге алдымен тарихи этнонимдердің пайда болу ерекшеліктерін, түрік
этнонимдерінің тарих сахнасына ш ы ғ у себептері мен құрылымын анықтап
алып, одан соң қазақ рутайпаларыының этнонимдерінің қалыптасу себептерін
ашып, олардың түркі және моңғол дәуірлерінен бастау алатындығын дәлелдеп,
сол ғасырларда өмір сүріп, жеке тайпа ретінде қалыптасып үлгерген
тайпалардың атауларының ш ы ғ у тегіне, қалыптасу ерекшеліктеріне,
этимологиясына жекежеке тоқталуды жөн көрдік.
2. Түрік этнонимдерінің тарих сахнасына шығу себептері және құрылымы
Жоғарыда келтірілген этнонимдердің пайда болуының алғышарттары
жалпы әлемдік тайпа атауларына келтірілген болса, келесі кезекте біз түрік
этнонимдерінің пайда болуының алғы шарттарына тоқталатын боламыз. Бұл
мәселемен де айналысатын зерттеушілер тізімі ұзаққа созылмайды, бар болғаны
қолмен санарлық. Енді оларға толығырақ тоқтала кетейік.
Аталған тақырыппен айналысатын зерттеушілердің көш басында Н.А. Баскаков
тұрады. Ғалымның айтуы бойынша түрік этнонимдері нің мәселесі әлі де болса
қажырлы еңбекті қажет ететін тақырып болып табылады. Жалпы этнонимдердің
түрлері де көп, олар: макроэтнонимдер, микроэтнонимдер, автоэтнонимдер,
аллоэтнонимдер, құрылымы қарапайым және күрделі этнонимдер. Олардың пайда
болуының алғы шарттарын және даму диохрониясын анықтау үшін ең алдымен
оның классификациясы жасалу керек. Этнонимдерді классификациялау олардың
аспектілері мен сәйкес координаттарын ғана емес, сонымен бірге олардың
негізгі сипаттарын және осы сипаттарға сәйкес этнонимдердіңи типтерін де
анықтауы қажет. Түрік этнонимдердің классификациясының негізгі аспектілері
функционалдық, мағыналық және құрылымдық болып табылады.
І. Функционалдылық тұрғыдан барлық этнонимдер екі негізгі
координаттар бойынша бөлінеді: көлемі мен қоғамдық маңыздылығы жағынан және
олардың өзара тайпааралық қатынасы бойынша.
1. Көлемі мен қоғамдық маңыздылығы жағынан этнонимдер 1)
макроэтнонимдер, яғни ірі рулықтайпалық, халықтық, ұлттық бірлестіктер,
олар өз тарапынан ертеректе пайда болған. Мысалға, türk түріктер; qypšaq
қыпшақ және т.б. 2) микроэтнонимдер, яғни ірі тайпа немесе халықтың
ішіндегі кішігірім тайпалық одақтардың этнонимдері. Мысалға, ежелгі оғыздар
этнонимдері afšar, qobyj және tűrk т.б.
2. Этнонимдер өзара тайпааралық қатынасы бойынша 1) автоэтнонимдер,
яғни тайпалардың өздік атаулары. Мысалға, qazaq, qarluq және т.б. 2)
аллоэтнонимдер, яғни тайпаларға өзгелердің сыртынан таңған атаулары.
Мысалға, qypšaq тайпасын орыстар половец, венгрдер куман деп атады
[12.200201].
ІІ. Мағыналық, яғни семантикалық аспекті бойынша түрік этнонимдері
келесідей классификацияланады:
1. Тотем атауы бойынша аталады. Мысалға, bugu бұғы, bűrı қасқыр
т.б. 2. Туыстық қарым қатынастар және қасиеттерге байланысты этнонимдер.
Оларға tűrkűn әйелінің туыстары, tepčekмұрагер деген этнонимдер жатады.
3. Тайпаны жаулап алған халық атауы бойынша таңылған атаулар. Мысалға таулы
Алтай тайпалары кейін оларды жаулап алған ойраттардың этнонимін қабылдаған.
4. Айналысатын шаруашылығы бойынша қ о й ы л ғ а н тайпа атаулары. Оған
өзіміздің қазақ ерікті адам деген этноним жатады. 5. Ұстанған діні
бойынша аталған тайпа: krason шонған. 6. Тайпа билеушісінің,
ордасының атымен аталу. Оған мысал: ноғайлықтар Ноғай түменінің есімі
немесе Ноғай ордасының атауы, татарлар Татар батырдың есімі т.б. 7.
Территория (мекен жай) атауы бойынша аталатын этнонимдер. Мысалға,
алтайлықтар Алтай тауы, qazanly қазан татарлары т.б. 8. Тайпа таңбасы
бойынша қ о й ы л ғ а н этнонимдер. Оларға: taraq тарақ, qaz қаз
атаулары жатады, яғни бұл тайпалардың таңбалары тарақ, қаз аяғы түрінде
болған [12.201203].
ІІІ. Құрылымы жағынан этнонимдер екі негізгі топқа бөліне алады:
қарапайым және күрделі. Күрделілер анықтауыш арқылы жасалады.
Қарапайым этнонимдер түбір сөзден не сөз т у д ы р у ш ы жұрнақтар арқылы
жасалады. Түрік этнонимдерінде көп кездесетін жұрнақтар мыналар:
• ar,er,r жұрнақты этнонимдерге хазар, бұлғар, татар т.б. жатады.
Кей зерттеушілер бұл жұрнақтар түріктің ер деген сөзімен ұштастырады.
• -gur\gür, -qur\kür жұрнақты этнонимдерге ұйғыр т.б. жатады.
• -lyq\lik, -ly\li, -čy\či, -šy\ši жұрнақты этнонимдерге жембойлық,
қаңлы т.б. жатады [12.203206].
Құрылымы күрделі түрік этнонимдері екі түбірдің қосарлануы немесе
анықтауыш сөздің болуымен ерекшеленеді. Мысалға, қырғызқырық оғыз деген
сөзден, башқұртбас және құрт, қасқыр деген сөздердің қосарлануынан
жасалған. Түрік этнонимдерінде анықтауыш сөздер түстердің таңылуыиен
жасалады, олар қара, ақ, көк, жасыл, сары, қызыл деген сөздер. Мысалға,
қара қыпшақ, сары үйсін, ақ маңғыт т.б. Кей жағдайда анықтауыш сөз сан
есім түрінде де кездесуі мүмкін. Мысалға, жетіру, тоғызоғыз, төртқара т.б.
Сөйтіп, Н.А. Баскаков өзінің түрік этнонимдеріне қатысты зерттеуінде
негізінен этнонимдердің семантикалық(мағыналық), функционалдық және
құрылымдық классификациясының негізінде сол этнонимдердің пайда болу
алғышарттарын анықтауға тырысады.
Келесі зерттеушіміз Д.Е.Еремеев түрік этнонимдерінің семантикалық талдауын
жасауға өз үлесін қоспақ болады. Сөйтіп, 1970 жылы жарияланған мақаласында
түрік этнонимдерінің пайда болу немесе жасалу жолдарын анықтауға тырысады.
Оның түйген қорытындысы бойынша түрік этнонимдері ең алдымен:
• ар жұрнағы арқылы жасалады. Мысалға, татар, мадьяр, бұлғар, кангар,
каджар, маджар және т.б. бұл жердегі ар жұрнағы түріктің арэрир
деген сөздеріне тең келеді. Яғни олардың мағынасы адам. Ал заманауи
түрік тілінде эрир деген сөздің мағынасы ер кісі. Автор бұл сөздер
түрік тіліне иран тілінен енген деп тұжырымдайды. Ол шамасы ғұн және
түрік замандарының тоғысында болса керек.
• ак, эк, ик, ук, к жұрнақтары арқылы жасалады. Көптеген түрік
тілдерінде бұл зат есім, не сын есім сөздер тудырушы жұрнақтар. Бұл
топтағы этнонимдер алдыңғы топтағыға қарағанда кейінірек қалыптасқан.
Оларға: қазақ, қыпшақ, емек, уграк, сарық т.б. атаулар жатады.
• ман, мен жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалға: түркмен, куман,
караман, акман, бесермен т.б. Бұл жердегі ман, мен сөздерінің
мағынасы индоевропалық адам деген мағынаға сай келеді. Олай болған
жағдайда чуман шу адамы немесе шулық деп аударылады, караман кара
шашты адам, атаман басшы және т.б.
• т жұрнағы арқылыжасалатын, моңғол жаулаушылығынан кейін, тағы бір
этнонимдер тобы қалыптасады. Оларға: меркіт, төлеңгіт, кереит, телеут
және т.б. жатады [41.133138].
Келесі тұста автор түрік этнонимдерінің мағыналық жасалу жолдарына
тоқталады. Оның айтуынша түрік этнонимдері: 1. шығу тегін білдіретін, 2.
топонимдерден жасалған, 3. жануар атауларынан құралған, 4. шаруашылығын
баяндайтын, 5. сыртқы келбетін суреттейтін, 6. сырт киімдерін бейнелейтін
болып бөлінеді. Сонымен бірге этнонимдердің тағы бір жасалу түрі ол
өзгелерден тайпа атауларын алу немесе бұл процес өзге, түрік емес,
халықтардан тайпа бірліктерінің қосылуы арқылы жүзеге асуы мүмкін деп
зерттеуші өз ойын қорытындылайды [41.138141].
Этоноимдер мәселелерімен, оның ішінде қазақ рутайпаларының атауларының
тарихын зерттеумен айналысатын зерттеушілердің бірі бұл Т. Жанұзақов
болып табылады. Ол өзінің Очерк казахской ономастики атты еңбегінің бір
таруы ретінде этнонимдердің теориялық мәселесін қарастырып, сонымен қоса
қазақтың кейбір тайпа атауларының этималогиялық мағыналарын ашумен
айналысады. Автор еңбегінде біз қазақ
рутайпаларының пайда болу тарихы проблемасын барынша ашып жазуға
тырысқанын байқаймыз. Оның айтуынша қазақ рутайпаларының құрылымы бұрын
үш сатылы болды: тайпа, ру, ұрпақ атаулары. Ал көшпелілердің де
этнонимдерінің тауларының құрылымы осыған ұқсас: тайпалық одақ, тайпа, ру,
ұрпақ, рулық бөлім, бөлімше болып бөлінген. Зерттеуші этноним
семантикасына байланысты тайпа атаулары төмендегіше жасалады дейді:
• ең алдымен олар тотем атауларымен сай келеді. Мысалға, бура, шұбар
айғыр, қызылқұрт, теке және т.б.
• кей түрік тайпалары өздерінің шығу тегін құстармен байланыстырады.
Олар: жағалмай, қаршыға, бүркіт.
• көптеген қазақ тайпаларының атаулары олардың ерекшелігіне байланысты
сырттан таңылған. Ондай атауларға түрлі мысалдар келтіруге болады:
шанышқылы (шанышқы иелері), байұлы (бай баласы), таз (жаман), момын,
ұзын, балталы (балта иелері).
• Кейбір тайпа таулары сол тайпаның таңбасының атауымен сай келеді.
Мысалға, балталы, тарак, ашамай, сіргелі, шанышқылы тайпалары жатады
[11.5558].
Автор, сонымен бірге, этнонимдерді сегіз лексикасемантикалық
топтарға бөледі:
1. Жабайы және үй жануарлары мен құстардың атаулары: құлан, бұқа,
бура, бұзау, тана, ителі, күшік, қаз және т.б.
2. Табиғат байлықтарының атымен аталатын этнонимдер: бораншы, қаржау,
жаңбырлы, ккөкше, таңатар және т.б.
3. Өсімдік атауымен ұштасатын этнонимдер: бидайшы, бетеге, изен,
шамбыл, жидебай, қарағай т.б.
4. Әскери атаулар: жаулы, жорықшы, қарауыл, батыр, балталы т.б.
5. Лақап атаулар: қосқұлақ, ошақты, қанжығалы, жарты, жетіру, ұзын,
шимойын, шолақ т.б.
6. Географиялық және бағалы металдар атауларынан пайда болған
этнонимдерф: жайық, еділ, сарытоғай, көкше, ақтас, алтын, қайнар,
темір, болат т.б.
7. Рубасы атаулары: абақ, айдабол, байсары т.б.
8. Лексиканың тағы да басқа атаулары: базар, екей, ерші, құл, олжашы
т.б. [11.7677].
Сонымен, біз жоғарыда этноним атауларының пайда болу алғышарттарына
байланысты тарихшылардың жүргізген зерттеу және талдау жұмыстарына
тоқталдық. Аталмыш авторлардың барлығының зерттеулері тікелей біздің
зерттеуімізге қатысты болмағанымен олардың барлығының да тұжырымдарының
біз үшін аз да болса маңызы бар. Себебі осы зерттеулердің
нәтижесінде біз өз жұмысымыздың қорытынды жұмыстарын жасамақпыз.
Еңбектері қарастырылған авторлар
өздерінің жұмыстарын әр алуан мақсатта жүргізген. Ал біздің мақсатымыз
қазақ рутайпаларының этнонимдерінің пайда болу алғышарттарын анықтау
болып табылады. Олай болса, нақты тұжырымдарға көшейік.
Зерттеуіміздің нәтижесінде біз қазақ рутайпаларының
атауларының пайда болуында белгілі бір ерекшеліктер мен заңдылықтардың бар
екенін байқадық, яғни тайпа этнонимдерінің пайда болуының ерекшеліктерін
біз Н. А. Баскаковтың топшалауына негізделіп төрт негізгі аспекті бойынша
топтастыруды жөн көрдік. Олар:
1. Көлемі бойынша этнонимдер:
• Макроэтнонимдер, яғни іріірі тайпа атаулары: қыпшақ,
қаңлы, үйсін, қоңырат, дулат, найман, жалайыр, керей
т.б.
• Микроэтнонимдер, яғни кішігірім тайпа атаулары: жиеней,
жетімдер, болат, батыр, балталы, жайық, көкше, төбет т.б.
2. Қоғамдық маңыздылығы жағынан:
• Автоэтнонимдер, яғни тайпалардың өздерінің атаулары:
жағалбайлы, ашамайлы, сіргелі, сыйқым.
• Аллоэтнонимдер, яғни тайпалардың сыртынан таңылған
атаулар, олар кейін тайпаның немесе халықтың атауына
айналуы да мүмкін: қыпшақ (половец, куман), жетіру,
бағаналы, байбақты т.б.
3. Мағыналық, яғни семантикалық аспектілері бойынша этнонимдер:
• Географиялық тайпа атауы өзен, көл, елді мекен атауымен
аталуы: найман ( Н.А.Аристов. найм өзенінің атауы), қаңлы
(кан өзені атымен аталған), жайық, көкше, сарытоғай т.б.
• Тотемдік тайпа атауы сол елдің тотемінің атауымен
аталуы: теке, төбет, алшын, бура, қаршыға, бүркіт т.б. Т.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz