Шет елдердегі қылмыстық құқықта кінәсіз зиян келтіру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Заң факультеті
Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
«ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР БОЙЫНША КІНӘСІЗ ЗИЯН КЕЛТІРУ»
Орындаған 4 курс студенті Мұхаметқалиева Л. Е.
Ғылыми жетекші з. ғ. к., Байсалов А. Д.
доцент (қолы, күні)
Норма бақылаушы Жетібаев Н. С.
з. ғ. к., аға оқытушы (қолы, күні)
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға
жіберілді
з. ғ. д., профессор Джансараева Р. Е.
(қолы, күні)
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Психофизиологиялық негіздер бойынша кінәсіз зиян келтірудің әлеуметтік-құқықтық табиғаты
1. 1 Қылмыстық құқықтағы психофизиологиялық қасиеттерді ескерудің өнегелі- құқықтық келісілуі . . . 7
1. 2 Кінәсіз зиян келтірудің обьектісі және субьектісі, обьективтік және субьективтік белгілері . . . 16
1. 3 Шет елдердегі қылмыстық құқықта кінәсіз зиян келтіру . . . 21
2 КІНӘСІЗ ЗИЯН КЕЛТІРУДІҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Экстремальді шарттарға түсініктеме және жүйке психикалық ауыртпалықтардың шеттен шығуы . . . 28
2. 2 Қазіргі кездегі қылмысқа барған адамдардың мінез-құлық психофизиологисының ерекшеліктері . . . 34
2. 3 Қылмысқа барған адамдардың қылмысқа баруының себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар . . . 44
Қорытынды . . . 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Адамзат білімінің әртүрлі аумағының бір-бірімен жүйелі интеграциясы жаңа тарихтың таңбалық феномендерінің арасында тұр. Бұл үрдістің құраушыларының бірі болып психологияның қылмыстық құқыққа әсері табылады. Құқыққа қарсы іс-әрекеттің, негізгі заңдылықтардың мәнін және құрамын ашып көрсетуге құқық теориясының хабардарлығы жеткіліксіз. Ол қажетті сәйкес тезистерді психологиядан және психофизиологиядан алуға мәжбүр, себебі, қылмыстық құқыққа қатысты іс-әрекеттің себебін, адамның психофизиологиялық қасиеттерін, жеке ерекшеліктерін, психикалық жағдайларын анықтау үшін бастама болып психологиялық ғылым және оның ішіндегі бөліп көрсетілген психофизиология ғылымының тезистері болып табылады.
Құқық қолданушының психологиялық категорияларды нақты және жүйелі түсінуі әділеттілік қағидасын жүйелі түрде жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады және қылмыстық құқық теориясының, жалпы және заң психологиясының түйіскен жерінде пайда болатын, бірқатар мәселелік жағдайларды шешуге болатындығын көрсетеді. Адамдардың мүмкін болатын қасиеттерінің әр түрлілігін, олардың іс-әрекет бостандығының дәрежелерін ескеру барлығы үшін, тең іс-әрекеттің құқықтық квалификациясының ауқымы аумағында, жеке-жеке ыңғайын табуды қамтамасыз етеді. Қалыптар, институттар, қағидалар және тіпті қылмыстық заң рухының өзі де құқық қолданушыны осыған икемдейді.
Өткен жағдайды саралай отырып, құқық қорғау органының қызметкері адамның әртүрлі, сонымен қатар экстремальді жағдай кезіндегі психикалық және психофизиологиялық әрекетінің ерекшеліктерімен шартталған заңдылықтарын және өзін өзі ұстау механизмін білуге және ескеруге міндетті.
Бізді қызықтырып отырған мәселе - психофизиология негізі бойынша кінәсіз зиян келтірудің құқық регламентациясы мәселесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының аса маңызды және даулы мәселесі болып табылады. Адамның қылмыс жасауда кінәлі немесе кінәсіз екендігі оның өзі үшін және қоғам үшін аса маңызды. Себебі Конституциямыздың өзінде айтылғандай, ешкімді де біз азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуімізге не кінә тағуымызға болмайды. [1, 8 б. ] . Сондықтан да, мемлекет орган арқылы және оның қызметкерлері арқылы да бір дұрыс баға берсе де, қоғам заң әділеттілігі туралы өз жорамалын жасайды, ал адам белгілі бір айыруларға ұшырайды немесе керісінше болады. Сондай-ақ ерікті немесе еріксіз, әрбір хабардар адам бұл жағдайды өзіне үлгі етіп алады және өзінің тағайындамаларына, өзінің іс-әрекетіне, өзіне белгілі әрекеттің құқықтық зардабына сәйкес, түзетулер енгізеді. Егер көпшілік іштей мемлекет шешімімен келіссе, онда заң шығарушы белгілі бір өмірлік жағдайлардағы шынайы кездесетін типтерді құқықтық әдістер арқылы дұрыс деген сыйластығының біршама бөлігі (біздің жағдайымызда қылмыстық заңға) жоғалады.
Біздің қарастырып отырған бұл құқықтық құрылымына көптеген адамдар душар болып отыр және болашақта да душар болады.
Жұмыстың ғылыми зерттелу дәрежесі. Кінәсіздіктің әртүрлі түрі туралы сұрақ, кінәсін түсіну, қылмыстың субъективтік жағын түсіну, субъективтік жауапқа қабілеттілігін түсіну туралы мәселемен шектесіп жатқандығы белгілі. Жұмыста осы бағыттағы қылмыстық құқық ғылымымен жинақталған потенциал пайдаланылған. Осы проблематиканы немесе оның жеке аспектілерін өз жұмыстарында Беляев Н. А., Ағыбаев А. Н., Исаев А. А., Жүнісов Б. Ж., Төлеубекова Б. Х., Шынарбаев Б. Қ., Бекішев Д. Қ., Алауханов Е. О., Брайнин М. Л., Васильев Н. В., Якушин В. А., Виттенберг Г. В., Волков Б. С., Ворошилин Е. В., Галиакбаров Р. Р., Гилязев Ф. Г., Дагель П. С., Демидов Ю. А., Загородников Н. И., Злобин Г. А., Квашис В. А., Келина С. Г., Кригер Г. А., Кудрявцев В. Н., Кузнецова Н. Ф., Макашвили В. Г., Михеев Р. И., Наумов А. В., Никифиров Б. С., Пионтовский А. А., Рарог А. И., Ситковская О. Д., Тихонов К. Ф., Ткаченко В. И. және т. б. қарастырған.
Өкінішке орай, арнайы осы проблематикаға бағышталған бірде бір монографиялық зерттеулер жоқ. Осыған орай, елімізде заңдылықтарды бекіту, Қазақстандық қоғамды реформалау шарттарында азаматтардың құқығын және бостандығын қамтамасыз ету осы мәселені терең, әрі жан жақты зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.
Зерттеменің объектісі мен пәні. Дипломдық жұмыстың объектісі болып, экстремальді шарттар талаптарына және жүйке-психикалық жүктеуіне психофизиологиялық қабілетінің жетпеуіне байланысты қарсы тұра алмайтын адамның кінәсіз зиян келтіруі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Ал пәні, болса осы сала бойынша өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.
Кінәсіз зиян келтірудің объективтік және субъективтік белгілері зерттеменің негізгі тақырыбына жатқызылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеті. Дипломдық жұмыстың мақсаты - индивидтің психофизиологиялық қасиеттерін ескерудің қылмыстық-құқықтық мәнін детальды дайындау, психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтірудің заң жүзіндегі мәнін түсінуде кешенді, теориялық негізделген ыңғайды дайындап шығару, берілген қалыптың потенциалына қорытынды жасау.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
- қылмыстық құқықта адамның психофизиологиялық қасиеттерін ескерудің өнегелік-құқықтық қажеттілігіне талдау жасау;
- қылмыстық құқықта «психофизиологиялық қасиеттер» ұғымына анықтама беру;
- «экстремальді шарттар» және «жүйке-психикалық шамадан тыс жүгі» ұғымдарына қылмыстық-құқық тұрғысында анықтама беру;
- жеке адамдардың психофизиологиялық қасиеттерін айыру мәселесі бойынша ғылыми әдебиеттерде айтылған тұжырымдамаларға талдау жасау;
- кінәсіз зиян келтірудің психофизиологиялық негіздеме бойынша қылмыстық құқықтың басқа да институттарымен қатынасын анықтау;
- кінәсіз зиян келтіру институттары Қазақстан Республикасының және шетелдердің қылмыстық құқығымен салыстырып талдау жасау;
- қылмыстық құқықта адамның психофизиологиялық қасиеттерінің ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігінің заңды критерийлерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып, бұл жұмыстың ең алғашқы психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтіру мәселесіне арналған арнайы монографиялық зерттеме екендігі болып табылады.
Дипломда психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтірудің басқа институттарына орнын, ролін және әсерін ашып көрсетудің алғашқы талаптардың бірі қолданылған.
Жұмыстың қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары:
- қылмыстық құқықта психофизиологиялық қасиеттерді тіркеудің өнегелік және құқықтық қажеттілігін дәлелдеу;
- қылмыстық құқықта «психофизиологиялық қасиеттер» ұғымына анықтама;
- психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтірудің заңды табиғатын анықтау;
- қылмыстық құқықта психофизиологиялық қасиеттерді ескеру мүмкіндігі критерийлеріне заңды талдау жасау;
- «экстремальді шарттар» және «жүйке психикалық шамдан тыс жүгі» дәрежелерінің мәнін ашып көрсету;
- автор ұсынған психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтіру ұғымының анықтамасы;
- автор ұсынған кінәсіз зиян келтіру регломентациясы туралы қылмыстық заң шығарушылықты өзгерту.
Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыс психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтіру туралы қылмыстық заң қалыптарын дұрыс пайдалануға және қызметтің құқылық негіздерін мейлінше жетілдіруге бағытталған теориялық мәнін қалыптастыруға мүмкіншілік береді.
Психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтірудің құқықтық тәртіпке салу механизмін ұғыну, адамды нақты келтірген залалы үшін заң алдында жауапкершілікке тартылу мүмкіндігін негізді түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері қылмыстық заң шығарушылықты мейлінше жетілдіру және оны практика жүзінде қолдану үшін қызмет ете алады.
Теориялық тезистер, қорытындылар және негіздемелер:
- құқық қорғаушының жүйесінің қызметкерлерінің практикалық қызметінде;
- психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтіру құқықтық регломентациялар мәселелеріне ғылыми зертеулер жүргізу кезінде;
- Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы заң факультеттерінің «Қылмыстық құқық» курсы боынша оқу үрдісінде қолданылады.
Дипломның құрылысы мен көлемі . Ол яғни, зерттеу мақсаттарымен және талаптарымен анықталды. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен (6 тараудан), қорытындыдан, дипломдық жұмысты жазу үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, қылмыстық құқықта адамның психофизиологиялық қасиеттерінің даралығын ескерудің алдын ала келісілген өнегелі-құқығы және соның салдары ретінде - психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтіру институтын Қазақстан Республикасының заң шығарушылығына дұрыс және өз уақытында енгізуі зерттелген. Сондай-ақ психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтірудің заңды табиғатына талдау жасалған, берілген институтының қылмыстық құқықтағы орны мен атқаратын ролі көрсетілген. Сонымен қатар, бұл жерда бірқатар шет елдердің қылмыстық заң шығарудағы кінәсіз зиян келтіру регломентацияларына зерттеу жүргізілген.
Екінші бөлімде, қылмыстық құқықта экстремальді шарттарды және жүйке-психикалық шамдан тыс жүгін түсінуді өндіруге, заң шығаруды өзгерту бойынша кепілдеме жасап шығаруға, психофизиологиялық негіздеме бойынша кінәсіз зиян келтіруге қысқаша ат қою туралы ұсыныс енгізуге, сондай-ақ адамның психофизиологиялық қасиеттеріне байланысты, қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының кейбір дау туғызатын мәселелеріне талдау жасауға арналған.
- КІНӘСІЗ ЗИЯН КЕЛТІРУДІҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕУІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЗАҢДЫ ТАБИҒАТЫҚылмыстық құқықта психофизиологиялық қасиеттерді ескерудің өнегелі-құқықтық келісілуі.
Мораль (адамгершілік) адам баласының іс-әрекетінің қалыпты реттеуішінің негізгі әдістерінің бірі болып табылады және қоғам өмірінің барлық салаларында кездеседі [1, 21б. ] . Мораль, қоғамдағы қатынастарды реттейтін құрал болып табылатын, құқыққа қарағанда анағұрлым көне ұғым.
Мораль да, қоғам да біртекті емес. Үнемі өзгеріп отыратын өнегелілік қалыптары өзінің даму барысында, қоғамның даму тарихын көрсетеді, мұндағы аса маңызды, елеулі кезең болып қылмыстық құқықтың даму тарихы болып табылады. Қылмыстық құқықта, басқа да қалыпты жүйедегі тәрізді нақты әлеуметтік және табиғи фактілер негізге алынады. Біз қарастырып отырған салада, құқық бұл заңмен қылмыстық деп саналатын және құрамында біршама қылмыс белгілері бар, бірақ қандай да бір себеппен қылмыс болып есептелмейтін адам баласының іс-әрекеті.
Сондай-ақ, қылмыстың құқықты санымен байланысты жағдайлар қызықтырады. Қылмыс құрамын құрастыра отырып, заң шығарушы адам жауапкершілігін шектейді, яғни нақты ақиқаттың тек кейбір элементтерін тартып алады және тек олардың жиынтығы қажетті, жеткілікті жазалау мен кінә тағуды көрсету үшін тиімді болып келеді. Яғни қылмыстық құқық - бұл адам баласының қандай да бір өнегесіз іс-әрекеттерінің негізгі түйіндеуші белгілерін бөліп көрсететін өзіндік теориялық үлгі, мұндағы белгілер іс-әрекетті қылмыс деп табуға жеткілікті болып табылады. Бұл үлгінің мүлтіксіз емес екендігі сөзсіз. Барлық шынайылықты заң жүзінде ұйымдастыру мүмкін емес. Заң шығарушы да бұған ұмтылмайды, керісінше, ол қылмыстық құқық қалыптарын анағұлым қысқаша жасауға тырысады.
Сондықтан да бізді, мысалы үшін, қылмыс субъектісінің белгілері жас мөлшерімен, жауапқа қабілеттілігімен, ал кейде кәсіби немесе қандай да бір басқа дәреже ерекшеліктерімен шектелетіндігі, адамның өз іс-әрекетіне бітпейтін түрлі психикалық қатынасының формаларының ішіне заңға тек бесеуі ғана енгізілетіндігі (тікелей және қосымша ниет, жеңілтектік пен ұқыпсыздық және кінәнің екі еселік формасы), объектілер қолсұғушылық тізімінің шектелгендігі және қоғамның негізгі құндылығы, оларды қорғау мен күзету «егер . . . онда . . . басқаша» деген құрғақ формуласына айналғандығы таң қалдырмайды.
Академик В. Н. Кудрявцевтің тауып айтқан сөзі бойынша, «нәтижесінде бізде тарихи әлі толық қалыптаспаған, жауапкершілік аймағында заң шығарушы жүйесінің біршама көмескі қоғам үшін, қауіпті іс-әрекеттер бар» [2, 254 б. ] . Бұл аймақтар әзірге өз параметрлерінде нақты анықталған жоқ. Соңғысы, әрине, адамның әрекетке субъектілік қатынасына және оның зардаптарына қатысты болып табылады.
Қылмыстық құқық ғылымының міндеті - осы аймақтардың егжей-тегжейлігін анықтау. Бұл қызметтің шексіз болатындығы сөзсіз себебі, бір жағынан мүлтіксіздікте шек болмайды, ал екінші жағынан - қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар мен ықыластар статикалық болып табылмайды. Алайда, бұл бағытта құқықтың бар рухын, шынайылықтың мағыналық толықтыруларын төмендетіп отыратын канондардан әрқашан қалыспай отыру қажет.
Біздің қазіргі қарастырып отырған жағдайымызда, біз конституциялық қағидаларды емес, жалпы адамдық моральды императивтерді айтып отырмыз. Жалпы мораль басқа қалыпты жүйелермен тығыз байланысты болып келеді: құқықпен, экономикамен, саясатпен және т. б.
Қоғамның көптеген мәселелерін шешу әдістері мораль талаптарынан ғана туындап қана қоймайды, сонымен бірге соңғысын жақсылық, әділеттілік, бостандық, шындық және адамгершілілк қасиеттерін өзінің критерийлері ретінде қолданады. Бұл өнегелік критерийлері «қоғамдық талаптар анағұрлым әмбебап түрде және олар кейбір ерекше мақсаттарға жай ғана қол жеткізуді білдірмейді, қоғамдық ғылымның қазіргі кездегі даму барысында жан-жақты талаптарын білдіреді» [3, 17 б. ] деп түсіндіріледі. Өнегелік ұйғарымдар мен басқа да қалыпты әлеуметтік ұйғарымдар жүйесі сәйкес келуі мүмкін, немесе аздап сәйкес келуі мүмкін, сәйкес келмеуі тіпті бір-біріне қарама-қайшы болып шығуы да мүмкін.
Барлық қалыпты реттеу жүйесінің ішінде ерекше тығыз байланыс, мораль мен құқық арасында байқалады. Бұл өзара тығыз байланыс және өзара әрекет ету, мораль мен құқық адам іс-әрекеттерінің қалыпты реттеу жүйесі болып табылатындығымен ғана емес, сондай-ақ олардың іс-әрекет бағалау критерийлерінің сәйкес келуімен, көптеген құқықтық ұйғарымдар өзінің тарихи шынайылығында, өнегелілік ұйғарымдарымен бастау алатындығымен түсіндіріледі.
Құқық пен мораль арасында айырмашылықтар, коллизиялар мысалы, мақсаттарда және әдістерде пайда болуы мүмкін. Құқықтың спецификалық сипаттамасы - бұл мораль мен мемлекет қалауының бірігуі және де әрқашанда мораль бөлшегі мен құқықтары мемлекет қалауының бөлшегі арасында қандай да бір ақылға қонымды қатынас сақталып отыруы қажет. Билік әрқашан шексіздік тенденциясына, не, бақылаудан шығуға дайын, оған қандай да бір сыртқы жағдаймен байланысты, тәуелді болу ауыртпашылық әкеледі, ал өнегеліктен тұратын құқық биліктің амбицияларын «ауыздықтауы», «өз орнына қоюы» заң аумақтарына енгізуі қажет. Құқық қалыптарын қалыптастыру кезінде мораль қалыптарынының талаптарында ескеру қажет.
Моральдың негізгі қалыптары құқықтың біздің қазіргі заманға сай түсінуімізге дейін көп бұрын қалыптасқан. Мораль қалыптары бастапқы кезде қажеттілік салдарынан пайда болған және түсіндірілген. Мысалы, туысқандар арасындағы жыныстық байланыстарға тиым, сонау ежелгі кезден бар, себебі сондай байланыстар нәтижесінде тұқымға зиян келетіндігімен түсіндіріледі немесе мысалы, өз тайпасының мүшесін өлтіруге тиым, мұндай әрекет тайпа санынынң азаюына әкелетіндігімен, өздерін қорғау қабілеттіліктеріне кері әсерін тигізетіндікпен, басқа тайпаларға шабуыл жасауға және аңға шығуға кері әсерін тигізетіндігімен түсіндірілген. Бұл қалыптар көптеген тайпалар күшімен, көш басшысы бар тайпалар күшімен бекітіліп отырған. Содан кейін көптеген қалыптар қандай да бір мағынадан айырылды, сөйтіп түсіндірілмейтін моральдік қалыптар разрядына көшті, енді олар тек қана - «бұны істеуге болмайды» деген формада жүзеге асырылды. Ең алғашқы мемлекеттік білімдер қандай да бір кез келген актілерге осы қалыптарды бекітті, және олар құқыққа айналды. Ал құқық ендігі кезекте көпшілік күшімен емес, мемлекет және оның органдарының күшімен қамтамасыз етілді.
Еуропалық мораль мен құқықтық қалыптасуында негізгі орталық рөлді Христиандық атқарды. Христиандық қойған мораль қалыптары бүгінгі күнге дейін қолданыста және осы күнге дейін мәні зор, сондай-ақ бұл қалыптар құқық тарихында маңызды рол атқарды. Христиандықтың мораль қалыптары реттелген және ұйымдастырылған еді, олардың әмбебап түсініктемелері де күнәхарлық та берілді.
Яғни, тиым салулардың себептерін түсіндіру қажет емес болып қалды, барлығының себебі құдай тағала деді. Бір жағынан мұндай әмбебап түсініктемелер ұзақ уақытқа құқықтың, моральдың немесе қоғамның дамуын тоқтатты, ал екінші жағынан - бұл қоғамның тұрақтылығына әсерін тигізді, сол кездегі мораль қалыптарын түсінулеріне көмек көрсетті. Осыдан кейінгі кезеңде қоғамның өзгеруімен мораль да, құқық та өзгеріске ұшырады.
Құқық - қоғамның алдыңғы қатарлы әлеуметтік құндылықтарын алып жүрді. Ол белгілі бір дәрежеде жеке-жеке мораль талаптарын көрсетеді, яғни оларды өзінің қорғауына алады.
Құқық, қоғам, қоғамның өмір сүруі шарттары өзгерген сайын өзгеріске ұшырап отырады. Мораль, әдетте, құқыққа қарағанда бұл өзгерістерді анағұрлым тез сезініп үлгереді. Мысалы, электронды есептеуіш машиналарымен айналысатын адамдар ортасында компьютерлік қылмыстар туралы қалыптар басталмай тұрған кездің өзінде, бөтен біреудің ақпараттық ресурстарына қол жүгірту өнегетсіздікке жатқызылған. Құқықтың қалыптасуы және тұрақтануы үшін аса маңызды болып, мораль мен құқық қатынастары сұрақтарын атақты зерттеушілердің нұсқауымен көрсетілген өнегелі-құқықтық сентенциялары табылады. В. С. Соловьевтің берген анықтамасы қысқаша әрі нақты, ол құқықтың мораль қалыптарын және өнегеліске ілесуі. «Құқық бұл белгілі бір аз мөлшердегі жақсылықты немесе тәртіпті күштеу арқылы жүзеге асыруды талап ету, ол зұлымдықтың пайда болуына жол бермейді» [4, 45 б. ] .
Философиялық, заң идеялары әлемі көп мәрте шынайылыққа айналды, олармен санасу қажет болды және қазіргі кезде санасу қажетте болып табылады. Қылмыстық құқықта адамның психофизиологиялық қасиеттерін тіркеу қажеттілігін дәлелдеу кезінде біз, әрине, юриспруденцияда жиналып қалған аспаптарды пайдаланамыз.
Қылмыстық-құқықтық мән зиян келтіруге қатысты психофизиологиялық қасиеттерінінің кез келген элементтерінің ішіндегі сипаттамасы жағдайы талаптарына сәйкес емес. Берілген қорытынды маңызды болып табылады, себебі құқық қолданушы әрбір жеке психофизиологиялық қасиет құраушылар ретінен тұратындығын және олардың кез келгенінің ақауы зиян келтірушіліктің қылмыс емес енгізуін мойындауға жеткілікті болатындығын нақты түсінуі қажет. Психофизиологиялық қасиеттер сипаттамасының құраушылары туралы кейінірек айтылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz